07.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл ЖАҢҒЫРЫҚ

SARYARQA SAMALY

ҰЛЫ ЕРЛІК -

БЕРЕН

1942 жылдың қыс айы. Качир (қазіргі Тереңкөл) ауданына қарасты Тегістік

елді мекенінен арбамен жолға шыққан 4-5 жігіт Павлодар қаласын бетке

алды. Бұл – қан майданға апарар жол еді...

Ақ батаның қасиеті

Шаһарға жақындай бере күн

батып, жолаушылар жақын маңдағы

ауылдың біріне аялдады. Әрқайсысы

әр үйге орналасты. 17 жастағы

Құдайберген Қапсалямов түнеген

шаңырақтағы батагөй ақсақал жас

жігітке ақ батасын беріп, майдан

даласына шығарып салды. Әуелі

Алла, кейін ақсақалдың батасының

арқасында аман қалғанын әңгімелеп

отырған Құдайберген ата бүгінде

96 жастың ауылына қадам басты.

Ол жауынгерлік жолын 1943 жылы

Забайкалье әскери округінен бастаған.

34-жеке танкілерді жою дивизиясы

нысанашысының көмекшісі

болып қанды ұрысқа кірісіпті.

«Соғыс» тілімен айтқанда, артил-

МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ

лерист болып неміс танкілеріне

тойтарыс берген. Сол жылдың

сәуірінен бастап 8-армия құрамында

бірінші Беларусь майданында

болып, құралайды көзге атқан

мергендігінің арқасында жау

танкісін жақындатпай, алыстан

жойып отырған.

- Неміс танкісі жақындаса, бәрі

бітті дей бер. Снаряд дөп тисе,

зеңбіректі 5-7 метрге дейін ұшырып

әкетеді. Сол себепті, алыстан «күтіп

алуға» тырысатын едік. 1945 жылдың

ақпан айында болған ұрыста әуелі

автоматшыларға, кейін танкілер

мен өзі жүретін техникалардың

шабуылына тойтарыс бердік. Жақын

келген «Фердинант» деп аталатын

жау техникасының көзін жойдым.

Бұл күні 50 шақты фашист қаза

болып, бірнеше жау танкісі істен

шықты. Ерен ерлігім үшін «Даңқ»

орденімен марапатталдым, - деп

еске алды ардагер.

Құдайберген Қапсалямов әрдайым

Ұлы Отан соғысының алдыңғы

шебінде жүрген. Варшава, Лодзь,

Кутно сияқты қалаларды азат етуге

белсенді атсалысқан. Познань,

Кюстрин, Франкфурт, Фюрстенвальд

қалаларын алуда жанкештілік

танытқан. Берлин қаласын алудағы

көшедегі жанқиярлық ұрыстар да

әлі есінен кетер емес.

- Познань – ірі өндірістік орталық

ретінде қорған қала саналатын.

Фашистер мұнда жауынгерлік техникаларын,

өзге де қару-жарақтарды

молынан сақтады. Біздің бөлімшелер

қаланы және әскери гарнизондарды

қоршауға алды. Осылайша,

ұзаққа созылған ұрыс басталды.

Бір айдың ішінде Берлин бағытына

жол ашқан стратегиялық маңызы

бар тапсырма орындалды. Бұл

жолы ауыр жарақат алдым. Аталған

ұрысқа қатысқаным үшін берілген

марапаттар жігерлендіре түсті, -

деп қария өткенге көз жүгіртті.

Соғыс жылдары артиллерия -

ең жойқын соғыс құралының бірі

болғаны белгілі. Бұл ретте, Берлинді

алу кезінде де артиллеристердің

белсенді іс-әрекеті жеңісті жақындата

түсті. Зеңбіректен жауған толассыз

снаряд оқтарының нәтижесінде

жаудың қорғаныс шебі әлсіреді.

Берлинді алу кезіндегі ұрыста

ерлік көрсеткені үшін Құдайберген

Қапсалямовтың кеудесіне лайықты

орден-медаль тағылған. Үшінші

дәрежелі «Даңқ» ордені, I дәрежелі

«Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік

еңбегі үшін», «Варшаваны азат

еткені үшін», «Берлинді алғаны

үшін», «Германияны жеңгені үшін»

медальдары және өзге де марапаттары

әлі күнге дейін жарқырап,

соғыс жылдарының қасіретін еске

салады.

1950 жылы соғыс даласынан

оралған Қ.Қапсалямов зейнеткерлікке

дейін құқық қорғау саласында

еңбек етті. Өмірлік тәжірибесін

кейінгі жастарға үйретіп, «Мінсіз

қызметі үшін» медалімен және

«Милиция үздігі» төсбелгісімен

марапатталған.

О.ҚОЖАНОВ,

Ақсу қаласы.

Панфиловшылар

ерлігіне – 80 жыл

Биыл Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар

дивизиясының Мәскеуді қорғауда ерлік көрсеткеніне

– 80 жыл. Осыған байланысты өңіріміздегі «Панфиловшылар»

іздестіру жасағы Ресейде болатын халықаралық

бронды жорығына шақырту алып отыр.

Соғыс тарихына үңілер болсақ,

Иван Панфилов Ұлы Отан соғысын

Қырғыз КСР әскери комиссары

қызметінде жүргенде қарсы

алды. 1941 жылы Алматы

қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен

316-шы атқыштар дивизиясын

құрып, соғысқа аттанды. 1941 жылдың

қазан-қараша айларында

Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде

Панфилов басқарған 316-атқыштар

дивизиясының жауынгерлері Волоколамск

бағытын қорғауда асқан

ерлік көрсетті. Сол қаһармандардың

ерлігі ел есінен шыққан емес,

ұрпақ жадында мәңгі сақталып

қалды.

Осыдан бес жыл бұрын өңірімізде

Панфилов дивизиясы ерлігінің

75 жылдығы құрметіне Торайғыров

университетінің қолдауымен «Панфиловшылар»

іздестіру жасағы

құрылған еді. Сонымен қатар,

Павлодар қаласындағы №14 орта

мектепте Панфилов атындағы

мамандандырылған мұражай

ашылып, соғысқа қатысты тарихи

жәдігерлер, құнды құжаттар мен

тарихи суреттер қойыла бастады.

«Панфиловшылар» іздестіру

жасағының командирі Бақытжан

Өтеповтің сөзінше, алғашқы іздеу

жұмысы 2017 жылы Ресейдің

Тверь облысына қарасты Зубцов

қаласының маңынан басталған.

- Алғашқы қазба жұмысының

нәтижесінде ресейлік әріптестерімізбен

бірге 47 адамның сүйегін

тауып, арнайы орындарға жерледік.

Осы бағыттағы іс-сапарға

2018 жылы да шығып, Мәскеу

облысының Можайск ауданы

маңында жұмыс жүргіздік. Ал

2019 жылы Тверь облысының Ржев

қаласының маңында болған

халықаралық естелік вахтасына

қатыстық. Жалпы, сол жылғы естелік

вахтасының іздеу жұмысының

нәтижесінде 269 адамның сүйегі

табылды. Олардың барлығы сол

Ржев қаласында ашылған мемориалдық

зиратқа қайта жерленді.

Сонымен қатар, екі рет халықаралық

бронды жорыққа қатыстық.

Алғашқысы Мәскеу-Брест-Мәскеу

бағытында болды. Жалпы, ұзақтығы

2300 шақырым жолды жүріп

өттік. Екіншісі Мәскеу-Ленинград-

Мәскеу бағыты бойынша ұйымдастырылды,

- дейді Бақытжан

Өтепов.

Биыл Панфилов дивизиясы

ерлігінің 80 жылдығы құрметіне

бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған.

«Панфиловшылар» іздестіру

жасағына Мәскеу-Калуга-

Смоленск-Мәскеу бағытында жүретін

халықаралық бронды жорығына

шақырту келіпті. Сонымен

қатар, Алматы қаласында ТМД елдері

ғалымдарының қатысуымен

халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференция өтуі мүмкін. Мүмкіндік

болып жатса, сол маңызды

жиындарға қатысып, Ұлы Жеңіс

тақырыбында осы өңірде атқарылып

жатқан жұмыстарды баяндауды

жоспарлап отырғанын айтады.

- Биыл №14 мектептің ішіндегі

Панфилов атындағы мамандандырылған

мұражайды әлі де

үлкейтіп, қосымша бір бөлім ашу

ойымызда бар. Себебі, соғысқа

қатысты экспонаттар мен құжаттар

және тарихи суреттер көптеп табылуда.

Тіпті, ресейлік әріптестерімізден

де құнды жәдігерлер келіп

жатыр. Жақында Ленинград облысының

Санкт-Петербург қаласында

тұратын жерлесіміз, көрнекті

Қоғам қайраткері Шерхан Әбілов

ағамыз мұражайға естелік-сыйлық

ретінде генералдың формасын

жіберді. Сондай-ақ, биыл мектеп

директоры Асхат Сачановтың

қолдауымен мұражайға жөндеу

жұмысын жүргізуді жоспарлап

отырмыз, - дейді.

Т.САХАБА.

Ұлы Отан соғыс жылдарында майдан өтіндегі

сарбаздың амандық хабары отбасына хат

арқылы ғана келіп тұрғанын білеміз. Әсіресе,

ұлынан хат алған әке-шеше мен сағынышқа

оранған сүйікті жардың және әке құшағын аңсаған

баланың қуанышынан артық не болады

деп ойлайсыз?! Мәселен, майдангер жерлесіміз

Халел Оспанов үйде күткен анасы мен ағабауырларына

және туыс-туғандарына арналған

12 хатын өлеңмен жолдаған екен.

«Анажан, сізді

сағындым»

Тілеуберді САХАБА

Халел Оспанов 1923 жылы

Ақсу қаласында дүниеге келген.

12 жасында әкесінен айырылып,

анасының тәрбиесінде болады.

Майданға 1942 жылы аттанып,

солтүстік-батыс және Балтық

майдандарында шайқасқан. Әскерде

ол пулемет есептобының

командирі болыпты. 1945 жылдың

22 мамырында госпитальға түсіп,

онда 1945 жылдың 28 маусымына

дейін емделеді. Жарақатына байланысты

елге жіберілген. Майдангердің

жиені Ажар Есенғожинованың

сөзінше, нағашы аталарының

хаттары майдангердің үлкен қызы

Халида әжейдің отбасылық мұрағатында

әлі күнге дейін сақтаулы.

Жауынгердің көп жазбаларынан

Отанына, анасына, туған-туыс,

бауырларына деген сағыныштың

иісі бұрқырайды. Сонымен қатар,

неміс фашистеріне деген ыза мен

кектен туған өлеңдері де бар.

Тағы бір хатында госпитальде

жатқан ауыр жағдайын баяндайды.

Ардагердің екінші қызы Гүлнәр

Сағымбекова әкесінің майдан

өтінде жазылған бір өлеңіне ән

шығарып, оны бүгінде гитарамен

орындап жүр.

- Атамыз шығармашылыққа,

өлеңге өте жақын болған екен.

Мысалы, соғыстан келгеннен кейін

Май аудандық «Сталин туы»

газетінің редакторы, одан кейін

Ермак ауданы (қазіргі Ақсу қаласы)

«Путь Ильича» (қазіргі Ақсу жолы)

газеті хаттар бөлімінің меңгерушісі

болып жұмыс істеген екен. Ол

кісінің есімі «Боздақтар» және

«Жеңімпаздар» жинақтарына енді.

Алдағы мақсатымыз – майданда

жазылған барлық хаттары мен

өлеңдерінің басын қосып, «Туған

елге сәлем» деген кітап шығару, -

дейді Ажар Қайруллақызы.

Халел Оспановтың «Анажан,

сізді сағындым» деген мына бір

өлең-хатында өзінің анасына деген

сарғайған сағынышын, туған елі

мен жерін бір көруге деген аңсартілегін

ақтарады. Хаттың толық

нұсқасын ұсынып отырмыз:

МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР

Анажан, сізді сағындым,

Сағынып жатып хат жаздым.

Еске түсіп бауырлар,

Жүрегім ойлап жарылдым.

Шіркін, қайран елім – ай,

Еркін өскен жерім –ай.

Көруге құмар мен болдым,

Осы күнде тәңірім –ай.

Уа Алла, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.

Бір жалғызға жар болып,

Көрсеткін елді панайын.

Ұмытпа ана жалғанда,

Жас құлыныңды жас жүрек.

Құлының жүр ғой арманда,

Көремін елді қашан деп.

Арманың сірә болмас еді,

Туғандарды бір көрсем.

Көңілден шерім шығар еді,

Туғандарыммен кездессем.

Осыменен ел - жұртым,

қош болыңдар,

Анаммен елдегі бар туғандар.

Қате болса өлеңде сөкпеңіздер,

Мұнан басқа менде жоқ

хатқа жазар.

Желтоқсан, 1943 ж.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!