20.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 сәуір, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

20 сәуір, сейсенбі

2021 жыл

№44 (15662)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

СЕНБІЛІК

Тазалық –

мәдениеттің өлшемі

Нақпа-нақ

Биыл елімізде

«Бақытты отбасы»

бағдарламасы

арқылы

5000

пәтер беріледі

МӘСЕЛЕ

Жайылым

жетіспейді

Қазақстанда ауылдық елді

мекендердегі төрт түлікке

29 млн гектар жайылым

жетіспейді. Статистикалық

мәліметке сүйенсек, мал

шаруашылығы өнімінің

66 пайызын ауылдар беріп

отыр.

Берен:

СЕРЖАНТ ДҮЙСЕМБЕКОВ

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Өткен сенбіде аймағымызда жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық марафонына 58 мыңнан астам тұрғын белсенді

атсалысып, 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ,

бұл күні елді мекендерде талдар отырғызылып, тарихи ескерткіштердің

айналасы ретке келтірілді.

Жалғасы 2-бетте

Ұлы Отан соғысының қанды майданынан аман оралып, бейбіт өмірде еліне адал қызмет

еткендердің бірі - Әбдүкен Дүйсембекұлы. Ол соғыстан кейнгі саналы ғұмырын ішкі істер

органдарына арнап, өз саласында абыройлы еңбек етіп, зейнетке шықты.

Толығырақ 5-бетте

Бұл мәселені Жер реформасы

жөніндегі комиссияның Экономикалық

жұмыс тобының басшысы Ақылбек

Күрішбаев көтерді.

- Қазір ауылдық елді мекендердің

ең өзекті мәселесінің бірі олардың

айналасындағы жайылым тапшылығына

байланысты. Статистикалық мәліметке

сәйкес, ауылдық елді мекендерде мал

шаруашылығы өнімінің 66 пайызы

өндіріледі. Мал басының 60 пайызы -

осында. Ауылдағы ағайынның күнкөрісі

де осы малға байланысты. Өкінішке

қарай, бұл орасан биологиялық актив

мемлекеттік қолдаудан тыс қалып,

ешқандай технологиялық процестерге

тартылмай отыр. Мамандардың

есебі бойынша, егер біз тек қана мал

азығының сапасын көтерсек, елді

мекендерде өндірілетін ет пен сүттің

өнімділігі кем дегенде 30 пайызға

ұлғаяды. Жұмыс тобының мамандары

бұл мәселеге байланысты көптеген

ұсыныстар енгізді. Ең негізгісі – ауыл

шаруашылығында пайдаланбай жатқан

жерлерді елді мекендерге қайтару, - деді

А.Күрішбаев.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің

мәліметі бойынша, ауылдық елді мекендердің

малына 29 млн гектар жайылым

жетіспейді. Ал ұйымдастырылған

шаруашылықтарда 33 млн гектар

жайылым игерілмей жатыр. Оған қоса,

комиссияның өткен отырысында орман

қорларында ерекше қорғалатын аймақтар

шегінде 10 млн гектар жердің тиімсіз

пайдаланып жатқаны айтылған.

«185 млн гектар жайылымдық жері

бар және осы көрсеткіш бойынша әлемде

5-орындағы ел бола отырып, ауылдық

жердегі малды аш құрсақта қалдыру –

кешірілмейтін әрекет. Бұл жұмыс әкімдердің

қызметін бағалаудың негізгі

көрсеткіші болуы керек деп санаймыз.

Осы іске мемлекеттік маңызы бар

ұлттық жоба ретінде қарауға тиіспіз.

Себебі сол ауылдарда тұратындардың

көпшілігі – өзіміздің қазағымыз», - дейді

А.Күрішбаев.

Өз тілшіміз.


2 20 cәуір, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАРДА

Үздіктер

анықталады

Сенбі күні Екібастұз қаласы мен оған қарасты

ауылдық аймақтарда сенбіліктің екінші

кезеңі – әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.

Дәстүрге айналған тазалық жұмыстарына

15 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

басшысының міндетін атқарушы Арслан Қалиақбаровтың

айтуынша, жалпыоблыстық сенбілік аясында атқарылған

жұмыстар барысында 4 мың ағаштың түбі мен көше бойындағы

10 шақырымнан астам жолдың жиегі әктелді. Шаһардағы

11 пунктке 2 мың тонна әктас үлестірілді. Сондай-ақ, тазалау

жұмыстары кезінде 283 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

Бұл ретте Екібастұз қаласының айлық өткізу және қаланың

санитарлық тазалау штабы сенбілікке қатысушылар арасында

ерекше байқау жариялағанын атап өткен жөн. «Ең көп қатысушы»,

«Ең абаттандырылған аумақ», «Үлгілі аула», «Үздік абаттандырылған

көше», «Әлеуметтік инфрақұрылымның үздік аумағы», «Үздік

ауылдық округ (кент/ауыл)», «Экологиялық қозғалыстың үздік

қатысушысы» аталымдары белгіленді. Аталмыш байқау барысында

аумақтың тазалығы, қатысушылар саны, жұмыстың

сапасы, техника, құрал-жабдықтармен қамтылуы, креативті

ойларды танытуы сарапқа салынады. Қорытынды тазалық

айлығы аяқталған соң анықталып, үздіктер 14 мамырда

марапатталады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Басы 1-бетте

Тазалық –

мәдениеттің өлшемі

Тазалық айлығы шеңберінде әр

күн сайын қоқыс шығару, асфальт

төсеу, саябақтар, аялдамалар және

балалар ойын алаңын ретке келтіру,

бағдаршамдарды жөндеу, ағаштарды

кесу, ескерткіштерді бояу сияқты

абаттандыру жұмыстары да жүйелі

жүргізілмек.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

сенбілік барысында Павлодар қаласын

аралап, кәсіпорындардың жұмысын

оң бағалады.

- Сенбілікке ұжым болып шығудың

артықшылығы көп. Әріптестер

жұмыстан тыс әңгіме-дүкен құрып,

ұжымның бірлігі нығая түседі деп

ойлаймын. Тазалық шаралары

әрдайым назарда болуы тиіс. Облыс

тұрғындары өте еңбекқор. Бәріміз

320 тонна қоқыс

шығарылды

Аққулы ауданында тазалық айлығы шеңберінде

апта сайын таза жұма, сенбілік шаралары

ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары

жүргізілмек.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Болат

Жазитовтің сөзінше, 17 сәуір күнгі сенбілік шарасына 23 елді

мекеннен 3 мыңға жуық адам қатысып, тазалық жұмыстарын

жүргізген.

Сенбілік барлық ауылдарда жүргізіліп, тұрғындар белсенді

қатысты. Жалпы, аудан бойынша 148 мекеме өкілдері шығып,

46 арнайы техника жұмылдырылды. Осы күні аудан көлемінде

2 мың түп ағаш отырғызылған. Сенбілік қорытындысы бойынша,

320 тонна қоқыс шығарылып, арнайы орындарға төгілді.

Т.САХАБА.

Көшет

отырғызылды

Сенбілікке шыққан 4 мыңнан астам шарбақтылық

аулалар мен көшелерді тазартты.

700 тонна қоқыс шығарылды.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманова

мәлім етті.

- Сенбілікке ауданымыздағы 7 ауылдық округтен барлығы

4380 адам қатысты. Оның ішінде аудандағы 103 ұйымдар

мен кәсіпорындардың қызметкерлері бар. Тұрғындар

2 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызып, 800-ден астам

ағаштың түбін әктеді. Жалпы, сенбілікке 44 техника жұмылдырылды,

- дейді Р.Неғманова.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ,

Шарбақты ауданы.

Ретке келтірді

Сенбілікке Ертіс ауданының 2 мыңнан астам

тұрғыны жұмылдырылды.

Жұртшылық ағаш түптерін әктеп, саябақтар мен көшелерді

қоқыстан тазартқан. Бұл туралы аудандық экономиканың нақты

секторы бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсабаева мәлім етті.

- Облыс бойынша бастау алған абаттандыру айлығы аясында

екі мыңнан астам ауыл тұрғыны, 120 ұйымдар мен кәсіпорындар

сенбілікке қатысты. Осы мақсатта 39 техника жұмылдырылды.

Сенбілік кезінде 700 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар

шығарылды. Ауа райының ауданымызда жақсаруына қарай,

жасыл желектерді отырғызуды 24 сәуірде өтетін сенбілікке

қалдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Г.Мұсабаева.

Сонымен қатар, ертістіктер алдағы 1 айдың ішінде 4920

қылқан жапырақты, жеміс-жидекті және жапырақты ағаштардың

көшеттерін отырғызып, 3290 ағашты әктеп, 22 ескерткішті ретке

келтіріп, 14 ғимараттың қасбетін жөнге келтіруді жоспарлап отыр.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ,

Ертіс ауданы.

жұмылып, туған қаламызда тазалық

орната алатынымызға сенімдімін.

Павлодарлық кәсіпорындар өздері

бекітілген аумақты тазартуда белсенділік

танытуда. Алдағы уақытта ынталандыру

мақсатында Алғыс хаттарын

табыстауды дәстүрге айналдырған

жөн болар, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы облыстық

онкологиялық диспансер және

Естай атындағы мәдениет сарайы

аумағында ұйымдастырылған ағаш

отырғызу шарасына қатысты. Бір

атап өтерлігі, мұнда аймағымызда

сирек кездесетін сібір шыршалары

отырғызылды.

- Ағаштардың жасы 20 жылдан

асады. Қурап қалмауы үшін отырғызу

технологиясын сақтау қажет. Шырша

100 жылға дейін өмір сүреді және

биіктігі 25-30 метрге жетеді. Уақыт

өте келе бұл шыршалар қаланың

көркін кіргізеді деп ойлаймын, -

дейді «Дендро» ЖШС директоры

Әнуарбек Жанғұлов.

Әбілқайыр Сқақов ағаш отырғызу

бір бөлек, кейін оны күтіп-ұстау

жұмыстарын жүйелі жүргізу

Ақсу қаласы мен

ауылдық аймағының

тұрғындары

жалпыоблыстық

сенбілікке белсене

қатысты.

Жалпыоблыстық сенбілікке

150 ұжымнан 2800-ге жуық адам

шықты. Мемлекеттік қызметшілер,

кәсіпорын жұмысшылары, шағын

және орта бизнес өкілдері, тағы

басқа сала қызметкерлері өздеріне

белгіленген аумақтарды қоқыстан

тазартты. Аулалар, балалардың ойын

керектігін жеткізді. Естеріңізге

салсақ, аймақты көгалдандыру

бойынша үлкен жоспар әзірленген.

Бұрындары облыс орталығында жылына

800 ағаш отырғызылса, биыл

20 мыңнан астам көшет пайда болады

деп күтілуде.

Белгілі болғандай, облыс орталығы

24 учаскеге бөлініп, тазалық шараларына

жауапты кәсіпорындар бекітілген.

Өткен сенбілікте барлығы жаппай

маңызды миссияны орындауға барын

салды. Солардың бірі – «Павлодар

қаласының трамвай басқармасы» АҚ.

- Басқарма қызметкерлері сенбілікке

көтеріңкі көңіл күймен шықты. Біз

Назарбаев даңғылы мен Торайғыров

көшесі қиылысында жақын орналасқан

көпірдің айналасын қоқыстан тазарттық.

Трамвай жолдарын ретке келтірдік.

Тазалық шаралары үздіксіз жалғасатын

болады, - деді «Павлодар қаласының

трамвай басқармасы» АҚ-ның басшысы

Муслим Махмудов.

Жас талдар екті

және спорт алаңдары назардан

тыс қалған жоқ. Ақсу қаласының

әкімі Нұржан Әшімбетов те жерлестермен

бірге қалалық саябақты ретке

келтіруге қатысты. Бұл саябақта

200 көшет отырғызылды.

Тазалық жұмыстарына барлығы

34 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік аясында 720 тонна қоқыс

пен тұрмыстық қалдық қала сыртына

шығарылды.

Сонымен қатар, бұл күні шаһарда

600, ауылдық елді мекендерде

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы ұсынған мәліметке

сүйенсек, сенбілік күні облыстың

елді мекендерінде 6,5 мың ағаш

отырғызылған. 87 гектар аула тазартылып,

гүл отырғызу үшін 11,5 мың

шаршы метр алаң дайындалған.

214 ескерткіш пен обелисктің айналасы

ретке келтірілген. Тазалық

жұмыстарына 621 бірлік техника

жұмылдырылып, 22,7 мың тоннадан

астам қоқыс шығарылған. Айтпақшы,

абаттандыру және санитарлық

тазалау айлығы кезінде, яғни

10 сәуір мен 10 мамыр аралығында

полигондарға қоқыс қабылдау тегін

жүргізіледі.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

420 көшет отырғызылды. Оған орта

мектептер мен Ақсу қара металлургия

колледжі белсене қатысты.

«Досугсервис» кәсіпорны қалалық

саябақ аумағында 100 терек пен

жеміс беретін 100 ағаш салды.

Олардың қатарында алма, алмұрт

ағаштары да бар. Жалпы, биыл Ақсу

өңірінде 12 мың ағаш отырғызу

жоспарланған.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Ақсу қаласы.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 3

ҚҰРЫЛЫС

Мұз аренасының

қазығы қағылды

ТӨТЕ САУАЛ

Қаңғыған иттерге

қадағалау бар ма?

Өткен сенбі күні Ақсу қаласында әлеуметтік маңызы бар екі бірдей нысан –

көпқабатты тұрғын үй мен мұз аренасының құрылысы басталды. Шаһар басшысы

Нұржан Әшімбетов аталмыш нысандардың іргетасын қалау жұмыстарына қатысты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Ақсу қаласының тұрғындары,

әсіресе спортсүйер жеткіншектер

жергілікті билікке мұз айдынын салу

туралы ұсыныс-тілекті бірнеше рет

білдірген болатын. Қысқы спорт

түрлерімен айналысуға ниетті

балалардың бұл тілегі орындалатын

болады. Осыдан бірнеше

күн бұрын қаладағы №5 шағын

ауданда мұз айдынының қазығы

қағылды. Мердігер компания -

«АСТ - Технология» ЖШС құрылыс

жұмыстарын келесі жылдың сәуір

айында аяқтауы тиіс.

Бұл нысан шайбалы хоккей,

мәнерлеп сырғанау және шорттрекпен

айналысатын балалардың

санын едәуір арттыруға оң ықпал

етері анық. Сондай-ақ, көпшіліктің

бос уақытын тиімді ұйымдастыра

отырып, бұқаралық спорттың дамуына

серпін береді. Оқу-жаттығу жиындары

кезінде шамамен 120 адам

бір уақытта жаттыға алады. Мұнда

жаттығу залы, асхана келушілерге

қызмет көрсетпек.

Ал мұздың бетін технологиялық

панельдермен жапқан соң спорт

ХХІ СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ

Торайғыров университетінде

ХХІ Сәтбаев

оқулары өтті. Аталған

ғылыми пікірталас

алаңына қатысқан

студенттер мен

оқушылар академик

туралы сапалы зерттеу

жұмыстарын ұсынды.

Онлайн-форматтағы конференция

- заманауи технология- лар

еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар

арасындағы байланысты нығайтуға

көмектесіп жатқанын тағы бір мәрте

дәлелдеді. Осы жолы Қазақстан

қалалары мен Ресейдің көршілес

ТЕАТР

кешенінде бокс, күрес, гимнастика

сынды спорт түрлері бойынша сайыстар,

әр түрлі концерттік, мерекелік

шаралар, көрмелер ұйымдастыруға

әбден болады.

Ақсулықтар үшін тағы бір қуанышты

жаңалық: Х.Доспанова көшесінде

кезекті көпқабатты тұрғын үй

бой көтереді. Жаңа баспанадағы

пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы

аясында тұрғын үй кезегінде тұрған

азаматтарға беріледі. Яғни, бір жыл

дересінде 144 тұрғын баспаналы

болады. Құрылыс жұмыстарын қолға

алған «Портал-ПВ» ЖШС белгіленген

Академик мұрасын

зерттеуде

аймақтарынан 1200-дей мақала түсті.

Онлайн жиын барысында

облыс әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова және Томск политехникалық

университеті табиғи ресурстар ұлттық

зерттеу институтының профессоры

Елена Ивашкина сөз сөйлеп, қатысушыларды

құттықтады.

- Қоғам алдындағы практикалық

тапсырмаларды шешу үшін жастардың

ғылыми белсенділігін дамыту маңызды.

Сондықтан, қазіргі уақытта университеттердің

және бизнес-құрылымдардың

Мұз аренасының эскиздік жобасы.

жұмыстарды 10 ай аралығында

атқаруды жоспарлап отыр. Аталмыш

баспананың құрылысына 1,5 млрд

теңге жұмсалмақ.

Ақсу қаласының әкімі Нұржан

Әшімбетов бұл нысандардың әлеуметтік

маңызы жоғары екенін айта

келе, құрылыс жұмыстарының уақытылы

әрі сапалы атқарыларына

сенім білдірді.

Осылайша, жаңа мұз айдыны

мен көпқабатты тұрғын үй қсу

қаласының 60 жылдығына тамаша

тарту болмақ.

Ақсу қаласы.

арасындағы серіктестікті нығайту

аса маңызды деп ойлаймын. Бұл

ғылыми зерттеулердің қолданбалы

сипаттамасын арттырып, оларды

коммерцияландыруға мүмкіндік

береді, - дейді Торайғыров университеті

ғылыми жұмыс және халықаралық

серіктестік жөніндегі проректор

Нұрлан Ержанов.

Торайғыров

университетінің

баспасөз қызметі.

Махаббат комедиясы

Павлодар қаласында бүгінде қаңғыған иттер көбейді.

Әсіресе мектептер маңында иесіз жануарлардың тобымен

жүретінін жиі байқаймыз. Мәселен, мен тұратын Затон базары

аумағында көп кездеседі. Балаларымды мектепке дейін

өзім шығарып салуыма тура келеді. Кейде сескенгендіктен

қолымызға тас, таяқ ұстап жүреміз. Себебі олардың адамға

шаппайтынына ешкім кепіл бола алмайды. Ертең сол иттер

балаларды қауып, зиянын тигізсе кім жауап береді? Жалпы

оларды кім қадағалауы керек?

Жаңабай АХМЕТОВ,

Павлодар қаласының тұрғыны.

Төте сауал

Құрметті оқырман қауым! Көпті толғандырған ел

ішіндегі кейбір мәселелердің шешуші органдардың

назарына уақытылы жете бермейтінін ескере отырып,

газет бетінде жаңа айдар ашуды жөн көрдік. Кез келген

салаға қатысты әлеуметтік, тұрмыстық мәселе мен

ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді, фотодеректеріңізді

бізге жолдаңыз. Өз кезегінде біз оны басылымда

жариялап, кейін журналистеріміз оның шешімі мен

жауабын табуға көмектеседі.

Сауалдарыңызды @saryarqa_samaly инстагрампарақшасындағы

дайректіге және WhatsApp-тағы

8705 152 8557 нөміріне жолдаңыздар.

Редакция.

ОҚЫС ОҚИҒА

Жексенбі күні Шарбақты ауданындағы «Ертіс

орманы» резерватының Шалдай филиалы аумағында

өрт шықты. Тілсіз жау 1200 гектар жерді

шарпыған. Оны сөндіруге 200-ден астам адам

мен 50 техника жұмылдырылған.

Резерват өртенді

Чехов атындағы облыстық драма театрында «Два

мужа по цене одного» комедия спектаклінің премьерасы

болды. Жаңа қойылымды көрермендер театрға

барып офлайн режимде және интернет арқылы онлайн

режимде көрді.

Тілеуберді САХАБА

Жаңа премьераның алғашқы

қойылымын облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов та тамашалады. «Два мужа

по цене одного» спектаклі – комедия

жанрындағы махаббат хикаясы.

Мақсаты – отбасылық құндылықтарды,

ондағы татулық пен тұрақтылықты

дәріптеу.

Артистер бұл қойылымда ерлізайыптылардың

бір шаңырақ астында

жараса алмай екі жаққа кетуіне себеп

болатын кейбір жағдайларды күлдіре

отырып жеткізеді. Солай ойландырады.

Қойылым Лилия Моцарьдің

«Два мужа по цене одного» пьесасы

бойынша сахналанды. Режиссері -

ресейлік Алексей Мельников. Пьесаның

авторы көптеген комедиялық туындыларымен

танымал («Подкидыш»,

«Галатея, или почти библейская

история», «Любовь на карантине»

және т.б.).

Театрдың көркемдік жетекшісі

Виктор Аввакумовтың сөзінше, өнер

ордасының шығармашылық ұжымы

наурыз айының 6-сынан бастап театр

сахнасында дайындала бастаған.

- Біз карантин кезінде павлодарлықтар

үшін театрдың

қаншалықты маңызды орын

екенін түсіндік. Сол секілді біз

де көрерменсіз жұмыс істей

алмайтынымызға көзіміз жетті. Осы

бір жылдан астам уақыт ішінде біз

өзіміздің жанашыр әрі қолдаушы

көрермендерімізді қатты сағындық.

Бұл жағдай бізге шығармашылық

тұрғыда ғана емес, сонымен қатар

психологиялық жағынан да ауыр

соққы болды. Яғни, қарсы алдыңдағы

аудиторияға жеткізетін ойыңды

шығара алмай, іштей тынасың.

Сондықтан, көрерменсіз театрдың

жұмысы ұзаққа бармайды, - дейді

Виктор Аввакумов.

Кеше тілсіз жауды ауыздықтауға

қатысты өңірлік коммуникациялар

қызметінде онлайн брифинг

өткізілді. Облыстық төтенше

жағдайлар департаментінің

басшысы Ернұр Өтегенов тілсіз

жауды ауыздықтау барысында

ешкім зардап шекпегенін айтты.

- 18 сәуір күні сағат 13.35-те

«Ертіс орманы» диспетчерінен

орман өрті орын алғаны

туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына 206 адам мен

50 техника жұмылдырылды.

Оның ішінде 20 өрт сөндіру

техникасы және МИ-2 тікұшағы

қолданылды. Кейбір техника

бара алмайтын жерлерге

адам күші жұмылдырылды.

Өрт кезінде мамандар Сүгір

және Садықащы ауылдарына

төнген қауіптің алдын алды.

Тілсіз жаудың өршуіне екпінді

жел себеп болды. Сол күні

желдің жылдамдығы секундына

25 метрден асты. Қазіргі таңда

өрт шыққан аумақта арнайы

штаб құрылды. Оның құрамында

аудан әкімі, орман шаруашылығы

бойынша аумақтық инспекция

басшысы бар, - деді Е.Өтегенов.

Ал облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының

басшысы Руслан Төлепбаев

өрт сөндіруге қатысқан 60-тан

астам адам Шарбақты ауданының

3 ауылдық округінен

келген еріктілер екенін айтты.

- Өрт дүйсенбі күні таңғы

сағат 8.30-да оқшауланды.

Өрттің аумағы қазіргі болжаммен

1200 гектарды құрайды. Оның

ішінде орман шаруашылығына

жататын 300 гектар, орманмен

көмкерілген 30 гектар жер

өртенді, - деді Р.Төлепбаев.

Өрттен зардап шеккендер

анықталған жоқ. Қазіргі таңда

оқыс оқиға бойынша комиссия

құрылған. Олар төтенше

жағдайдың шығу себебін,

келтірілген шығынды 15 күннің

ішінде анықтайтын болады.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.


4 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Шыбын-шіркейді улау

қалай жүреді?

Күн райы жылынса, аймағымызда шыбын-шіркейдің

«жыры» басталатыны белгілі. Жәндіктер ақпайтын

суларда, шалшықтарда, су тоғандарында жақсы

жетіледі. Дернәсілдері түлеп-жетіліп шыбын-шіркейге

айналғанша ерте көктемде улау маңызды. Бұл ретте,

масамен күресуге жауапты мекемелердің не айтары бар?

Сауалдарымызға облыстық жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурс-тары басқармасының

басшысы Қадылжан Сәтиев жауап берді.

- Қадылжан Қайырбекұлы, ең

әуелі былтырғы жұмыстардың

нәтижесіне тоқталсаңыз...

- Өткен жылы аймағымызда

масамен күрес жұмыстарына облыстық

энергетика және ТҮКШ басқармасы

жауапты болды. Сондықтан да толық

ақпаратты сол мекеме бере алады.

Бір анығы, былтыр қоғамдық ұйым

өкілдері маса дернәсілдерін улау

кезеңдерін әрдайым бақылауда

ұстап, жұмыстың нәтижелілігіне көз

жеткізіп отырды. Тіпті, шыбын-шіркейді

улау жұмыстарының нәтижесіне көз

жеткізгеннен кейін ғана мердігерге

тиісті қаражат берілді. Содан

болар, дезинсекциялық жұмыстарға

жауапты мекеме өкілдері дәрілеу

шараларына қоғамдық бірлестік

мүшелерін тартуға өздері ынталы

болып, жұмыстарын жоғары деңгейде

орындауға тырысты. Биыл да бұл іске

қоғамдық ұйым өкілдерін тартуды

жоспарлап отырмыз.

- Қазіргі уақытта шыбыншіркейге

қарсы қандай жұмыстар

атқарылуда?

- Әзірге улау жұмыстарына

жауапты мердігер анықталған

жоқ. Ал ғылыми сүйемелдеу ісіне,

қан сорғыш жәндіктердің санын

азайту мақсатында дизенсекциялық

іс-шараларды өткізуге «ТЕК.А.ТЕК»

мердігер ұйымы жауапты ретінде

таңдалды. Аталған мекеме дезинсекциялық

жұмыстардың барлық

түрлерін жүргізуге тікелей қатысады.

Яғни, дернәсілдер мен имаго (ересек

жәндік) жаппай жиналатын орындарды

анықтап, қолдану тәсілін,

мөлшерін, өңдеу жүргізу уақытын

өздері анықтайды. Бүгінде «ТЕК.А.ТЕК»

ЖШС ғылыми тобының сәуір айына

арналған жұмыс кестесі бекітілді. 10

сәуірде басқарма мамандары ғылыми

сүйемелдеу тобының өкілдерімен

бірге шыбын-шіркейге қарсы өңдеу

жұмыстары жүргізілетін аумақтарды

анықтап қайтты. Ендігі жерде облыс

орта-лығындағы шыбын-шіркейлердің

табиғи көбею орындары назарға

алынып, шыбын-шіркейлердің дернәсілдеріне

қарсы сынамалар

алынатын болады.

- Шыбын-шіркеймен күресуге

қанша қаражат бөлінді? Қандай

препараттар қолданы-лады?

- Жәндіктерді улау үшін

үш жылға арналған облыстық

бюджеттен 1 806,9 млн теңге

қаражат қарастырылған. Оның

44,1 млн теңгесі ғылыми сүйемелдеуді

жүргізуге, 1 762,8 млн

теңге препараттарды сатып алу мен

дезинсекциялық жұмыстарды атқаруға

жұмсалады. Ғылыми сүйемелдеу

тобының 2021 жылғы маусымға берген

ұсынымдарына сәйкес, өңдеу алаңы

27 000 гектарды (әуе және барьерлік

өңдеу) құрайды. Сондай-ақ Ертіс

өзенін өңдеу (1 130,6 шақырым)

жұмыстары жүргізіледі.

Препаратқа тоқталсақ, 70 тонна

«Бактицид» биологиялық препараты

қолданылады. Ұнтақтың

қоршаған ортаға ешқандай зияны

жоқ екен. Оны сумен жақсылап

араластырса, 40 минут ішінде у

дайын болады. Алайда, 72 сағаттың

ішінде қолданылмаса, әсерін

жоғалтатын көрінеді. Сондықтан да,

препарат 15 сағат ішінде дернәсілдің

ошақтарына құйылуы тиіс.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Шағын және орта

бизнес - ел экономикасының

қозғаушы күші.

Еліміздегі бизнестік

сауаттылық пен кәсіпкерлер

санын арттыруда

бірнеше мемлекеттік

бағдарламалар

іске асуда. Осы орайда

облыс орталығында

жас кәсіпкерлерге

арналған «JARYQ» бизнес мектебі ашылды.

«JARYQ»

жастарға жөн

сілтейді

Павлодар қаласы әкімдігінің,

Торайғыров университетінің,

сондай-ақ облыстың

кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму

басқармасының қолдауымен

«Business Ertis» бағдарламасы

бойынша кәсіп ашуға ниетті

жастарға қол ұшын созып,

жаңа білім беру мақсатында

«Jaryq» бизнес мектебі

жұмысын бастады.

Жобаның негізгі қатысушылары

- 20-22 жас

аралығын-дағы жас жігіттер,

университет қызметкерлері

мен студенттер. Бизнес

мектептің басты идеясы -

өз студенттеріне стандартты

білім беру бағдарламаларында

жоқ теориялық білімдерді

меңгерту. Сонымен қатар, жоба

қатысушылары бұл дағдыларды

іс жүзінде қолдануға үйренеді.

Құрылтайшылардың айтуынша,

идеяның бірегейлігі - курстар

геймификация элементтерімен

және үш тілде анимациялық

ұсынумен жасалады. Қазіргі

уақытта 12 адамнан тұратын

топ құрылды.

Мектептің негізін қалаушылардың

бірі Рустам Қабден:

«Жобаның мақсаты - жастардың

қаржылық сауаттылығын

арттыру. Онымен қоса қазіргі

таңдағы танымал SMM

мамандығы мен кәсіпкерлікке

үйрету», дейді.

Жоба ұйымдастырушылары

өңірге қарасты ауылдар мен

аудандар көптеген тілек

білдіруші азаматтар үшін

мамыр айында арнайы

онлайн-платформа ашуды

жоспарлап отыр.

Мұхтар МӘДІБЕК,

ППУ Гуманитарлық

жоғары

мектебінің 1-курс

студенті.

Мамандығы - мақтанышы

Әсет Жаңабаев – Тәуелсіздіктің төл құрдасы. 1991 жылы дүниеге келгендіктен, өзіне зор жауапкершілік

жүктелетінін жақсы біледі. Өйткені, ол - мемлекетпен бірге өсіп, өркендеуді мақсат еткен азамат.

Еліміздің дамуы жолында жастар күш біріктіруі керек деп есептейді.

Ахмет Байтұрсынов: «Балам

дейтін ел болмаса, елім дейтін

бала қайдан болмақ» деп бекер

айтпаған. Әсет Жаңабаев - бейбіт

елде өмірге келіп, мамандық

меңгеріп, тұрғындардың қауіпсіздігін

қамтамасыз етуде еңбек етіп келе

жатқан тәжірибелі қызметкер.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысып,

баспанаға ие болған. Болашақта

білімін одан әрі жетілдіріп, оқуға

түсуді мақсат етуде.

Әсет Жаңабаев - облыстық

төтенше жағдайлар департаментінің

қызметкері. Шығыс Қазақстан

облысында туып-өскен. Болашақ

мамандығын бала күнінде таңдаған

десек, қателеспейміз. Өйткені ол

5-11-сынып аралығында Семей

қаласындағы Шоқан Уәлиханов

атындағы «Жас ұлан» ерлер

лицейінде білім алған. Оқуды

аяқтаған соң, ҚР Төтенше жағдайлар

министрлігі Көкшетау техникалық

институтына жолдама алады. Оқу

орнында өрт қауіпсіздігі саласын

меңгереді. Алғашқы еңбек жолын

Павлодар облысында бастаған.

- Мамандық иесі атанған кезде

өз еркіммен Павлодар облысында

жұмыс істеуге шешім қабылдадым.

Бірге оқыған студенттердің ішінде

павлодарлықтар болған жоқ.

Бірақ өзім жұмысты танымайтын

аймақта бастағым келді. Қазір

бұл таңдауыма еш өкінбеймін.

Қызмет бабында өстім, баспанаға

да ие болдым. Үйленіп, шаңырақ

көтердім, - дейді Ә.Жаңабаев.

Кейіпкеріміз өзі таңдаған

салада 10 жылдан астам уақыт

еңбек етіп келеді. Павлодар облысына

келгенде алғашқы еңбек

жолын Ақсу қаласындағы төтенше

жағдайлар басқармасында аға

инженер қызметінен бастаған. Бір

жылдан кейін облыстық төтенше

жағдайлар департаментіне кадр

бөлімінде бас маман болып орналасады.

Кейін №4 өрт сөндіру

бөліміне қызметке тұрып, қарауыл

басшысы болады. Құтқарушыларға

жетекшілік етіп, өрттің ортасында

талай адамды қызыл жалыннан

аман алып қалады. Бұл салаға

машықтанғаннан кейін 2016 жылы

департаменттің азаматтық қорғау

басқармасына ауысады. Қазір осы

басқармада аға офицер болып

еңбек етуде.

Әсет Жаңабаев қызметке ешбір

тамыр-таныссыз орналасқанын,

өз саласын төменгі сатыдан

бастағанын мақтан етеді. Осы

уақыт аралығында мамандығының

қыр-сырын меңгеріп үлгерген.

Қазір ол облыстағы өндіріс орындарында

қауіпсіздік ережелерін

сақтау, алғашқы медициналық

көмек көрсету, жаңа технологияларды

дұрыс қолдану, өрт кезінде

әрекет ету мәселелеріне жауап

береді.

- Өмірімді әскери саламен

байланыстырғанымды мақтан

етемін. Еліміздің тыныштығы мен

тұрғындардың қауіпсіздігін бақылау

арқылы мемлекетке пайдамды

тигізсем деймін. 2019 жылы

«Әскери баспана» бағдарламасы

арқылы пәтерге ие болдым. Бұл

да - мемлекеттің қолдауы. Қазір

отбасыммен бірге жаңа баспанада

тұрып жатырмыз, - дейді

Ә.Жанабаев.

Қазіргі уақытта Әсет білімін одан

әрі жетілдіру мақсатында тағы бір

оқу орнына түсуді жоспарлауда.

Бұл ретте Ресей Федерациясының

Мәскеу қаласындағы азаматтық

қорғау академиясын таңдап отыр.

Тегін білім алу үшін теориялық

білімі мен әскери күштік қабілетін

шыңдауда. Тәуелсіздіктің төл

құрдасына толағай табыс тілейміз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


SARYARQA SAMALY

БЕРЕН 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 5

Сержант

Дүйсембеков

Ұлы Отан соғысының қанды майданынан аман

оралып, бейбіт өмірде еліне адал қызмет еткендердің

бірі - Әбдүкен Дүйсембекұлы. Ол соғыстан кейнгі

саналы ғұмырын ішкі істер органдарына арнап,

өз саласында абыройлы еңбек етіп, зейнетке

шықты.

Әбдүкен Дүйсембекұлы 1924

жылдың 14 наурызында сол

кездегі Куйбышев (өз алдына

дербес аудан болып 1938 жылы

құрылған) ауданына қарасты Ленин

колхозының құрамында болған,

қазіргі Мүткенов ауылдық округінің

Естай ауылында дүниеге келген.

Ол - Дүйсембек Нұрымжанов пен

Жаңыл Ахметованың отбасындағы

тұңғыш перзент. Орта мектепті жаңа

тәмамдаған Әбдүкен Дүйсембекұлын

1942 жылдың 15 тамызында 18-ден

жаңа асқан шағында Куйбышев

аудандық әскери комиссариаты

арқылы әскерге шақырылып

кетеді. Әскери дайындықтан өткен

жас жігіт майдан даласындағы

шайқастарға 1943 жылдан бастап

кіріседі. Алғашында 43 Степной

майданында болды. Сол жылдың

20 қазанынан бастап бұл әскери

құрылым II Украин майданы болып

қайтадан аталып, оның сапындағы

жауынгерлік құрылымдардың

қатарында 1944 жылдың 1 маусымына

дейін қызмет етті, көптеген

шайқастарға қатысты. 1944 жылдың

1 маусымынан бастап 1-Беларусь

майданы құрамдарындағы

әскери бөлімшелердің біріне

ауыстырылды. 1945 жылы 9

мамырда соғыс аяқталған болса,

ол маусым айында аман-есен елге

оралды.

Ол майданда ерлік пен

жанкештілік көрсетіп, жоғары

деңгейдегі мемлекеттік наградалардың

иесі атанады. Әбдүкен

Дүйсембекұлының әскери шені –

сержант. Ол 219-Кременчуг танк

бригадасының, автоматшылардың

моторлы батальонының танкті

десант ротасының бөлімше

командирі ретінде талай батыл

шешім қабылдап, ерліктің үлгісін

көрсете білді.

Соғыстың алғашқы жылдарында

Шығыс Қазақстан облысы,

Жұлдыз ауылы орта мектебінің

директоры қызметін атқарып

жүрген екен. Соғыс оты тұтана

бастаған уақытта қару ұстауға

жарайтын азаматтардың бәрін әскер

қатарына шақырады. Бұл кезде

мектеп директорларын соғысқа

алмайды, броньмен қалдыра

береді. Бірақ, неміс фашистері

Бұл туралы автоматшылардың

моторлы батальонының командирі,

капитан Веселовтың мақаласында

анық жазылған. Ол басты кейіпкердің

кезінде мемлекеттік наградаға

ұсынылғандығын және мінездемесін

келтірген. Онда былай деп жазылған

(ешбір түзетусіз, қаз-қалпында

ұсынып отырмын): «30.06.44 г. в

бою за город Слуцк тов. Дюсенбеков

с группой бойцов находясь в

засаде, сам лично связкой гранат

подбил немецкий танк, направлявшийся

к передовой позиции и

кроме того отделение тов. Дюсенбекова

уничтожило до 20 гитлеровцев

также направлявшиеся

к переднему краю, тем самым

не дали возможность немецким

войскам дать подкрепление передовому

краю обороны немцев,

чем способствовали продвижению

нашей части. 4.07.44 г.

тов. Дюсенбеков со своим отделением

находясь в передовом

отряде, войдя в г.Клецк завязали

бой на улицах города, где отделение

тов. Дюсенбекова уничтожило

до 20 гитлеровцев в том

числе 2 офицера, подбили одну

легковую машину и, отбив контратаку

немцев занятую позицию

удерживали до подхода наших

основных сил. Представляется

к Правительственной награде

орденом «Красного Знамени».

Командир МБА капитан Веселов

13.07.44г.»

Мұндай мысалдарды Әбдүкен

Дүйсембекұлының жауынгерлік

жолынан көптеп келтіруге

болады. Өзінің әскери міндетін

асқан батырлықпен орындаған

ол мемлекет тарапынан бірқатар

наградаларды кеудесіне тақты.

Атап айтқанда: «Қызыл жұлдыз»,

«II дәрежелі Ұлы Отан соғысы»

Әкемді еске аламын...

елге баса-көктеп кіріп жатқанда

әкем өз жанын сақтап, тасада

жатқысы келмеген. Өз еркімен

әскери комиссариатқа барып,

соғысқа жіберуін өтінеді. Бұл

кезде жасы 37-де болса керек.

Әскер қатарына алынып, бірден

Украина майданына жіберіледі.

Артиллерия құрамында саяси

жетекші міндетін атқарады. Оқ

пен оттың ішінде жүріп, елге хат

жазып, амандығын білдіріп отырған.

Хаттарында «біз жеңеміз, жақсылық

болатын күн жақын» деп елдегі

ағайынның үміт отын жалғауға

тырысады. Соңғы хаттарының

бірінен «Соғыс қатты жүріп жатыр,

Олай-бұлай болып кетсем,

өздеріңді қажытпандар, мықты

болыңдар, Отан үшін, елім

үшін, сендердің тыныштықтарың

үшін жаным пида, көппен

көрген ұлы той, сендер аман

Ал еліміздің тәуелсіздігі

жарияланғаннан кейін Ата

заңымызды жазып дайындаған

заң ғылымының академигі

Сұлтан Сартаевтың 2013 жылғы

27 желтоқсанда «Заң» газетінің

журналисіне берген сұхбатын

о р д е н д е р і м е н , « Е р л і г і ү ш і н » , мысал ретінде келтіргенді жөн

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан көрдім.

соғысында Германияны жеңгені «Мемлекеттік тілді білмесе

үшін» медалдарымен марапатталды.

өзін қайраткер қатарына қосу ұят.

Қазақ тілі - мемлекеттің

Соғыстан оралған соң 1947

негізгі тілі. Кеңес үкіметінде

жылы Әбдүкен Дүйсембекұлы

орыс тілі мемлекеттік тіл деп

Жүнісова Қазкенге үйленіп, шаңырақ

аталынды. Бірақ, орыс тілін

көтерді. Олардың Бекет, Әсет,

білмегенді қызметте жоғарғы

Болат есімді 3 ұлы, Шолпан, Баян,

орынға көтермеді.

Айман, Сандуғаш есімді 4 қызы

Ана тілімізде сөйлеу - үлкен

бар. Көзінің тірісінде ұлын ұяға,

бақыт», – дейді Сұлтан ақсақал.

қызын қияға қондырып, олардан

«Мемлекеттік тілде сөйлемеген,

немере сүйіп, барлығын еңбекқор

оны үйренгісі келмеген адам,

қылып тәрбиелеп, өмірден өз

қазақ мемлекетінің саясатынан

орындарын табу жолында әкелік

аулақ бол. Қазақ еліне сенен

міндетін абыроймен атқарды.

келер пайда жоқ дер едім», –

Әбең зейнеткерлікке шыққанша

ішкі істер органдарында қызмет

дейді академик.

істеді. Ол жергілікті полиция инспекторы,

қылмыстық тергеу бөлімінің

Бұл Сұлтан Сартаев мырзаның

сұхбатын келтірудегі мақсатым,

аға тергеушісі қызметтерін атқарды.

бүгінгі жағдайдағы мемлекеттік

Одан соң Ертіс аудандық ішкі

тілдің дағдарысы тек академикті

істер бөлімі бастығының орынбасары

болды. Еңбек демалы-

ғана емес, тіл жанашырларын

да ойландырып қана қоймай,

сына шыққан соң, 1972 жылы

қазақпыз деген азамат пен азаматшаларды

алаңдатуы тиіс. Биыл

туған ауданы Ақтоғайға қайта

оралды. Майдангер 1988 жылдың жаңадан сайланған Парламент

14 наурызында, яғни 64 жасқа депутаттарының мемлекеттік

толған туған күнінде фәни дүниемен тілде ант бере алмағаны әлем

қош айтысты.

алдында ұят болды ғой.

Мен 1954-1957 жылдар

Шаяхмет САДУАҚАСОВ, аралығында әскери міндетімді

Ақтоғай ауданы.

Әзербайжан Республикасының

астанасы Баку қаласының

жанындағы Сумгаит қаласында

өтедім. Мен сонда қазақ тілі

тұрмақ, орыс тілін сағындым.

Мұны оқыған адам мүмкін неге

Менің әкем Смағұлов Ыбырай Мыңтайұлы - Ұлы Отан

соғысының ардагері, ел басына күн туған шақта қолына

қару алып майданға аттанды. Өкінішке қарай, туған

елінен топырақ бұйырмады, отбасының дәмі тартпады.

Соғыс кезінде ерлікпен қаза тауып, Украина

жерінде жерленді.

болыңдар» деп жазғанын оқуға

болады.

Содан кейін көп уақыт өтпей,

1944 жылдың басы кезінде отбасына

«Қара қағаз» келеді. Онда Украина

облысы, Шполян ауданы, Надтачаевка

деревнясын қорғау кезінде

ерлікпен қаза тапқаны жазылған.

Шайқас кезінде неміс әскерлерінің

т а н к і м е н ж а с а ғ а н ш а б у ы -

лына 3 мәрте тойтарыс беріп,

сол жерде ерлікпен қаза тапқан.

Сонымен қатар, II дәрежелі Отан

соғысының ордені беріледі.

Марқұмның денесі сол деревнядағы

мектептің жанындағы туысқандар

зиратында жерленіпті. Зиратының

басына ескерткіш орнатылған, «Ер

есімі - ел есінде» - деген осы

шығар.

Гүлжазира

ЫБЫРАЙҚЫЗЫ,

Павлодар қаласы.

ОҚЫРМАН ОЙЫ

Ұлт мінезін

қалыптастыру

керек

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған

ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды

ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы.

Қазақ халқының мақтанышы, батырымыз

Куба елінің көсемі Фидель Кастроның шақыруымен

барғанда қазақ халқының дәстүрлі

киімі - шапан мен тымақ киіп, ұшақтан түсуі

ұлтымыздың ұлылығын байқатты.

деп сұрар? Ол кезде теледидар

деген жоқ, радио ғана

болды. Жергілікті радио таңғы

сағат 6.00-де қосылып, түнгі

сағат 00.00-де сөндіріледі. Осы

мерзімде жаңалық та, әңгіме де,

концерт те әзербайжан тілінде

жүргізіледі.

Осы әскери бөлімде Москва,

Ленинград қалаларынан өзге

одақтас республикалар - Армения,

Грузия, Дағыстан елдерінен келген

жауынгерлер орыс тіліне шорқақ

болды.

Ал енді одан кейін 60-шы

жылдардың аяғына таман

денсаулығыма байланысты

Қырым түбегіндегі Бүкілодақтық

демалыс орны, оның ішінде

орталық партия комитетінің

жабық демалыс орнында (22

партсъезд атындағы) демалысқа

бардым. Сонда демалыс орнының

қақпасында «ХХII – съезд РКПС»

демалыс орны деген жазу тұрды.

Мен «неге КПСС деп жазбайсыздар?»

деп сұрасам, бұл Украина

республикасының құрамында

деп түсінік берді. Дүкендерге

барғанымда заттардың бағасын

украин тілінде жауап беретін,

рубльдің орнына карбованец

деп жазып қоятын. Осылайша

бізден басқа одақтас республикалар

өз мемлекеттік тілінде

оқыды, сөйледі.

Еліміздің ақыны Қадыр Мырза

Әлі айтқандай:

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Тілін сақтап қалған халық

қана ұлт болып қалыптасады.

Тіл жоқ жерде ұлт та жоқ, дін

де, ділі де, мәдениеті де жабылады

дейді. Түріміз қазақ болып

қалады. Сұлтан Сартаевтың

мынадай өлеңі бар:

Ана тілін білмеуің,

Ананың арын төккендей.

Оны бұзып сөйлеуің,

Өзіңді-өзің сөккендей.

Тілге олқылық бой алса,

Тым алысқа бармассың.

Ана тілің жойылса,

Қазақ болып қалмассың.

2008 жылы жергілікті журналист

Асыл Әбішке бір дискі

тапсырдым. Ол дискіде Алматы

қаласындағы КИМЭП жоғары

оқу орнында біздің жастарды

бизнеске дайындайтын оқу орны

туралы жазылған. Сонда менің

немерем оқып, білім алды. Оны

айтудағы мақсатым Америкадан

келіп сабақ берген профессор

былай деп қазақ тілінде сұхбат

береді.

«Мен Қазақстанға келіп еңбек

етіп жатырмын. Сондықтан осы

елдің тілін білмесем, оның салтдәстүрін

білмесем, қандай азаматшамын.

Сондықтан төрт жылда

тілін үйреніп, салт-дәстүрін

игеріп жүрмін», деп мемлекеттік

тілде жауап бергеніне қатты

ризашылықпен қарадым.

2018 жылы Павлодар

қаласының күні мерекеленді. Ертіс

жағасына қала күніне құрметтеп

шақырған соң бардым. Екі-үш

ақсақал отырмыз. Қала күнімен

орыс тілінде құттықтап, орысша

концерт жүргізді. Кешірек сол

кездегі қала басшысы мен облыс

әкімінің орынбасары келді мерекеге.

Отырған ақсақалдар «Мына

мереке қай елдің мерекесі?»

деген сұрақ қойдық. Сонда

ғана жүргізуші мемлекеттік

тілде құттықтап, концерт беріле

бастады. Бұл жөнінде «Сарыарқа

самалы» газетінде мақала да

шықты. Сол мақаланы мәдениет

бөлімінің орынбасарына апарса,

ол азамат: «Я не умею читать

«Сарыарқа самалы», дейді.

Мұндай олқылық қашан жойылады?

Академик Сұлтан Сартаевтың

айтқанындай, қазақ елінің тілін,

ділін қалай дамытамыз деген

күдігі расталды.

Қорыта келе, бізге мінез

керек, ұлт мінезін қалыптастыру

керек. Қоғамда ар-ұят, намыс,

парыз, борыш секілді сөздерді,

сезімдерді ояту қажет дегім

келеді.

Біз – тегіміз таза, ниетіміз түзу,

достыққа құштар, жаулыққа жоқ

халықтың ұрпағымыз. Қанымыз

таза, жанымыз мөлдір, рухы

мықты ұрпағымыз. Жастарымызды

дұрыс бағытта тәрбиелейік.

Махмет ДЕМЕСІНОВ,

Павлодар қаласының

Құрметті азаматы.


6 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕРЛІК

Екібастұз қаласында кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалған.

Бұрыннан-ақ электр энергиясы, теміржол кластері, көмір өнеркәсібі қарқынды дамып

келе жатқан шаһарда соңғы уақытта жеңіл өнеркәсіп саласына да көп көңіл бөлінуде.

Жергілікті шеберлердің туындылары көпшілік арасында сұранысқа ие. Тіпті, көршілес

мемлекеттердің тұтынушылары тарапынан қызығушылық байқалады.

Ресейлік нарықтан

орын алмақ

Екібастұздық Ләззат Әйтімова

осыдан небары бір жарым жыл

бұрын текстиль саласындағы

жеке кәсібін бастады. Өңірлік

кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған

«Бизнес-Мектеп» жобасы

аясында жеке істі бастау негіздерін

үйренген ол – бүгінде

табысты кәсіпкерлердің бірі.

«Adiyat Home textile» кәсіпорны

әр үйге керек тұрмыстық тауарлар

– төсек-орын жабдықтары,

орамалдар шымылдықтарды

тігеді. Пандемияға байланысты

медициналық киімдерді

дайындауға да кірісті.

- Мен бұрыннан бері жеңіл

өнеркәсіп саласындағы кәсібім

болғанын армандап едім. Бірақ

бұл бағытта кәсіпкерлік тәжірибем

болған жоқ. Сондықтан

«Бизнес-Мектеп» жобасы бойынша

білім алып, бизнесті жүргізудің

қыр-сырын үйрендім. Тауар

шығаруға қажет шикізатты таңдау

мен сатып алу, қызметкерлерді

жұмысқа қабылдау, дайын өнімді

сатылымға шығару, есеп-қисап

пен салық төлемдерін жасау –

барлығы туралы жан-жақты

білім алдым. Кейін Адият есімді

жиенімнің құрметіне жаңа

кәсіпорынды «Adiyat Home

textile» деп атауды жөн санадық.

Көптен бергі ойымның жүзеге

асуына жолдасым, екі қызым

мен күйеу балам көп көмек

көрсетіп, қолдау білдірді, - дейді

«Әйтімова» жеке кәсіпкерлігінің

басшысы Л.Әйтімова.

Бүгінде екібастұздық жеңіл

өнеркәсіп компаниясы көбінесе

жеке тапсырыстар бойынша

жұмыс істейді. Сонымен қатар,

тұрмыстық қажеттіліктерді тендер

арқылы сатады. Олар тек

үйлерде емес, кез келген өндіріс

орны, әлеуметтік нысандарда

да қажетті тауарлар қатарына

жататындықтан, сұраныс көп.

Ал жақында ресейлік сауда

желілерінің бірімен келісімшарт

жасалды. Яғни, «Made in

Kazakhstan» заттаңбасы бар өнімдер

енді көршілес елдің нарығында

да сатылымға шығарылады.

- Әрине, өндірісті енді ғана

бастаған тұста қиындықтар болды.

Бірақ аз уақыт аралығында

тұтынушылардың көңілін

табу үшін барымызды салдық.

Өндіріс барысында тек сапалы

маталарды қолданып, оларға

тұрғындардың барлығына бірдей

қолжетімді болатын бағаларды

белгіледік. Сондықтан болар,

тапсырыс үзілмейді, - дейді

кәсіпкер.

Кәсіпорын басшылығы бұл

жетістіктерге тоқмейілсіп қалмақ

емес. Өнім түрін көбейтіп,

кәсіпті одан әрі дамыту үшін

бірқатар жобаларды қолға алды.

Мәселен, алдағы уақытта өңірдің

ірі өндіріс орындарына арнайы

киімдер тігу жоспарда бар.

Бүгінде бірқатар компанияға

ұсыныс та жасалды. Қазіргі

уақытта келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, Ләззат Әйтімова

басшылық ететін кәсіпорын

«Сауда үздігі» республикалық

байқауының «Бөлшек сауданың

үздік кәсіпорны» аталымында

үшінші орынға ие болған еді.

«Adiyat Home textile» заттаңбасымен

шығатын өнімдердің

барлығының белгіленген сапаға

сай келетінін растайтын сертификаты

бар. Ал таяуда индустриялық

сертификатты да

иеленді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның

мемлекеттік сатып алу

конкурстарына қатысып, кәсіп

аясын кеңейтуіне зор мүмкіндік

береді.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Тариф –

80 теңге

Алдағы уақытта ресейлік ірі

компанияның техникалары Екібастұз

қаласындағы кәсіпорын

базасында құрастырылатын болады.

Бұл өз кезегінде облысқа

құйылатын инвестиция көлемін

арттырып, өндірісте қолданылатын

қазақстандық құрамды

көбейтуге оң әсер етпек.

Екібастұз қаласында жол ақысын

арттыру мәселесі біраз уақыттан бері

қоғамда қызу талқыланды. Жолаушылар

автобустардың ескі екеніне әрі белгіленген

кесте бойынша жүрмейтініне талай рет

шағымданды. Өз кезегінде жолаушылар

тасымалымен айналысатын екі компания

өкілдері мұның барлығы қаржыға келіп

тіреліп тұрғанын айтты. Жолақы көбейсе,

жағдайды түзеуге мүмкіндік туады деген

сыңай танытты.

Сөйтіп, қоғамдық көліктердің қызмет

сапасын жақсарту мақсатында 1 мамырдан

бастап тариф 80 теңгеге дейін көтерілетін

болды. Оның 7-8 теңгесі электронды

билет жүйесін енгізуге, тағы 7-8 теңгесі

жүргізушілердің жалақысын көтеруге, қалғаны

автобус паркін реттеуге жұмсалады.

Соның нәтижесінде қоғамдық көліктердің

жүру жиілігі айтарлықтай қысқаруы тиіс.

Айта кетейік, кеншілер шаһарында жол

ақысы соңғы рет 2017 жылы 50 теңгеден

65 теңгеге өскен еді.

Сонымен қатар, 24 сәуірден бастап

автобустар саяжайға дейін барады. Жол

ақысы 130 теңгені құрайды. Ал зейнеткерлер

мен 3 топ мүгедектері қала ішінде

жүру ақысының тең жартысын ғана өтейді.

Яғни, 24 сәуірден 1 мамырға дейін

32 теңге төлейді. 1 мамырдан бастап

саяжайға баратын жолаушылар үшін жол

ақысы 40 теңге болады.

Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі

бойынша, «Надежда», «Союз» саяжайларына

жеткізетін автобустар 7.40-7.50-ден

бастап жолға шығады. Кейін тұрғындар

16.00, 18.00 мен 18.50-де кері қайта алады.

Саяжайға қатынайтын қоғамдық көліктердің

жүру кестесінде өзгеріс болса,

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

хабар беріледі.

ҚҰРЫЛЫС

Қарқын көңіл

қуантады

Былтыр кеншілер шаһарында тұрғын үй құрылысы қарқын

алып, бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш орнады.

Биыл да бұл бағыттағы іргелі істер жалғасын тауып, бір мыңнан

астам тұрғын қоныс тойын тойламақ. Десе де, жаңа нысандарды

инфрақұрылыммен қамту, «сақалды» құрылыстарды жандандыруға

қатысты мәселелер бар.

Екібастұз қалалық құрылыс бөлімінің

басшысы Ғазиз Оспановтың айтуынша,

өткен жылы 68,5 мың шаршы метр тұрғын

үй пайдалануға берілді. Атап айтқанда,

жалпы аумағы 59 мың шаршы метр болатын

көпқабатты және 9,5 мың шаршы метрлік

жер үй салынды.

Ал биыл №21 шағын ауданда көпқабатты

төрт үйдің құрылысы басталды. Жалпы,

бұл ауданда барлығы 8 жаңа баспана бой

көтеруі тиіс. Оған қоса, бес қабатты 7 үйдің

жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Мұнда барлығы 420 пәтер болады.

- Әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен

қамту мақсатында «Нұрлы жер»

бағдарламасы аясында жаңа және екінші

нарықтағы тұрғын үйлерден 86 пәтер

сатып алу жоспарда бар. Олар санитарлықэпидемиологиялық

және техникалық талаптарға

сай болуы тиіс, - дейді Ғ.Оспанов.

Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі

мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта да

өзекті мәселені шешу үшін 17 көпқабатты

үйдің құжаттары дайындалуда. Келесі

жылы 900 пәтерлі 11, ал 2023 жылы

432 пәтерлі 6 тұрғын үйді пайдалануға беру

көзделіп отыр. Соның есебінен көп жылдар

бойы өз үйіне қол жеткізуді армандайтын

азаматтардың саны едәуір қысқаруы

тиіс. Қазіргі таңда кеншілер шаһарында

5748 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жылына

кем дегенде 500 тұрғынды баспанамен

қамтитын болса, 2023 жылы кезекте 3800-

ден астам адам қалуы қажет.

Бұл ретте жаңа нысандарды инженерліккоммуникациялық

желілермен қамту мәселесін

де естен шығармау керек. №22, 23

шағын аудандар мен ипподром аумағында

салынатын тұрғын үйлерді жылумен қамту

үшін желілерді жаңғыртып, қосымша сорғылар

орнату керек. Осы және өзге де

коммуналдық мәселелер жан-жақты сараланатын

болады.

Осы орайда қаладағы «сақалды» нысандардың

жағдайын да атап өткен жөн.

Энергетиктер көшесі, 27 және Әуезов көшесі,

55 «А» мекенжайындағы ғимараттардың

құрылысы тоқтап тұрғалы бірнеше жылдың

жүзі болды. Белгілі болғандай, екеуі де

алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйге

айналады. Ал Мәшһүр Жүсіп көшесі, 50/1

мекенжайындағы құрылыс алаңында сауда

орталығы ашылады.

Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары

аталмыш нысандардың қала

көркін қашырып тұрғанын сынға алып,

жауапты тұлғаларға құрылыс қарқынын

үдету қажеттігін ескертті.

Бетті әзірлеген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 7

ТАЗАЛЫҚ

Мешіт маңы ретке

келтірілді

Баянауыл ауданы Бірлік ауылының жастары

ерекше сауапты іске мұрындық болды. Рамазан

айының құрметіне ауыл мешітіне тазалық жұмысын

жүргізіп, жамағаттың алғысына бөленді.

Қазақта «Көп түкірсе - көл» деген

сөз бар. Бүгінгі жастар осының

мәнін терең түсінгендей. Бірлік

ауылының жастары Бекен ұста

мешітін тазалау, ауласын ретке

келтіру шарасына белсенділікпен

қатысты. Атап айтқанда, ғибадат

үйінің қабырғаларын әктеу, есіктерезелерін

жуу сияқты жұмыстарды

атқаруға жұмыла кірісті.

Мешітті тазалауға Ж.Ағаділов

атындағы мектептің жас мұғалімдері,

Майкөбе кенішінің жас жұмыскерлері

және жеке кәсіпкерлер

қатысты.

Жаңа әдістің

берері мол

Қоғам алға жылжыған сайын білім берудің жаңа

әдіс-тәсілдері пайда болуда. Бұл ретте, Монтессори

технологиясын тиімді қолдану арқылы білім сапасын

арттыруға жол ашылатыны дәлелденіп жүр.

Мектепке дейінгі баланың

ақыл-ойын жетілдіру – маңызды

іс. М.Монтессори жүйесіндегі

сенсорлық даму әр сезім мүшесін

дамытуды ұсынады. Балалардың

ұсақ қол моторикасын дамыта

отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін

жетілдіру тәсілі біздің «Айгөлек»

шағын орталығында да жүйелі

іске асуда.

М.Монтессори жүйесі дәстүрлі

педагогикадан ерекше, десе де ҚР

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандартына қайшы келмейді.

М.Монтессоридің әдістемесі

Мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандарты бойынша

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,

«Шығармашылық», «Әлеуметтік

орта» деп аталатын 5 білім беру

бағытымен үндес келеді.

Монтессори әдістемесі әрбір

тәрбиеленушіге жеке баппен қарауға

негізделген. Ерекшелігі сол, бала

қызығушылық саласын өзі таңдайды.

Ата-аналар мен педагогтар бұл

үрдісте бақылаушы рөлін ойнайды,

олар жас зерттеушіні түсіну үшін

лайықты шарттар жасауы керек.

Осылайша, мектеп жасына дейінгі

баланың еркін жұмыс жасауы

санау, оқу, ойын әрекеттерінде

көрініс табады.

Мектепке дейінгі балалардың

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны

32-35-35.

Тиімді жарнама!

Ауыл имамы Аллаберген Қожанов

мешіт үйін тазалау жұмыстарына

белсене атсалысқан ауыл жастарына

шексіз ризашылығын білдіріп,

батасын берді. Осындай ауқымды

тазалық жұмыстары жыл бойы

жалғаса беретін болады. Ауыл

жастары имандылық ошағын

қамқорлығына алып, көмектерін

аямайтынын жеткізді.

Зейнұр ЗЕКЕБАЙ,

Баянауыл ауданы ішкі

саясат, мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің әдіскері.

тілін дамыту жұмысы балабақшада

ұйымдастырылатын оқу үрдістерінде

(көркем әдебиет, сауат ашу, сурет,

қарапайым математика, музыка,

дене шынықтыру және т.б.) баланың

жасына қарай жүргізіледі. Мысалы,

«Жазда балабақша ауласында»,

«Жайлауға саяхат», «Шопан ата

қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп»,

«Мұғалім», «Дәрігер» және т.б.

шығармашылық ойындар өткізіледі.

«Жайлау» ойынында киіз үй,

төсек-орын, көрпе, жастық, кілем,

алаша сияқты балалардың бұрын

үйренген сөздерінің дұрыс айтылуына,

бір-бірімен сөйлесіп, пікір

алысуына, бір-біріне әңгімелеп

беруі мақсат етіледі.

«Айгөлек» шағын орталығында

әртүрлі жас аралығындағы топтар

бар. Аталған әдістің нәтижесінде

бүлдіршіндер ересек балаларға

талпынып, ал ересек балалар

білген тәжірибелерін бүлдіршіндерге

үйретуде. Қысқасы, балалар өзі жеке

жұмыс жасауға, өз мүмкіншіліктеріне

сенімді қарауға, нақты шешім

қабылдауға үйренеді.

Әдемі ЕСКЕНДІРОВА,

Н.Алшынов атындағы Жалаулы

орта мектебі «Айгөлек» шағын

орталығының тәрбиешісі,

Ақтоғай ауданы.

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды

«Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға

беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың

әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы

80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып,

тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл

жарнама беруші үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны

сөзсіз! «HALYQ RADIOSY» толқынындағы «Бизнес FM»

бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 66-15-42.

ТӘЖІРИБЕ

«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ»

Үміттерді ақтады

«Ел үміті» бастамасының аясында Тұңғыш Президент –

Елбасы қоры бірнеше бірегей жобаны іске қосты.

Солардың бірі – белсенді және талантты балалар

мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған

«Елбасы медалі» бағдарламасы.

Таяуда облыста аталмыш

марапатқа қол жеткізген

оқушыларға арналған салтанатты

жиын өтті.

2021 жылдың 7 сәуірінде

Павлодар облысы

әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова, жеті негізгі

бағыттан тұратын жастарды

кешенді дамы-туға бағытталған

ұлттық деңгейдегі «Ел үміті»

бағдарлама аясында қола

жүлдегер атанған Дарынды

қыз балаларға арналған

«Білім-Инновация» лицейінің

үздік оқушылары Советова

Аина, Абдраева Айсана, Төлеген

Жанельге «Елбасы медалін» табыстады.

Айзада Амангелдіқызы

оқушыларымызға әрі қарай да тек

биіктен көріне беруіне тілектестік

білдірді.

Айым – үздіктердің

қатарында!

«Ел үміті» бастамасы аясында

Тұңғыш Президент-Елбасы

қоры бірқатар бірегей жобаларды

жүзеге асыруда.

Сондай-ақ, лицейдің қола

жүлдегерлерін облыстық білім

беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы марапаттады.

Мәртебелі атаққа Балтабекова

Сабина, Бақтанова Диляра,

Елеусізова Эльзира, Булут Ирем,

Халел Елназ лайық деп танылды.

Марапаттау рәсімінде

жеңімпаздар жобадан алған

әсерлерімен бөлісті. Жоба төзімділік,

жігерлілік, адамгер-шілік сияқты

құндылықтарды өз бойларында

дамытуға септігін тигізетінін алға

тартты.

«Елбасы медалі» – бұл 14 пен

29 жас аралығындағы жас

және өршіл қазақстандықтарға

арналған жоба. Медаль иегерлері

Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіппен

ұпайлары тең болған жағдайда

білім беру грантын алуға, сондай-ақ

жоғары білімі бар кадрларды

даярлау үшін мемлекеттік білім беру

тапсырысы бойынша студенттер

құрамына қабылдану басымдық

құқығына ие болуда.

Өз тілшіміз.

Солардың бірі – белсенді және талантты

балаларды қолдауға бағытталған «Елбасы

медалі» жобасына Ақтоғай ауданы Шідерті

негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы

Айым Еркін қатысықан еді. Жобаның

барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен

ол дарындылығын дәлелдеп, жүлдегер

атанып отыр. Айым 6 ай бойы бірнеше

бағыт бойынша тынбай еңбек етіп, өзінің

көшбасшылық қасиеттерін дамыта білді.

Осылайша, спорт, дарын мен дағды,

кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік жоба

бағыттарында үздіктердің қатарынан

табылып, қола медальге қол жеткізді.

Жақында Айымға «Елбасы медалі»

мен арнайы төсбелгі салтанатты түрде табысталды. Шәкіртіміздің

келешегінен көп үміт күтеміз, оны ақтайды деген сенімдеміз!

Бақыт САЛЫҚОВА,

Шідерті негізгі мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі, Ақтоғай ауданы.

66-15-42

ЖАРНАМА

66-15-40

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет:

сейсенбі, бейсенбі және сенбі

күндері шығады, апталық

таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 648

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу үшін

редакцияның жазбаша рұқсаты

алынып, газетке сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ШАҺАР

SARYARQA SAMALY

КӨРІКТЕНДІРУ

70 көше жөнделеді

Павлодар қаласындағы көшелердің жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Қала әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында хабарланғандай, шаһардың тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімімен

жолдардың ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін

70 көше анықталған. Кесте бойынша көше жолдарын жөндеу 15 сәуірде басталды. Аталған

жұмыстар 6 мамырға дейін жалғасады.

Павлодар қаласындағы көше жолдарына жөндеу жүргізу кестесі:

№ Көше атаулары Орындалу

мерзімі

1 Ак.Бектұров

2 Ак. Марғұлан

3 Ак. Сәтбаев

4 Ак. Шөкин

5 Астана

6 Баян батыр

7 Бекмаханов

8 Ген. Дүйсенов

9 Едіге би

10 Қайырбаев

11 Кривенко

12 Лермонтов

13 Луговая

14 Мәшһүр Жүсіп

15 Мир

16 Торайғыров

17 Ворушин

18 Естай

19 Желтоқсан

20 Иса Байзақов

21 Қамзин

22 Катаев

23 Ломов

24 Павлов

25 Ткачев

26 Щедрин

27 Шевченко

28 2-Южная

29 №14 Автожол (кіші айналым)

30 Аймауытов

31 Бакинская

32 Геринг

33 Елгин

34 Ермак

15-18.04

19-21.04

35 Казправда

36 Краснодонская

37 Құдайбердиев

38 Луначарский 22-25.04

39 Малайсары батыр

40 Минин

41 Мүткенов

42 Нұркин

43 Нұрмағамбетов

44 П.Васильев

45 Радищев

46 Люксембург

47 Сұрағанов

48 Баймолдин

49 Бекхожин

50 Гагарин 26-29.04

51 Майра

52 Теплов

53 №1 Автожол

54 №3 Автожол

55 №4 Автожол

56 №5 Автожол

57 №6 Автожол

58 №16 Автожол

59 №19 Автожол 30.04.-02.05

60 №20 Автожол

61 Алексеев

62 Дөнентаев

63 Лесная

64 Пішембаев

65 Семенченко

66 Циолковский

67 М-38 (Омбы трассасы)

68 Арғынбаев

69 Ермаков 03.06.2005

70 Ледовский

Суреттерді түсірген - Тілеуберді Сахаба.

ФУТБОЛ

Өткен демалыс күндері

футболдан еліміздің Бірінші

лига ойындарының

2-туры аяқталды. Турнирдің

дебютанты – «Ақсу»

командасы сырт алаңда

«Академия Оңтүстік»-тен

0:1 есебімен басым түсіп,

тарихи жеңісіне қол жеткізді.

Облыс намысын қорғап

жүрген екінші команда

– «Екібастұз» өз алаңында

«Қыранға» жол берді.

Есеп – 1:3.

«Ақсудың»

алғашқы

жеңісі

Оралхан ҚОЖАНОВ

Екібастұздықтардың стадионы дайын

болмай, кездесуді облыс орталығына

келіп өткізді. Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігердің қаулысына сәйкес,

«Орталық стадиондағы» ойын көрермендерсіз

ұйымдастырылды. Көмірлі

шаһардың аяқдопшылары стадионды

жатырқады деп айта алмаспыз. Себебі,

бұған дейін жолдастық кездесулердің

барлығын «Орталық стадионда» өткізіп

келген-ді. Қысқасы, екібастұздықтар өз

алаңында доп тепті деуге толық негіз

бар. Енді қарсыласқа тоқталсақ. Әр

команданың ыңғайсыз қарсыластары

болады. Барлығын жеңіп келе жатып,

күтпеген жерден сол командадан ұтылып

қалады. Тең түсудің өзі мұңға айналады.

Екібастұздықтарға «Қыран» командасы

- сондай ұжымдардың бірі. Жалпы,

соңғы жылдары Түркістан облысының

кез келген клубы «Екібастұздың» оң

жамбасына келмейтін болып жүр. Бұл

кездесуде де 90 минут бойы «Қыранның»

мысы басып тұрды. Екібастұздықтар

жалғыз доптың өзін пенальтиден

соқты. Гол авторы – Арман Смайылов.

Есесіне «Ақсу» ерледі. Өткен турда

1 ұпай еншілеген ақсулықтар бұл жолы

сырт алаңда жеңіс тойын тойлады.

Жерлестеріміз кездесу бастала сала

(7-минутта) есеп ашты. Изат Құлжанов

бұрыштамадан кейін допқа иелік етіп,

қапталдағы қорғаушыдан оңай сытылып

өтіп, қақпаға соққы бағыттаған болатын.

«Академия Оңтүстік» голкипері соққыны

қайтарамын деп допты тура Владислав

Чернышовтың аяғына салып берді.

Кезінде «Ертіс» сапында жасындай

жарқылдаған тәжірибелі Чернышов

мүмкіндікті мүлт жібермеді. 0:1 есебі

80 минуттан аса уақыт таблода сақталып,

«Ақсу» маңызды 3 ұпайды еншіледі.

Осылайша, биыл ғана Бірінші лигаға

жолдама алған ақсулықтар тұңғыш

жеңісіне жетті. Екінші турдан кейін

төрт ұпай жинаған «Ақсу» турнир

кестесінде бесінші сатыға көтерілді.

Қызықтың көкесі 3-турда болмақ.

«Ақсу» мен «Екібастұз» өзара кездеседі.

Яғни, спорт «тілімен» айтқанда, дерби

орын алады. Кездесу 26 сәуірде

«Орталық стадионда» өтеді.

Екібастұздық В.Воменко

шабуылға ұмтылуда.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!