07.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

8 мамыр, сенбі

2021 жыл

№51 (15669)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Ердің даңқы –

елге мақтан

Кезінде Павлодар облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Отан

соғысында ерлік көрсеткен жерлестеріміздің істері мен құжаттарының

коллекциясы жасалған болатын. Оның қатарында Кеңес Одағының

Батыры Құдайберген Сұрағанов туралы маңызды мәліметтер де

бар. Биыл атақты жерлесіміздің туғанына 100 жыл толғалы отыр.

Онлайн желі:

АУЫЛДЫҢ МҰҢЫ – АУЫЗСУ

Батыр бейбіт заманда немерелерінің ортасында

Жалғасы 7-бетте

Тұрғындарды таза ауызсумен қамту – күн тәртібінде тұрған стратегиялық мәселелердің

бірі. «Saryarqa samaly» газетінің редакциясы ауылдағы ағайынды сапалы ауызсумен қамту

мәселесін онлайн желі барысында қаузауды жөн көріп, облыстық жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас маманы Әлібек Қаленовті эфирге

шақырды.

Толығырақ 5-бетте

Құрметті

жерлестер!

Аса қадірлі

ардагерлер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын

жүректен құттықтаймын!

Бұл - шын мәнінде бәріміз

үшін ең маңызды әрі ұлы мереке.

Қасиетті 9 мамыр күні – бұл

тұтас дәуір және миллиондаған

адамдар тағдыры. Әр отбасында

осы сұрапыл, ұзаққа

созылған, ауыр, бірақ жеңіспен

аяқталған соғысқа қатысқан

әке-ана, ата-әже бар.

Қаншама жылдар өтсе де,

1945 жылғы Жеңіс бәріміз үшін

айрықша қымбат, қасиетті

мереке болып қала береді. Біз

ата-бабаларымыздың алдында

басымызды иіп, қазіргі

тарихта теңдесі жоқ ерліктері

үшін оларға шын жүректен

алғысымызды білдіреміз. Майданда

соғысып, тылда еңбек

еткендердің ерлігі, рух күші

мен Отанға деген адалдығы

шексіз. Біздің қасиетті парызымыз

– жеңістің қандай бағамен

келгенін есте сақтап, оны

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Біздің міндетіміз – осы күнге

дейін жеткен Батырларға

құрмет көрсету. Павлодар

облысында бүгінгі күні 37 соғыс

ардагері бар, олардың шаңырақтары

әрқашан мерекеге

толы болсын. Қадірлі ардагерлерімізге

мықты денсаулық,

ұзақ ғұмыр және бақ-береке

тілеймін!

Ұлы Отан соғысының

батырларына мәңгілік даңқ!

Өмірден өткен ардагерлер біздің

жадымызда мәңгі қалады!

Әбілқайыр СҚАҚОВ,

Павлодар облысының әкімі.


2 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

Ерлігі

ұмытылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Жарлығымен қызметтік міндетін атқару барысында

қаза тапқан ақсулық өрт сөндіруші

Арыстанбек Машраптың әкесіне ІІІ дәрежелі

«Айбын» мемлекеттік наградасы берілді.

Осы жылдың 25 ақпанында Ақсу кентіндегі тұрғын

үйден шыққан өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру және

апаттық-құтқару қызметі №12 бекеті бөлімінің командирі

Арыстанбек Машрап қаза тапқан болатын. ҚР Төтенше

жағдайлар министрі Юрий Ильин марқұмның әкесі

Дулат Қабзолдинге баласының ерлігі үшін ІІІ дәрежелі

«Айбын» ордені мемлекеттік наградасын тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақсу қаласының әкімі Нұржан

Әшімбетов өрт сөндірушінің артында қалған жары мен

баласына бір бөлмелі пәтердің кілтін, тұрмыстық техникалар

сатып алу сертификатын табыстаған болатын.

Арыстанбек Машрап қызметтік міндетін атқару барысында

ажал құшқанына тура бір ай толғанда, яғни

25 наурызда Әзім есімді ұлы өмірге келді.

Өз тілшіміз.

Қадірлі ардагерлер, соғыс

қатысушылары, тыл еңбеккерлері

мен Ертістің Павлодар өңірінің

тұрғындары!

Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын

жүректен құттықтаймыз!

Жеңіс күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы

әрі мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен

даңқының жарқын көрінісі.

Қымбатты ардагерлер, Сіздердің қайсарлықтарыңыз

бен жасаған ерліктеріңіз халқымыздың

жадында мәңгі сақталады. Қаһарлы соғыс жылдарында

Сіздер барлық сынақтарға төтеп бердіңіздер

және өткен ғасырдың ең қатал шайқасында жеңіске

жеттіңіздер!

Отан үшін майданда өмірін қиған және соғыстан

зардап шеккен шаруашылықты қалпына келтірген

жерлестерімізді еске аламыз. Ұлы Отан соғысының

бүгінгі күні арамызда жүрген қатысушылары мен

тыл еңбеккерлеріне айрықша құрметімізді білдіреміз.

Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, бейбіт

өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін Сіздерге

зор алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызға шын көңілден мықты денсаулық,

ұзақ та жарқын, алаңсыз күндер, бейбітшілік пен

амандық тілейміз.

Құрметті ардагерлер, сарбаздар,

сержанттар, прапорщиктер мен

офицерлер!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз.

Бұл - шын мәнінде қазақстандықтарды Отанға

шексіз қызмет етуге біріктіретін бүкілхалықтық

мереке.

Жыл сайын Қазақстанда әскер қатарына

антына адал, ардагерлердің жеңіс дәстүрлерін

және халық бостандығы үшін қаза тапқан батырларды

құрметтейтін мыңдаған жастар, нағыз

патриоттар шақырылады. Ұлы Отан соғысы

батырларының ерлігі мен батылдығы, интернационалист

жауынгерлердің қайсарлығы мен

табандылығы бүгінгі күні әскери борышын абыроймен

атқарып жүргендерге үлгі болсын дейміз.

Сіздерге әрқашан сапта болуды, шынайы ерліктің

үлгісін танытуды тілейміз. Біздің жарқын еліміз

гүлдене берсін. Баршаңызға зор денсаулық, баянды

бақыт, ашық аспан, барлық игілікті тілейміз.

Облыстық мәслихаттың депутаттары.

ҚҰРМЕТ

Әскер -

Отан қорғаны

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі әскери қызметкерлерді Отан қорғаушы

күнімен құттықтады. Аймақ басшысы елдің бейбіт өмірінде әскерилердің

маңызы зор екенін айтып, бірқатар сала мамандарын Құрмет грамотасымен

марапаттады.

Салтанатты жиын барысында аймақ

басшысы ел қорғау ісін ең маңызды

қызметтердің бірі ретінде атап өтті.

Ұлы Отан соғысында өз Отаны мен

болашақ ұрпағы үшін күрескен алдыңғы

буынның ерлігін мысалға келтіріп, бүгінгі

сарбаздар олардың қаһармандығын есте

сақтауы керектігін баса айтты.

- Сіздер өз Отаныңызға қызмет

ету жолын таңдадыңыздар. Бұл - өте

құрметті іс. Елдің бейбіт өмірі әскери

қызметкерлерге тікелей байланысты

болғандықтан, бәріміз сіздерге деген

ризашылығымызды білдіруіміз керек.

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтап,

зор денсаулық, бақ-береке және бейбітшілік

тілеймін, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Жиында облыстық қорғаныс істері

жөніндегі департаменттің заң қызметінің

бастығы Төлеген Баядилов, департамент

бастығының әскери-патриоттық

тәрбие және ардагерлермен жұмыс

жөніндегі орынбасары Эльмира Жанелова,

психологиялық қызметтің бастығы Анар

Құрманғалиева, мемлекеттік құпияларды

қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

қызметінің сержанты Әсел Салинова

және мемлекеттік қызметтерді көрсету

жөніндегі қызметтің аға сержанты Серік

Тоқжігітов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен

марапатталды.

Батыр Қанаш

ескерткіші алдында

Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау

саласында еңбек ететін әскери мамандар қандай да

болсын құрметке лайық. Отан қорғаушы күні және

Жеңіс күні мерекесіне орай облыс орталығында үздік

әскери қызметшілер марапатталды.

Кеңес Одағының батыры Қ.Қамзин

ескерткішінің алдында өткен салтанатты

жиынға қала әкімі Ержан Иманслям

қатысып, барлық Отан қорғаушыларды

және соғыс ардагерлерін мерекемен

құттықтады.

- Даңқты жерлесіміз Қанаш Қамзиннің

ерлігі мәңгі жадымызда. Батырдың

ерлігі ұрпақтың есінен ешқашан

ұмытылмайды. Майдангерлердің ерлік

істерін бүгінде Отан қорғаушылар

атқаруда. Олардың да еңбектерін

жоғары бағалаймыз. Барша ер азаматтарды

мерекемен құттықтаймын! -

деді қала басшысы.

Шара барысында 5512 әскери

бөлімінің жедел мақсаттағы 3-рота,

3-взвод, 3-інші бөлімше командирі

Әлібек Смақов, жедел мақсаттағы

2-ротаның жауынгерлік даярлық

нұсқаушысы, аға сержант Руслан

Сләмбек, әскери бөлімнің жауынгерлік

қамтамасыз ету взводының бөлімше

командирі Сүйіндік Әлкеев және автомобиль

взводының 1-автомобиль бөлімше

маманы Нұрдәулет Саясатов сынды

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

қызметкерлер қала әкімінің Алғыс

хатымен марапатталды.

- Мен 5512 әскери бөлімінде

8 жылдан бері қызмет етіп келемін.

Алғаш 23 жасымда келген болатынмын.

Қарамағымда 21 сарбаз бар. Алдыма

қойған басты мақсатым – Отанына

адал әрі білекті де білімді сарбаз

тәрбиелеу. Себебі, Отан алдындағы

азаматтық борышын өтеген кез келген

жігіт қару қолдану мен қоян-қолтық

ұрыстарды еркін меңгеріп, қандай да

бір қауіп-қатерге жан-жақты дайын

болуы тиіс, - дейді аға сержант

Руслан Сләмбек.

Осы күні қала басшысы

6679 әскери бөлімінің қызметкерлерін

де құттықтап, мерекелік марапаттарды

табыс етті.

Тілеуберді САХАБА.

Суреттерді түсірген - автор.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл 3

ЕЛ ЕКПЕ АЛУДА

COVID-19-ға қарсы

іс-қимыл жөніндегі

аймақтық

штабтың отырысында

вакциналау

науқанының

қарқыны

талқыланды.

ҰБТ-2021

Түсіндіру жұмысын

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар

Сейітқазиновтің айтуынша,

5 мамырға дейінгі мәлімет бойынша

COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші

компонентін өңірде 54 мыңнан

астам адам қабылдаса, екінші

компонентін 16 мыңнан астам

адам салдырған.

Штаб отырысындағы мәліметтерге

сүйенсек, облыстағы ірі

кәсіпорындардағы қызметкерлердің

коронавирусқа қарсы екпе алуда

белсенділігі төмен. Отырысқа

қатысқан компания өкілдеріне

аталмыш шараны жүргізуде

медицина қызметкерлерінің

өндіріс орындарына баруға

дайын екендіктері ескертілді. Ол

үшін екпе алатындардың тізімін

жасап, дәрігерлерді шақырту

жеткілікті екені айтылды. Сонымен

қатар, ауылдық жердегі вакциналау

науқаны да сөз болды.

Мамандар әр аудан жұмысты

жүйелі жүргізсе, мамыр айының

соңында 5 мыңнан 15 мыңға дейін

адамға екпе салдыруға болады.

- Вакцина пандемиямен күресудің

Дәрігерлер зейнеткерден сауалнама

алып, екпе жайында толық

мағлұмат берген. Денсаулығын толық

тексерген соң, жазбаша түрде келісімін

алыпты. Леонид Мельник екпе алған

соң, ағзасында жағымсыз әсерлер

болмағанын айтады. Тек екінші күні

дене қызуы аздап көтерілген. Қазір

өзін жақсы сезінеді. 21 күннен кейін

екінші компонентті қабылдайды.

Зейнеткер бұл әрекеті арқылы

өңір тұрғындарын вакцина алуға

шақырады. Осындай саналы қадам

ғана елімізді қауіпті індеттен қорғайды.

ҰБТ бойынша өңірлік мемлекеттік

комиссия төрағасы Қуаныш

Қыдыралиннің сөзінше, тестілеудің

алғашқы күнінде маңызды сынақты

мектеп оқушыларымен қатар, өткен

жылы колледж бітірген азаматтар

да тапсырды.

- Бір күн бұрын құзырлы орган

өкілдері терроризмге қарсы тексеру

жүргізіп, ғимараттың қауіпсіздігіне

көз жеткізді. Тест тапсырушыларды

аудиторияға кіргізу барысында

барлық санитарлық талаптар мен

әлеуметтік арақашықтықтар сақталуда.

Аудиторияға міндетті түрде жаңа

күшейту қажет

жалғыз әрі тиімді әдісі екенін бәріміз

түсінуіміз керек. Қазіргі қолданыстағы

шектеу шараларын тек ұжымдық

иммунитет қалыптасқан жағдайда

Көпке үлгі көрсетті

Железин ауданында Веселая роща ауылының тұрғыны, 90 жастағы қария Леонид

Мельник өз еркімен коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ол маңызды науқан туралы

бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген. Нәтижесінде өзінің және жақындарының

денсаулығы үшін екпе алу жөнінде шешім қабылдаған.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің

міндетін атқарушы Гүлбарам

Оспанованың айтуынша, ауданда

COVID-19-ға қарсы екпе егу шарасы

өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінде

бірінші компонент 1805 адамға

салынған. Екінші компонентті 505

адам қабылдаған. Екпе алғандардың

ішінде 4 зейнеткер бар.

Атап өтерлігі, ауданда

ветеринариялық станция, полиция

бөлімі, «КАБ» шаруа қожалығының

қызметкерлері 100 пайыз екпе алған.

Тереңкөл ауданында да тұрғындар

Алғашқы сынақ

Бұрнағы күні өңірімізде мектеп түлектері үшін ҰБТ сынағы басталды. Павлодардағы

тестілеу пунктінің бірінші легінде қала, аудандардан келген 145 оқушы, екінші

легінде 131 түлек тест тапсырды. Сол күні Ақсу қаласында 10, Екібастұз қаласында

54 оқушы тестілеуден өтті.

бетпердемен кіруі керек. Сонымен

қатар, кіре берісте температураны

өлшеп, қолына антисептик себеді.

Одан кейін мамандар биометрика

құрылғысы арқылы тексеріп, тестілеуге

өтініш берген адамды растайды. Бұл

құрылғы бір адамның орнына өзге

біреудің кіріп кетуіне жол бермейді, -

дейді Қуаныш Қыдыралин.

Мамандардың сөзінше, тестілеу

маусым айының 30-на дейін жалғасады.

Яғни, әр аптаның бейсенбі, жұма,

сенбі, жексенбі күндері жүргізіледі.

Ал аудитория маусым айының

қай күндерінде жұмыс істейтіні

ғана алып тастай аламыз. Сол

себепті бұл бағытта түсіндіру

жұмыстарын күшейтуді тапсырамын,

- деді Әбілқайыр Сқақов.

Аймақ басшысы аталмыш

жұмыстың нәтижесі COVID-19-ға

қарсы іс-қимыл штабының келесі

отырысында қарастырылатынын

айтты. Кездесу бір

аптадан кейін өткізілмек.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген -

Константин Шелков.

арасында түсіндіру жұмыстары өз

деңгейінде жүргізілуде. Бүгінде 1600-

ден астам адам КВИ-ға қарсы екпе

салдырған. Дәрігерлер бұл көлемді

7 мыңнан асыруды жоспарлауда.

Жалпы, облыста коронавирусқа

қарсы екпенің бірінші компоненті

58 мыңға жуық адамға егілген.

Екінші дозаны 19 мыңға жуық адам

алған. Отандық вакцинаны 925 адам

қабылдаған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Железин ауданы.

жақындағанда белгілі болмақ.

- Тестілеу процесі кезінде әртүрлі

төтенше жағдай орын алмас үшін тест

қабылдау орындарының дайындығын

толығымен тексеріп шықтық. Сонымен

қатар, санитарлық нормалардың талабы

бойынша қойылатын құрылғылардың

барлығын түгендедік. Жыл басынан

бері жаңа форматтың артықшылығын

мектеп әкімшілігіне және оқушыларға

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, -

дейді облыстық білім саласында сапаны

қамтамасыз ету департаментінің

басшысы Еркінбек Қыдыралин.

Т.САХАБА.

«Ардагерлерімізге

мың алғыс»

«Ардагерлерімізге мың алғыс» қайырымдылық шарасы

аясында қарт майдангерлердің үйлерінің ауласында соғыс

кезеңіндегі патриоттық әндер шырқалды. Мерекелік концертті

терезеден тамашалаған ардагердің бірі - Виктор Хавазов.

95 жастан асқан қария үш перзент тәрбиелеп, бүгінде

шөберелерінің ортасында бақытты күн кешуде.

Ұрпағына өнегелі өсиетін айтып отырған майдангер елдің

саяси өміріне де бейжай қарамайтын көрінеді. Елде орын

алып жатқан жаңалықтарды үнемі назарда ұстап отырады

екен.

- Әкеміз Виктор Хавазов - үшінші Беларусь майданында

жауға қарсы ерлікпен тойтарыс берген жауынгерлердің бірі.

Ол соңғы он жыл көлемінде ғана майдан даласындағы

естеліктер туралы бізге айта бастады. Оған дейін соғыс

жайлы бірде-бір әңгімесін естімеппіз. Ата-анасы мен бауырларынан

ерте айрылып, 1943 жылы соғысқа аттанған. Қан

майданда жарақат алып, үш ай бойы арнайы госпитальда

ем қабылдап, бір ажалдан қалған. Әкеміз соғыс сұрапылын

көргенде 18-ге де толмаған екен. Отан қорғау үшін өзге

жауынгерлер секілді өзі сұранып, жасын үлкейтіп көрсеткен

көрінеді, - дейді қызы Ольга Хавазова.

Ел үшін қасық қанын аямаған батырларымыздың ұлы

рухының арқасында бүгінде бейбіт күн кешудеміз. Жыл

санап қатары сиреген майдангерлеріміздің көңілін аулап,

қанша алғыс айтсақ та, артықтық етпейді.

Мұхтар МӘДІБЕК,

ППУ Гуманитарлық жоғары

мектебінің 1-курс студенті.

БӘРЕКЕЛДІ!

«Тұмар» -

Павлодарда!

«Тұмар-2021» ұлттық премиясы биыл

Павлодарға бұйырды. Әріптестеріміз - «Ирбис»

телеарнасы «Үздік аймақтық арна» аталымында

оқ бойы озық шықты.

Биыл телеарна майталмандары арасында бесінші рет

ұйымдастырылған «Тұмар» ұлттық бәйгесіне қатысуға

10 аталым бойынша 250 өтініш қабылданған екен. Қазылар

алқасының шешімі бойынша 40 жұмыс ақтық мәреге жолдама

алды. Ал бұрнағы күні «Қазмедиа» орталығында үздіктер

анықталып, марапаттар табысталды.

«Үздік аймақтық арна» аталымында жергілікті «Ирбис»

телеарнасы үздік атанды. Бұл – облыс үшін айтулы оқиға.

Бұл аталымда әріптестерімізбен қатар Атырау, Ақтау және

Қостанай қалаларының телеарналары бақ сынаған болатын.

Барлығы 10 аталым бойынша анықталған жеңімпаздарға

«Тұмар» мүсіншесі мен 1 млн теңге көлемінде ақшалай

сыйлық табысталды.

Өз тілшіміз.

ХАБАРЛАМА

Ұлы Жеңіс күніне

орай облыс

орталығындағы

шығармашылық

ұжым мүшелері

ардагерлерімізге

ерекше сый жасады.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару

туралы» Заңының 3-бабы 10-тармақшасына

сәйкес, 2021 жылдың 14 мамырында сағат 11.00-де

(Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында)

VІI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының

IV кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. «Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы

29 желтоқсандағы «2021–2023 жылдарға арналған Павлодар

қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының

бюджеті туралы» №563/74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

2. 2020 жылғы Павлодар қаласы бюджетінің орындалуы

туралы.

3. 2020 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті

және Кенжекөл ауылдық округі бюджетінің IV деңгейінің орындалуы

туралы.

4. 2020 жылғы Павлодар қалалық бюджеттің атқарылуы

туралы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі.

5. 2020 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті және

Кенжекөл ауылдық округ бюджетінің IV деңгейінің орындалуы

туралы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі.

6. Әртүрлі.

Павлодар қалалық мәслихат аппараты.


4

8 мамыр, сенбі, 2021 жыл ДӘУЛЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Арман Жұмагелдіұлы,

жуырда ҚР Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау

министрі Серік Шәпкенов

Үкімет отырысында «Еңбек»

бағдарламасының жақын

аралықта ұлттық жобаға

айналатыны туралы айтқан

болатын. Осы туралы

кеңірек баяндап өтсеңіз...

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен,

1 шілдеден бастап «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы ұлттық

жобаға ауыстырылады. Бұл жобаға

жаңа тетіктер мен бизнес-процестер

енгізіледі. Атап айтсақ, бірінші

міндет бойынша, жұмыста отырып

оқып, практикалық дағдыларды

дамытуға мүмкіндік жасалады.

Электронды еңбек биржасы базасында

нарықта сұранысқа ие

мамандықтар бойынша онлайн

оқытудың жалпыұлттық платформасы

іске қосылады. Екінші бағыт

аясында кәсіпкерлік бастамаларды

қолдау барынша автоматтандырылады.

Ауылдық жерлерде

кәсіпкерлікпен айналысуды кеңейту

үшін өндірушілер мен сатып алушыларды

байланыстыру шаралары

қабылданады. Үшінші міндет

нысаналы топтарды атаулы түрде

қолдауға негізделеді. Бұл орайда

олардың қажеттіліктеріне қарай

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

бойынша жекелеген жобалар іске

ЕГІС-2021

«Еңбек» ұлттық

жобаға айналмақ

Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

«Еңбек» бағдарламасы арқылы тұрмысын жақсартып,

табысын арттырған азаматтар аз емес. Бұқараның тың

идеясын іске асыруға, өзінің жеке кәсібін бастауына,

жұмыссыз жүрген тұрғындардың азаюына барынша

ықпал еткен бағдарлама екі айдан кейін ұлттық жобаға

айналады деп күтілуде. Онда қандай өзгерістер орын

алады? Биыл өңірде «Еңбек» бағдарламасы қалай іске

асуда? Осы және өзге де сауалдарымызға облыстық

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтудың

белсенді бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің басшысы

Арман Заитов жауап берді.

асырылады деп күтілуде. Сондай-ақ,

жұмыспен қамту қызметтері онлайн

және проактивті түрде ұсынылады.

Мысалы, ұлттық жоба аясында

«Күміс жас» жобасы енгізілетін

болады. Мұнда жұмыссыздық

кезеңі бір жылдан асатын зейнеткер

жасына дейінгі адамдар үшін

жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Жалпы, ұлттық жоба

шеңберінде жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің неғұрлым тиімді

қолданыстағы шаралары сақталады,

сондай-ақ жаңа жобалар

енгізіледі.

- Жалпы, аталмыш бағдарламаның

өңірдегі жүзеге асуына

көңіл тола ма?

- Облыста халықты жұмыспен

қамту жөніндегі шаралар «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

іске асырылуда. 2021

жылдың басынан бастап аталмыш

бағдарламаға қатысушылар саны

5812 адамға жетті. Олардың 3636-

сы - жұмыссыздар, 488-і өзін-өзі

жұмыспен қамтығандар болса, 1631–і -

жұмыс іздеушілер. Ал 57-сі -

өзге санаттағы адамдар. Биыл

бағдарламаның бірінші бағыты

бойынша 700 адам техникалық

және кәсіптік білімі бар кадрларды

даярлауға қатысады. Оқу ағымдағы

жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Ал қысқа мерзімді курстарда 415

адамды оқыту жоспарланған болса,

бүгінгі күні 225 адам жіберілді.

Ал екінші бағыт бойынша биыл

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында

1250 адамды оқыту жоспарланған.

Қазіргі уақытта қатысуға

909 адамнан өтінім келіп түсті.

Үшінші бағыт шеңберінде субсидияланатын

жұмыс орындарына

2860 адам жұмысқа орналастырылды.

- Ал жобаларды қаржыландыру

ісі қалай іске

асуда?

- Бұл мақсатта да бірқатар

істер атқарылуда. Мәселен, биылғы

жеңілдікті несиелеуге арналған

қаржыландыру көлемі 1,5 млрд

теңгені құрайды. Оның 53,3%-ы

ауылдық жерлерге, 46,7%-ы

қалаларға тиесілі. Аталған сомаға

229 жобаны қаржыландыру

жоспарлануда. Қазіргі күнге дейін

қайта қаржыландырылған қаражат

есебінен 39 микрокредит берілді.

Ағымдағы жылы бағдарламаға

қатысушыларға 939 мемлекеттік

грант беруге республикалық

бюджет қаражаты есебінен 547,8

млн теңге көзделген. Бүгінгі таңда

245 грант берілді.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

ҚОЛДАУ

Сапалы тұқым -

қолжетімді

Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі

11,8 млрд теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік

кешен субъектілерінен шамамен 350 мың тонна

ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып

алу жоспарланып отыр.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұдан бөлек, тыңайтқыштар

қолдану көлемін 53 мың

тоннаға ұлғайту және олардың

қолданылуын ғылыми негізделген

қажеттіліктің 25,5 пайызына дейін

жеткізу жоспарға енгізілген.

- Бөлінетін демеуқаржы

ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілер үшін сапалы

тұқымдардың қолжетімділігін

арттыруға мүмкіндік береді.

Көктемгі дала жұмыстарын

жүргізу барысы ерекше бақылауға

алынатын болады, - дейді ҚР

Ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаров.

Айта кетейік, биыл елімізде

жалпы егіс алаңы 86,4 мың

гектарға ұлғайып, 22,7 млн

гектарды құрайды деп күтілуде.

Әсіресе, майлы, азықтық және

көкөніс-бақша дақылдарының,

сондай-ақ қарақұмық әрі қант

қызылшасы сияқты әлеуметтік

дақылдардың егіс алқабын

арттыру жоспарланып отыр.

Есесіне, бидай, күріш және

мақта сияқты дара дақылдар

мен ылғалды көп қажет ететін

дақылдар егілетін алқаптар

қысқартылмақ.

ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі соңғы кезде

оңды-солды таратылып келген

субсидияны үнемді жұмсауға

көшкен сияқты. Көктемде тұқым

шаруашылығын қаржыландырудың

жаңа тетіктері іске қосылмақ.

Бұған дейін тұқым шаруашылығы

бағытында бірқатар өзгеріс орын

алған-ды. Жаңашылдыққа сәйкес,

элиталық тұқым өндірушілер,

тұқым шаруашылықтары немесе

оны өткізушілер тұқымды

шаруаларға күзге дейін бастапқы

жарнасыз және төлемді кейінге

шегеріп үлестіруде. Олардың

шығындарын толықтай облыс

әкімдіктері өтейді. Егін жинаған соң

шаруалар элиталық немесе бірінші

репродукциялы тұқым құнының

30 пайызын нормаға сәйкес

арнайы ұйымға қайтаруға

міндетті. Жоғары немесе бірінші

репродукциялы тұқымға қол

жеткізгісі келген кәсіпкерлер

бұған дейін тұқым өсірумен

айналысатын шаруашылықтардан

өзіне қажетті өнімді сатып

алып, оның жарты ақшасын

сол жерде төлеп, қалғанын

егін жинаған соң қайтарып

келген-ді. Өкінішке қарай, бұл

жүйе шаруашылықтардың бәріне

бірдей қолжетімді болған жоқ.

Себебі, көктемде шаруалардың

қолында қомақты қаржы болмайды.

Олар сол уақытта тұқым алуға,

техникаға, жанар-жағармайға

қыруар қаржы жұмсайды. Бұған

жұмысшыларға төленетін еңбекақыны

қосыңыз. Қысқасы, мұндай

жеңілдік көптің көңілінен шығуда.

Өзгеріске сәйкес, жүгері, қант

қызылшасы, рапс, күнбағыс,

мақта, жеміс-жидек дақылдарын,

жүзімнің элиталық көшеттерін

сатып алған шаруалардың

шығындары ішінара (50 пайызы)

өтеу арқылы субсидияланатын

да атап өткен жөн.

ҚР Ауыл шаруашылығы

министрі Сапархан Омаровтың

мәліметінше, елімізде тұқым

шаруашылығын субсидиялауға

жыл сайын шамамен 8 млрд

теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Өкініштісі, бөлінген қаражат

шаруашылықтардың бәріне

бірдей тимейді. Көп жағдайда ірі

шаруашылықтардан артылмайды.

Сондықтан ауыл шаруашылығы

министрлігі әрбір дақыл бойынша

жеке-жеке норматив бекіту жүйесін

дамыта түспек. Осылайша, алдағы

үш жыл ішінде еліміз үшінші

репродукциялы тұқымнан төмен

өнімдерден біржола құтылуды

көздеп отыр. Егіс алаңына тек

жоғары, бірінші, екінші және

үшінші репродукциялы тұқымдар

ғана себілмек.

Жоңышқа –

экспорттық жоба

Железин ауданы десе, әуелі «Пахарь» шаруа қожалығы ойға оралатыны

анық. Аз уақыттың ішінде тұрғызылған агроқалашық шағын

шаруалардың ынтасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа

технологияға ден қойған ірі серіктестікте алдағы уақытта ғылыми

орталық ашылмақ.

Иә, бүгінде ғылымсыз ауыл шаруашылығы

саласын дамыту мүмкін емес. Заманауи

технологияң болмаса да көшке ілесу қиын.

Мұны бес саусақтай білетін «Пахарь» шаруа

қожалығының басшысы Олег Литвиненко

шаруашылықты дамыту жоспарын түзіп,

оны жүзеге асыру үшін барын салуда.

- Бүгінде иелігімізде 35 мың гектар

жер бар. Оның 9200 гектары - суармалы

алқап. Суармалы жерді тағы 3 мың

гектарға ұлғайтуды көздеп отырмыз. Жерді

Мичурин ауылының аумағынан қарастырып

қойдық. Басымдық астық дақылдарына

беріледі. Одан бөлек, жүгері, картоп, сәбіз

егіледі. Картоп өсіруді соңғы жылдары

қолға алсақ та, гектарынан 50 тонна

картоп жинаймыз. Көкөніс сақтауда еш

қиындық жоқ. Сыйымдылығы 12 мың

тонналық қойма жұмыс істеп тұр. Қазір

тағы сонша көлемдегі қойманың құрылысы

басталып кетті. Соңғы жылдары жоңышқа

өсірудің қыр-сырын зерттеп жатырмыз.

Оны сапалы мал азығы ретінде пайдаланып,

Қытай нарығына да жөнелтпекпіз.

Өсімдікті Сауд Арабиясы мен Корея да алуға

дайын. Бірақ, Қытай ерекше қызығушылық

танытып отыр. Бүгінде ондағы жоңышқа

тапшылығы - 2 миллион тонна. Олар

өсімдіктен балалар тамағын жасауға

ниетті. Қытай нарығында жоңышқаның

тоннасы 400-500 долларға бағаланады.

Өнімді экспорттау үшін құжаттандыру және

тасымалдау ісіне 5 миллион еуроға жуық

қаражат қажет. Жоба сәтті жүзеге асса,

шығынды аз уақыттың ішінде ақтап алуға

болады, - дейді Олег Литвиненко.

Шаруашылықта сұранысқа сай жоңышқа

алқабын арттыру көзделуде. Бүгінде мұнда

2,5 мың гектар бар. Тағы 2,5 мың гектарға

ұлғайту мақсат етілуде. Өсімдік 25 күнде

өнім береді екен. Яғни, бабын тапса,

жылына өнімді екі рет алуға болатын

көрінеді.

Шаруа қожалығы басшысының мәліметінше,

бүгінде мұнда 4200 аналық ірі қара ұсталады.

Оның 1200-і - голштин тұқымды сүтті

сиырлар. Нәтижесінде тәулігіне 25 тонна

сүт өндіріледі.

Бүгінде шаруашылықта 140-тай адам

нәпақа тауып жүр. Жұмыскерлерге

12 пәтерлі, екі қабатты 4 үй тұрғызылыпты.

Тұру тегін, тіпті коммуналдық шығындарға

да қалтасынан бір тиын шығармайды.

Жұмыскерлер бос уақытын тиімді өткізуі

үшін мәдени-ойын-сауық кешені, бассейн

және спорт залы салынған. Сондай-ақ,

дәмхана, дүкен, мектепке дейінгі шағын

орталық пен фельдшерлік амбулатория

бар.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY

МӘСЕЛЕ 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл 5

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

Ауылдың мұңы – ауызсу

Тұрғындарды таза ауызсумен қамту – күн тәртібінде тұрған стратегиялық

мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдан алғанда Павлодар облысы бірнеше жыл бойы

ауылдықтарды ауызсумен қамту көрсеткіші бойынша көш соңында келген еді.

Тек соңғы бір-екі жыл дересінде ауқымды жобаларды қолға алып, республикалық

рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілді. Десе де, елді мекендерге тіршілік нәрін

тартуда әлі де күрмеулі мәселелер бар. Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар да көп.

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің редакциясы ауылдағы ағайынды сапалы

ауызсумен қамту мәселесін онлайн желі барысында қаузауды жөн көріп, облыстық

жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының

бас маманы Әлібек Қаленовті эфирге шақырды.

Тілші сауалы:

- Алдымен, биыл облыстың

қанша ауыл тұрғыны сапалы

ауызсуға қол жеткізетініне

тоқталып өтсеңіз...

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Осы жылы аймағымыздың 10

ауданының барлығында сумен қамтуға

қатысты жұмыстар қолға алынбақ.

Атап айтқанда, 32 елді мекенде су

желісін жүргізу басталады. Оның

ішінде 28 жоба биыл аяқталып, жыл

соңына дейін іске қосылады. Қалған

төрт жоба ауқымды болғандықтан,

келесі жылы пайдалануға беріледі.

Соның нәтижесінде сумен жабдықтау

көрсеткішін 88,4 пайыздан 92

пайызға дейін жеткізу жоспарда

бар. Яғни, облыстың 200-ден астам

ауылында орталықтандырылған

су құбыры болады. Жалпы, 2023

жылдың соңына дейін сумен қамту

көрсеткішін 100 пайызға жеткізу

көзделген. Осы мақсатта арнайы

жоспар да құрылды.

Айман, Ақтоғай ауданы:

- Орталықтандырылған су

құбырын тарту үшін қандай

талаптар қойылып, нендей

жұмыстар атқарылады? Яғни,

желілер жүргізілетін елді

мекендерді іріктеудің қандай

да бір тәртібі бар ма?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Орталықтандырылған су

құбырын тарту үшін ауылдағы

тұрғындардың саны 200-ден көп

болуы тиіс. Бұл – басты талап.

Көпшілік орталық желі қажет екенін

білдіріп, жергілікті әкімдікке өтініш

беруі тиіс. Тұрғындардың тілегі

жан-жақты сараланып, қажет болған

жағдайда су қорын анықтау, іздестірубарлау

жұмыстары жүргізіледі.

Бұл шамамен екі жыл уақытты

алады. Ауылға жақын аумақта

талаптарға сай келетін тіршілік

нәрінің көзі болса, жобалықсметалық

құжаттама әзірленеді.

Кейін республикалық, жергілікті

бюджеттен қаржы қарастырылып,

тиісті жұмыстар басталады. Өтініш

берген уақыттан бастап үйлер

орталық желіге қосылғанға дейін

3-4 жыл өтеді.

Тілші сауалы:

- Жасыратыны жоқ, кейде

жобалау кезінде қателіктер

кетіп, бірнеше көше орталық

желіден жырақ қалып жатады.

Мұндай жағдайда қандай шаралар

қолданылады?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Өкінішке қарай, мұндай

жайттардың кездесетіні рас.

Мәселен, өткен жылы Баянауыл

ауданындағы Қызылшілік, Лекер,

Сұлужон, Майкөбе ауылдарында

құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында

жобада қателіктердің бары

анықталып, үйлерге су тарту ісі биылға

шегерілді. Атап айтқанда, жобада

ауданның тасты аумақта орналасқаны

ескерілмеген. Баянауыл ауданы

мен мердігер компания соттасып,

құрылысқа жауапты кәсіпорын

айыппұл арқалады. Қателікке

бой алдырған аудандық әкімдік

қызметкерлері де жауапкершілікке

тартылды. Осы іспетті олқылықтар

қайталанбас үшін аудан

әкімдігі жұмыс барысын қатаң

қадағалауы тиіс. Мердігер ісіне

немқұрайлы қараса, келісімшарт

бұзылады.

Атшыбай МАНАЙ, Еңбек

ауылы, Ақсу қаласы:

- Біздің ауылда су құбырын

тарту жұмыстары басталғалы үш

жыл болды. Бірақ әлі күнге дейін

таза ауызсуға қол жеткізе алмай

келеміз. Ауылдағы құдықтың суы

ішпек түгілі шаруашылыққа пайдалануға

жарамайды. Жергілікті

әкімдік «әне бітіреміз, міне

бітіреміз» деумен шектеліп отыр.

Іс жүзінде ешқандай жұмыс

атқарылып жатқан жоқ. Енді бұл

мәселе қашан шешіледі?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Ауылдағы ағайынды алаңдатқан

бұл мәселені жақсы білеміз. Шынымен,

Еңбекте су тарту жұмыстары

2018 жылы басталып, 2019 жылы

аяқталуы тиіс еді. Бірақ мердігер

өзіне жүктелген міндетті дұрыс

атқармай, бірнеше рет мерзімді

кейінге шегеріп, мәселе сотқа

дейін жетті. 2021 жылы желілерді

жүргізу басқа мердігерге жүктелді.

Бүгінде негізгі жұмыстардың барлығы

аяқталды. Десе де, қыста жүргізілген

сынақ кезінде құбырдың бірнеше

учаскесі жарылып, қиындықтар

туындады. Аязды күндері жөндеуге

мүмкіндік болмады. Мердігер бұл

істі жақын күндері қолға алып,

осы жылдың жазында құбырлар

қолданысқа тапсырылуы тиіс.

Маржан, Шарбақты ауданы:

- Су желілері жүргізілген

ауылдардың жолдары ойлышұңқыр.

Кейде шұңқырлар ашық

күйі қалып жатады. Қазылған

жерлерді қайта қалпына келтіруге

кім жауапты?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Су құбырларын тартқан

мердігер компания жол жабындысын

реттеуге міндетті. Қайтадан асфальт

жабындысын төсеу, шұңқырларды

тегістеу – оларға жүктелген жұмыс.

Мердігерлердің жауапкершіліктен

жалтармауын жергілікті әкімдік

бақылауға алуы керек.

Тілші сауалы:

- Орталықтандырылған су

құбырының тартылып, сумен

жабдықтау көрсеткішінің артқаны

жақсы-ақ. Әйтсе де, кей кездері

санға көп мән беріліп, сапа ұмыт

қалатын сияқты. Олай дейтініміз –

тұрғындар тарапынан судың

дәмі, түсіне қатысты шағым

көп. Барлау нәтижесі бойынша

«пайдалануға жарамды» деген

қорытынды берілгенімен, желі

жүргізілген соң суды ішу мүмкін

емес. Бұған не себеп?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Оның бірнеше себебі болуы

мүмкін. Мәселен, орталық желіге

қосылған үйлер, әлеуметтік, бизнес

нысандары аз болғандықтан, су

тұрып қалады. Соның салдарынан

сапасы нашарлайды. Сол сияқты

сорғы станциясындағы сүзгілер

істен шығуы мүмкін. Бұл ретте

әр жағдайдың себебін жекелей

қарау қажет. Жалпы, орталық су

құбыры тартылған соң санитарлықэпидемиологиялық

бақылау органы

әр тоқсан сайын судың сынамасын

алып, сапасын тиісті талдамалардан

өткізеді. Егер қандай да бір көрсеткіш

талапқа сай болмаса, су желісінің

жұмысын реттеуге жауапты мекемелер

жауапқа тартылады.

Тілші сауалы:

- Осы орайда «Қай ауданқалада

су желілеріне жауапты

коммуналдық мекеме жоқ?»

деген сауал туындайды...

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Әзірше Екібастұз қаласына

қарасты ауылдық аймақтардағы

сумен қамту мәселесін реттеп,

бақылауға жауапты кәсіпорын

табылмай тұр. Бірнеше рет

мемлекеттік конкурс жарияланса

да, сенімді басқаруға алуға ниетті

ұйым кездескен жоқ. Сондықтан

судың сапасына, берілуіне қатысты

сауалдар туындаса, тұрғындар

ауылдық әкімдікке хабарласуы

керек. Су станцияларының барлығы

ауылдық округтер әкімдіктерінің

балансына тіркелді.

Марал, Павлодар ауданы:

- Әйтім ауылында орталықтандырылған

су жүйесі қашан

тартылады?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Әйтім ауылында су құбырын

тартуға қатысты жобалық-сметалық

құжаттама дайын. Жобаның жалпы

құны – 369 млн теңге. Келесі жылы

республикалық бюджеттен бұл сома

бөлінсе, тиісті жұмыстар басталады.

Амантай, Павлодар ауданы:

- Былтыр қарашада Заря

ауылында орталық су желісі пайдалануға

берілді. Бірақ қаңтарда

құбырлардағы су қатып қалды.

Биыл бұл жағдай тағы қайталана

ма деп қорқамыз. Осы мәселенің

шешімі бар ма?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Заряда су қатып қалуының

басты себебі – түтынушылардың аз

болуы. Мұндай жағдай қайталанбас

үшін үйлер орталықтандырылған

желіге қосылуы қажет. Бұл ретте

атап өтер тағы бір жайт – кейде

тұрғындар құдықтан үйге дейін

жүргізілетін құбырларға қажет

шұңқырларды өздері қазып, технологияны

сақтамайды. Қыста су қатып

қалмас үшін құбырлар кем дегенде

үш метр тереңдікте болуы керек.

Ал кейбір тұтынушылар өздері-ақ

аса терең қазбайды да, соның

салдарынан аязды күндері сусыз

қалады.

Сапар, Баянауыл ауданы:

- Осыдан шамамен 10 жыл

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

бұрын Баянауыл ауданындағы

Жұмат Шанин ауылында орталық

су құбыры тартылып, екі жылға

жетпей істен шығып қалды. Енді

сол желі қайта жөнделеді деп

естідік. Бұл жұмыс қашан қолға

алынады?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Орталық желінің бірнеше жыл

бұрын істен шыққаны рас. Оны

қайта қалпына келтіру мақсатында

биыл тиісті жоба әзірленіп, қаражат

бөлініп, мердігер ұйым анықталды.

Бұл ауыл тұрғындары келесі жылы

сапалы ауызсуды пайдалана алады.

Тілші сауалы:

- Баянауыл ауданы демекші,

өткен жылы аудан орталығында су

құбырын жүргізу кезінде 100-ден

астам үй жобаға ілікпей қалған

еді. Аталмыш мәселе қалай

шешілуде? Тұрғындар көршілері

сияқты орталық желінің игілігін

қашан көреді?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Жобаға енбей қалған

134 үйге жаңа желі тартуға қатысты

жоба осы жылдың сәуір айында

мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң

қорытынды алды. Биыл облыстық

бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер

ұйымды анықтау бойынша үрдістер

басталды.

Самал, Тереңкөл ауданы:

- Биыл қыста Песчан ауылында

құдықтар қатып қалып, бірнеше

үйдің тұрғындары өзеннен су

тасуға мәжбүр болды. Биыл

осындай жайт тағы орын алмас

үшін қандай шаралар жүргізіліп

жатыр?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Песчан ауылындағы орталық

су құбыры өткен ғасырдың 80-інші

жылдары тартылған болатын. Сол

уақыттан бері әбден тозығы жетіп,

істен шықты. Сондықтан биыл қайта

жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Яғни,

құбырлар толығымен жаңартылады.

Аудан әкімдігі жобалық-сметалық

құжаттама әзірлеуде.

Тілші сауалы:

- Білуімізше, облыста тасымалданатын

суды пайдаланатын

ауылдар әлі де бар. Бұл елді

мекендерді сапалы ауызсумен

қамту мәселесі қалай шешіледі?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- Баянауыл ауданындағы Шөптікөл

және Майкөбе ауылдарының

тұрғындары тасымалданатын

суды тұтынады. Атап айтқанда,

10 шақырым жердегі ұңғымадан

күн сайын арнайы техникамен

су жеткізіледі. Былтыр Майкөбе

ауылында орталықтандырылған су

құбырын тарту басталған болатын. Бұл

бағыттағы жұмыстар биыл аяқталады.

Шөптікөл ауылына қатысты жобалықсметалық

құжаттама дайын. 2022-

2024 жылдарға арналған бюджеттік

өтінім тізіміне қосылады. Қаражат

бөлінген соң құрылыс жұмыстары

қолға алынады.

Тілші сауалы:

- 200-ден көп тұрғыны бар

ауылдарда орталықтандырылған

су жүйесін тарту мүмкіндігі бар.

Ал одан аз тұрғыны бар елді

мекендер қайтпек?

Әлібек ҚАЛЕНОВ:

- 200-ден аз тұрғыны бар ауылдарда

кешенді блок-модульдер

қойылады. Былтыр 35 ауылда

осындай кешен орнатылса, биыл

32 елді мекенге жеткізіледі.

Ауылдық елді мекендерді таза ауызсумен қамтуға

қатысты тұрғындардың көкейінде сұрақ көп. Бұл тікелей

эфир барысында анық байқалды. Әсіресе, Ақсу қаласының

Еңбек ауылының тұрғындары орталықтандырылған

су жүйесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, істің

сиырқұйымшақтанып кеткеніне налыды. Бұл мәселені

шаһар басшылығы назарға алып, ауылдағы ағайынның

талап-тілегін ескерер деген ойдамыз. Онлайн желі барысында

қойылған сұрақтар, көтерілген мәселелер редакцияның

да бақылауында болмақ.

Онлайн желіні жүргізген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


6 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл ЖАҢҒЫРЫҚ

SARYARQA SAMALY

ҰЛЫ ЕРЛІК -

БЕРЕН

1942 жылдың қыс айы. Качир (қазіргі Тереңкөл) ауданына қарасты Тегістік

елді мекенінен арбамен жолға шыққан 4-5 жігіт Павлодар қаласын бетке

алды. Бұл – қан майданға апарар жол еді...

Ақ батаның қасиеті

Шаһарға жақындай бере күн

батып, жолаушылар жақын маңдағы

ауылдың біріне аялдады. Әрқайсысы

әр үйге орналасты. 17 жастағы

Құдайберген Қапсалямов түнеген

шаңырақтағы батагөй ақсақал жас

жігітке ақ батасын беріп, майдан

даласына шығарып салды. Әуелі

Алла, кейін ақсақалдың батасының

арқасында аман қалғанын әңгімелеп

отырған Құдайберген ата бүгінде

96 жастың ауылына қадам басты.

Ол жауынгерлік жолын 1943 жылы

Забайкалье әскери округінен бастаған.

34-жеке танкілерді жою дивизиясы

нысанашысының көмекшісі

болып қанды ұрысқа кірісіпті.

«Соғыс» тілімен айтқанда, артил-

МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ

лерист болып неміс танкілеріне

тойтарыс берген. Сол жылдың

сәуірінен бастап 8-армия құрамында

бірінші Беларусь майданында

болып, құралайды көзге атқан

мергендігінің арқасында жау

танкісін жақындатпай, алыстан

жойып отырған.

- Неміс танкісі жақындаса, бәрі

бітті дей бер. Снаряд дөп тисе,

зеңбіректі 5-7 метрге дейін ұшырып

әкетеді. Сол себепті, алыстан «күтіп

алуға» тырысатын едік. 1945 жылдың

ақпан айында болған ұрыста әуелі

автоматшыларға, кейін танкілер

мен өзі жүретін техникалардың

шабуылына тойтарыс бердік. Жақын

келген «Фердинант» деп аталатын

жау техникасының көзін жойдым.

Бұл күні 50 шақты фашист қаза

болып, бірнеше жау танкісі істен

шықты. Ерен ерлігім үшін «Даңқ»

орденімен марапатталдым, - деп

еске алды ардагер.

Құдайберген Қапсалямов әрдайым

Ұлы Отан соғысының алдыңғы

шебінде жүрген. Варшава, Лодзь,

Кутно сияқты қалаларды азат етуге

белсенді атсалысқан. Познань,

Кюстрин, Франкфурт, Фюрстенвальд

қалаларын алуда жанкештілік

танытқан. Берлин қаласын алудағы

көшедегі жанқиярлық ұрыстар да

әлі есінен кетер емес.

- Познань – ірі өндірістік орталық

ретінде қорған қала саналатын.

Фашистер мұнда жауынгерлік техникаларын,

өзге де қару-жарақтарды

молынан сақтады. Біздің бөлімшелер

қаланы және әскери гарнизондарды

қоршауға алды. Осылайша,

ұзаққа созылған ұрыс басталды.

Бір айдың ішінде Берлин бағытына

жол ашқан стратегиялық маңызы

бар тапсырма орындалды. Бұл

жолы ауыр жарақат алдым. Аталған

ұрысқа қатысқаным үшін берілген

марапаттар жігерлендіре түсті, -

деп қария өткенге көз жүгіртті.

Соғыс жылдары артиллерия -

ең жойқын соғыс құралының бірі

болғаны белгілі. Бұл ретте, Берлинді

алу кезінде де артиллеристердің

белсенді іс-әрекеті жеңісті жақындата

түсті. Зеңбіректен жауған толассыз

снаряд оқтарының нәтижесінде

жаудың қорғаныс шебі әлсіреді.

Берлинді алу кезіндегі ұрыста

ерлік көрсеткені үшін Құдайберген

Қапсалямовтың кеудесіне лайықты

орден-медаль тағылған. Үшінші

дәрежелі «Даңқ» ордені, I дәрежелі

«Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік

еңбегі үшін», «Варшаваны азат

еткені үшін», «Берлинді алғаны

үшін», «Германияны жеңгені үшін»

медальдары және өзге де марапаттары

әлі күнге дейін жарқырап,

соғыс жылдарының қасіретін еске

салады.

1950 жылы соғыс даласынан

оралған Қ.Қапсалямов зейнеткерлікке

дейін құқық қорғау саласында

еңбек етті. Өмірлік тәжірибесін

кейінгі жастарға үйретіп, «Мінсіз

қызметі үшін» медалімен және

«Милиция үздігі» төсбелгісімен

марапатталған.

О.ҚОЖАНОВ,

Ақсу қаласы.

Панфиловшылар

ерлігіне – 80 жыл

Биыл Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар

дивизиясының Мәскеуді қорғауда ерлік көрсеткеніне

– 80 жыл. Осыған байланысты өңіріміздегі «Панфиловшылар»

іздестіру жасағы Ресейде болатын халықаралық

бронды жорығына шақырту алып отыр.

Соғыс тарихына үңілер болсақ,

Иван Панфилов Ұлы Отан соғысын

Қырғыз КСР әскери комиссары

қызметінде жүргенде қарсы

алды. 1941 жылы Алматы

қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен

316-шы атқыштар дивизиясын

құрып, соғысқа аттанды. 1941 жылдың

қазан-қараша айларында

Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде

Панфилов басқарған 316-атқыштар

дивизиясының жауынгерлері Волоколамск

бағытын қорғауда асқан

ерлік көрсетті. Сол қаһармандардың

ерлігі ел есінен шыққан емес,

ұрпақ жадында мәңгі сақталып

қалды.

Осыдан бес жыл бұрын өңірімізде

Панфилов дивизиясы ерлігінің

75 жылдығы құрметіне Торайғыров

университетінің қолдауымен «Панфиловшылар»

іздестіру жасағы

құрылған еді. Сонымен қатар,

Павлодар қаласындағы №14 орта

мектепте Панфилов атындағы

мамандандырылған мұражай

ашылып, соғысқа қатысты тарихи

жәдігерлер, құнды құжаттар мен

тарихи суреттер қойыла бастады.

«Панфиловшылар» іздестіру

жасағының командирі Бақытжан

Өтеповтің сөзінше, алғашқы іздеу

жұмысы 2017 жылы Ресейдің

Тверь облысына қарасты Зубцов

қаласының маңынан басталған.

- Алғашқы қазба жұмысының

нәтижесінде ресейлік әріптестерімізбен

бірге 47 адамның сүйегін

тауып, арнайы орындарға жерледік.

Осы бағыттағы іс-сапарға

2018 жылы да шығып, Мәскеу

облысының Можайск ауданы

маңында жұмыс жүргіздік. Ал

2019 жылы Тверь облысының Ржев

қаласының маңында болған

халықаралық естелік вахтасына

қатыстық. Жалпы, сол жылғы естелік

вахтасының іздеу жұмысының

нәтижесінде 269 адамның сүйегі

табылды. Олардың барлығы сол

Ржев қаласында ашылған мемориалдық

зиратқа қайта жерленді.

Сонымен қатар, екі рет халықаралық

бронды жорыққа қатыстық.

Алғашқысы Мәскеу-Брест-Мәскеу

бағытында болды. Жалпы, ұзақтығы

2300 шақырым жолды жүріп

өттік. Екіншісі Мәскеу-Ленинград-

Мәскеу бағыты бойынша ұйымдастырылды,

- дейді Бақытжан

Өтепов.

Биыл Панфилов дивизиясы

ерлігінің 80 жылдығы құрметіне

бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған.

«Панфиловшылар» іздестіру

жасағына Мәскеу-Калуга-

Смоленск-Мәскеу бағытында жүретін

халықаралық бронды жорығына

шақырту келіпті. Сонымен

қатар, Алматы қаласында ТМД елдері

ғалымдарының қатысуымен

халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференция өтуі мүмкін. Мүмкіндік

болып жатса, сол маңызды

жиындарға қатысып, Ұлы Жеңіс

тақырыбында осы өңірде атқарылып

жатқан жұмыстарды баяндауды

жоспарлап отырғанын айтады.

- Биыл №14 мектептің ішіндегі

Панфилов атындағы мамандандырылған

мұражайды әлі де

үлкейтіп, қосымша бір бөлім ашу

ойымызда бар. Себебі, соғысқа

қатысты экспонаттар мен құжаттар

және тарихи суреттер көптеп табылуда.

Тіпті, ресейлік әріптестерімізден

де құнды жәдігерлер келіп

жатыр. Жақында Ленинград облысының

Санкт-Петербург қаласында

тұратын жерлесіміз, көрнекті

Қоғам қайраткері Шерхан Әбілов

ағамыз мұражайға естелік-сыйлық

ретінде генералдың формасын

жіберді. Сондай-ақ, биыл мектеп

директоры Асхат Сачановтың

қолдауымен мұражайға жөндеу

жұмысын жүргізуді жоспарлап

отырмыз, - дейді.

Т.САХАБА.

Ұлы Отан соғыс жылдарында майдан өтіндегі

сарбаздың амандық хабары отбасына хат

арқылы ғана келіп тұрғанын білеміз. Әсіресе,

ұлынан хат алған әке-шеше мен сағынышқа

оранған сүйікті жардың және әке құшағын аңсаған

баланың қуанышынан артық не болады

деп ойлайсыз?! Мәселен, майдангер жерлесіміз

Халел Оспанов үйде күткен анасы мен ағабауырларына

және туыс-туғандарына арналған

12 хатын өлеңмен жолдаған екен.

«Анажан, сізді

сағындым»

Тілеуберді САХАБА

Халел Оспанов 1923 жылы

Ақсу қаласында дүниеге келген.

12 жасында әкесінен айырылып,

анасының тәрбиесінде болады.

Майданға 1942 жылы аттанып,

солтүстік-батыс және Балтық

майдандарында шайқасқан. Әскерде

ол пулемет есептобының

командирі болыпты. 1945 жылдың

22 мамырында госпитальға түсіп,

онда 1945 жылдың 28 маусымына

дейін емделеді. Жарақатына байланысты

елге жіберілген. Майдангердің

жиені Ажар Есенғожинованың

сөзінше, нағашы аталарының

хаттары майдангердің үлкен қызы

Халида әжейдің отбасылық мұрағатында

әлі күнге дейін сақтаулы.

Жауынгердің көп жазбаларынан

Отанына, анасына, туған-туыс,

бауырларына деген сағыныштың

иісі бұрқырайды. Сонымен қатар,

неміс фашистеріне деген ыза мен

кектен туған өлеңдері де бар.

Тағы бір хатында госпитальде

жатқан ауыр жағдайын баяндайды.

Ардагердің екінші қызы Гүлнәр

Сағымбекова әкесінің майдан

өтінде жазылған бір өлеңіне ән

шығарып, оны бүгінде гитарамен

орындап жүр.

- Атамыз шығармашылыққа,

өлеңге өте жақын болған екен.

Мысалы, соғыстан келгеннен кейін

Май аудандық «Сталин туы»

газетінің редакторы, одан кейін

Ермак ауданы (қазіргі Ақсу қаласы)

«Путь Ильича» (қазіргі Ақсу жолы)

газеті хаттар бөлімінің меңгерушісі

болып жұмыс істеген екен. Ол

кісінің есімі «Боздақтар» және

«Жеңімпаздар» жинақтарына енді.

Алдағы мақсатымыз – майданда

жазылған барлық хаттары мен

өлеңдерінің басын қосып, «Туған

елге сәлем» деген кітап шығару, -

дейді Ажар Қайруллақызы.

Халел Оспановтың «Анажан,

сізді сағындым» деген мына бір

өлең-хатында өзінің анасына деген

сарғайған сағынышын, туған елі

мен жерін бір көруге деген аңсартілегін

ақтарады. Хаттың толық

нұсқасын ұсынып отырмыз:

МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР

Анажан, сізді сағындым,

Сағынып жатып хат жаздым.

Еске түсіп бауырлар,

Жүрегім ойлап жарылдым.

Шіркін, қайран елім – ай,

Еркін өскен жерім –ай.

Көруге құмар мен болдым,

Осы күнде тәңірім –ай.

Уа Алла, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.

Бір жалғызға жар болып,

Көрсеткін елді панайын.

Ұмытпа ана жалғанда,

Жас құлыныңды жас жүрек.

Құлының жүр ғой арманда,

Көремін елді қашан деп.

Арманың сірә болмас еді,

Туғандарды бір көрсем.

Көңілден шерім шығар еді,

Туғандарыммен кездессем.

Осыменен ел - жұртым,

қош болыңдар,

Анаммен елдегі бар туғандар.

Қате болса өлеңде сөкпеңіздер,

Мұнан басқа менде жоқ

хатқа жазар.

Желтоқсан, 1943 ж.


SARYARQA SAMALY

АҚСАУЫТ 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл

7

ҰРПАҚ СҮЙСІНГЕН

Басы 1-бетте

Ердің даңқы – елге мақтан

Сұрағанов Құдайберген Мағзұмұлы

1921 жылдың 25 мамырында

Павлодар уезінің бүгінгі Тереңкөл

ауданына қарасты Сұлуағаш

ауылында дүниеге келген. Атаанасынан

ерте айырылып, әжесі

Жәникенің қолында тәрбиеленген.

Соғыстан елге жеңіспен оралғанда

да оны осы әжесі қарсы алған

екен.

Құдайберген жасынан ерекше

талапты да алғыр, жауапты да

байсалды бала болып өседі. Ол

өзінің сүйікті оқытушысы, адами

қасиеттерімен ерекшеленетін

Шайхысіләм Оспанов мұғаліміне

ұқсап, математик болуды армандайтын.

«Оның барлық ғұмыры

адамдарға шынайы қызмет ету ізгі

ниетінен туындаған күн сайынғы

ерліктен тұратын, мен де сол

кісіге ұқсауға тырыстым» деп

еске алады өзінің сүйікті ұстазын

Құдайберген Мағзұмұлы.

Қ.Сұрағановтың жастық шағы

тарих сахнасындағы небір ауыр

кезеңдермен тұспа-тұс келді.

Бұл ұрпақтың өмірі оңай болған

жоқ. Құдайберген Мағзұмұлы өз

естеліктерінде балғын балалық

шағын былайша еске алады:

«Тезірек аяққа тұру үшін маған

бесінші және алтыншы кластарды

бір жылда оқып бітіруге тура

келді. Біз тек өзіміз ғана оқып

қоймай, сауатсыз үлкен кісілерді

де оқытатынбыз. Маған 20 үйді

бекітті. Менің оқушыларым мектепке

барғылары келмеді, ұялды ғой

деймін. Сондықтан мен әрбір

үйге өзім барушы едім. Ал өз

үйім болмады. Көпбалалы бір

колхозшының үйінде тұрдым.

Мен ол үйге қолымнан келгенше

көмектесетінмін. Мал (жылқы, сиыр,

қой) жайладым, қол диірменмен

бидай үктім... т.б. Міне, біз мектепте

осылай оқыдық».

Мектепті ойдағыдай аяқтағаннан

кейін В.В.Воровский атындағы

Павлодар педагогикалық училищесіне

оқуға түсіп, оны 1940 жылы

үздік дипломмен бітіреді.

1940 жылғы қазан айында

Құдайберген Мағзұмұлы әскер

қатарына шақырылады. Оны

Моңғолияға взвод командирлерін,

даярлайтын 185-ші артиллерия

полкінің оқу батареясына жібереді.

«Мен өзімнің алғашқы командирім

взвод лейтенанты Мильченконы

ешуақытта ұмытпаймын. Ол бізге

артиллерия тілін аса жоғары

деңгейде оқытып қана қоймай,

маған орыс тілін де үйретті» деп

Қ.Сұрағанов оны ерекше ризашылық

көңілмен есіне алады.

185-ші артиллериялық полктің

оқу батареясында алған осы білімін

ол кейін жаумен шайқаста, ұрыс

қимылдарында аса сауатты әрі үлкен

шеберлікпен қолдана білді. 1942

жылғы сәуір айында кіші лейтенант

Қ.Сұрағанов 1111-ші артиллерия

полкінің 6-шы батареясының

атыс взводының командирі болып

тағайындалады. Оның взводы

артиллериялық атыс дайындығы

бойынша полктегі ең үздік взвод

деп танылады.

1942 жылғы шілде айында

Калач станциясынан батысқа қарай

Дон өзені арқылы өту кезінде

Қ.Сұрағанов фашист басқыншыларымен

алғаш рет бетпе-бет

кездесті. Батыр жерлесіміз өз

естеліктерінде жаумен болған

алғашқы шайқас жайлы былай

деп жазады: «... Шілде айының

орта кезі болатын. Міне, Дон

өзенінде батарея командирі, лейтенант

Григорий Тепляков рация

арқылы әскери бұйрығын саңқ

еткізді:

– Батарея, жау танкілеріне

қарсы бірден атыңдар!

Төрт сағат бойы біздің зеңбіректеріміз

оқ жаудырумен болды.

Зеңбірекшілер аяқтарында әзерәзер

тұр. Бір уақытта рациядан:

– Жарайсыңдар! Өте жақсы

іскерлік көрсеттіндер, жау танкілерін

тоқтаттыңдар! – деген дауысты

естідік.

Келесі күні жау танкілері тағы

да шабуылға шықты. Олар тым көп

еді. Кешікпей біздің комбаттың:

«Жау танкілері шебімізді бұзып өтті.

Олар бізге қарай жылжып келеді.

Өз беттеріңмен қорғаныңдар!» –

деген бұйрығын алдық.

Менің взводымда 26 снаряд

қалды. Бір зеңбірекке 13-тен

келетін, яғни снарядтың бір де

бірі нысаннан тыс кетпей, дәл

тиюі керек. Өз зеңбірекшілерімді,

зеңбірек командирі Максимов,

наводчик Тущин, зарядтаушы

Михайловтардың көңіл-күйлерін

көтеріп: «Танктерден қорқатын

ештеңе жоқ, олар жүріп келе жатып

атады, яғни дәл көздемейді. Ал

сендер болсаңдар окоптасыңдар.

Асықпай, абдырамай көздеңдер,

сонда сендердің снарядтарың жау

танкісіне тура, дәл тиеді» - деп

қоямын.

Біз комиссар Курилин екеуміз

зеңбіректердің арасына тұрдық.

Күтіп тұрмыз. Міне, биіктен олар

көріне бастады... Міне, бас танкілері

бірінші межеге таяп қалды. Оған

қарсы прицелды біздікілер жатқа

біледі.

– Максимов, бас танкі сенікі!

Миронов – екінші! Зеңбірек снарядымен

жойыңдар!

– Зеңбіректер бір ауыздан гүрс

етті. Алғашқы екі танкі тоқтады.

– Тағы да: «Максимов, құрт

келесіні! Миронов, сенікі тағы

да екінші! Прицел сол бұрынғы!

Атыңдар! – деп тағы да әскери

бұйрығымды беріп жатырмын.

Бұйрығымның әскери уставқа

аздап сәйкес еместігін өзім

сезіп тұрмын, бірақ жігіттер мені

түсініп, қимылдап жатыр. Тағы да

екі снаряд жау танкілерін жер

жастандырды. Бір мезетте көрші

зеңбірекшілер жауға қарсы оқ

жаудырып, бізге көмек берді. Біз

осылайша әрбір қадам жер үшін

шайқастық. Өйткені артымызда

Волга, Сталинград бар еді».

1942 жылғы 22 тамызда Тингуто

станциясының түбінде немістің

12 танкісінің шабуылы кезінде

Қ.Сұрағанов ерлікпен шайқасып,

жаудың 4 танкісін жойды. 28 қыркүйекте

жау танкілері біздің

әскерлердің қапталынан кіреді.

Жеңіл жараланған Қ.Сұрағанов

ұрыс алаңынан кетпей, тағы да

жау шабуылына тойтарыс береді.

30 қыркүйекте біздің әскери

бөлімдердің жау авиациясының

интенсивті бомбылауынан шегінуі

кезінде, ол зеңбіректерін ұрыс

алаңынан бүлдірмей алып шықты.

Екінші рет жарақаттанса да ұрыс

алаңында қатарда қалды. Осы

шайқаста Қ.Сұрағанов жаудың

4 танкісінің, 390 немістің көзін

құртып, 2 зеңбірек батареясын

талқандады.

Сталинград түбінде болған

жойқын, қанды ұрыстарда

Қ.Сұрағанов «Қызыл жұлдыз»

орденімен наградталады. Ол ауыр

жарақаттанып, жарты жылға жуық

емделеді. Шыққан соң қайтадан

майдан шебіне оралып, 468-ші

артиллерия полкінің 5-ші батарея

басқармасы взводының командирі,

содан кейін 142-ші армиялық

артиллерия бригадасының 8-ші

батарея басқармасы взводының

командирі болып тағайындалады.

Бригада құрамында ол Белоруссия,

Литва, Польша жерлерін

фашист басқыншыларынан азат

етуге қатысады. Осылайша екінші

рет «Қызыл жұлдыз» орденімен

наградталады.

1945 жылғы көктемде Одер

өзенінің батыс жағалауындағы кескілескен

шайқастарда Қ.Сұрағановтың

зеңбірекшілері 49-шы атқыштар

дивизиясының жаяу әскеріне

артиллериялық қолдау көрсетіп,

дивизияның алға ұмтылуына жағдай

жасайды. Осы қырғын шайқастарда

батарея командирі

Қ.Сұрағанов барлау қимылдарын

асқан шеберлікпен ұйымдастыра

білді. «Одер өзенінің батыс

жағалауындағы қорғаныс операциялары

кезінде Қ.Сұрағановтың

нақты әрі өте шебер ұйымдастырған

барлау әдістерінің арқасында

оның барлаушылары Полиц

деревнясының тұсында 105 мм-лік

2 зеңбірек батареясын; Риссен

деревнясының шығысында 105 ммлік

3 зеңбірек батареясын; Цильтендорф

елді мекенінің оңтүстік

батысына қарай 105 мм-лік

2 зеңбірек батареясын; Лоссов елді

мекенінің батысына қарай 105 мм-лік

3 зеңбірек батареясын анықтап,

нәтижесінде дивизион шабуылымен

күл-талқанын шығарды... Бұл біздің

жаяу әскердің аз шығынмен алға

ұмтылуына жағдай жасады» делінген

Қ. Сұрағановты Кеңес Одағының

Батыры атағына ұсынған марапат

қағазында.

1945 жылғы 17 сәуірде 49-шы

атқыштар дивизиясының әскери

Коллаждарды жасаған - Нұрбек Кожиков.

бөлімдеріне қатты күшейтілген

Унтер-Линдов елді мекенін алу

керек болады. Осы мақсатпен

дивизия деревняның солтүстігінен

айналып жылжиды. Ал дивизияның

ұтымды қозғалысын майданнан

артиллеристер қамтамасыз ету

керек болады. Аға лейтенант

Қ.Сұрағанов қарсыластың траншеясына

200 метр еңбектеп барып,

өз артиллериясының нысана

көздеулерін түзете бастайды.

Оның зеңбіректерінің дәлдігінің

арқасында фашистерді жаяу

әскерлер келгенге дейін тек траншеялардан

ғана емес, бүкіл елді

мекеннен қуып шығады.

1945 жылдың 23 сәуірі.

Қатарында Қ.Сұрағанов бар 49-

шы атқыштар дивизиясының 222-

ші атқыштар полкі, 2-ші батальоны

Одер өзенінде бекінеді.

Дуброво деревнясының түбінде

жаудың қарша бораған оғы біздің

жаяу әскердің басын көтертпейді.

Көмекке танкілер де келеді. Алайда

қарсыластың соңғы қорғаныс

шебінде шабуылдау қиынға соғып,

немістің фаустпатрондары біздің

танктердің бірінен соң бірін істен

шығара береді.

Ендігі үміт тек артиллеристерде

қалған. Қ.Сұрағанов перископ,

телефон аппаратын, бір катушка

кабель алып және алдына катушкасын

лақтыра отыра, еңбектеп,

жау траншеясына қарай бет

алады. Жау траншеялары жақсы

көрінетін бір төбешікті тауып,

телефонын қосып, өзінің батарея

командирі Ф.М.Чернобровкинге

ату нысандарының координаттарын

баяндайды. Чернобровкин

картадан нысандарды анықтап: «Сен

біздікілерден алыс емес екенсің

ғой. Алғашқы-ақ снаряд сенің

басыңа түсуі мүмкін!» - деп атысты

ашуға рұқсат бермейді. Дивизион

командирі В.Д.Корепанов та

рұқсат етпейді. Сонда Қ.Сұрағанов

өзін артиллерия бригадасының

командирімен қосуды сұрайды.

Артбригада командирі: «Құдайберген,

атыстың корректировкасын жақсы

жасайды. Мен оған сенемін» деп

рұқсатын береді.

Қ.Сұрағановтың осы кескілескен

шайқаста көрсеткен табандылығы,

батылдығы, ержүректілігі

оның марапаттау қағазында

былайша суреттеледі: «... 222-ші

атқыштар полкін артиллерия күшімен

қолдау тапсырмасын алған

аға лейтенант Сұрағанов жеке

өміріне төнген қауіпке қарамастан,

2-ші батальонның ұрыс шебінен

тыс шығып, қарсыластың траншеяларын

көздеу дәлдігімен жойқын

атты. Бұл жаудың Одер өзені

қорғанысы жүйесіндегі соңғы бекінісі

еді. Ол жау пулемёттерінің үнін

өшіріп, содан соң ұрыс жалынын

шығысқа, Штатсфорт-Нойбрюк

орманының шетіне ауыстырып,

Фордер көлі маңында қарсыластың

минбатареясының көзін жойды.

Аға лейтенант Сұрағановтың

артиллериялық қолдауымен біздің

атқыштар траншеяларға арыстанша

атылып, жауға қырғидай тиіп,

фашистерді қуалай отырып, Витенбрюк

маңындағы Одер-Шпрее каналына

шықты. Сөйтіп, қарсыластың

Дубров елді мекеніндегі бекінісінен

шегінуінің жолын кесті. Кейін аға

лейтенант Сұрағанов шабуылдаған

траншеяда 100-ден аса неміс

солдаттарының ажал құшқандығы

белгілі болды. Одер өзеніндегі

кескілескен шайқастарда көрсеткен

ерлігі үшін Қ.Сұрағановқа КСРО

Жоғары Кеңесі Президиумының

1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен

Кеңес Одағының Батыры

атағы берілді. Сондай-ақ, «Ленин

ордені» мен «Алтын жұлдыз» медалі

қоса тапсырылды».

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан

кейін Қ.М.Сұрағанов 1951 жылы

Абай атындағы Қазақ педагогикалық

институтының физика-математика

факультетін, С.М.Киров атындағы

Қазақ мемлекеттік университетінің

дифференциялық теңдік кафедрасы

жанындағы аспирантурасын

бітіреді. Ол ұзақ жылдар Қазақ

әйелдер педагогикалық институтында

элементарлық математика

кафедрасының ассистенті,

аға оқытушысы, доцент, геометрия

және математика пәнін оқытудың

методикасы кафедрасының меңгерушісі

болып қызмет атқарады.

Кандидаттық диссертациясын

қорғайды.

Атақты жерлесіміз 2008 жылғы

14 ақпанда дүние салды. Кеңес

Одағының Батыры Қ.М.Сұрағановтың

өнегелі өмір жолы, ерлігі -

өскелең ұрпақты қазақстандық

патриотизм рухында тәрбиелеудің,

халқын, жерін сүюдің жарқын үлгісі.

Жастарға арнап Батыр бабамыз

былай деп жазған еді: «Сіздер біздің

жауынгерлік даңқымыздың қайнар

көзін ешуақытта ұмытпауларыңыз

керек. Әрбір келесі ұрпақтың тірегі –

өздеріне дейінгі ұрпақтың жүріп

өткен жолы. Ұлы Жеңіске қол

жеткізген ата-бабаларыңның әскери

тәжірибесін оқып, үйреніңдер, үлгі

тұтыңдар!».

Қаншайым МАҚАЖАНОВА,

Павлодар облысының

мемлекеттік

архиві басшысының

орынбасары.


8 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл БЕРЕН

SARYARQA SAMALY

Минометші

Жүнісов

Осы күнге дейін көпке белгісіз

болып келген есімдердің бірі – Жүнісов

Абдылахир. Ол 1923 жылы дүниеге

келген. 1942 жылы Павлодар әскери

комиссариаты арқылы майданға

шақырылған. Калуга облысы Спасск-

Деменский ауданына қарасты

Субарь деревнясы маңында болған

шайқастарға қатысқан. Ол аға лейтенант

Ершов басқарған 920-атқыштар

полкінің 2-атқыштар батальонының

минометшісі болды. Жерлесіміздің

майдандағы әскери атағы - кіші

сержант. Сол аумақта болған ұрыс

кезінде жерлесіміз ерлікпен қаза

болды. 920-атқыштар полкінің

командирі, подполковник Лувегов

даңқты минометші Жүнісовтің ерлігін

ерекше бағалап, Кеңес Одағының

Батыры атағын беруге ұсынады.

Бірақ, ұсыныс жоғарыдан құпталмады.

Дегенмен, кейін І дәрежелі «Отан

соғысы» ордені берілді. Ұлы Жеңіс

жолында жан аямай күрескен

қаһарманның есімі ұмытылмайды.

Сәбит

Ахметбеков

Сәбит Ахметбеков 1920 жылы туған.

Әскерге 1940 жылы Куйбышев ауданы

әскери комиссариатынан шақырылып,

Днестр өзені жағалауында болған

ұрыстарға қатысқан. 1944 жылдың

наурыз айында Колодзеюбка деревнясы

аумағында немістерге қарсы

шабуыл кезінде үлкен ерлік жасаған.

Яғни, қарсы тараптың траншеясын

талқандап, немістердің 20-дай сарбазы

мен офицерін жер жастандырды.

Сол күні құрамында Сәбит Ахметбеков

соғысатын автоматшылар бөлімі

немістің 65 солдаты мен офицерінің

көзін жойды. Жерлесіміз 1944 жылдың

Әкеміз Мұсаипов

Қабиден 1941 жылы

18 жасында әскерге

шақырылды.

1942 жылы Калинин

майданындағы 830-шы

атқыштар дивизиясының

құрамына кіреді.

Әке ерлігі

ұмытылмайды

1943 жылы қолынан жарақат алып, госпитальда

емделіп шыққан. Жастық жігері мен

қайсарлығының арқасында майданға қайта

оралып, байланысшы міндетін атқаруға кіріседі.

Осы кезде тағы жараланып, ауыр жағдайда

госпитальге жеткізіледі. Кейін жазылып

шыққанымен қолына қару алуға жағдайы

келмеді. 1943 жылдың мамыр айында елге

оралады.

Әкеміздің майдандағы ерлігі жоғары

бағаланған. Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы»

орденімен, «Кеңес Одағының маршалы

Г.К.Жуков» медалімен, «Ұлы Отан соғысында

Германияны жеңгені үшін» медалімен және

«Ұлы Жеңіске – 50 жыл» мерекелік медалімен

марапатталды.

Үйге денсаулығынан айырылып, мүгедек болып оралса да бірден

еңбекке араласып кетеді. Өмірінің 40 жылдан астам уақытын мал дәрігерлік

қызметіне арнады. Зейнеткерлікке шыққан соң да әкеміз қол қусырып

қарап отырмайтын. Ауылдағы көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп

жүретін. Сол ерекше қасиетінің арқасы болса керек, ауыл арасына өте

беделді де абыройлы болды. 2003 жылдың қаңтар айында 80 жасқа

қараған шағында өмірден өтті.

Сауле ҚАБИДЕНҚЫЗЫ.

Ерлік мәңгі

өшпейді

Облыстық ардагерлер кеңесі «Ұмытылмаған қаһармандар»

жобасын қолға алып, кезінде ерліктері бағаланбай

қалған батырлардың есімін насихаттауды бастағанын

жазған болатынбыз. Олардың барлығы кезінде «Кеңес

Одағының батыры» атағына ұсынылғанымен, белгісіз

себептерге байланысты мақұлданбай қалған.

24 наурызы күні тағы бір ерлігімен

көзге түсті. Сол күні Колодрувка

ауылының маңындағы Днестр өзенін

жүзіп өтіп, біздің солдаттар өтіп

барғанша неміс жасағының алдына

тосқауыл болды. Дәл осы ерлігін

1944 жылдың 3 сәуірінде де қайталады.

Соңғы шайқас кезінде немістердің

10 сарбазының көзін жойған. Осы

ерлігі үшін майдангер жерлесіміз

Кеңес Одағының Батыры атағына

ұсынылған екен. 1944 жылдың 9 мамырында

«Қызыл жұлдыз» орденімен

марапатталды.

Уақас Алтаев

Ол 1925 жылы дүниеге келген.

1942 жылы Лозов әскери комиссариаты

арқылы әскерге алынып,

Беларуссия майданында шайқасты.

Уақас Алтаев 270-Демидов атқыштар

дивизиясының 977-атқыштар полкіне

қарайтын 8-атқыштар ротасының

мергені болған. 1944 жылы Витебск

облысы Надеждино деревнясының

аумағындағы бір операцияда батыс

Двина өзенінен қайықпен бірінші

болып өтіп, жау траншеясына қарсы

шабуылдай бастайды. Аз уақытта

қарсы тараптың ондаған сарбазын

өлтірді. Сондай-ақ, осы аумаққа төніп

келген немістердің жасағын артқа

шегіндірді. Жерлесіміздің осы шайқаста

жасаған көзсіз ерлігін 977-атқыштар

полкінің командирі Кашин Кеңес

Одағының Батыры атағына лайық

деп танып, жоғарғы қолбасшылыққа

ұсыныс хат жолдаған екен. Бірақ,

Алтаев 1944 жылдың 23 шілдесінде

«Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұл майдангерлердің

есімдері өткен жылы жарық

көрген тарихшы Берік Әбдіғалиұлының

«Ұмытылған қаһармандар» кітабына

енді.

Тілеуберді САХАБА.

Даңқты майдангер

Әлемді дүрліктірген қатыгез,

аяусыз соғыс қазақ халқының

басына үлкен қайғы-қасірет

әкелді. Сол сұрапыл соғысқа

Сағитов Сәйткен Сағитұлы 19

жасқа әлі тола қоймаған бозбала

шағында 1942 жылдың қыркүйек

айында өзі туып-өскен Қызыл

қоғам ауылынан Лебяжі аудандық

әскери комиссариаты арқылы

Кеңес әскері қатарына алынып,

елін жаудан қорғауға аттанған.

Бірден 1-ші гвардиялық әуедесанттық

бригадасының және

9-шы гвардиялық әуе-десанттық

полкінің құрамында Солтүстік-

Батыс майданында, Ленинград

қаласы маңында, ал 1943

жылдың шілде айынан бастап

328-ші гвардиялық парашютті–

десант полкінің құрамында Вена

қаласына бағытталған шабуылға

қатысып, Венгрияны, Австрияны

жаудан азат ету үшін болған

сұрапыл шайқастарға қатысқан.

Ұлы Жеңісті қарсы алғаннан

кейін тағы екі жылдай әскер

қатарында болды. Елге аманесен

оралғаннан кейін, туған

ауданындағы Қызыл әскер орта

мектебінде 1947 жылдан 1949

жылға дейін орыс тілі пәнінен

сабақ берген. Сол жылы аудандық

партия бюросының жолдамасымен

Қаз КСР Мемлекеттік қауіпсіздік

министрлігіне әскери қызметке

алынған. 1958 жылы Горький

қаласындағы Кеңес Одағының

Министрлер Кеңесінің жанындағы

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің

201-ші арнайы мектебінде білімін

жетілдіріп, 1966 жылы Семей

педагогикалық институтын сырттай

оқып, жоғары білім алған. 1975

жылы Алматы, 1977 жылы Минск

қалаларындағы КСРО МҚК-нің

жедел және басшы құрамға

арналған жоғары курстарында

Атамыз - Сталинградты қорғау

шайқасына қатысып, ерен ерлік

көрсеткен нағыз батыр адам.

Майданда сапер қызметін атқарып

жүріп, 5 күнде 500 минаны тапқан

екен. Сонымен қатар, 1943 жылы

қаңтар айында жауынгерлерге

азық-түлік жеткізу қызметін де қоса

атқарыпты. Майданның алдыңғы

шебінде жүрген сарбаздарға

тамақ тасудың өзі өте жауапты

қызметтердің бірі болған әрі ол

соғыстың ең қауіпті аймағы болып

саналған.

Әскери тапсырма бойынша

Сев.Донец өзенінен өту кезінде

қатты жараланып, 1943 жылы

30 шілдеде әскери госпитальге

түседі. Ұрыс кезінде

бір жамбасына оқ тигендіктен

Ел басына күн туғанда біздің аталарымыз, ағаларымыз

батырлықтың өшпес өнегесін көрсетіп,

ұрыстарда ерліктер жасады. Қазақстандық

құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылы

Мәскеу түбінде ең алғаш жауды тойтарудан бастап,

1945 жылы Берлинде Ұлы Жеңіске жетумен

аяқталғаны белгілі.

білімін толықтырған. Мемлекеттік

қауіпсіздік органдарында 34 жылдай

әскери қызметте қатардағы жедел

уәкіл қызметінен бастап, бірқатар

жауапты қызметтер атқарып, 1983

жылы ҚазКСР-ның МҚК Павлодар

облысы бойынша басқармасының

бөлім бастығының орынбасары

лауазымынан полковник әскери

атағымен зейнетке шыққан. Ол

өзін осы жылдар аралығында

білімділігі мен біліктілігі жоғары,

қоғам мен мемлекет мүддесінің

қорғалуына, заңдылық пен

тәртіптің қатаң сақталуына, өзіне

де, өзгеге де жауапкершілікпен

қарайтын, туған еліміз алдында

өз міндеттерін адал орындаған

басшы ретінде көрсете білді.

Сәйткен Сағитұлы соғыстан кейінгі

еңбек майданындағы қажырлы

еңбегімен қызметкерлердің

құрметіне бөленіп, жастарды

отансүйгіштікке тәрбиелеп,

өскелең ұрпаққа үлгі бола білді.

Ол майданда қайсарлық, ерлік

көрсеткені үшін 3-ші дәрежелі

«Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік

ерлігі үшін», «Германияны жеңгені

үшін», «Венаны алғаны үшін»

сияқты көптеген медальдармен

марапатталды.

Бейбіт заманда көп жылғы

мінсіз қызметі мен еліміздің

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

қосқан үлесі үшін «Мемлекеттік

қауіпсіздік органдарының құрметті

қызметкері» атағы беріліп, МҚК

төрағасының және ҚМ министрінің

бұйрықтарымен бірнеше медальдармен,

арнайы төсбелгілерімен

марапатталды. Сәйткен Сағитұлы

зейнетке шыққан жылдары

2012 жылы дүниеден өткенге дейін

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша

департаментінің басшылығы мен

қызметкерлеріне өзінің көп жылғы

тәжірибесімен бөлісе отырып,

майданға қайта араласуға рұқсат

берілмейді. Осылайша Ұлы Отан

соғысының мүгедегі ретінде

Отанына оралды. Елге келген

соң Биғайша апамызбен отау

құрып, Сандуғаш және Қаламқас

есімді балалары өмірге келді.

Бейбіт өмірде де тынбай еңбек

етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне

үлес қосты. Қалалық жерде тұрса

да, қорасы малға толы болды.

Екі баласын да ешкімнен кем

қылмай өсіріп, қалаған оқуларын

оқытты. Ақтоғай, Қашыр аудандарынан

қалаға келген ағайынтуыс

нағашымыздың үйінен дәм

татпай кетпейтін. Көрші-қолаңға

да қолы ашық, қайырымды болды.

Атамыз 1986 жылы өмірден өтті.

Бүгінде Қайрат, Рүстем сынды

патриоттық тағы басқа арнайы

жұмыстарға атсалысты. Павлодар

облыстық Ардагерлер кеңесінің

мүшесі ретінде облыстық, қалалық

ардагерлер жұмысына, қоғамдық

жұмыстарға да араласып, қолдау

көрсетті. Москва қаласында

өткен Жеңістің 65 жылдығына

арналған салтанатты іс-шараларға

қатысты. Өмірі ерлікпен, еңбекпен

өткен Сәйткен Сағитұлы еліміз

егемендік алған жылдары

ҚР Президентінің Жарлығымен

«Құрмет» орденімен және ҚР ҰҚК

Төрағасының бұйрығымен «Ұлттық

қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі

үлесі үшін» медалімен, Павлодар

облысы әкімінің өкімімен «Облыс

алдында сіңірген еңбегі үшін»

т ө с б е л г і с і м е н м а р а п а т т а л д ы .

Сәйткен Сағитұлы жары Қапура

Төлеутайқызы екеуі дүниеге

әкелген Бекзат, Раушан, Сәуле

есімді қыздары, Серік есімді

ұлы өнегелі отбасында жақсы

тәрбие алып, өсіп, білім алып,

жанұяларын құрып, ата-анасына

немере, шөбере сүйгізді.

Еліміздің бүгінгідей жетістікке

жету жолындағы Сәйткен Сағитұлы

сияқты ардагерлеріміздің өлшеусіз

ерліктері мен еңбектеріне, елдің

бірлігін бекемдеу мен өскелең

ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты

істеріне «ерлік - елге мұра, ұрпаққа –

үлгі» дегендей, сұрапыл соғыстағы

майдангерлердің көрсеткен ерліктеріне

бүгінгі ұрпақ бас иеді.

ҚР Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің

Павлодар облысы

бойынша

департаментінің

ардагерлер кеңесі.

500 мина тапқан батыр

Менің нағашы атам Балбыр Молақасов 1907 жылы Павлодар облысына

қарасты Максим Горький ауданы, Қашыр ауылында дүниеге келген. 1941

жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Нағашымыздың ерлігі мәңгі

есімізде және барша ағайыны мен әулеті мақтан тұтады. Себебі, ол соңына

өшпес ерлік мұрасын қалдырды.

жиен немерелері және Дәулет,

Әлихан, Батырхан, Тамерлан сынды

шөберелері аталарының есімін

құрмет тұтады. Әр жыл сайын

майдангер атасының есімін еске

алып, ас беріп, аруағына Құран

бағыштауды дәстүрге айналдырған.

Осыдан біраз уақыт бұрын қызы

Молдақасова Сандуғаштың атына

Ресей Федерациясының Қорғаныс

Министрлігінің Орталық архивінен

хат келеді. Онда әкесінің «Ерлігі

үшін» медалімен марапатталғаны

туралы жазылған және медальдің

анықтамасын қоса жіберіпті. Бұл

барша ұрпақтары мен туыстары

үшін үлкен қуаныш болды.

Мәкен КӘРІМОВА,

майдангердің жиені.


SARYARQA SAMALY АУЫЛ-АЙМАҚ 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл 9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Бірлестікке біріккен тиімді

Екібастұз қаласында меншік иелерінің бірлестігі жүйесіне

көшуге ынталы тұрғындар көп. Аз уақыт аралығында бұл

тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеді.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

30000 түп ағаш

Елімізде бастау алған «Таза

табиғат» экологиялық жобасын

шарбақтылықтар да қолдады.

Жалпыұлттық жоба

аясында ағаш көшеттері

отырғызылып, айналаны

қоқыстан тазартып, су

көздерін ашу акциялары

ұйымдастырылуда.

М.Әуезов көшесі, 91 «Б» мекенжайындағы

меншік иелері бірлестігінің төрағасы Василий

Свинаревтің айтуынша, ағымдағы жөндеу

жүргізу, құбырларды ауыстыру сынды

жұмыстар туындаған жағдайда тұрғындар

қайда барып, кімге өтініш білдіру керек

екенін білмеді. Себебі 72 пәтерлі жаңа

үйде бір жыл бойы басқарушы, қызмет

көрсетуші компания болған жоқ. Кейін

Василий Свинарев бұл істі өз қолына

алып, көршілері бастамасын құптады.

- Бүгінде бір шаршы метр үшін тариф

30 теңгені құрайды. Аула сыпырушы,

еден жуушы сынды жұмысшылардың

жалақысы осы тарифтен түскен қаржы

есебінен төленеді. Әлбетте, бірлестік

төрағасының айлығы тағы бар. Бұған дейін

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Тазалық айлығы жалғасуда

Ақсу қаласын абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы

аясында «Таза жұма» шарасы ұйымдастырылды.

Оған қала және ауылдық округтердің

кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының

1600-ден астам өкілі қатысты.

Сондай-ақ, сенбілікке бес арнайы техника

жұмылдырылды.

Тазалық шарасы аясында әр ұжым

өзіне белгіленген учаскелер мен әкімшілік

ғимараттарға іргелес аумақтарды, орамішілік

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

аумақтарды, тротуарларды, балалардың

ойын және спорт алаңдарын жинап,

әктеп, ретке келтірді. Жұмыс соңында

барлығы 700 тонна қоқыс қала сыртына

шығарылды. Мұндай шаралар әр апта

сайын жүргізілетін болады.

Серпінді сенбілік

Өз тілшіміз.

Ауданда тазалыққа ерекше мән берілуде. Ауыл тұрғындары

демалыс күндері сенбілікке шығып, абаттандыру жұмыстарын

жүргізуде.

Жақында ұйымдастырылған сенбілікке

1800-ге жуық адам қатысып, 32 техника

жұмылдырылды. Нәтижесінде 106 тонна

қоқыс шығарылып, 190 ағаш отырғызылды.

Ауданда үйінің ауласын жинамай,

сенбілікке қатыспайтын азаматтар бар.

Олармен жергілікті әкімдік өкілдері,

учаскелік инспекторлар жұмыс істеуде.

Бұл ретте ауласын ретке келтірмеген

Алма ағашы егілді

Аудан жұртшылығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін

«Өз ағашыңды отырғыз!» акциясына белсенді түрде қатысуда.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, автомобиль жолдары және

жолаушылар көлігі бөлімінің мәліметіне

сүйенсек, ауқымды шараға аудан бойынша

3 мыңнан астам адам қатысып, 3 мыңға

жуық көшет отырғызылды. Оның ішінде

Тереңкөл ауылында 550 түп қарағай

мен 350 түп алма ағашы егілді. Аудан

орталығындағы Торайғыров көшесі,

аудандық аурухана, «Жеңіс» саябағы мен

жеке кәсіпкер ретінде қызмет көрсетсем,

осыдан бір ай бұрын меншік иелерінің

бірлестігі болып ресми түрде тіркеуден

өттік. Алда атқарар жұмыс көп. Бұл

ретте қала билігі аулада ойын, спорт

алаңдарын орнату мәселесіне назар

аударса екен дейміз, - дейді бірлестік

төрағасы.

Екібастұз қалалық тұрғын үй

инспекциясының мәліметі бойынша,

бүгінде кеншілер шаһарында 30 МИБ

құрылды. Тағы 15 үйдің иелері құжаттар

жинаумен айналысып жатса, 35 пәтер

иелері кооперативі МИБ болып ауыспақ.

Жалпы, қалада 650 көпқабатты тұрғын

үй бар.

Өз тілшіміз.

адамдарға ескерту беріледі. Егер бұл

міндетті орындамаса, әкімшілік жазаға

тартылмақ.

Осылайша аудан тұрғындары сенбілікке

шығып, қоршаған ортаны таза әрі көрікті

етуге үлестерін қосуда.

А.ҚУАНЫШЕВА.

Қ.Оспанова атындағы №3 мектептің ауласы

көшеттермен жайқала түспек. Аталмыш

орындарға ағаш молынан отырғызылды.

Шараға 63 мекеменің қызметкерлері

мен қатар ауыл тұрғындары да белсенді

қатысқанын атап өткен жөн. Мұндай

акция тағы да жалғасын таппақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Бұл туралы аудан әкімі Әзілхан Әбеуов

айтты.

- Аудан тұрғындары «Таза табиғат»

экологиялық жобасына үлкен белсенділікпен

атсалысуда. Тұрғындар көшелерді, саябақтарды

және мекемелердің айналасын

қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін

әктеп, көшеттер отырғызды. Ұлттық

жоба аясында атқаратын істеріміз әлі

МАЙ АУДАНЫ

де жетерлік - деді Ә.Әбеуов.

Аталмыш жоба аясында «Мекенім –

жасыл орман» акциясы негізінде және

ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

шарбақтылықтар аудан аумағына 30 000

түп көшет отырғызуды жоспарлап отыр.

Мектептер жаңаруда

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Май ауданында 13 мектеп бар. Аудандық білім беру бөлімінің

мәліметінше, бұған дейін мектептердің шатыры жаңартылса,

соңғы кезде жаппай терезе-есіктері ауыстырылуда.

- Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол

картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде

Ақжар ауылдық мектебіне пластикалық

терезелер орнатылып, жаңа есіктер пайда

болды. Жоба құны – 25 миллион 998 мың

теңге. Жауапты мердігер – «Турбосервис–

ПВ» ЖШС жөндеу жұмыстарын сапалы

атқарды. Осы уақытқа дейін барлық

мектептердің шатыры жаңартылды. Десе

де, мәңгілік еш нәрсе жоқ. 5-6 жылдан

кейін қайта жаңартуға тура келеді. Оған

дейін терезелер мен есіктерді ауыстырып

алмақпыз. Жобалардың сметалық құжаттары

әзірленсе жеткілікті. Қажетті қаражаттың

көп күттірмей бөлінетіні қуантады, -

УСПЕН АУДАНЫ

-

ЕРТІС АУДАНЫ

дейді білім беру бөлімі басшысының

орынбасары Руслан Еңсебаев.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

шеңберінде Қазан орта мектебінде жөндеу

жұмыстары аяқталыпты. Атап айтсақ,

мердігер – «Альтаир Холдинг» ЖШС 24

миллион 162 мың теңге қаражатқа терезелер

мен есіктерді жаңартқан. Сонымен

қатар 8 мектепке жылы дәретханалар

орнатылған. Оқу жылы аяқталған соң

бірқатар мектепте жаңғырту жұмыстары

жүргізіледі деп күтілуде.

Өнім өзіміздікі болса...

О.ҚОЖАНОВ.

Успен ауданының тұрғындары жергілікті дүкендердегі азық-түлік

бағасының қымбат екенін алға тартуда. Қазіргідей қысылтаяң

кезеңде баға әрдайым бақылауда болса екен деген тілектері бар.

Аудан әкімі Николай Дычко ауылдық

округтерге жұмыс сапары барысында

тұрғындармен кездесіп, ұсынысын ортаға

салды.

- Соңғы 2-3 аптада барлық ауылдық

округтегі дүкендерді аралап шықтым.

Сатушылармен де, сатып алушылармен

де тілдестім. Байқағаным, шалғай ауылдарда

ғана азғантай баға алшақтығы

бар. Ондағылар өнімді тасымалдау құнын

есепке алатындарын айтып отыр. Атап

өтерлігі, дүкендердің көбі тауарды облыс

Қызылжардың клубы

жөнделуде

Ертіс ауданында ауылдық клубты қайта құру ісі бойынша

бірқатар ауыл клубтары жөнге келтірілуде. Бұл қатарда

Қызылжар ауылындағы клуб та бар.

Жуырда аудан әкімі Аян Бейсекин

Қызылжардағы ауыл клубының құрылыс

жұмысымен танысып қайтты.

- Құрылыс жұмыстары белгіленген

жоспардан бұрын орындалуда. Қазіргі

таңда ауыл клубының шатыры жөнделіп,

қасбеті ретке келтірілді. Сонымен қатар

ғимараттың ішкі әрлеуі де аяқталып

қалды, - деді А.Бейсекин.

орталығынан тасымалдайды екен. Картоп

сияқты өнімдерді өзіміз-ақ өсіріп, жергілікті

дүкендерде қолжетімді бағамен сатуға

болады. Нанның өзін қаладан таситын

көрінеді. Шамамен 35 пайызы сырттан

әкелінеді. Бүгінде 3 ауылдық округте шағын

наубайхана ашуды көздеп отырмыз. Шаруалар

да жергілікті дүкендерді көкөніспен

қамтамасыз ететін болса, баға тұрақты

болатын еді, - дейді Н.Дычко.

О.АХМАДИЯ.

Ауылдағы құрылысқа жергілікті

тұрғындар арасынан 13 адам жұмысқа

орналасқан. Аудан әкімі мердігер мен

ауыл әкіміне жұмыспен қамтылғандар

санын арттыруды, сонымен қатар құрылыс

жұмыстарының сапасына ерекше мән

беруді тапсырды.

Қ.МҮСӘЙІП.


10

8 мамыр, сенбі, 2021 жыл

SARYARQA SAMALY

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымшасының

мерекелік шығарылымы

Менің атам -

ардагер!

Менің атам Әбен Жекенұлы

1925 жылдың 25 желтоқсанында

Павлодар қаласы

Чернорецк ауылында дүниеге

келген.

1929 жылы атамның анасы мен әкесі

қудалауға ұшырап, барлық малынан айырылады.

Сол уақытта анасы ауыр дерттен

көз жұмған. Ал атамның әкесі үш баласын

алып, жер аударылуға мәжбүр болған.

1931 жылы әкесі өмірден озып, атам

інісі мен қарындасы үшеуі жетімдер үйін

паналайды. 1942 жылы атам 17 жасында

өз еркімен соғысқа аттаныпты. Белорусь

фронтының 2-ші дивизиясында

жауынгерлік міндетін атқарған. Атам

соғыста барлаушы болыпты. Германияның

Берлин қаласына жеткен. Воложанск

шоссесінде ауыр жарақат алып, «Батылдығы

үшін» медалімен марапатталады. Атам

елге 1947 жылы оралды. 1953 жылы

әжемізді жолықтырып, шаңырақ көтерген.

6 бала тәрбиелеп өсірген. 1997 жылы

ауыр науқастан қайтыс болған. Қиын

тағдырды бастан кешіп, батырлығы мен

қайсарлығы арқылы бізге бейбіт өмір

сыйлады. Атамның ерлігін мақтан етемін.

Айша СЫЗДЫҚОВА,

№35 орта мектептің

4 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Құрметті балалар! Баршаларыңды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен

құттықтаймыз. Бұл күн – елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай,

жауға төтеп берген нағыз жауынгерлердің ерлігінің мерекесі. Ұлы Жеңіс

оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін отқа түсіп, қан майданда кеудесін

оққа тосқан ардагерлеріміздің батырлығы ешқашан ұмытылмайды.

Бейбіт елде өмір сүруіміз майдангерлердің арқасы. Елімізде тыныштық

мәңгі орнасын!

«Ainalaiyn»

Ерлігі ұмытылмайды

Менің атам Кәрімжан Сағынаев - соғыс ардагері. 1916 жылы Павлодар

облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Соғысқа дейін ұсталықпен

айналысты. 1942 жылы 10 мамырда әскер қатарына шақырылды.

Осы жылдың 25 маусымында майданға

аттанып, Смоленск түбінде

шайқасып, елге аман оралды. Ерлігі үшін

орден, медальдарды кеудесіне тақты.

Мәселен, 1942 жылы 22 желтоқсанда

«Ленинград қаласын қорғағаны үшін»,

1945 жылы 9 мамырда «Германияны

жеңгені үшін» медальдарымен, кейін

«І дәрежелі Отан соғысы» орденімен

марапатталды.

Елге оралғаннан кейін ұсталық

қызметін әрі қарай жалғастырды.

Атам мен әжем 5 бала тәрбиелеп,

қазіргі күні ұрпақтарынан 15 немере,

18 шөбере тарап отыр. Атам 1988

жылы дүниеден озды.

Мен өз атаммен мақтанамын.

Ұлы Жеңіс күні бәрімізге ортақ мұра

болғандықтан, атамды еске алу менің

парызым деп есептеймін.

Атам Төлеген Кокумбаев 1979-1980 жылдары Ауған

соғысына қатысқан.

Ол «КСРО Қарулы Күштеріне - 70 жыл» мерекелік медалімен

марапатталды. Мерейтойлық марапаттары өте көп. Қазіргі уақытта

Павлодар қаласында Ауған соғысы және жергілікті әскерлер,

ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық қоры директорының орынбасары

болып жұмыс атқарады. Мен өз атамды құрметтеймін

және жақсы көремін. Атамның жұмысы қандай күрделі болса да,

ол үнемі өз немерелеріне көңіл бөледі. Атаммен өткен әр күніміз

өте қызықты әрі мәнді өтеді. Атам білгенін бізге үйретіп, ақыл

айтып, мейірімін төгіп, әрдайым жақсылыққа жетелеп отырады.

ҚЫЛҚАЛАМ

Жансая ТӨЛЕГЕНОВА,

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің

оқушысы. Павлодар қаласы.

Суретті салған – Аслан ХАИРОВ,

№35 мектептің 4 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Данияр КӘРІМЖАН,

№35 мектептің 4–сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Жақсылыққа жетеледі

Суретті салған – Аяжан АЙТБАЕВА,

№35 мектептің 1 «А»-сынып оқушысы.

«Айналайынды» үйлестірген - Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Жеѕіс кїні

Құтты болсын, Жеңіс күні,

Өшсін мәңгі оқтың үні.

Бақ орнасын қазағыма,

Тыныш өтсін әрбір түні.

Әлинұр АБДУЛИН,

№24 мектептің

2 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Жеѕіс деген

аєам бар

Жеңіс деген ағам бар,

Атам қойған есімін.

Тербетеді адамдар,

Бейбіт күннің бесігін.

Жеңіс деген - бақыт ол,

Түсінгендер бағамдар.

Айым РАМАЗАН,

№24 мектептің 2 «А»-сынып

оқушысы,

Павлодар қаласы.

Суретті салған – Әділжан

АХМЕТОВ, №35 мектептің

1 «А»-сынып оқушысы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕЗГІЛ 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл 11

Құттықтаймыз!

Сұлтанов Темірхан Тоқбергенұлын

құттықтаймыз!

Павлодар қаласының тұрғыны, Ертіс

ауданы Қоскөл ауылының тумасы,

отбасылық досымыз Сұлтанов Темірхан

Тоқбергенұлы мамырдың 13 жұлдызында

мерейлі 70 жасқа толады.

1973 жылы Орынбор ауылшаруашылық

институтын ғалым-агроном мамандығы

бойынша бітіріп, сол жылы Кутузов

кеңшарында тұқым өсіруші агроном

болып еңбек жолын бастады. Осы

шаруашылықта бас агроном, одан

кейін Ертіс аудандық ауылшаруашылық

басқармасының бас агрономы, партия

ұйымының хатшысы қызметтерін

абыроймен атқарды. 1988 жылы Ертіс аудандық партия ұйымы

Темірхан Тоқбергенұлын Новоивановка совхозына директорлық

қызметке тағайындайды.

Бойына біткен қайсар мінезі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен

тындырымды істерімен ерекшеленетін Темірхан Тоқбергенұлы осы

шаруашылықты 30 жылға жуық басқарып, 2014 жылы құрметті

демалысқа шықты. Бұл шаруашылық заман ағымының өзгеруіне

сәйкес аты да өзгеріп, алдымен Қосағаш ауылшаруашылық

кооперативі, кейін «Дауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

деп аталды.

Аты өзгерсе де, заты өзгермейтін ауыл тынысы сол күйде

қала беретіні белгілі. Ауылдағы ең басты мақсат - жерді баптап

жақсы егін өсіру, мал өсіру, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру.

Осы тұрғыдан Темірхан Қосбергенұлы өзінің зор

ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында халықтың көңілінен

шыға білді, шаруашылықты үлкен жетістіктерге жеткізді.

Зор еңбектің нәтижесінде үкіметтің жоғары марапаттарына

ие болды.

Темірхан Тоқбергенұлы - «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбектегі

ерлігі үшін», т.б. медальдардың иегері.

Қызмет істей жүріп, облыс, аудан көлемінде маңызды

қоғамдық жұмыстарды белсене атқарды. Ол облыстық мәслихатқа

екі шақырылымының депутаты болып сайланды. Өмірлік

жары Орынбасармен бірге екі перзент тәрбиелеп, олардан

немере-жиен сүйіп отыр.

Біз сізді 70 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Бақытты

өмірлеріңіз ары қарай жалғаса беріп, ұрпақтарыңызды қызықтай

беруіңізге Алла жар болсын! Күш-қуатыңыз таусылмасын,

денсаулығыңыз зор болсын демекпіз!

Тілек білдіруші: отбасылық достары Әбутәліптер.

(445)

«Павлодар-Сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі -

«Павлодар-Сода» ЖШС) «Экологиялық әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘБ дейін)»

жобасы бойынша бейнеконференциялар (бұдан әрі - VKS) форматында қоғамдық

тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды. Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік

аймағында орналасқан «Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцийленген сода

шығаратын құрылыс зауыты» ТЭН.

Карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты тыңдаулар бейнеконференция

форматында 2021 жылы 11 маусымда сағат 11.00-де өтеді.

Бейнеконференцияларға сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://zoom.us/j/99709647387?pwd=VXcvWlRJWVM1UGhDcWtHMHJmM1Jadz09

Конференцияның идентификаторы: 997 0964 7387

Кіру коды: 523741

Бейнеконференцияға қосылу туралы сұрақтар бойынша мына мекенжайға

хабарласыңыз: Тамошин Виктор, тел: 8 (7182) 620212, +77052392348.

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпаратқа қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз

етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар - «Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі,

Темірғалина А.К., тел: 8 (7182) 32-93-79.

Электрондық түрде материалдарды сұрауға, ескертулер мен ұсыныстарды

жіберуге болатын электрондық пошта мекен-жайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.

kz, тел.: 8 (7182) 32-93-79.

Жобалық құжаттама: www.tabigatpv.gov.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарында орналастырылған.

Жоба материалдарын қағаз жеткізгіште Павлодар қ., Академик Шөкин к-сі,

38/1 мекенжайы бойынша таба аласыз. каб. 5, тел. +7 (7182) 670-603.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік орган -

Павлодар облысы бойынша экология департаменті.

Жобаның тапсырыс берушісі: «Павлодар-Сода» ЖШС, Павлодар қ., Ә.Бөкейхан

к-сі, 326, тел: 8 (7182) 324-653.

Пікірлер мен ұсыныстар тапсырыс берушінің электрондық пошта мекенжайы

бойынша қабылданады: tehdir@soda-pvl.kz, smeta@soda-pvl.kz.

ҚОӘБ бөлімін жасаушы: «Восток Экология ПВ» ЖШС, Павлодар қ. Ак.Шөкин

көшесі, 38/1, 5 каб; +7 (7182) 670-603. +77058414473, vostok-ekologia@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша байланысатын тұлға: «Восток Экология ПВ» ЖШС

директоры - Регатунова М.А. (463)

АКЦИЯ

Ағымдағы жылдың 11-30 мамыр

аралығында Павлодар облысы

бойынша экология департаменті,

Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және

су ресурстары басқармасы

және Павлодар облысы полиция

департаментінің жергілікті полиция

қызметі басқармасымен бірлесіп,

автокөлік құралдарының уыттылығы

мен түтіндігін бақылауды қамтитын

«Таза ауа» акциясын өткізеді.

Қоғамдық бірлестіктерді,

«Таза ауа»

Павлодар қаласының тұрғындарын

осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Акцияға қатысу, өткізу орны

мен уақыты туралы қосымша

ақпаратты Павлодар облысы

бойынша экология департаментінен

мына мекенжай бойынша алуға

болады: Павлодар қ., Мир к-сі,

22, байланыс телефондары: 78-70-

25, +77767777323

Павлодар облысы бойынша

экология департаменті.

БІЛІМ

Дарынды шәкірт –

білікті ұстаздан

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық

даналығы бекер айтылмаса керек. Май ауданы Ақжар

орта мектебінің абыройын асқақтатып жүрген ауыл

мақтанышы,9-сынып оқушысы Диана Зекенованың

болашағынан зор үміт күтеміз.

Кішкентай кезінен өмірдің бір кірпіші

болып қаланып келе жатқан шәкіртіміздің

еңбектері қуантарлық. Диана өзінің көп жылдық

ізденісінің нәтижесінде үлкен жетістіктерге

жетуде. Облыстық Ж.Жабаев оқуларында ІІ

орын, облыстық Әбіш оқуларының «Ә.Кекілбаев

шығармалары бойынша зерделеу жоба» сайысында

ІІІ орын, облыстық Абай оқуларының

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы

бойынша ІІІ орын, жалпы білім беретін

пәндері бойынша республикалық ғылыми

жобалар конкурсының облыстық кезеңінде

ІІ орын, «Қазіргі заманғы ғылым: Өзгеріске

бастар қадам» атты V халықаралық ғылымитәжірибе

конференциясында І орын иеленді.

Ал 2019-2020 оқу жылының қорытындысы

бойынша «Жыл оқушысы - 2020» атағына қол жеткізді.

«Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» демекші, Май ауданы Ақжар

орта мектебінің директоры О.Әубәкірова бастаған ұлағатты ұстаздар

қауымы әр баланың талантын таразылап, талабын ұштауда.

Меруерт МАҚАЖАНОВА,

Ақжар орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Май ауданы.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім

телефоны: 32-35-35.

66-15-40 ЖАРНАМА

66-15-42

Қасым Жантен ҚАСЫМҰЛЫ

2021 жылдың 3 мамыр күні 87 жасқа

қараған шағында ауданымыздың Құрметті

азаматы Жантен ақсақал дүниеден

озды.

Қасым Жантен Қасымұлы 1935 жылы

25 ақпанда Аққулы (Лебяжі) ауданы

Подпуск ауылында дүниеге келді. 1958

жылы Семей зооветеринарлық институтын

аяқтап, Аққулы (Лебяжі) ауданы

ауылшаруашылық басқармасының бас

зоотехнигі болып өзінің еңбек жолын

бастады. Содан кейін Бесқарағай

мемлекеттік асыл тұқымды қой

зауытының бас зоотехнигі, зоотехникселекционер,

Қазы совхозының директоры,

Май ауданы Киров совхозының зоотехнигі, Аққулы

(Лебяжі) ауданы ауылшаруашылық басқармасының бас маманы

лауазымдарын атқарды.

1996-2003 жылдары аудандық ардагерлер кеңесінің

төрағасы болып қызмет етті. Еңбек еткен жылдары

Жантен Қасымұлы ауданымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға

өзінің үлкен үлесін қосып, ерен еңбегі үшін «Үздік еңбегі

үшін», «В.И. Лениннің туғанына - 100 жыл», «Еңбек ардагері»

медальдарымен және «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне - 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Екі мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болып

сайланды.

Үздік қызметтерді мінсіз атқара жүріп, жұбайымен 6 бала

сүйді, кейін 16 немере мен 30-ға жуық шөберенің бақытын

қызықтады. Барлығы жоғары білімді. Өзінің жолын жалғастырып,

қоғамға пайдасын тигізіп отырған ұл-қыздары түрлі салада

да, мемлекеттік қызметте де еңбек атқаруда.

Өмірден өтуіне байланысты марқұмның барша туыстуғандарына,

отбасына қайғыра көңіл айтамыз.

Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Қайғыға ортақтасып, көңіл айтушылар: А.Ә.БАЛҒАБАЕВ,

С.Р.ТАСТАНБЕКОВ, Б.Р. ӘЛКЕЕВ, М.Ә.СМАҒҰЛОВ,

Т.Қ.МАКИН, С.Д.БИБОЛОВ, В.П.ГОЛУБЕВ, Қ.М.ӘЛТАЕВ,

Ж.А.ЖҰМАБАЕВ, С.Р.МУСИНОВА, Қ.Ғ.ЕСІМОВ,

Қ.Қ.ШАПУОВ, Р.С.ТАСТАМБЕКОВ, Р.Б.МҰҚАНОВ,

Т.Т.ҚОБАЙДАРОВ, Е.Е.ЕРКЕНОВ, Б.Т.ПУСЫРХАНОВ,

Е.А.ШАКИРОВ.

(2075)

(2076)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат комитетінің

мерзімді басылымды, ақпарат

агенттігін және желілік басылымды

есепке қою, қайта есепке қою

туралы 19.06.2019 ж. №17747-Г

куәлігі берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату бөлімі

- 66-15-41.

Фототілші, корректорлар - 65-

12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-

ның компьютер oрталығында

теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет: сейсенбі,

бейсенбі және сенбі күндері

шығады, апталық

таралымы 8463 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй. Газеттің

сапалы басылуына баспахана

жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 694

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді

міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың мазмұнына

жарнама берушілер жауап

береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда жарияланған

материалдарды көшіріп немесе

өңдеп басу үшін редакцияның

жазбаша рұқсаты алынып, газетке

сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл тарих

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысы - Ұлы Отан

соғысы жылдарында

Инфографиканы жасаған - Нұрбек Кожиков.

Газетіміздің келесі нөмірі 2021 жылғы 13 мамыр, бейсенбі күні шығады.

Облыстық мемлекеттік архив деректері бойынша

әзірлеген - Қарлығаш Хашымқызы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!