07.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4

8 мамыр, сенбі, 2021 жыл ДӘУЛЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Арман Жұмагелдіұлы,

жуырда ҚР Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау

министрі Серік Шәпкенов

Үкімет отырысында «Еңбек»

бағдарламасының жақын

аралықта ұлттық жобаға

айналатыны туралы айтқан

болатын. Осы туралы

кеңірек баяндап өтсеңіз...

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен,

1 шілдеден бастап «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы ұлттық

жобаға ауыстырылады. Бұл жобаға

жаңа тетіктер мен бизнес-процестер

енгізіледі. Атап айтсақ, бірінші

міндет бойынша, жұмыста отырып

оқып, практикалық дағдыларды

дамытуға мүмкіндік жасалады.

Электронды еңбек биржасы базасында

нарықта сұранысқа ие

мамандықтар бойынша онлайн

оқытудың жалпыұлттық платформасы

іске қосылады. Екінші бағыт

аясында кәсіпкерлік бастамаларды

қолдау барынша автоматтандырылады.

Ауылдық жерлерде

кәсіпкерлікпен айналысуды кеңейту

үшін өндірушілер мен сатып алушыларды

байланыстыру шаралары

қабылданады. Үшінші міндет

нысаналы топтарды атаулы түрде

қолдауға негізделеді. Бұл орайда

олардың қажеттіліктеріне қарай

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

бойынша жекелеген жобалар іске

ЕГІС-2021

«Еңбек» ұлттық

жобаға айналмақ

Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

«Еңбек» бағдарламасы арқылы тұрмысын жақсартып,

табысын арттырған азаматтар аз емес. Бұқараның тың

идеясын іске асыруға, өзінің жеке кәсібін бастауына,

жұмыссыз жүрген тұрғындардың азаюына барынша

ықпал еткен бағдарлама екі айдан кейін ұлттық жобаға

айналады деп күтілуде. Онда қандай өзгерістер орын

алады? Биыл өңірде «Еңбек» бағдарламасы қалай іске

асуда? Осы және өзге де сауалдарымызға облыстық

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтудың

белсенді бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің басшысы

Арман Заитов жауап берді.

асырылады деп күтілуде. Сондай-ақ,

жұмыспен қамту қызметтері онлайн

және проактивті түрде ұсынылады.

Мысалы, ұлттық жоба аясында

«Күміс жас» жобасы енгізілетін

болады. Мұнда жұмыссыздық

кезеңі бір жылдан асатын зейнеткер

жасына дейінгі адамдар үшін

жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Жалпы, ұлттық жоба

шеңберінде жұмыспен қамтуға

жәрдемдесудің неғұрлым тиімді

қолданыстағы шаралары сақталады,

сондай-ақ жаңа жобалар

енгізіледі.

- Жалпы, аталмыш бағдарламаның

өңірдегі жүзеге асуына

көңіл тола ма?

- Облыста халықты жұмыспен

қамту жөніндегі шаралар «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

іске асырылуда. 2021

жылдың басынан бастап аталмыш

бағдарламаға қатысушылар саны

5812 адамға жетті. Олардың 3636-

сы - жұмыссыздар, 488-і өзін-өзі

жұмыспен қамтығандар болса, 1631–і -

жұмыс іздеушілер. Ал 57-сі -

өзге санаттағы адамдар. Биыл

бағдарламаның бірінші бағыты

бойынша 700 адам техникалық

және кәсіптік білімі бар кадрларды

даярлауға қатысады. Оқу ағымдағы

жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Ал қысқа мерзімді курстарда 415

адамды оқыту жоспарланған болса,

бүгінгі күні 225 адам жіберілді.

Ал екінші бағыт бойынша биыл

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында

1250 адамды оқыту жоспарланған.

Қазіргі уақытта қатысуға

909 адамнан өтінім келіп түсті.

Үшінші бағыт шеңберінде субсидияланатын

жұмыс орындарына

2860 адам жұмысқа орналастырылды.

- Ал жобаларды қаржыландыру

ісі қалай іске

асуда?

- Бұл мақсатта да бірқатар

істер атқарылуда. Мәселен, биылғы

жеңілдікті несиелеуге арналған

қаржыландыру көлемі 1,5 млрд

теңгені құрайды. Оның 53,3%-ы

ауылдық жерлерге, 46,7%-ы

қалаларға тиесілі. Аталған сомаға

229 жобаны қаржыландыру

жоспарлануда. Қазіргі күнге дейін

қайта қаржыландырылған қаражат

есебінен 39 микрокредит берілді.

Ағымдағы жылы бағдарламаға

қатысушыларға 939 мемлекеттік

грант беруге республикалық

бюджет қаражаты есебінен 547,8

млн теңге көзделген. Бүгінгі таңда

245 грант берілді.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

ҚОЛДАУ

Сапалы тұқым -

қолжетімді

Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі

11,8 млрд теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік

кешен субъектілерінен шамамен 350 мың тонна

ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып

алу жоспарланып отыр.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұдан бөлек, тыңайтқыштар

қолдану көлемін 53 мың

тоннаға ұлғайту және олардың

қолданылуын ғылыми негізделген

қажеттіліктің 25,5 пайызына дейін

жеткізу жоспарға енгізілген.

- Бөлінетін демеуқаржы

ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілер үшін сапалы

тұқымдардың қолжетімділігін

арттыруға мүмкіндік береді.

Көктемгі дала жұмыстарын

жүргізу барысы ерекше бақылауға

алынатын болады, - дейді ҚР

Ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаров.

Айта кетейік, биыл елімізде

жалпы егіс алаңы 86,4 мың

гектарға ұлғайып, 22,7 млн

гектарды құрайды деп күтілуде.

Әсіресе, майлы, азықтық және

көкөніс-бақша дақылдарының,

сондай-ақ қарақұмық әрі қант

қызылшасы сияқты әлеуметтік

дақылдардың егіс алқабын

арттыру жоспарланып отыр.

Есесіне, бидай, күріш және

мақта сияқты дара дақылдар

мен ылғалды көп қажет ететін

дақылдар егілетін алқаптар

қысқартылмақ.

ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі соңғы кезде

оңды-солды таратылып келген

субсидияны үнемді жұмсауға

көшкен сияқты. Көктемде тұқым

шаруашылығын қаржыландырудың

жаңа тетіктері іске қосылмақ.

Бұған дейін тұқым шаруашылығы

бағытында бірқатар өзгеріс орын

алған-ды. Жаңашылдыққа сәйкес,

элиталық тұқым өндірушілер,

тұқым шаруашылықтары немесе

оны өткізушілер тұқымды

шаруаларға күзге дейін бастапқы

жарнасыз және төлемді кейінге

шегеріп үлестіруде. Олардың

шығындарын толықтай облыс

әкімдіктері өтейді. Егін жинаған соң

шаруалар элиталық немесе бірінші

репродукциялы тұқым құнының

30 пайызын нормаға сәйкес

арнайы ұйымға қайтаруға

міндетті. Жоғары немесе бірінші

репродукциялы тұқымға қол

жеткізгісі келген кәсіпкерлер

бұған дейін тұқым өсірумен

айналысатын шаруашылықтардан

өзіне қажетті өнімді сатып

алып, оның жарты ақшасын

сол жерде төлеп, қалғанын

егін жинаған соң қайтарып

келген-ді. Өкінішке қарай, бұл

жүйе шаруашылықтардың бәріне

бірдей қолжетімді болған жоқ.

Себебі, көктемде шаруалардың

қолында қомақты қаржы болмайды.

Олар сол уақытта тұқым алуға,

техникаға, жанар-жағармайға

қыруар қаржы жұмсайды. Бұған

жұмысшыларға төленетін еңбекақыны

қосыңыз. Қысқасы, мұндай

жеңілдік көптің көңілінен шығуда.

Өзгеріске сәйкес, жүгері, қант

қызылшасы, рапс, күнбағыс,

мақта, жеміс-жидек дақылдарын,

жүзімнің элиталық көшеттерін

сатып алған шаруалардың

шығындары ішінара (50 пайызы)

өтеу арқылы субсидияланатын

да атап өткен жөн.

ҚР Ауыл шаруашылығы

министрі Сапархан Омаровтың

мәліметінше, елімізде тұқым

шаруашылығын субсидиялауға

жыл сайын шамамен 8 млрд

теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Өкініштісі, бөлінген қаражат

шаруашылықтардың бәріне

бірдей тимейді. Көп жағдайда ірі

шаруашылықтардан артылмайды.

Сондықтан ауыл шаруашылығы

министрлігі әрбір дақыл бойынша

жеке-жеке норматив бекіту жүйесін

дамыта түспек. Осылайша, алдағы

үш жыл ішінде еліміз үшінші

репродукциялы тұқымнан төмен

өнімдерден біржола құтылуды

көздеп отыр. Егіс алаңына тек

жоғары, бірінші, екінші және

үшінші репродукциялы тұқымдар

ғана себілмек.

Жоңышқа –

экспорттық жоба

Железин ауданы десе, әуелі «Пахарь» шаруа қожалығы ойға оралатыны

анық. Аз уақыттың ішінде тұрғызылған агроқалашық шағын

шаруалардың ынтасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа

технологияға ден қойған ірі серіктестікте алдағы уақытта ғылыми

орталық ашылмақ.

Иә, бүгінде ғылымсыз ауыл шаруашылығы

саласын дамыту мүмкін емес. Заманауи

технологияң болмаса да көшке ілесу қиын.

Мұны бес саусақтай білетін «Пахарь» шаруа

қожалығының басшысы Олег Литвиненко

шаруашылықты дамыту жоспарын түзіп,

оны жүзеге асыру үшін барын салуда.

- Бүгінде иелігімізде 35 мың гектар

жер бар. Оның 9200 гектары - суармалы

алқап. Суармалы жерді тағы 3 мың

гектарға ұлғайтуды көздеп отырмыз. Жерді

Мичурин ауылының аумағынан қарастырып

қойдық. Басымдық астық дақылдарына

беріледі. Одан бөлек, жүгері, картоп, сәбіз

егіледі. Картоп өсіруді соңғы жылдары

қолға алсақ та, гектарынан 50 тонна

картоп жинаймыз. Көкөніс сақтауда еш

қиындық жоқ. Сыйымдылығы 12 мың

тонналық қойма жұмыс істеп тұр. Қазір

тағы сонша көлемдегі қойманың құрылысы

басталып кетті. Соңғы жылдары жоңышқа

өсірудің қыр-сырын зерттеп жатырмыз.

Оны сапалы мал азығы ретінде пайдаланып,

Қытай нарығына да жөнелтпекпіз.

Өсімдікті Сауд Арабиясы мен Корея да алуға

дайын. Бірақ, Қытай ерекше қызығушылық

танытып отыр. Бүгінде ондағы жоңышқа

тапшылығы - 2 миллион тонна. Олар

өсімдіктен балалар тамағын жасауға

ниетті. Қытай нарығында жоңышқаның

тоннасы 400-500 долларға бағаланады.

Өнімді экспорттау үшін құжаттандыру және

тасымалдау ісіне 5 миллион еуроға жуық

қаражат қажет. Жоба сәтті жүзеге асса,

шығынды аз уақыттың ішінде ақтап алуға

болады, - дейді Олег Литвиненко.

Шаруашылықта сұранысқа сай жоңышқа

алқабын арттыру көзделуде. Бүгінде мұнда

2,5 мың гектар бар. Тағы 2,5 мың гектарға

ұлғайту мақсат етілуде. Өсімдік 25 күнде

өнім береді екен. Яғни, бабын тапса,

жылына өнімді екі рет алуға болатын

көрінеді.

Шаруа қожалығы басшысының мәліметінше,

бүгінде мұнда 4200 аналық ірі қара ұсталады.

Оның 1200-і - голштин тұқымды сүтті

сиырлар. Нәтижесінде тәулігіне 25 тонна

сүт өндіріледі.

Бүгінде шаруашылықта 140-тай адам

нәпақа тауып жүр. Жұмыскерлерге

12 пәтерлі, екі қабатты 4 үй тұрғызылыпты.

Тұру тегін, тіпті коммуналдық шығындарға

да қалтасынан бір тиын шығармайды.

Жұмыскерлер бос уақытын тиімді өткізуі

үшін мәдени-ойын-сауық кешені, бассейн

және спорт залы салынған. Сондай-ақ,

дәмхана, дүкен, мектепке дейінгі шағын

орталық пен фельдшерлік амбулатория

бар.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!