25.01.2020 Views

25 қаңтар, 2020 жыл №9 (15479)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл 3

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Мектептің іргетасы

қаланды

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар қаласындағы Затон шағын

ауданы балаларының басым бөлігі осы

аудандағы №13 мектепте оқиды. Бірақ

білім ордасының ғимараты талапқа

сай келмейді. Яғни, оқу орны типтік

емес нысанда орналасқан. Тұрғындар

бұл жайтқа алаңдаушылық танытып,

бірнеше жыл бойы жаңа мектептің

қажеттігін айтты. Тіпті, әкімдердің

есептік кездесулерінде бұл мәселе сан

рет көтерілді. Өткен жылдың соңында

жұртшылықтың тілегі орындалып, білім

ордасының іргетасы қаланды.

Павлодар қалалық әкімдігі жариялаған

мемлекеттік конкурста аймақтағы

тәжірибелі компаниялардың бірі -

«ГСУ Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі жеңіске жетті. Павлодар

қалалық құрылыс бөлімі ұсынған

мәліметке сүйенсек, жаңа мектептің

құрылысына мемлекеттік қазынадан

1,7 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

«ГСУ-Құрылыс» ЖШС 2019 жылғы

12 қарашада 350 орындық, үш

қабатты мектепті салу ісіне кірісті.

Мұнда барлығы 40-тан астам адам

тынбай еңбек етуде. Бүгінде оқу

корпусы болатын бірінші блоктың

бірінші қабаты қаланып, терезелері

орнатылды. Бірнеше оқу кабинеті,

әкімшілік блок және мәжіліс залы

үшін қарастырылған екінші блоктың

қабырғасы көтерілуде. Сонымен қатар,

асхана мен спорт зал орналасатын

үшінші блоктың іргетасы қаланды.

Құрылыс материалдарының барлығы -

қазақстандық өнім. Айталық, құм, темір

бетонды құрастырмалар, кірпіштердің

басым бөлігі Павлодар облысының

аумағында жасалды. Ал цемент пен

кірпіш Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласынан жеткізілді.

Компанияның бас инженері Дәулет

Мұстафиннің айтуынша, құрылыс

алаңындағы жұмыс қарқынды.

- Жобаға сәйкес, мектеп 2021

жылдың қаңтар айында қолданысқа

тапсырылуы тиіс. Егер инженерліккоммуникациялық

желілерге қатысты

мәселелердің барлығы қысқа уақыт

аралығында оң шешімін тапса, биыл

жыл соңына дейін білім ордасын

ел игілігіне беруге әзірміз, - дейді

Д.Мұстафин.

Атап айтқанда, Ломов көшесіндегі

жылу құбырларының диаметрін ұлғайту

керек. Әйтпегенде, мектеп пен оған

іргелес жатқан Гагарин көшесіндегі

бірнеше үйге жылу жетпей қалуы әбден

мүмкін. Егер Павлодар қаласының

әкімдігі жылу маусымы аяқтала

салысымен бұл іске кіріссе, құрылыста

кідіріс болмайды. «ГСУ Құрылыс»

компаниясы мектепті салып, кейбір

инфрақұрылымдық желілерді тартып

қана қоймай, білім орнының аумағын

абаттандырады. Көшеттер отырғызып,

кеспетастар төсейді. Сонымен қатар,

жаңа нысанның жанындағы мектеп -

№4 арнайы жалпы білім беру мектепинтернатының

стадионын қайта қалпына

келтіреді. Себебі, бұл спорт алаңы

екі оқу орнына ортақ болмақ.

Павлодар қалалық білім беру бөлімі

басшысының орынбасары Қуаныш

Қыдралиннің айтуынша, жаңа мектеп

оқушылардың әлеуетін арттыруға тың

серпін береді.

- Бүгінде №13 орта мектепте

611 бала білім алады. Олар жаңа

мектепте екі ауысымда оқитын болады.

Оқу ордасы арнайы кабинеттермен,

заманауи құралдармен жабдықталады.

Бұл шәкірттердің білім көкжиегінің

кеңеюіне айтарлықтай оң ықпал

етері сөзсіз. Ал қазіргі типтік емес

ғимаратта балабақша ашылады, -

дейді Қ.Қыдралин.

Айта кетелік, таяу уақытта

«ГСУ Құрылыс» компаниясы облыс

орталығындағы Сарыарқа шағын

ауданында 650 орындық тағы бір

мектептің құрылысын бастайды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

«Абай оқуларына» қатысты

Облыстық прокуратура заңдылықты және құқықтық

тәртіпті нығайтумен қатар тіл мәртебесін көтеру мақсатында

ауқымды жұмыс жүргізуде.

Құзырлы мекемеде «Қазақ тілі –

баршаға» пікірталас клубының кезекті

отырысы өтті. Жиынға басқарма

қызметкерлері, мемлекеттік тілді

дамыту тобының мамандары қатысты.

Қазақ тілін жан-жақты насихаттау,

өзекті тақырыптарды мемлекеттік

тілде бірлесіп талқылау мақсатында

құрылған клуб облыс прокуратурасында

екі жылдан астам уақыт

жұмыс істеуде. Жиында мемлекеттік

тілдегі құжат айналымы, қазақ тілін

оқытудың жай-күйі, жүргізілген

іс-шаралар, жетістіктер, сондай-ақ

осы мәселе аясында әлі де болса

шешімін таппай жатқан жағдайлар

сөз етілді. Қызметкерлер өзара пікір

алмасып, даулы сұрақтарды талқылады,

ұсыныстарын білдірді.

Бұдан бөлек, былтыр үш тілді

жетік білетін жас қызметкерлер

арасында «Тілдің үштұғырлығы – ұлт

тірегі» байқауы ұйымдастырылған

болатын. Дода қорытындысы бойынша

жергілікті тіл мен әдебиет, педагогика

салаларының өкілдерінен сайланған

қазылар алқасының шешімімен Екібастұз

қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

Р.Тоғанбай байқау жеңімпазы

атанды. Екінші орынға Павлодар

қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

С.Қалым, үшінші орынға Ақсу

қаласы прокуратурасы бөлімінің аға

прокуроры Е.Досымжанов ие болды.

Павлодар қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры С.Қанатұлы «Тілегі

мен тілі бір» номинациясының және

Ертіс ауданы прокуратурасының прокуроры

Ж.Серікқанұлы «Көрермендер

көзайымы» номинациясының иегері

атанды. Барлық қатысушылар марапатқа

ие болды.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық

мерейтойы қарсаңында ақынның

шығармашылығын кеңінен насихаттау

мақсатында Абай оқулары байқауы

да ұйымдастырылғанын атап өткен

абзал.

Павлодар облысы

прокуратурасының

аппараты.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Түз тағысы

қайдан келді?

Соңғы күндері аймағымызда қасқырдың

әр жерде жүргені жайлы ақпараттар

әлеуметтік желі арқылы таралып,

тұрғындардың зәресін алуда. Алдымен,

Ақсу қаласының ГРЭС шағын ауданын

жалғыз қасқыр кезіп жүргені жайлы

хабар түсіп, құзырлы органдар бөріні

дер кезінде атып өлтірді. Одан кейін

шарбақтылық шаруаның қорасындағы

қойларын жарып кеткені жөнінде ақпар

тарады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Шарбақты ауданының Сынтас ауылында бір

түнде шаруаның оннан астам қойын жарып кеткен.

Нақтысы, 7 қойын өлтіріп, тоғызын жарақаттап

тастаған. Ауладағы Рекс иті де жоғалып кетіпті.

Алайда, малды қырып кеткен қасқыр ма, қаңғыбас

ит пе, ешкім көрмеген. Қасқыр екеніне әзірге

нақты дәлел жоқ, дейді ауылдық округ әкімі Мақсұт

Жиенбаев. Аудан әкімі барлық ақпаратты құзырлы

органға тапсырыпты.

Мал иесі Манарбек Баисовтың айтуынша, аңшылар

келіп, қарда жүретін техникамен аңның ізі бойынша

айналаны барлап көрген. Олар қасқыр деп топшылап

отыр, дейді. Бірақ, ешбір аңның соңына түсе алмапты.

Із іргелес Ресей елі шекарасына қарай орманға

еніп, жоғалып кетеді. Аталмыш ауылда 70 жылдан

астам тұратын шаруа бұрын-соңды мұндай жағдай

болмағанын айтады. Анализдер алып, тиісті талдаудан

кейін белгілі болады деген үмітте.

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі инспекциясының жануарлар дүниесі

және аңшылық шаруашылығы бөлімі басшысының

міндетін атқарушы Сәуле Мұқансалықованың айтуынша,

Шарбақты ауданының құзырлы мекемелерінен

құрылған комиссия жағдайды зерделеуде. Комиссия

мүшелері жарақаттар арқылы малға шапқан қасқыр

ма, ит пе екенін анықтау мүмкін еместігін айтуда.

Енді осы аумаққа жауапты «Аллюр компани ЛТД»

аңшылық шаруашылығына қасқырлар санын реттеу

үшін атуға рұқсат берілмек.

Одан кейін Ленин кентінде екі қасқыр емінеркін

жүргені айтылған тағы бір жазба тарады.

Оған қатысты Ленин кенті әкімінің өтінімі бойынша

Павлодар қаласының ветеринарлық қызметі шұғыл

түрде ауыл маңын бақылап шыққан. Қалалық

баспасөз қызметінің мәліметінше, «Рубиком» ет

өңдеу кәсіпорны, Жолқұдық элеваторы маңындағы

тұратын тұрғындар арасында сауалнама жүргізілген.

Ақпарат расталмапты. Облыстық инспекция Ленин

кенті аумағында да қасқырлар санын реттеуге

рұқсат беріпті.

«№1 мектеп маңында қасқыр жүр» деген жазба

да көпшілікке WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы

келді. Мамандар мұндағы қасқыр емес, қаңғыбас

ит екенін алға тартып отыр.

Жалпы, қасқырлар неге ауылдарға жақындай

түсті? Бұлай мінез көрсетуіне не себеп? Баянауылдық

аңшы, құсбегі Бақытжан Жүнісовтің соңғы жағдайларға

байланысты пікірін сұрап көрген едік.

- Бұрын түз тағысы аштықтан ауылға кіріп кететінін

жиі еститінбіз. Қазіргі кезде далада бөрілерге

азық жоқ деуге келмес. Қасқыр адамға жөнсіз

тиіспейді. Жараланған кезінде аңшыға атылуы мүмкін.

Қарығатын уақытында аздап қағынады. Бұл кезең

қазақта «Бөрісырғақ» деп аталады. Ол ақпан айының

10-ынан басталады. Бүгінгі таңдағы мінезінің себебін

дөп басып айта алмаймын. Ақсудағы бейнежазбаларды

көріп, «бәлкім, асыранды қасқырлардан

аңшылар айрылып қалды ма екен?!» деген ой

келді. Өзім де біраз жыл асырап, зерттеп, иен

далаға жіберген едім, - дейді ол.

Жоғарыда айтқанымыздай, мамандар аймағымызда

қасқырлардың адамдар мен малға шапқаны

расталмағанын мәлімдеп отыр. Яғни, қауіптің

жоқтығын алға тартуда. Облыс аумағында 212 дала

тағысы бар. Инспекция күн сайын жыртқыш аңдардың

есебін жүргізетіндерін айтады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!