04.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж., №100 (15570)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 5

БАС ТАҚЫРЫП

Күздің әр күні -

ырыс

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында

ауылдық жерлердегі шағын шаруашылықтарды

барынша қолдау керектігін

айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің

басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда

өндірілетінін ескерсек, қаржылай демеу

тетіктері сол арнаға бағытталғаны дұрыс.

Фермерлер қаржылық ұйымдардың көмегін

қаншалықты пайдаланып отыр? Осы және

өзге де сауалдарымызға «Аграрлық несие

корпорациясы» АҚ-ның Павлодар облыстық

филиалының директоры Болат Аманжолов

жауап берді.

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА - 25 ЖЫЛ

Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында

Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі

Нұржан Әшімбетов Нұр-Сұлтан қаласында тұратын

еңбек ардагері Әбдікәрім Қадыровпен жүздесті.

Ардагерге -

құрмет

- Болат Әменұлы, шаруаларды

қолдауға жауапты әр

қаржылық ұйымның ұсынатын

қызметі бөлек. Сіздер қандай

қолдау көрсетесіздер?

- Шаруалар мал сатып алам

десе де, техника жаңартқысы келсе

де біздің көмегімізге жүгінеді.

Одан бөлек, қаражатты суармалы

алқапты іске қосу үшін,

тауарлы сүт фермасын кеңейту

мақсатында пайдаланып жатқандар

аз емес. Мәселен, былтыр «Еңбек»

бағдарламасы шеңберінде жалпы

сомасы 714 млн. 170,4 мың

теңгені құрайтын 106 несие

үлестірілді. Нәтижесінде 1139 бас

ірі қара, 847 жылқы, 344 ұсақ

мал сатып алынды. Сондай-ақ,

15 ауыл шаруашылығы техникасы

қатарға қосылып, өзге де

техникаға қажетті қондырғыларға

қол жеткізілді.

«Кең дала» бағдарламасы

шеңберінде 40 фермер көктемгі

және күзгі науқанды ойдағыдай

атқару үшін 1 млрд.-тан астам

теңгеге көмек алды. «Сыбаға»

бағдарламасы бойынша 2280

бас аналық ірі қара, 13367 ұсақ

мал сатып алынды. «Агробизнес»

және «Агротехника», «Ырыс»,

«Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламалары шеңберінде де

мал сатып алып, техника паркін

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

жаңартқандар көп. Былтырғы

жылдың қорытындысы бойынша

500-ге жуық ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілерге қолдау

көрсетілді.

- Төтенше жағдай режимі

кезінде көмекке жүгінген

шаруа- лар көп болды ма?

- Еліміздегі карантиндік шектеулер

көктемгі егіс науқанына

тұспа-тұс келгені белгілі. Қиынқыстау

кезеңде фермерлерді

қолдауды жалғастырып, өтініштерді

кері қайтармадық. Шаруаларға

тиімді болу үшін онлайн жүйені

де іске қостық. Әдетте өтініштер

15 күннің ішінде қарастырылатын

еді. Төтенше жағдай кезінде мерзім

4 күнге дейін қысқартылды.

- Қаржыландыру кезінде

шаруалар қандай проблемаларға

тап болады?

- Негізінен өтініштер кері

қайтарылмайды десем де болады.

Кепілдік заттың бағасына қарай

тиісті қаражат үлестіріледі.

Цифрландыру жүйесіне көңіл бөліне

бастағалы құжат жинап, уақыт сарп

ету сияқты мәселелер келмеске

кетті. Шаруаларға таңдау мүмкіндігі

көп. Өз шама-шарқына қарай

ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау ұйымдарының көмегіне

жүгіне алады.

- Президент биылғы Жолдауында

шаруаларды қолдау

жайында айтты. Бұған сіздің

ұйым нендей үлес қоса

алады?

- Бүгінде «Еңбек» бағдарламасы

шеңберінде несиелендіру

жалғасуда. Бұл бағдарлама аясында

биылғы жылға 690 236 400 теңге

қаражат бөлінген. Бұл қаржы

ауылдық жерлердегі фермерлерді

қолдауға бағытталған. Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Жолдауындағы айтылған шағын

шаруашылықтарды демеу шаралары

жалғаса береді. «Еңбек»

бағдарламасының талаптарына

сәйкес, мал шаруашылығын

дамытуды қолға алғандар

үшін несие мерзімі 6,5 жыл,

өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға

3 жыл, ауыл

шаруашылығы өнімдерін қайта

өңдеу және сақтау шараларын

жүргізу үшін 6,5 жылды құрайды.

3 қыркүйекке дейінгі жағдай

бойынша, өңірде 499 несие

берілді.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Қалалық ардагерлер кеңесінің, қалалық қоғамдық кеңес, Павлодар

облыстық туберкулезге қарсы диспансері еңбек ұжымының қолдаухаттары

бойынша Павлодар қаласының мәслихаты Әбдікәрім Қадырұлына

«Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын берген.

Ә.Қадыров 1956 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын

бітіргеннен бастап Павлодар облысының денсаулық сақтау

саласында 54 жыл еңбек етті. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы,

«Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, КСРО денсаулық сақтау саласының

үздігі болып табылады. Қай қызметте болмасын Ә.Қадыров өзін

жоғары білікті маман, мықты ұйымдастырушы, өз елінің нағыз патриоты

ретінде көрсете білді. Бірнеше жас дәрігерлер буынының тәлімгері

болып табылады.

Зайыбы Күлзия Рүстемовамен 4 баланы өмірге әкеліп, олардан

8 немере көрді. Қазіргі уақытта 19 шөберенің тәрбиесіне де атсалысуда.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласындағы өз

әріптестерінің атынан ардагерді мерекемен құттықтап, «Павлодар

қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін тапсырды. Ардагерге

зор денсаулық, отбасының амандығын тіледі. Өз кезегінде Әбдікәрім

Қадырұлы Павлодар облысы мен қаласының басшылығының ардагерлерге

көрсеткен ықыластары үшін алғысын білдіріп, ел халқының

амандығын тіледі.

Өз тілшіміз.

Фермерлер көштен қалмайды

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары

аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру керектігін айтқан болатын. Шынымен

де, қиын-қыстау кезеңде кооператив құрамына кірген шағын шаруашылықтарға кез келген қолдау

артық етпейді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Осыдан 3-4 жыл бұрын елімізде жаппай

кооператив құру ісі қолға алынған еді. Өңірде

мемлекеттік бағдарламалардың игілігін бірге

пайдалануға серттескен шағын шаруашылықтар

аз емес. Аймағымызда 35 шаруашылықты

біріктірген «Ертіс Агро» кооперативі қиындықтарға

қарамастан, жұмысын жалғастырып келеді.

- Бар шаруа қаражатқа байланысты.

Бұл ретте, тиісті қаржы уақытында қолға

тиіп, күзгі науқанды ойдағыдай атқарып

жатырмыз. Несиелік қаражатқа минералдық

тыңайтқыштар, техниканың қосалқы бөлшектері,

тағы басқа қажетті заттар сатып алынды.

Несиені өтеу мерзімі – осы жылдың

желтоқсанында. Жиын-терім жұмыстарын

ойдағыдай жүргізіп, берешектен құтыламыз

деген сенімдеміз. Жалпы, иелігімізде

200 мың гектар жер бар. Биыл 80 мыңнан аса

гектарға бидай, 20 мың гектарға күнбағыс, 5

мың гектарға қарақұмық егілді. Күзгі науқан

қызу жалғасуда, - дейді кооператив басшысы

Ерлан Тоқтушақов.

Кооператив құрамындағы шаруалардың

мақсаты айқын. Көбіне шетелдік тәжірибеге

сүйенгенді тәуір көреді. Елімізде шаруалардың

бірігу жүйесі енді жанданып жатқандықтан

әлемдік қауымдастыққа назар аудару заңдылық.

- Арманым - әлемдік деңгейдегі кооператив

құру. Сөйтіп, оның құрамына мыңдаған

қатысушыны қабылдау. Әлемде мұндай

қауымдастықтар жеткілікті, олар табысты

түрде жұмыс істеп, одан әрі гүлденуде. Бұл

бірлестіктер білім беру бағдарламаларына

қатысып, қайырымдылық істермен де айналысуда.

Мәселен, Германияда әр фермер белгілі

бір кооперативтің мүшесі болып табылады.

Ешкім өз бетінше жұмыс істемейді, себебі

бірлесіп жұмыс істеу тиімдірек. Халықаралық

кооперативтік альянстың мәліметтеріне сүйенсек,

әлемде кооперативтік ұйымдарда 700 миллиондай

адам жұмыс істейді. Яғни, жердің

әрбір оныншы тұрғыны! 300 ірі кооператив

жылына 2,1 трлн. доллар өндіреді. Оңтүстік

Кореяда орналасқан ең ірі кооперативтің

бюджеті Қазақстан бюджетінен төрт есе

көп. Қандай көлем екенін елестетіп көріңіз! –

дейді Е.Тоқтушақов.

Соңғы кезде кооператив өкілдері Канаданың

ауылшаруашылық министрлігімен байланыс

орнатып, жұмыстарын жандандыруда.

Сондай-ақ, фермерлер шет елге барып,

тәжірибе алмасып жатқан көрінеді.

- Біз жұмысымызды ақшадан емес, технологиядан

бастадық. Соның арқасында

бидайдың көптеген түрін, майлы дақылдарды,

бұршақ және мал жемшөбінің бірқатар

түрін өсіруді мықтап қолға алдық. Бұған

дейін фермерлердің көбі сапалы тұқымның

жоқтығынан және өсіру технологияларын

түсінбегендіктен бұл істен алыс болатын.

Құрылғаннан бері, яғни, 4 жыл ішінде

мемлекет тарапынан 6,2 миллион теңге

субсидия алдық. 115 миллион теңге салық

төледік. Яғни, мемлекетке алған ақшамызды

20 есе етіп қайтардық, - дейді кооператив

басшысы.

Павлодар облысында жерді суаруға

мүмкіндік беретін Ертіс өзені бар. Ал өзеннің

мүмкіндігін пайдалана алмайтын шаруалар не

істеуі керек? «Бізде жер асты сулары түрінде

үлкен ресурстар бар, оларды тиімді пайдалану

керек. Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-та

болдым. Орегон сияқты климаты ең құрғақ

штаттарда фермерлердің 70 пайызы егіс

алқабын жер асты сулары арқылы суарады

екен. Яғни олар артезиан құдықтарын пайдаланып

отыр. Осыны іске асырсақ құба-құп», -

дейді Е.Тоқтушақов.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!