20.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 сәуір, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕРЛІК

Екібастұз қаласында кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалған.

Бұрыннан-ақ электр энергиясы, теміржол кластері, көмір өнеркәсібі қарқынды дамып

келе жатқан шаһарда соңғы уақытта жеңіл өнеркәсіп саласына да көп көңіл бөлінуде.

Жергілікті шеберлердің туындылары көпшілік арасында сұранысқа ие. Тіпті, көршілес

мемлекеттердің тұтынушылары тарапынан қызығушылық байқалады.

Ресейлік нарықтан

орын алмақ

Екібастұздық Ләззат Әйтімова

осыдан небары бір жарым жыл

бұрын текстиль саласындағы

жеке кәсібін бастады. Өңірлік

кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған

«Бизнес-Мектеп» жобасы

аясында жеке істі бастау негіздерін

үйренген ол – бүгінде

табысты кәсіпкерлердің бірі.

«Adiyat Home textile» кәсіпорны

әр үйге керек тұрмыстық тауарлар

– төсек-орын жабдықтары,

орамалдар шымылдықтарды

тігеді. Пандемияға байланысты

медициналық киімдерді

дайындауға да кірісті.

- Мен бұрыннан бері жеңіл

өнеркәсіп саласындағы кәсібім

болғанын армандап едім. Бірақ

бұл бағытта кәсіпкерлік тәжірибем

болған жоқ. Сондықтан

«Бизнес-Мектеп» жобасы бойынша

білім алып, бизнесті жүргізудің

қыр-сырын үйрендім. Тауар

шығаруға қажет шикізатты таңдау

мен сатып алу, қызметкерлерді

жұмысқа қабылдау, дайын өнімді

сатылымға шығару, есеп-қисап

пен салық төлемдерін жасау –

барлығы туралы жан-жақты

білім алдым. Кейін Адият есімді

жиенімнің құрметіне жаңа

кәсіпорынды «Adiyat Home

textile» деп атауды жөн санадық.

Көптен бергі ойымның жүзеге

асуына жолдасым, екі қызым

мен күйеу балам көп көмек

көрсетіп, қолдау білдірді, - дейді

«Әйтімова» жеке кәсіпкерлігінің

басшысы Л.Әйтімова.

Бүгінде екібастұздық жеңіл

өнеркәсіп компаниясы көбінесе

жеке тапсырыстар бойынша

жұмыс істейді. Сонымен қатар,

тұрмыстық қажеттіліктерді тендер

арқылы сатады. Олар тек

үйлерде емес, кез келген өндіріс

орны, әлеуметтік нысандарда

да қажетті тауарлар қатарына

жататындықтан, сұраныс көп.

Ал жақында ресейлік сауда

желілерінің бірімен келісімшарт

жасалды. Яғни, «Made in

Kazakhstan» заттаңбасы бар өнімдер

енді көршілес елдің нарығында

да сатылымға шығарылады.

- Әрине, өндірісті енді ғана

бастаған тұста қиындықтар болды.

Бірақ аз уақыт аралығында

тұтынушылардың көңілін

табу үшін барымызды салдық.

Өндіріс барысында тек сапалы

маталарды қолданып, оларға

тұрғындардың барлығына бірдей

қолжетімді болатын бағаларды

белгіледік. Сондықтан болар,

тапсырыс үзілмейді, - дейді

кәсіпкер.

Кәсіпорын басшылығы бұл

жетістіктерге тоқмейілсіп қалмақ

емес. Өнім түрін көбейтіп,

кәсіпті одан әрі дамыту үшін

бірқатар жобаларды қолға алды.

Мәселен, алдағы уақытта өңірдің

ірі өндіріс орындарына арнайы

киімдер тігу жоспарда бар.

Бүгінде бірқатар компанияға

ұсыныс та жасалды. Қазіргі

уақытта келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, Ләззат Әйтімова

басшылық ететін кәсіпорын

«Сауда үздігі» республикалық

байқауының «Бөлшек сауданың

үздік кәсіпорны» аталымында

үшінші орынға ие болған еді.

«Adiyat Home textile» заттаңбасымен

шығатын өнімдердің

барлығының белгіленген сапаға

сай келетінін растайтын сертификаты

бар. Ал таяуда индустриялық

сертификатты да

иеленді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның

мемлекеттік сатып алу

конкурстарына қатысып, кәсіп

аясын кеңейтуіне зор мүмкіндік

береді.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Тариф –

80 теңге

Алдағы уақытта ресейлік ірі

компанияның техникалары Екібастұз

қаласындағы кәсіпорын

базасында құрастырылатын болады.

Бұл өз кезегінде облысқа

құйылатын инвестиция көлемін

арттырып, өндірісте қолданылатын

қазақстандық құрамды

көбейтуге оң әсер етпек.

Екібастұз қаласында жол ақысын

арттыру мәселесі біраз уақыттан бері

қоғамда қызу талқыланды. Жолаушылар

автобустардың ескі екеніне әрі белгіленген

кесте бойынша жүрмейтініне талай рет

шағымданды. Өз кезегінде жолаушылар

тасымалымен айналысатын екі компания

өкілдері мұның барлығы қаржыға келіп

тіреліп тұрғанын айтты. Жолақы көбейсе,

жағдайды түзеуге мүмкіндік туады деген

сыңай танытты.

Сөйтіп, қоғамдық көліктердің қызмет

сапасын жақсарту мақсатында 1 мамырдан

бастап тариф 80 теңгеге дейін көтерілетін

болды. Оның 7-8 теңгесі электронды

билет жүйесін енгізуге, тағы 7-8 теңгесі

жүргізушілердің жалақысын көтеруге, қалғаны

автобус паркін реттеуге жұмсалады.

Соның нәтижесінде қоғамдық көліктердің

жүру жиілігі айтарлықтай қысқаруы тиіс.

Айта кетейік, кеншілер шаһарында жол

ақысы соңғы рет 2017 жылы 50 теңгеден

65 теңгеге өскен еді.

Сонымен қатар, 24 сәуірден бастап

автобустар саяжайға дейін барады. Жол

ақысы 130 теңгені құрайды. Ал зейнеткерлер

мен 3 топ мүгедектері қала ішінде

жүру ақысының тең жартысын ғана өтейді.

Яғни, 24 сәуірден 1 мамырға дейін

32 теңге төлейді. 1 мамырдан бастап

саяжайға баратын жолаушылар үшін жол

ақысы 40 теңге болады.

Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі

бойынша, «Надежда», «Союз» саяжайларына

жеткізетін автобустар 7.40-7.50-ден

бастап жолға шығады. Кейін тұрғындар

16.00, 18.00 мен 18.50-де кері қайта алады.

Саяжайға қатынайтын қоғамдық көліктердің

жүру кестесінде өзгеріс болса,

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

хабар беріледі.

ҚҰРЫЛЫС

Қарқын көңіл

қуантады

Былтыр кеншілер шаһарында тұрғын үй құрылысы қарқын

алып, бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш орнады.

Биыл да бұл бағыттағы іргелі істер жалғасын тауып, бір мыңнан

астам тұрғын қоныс тойын тойламақ. Десе де, жаңа нысандарды

инфрақұрылыммен қамту, «сақалды» құрылыстарды жандандыруға

қатысты мәселелер бар.

Екібастұз қалалық құрылыс бөлімінің

басшысы Ғазиз Оспановтың айтуынша,

өткен жылы 68,5 мың шаршы метр тұрғын

үй пайдалануға берілді. Атап айтқанда,

жалпы аумағы 59 мың шаршы метр болатын

көпқабатты және 9,5 мың шаршы метрлік

жер үй салынды.

Ал биыл №21 шағын ауданда көпқабатты

төрт үйдің құрылысы басталды. Жалпы,

бұл ауданда барлығы 8 жаңа баспана бой

көтеруі тиіс. Оған қоса, бес қабатты 7 үйдің

жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Мұнда барлығы 420 пәтер болады.

- Әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен

қамту мақсатында «Нұрлы жер»

бағдарламасы аясында жаңа және екінші

нарықтағы тұрғын үйлерден 86 пәтер

сатып алу жоспарда бар. Олар санитарлықэпидемиологиялық

және техникалық талаптарға

сай болуы тиіс, - дейді Ғ.Оспанов.

Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі

мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта да

өзекті мәселені шешу үшін 17 көпқабатты

үйдің құжаттары дайындалуда. Келесі

жылы 900 пәтерлі 11, ал 2023 жылы

432 пәтерлі 6 тұрғын үйді пайдалануға беру

көзделіп отыр. Соның есебінен көп жылдар

бойы өз үйіне қол жеткізуді армандайтын

азаматтардың саны едәуір қысқаруы

тиіс. Қазіргі таңда кеншілер шаһарында

5748 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жылына

кем дегенде 500 тұрғынды баспанамен

қамтитын болса, 2023 жылы кезекте 3800-

ден астам адам қалуы қажет.

Бұл ретте жаңа нысандарды инженерліккоммуникациялық

желілермен қамту мәселесін

де естен шығармау керек. №22, 23

шағын аудандар мен ипподром аумағында

салынатын тұрғын үйлерді жылумен қамту

үшін желілерді жаңғыртып, қосымша сорғылар

орнату керек. Осы және өзге де

коммуналдық мәселелер жан-жақты сараланатын

болады.

Осы орайда қаладағы «сақалды» нысандардың

жағдайын да атап өткен жөн.

Энергетиктер көшесі, 27 және Әуезов көшесі,

55 «А» мекенжайындағы ғимараттардың

құрылысы тоқтап тұрғалы бірнеше жылдың

жүзі болды. Белгілі болғандай, екеуі де

алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйге

айналады. Ал Мәшһүр Жүсіп көшесі, 50/1

мекенжайындағы құрылыс алаңында сауда

орталығы ашылады.

Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары

аталмыш нысандардың қала

көркін қашырып тұрғанын сынға алып,

жауапты тұлғаларға құрылыс қарқынын

үдету қажеттігін ескертті.

Бетті әзірлеген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!