20.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 20 сәуір, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 20 cәуір, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАРДА

Үздіктер

анықталады

Сенбі күні Екібастұз қаласы мен оған қарасты

ауылдық аймақтарда сенбіліктің екінші

кезеңі – әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.

Дәстүрге айналған тазалық жұмыстарына

15 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

басшысының міндетін атқарушы Арслан Қалиақбаровтың

айтуынша, жалпыоблыстық сенбілік аясында атқарылған

жұмыстар барысында 4 мың ағаштың түбі мен көше бойындағы

10 шақырымнан астам жолдың жиегі әктелді. Шаһардағы

11 пунктке 2 мың тонна әктас үлестірілді. Сондай-ақ, тазалау

жұмыстары кезінде 283 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

Бұл ретте Екібастұз қаласының айлық өткізу және қаланың

санитарлық тазалау штабы сенбілікке қатысушылар арасында

ерекше байқау жариялағанын атап өткен жөн. «Ең көп қатысушы»,

«Ең абаттандырылған аумақ», «Үлгілі аула», «Үздік абаттандырылған

көше», «Әлеуметтік инфрақұрылымның үздік аумағы», «Үздік

ауылдық округ (кент/ауыл)», «Экологиялық қозғалыстың үздік

қатысушысы» аталымдары белгіленді. Аталмыш байқау барысында

аумақтың тазалығы, қатысушылар саны, жұмыстың

сапасы, техника, құрал-жабдықтармен қамтылуы, креативті

ойларды танытуы сарапқа салынады. Қорытынды тазалық

айлығы аяқталған соң анықталып, үздіктер 14 мамырда

марапатталады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Басы 1-бетте

Тазалық –

мәдениеттің өлшемі

Тазалық айлығы шеңберінде әр

күн сайын қоқыс шығару, асфальт

төсеу, саябақтар, аялдамалар және

балалар ойын алаңын ретке келтіру,

бағдаршамдарды жөндеу, ағаштарды

кесу, ескерткіштерді бояу сияқты

абаттандыру жұмыстары да жүйелі

жүргізілмек.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

сенбілік барысында Павлодар қаласын

аралап, кәсіпорындардың жұмысын

оң бағалады.

- Сенбілікке ұжым болып шығудың

артықшылығы көп. Әріптестер

жұмыстан тыс әңгіме-дүкен құрып,

ұжымның бірлігі нығая түседі деп

ойлаймын. Тазалық шаралары

әрдайым назарда болуы тиіс. Облыс

тұрғындары өте еңбекқор. Бәріміз

320 тонна қоқыс

шығарылды

Аққулы ауданында тазалық айлығы шеңберінде

апта сайын таза жұма, сенбілік шаралары

ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары

жүргізілмек.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Болат

Жазитовтің сөзінше, 17 сәуір күнгі сенбілік шарасына 23 елді

мекеннен 3 мыңға жуық адам қатысып, тазалық жұмыстарын

жүргізген.

Сенбілік барлық ауылдарда жүргізіліп, тұрғындар белсенді

қатысты. Жалпы, аудан бойынша 148 мекеме өкілдері шығып,

46 арнайы техника жұмылдырылды. Осы күні аудан көлемінде

2 мың түп ағаш отырғызылған. Сенбілік қорытындысы бойынша,

320 тонна қоқыс шығарылып, арнайы орындарға төгілді.

Т.САХАБА.

Көшет

отырғызылды

Сенбілікке шыққан 4 мыңнан астам шарбақтылық

аулалар мен көшелерді тазартты.

700 тонна қоқыс шығарылды.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ризагүл Неғманова

мәлім етті.

- Сенбілікке ауданымыздағы 7 ауылдық округтен барлығы

4380 адам қатысты. Оның ішінде аудандағы 103 ұйымдар

мен кәсіпорындардың қызметкерлері бар. Тұрғындар

2 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызып, 800-ден астам

ағаштың түбін әктеді. Жалпы, сенбілікке 44 техника жұмылдырылды,

- дейді Р.Неғманова.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ,

Шарбақты ауданы.

Ретке келтірді

Сенбілікке Ертіс ауданының 2 мыңнан астам

тұрғыны жұмылдырылды.

Жұртшылық ағаш түптерін әктеп, саябақтар мен көшелерді

қоқыстан тазартқан. Бұл туралы аудандық экономиканың нақты

секторы бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсабаева мәлім етті.

- Облыс бойынша бастау алған абаттандыру айлығы аясында

екі мыңнан астам ауыл тұрғыны, 120 ұйымдар мен кәсіпорындар

сенбілікке қатысты. Осы мақсатта 39 техника жұмылдырылды.

Сенбілік кезінде 700 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар

шығарылды. Ауа райының ауданымызда жақсаруына қарай,

жасыл желектерді отырғызуды 24 сәуірде өтетін сенбілікке

қалдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Г.Мұсабаева.

Сонымен қатар, ертістіктер алдағы 1 айдың ішінде 4920

қылқан жапырақты, жеміс-жидекті және жапырақты ағаштардың

көшеттерін отырғызып, 3290 ағашты әктеп, 22 ескерткішті ретке

келтіріп, 14 ғимараттың қасбетін жөнге келтіруді жоспарлап отыр.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ,

Ертіс ауданы.

жұмылып, туған қаламызда тазалық

орната алатынымызға сенімдімін.

Павлодарлық кәсіпорындар өздері

бекітілген аумақты тазартуда белсенділік

танытуда. Алдағы уақытта ынталандыру

мақсатында Алғыс хаттарын

табыстауды дәстүрге айналдырған

жөн болар, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы облыстық

онкологиялық диспансер және

Естай атындағы мәдениет сарайы

аумағында ұйымдастырылған ағаш

отырғызу шарасына қатысты. Бір

атап өтерлігі, мұнда аймағымызда

сирек кездесетін сібір шыршалары

отырғызылды.

- Ағаштардың жасы 20 жылдан

асады. Қурап қалмауы үшін отырғызу

технологиясын сақтау қажет. Шырша

100 жылға дейін өмір сүреді және

биіктігі 25-30 метрге жетеді. Уақыт

өте келе бұл шыршалар қаланың

көркін кіргізеді деп ойлаймын, -

дейді «Дендро» ЖШС директоры

Әнуарбек Жанғұлов.

Әбілқайыр Сқақов ағаш отырғызу

бір бөлек, кейін оны күтіп-ұстау

жұмыстарын жүйелі жүргізу

Ақсу қаласы мен

ауылдық аймағының

тұрғындары

жалпыоблыстық

сенбілікке белсене

қатысты.

Жалпыоблыстық сенбілікке

150 ұжымнан 2800-ге жуық адам

шықты. Мемлекеттік қызметшілер,

кәсіпорын жұмысшылары, шағын

және орта бизнес өкілдері, тағы

басқа сала қызметкерлері өздеріне

белгіленген аумақтарды қоқыстан

тазартты. Аулалар, балалардың ойын

керектігін жеткізді. Естеріңізге

салсақ, аймақты көгалдандыру

бойынша үлкен жоспар әзірленген.

Бұрындары облыс орталығында жылына

800 ағаш отырғызылса, биыл

20 мыңнан астам көшет пайда болады

деп күтілуде.

Белгілі болғандай, облыс орталығы

24 учаскеге бөлініп, тазалық шараларына

жауапты кәсіпорындар бекітілген.

Өткен сенбілікте барлығы жаппай

маңызды миссияны орындауға барын

салды. Солардың бірі – «Павлодар

қаласының трамвай басқармасы» АҚ.

- Басқарма қызметкерлері сенбілікке

көтеріңкі көңіл күймен шықты. Біз

Назарбаев даңғылы мен Торайғыров

көшесі қиылысында жақын орналасқан

көпірдің айналасын қоқыстан тазарттық.

Трамвай жолдарын ретке келтірдік.

Тазалық шаралары үздіксіз жалғасатын

болады, - деді «Павлодар қаласының

трамвай басқармасы» АҚ-ның басшысы

Муслим Махмудов.

Жас талдар екті

және спорт алаңдары назардан

тыс қалған жоқ. Ақсу қаласының

әкімі Нұржан Әшімбетов те жерлестермен

бірге қалалық саябақты ретке

келтіруге қатысты. Бұл саябақта

200 көшет отырғызылды.

Тазалық жұмыстарына барлығы

34 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік аясында 720 тонна қоқыс

пен тұрмыстық қалдық қала сыртына

шығарылды.

Сонымен қатар, бұл күні шаһарда

600, ауылдық елді мекендерде

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы ұсынған мәліметке

сүйенсек, сенбілік күні облыстың

елді мекендерінде 6,5 мың ағаш

отырғызылған. 87 гектар аула тазартылып,

гүл отырғызу үшін 11,5 мың

шаршы метр алаң дайындалған.

214 ескерткіш пен обелисктің айналасы

ретке келтірілген. Тазалық

жұмыстарына 621 бірлік техника

жұмылдырылып, 22,7 мың тоннадан

астам қоқыс шығарылған. Айтпақшы,

абаттандыру және санитарлық

тазалау айлығы кезінде, яғни

10 сәуір мен 10 мамыр аралығында

полигондарға қоқыс қабылдау тегін

жүргізіледі.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

420 көшет отырғызылды. Оған орта

мектептер мен Ақсу қара металлургия

колледжі белсене қатысты.

«Досугсервис» кәсіпорны қалалық

саябақ аумағында 100 терек пен

жеміс беретін 100 ағаш салды.

Олардың қатарында алма, алмұрт

ағаштары да бар. Жалпы, биыл Ақсу

өңірінде 12 мың ағаш отырғызу

жоспарланған.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Ақсу қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!