04.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж., №100 (15570)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 3

БІЛІМ

Күйші есімін

қайтарған абзал

Өткен аптаның соңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы бірқатар

мәдениет және қосымша білім беру мекемелерін аралады.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қамданған

қапы қалмайды

Ертіс ауданында жыл санап төрт түлік

саны артуда. Мал ұстаған ағайын қыстың

қытымыр мінезіне төтеп беру үшін шөпті

артығымен дайындауға дағдыланған.

Жансері СЪЕЗБЕК

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн

брифингте Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин қысқы

маусымға дайындық барысына тоқталды.

- Жоспарға сәйкес, 76 мың тоннадан астам шөп

және 5,5 мың тонна пішендеме әзірлеу көзделген. Әзірге

69,5 мың тонна шөп дайындалды. Бұл – жоспардың 91 пайызы.

55,2 мың тонна шөп қыстаққа жеткізілді. Шығымдылығы –

орташа есеппен гектарына 8,4 центнер. Ал тоғай шөбінікі

15,7 центнерді құрап отыр, - дейді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудандағы ірі ауыл шаруашылығы өнімін

өндірушілер саналатын «Замандас» және «Оразбаев» шаруа

қожалықтарында 5,5 мың тонна сүрлем әзірленген. «Ертіс»

тәжірибелі шаруашылығы басшылығы да бұл іске білек

сыбана кірісуде.

Өңірде жиын-терім жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде.

Әзірге 75 мың гектар алқаптан астық жиналған.

Соңғы жылдары жергілікті шаруалар техника паркін

жаңартуға көңіл бөлуде. Атап айтсақ, 2018 жылы 21 фермер,

2019 жылы 26 фермер, биыл 19 шаруашылық жаңа техникалар

сатып алған. Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы шеңберінде 5 жоба талқыланып жатыр.

Қорғаны

мықты

ел тыныш

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

музыкалық колледж – дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп-интернат кешеніне танымал

опера әншісі және педагог Шахимардан

Әбіловпен бірге барды.

Қонақтар вокалдық ән айту мен

музыкалық аспаптарда ойнауды

үйренетін сыныптарда болды. Жергілікті

кітап қоймасында танымал өнер

иесі бұл Қазақстандағы ең үздік

музыка кітапханаларының бірі екенін

атап өтті.

- Мұнда ең тапшы ноталарды

табуға болады. Тіпті консерваторияларда

да мұндай кітапханалар жоқ.

Бұл балаларды оқытуға арналған

өте мықты база, - деді Шахимардан

Әбілов

Концерт залында колледж түлектері

мен оқушылары белгілі баяншы,

қазақстандық және халықаралық

конкурстардың лауреаты Олжас

Нұрлановтың қатысуымен музыкалық

қойылым ұйымдастырды. Музыкалық

колледждің басқа корпусында

Шахимардан Әбілов облыс әкіміне

авторлық вокал мектебін таныстырды.

Мұнда балалар академиялық ән айтуды

үйренуге және музыкалық мансапқа

алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік

алады.

Одан кейін аймақ басшысы

30 мыңға жуық грампластинка

сақталған Шафердің музей-үйін

аралады. Мекеменің негізін қалаушы

89 жастағы Наум Шафер пластинкаларды

қалай жинағаны жайлы

әңгімеледі және коллекциясындағы

жазбалар сандық форматқа аударылатынын

айтты. Музыкатанушы

қонақтарға «Қараторғай» әні жазылған

1938 жылғы пластинканы тыңдатты.

- Осындай музыкалық коллекцияны,

нағыз ұлттық қазынаны жинаудағы

орасан зор еңбегіңіз үшін көптен-көп

рахмет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс әкімі Катаев атындағы

облыстық оқушылар сарайында

да болды. Мұнда қосымша білім

беруді дамыту туралы сөз болды.

Балалар робототехникамен айналысады,

астрономия мен тілдерді

үйренеді, вокалды және музыкалық

аспаптарда ойнауды, бейне студияда

жұмыс істеуді үйренеді. Биылғы

жылы мекеме өңірдегі үздік білім

беру ұйымдарының бірі ретінде

50 миллион теңгенің сертификатын

иеленді.

Балалар көркемсурет мектебі

корпустарының бірінде Әбілқайыр

Сқақов сурет салу сабақтарына

қатысты. Бүгінгі таңда қосымша

білім беру мекемесі аймаққа жақсы

танымал. Мұнда 1 мыңнан астам бала

бейнелеу өнерін үйренеді. Мектепке

қала маңындағы ауылдардың жас

тұрғындары да келеді.

- Ұстаздарымыздың басым

бөлігі - біздің бұрынғы түлектеріміз.

Көбі оқудан соң Павлодар көркемсурет

колледжіне, Қазақстанның

басқа өңірлеріндегі және тіпті шет

елдердегі жоғары оқу орындарына

түседі. Кейін қайтып оралып, бізде

сабақ береді. Біздің мектептің

40 жылдық жұмысында осындай

сабақтастық қалыптасты,-деді балалар

көркемсурет мектебінің жетекшісі

Ләйлә Мағзамова.

Балалар музыка мектебінде

облыс әкімі ұрмалы аспаптар, домбыра,

саксофон және пианино кабинеттерінде

болды. Әбілқайыр Сқақов

мектеп орынжайларында жөндеу

жұмыстарын жүргізіп, балалар мен

педагогтар үшін қолайлы жағдай жасау

қажеттігіне назар аударды. Сонымен

қатар мекеме директорының оқу

орнына қазақтың халық музыканты

және композиторы Құрманғазының

атын қайтару туралы ұсынысын

қолдайтынын жеткізді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басы 1-бетте

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Учаскелік инспекторларға жұртшылықпен етене жұмыс

істеу ісі жүктелген. Ауыл, аудан және қалада қызмет

атқаратын учаскелік инспекторлардың міндеті ортақ.

Олар өздері жауапты аумақтағы адамдардың мәселесін

жақсы біледі. Әсіресе, жанжал шығаруға бейім адамдарды,

аз қамтылған отбасыларды, үйде қару-жарақ

ұстайтын тұрғындарды, ішімдікті жиі тұтынатын адамдарды

есепке алып, қатаң бақылайды. Күн сайын үйлерді

аралап, құқықбұзушылық фактілерінің алдын алуы керек.

Мұндай жауапты міндетті арқалап жүргендердің қатарында

Данияр Балтабай да бар. Ол - Павлодар қаласындағы

Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция

лейтенанты. Білікті маман облыс орталығындағы Усолка

шағын ауданының тәртібін бақылайды. Бір өзі 2300

пәтердегі 7 мыңға жуық адамның қауіпсіздігіне жауапты.

Учаскелік инспектордың қат-қабат жұмысы аудандағы әр

азаматпен етене танысуға мұрша бермесе де, күніне

70-ке жуық үйді аралап шығады екен. Ондағы мақсат –

жалға берілетін пәтерлерді қадағалау, рұқсат етілген

қару-жарақ сақтау талабының орындалуын бақылау,

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тексеру.

- Мемлекет басшысының Жолдауында учаскелік

инспектордың мәртебесін көтеруге ерекше мән берілді.

Жалпы, тәртіп сақшыларына халықтың көзқарасы бірдей

деп айта алмаймын. Қызметіміз жұртшылықпен етене

жақын болуға бағытталғандықтан, олардың мәселесін

барынша шешуге тырысып келеміз. Жұмыс күніміз таңғы

сағат 8.00-де басталып, кешкі сағат 23.00-де аяқталады.

Аптасына бір мәрте 24 сағат, яғни тәулік бойы жұмыс

істейміз. Өзім жауапты аумақта ішімдікке салынған,

шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтар

мен отбасылық жанжал шығаруға бейім жанұя бар.

Бұл пәтерлерге күн сайын бас сұғып, көршілерінен

де жағдайды сұрап тұрамын. Бұдан бөлек, күніне кемі

6-7 адам өтінішпен келеді. Сондай-ақ, қоғамдық көмекші

және пәтер иелері кооперативінің жетекшісімен де тығыз

байланыста жұмыс істеймін. Олар маған мәселелерді

бірлесіп шешуге көмек қолдарын созады. Болашақта

қоғамдық көмекшілердің саны артса, тиімді болар еді, -

дейді Данияр Бауыржанұлы.

Учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру уақыт

еншісінде. Бұл мақсаттың орындалуына тұрғындар да

көмектесуі керек. Өзара түсіністік пен сыйластық барда

мамандыққа деген адалдық, полицейге деген сенім де

артады деген ойдамыз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!