04.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж., №100 (15570)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 7

Жалпыұлттық жоспары

жасалады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы

Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қазіргідей

сын сағатта еліміздің дамуына аса қажетті бағыттар нақты

көрсетіліп, тапсырмалар берілген болатын. Олардың

бірі қазіргідей дағдарыстық жағдайда экономиканы жандандыруға

қатысты болса, екіншісі - қашықтан оқытуда

отандық білім платформаларының жоқтығы, зейнетақы

жинағының бір бөлігін азаматтардың баспана, денсаулығын

жақсарту мәселесін шешуға жұмсауына рұқсат беру

секілді келелі бағыттар. Президент Жолдауының барлық

бағыттарын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар

жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-

Министрі Асқар Мамин айтты.

- Президент мемлекеттік басқаруды

жетілдіру, кадр саясатын, шешім қабылдау

және олардың орындалуы үшін жауапкершілік

жүйесін қайта қарау бойынша бірқатар

тапсырмалар берді. Бірқатар, оның

ішінде Мемлекет басшысына бағынысты

мемлекеттік органдар құрылады. Осы

міндеттерді орындау үшін Үкімет жедел

және нақты шаралар қабылдауы қажет», -

деді ол.

Үкімет басшысы Президент Жолдауының

барлық бағыттарын іске асыру бойынша

Жалпыұлттық жоспар жасалатындығын

айтты. «Мемлекет басшысының Жолдауын

толық және уақытында іске асыру

үшін қажетті ресурстар мен құралдар

бар. Осы ретте Жолдауды белгіленген

міндеттерді тиімді орындау бойынша

үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуіміз

қажет. Мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық

жоспар бойынша ұсыныстарын

4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика

министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі

отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне

енгізу үшін Жалпыұлттық жоспардың

жобасын қарастырып, мақұлдауымыз

керек», - деді Асқар Мамин.

Шағын және орта бизнеске Үкімет

тарапынан қандай қолдау шаралары

болатынын ҚР Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары Әлихан Смайылов

айтып берді. «Бизнестің жол картасы -

2025» мемлекеттік бағдарламасының

жаңа бағыты аясында Мемлекет басшысының

тапсырмасына сәйкес, шағын және

орта бизнеске қосымша көмек көрсету

мақсатында соңғы заемші үшін жылдық

ставкасын 6 пайызға жеткізе отырып,

ШОБ-тың қолданыстағы кредиттерінің

пайыздық ставкасын субсидиялау жүргізіледі.

Судсидиялау төтенше жағдай

режимі жарияланған сәттен бастап

12 айлық кезеңді жабады», - деді бірінші

вице-премьер Үкімет үйіндегі баспасөз

мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бизнес ахуалды

одан ары жақсарту үшін кешенді шаралар

қабылданады. Бұл тәуекелдерді

басқару жүйесін автоматтандыру, барлық

реттеушілік талаптарды тексеруді

және оларды қысқартуды қамтиды.

«Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексін

бекіте отырып, реттеушілік апелляция

институтын енгізу бойынша шаралар

дайындалып жатыр. ШОБ субъектілері

осы жылдың соңына дейін республикалық

және коммуналдық меншік нысандары

бойынша жалға алу төлемін төлеуден

босатылады. Мұндай шара квазимемлекеттік

нысандарға да қолданылады.

Зардап шеккен салалардағы ШОБ

субъектілері Жалақы төлеу қорынан

зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру

қорына және медициналық

сақтандыру қорына төлем аударудан

жылдың соңына дейін босатылады.

Орта шикізаттық емес кәсіпорындарға

бағдарланған экспорттық акселлерация

бағдарламасы іске қосылады. Кәсіпкерлікті

қолдау үшін қосымша 200 млрд.

теңге бөлініп, жеңілдік ставкамен айналым

капиталын кредиттеу көлемі 800 млрд.

теңгеге дейін жеткізіледі және бұл бағдарлама

2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

Жоғарыда аталған шаралардың

барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі

өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға дейін

арттыру және бұл салада жұмыспен

қамтылғандар санын 4 млн. адамға дейін

жеткізу тапсырмасын орындауға септігін

тигізеді», - деді Әлихан Смайылов.

Бүгінде елімізде салықтар мен алымдардың

40-қа жуық түрі бар. Салықтық

міндеттемелерді орындауды барынша

жеңілдетіп, салықтар мен өзге де төлемдердің

санын азайтқанда ғана шағын және

орта бизнестің тынысы ашылары анық.

Ал бұл бағытта Үкімет не істемек? Бірінші

вице-премьердің сөзіне қарағанда, салық

міндеттемелерінің орындалуын жеңілдету,

салықтар мен төлемдер санын азайту

мақсатында ұлттық заңнамаға толық

тексеру жүргізіледі. Бұл жұмыс қазіргі

уақытта басталып та кеткен. Барынша

зардап шеккен сектордағы шағын және

орта бизнес үшін айналымнан жекелеген

салық төлеу құқығын енгізу мәселесі де

пысықталу үстінде.

Еліміздің білім беру саласында заман

талабына сай келмейтін тұстары анықталып

отыр. Анықтаушы – сол індет.

Қашықтықтан оқыту барысында отандық

бірыңғай білім беру платформасының

жоқтығы көрінді.

Білім және ғылым министрі Асхат

Аймағамбетов осы мәселе туралы кеңірек

айтып берді. «Мемлекет басшысы орта

білім бойынша қашықтан оқыту платформаларының

мүмкіндігін арттыру тапсырмасын

бергенін білесіздер. Біркелкілендіру,

ортақ талаптар қою бойынша жұмысты

бастап кеттік. Әрі қарай бұл жұмысты

жалғастырып, тиісті деңгейде орындайтын

боламыз», - деп сендірді министр.

Мемлекет басшысы Жолдауында ұстаздардың

жалақысын 2021 жылдың қаңтар

айынан бастап 25 пайызға көбейтілетіні,

бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша

1,2 триллион теңге бөлінетіні айтылған

еді. Осы мәселеге орай министр қажетті

қаражат бюджетте қарастырылып қойғанын

айтады. Бұған қоса, осы жылдың

қыркүйек айының өзінде ұстаздардың

дәптер тексеру бойынша үстемеақысы

2 есе көбейіп, сынып жетекшілігі үшін

алатын үстемеақысы да екі есе

арттырылған екен. Ал магистратура бітірген

ұстаздарға магистрлік деңгейіне

сәйкес айына қосымша 27 мың теңге

төлене бастамақ. Жолдауда 6 жасқа

дейінгі балаларды мектепке дейінгі

тәрбиемен және біліммен 2025 жылға

қарай 100 пайыз қамту міндеті қойылған

еді. Осы мәселеге орай пікір білдірген

Асхат Аймағамбетов 6 жасқа дейінгі

балаларды балабақшамен 100 пайыз

қамту мәселесін іске асырудың екі

ерекшелігіне тоқталады. «Біріншіден, бұл

тапсырманы мемлекеттік тапсырыс беру

арқылы жекеменшік балабақшаның үлесін

арттыру есебінен орындаймыз. Қысқа

уақыттың ішінде жекеменшік секторды

дамытудың арқасында өзгеріс болды.

Қамту пайызы өсті. Ары қарай осы

бағытпен жұмыс істеп, балаларды балабақшамен

қамту мәселесін шешеміз»,-

деді министр. Оның айтуынша, екінші

ерекшелік – ваучерлік тетік. «Ваучерлік

тетік дегеніміз не? Мәселен, бүгінде атаана

баласының кезегі келгеннен кейін

қай балабақшаға баратынын мемлекет

көрсетіп береді. Енді мұнан кейін

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша ваучерлік тетік қолданылады.

Яғни, ата-ана өзінің ваучерін алып,

өзіне ұнаған, тиімді деген балабақшаны

таңдайды. Қазіргі уақытта облыс не

қаланың, ауданның білім бөлімдері, басқармалары

конкурс өткізіп, қай балабақша

мемлекеттік тапсырыс алатынын анықтаса,

енді ата-ана өзі таңдайды. Бұл ең алдымен

бәсекелестікті арттырады. Ал бәсекелестік

болғанда сапа жақсарады. Сондықтан

бұл - өте маңызды тапсырма», - деді

Асхат Аймағамбетов. «Мемлекет басшысы

ауыл, қала мектептерін дамыту, әсіресе

жалпы білім беруді дамыту бойынша да

тапсырма берген еді. Бұл тапсырманы

орындау үшін де министрлік тиісті

жұмыстар жүргізе бастамақ. «Ең алдымен

шағынжинақты мектептерге қатысты.

Оларда бірнеше проблема бар. Біріншісі -

ұстаздардың жетіспеушілігі, екіншісі -

материалдық-техникалық базасы, білім

деңгейі. Сондықтан осы тұрғыда жұмыс

жүргіземіз. Еңбекақы төлеу тетігін өзгертеміз.

Ұтқыр мұғалім, интернат салу,

әдістемелік көмек, оқыту жұмыстары,

жалпы материалдық-техникалық базаны

жаңарту бойынша іс-шаралар қабылданады»,

- деді ол.

Айта кетерлігі, балалар мен жастардың

шығармашылық әлеуеті мақсатында

өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын

ашу жоспарланып отыр. Мұны жоғарыда

аталған баспасөз мәслихатына қатысқан

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Нұрқиса Дәуешов айтқан болатын. Оның

атап өтуінше, балаларды шығармашылыққа

жаппай тартудың осындай қағидаты

бойынша республикалық және жергілікті

деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық

үйірме құруға бастамашылық

жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында

бос уақытын тиімді пайдалануды

қамтамасыз етіп, талантты баланы ерте

анықтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, мәдениет және өнер

ұйымдарында белсенді ересектермен

өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдай

іске асырылады. Мұнан бөлек, 2021 жылғы

1 қаңтардан бастап мәдениет және

спорт саласындағы мамандандырылған

мектептер мен колледждер қызметкерлерінің

жалақысы 2023 жылға дейін жыл

сайын 25 пайызға ұлғаятын болады. Ал,

бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінде қарастырылып

жатқан бұқаралық спортты

дамытуға бағытталған заң жобасы аясында

мемлекеттік білім ұйымдарының педагогтарына

сабақтан тыс спорт сабақтарын

жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан

100 пайыз мөлшерінде қосымша

ақы енгізу мәселесі пысықталу үстінде.

Ал зейнетақы жинақтарын пайдалану

тетігі қандай болмақ екенін ҚР Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Біржан Нұрымбетовтың айтып бергенін

газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз.

Министрдің айтуынша, негізгі

қағидат – зейнетақы жинақтары жинақтаушы

зейнетақы жүйесінен азаматтарды

болашақта зейнетақымен қамсыздандыру

үшін қажет. Сондықтан белгілі бір

сома зейнетақы шотында қалуы керек.

Осы соманың артығын азаматтар өз

қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген

қажеттіліктеріне пайдалана алады.«Барлық

зейнетақы жинағын үлестіру міндеті тұрған

жоқ», - деді Б.Нұрымбетов. Жоғарыда

көрсетілген қажеттіліктер үшін Бірыңғай

зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ)

жинақтарының бір бөлігін алу құқығын

министрдің айтуынша, біріншіден,

зейнетақы жинақтары бар еңбекке

қабілетті жастағы азаматтар «жеткіліктілік

шегі» деп аталатын соманың бір бөлігін

(бұл шамамен 529,7 мың адам) пайдалана

алады. Екіншіден, БЖЗҚ-да жинақтары

бар зейнеткерлер қалған соманың 50%-

на дейін (шамамен 178,4 мың адам)

пайдалана алады. Азаматтардың осы

санатында жиынтық зейнетақы (жасына

байланысты зейнетақыны, базалық

зейнетақыны және БЖЗҚ-дан төлемдерді

қоса алғанда) жоғалған табыс (бұрын

алынған жалақы) мөлшерінің кемінде

40%-ын құрауы тиіс. Үшіншіден,

зейнетақы аннуитетін ресімдеген және

әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚда

қалған соманы пайдалана алады

(шамамен 13,3 мың адам). «Осылайша,

зейнетақы жинақтарының бір бөлігін

мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан

астам қазақстандық пайдалана

алады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Бұл жолғы Президент Жолдауы қазіргі кезеңнің талап етіп

отырған басым бағыттарын көрсетіп бергені анық. Яғни,

Үкіметке, құзырлы министрліктерге, жергілікті әкімдіктерге,

атқарушы органдарға Президенттің тапсырмаларын

іске асыру бойынша жеделділік пен кәсібилік қажет болады.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!