20.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 сәуір, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 20 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ШАҺАР

SARYARQA SAMALY

КӨРІКТЕНДІРУ

70 көше жөнделеді

Павлодар қаласындағы көшелердің жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Қала әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында хабарланғандай, шаһардың тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімімен

жолдардың ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін

70 көше анықталған. Кесте бойынша көше жолдарын жөндеу 15 сәуірде басталды. Аталған

жұмыстар 6 мамырға дейін жалғасады.

Павлодар қаласындағы көше жолдарына жөндеу жүргізу кестесі:

№ Көше атаулары Орындалу

мерзімі

1 Ак.Бектұров

2 Ак. Марғұлан

3 Ак. Сәтбаев

4 Ак. Шөкин

5 Астана

6 Баян батыр

7 Бекмаханов

8 Ген. Дүйсенов

9 Едіге би

10 Қайырбаев

11 Кривенко

12 Лермонтов

13 Луговая

14 Мәшһүр Жүсіп

15 Мир

16 Торайғыров

17 Ворушин

18 Естай

19 Желтоқсан

20 Иса Байзақов

21 Қамзин

22 Катаев

23 Ломов

24 Павлов

25 Ткачев

26 Щедрин

27 Шевченко

28 2-Южная

29 №14 Автожол (кіші айналым)

30 Аймауытов

31 Бакинская

32 Геринг

33 Елгин

34 Ермак

15-18.04

19-21.04

35 Казправда

36 Краснодонская

37 Құдайбердиев

38 Луначарский 22-25.04

39 Малайсары батыр

40 Минин

41 Мүткенов

42 Нұркин

43 Нұрмағамбетов

44 П.Васильев

45 Радищев

46 Люксембург

47 Сұрағанов

48 Баймолдин

49 Бекхожин

50 Гагарин 26-29.04

51 Майра

52 Теплов

53 №1 Автожол

54 №3 Автожол

55 №4 Автожол

56 №5 Автожол

57 №6 Автожол

58 №16 Автожол

59 №19 Автожол 30.04.-02.05

60 №20 Автожол

61 Алексеев

62 Дөнентаев

63 Лесная

64 Пішембаев

65 Семенченко

66 Циолковский

67 М-38 (Омбы трассасы)

68 Арғынбаев

69 Ермаков 03.06.2005

70 Ледовский

Суреттерді түсірген - Тілеуберді Сахаба.

ФУТБОЛ

Өткен демалыс күндері

футболдан еліміздің Бірінші

лига ойындарының

2-туры аяқталды. Турнирдің

дебютанты – «Ақсу»

командасы сырт алаңда

«Академия Оңтүстік»-тен

0:1 есебімен басым түсіп,

тарихи жеңісіне қол жеткізді.

Облыс намысын қорғап

жүрген екінші команда

– «Екібастұз» өз алаңында

«Қыранға» жол берді.

Есеп – 1:3.

«Ақсудың»

алғашқы

жеңісі

Оралхан ҚОЖАНОВ

Екібастұздықтардың стадионы дайын

болмай, кездесуді облыс орталығына

келіп өткізді. Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігердің қаулысына сәйкес,

«Орталық стадиондағы» ойын көрермендерсіз

ұйымдастырылды. Көмірлі

шаһардың аяқдопшылары стадионды

жатырқады деп айта алмаспыз. Себебі,

бұған дейін жолдастық кездесулердің

барлығын «Орталық стадионда» өткізіп

келген-ді. Қысқасы, екібастұздықтар өз

алаңында доп тепті деуге толық негіз

бар. Енді қарсыласқа тоқталсақ. Әр

команданың ыңғайсыз қарсыластары

болады. Барлығын жеңіп келе жатып,

күтпеген жерден сол командадан ұтылып

қалады. Тең түсудің өзі мұңға айналады.

Екібастұздықтарға «Қыран» командасы

- сондай ұжымдардың бірі. Жалпы,

соңғы жылдары Түркістан облысының

кез келген клубы «Екібастұздың» оң

жамбасына келмейтін болып жүр. Бұл

кездесуде де 90 минут бойы «Қыранның»

мысы басып тұрды. Екібастұздықтар

жалғыз доптың өзін пенальтиден

соқты. Гол авторы – Арман Смайылов.

Есесіне «Ақсу» ерледі. Өткен турда

1 ұпай еншілеген ақсулықтар бұл жолы

сырт алаңда жеңіс тойын тойлады.

Жерлестеріміз кездесу бастала сала

(7-минутта) есеп ашты. Изат Құлжанов

бұрыштамадан кейін допқа иелік етіп,

қапталдағы қорғаушыдан оңай сытылып

өтіп, қақпаға соққы бағыттаған болатын.

«Академия Оңтүстік» голкипері соққыны

қайтарамын деп допты тура Владислав

Чернышовтың аяғына салып берді.

Кезінде «Ертіс» сапында жасындай

жарқылдаған тәжірибелі Чернышов

мүмкіндікті мүлт жібермеді. 0:1 есебі

80 минуттан аса уақыт таблода сақталып,

«Ақсу» маңызды 3 ұпайды еншіледі.

Осылайша, биыл ғана Бірінші лигаға

жолдама алған ақсулықтар тұңғыш

жеңісіне жетті. Екінші турдан кейін

төрт ұпай жинаған «Ақсу» турнир

кестесінде бесінші сатыға көтерілді.

Қызықтың көкесі 3-турда болмақ.

«Ақсу» мен «Екібастұз» өзара кездеседі.

Яғни, спорт «тілімен» айтқанда, дерби

орын алады. Кездесу 26 сәуірде

«Орталық стадионда» өтеді.

Екібастұздық В.Воменко

шабуылға ұмтылуда.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!