07.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 8 мамыр, сенбі, 2021 жыл БЕРЕН

SARYARQA SAMALY

Минометші

Жүнісов

Осы күнге дейін көпке белгісіз

болып келген есімдердің бірі – Жүнісов

Абдылахир. Ол 1923 жылы дүниеге

келген. 1942 жылы Павлодар әскери

комиссариаты арқылы майданға

шақырылған. Калуга облысы Спасск-

Деменский ауданына қарасты

Субарь деревнясы маңында болған

шайқастарға қатысқан. Ол аға лейтенант

Ершов басқарған 920-атқыштар

полкінің 2-атқыштар батальонының

минометшісі болды. Жерлесіміздің

майдандағы әскери атағы - кіші

сержант. Сол аумақта болған ұрыс

кезінде жерлесіміз ерлікпен қаза

болды. 920-атқыштар полкінің

командирі, подполковник Лувегов

даңқты минометші Жүнісовтің ерлігін

ерекше бағалап, Кеңес Одағының

Батыры атағын беруге ұсынады.

Бірақ, ұсыныс жоғарыдан құпталмады.

Дегенмен, кейін І дәрежелі «Отан

соғысы» ордені берілді. Ұлы Жеңіс

жолында жан аямай күрескен

қаһарманның есімі ұмытылмайды.

Сәбит

Ахметбеков

Сәбит Ахметбеков 1920 жылы туған.

Әскерге 1940 жылы Куйбышев ауданы

әскери комиссариатынан шақырылып,

Днестр өзені жағалауында болған

ұрыстарға қатысқан. 1944 жылдың

наурыз айында Колодзеюбка деревнясы

аумағында немістерге қарсы

шабуыл кезінде үлкен ерлік жасаған.

Яғни, қарсы тараптың траншеясын

талқандап, немістердің 20-дай сарбазы

мен офицерін жер жастандырды.

Сол күні құрамында Сәбит Ахметбеков

соғысатын автоматшылар бөлімі

немістің 65 солдаты мен офицерінің

көзін жойды. Жерлесіміз 1944 жылдың

Әкеміз Мұсаипов

Қабиден 1941 жылы

18 жасында әскерге

шақырылды.

1942 жылы Калинин

майданындағы 830-шы

атқыштар дивизиясының

құрамына кіреді.

Әке ерлігі

ұмытылмайды

1943 жылы қолынан жарақат алып, госпитальда

емделіп шыққан. Жастық жігері мен

қайсарлығының арқасында майданға қайта

оралып, байланысшы міндетін атқаруға кіріседі.

Осы кезде тағы жараланып, ауыр жағдайда

госпитальге жеткізіледі. Кейін жазылып

шыққанымен қолына қару алуға жағдайы

келмеді. 1943 жылдың мамыр айында елге

оралады.

Әкеміздің майдандағы ерлігі жоғары

бағаланған. Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы»

орденімен, «Кеңес Одағының маршалы

Г.К.Жуков» медалімен, «Ұлы Отан соғысында

Германияны жеңгені үшін» медалімен және

«Ұлы Жеңіске – 50 жыл» мерекелік медалімен

марапатталды.

Үйге денсаулығынан айырылып, мүгедек болып оралса да бірден

еңбекке араласып кетеді. Өмірінің 40 жылдан астам уақытын мал дәрігерлік

қызметіне арнады. Зейнеткерлікке шыққан соң да әкеміз қол қусырып

қарап отырмайтын. Ауылдағы көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп

жүретін. Сол ерекше қасиетінің арқасы болса керек, ауыл арасына өте

беделді де абыройлы болды. 2003 жылдың қаңтар айында 80 жасқа

қараған шағында өмірден өтті.

Сауле ҚАБИДЕНҚЫЗЫ.

Ерлік мәңгі

өшпейді

Облыстық ардагерлер кеңесі «Ұмытылмаған қаһармандар»

жобасын қолға алып, кезінде ерліктері бағаланбай

қалған батырлардың есімін насихаттауды бастағанын

жазған болатынбыз. Олардың барлығы кезінде «Кеңес

Одағының батыры» атағына ұсынылғанымен, белгісіз

себептерге байланысты мақұлданбай қалған.

24 наурызы күні тағы бір ерлігімен

көзге түсті. Сол күні Колодрувка

ауылының маңындағы Днестр өзенін

жүзіп өтіп, біздің солдаттар өтіп

барғанша неміс жасағының алдына

тосқауыл болды. Дәл осы ерлігін

1944 жылдың 3 сәуірінде де қайталады.

Соңғы шайқас кезінде немістердің

10 сарбазының көзін жойған. Осы

ерлігі үшін майдангер жерлесіміз

Кеңес Одағының Батыры атағына

ұсынылған екен. 1944 жылдың 9 мамырында

«Қызыл жұлдыз» орденімен

марапатталды.

Уақас Алтаев

Ол 1925 жылы дүниеге келген.

1942 жылы Лозов әскери комиссариаты

арқылы әскерге алынып,

Беларуссия майданында шайқасты.

Уақас Алтаев 270-Демидов атқыштар

дивизиясының 977-атқыштар полкіне

қарайтын 8-атқыштар ротасының

мергені болған. 1944 жылы Витебск

облысы Надеждино деревнясының

аумағындағы бір операцияда батыс

Двина өзенінен қайықпен бірінші

болып өтіп, жау траншеясына қарсы

шабуылдай бастайды. Аз уақытта

қарсы тараптың ондаған сарбазын

өлтірді. Сондай-ақ, осы аумаққа төніп

келген немістердің жасағын артқа

шегіндірді. Жерлесіміздің осы шайқаста

жасаған көзсіз ерлігін 977-атқыштар

полкінің командирі Кашин Кеңес

Одағының Батыры атағына лайық

деп танып, жоғарғы қолбасшылыққа

ұсыныс хат жолдаған екен. Бірақ,

Алтаев 1944 жылдың 23 шілдесінде

«Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұл майдангерлердің

есімдері өткен жылы жарық

көрген тарихшы Берік Әбдіғалиұлының

«Ұмытылған қаһармандар» кітабына

енді.

Тілеуберді САХАБА.

Даңқты майдангер

Әлемді дүрліктірген қатыгез,

аяусыз соғыс қазақ халқының

басына үлкен қайғы-қасірет

әкелді. Сол сұрапыл соғысқа

Сағитов Сәйткен Сағитұлы 19

жасқа әлі тола қоймаған бозбала

шағында 1942 жылдың қыркүйек

айында өзі туып-өскен Қызыл

қоғам ауылынан Лебяжі аудандық

әскери комиссариаты арқылы

Кеңес әскері қатарына алынып,

елін жаудан қорғауға аттанған.

Бірден 1-ші гвардиялық әуедесанттық

бригадасының және

9-шы гвардиялық әуе-десанттық

полкінің құрамында Солтүстік-

Батыс майданында, Ленинград

қаласы маңында, ал 1943

жылдың шілде айынан бастап

328-ші гвардиялық парашютті–

десант полкінің құрамында Вена

қаласына бағытталған шабуылға

қатысып, Венгрияны, Австрияны

жаудан азат ету үшін болған

сұрапыл шайқастарға қатысқан.

Ұлы Жеңісті қарсы алғаннан

кейін тағы екі жылдай әскер

қатарында болды. Елге аманесен

оралғаннан кейін, туған

ауданындағы Қызыл әскер орта

мектебінде 1947 жылдан 1949

жылға дейін орыс тілі пәнінен

сабақ берген. Сол жылы аудандық

партия бюросының жолдамасымен

Қаз КСР Мемлекеттік қауіпсіздік

министрлігіне әскери қызметке

алынған. 1958 жылы Горький

қаласындағы Кеңес Одағының

Министрлер Кеңесінің жанындағы

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің

201-ші арнайы мектебінде білімін

жетілдіріп, 1966 жылы Семей

педагогикалық институтын сырттай

оқып, жоғары білім алған. 1975

жылы Алматы, 1977 жылы Минск

қалаларындағы КСРО МҚК-нің

жедел және басшы құрамға

арналған жоғары курстарында

Атамыз - Сталинградты қорғау

шайқасына қатысып, ерен ерлік

көрсеткен нағыз батыр адам.

Майданда сапер қызметін атқарып

жүріп, 5 күнде 500 минаны тапқан

екен. Сонымен қатар, 1943 жылы

қаңтар айында жауынгерлерге

азық-түлік жеткізу қызметін де қоса

атқарыпты. Майданның алдыңғы

шебінде жүрген сарбаздарға

тамақ тасудың өзі өте жауапты

қызметтердің бірі болған әрі ол

соғыстың ең қауіпті аймағы болып

саналған.

Әскери тапсырма бойынша

Сев.Донец өзенінен өту кезінде

қатты жараланып, 1943 жылы

30 шілдеде әскери госпитальге

түседі. Ұрыс кезінде

бір жамбасына оқ тигендіктен

Ел басына күн туғанда біздің аталарымыз, ағаларымыз

батырлықтың өшпес өнегесін көрсетіп,

ұрыстарда ерліктер жасады. Қазақстандық

құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылы

Мәскеу түбінде ең алғаш жауды тойтарудан бастап,

1945 жылы Берлинде Ұлы Жеңіске жетумен

аяқталғаны белгілі.

білімін толықтырған. Мемлекеттік

қауіпсіздік органдарында 34 жылдай

әскери қызметте қатардағы жедел

уәкіл қызметінен бастап, бірқатар

жауапты қызметтер атқарып, 1983

жылы ҚазКСР-ның МҚК Павлодар

облысы бойынша басқармасының

бөлім бастығының орынбасары

лауазымынан полковник әскери

атағымен зейнетке шыққан. Ол

өзін осы жылдар аралығында

білімділігі мен біліктілігі жоғары,

қоғам мен мемлекет мүддесінің

қорғалуына, заңдылық пен

тәртіптің қатаң сақталуына, өзіне

де, өзгеге де жауапкершілікпен

қарайтын, туған еліміз алдында

өз міндеттерін адал орындаған

басшы ретінде көрсете білді.

Сәйткен Сағитұлы соғыстан кейінгі

еңбек майданындағы қажырлы

еңбегімен қызметкерлердің

құрметіне бөленіп, жастарды

отансүйгіштікке тәрбиелеп,

өскелең ұрпаққа үлгі бола білді.

Ол майданда қайсарлық, ерлік

көрсеткені үшін 3-ші дәрежелі

«Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік

ерлігі үшін», «Германияны жеңгені

үшін», «Венаны алғаны үшін»

сияқты көптеген медальдармен

марапатталды.

Бейбіт заманда көп жылғы

мінсіз қызметі мен еліміздің

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

қосқан үлесі үшін «Мемлекеттік

қауіпсіздік органдарының құрметті

қызметкері» атағы беріліп, МҚК

төрағасының және ҚМ министрінің

бұйрықтарымен бірнеше медальдармен,

арнайы төсбелгілерімен

марапатталды. Сәйткен Сағитұлы

зейнетке шыққан жылдары

2012 жылы дүниеден өткенге дейін

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша

департаментінің басшылығы мен

қызметкерлеріне өзінің көп жылғы

тәжірибесімен бөлісе отырып,

майданға қайта араласуға рұқсат

берілмейді. Осылайша Ұлы Отан

соғысының мүгедегі ретінде

Отанына оралды. Елге келген

соң Биғайша апамызбен отау

құрып, Сандуғаш және Қаламқас

есімді балалары өмірге келді.

Бейбіт өмірде де тынбай еңбек

етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне

үлес қосты. Қалалық жерде тұрса

да, қорасы малға толы болды.

Екі баласын да ешкімнен кем

қылмай өсіріп, қалаған оқуларын

оқытты. Ақтоғай, Қашыр аудандарынан

қалаға келген ағайынтуыс

нағашымыздың үйінен дәм

татпай кетпейтін. Көрші-қолаңға

да қолы ашық, қайырымды болды.

Атамыз 1986 жылы өмірден өтті.

Бүгінде Қайрат, Рүстем сынды

патриоттық тағы басқа арнайы

жұмыстарға атсалысты. Павлодар

облыстық Ардагерлер кеңесінің

мүшесі ретінде облыстық, қалалық

ардагерлер жұмысына, қоғамдық

жұмыстарға да араласып, қолдау

көрсетті. Москва қаласында

өткен Жеңістің 65 жылдығына

арналған салтанатты іс-шараларға

қатысты. Өмірі ерлікпен, еңбекпен

өткен Сәйткен Сағитұлы еліміз

егемендік алған жылдары

ҚР Президентінің Жарлығымен

«Құрмет» орденімен және ҚР ҰҚК

Төрағасының бұйрығымен «Ұлттық

қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі

үлесі үшін» медалімен, Павлодар

облысы әкімінің өкімімен «Облыс

алдында сіңірген еңбегі үшін»

т ө с б е л г і с і м е н м а р а п а т т а л д ы .

Сәйткен Сағитұлы жары Қапура

Төлеутайқызы екеуі дүниеге

әкелген Бекзат, Раушан, Сәуле

есімді қыздары, Серік есімді

ұлы өнегелі отбасында жақсы

тәрбие алып, өсіп, білім алып,

жанұяларын құрып, ата-анасына

немере, шөбере сүйгізді.

Еліміздің бүгінгідей жетістікке

жету жолындағы Сәйткен Сағитұлы

сияқты ардагерлеріміздің өлшеусіз

ерліктері мен еңбектеріне, елдің

бірлігін бекемдеу мен өскелең

ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты

істеріне «ерлік - елге мұра, ұрпаққа –

үлгі» дегендей, сұрапыл соғыстағы

майдангерлердің көрсеткен ерліктеріне

бүгінгі ұрпақ бас иеді.

ҚР Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің

Павлодар облысы

бойынша

департаментінің

ардагерлер кеңесі.

500 мина тапқан батыр

Менің нағашы атам Балбыр Молақасов 1907 жылы Павлодар облысына

қарасты Максим Горький ауданы, Қашыр ауылында дүниеге келген. 1941

жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Нағашымыздың ерлігі мәңгі

есімізде және барша ағайыны мен әулеті мақтан тұтады. Себебі, ол соңына

өшпес ерлік мұрасын қалдырды.

жиен немерелері және Дәулет,

Әлихан, Батырхан, Тамерлан сынды

шөберелері аталарының есімін

құрмет тұтады. Әр жыл сайын

майдангер атасының есімін еске

алып, ас беріп, аруағына Құран

бағыштауды дәстүрге айналдырған.

Осыдан біраз уақыт бұрын қызы

Молдақасова Сандуғаштың атына

Ресей Федерациясының Қорғаныс

Министрлігінің Орталық архивінен

хат келеді. Онда әкесінің «Ерлігі

үшін» медалімен марапатталғаны

туралы жазылған және медальдің

анықтамасын қоса жіберіпті. Бұл

барша ұрпақтары мен туыстары

үшін үлкен қуаныш болды.

Мәкен КӘРІМОВА,

майдангердің жиені.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!