04.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж., №100 (15570)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

РУХ 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 9

немесе сұмпайы әрекет болмақ.

Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып –

кемшілік, кесепат, пасықтық» (сонда,

179-бет).

Әл-Фарабидің пікірінше, адам

өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы

шыңы болып саналатын бақыт

жанның байлығына, адамгершілікке

негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен

ақыл күші болып, екеуі біріккенде –

бұлар адамшылық қасиеттер болып

табылады» (сонда). Жаны жайсаң,

адамгершілігі мол адамдардың мінезқұлқы

да жақсы келеді. Жақсы мінезқұлық

білім алу, үйрену барысында

көбіне тәрбиемен қалыптасады.

«Адамның бойына дарыған,

халықтар мен қала тұрғындарына тән

және бұл дүниеде тиесілі бақытқа

жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа

кенелуіне септігін тигізетін төрт

түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық

ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер,

этикалық ізгіліктер және практикалық

өнерлер».

«Адамның игі қылықтары

мен жақсы әрекеттерін жасауға

көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті

қасиеттер, ал адамның пасық істер

мен оңбаған әрекеттер жасауына

себепші болатындары – сұрқиялық,

кемшілік немесе опасыздық болып

табылады».

Адамның саналы өмірін қамтамасыз

ететін – денінің саулығы мен

жан саулығы. Осы екеуі бір-біріне

сай, үйлесім тапқанда ғана адам

бақытты бола алады. Денсаулықты

дәрігер қадағаласа, жан саулығы –

аса күрделі; ол адамның өзінің

дүниеге көзқарасынан бастап,

алған біліміне, тәрбиесіне, өмірлік

мақсатына, мамандығына, қоршаған

әлеуметтік ортасына сияқты көптеген

факторларға байланысты.

«Дене сияқты жанда да өзіне

тән денсаулығы және науқасы

болады. Жанның саулығы сол,

оның өзінің және бөлшектерінің

жайы жақсы болуының әсерінен

әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі,

игілікті істер істеледі және тамаша

әрекеттер жасалады. Ал жанның

науқастығы сол, оның өзінің және

оның бөлшектерінің жайы нашар

халде болуының әсерінен әрдайым

жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық

істер істеледі және сорақы әрекеттер

жасалады». «Жаман мінез-құлық –

рухани кесел». Жан сұлулығы, жақсы

мінез адамды қайырымды етеді.

«Қайырымдылық адамдар жанынан

берік орын алғанда, не адамдар

ұстамды болғанда, қалаларда теріс

қылықтар жойылады» (сонда, 201-бет).

Өмірдегі адамдардың білім

деңгейі оқыған, оқымаған, жоғары

білімді дегендей, түрліше болуы –

заңды. Осындай адамдар туралы

«Ақыл-естің тілегенін (жасауға) парасаты

және батылдығы жететін есті

адамдар болады. Мұндай (адамдарды)

біз әдетте, өзінің лайығынша,

ерікті адам деп атаймыз, ал енді

өз бойында осы екі (қасиет)

жоқ адамдарды хайуан тәріздес

адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі

ғана жетіп, батылы бар-майтындарды

жаратылысынан құл адамдар

дейміз» (сонда, 29-бет) – деген

сипаттамалар беріліпті. Ары қарай

ойын «Бұлардың ішінде батыл бола

тұрса да, ақыл-есі кем түсетіндер

бар. Бұлар үшін басқалар ақылға

салып, пайымдайтын болады.

Бұл жағдайда мұның өзінің қамын

жеуші басқа адамдарға бұл не

бағынып, не бағынбайды. Егер

бағынбаса, онда бұл да хайуан

тәріздес, ал егер бағынса, ол

көп істерінде табысқа жетеді

және осының арқасында құлдар

(қатарынан) шығып, еріктілер

қатарына қосылады» (сонда, 30-бет) –

деп жалғастырған.

Бақытты болу кез келген адамның

қолынан келе берер оңай шаруа

емес. Оған өмірді сүре білуге

қажетті жан-жақты білімі бар, жаны

бай, адамгершілігі, рухы жоғары,

мақсатына жету үшін қиындықтарға

шыдап, күресе білетін адамдар ғана

қол жеткізе алады. «Егер адамның

өмір сүруінің мақсаты – ең жоғары

кәмелетке жету болса, онда адамның

осы бақытқа жетуін көрсету үшін

оны меңгеруге қабілетті нәрселердің

бәрін алу керек». «Адамның өмір

сүру мақсаты ең жоғары бақытқа

жету болатын болса, ол адам бақыт

дегеннің не екенін білуі қажет және

оны өзінің мақсаты етіп қойып,

соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін

ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс

екенін біліп, соған әрекет жасауы

керек» (сонда, 409-бет).

Әл-Фарабидің адам концепциясында

жүрек аса маңызды орынға

ие. Өйткені, адамның бақытты болу

жолындағы өмірінің барлығы осы

жүрек арқылы басқарылады. Жүрегі

таза, жылы адамдар ғана бақытты

өмір сүре алады. Оған себеп, жүрек –

адамның денесіндегі ең басты орган;

адам ананың құрсағында жаратыла

бастағанда, ең алдымен жүрек

жаратылады; адамның басқа дене

мүшелерінің барлығы ми арқылы

жүрекке қызмет етеді.

«Жүрек – басты мүше, мұны тәннің

ешқандай басқа мүшесі билемейді.

Бұдан кейін ми келеді. Бұл да –

басты мүше; бірақ мұның үстемдігі

бірінші емес, екінші, өйткені ол

барлық басқа мүшелерді билейтін

болса, оның өзін жүрек билейді.

Бірақ бұл тек жүрекке қызмет

етеді және жүректің табиғи ниетіне

қарай, бұған басқа мүшелер қызмет

етеді.

(Ми жүректен кейінгі) мүше

ретінде (әрекет етеді), басты (мүше)

бейімделе алмаған жерде оның

орнын басады, оның өкілі болады,

әр іске бейімделіп отырады; жүректің

ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне

қызмет ету тек қана миға тән

қабілет.

Мәселен, жүрек – ішкі табиғи

жылылықтың көзі...

Ми (мұнда) жүрекке қызмет

етеді, сезімдік жүйке тамырларға

өз күшін бойында сақтайтын қуат

бітіреді, бұл қуат қоректендіруші

(күштердің) сезімтал болуына

мүмкіндік береді...

Мүшелердің ішінде тұңғыш рет

жүрек пайда болады, бұдан кейін

ми, одан соң бауыр, одан кейін

көбауыр, сонсоң басқалары пайда

болады. Бәрінен соң барып, қимылға

келетіні – жыныс мүшелері...

Үстем күштің мекені – жүректе»

(Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.

Алматы, 1973, 289-295 беттер).

Ұлы Абай да адамның өміріндегі

жүректің атқарар қызметіне ерекше

мән берген. Мида қорытылған ой

жүректің сарабынан өтіп барып,

сөзге айналып, сыртқа шығады.

Ақынның айтуынша, сөз «жүректен

шықпаса, жүрекке жетпейді»; «бойда

қуат, ойда көз болмаса, ондайларға

айтпа сөз»; жүрексіз айтылған сөз –

жалған сөз; ондайларға сенбе. Өмірдің

әділетсіздіктерін қайнаған ішінде

жүріп көп көрген, барынша сезінген

халқының көзі, сезімі, жыршысы

атанған ақынның жүрегі – «қырық

жамау».

Бұл жерде қазақ топырағынан

шыққан екі ұлы айтқан ой-пікірлерінің

арада мыңнан астам жыл уақыт

өтсе де бір арнадан шығып жатқаны

көрінеді. Ұлы философ әл-Фараби

адам бақытты болуы үшін ол ақылпарасаттың

иесі, жүрегі таза, жылы

болуы керек десе, ақын Абай ең

алдына оның ойының дұрыс болуын,

яғни мидың қызметін қояды. Екі ұлы

да адам өміріндегі сандаған ойларды

қорытып, ой ойлап, даналыққа,

парасаттылыққа жетелейтін, дұрыс

жолды табатын мидың, сол мидың

қорытып ұсынған «ақылдарының»

ішінен дұрысын қабыл алып,

«жылылыққа орап», сөз арқылы сыртқа

шығаратын жүректің қызметтерін

аса жоғары бағалағандықтары,

бірін-бірі толықтыра түскендіктері

көрініп тұр. Ұлылардың ұлылығы,

ұлылардың үндестіктері осылай

болса керек.

«Әбден жетілген адамдардың

ғана жандары мәңгі өлмейді»

(Әл-Фараби). «Өлді деуге бола ма,

айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына

сөз қалдырған» (Абай). Иә, ақылпарасаттың

шыңына шығып, оны

ой елегінен өткізіп, артта келе

жатқан ұрпақтардың бақытты өмір

сүруіне көмектесетін «өлмейтұғын

сөз» қалдырған ұлылардың рухтары

мәңгі жасай береді.

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

филология ғылымдарының

докторы, профессор.

«Жiгiттер, ойын

арзан, күлкi

қымбат»

Абайдың

шығармашылық

өнернамасында

өзiнiң ұстанымын,

көзқарасын танытатын

«сөз сарасы»,

«сөз майы», «сөз

мәнiсi», «шын сөз»,

«қасиет тұтып, ойға

ұмтыл, қан қайнап,

қуат егiлсiн!», «қуаты

күштi нұрлы сөз»,

«таза ойла», «сөздiң

шыны», «ақыл сөз»,

«жақсы сөз» дейтiн

кесек-кесек, лек-лек

мағыналы ұғымдар

ақын поэзиясының

асыл сипаттарын

айқын танытады.

1886 жылы жазылған «Жiгiттер,

ойын арзан, күлкi қымбат» дейтiн

жыр-толғауы жанды сыр-cұхбат,

әңгiме айту, ақыл қосу, жас

берендердiң ой-cанасын, көңiл

сарайын күмбiрлетiп, оятып-серпiлту

үлгiсiнде өзiнiң мол тәжiрибесiмен

ортақтасу, бөлiсу тұр-ғысынан

жазылғандай. Шығыс өркениетi

мен Ұлы дала мәдениетi тарихында

жақсылардың мәслихаты –

cұхбат, әңгiмелесу түрiнде ұйымдастырылған.

«Жақсы адаммен

бiрге болып сұхбаттасу жұпардай

әсер қалдырады (өзiң де сондай

боласың)», деген Мұхаммед (с.ғ.c.)

өз хадистерiнде. Я болмаса

Алла мен оның Елшici 90 мың

тақырып бойынша (шариғат –

30 мың, тариқат – 30 мың,

хақиқат – 30 мың) cұхбаттасқан.

Сұхбат құру, мәжiлiс жасау –

ұлттың интеллектуалдық әлеуетiн

жақсартады. Ертеде шахтар

қабылдау (меджлис) жасап, өлең

оқып, музыка тыңдайды екен.

Халық қызметкерi Абай да

сұхбаттасу, әңгiмелесу дәстүрiн

гүлдендiрген, кең қолданысқа

енгiзген, жанды құбылысқа

айналдырған, ел игiлiгiне жаратқан.

Ол да тыңдау өнерiне баулып,

шәкiрттердi оқытқан. Себебi 1880

жылы Жидебайда медресе ашқан.

Абайдың ұлттық дүниетанымы,

пәлсапалық көзқарасы, мәдени

дәрежесi, ойшыл зеректiгi ел

қайғысын ойлаған, iлгерiнi болжаған.

Сұңқарлық санаты, тылсым табиғаты

елден ерек екені жырында

да, сырында да тұнып тұр.

Шын көңiлмен сүйсе екен,

кiмдi cүйсе,

Бiр сөзiмен тұрса екен,

жанса-күйсе.

Немесе:

Керек ic бозбалаға –

талаптылық,

Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы

қылық.

Болмаса:

Жолдастық, сұхбаттастық –

бiр үлкен ic,

Оның қадiрiн жетесiз адам

бiлмес.

Әйтпесе:

Кемдi-күн қызық дәурен тату

өткiз,

Жетпесе, бiрiңдiкiн

бiрiң жеткiз!

Күншiлдiксiз тату бол шын

көзiмен,

Қиянатшылдық болмақты

естен кеткіз!

дегенiнде жiбектей есiлген жақсы

қылыққа, қараса ханнан көзi

өткiр, сөйлесе жаннан сөзi өткiр

қасиеттерге ие «шын көңiлмен»

«шын күлерлiк», жүзi шұғыла,

шынар тұлға «сүйiктi ер», «ер

жiгiт» болса екен деген ұлы тiлек,

ұлы уайымы бар.

Абай ер жiгiт тағдырында

жар таңдаудың мәнiсi хақында:

Бiреуді көркi бар деп

жақсы көрме,

Лапылдақ көрсеқызар

нәпсiге ерме.

Әйел жақсы

болмайды көркiменен,

Мiнезiне көз жетпей,

көңiл берме,

деп, «жеңсiкқойлық», «жеңсiкқұмар»

дегендерден ада болып,

сана сабырлығына бас ию,

тұрлаулылықты темiрқазықтай

тiрек ету ләзiм.

Адам өмiрi мен тағдырының

жай-күйiн жүйрiк зерделейтiн,

ұшан-теңiз бiлiмнiң, өлшеусiз

тәжірибенiң, интуицияның иесi

Абай:

Жасаулы деп, малды деп

байдан алма,

Кедей қызы арзан деп

құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан

ғапыл қалма,

деп, қандай құсты қолға қондыру

керектiгiн нақтылап, шегелеп

жеткiзедi.

Осы бiр даналық тағылым,

мағыналы өсиет Жүciп

Баласағұнның:

Тегі таза, құтты болсын

тамыры,

Ұяты мол, инабаты hәм iрi.

Қол тимеген, болсын аттап

шықпаған,

Сенен басқа еркек бар деп

ұқпаған.

Сенi cүйiп, сенен басқа iздемес,

Жаман қылық, жарамсыз

ic icтемес,

деген бәйiттерiмен үндеседi.

«Толқынын жүрегiңнiң хаттай

таныр» пейiштiң шынарындай,

уылжыған уыздай әйел затын:

Майысқан, бейне гүлдей

толықсыған,

Кем емес алтын тақтан

жар төсегi.

Әйтпесе:

Ақыл керек, ес керек,

мiнез керек,

Ер ұялар iс қылмас, қатын

зерек,

деп, кемел сипаттап, сұлу сезiммен

суреттейдi.

Ненi айтса да сөздiң алмастай

өткiрiн, уыттысын қолданатындығына

«Салақ, олақ, ойнасшы, керiмкербез»,

«жыртаң-тыртаң», «сасық

ми» деген сөздерiн мысалға

келтiруге болады.

Қазақ қауымы iшiнде қай

заманда да көріксіз, өрескел

жайттар да, сыздауықтар да

жетерлік болған. Бұл Абай сынынан

да тыс қалмады. Ақын:

Кей құрбы бүгiн тату,

ертең бату,

Тiлеуi, жақындығы – бәрi cату, –

деп түңiлсе, үмiтi кесiлсе:

Көкiрегiнде қаяу жоқ,

қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас

қайран тату! –

деп, қөңiлi cүйсiнедi.

Тағы да:

Пайда деп, мал деп

туар ендiгi жас, –

деп шошынады.

Түптеп келгенде, бұл өлеңде

заман келбетi, әлеуметтiк қайшылықтар,

ел ортасындағы ахуал,

адамдардың тәртiбi (жалақорлық,

жанжалқұмарлық, арызқұмарлық,

опасыздық), пейiл, қарым-қатынас

шынайы көрсетiлген.

Стратег Абай зәре-құтыңды

қашыратын жан түршiгерлiк

жаманшылықтардан қорғайтын

қамал-қорғаның:

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзi зордың болады ығы да зор, –

деп, ғибратты пiкiр ұсынады.

Абайдың «Жiгiттер, ойын арзан,

күлкi қымбат» дейтiн жаратындысы –

оның өскен-өнген өлкесiнде сұхбат

құрудың, әңгiмешiлдiк, шешендiк

өнердiң өрге өрлегендiгiне, өркендегенiне

бiрегей өнегелi мысал.

Сұхбат – тәрбие мен бiлiм құралы.

Психологиялық әсерi мол

ақын дауысында мейiр, тазалық,

сыршылдық, құштарлық, рухани

кеңiстiк пен кемелдiк бар.

Жақсыдан қалған көз – Көкбай

Жанатайұлының мына бiр әдеби

шығармашылық дерегінен елеулі

мәлімет аламыз:

Семейге Абай келсе,

бiзде думан,

Ән салып босамаймыз

айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу,

мәжiлiс құру,

Секiлдi бiр ғылымның

жолын қуған.

Тарихтан неше түрлi

Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады

ауызын буған.

Бiр барсаң мәжiлiсiнен

кеткiң келмес,

Хакiмдей Аплатон

аңырап тұрған.

Келбетiне, бiлiмiне лайықты,

Япыр-ау, мұндай адам

қалай туған.

Мұнда Абайдың туабiттi

әңгiмешiлдiк, сұхбат құру өнерiн

толық түсiндiрiп түйiндеген.

Келешектiң тұлғасын тәрбиелеудi

мақсат тұтқан Абай – ұлт

рухының символы.

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының

докторы, профессор.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!