07.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕЗГІЛ 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл 11

Құттықтаймыз!

Сұлтанов Темірхан Тоқбергенұлын

құттықтаймыз!

Павлодар қаласының тұрғыны, Ертіс

ауданы Қоскөл ауылының тумасы,

отбасылық досымыз Сұлтанов Темірхан

Тоқбергенұлы мамырдың 13 жұлдызында

мерейлі 70 жасқа толады.

1973 жылы Орынбор ауылшаруашылық

институтын ғалым-агроном мамандығы

бойынша бітіріп, сол жылы Кутузов

кеңшарында тұқым өсіруші агроном

болып еңбек жолын бастады. Осы

шаруашылықта бас агроном, одан

кейін Ертіс аудандық ауылшаруашылық

басқармасының бас агрономы, партия

ұйымының хатшысы қызметтерін

абыроймен атқарды. 1988 жылы Ертіс аудандық партия ұйымы

Темірхан Тоқбергенұлын Новоивановка совхозына директорлық

қызметке тағайындайды.

Бойына біткен қайсар мінезі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен

тындырымды істерімен ерекшеленетін Темірхан Тоқбергенұлы осы

шаруашылықты 30 жылға жуық басқарып, 2014 жылы құрметті

демалысқа шықты. Бұл шаруашылық заман ағымының өзгеруіне

сәйкес аты да өзгеріп, алдымен Қосағаш ауылшаруашылық

кооперативі, кейін «Дауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

деп аталды.

Аты өзгерсе де, заты өзгермейтін ауыл тынысы сол күйде

қала беретіні белгілі. Ауылдағы ең басты мақсат - жерді баптап

жақсы егін өсіру, мал өсіру, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру.

Осы тұрғыдан Темірхан Қосбергенұлы өзінің зор

ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында халықтың көңілінен

шыға білді, шаруашылықты үлкен жетістіктерге жеткізді.

Зор еңбектің нәтижесінде үкіметтің жоғары марапаттарына

ие болды.

Темірхан Тоқбергенұлы - «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбектегі

ерлігі үшін», т.б. медальдардың иегері.

Қызмет істей жүріп, облыс, аудан көлемінде маңызды

қоғамдық жұмыстарды белсене атқарды. Ол облыстық мәслихатқа

екі шақырылымының депутаты болып сайланды. Өмірлік

жары Орынбасармен бірге екі перзент тәрбиелеп, олардан

немере-жиен сүйіп отыр.

Біз сізді 70 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Бақытты

өмірлеріңіз ары қарай жалғаса беріп, ұрпақтарыңызды қызықтай

беруіңізге Алла жар болсын! Күш-қуатыңыз таусылмасын,

денсаулығыңыз зор болсын демекпіз!

Тілек білдіруші: отбасылық достары Әбутәліптер.

(445)

«Павлодар-Сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі -

«Павлодар-Сода» ЖШС) «Экологиялық әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘБ дейін)»

жобасы бойынша бейнеконференциялар (бұдан әрі - VKS) форматында қоғамдық

тыңдаулар өткізетіні туралы хабарлайды. Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік

аймағында орналасқан «Қуаттылығы жылына 200 мың тонна кальцийленген сода

шығаратын құрылыс зауыты» ТЭН.

Карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты тыңдаулар бейнеконференция

форматында 2021 жылы 11 маусымда сағат 11.00-де өтеді.

Бейнеконференцияларға сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://zoom.us/j/99709647387?pwd=VXcvWlRJWVM1UGhDcWtHMHJmM1Jadz09

Конференцияның идентификаторы: 997 0964 7387

Кіру коды: 523741

Бейнеконференцияға қосылу туралы сұрақтар бойынша мына мекенжайға

хабарласыңыз: Тамошин Виктор, тел: 8 (7182) 620212, +77052392348.

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпаратқа қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз

етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар - «Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі,

Темірғалина А.К., тел: 8 (7182) 32-93-79.

Электрондық түрде материалдарды сұрауға, ескертулер мен ұсыныстарды

жіберуге болатын электрондық пошта мекен-жайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.

kz, тел.: 8 (7182) 32-93-79.

Жобалық құжаттама: www.tabigatpv.gov.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарында орналастырылған.

Жоба материалдарын қағаз жеткізгіште Павлодар қ., Академик Шөкин к-сі,

38/1 мекенжайы бойынша таба аласыз. каб. 5, тел. +7 (7182) 670-603.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік орган -

Павлодар облысы бойынша экология департаменті.

Жобаның тапсырыс берушісі: «Павлодар-Сода» ЖШС, Павлодар қ., Ә.Бөкейхан

к-сі, 326, тел: 8 (7182) 324-653.

Пікірлер мен ұсыныстар тапсырыс берушінің электрондық пошта мекенжайы

бойынша қабылданады: tehdir@soda-pvl.kz, smeta@soda-pvl.kz.

ҚОӘБ бөлімін жасаушы: «Восток Экология ПВ» ЖШС, Павлодар қ. Ак.Шөкин

көшесі, 38/1, 5 каб; +7 (7182) 670-603. +77058414473, vostok-ekologia@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша байланысатын тұлға: «Восток Экология ПВ» ЖШС

директоры - Регатунова М.А. (463)

АКЦИЯ

Ағымдағы жылдың 11-30 мамыр

аралығында Павлодар облысы

бойынша экология департаменті,

Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және

су ресурстары басқармасы

және Павлодар облысы полиция

департаментінің жергілікті полиция

қызметі басқармасымен бірлесіп,

автокөлік құралдарының уыттылығы

мен түтіндігін бақылауды қамтитын

«Таза ауа» акциясын өткізеді.

Қоғамдық бірлестіктерді,

«Таза ауа»

Павлодар қаласының тұрғындарын

осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Акцияға қатысу, өткізу орны

мен уақыты туралы қосымша

ақпаратты Павлодар облысы

бойынша экология департаментінен

мына мекенжай бойынша алуға

болады: Павлодар қ., Мир к-сі,

22, байланыс телефондары: 78-70-

25, +77767777323

Павлодар облысы бойынша

экология департаменті.

БІЛІМ

Дарынды шәкірт –

білікті ұстаздан

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық

даналығы бекер айтылмаса керек. Май ауданы Ақжар

орта мектебінің абыройын асқақтатып жүрген ауыл

мақтанышы,9-сынып оқушысы Диана Зекенованың

болашағынан зор үміт күтеміз.

Кішкентай кезінен өмірдің бір кірпіші

болып қаланып келе жатқан шәкіртіміздің

еңбектері қуантарлық. Диана өзінің көп жылдық

ізденісінің нәтижесінде үлкен жетістіктерге

жетуде. Облыстық Ж.Жабаев оқуларында ІІ

орын, облыстық Әбіш оқуларының «Ә.Кекілбаев

шығармалары бойынша зерделеу жоба» сайысында

ІІІ орын, облыстық Абай оқуларының

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы

бойынша ІІІ орын, жалпы білім беретін

пәндері бойынша республикалық ғылыми

жобалар конкурсының облыстық кезеңінде

ІІ орын, «Қазіргі заманғы ғылым: Өзгеріске

бастар қадам» атты V халықаралық ғылымитәжірибе

конференциясында І орын иеленді.

Ал 2019-2020 оқу жылының қорытындысы

бойынша «Жыл оқушысы - 2020» атағына қол жеткізді.

«Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» демекші, Май ауданы Ақжар

орта мектебінің директоры О.Әубәкірова бастаған ұлағатты ұстаздар

қауымы әр баланың талантын таразылап, талабын ұштауда.

Меруерт МАҚАЖАНОВА,

Ақжар орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Май ауданы.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім

телефоны: 32-35-35.

66-15-40 ЖАРНАМА

66-15-42

Қасым Жантен ҚАСЫМҰЛЫ

2021 жылдың 3 мамыр күні 87 жасқа

қараған шағында ауданымыздың Құрметті

азаматы Жантен ақсақал дүниеден

озды.

Қасым Жантен Қасымұлы 1935 жылы

25 ақпанда Аққулы (Лебяжі) ауданы

Подпуск ауылында дүниеге келді. 1958

жылы Семей зооветеринарлық институтын

аяқтап, Аққулы (Лебяжі) ауданы

ауылшаруашылық басқармасының бас

зоотехнигі болып өзінің еңбек жолын

бастады. Содан кейін Бесқарағай

мемлекеттік асыл тұқымды қой

зауытының бас зоотехнигі, зоотехникселекционер,

Қазы совхозының директоры,

Май ауданы Киров совхозының зоотехнигі, Аққулы

(Лебяжі) ауданы ауылшаруашылық басқармасының бас маманы

лауазымдарын атқарды.

1996-2003 жылдары аудандық ардагерлер кеңесінің

төрағасы болып қызмет етті. Еңбек еткен жылдары

Жантен Қасымұлы ауданымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға

өзінің үлкен үлесін қосып, ерен еңбегі үшін «Үздік еңбегі

үшін», «В.И. Лениннің туғанына - 100 жыл», «Еңбек ардагері»

медальдарымен және «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне - 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Екі мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болып

сайланды.

Үздік қызметтерді мінсіз атқара жүріп, жұбайымен 6 бала

сүйді, кейін 16 немере мен 30-ға жуық шөберенің бақытын

қызықтады. Барлығы жоғары білімді. Өзінің жолын жалғастырып,

қоғамға пайдасын тигізіп отырған ұл-қыздары түрлі салада

да, мемлекеттік қызметте де еңбек атқаруда.

Өмірден өтуіне байланысты марқұмның барша туыстуғандарына,

отбасына қайғыра көңіл айтамыз.

Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Қайғыға ортақтасып, көңіл айтушылар: А.Ә.БАЛҒАБАЕВ,

С.Р.ТАСТАНБЕКОВ, Б.Р. ӘЛКЕЕВ, М.Ә.СМАҒҰЛОВ,

Т.Қ.МАКИН, С.Д.БИБОЛОВ, В.П.ГОЛУБЕВ, Қ.М.ӘЛТАЕВ,

Ж.А.ЖҰМАБАЕВ, С.Р.МУСИНОВА, Қ.Ғ.ЕСІМОВ,

Қ.Қ.ШАПУОВ, Р.С.ТАСТАМБЕКОВ, Р.Б.МҰҚАНОВ,

Т.Т.ҚОБАЙДАРОВ, Е.Е.ЕРКЕНОВ, Б.Т.ПУСЫРХАНОВ,

Е.А.ШАКИРОВ.

(2075)

(2076)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат комитетінің

мерзімді басылымды, ақпарат

агенттігін және желілік басылымды

есепке қою, қайта есепке қою

туралы 19.06.2019 ж. №17747-Г

куәлігі берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату бөлімі

- 66-15-41.

Фототілші, корректорлар - 65-

12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-

ның компьютер oрталығында

теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет: сейсенбі,

бейсенбі және сенбі күндері

шығады, апталық

таралымы 8463 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй. Газеттің

сапалы басылуына баспахана

жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 694

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді

міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың мазмұнына

жарнама берушілер жауап

береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда жарияланған

материалдарды көшіріп немесе

өңдеп басу үшін редакцияның

жазбаша рұқсаты алынып, газетке

сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!