12.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 12 маусым, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

12 маусым, сенбі

2021 жыл

№65 (15683)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

БАСПАСӨЗ - 2021

Шегірткеден қауіп

бар ма?

ҚҰРМЕТТІ

ОҚЫРМАНДАР!

«Saryarqa samaly» газетіне

2021 жылдың екінші

жартысына жазылу

жүргізілуде!

БІЗДІҢ БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУДЫҢ

КЕЛЕСІДЕЙ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР:

«Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы

(1 және 6 айға толық жазылу индекстері

- 55443, 55441)

Қалаларда -

1 айға - 1153 теңге 99 тиын

6 айға - 6924 теңге 20 тиын

Аудан, ауылдарға -

1 айға - 1207 теңге 01 тиын

6 айға - 7242 теңге 40 тиын

«Alash Press» ЖШС бөлімшелері

арқылы (Павлодар қ.) -

1 айға - 1152 теңге 50 тиын

6 айға - 6915 теңге

Газет редакциясынан алу

(Павлодар қ.) -

1 айға - 990 теңге

6 айға - 5940 теңге

Мектептегі қауіпсіздік:

ҚАРУ БАР ЖЕРДЕ ҚАТЕР БАР

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Тұқым себу науқаны аяқталды екен деп диқандарға алаңсыз жатуға

әсте болмас. Табиғаттың тосын сыйы бір бөлек, шегірткелердің

шабуылына төтеп беру де маңызды. Биыл жәндіктермен күресу

шараларына 7 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жалғасы 3-бетте

Аймағымыздың тәртіп сақшылары заңсыз сақталған, тіркелмеген 25 қаруды анықтаған.

Олардың дені ауылдық елді мекендерден табылған. Тәртіп сақшылары жыл сайын тиісті

тексеру жүргізеді. Соған қарамастан үйінде қару жасырған тұрғындардың қатары азаймай

келеді.

Толығырақ 9-бетте

Басылымға «Қазпоштаның» жергілікті

бөлімшелерінде немесе «Alash Press» ЖШСінде

(тел. 61-63-18, тек Павлодар қаласы

үшін) жазыла аласыз. Одан басқа, Астана

к-сі, 143 мекенжайы бойынша баламалы

жазылып, тікелей редакциядан алуға

болады. Мекемелер мен ұйымдар газеттің

кемі 50 данасына жазылса, кәсіпорынға

дейін жеткізу ұйымдастырылады. Тел:

8 (718 2) 66-15-41.

Алтынбек МЕДЬЯРОВ,

Павлодар қалалық полиция

басқармасы батальон командирінің

орынбасары.

Құрметті оқырман!

Егер сізге «Saryarqa samaly» газеті

тиісті уақытында жеткізілмесе, мына

телефондарға хабарласыңыздар:

«Қазпошта» АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі:

32-40-37 және

сенім телефоны:

32-35-35


2 12 маусым, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19

Облыс –

«жасыл»

аймақта

ҚҰРМЕТ

Дарындыға –

даңғыл жол

Бүгін Павлодар облысы коронавирусты

жұқтырушылардың саны

бойынша «жасыл» аймаққа енді.

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсара

түсуіне байланысты осы сенбіден бастап

ауылшаруашылық жәрмеңкесінің

қызметіне рұқсат етілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте облыстық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Батырбек Әлиев мәлім етті. Оның сөзінше, өткен

тәулікті өңірде 37 адам КВИ-мен ауырған. Оның

10-ы симптомсыз вирусты жұқтырған.

- 11 маусымда облыс «жасыл» аймаққа енді.

Бірақ эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі

деп айтуға болады. Сол себепті тұрғындар адам

көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықты

сақтап, медициналық маска тағуы тиіс. Жағдайдың

жақсаруы жұртшылықтың әрекетіне тікелей байланысты.

Эпидемиологиялық ахуал бір апта көлемінде

бақыланатын болады. Егер КВИ жұқтырушылар саны

азая түссе, карантин шаралары жеңілдетіледі, -

дейді Батырбек Әлиев.

Батырбек Төлеубекұлының айтуынша, карантин

шаралары жеңілдейтін болса, қоғамдық тамақтану

орындарының қызмет көрсету уақыты ұзартылып,

мекеме қызметкерлерінің 70 пайызы дәстүрлі жұмыс

форматына көшуі мүмкін.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Екінші

компонент

жеткілікті ме?

Әлеуметтік желіде павлодарлықтар

коронавирусқа қарсы вакцинаның

екінші дозасының жетіспеушілігі туралы

жазып, алаңдаушылық білдіруде. Кейбір

медициналық мекемелерде аталған

препарат таусылып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

басшысы Айдар Сейітқазинов мұндай жағдайдың

орын алғанын жасырмады. Оның айтуынша, облыста

КВИ-ге қарсы егілетін вакцинаның екінші дозасының

8 мың көлемі бар. Алдағы күндері аталған препараттар

тағы да жеткізілмек.

- Кейбір медициналық мекемелерде екпенің

екінші дозасы болмай қалғаны рас. Біз облыстағы

медициналық мекемелердегі препараттарды қайта

бөлдік. Қазір ешқандай мәселе жоқ. Қоймада екінші

доза бар. Осы аптада тағы түсетін болады. Қазір

екінші компонентті алу уақыты ұзартылды. Егер

емханаларда 21-ші күні вакцинаның екінші дозасы

болмаса, кейін де алуға болады, - дейді А.Сейітқазинов.

Жұртшылық арасында екінші дозаны 21, 45 немесе

90 күннен кейін алуға қатысты түсініспеушілік те

туындауда. Тұрғындар вакцинаның екінші компонентін

қанша күннен кейін алу тиімді екенін білмеуде.

- Алғашқы екпені алған адамдарға смс-хабарлама

жолданады. Онда қай күні, қай жерде екінші компонентті

алуға болатыны нақты жазылады. Тұрғындар

берілген мерзім ішінен неше күннен кейін тапсыратынын

өздері шешеді. Ол үшін жергілікті емханаға

хабарласып, өтініш қалдыру керек. Қазір шет ел

ғалымдары ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Олар алғашқы доза мен екінші дозаның арасындағы

мерзім неғұрлым ұзақ болса, иммунитет мықты болатынын

айтады. Ағзадағы антидене вакцинаға жауап

бере алатынын айтады. Бірақ тұрғындар шешімді

өздері қабылдайды. Екінші компонентті 21 күннен

кейін де алады, - дейді А.Сейітқазинов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс-Баян өңірі –

ғылым мен білімді,

өнер мен мәдениетті

қатар ұштастырған

дарындылардың мекені.

Биыл аймағымыздың

білімпаз оқушылары

республикалық және

халықаралық олимпиадалар

мен білім

сайыстарынан 245

медаль еншілеген. Кеше

облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов осындай үздік

оқушылармен кездесіп,

арнайы Алғыс хатпен

марапаттады.

Тілеуберді САХАБА

Облыстық білім беру басқармасының

мәліметінше, облыстың құрама

командасының қоржынына түскен 245

медальдің 37-сін - халықаралық, 208-ін

республикалық деңгейдегі білім сайыстарынан

еншілеген.

- Тәуелсіз Қазақстанның болашағы -

өздеріңіздей білімді ұрпақтың қолында.

Сондықтан, білім беру саласын дамыту

мәселесін еш уақытта назардан тыс

қалдырмаймыз. Білім беру сапасын көтеру

бағытында атқарылған жұмыстардың

ЕГІС–2021

Техника паркі жаңартылуда

Павлодарлық диқандар егіс жұмыстарын ойдағыдай аяқтады.

Шілде айының ортасына қарай ерте пісетін көкөністер дүкен

сөрелеріне жол тартпақ. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал

тұрақталса, жәрмеңке «думаны» жалғасуы мүмкін.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте облыстық ауыл

шаруашылығы басқармасының басшысы

Нұрболат Мақашев көктемгі науқанның

нәтижелерін жіпке тізді. Жергілікті

ғалымдардың ұсынысы бойынша егіс

жұмыстары 5 мамырдан басталып,

5 маусымда аяқталған. Ендігі жерде

диқандардың табиғат тосын мінез танытпаса,

мол өнім жинаудан үміті зор.

Белгілі болғандай, биыл өсімдік

шаруашылығын қолдау мақсатында

субсидия ретінде 3,4 млрд теңге қаражат

бөлінген. Атап айтсақ, минералды

тыңайтқыштар құнын субсидиялау ісіне

арқасында қол жеткізген табыстарымыз

аз емес. Оның нәтижесі - міне, көз

алдымызда. Сіздер Павлодар облысының

ғана емес, халықаралық олимпиадаларда

бүкіл Қазақстанның намысын

қорғап келесіздер. Бұл - ізденіс пен

еңбектің нақты көрінісі. Сондықтан,

өздеріңіздей тәрбиелі ұрпақ өсірген

ата-аналарға және дарынды шәкірт

тәрбиелеген ұстаздарға алғыс білдіремін, -

деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Кездесуге дарынды балаларға

867 миллион теңге, саны зиян тигізудің

экономикалық шегінен жоғары қауіпті

зиянды организмдерге, карантиндік

объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге

арналған пестицидтердің, биоагенттердің

(энтомофагтардың) құнын субсидиялауға

1 472 млн теңге, тұқым шаруашылығын

дамытуды қолдауға 836 млн теңге, су

құнын арзандатуды субсидиялауға 286,2

млн теңге қаражат қарастырылған.

Бір атап өтерлігі, соңғы жылдары

шаруалар минералды тыңайтқышты

қолдануға баса мән беруде. Бұл –

жердің құнарлығын сақтауға таптырмайтын

әдіс. Тыңайтқыштың құны субсидияланатынын

ескерген диқандар өткен жылмен

салыстырғанда минералды тыңайтқышты

67 пайызға артық сатып алған.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

арналған мамандандырылған мектептер

мен жалпы орта білім беру ұйымдарының

50 оқушысы шақырылыпты.

Аймақ басшысы оларды арнайы Алғыс

хатпен марапаттап, 100 мың теңгелік

сертификаттарды табыс етті. Сонымен

қатар, еліміздегі 100 үздік мектептің

қатарына кірген дарынды балаларға

арналған №8 мектеп-лицейінің директоры

Гауһар Бабыкова, «Жас дарын»

мамандандырылған мектебінің директоры

Гүлнәр Жанғазы және №3 гимназия

мектебінің директоры Қорлан Құсбекова

да марапатталды. Одан бөлек, бір

үйден бірнеше олимпиада жеңімпазын

шығарған ата-аналарға да айрықша

құрмет көрсетілді.

- 2020-2021 оқу жылы мен үшін

нәтижелі болды. Республикалық пән

олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті

пәні бойынша бақ сынап, бірінші

орынды жеңіп алдым. Биылғы олимпиада

бұрынғыдан өзгеше болды деуге

болады. Себебі, барлық сынақтарды

онлайн режимде тапсырдық. Яғни,

олимпиадалық сайыстардың жаңа

форматын меңгердік. Осындай білім

сайыстарында жеңіске жетуіме себеп

болған ұстаздарым Айман Зейнуллина

және Әмина Аманжоловаға алғыс

білдіремін, - деді облыстық көпсалалы

дарынды балаларға арналған лицейинтернатының

оқушысы Карина Рабэ.

Айта кету керек, соңғы 20 жыл ішінде

павлодарлық оқушылар республикалық

деңгейдегі білім сайыстарынан 1645,

халықаралық деңгейдегі білім сайыстарынан

871 медаль еншілеген.

Павлодарлық шаруалардың қолындағы

техникалардың ескі екені жасырын емес.

Бүгінде облыс бойынша тракторлардың

88 пайызы, комбайнның 78 пайызы

ескі. Көбі 15 жылдан бері қолданыста

жүр. Нұрболат Мақашевтің айтуынша,

жыл сайын шаруалар техника паркін

жаңартуда. Жеке қаражатына да,

бағдарламалар арқылы да қажетті

техникаларды сатып алуда. Мәселен,

жыл басынан бері шаруалар 441 жаңа

техниканы қатарға қосыпты. Әсіресе,

жаңадан құрылған шаруашылықтар

мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде

техникасын түгендеуге көшкен. Жеке

қаражатына сатып алғандардың дені

- ірі шаруа қожалықтары. Еліміздің

агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2025

жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес,

алдағы 2 жылда еңбек өнімділігін екі

есеге арттыру көзделген. Межеге қол

жеткізудің бірден-бір жолы - техника

паркінің жаңартылуы екені сөзсіз.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 12 маусым, сенбі, 2021 жыл 3

ҚАУІПСІЗДІК

Басы 1-бетте

Жол апаты неге

азаймайды?

Адамдардың көлік

құралдарына деген

сұранысы қоғамға

қауіп төндіріп отыр

десек, қателеспейміз.

Жыл сайын әлемде

жол-көлік оқиғалары

салдарынан 1 миллионнан

астам адам

көз жұмады екен.

Олардың ішінде

балалар да бар.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Өзектілігін жоғалтпаған мәселеге

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң

бұзушыларға қатаң жаза қолдануды

тапсырған болатын. Бірақ жол үстіндегі

жауапсыздық тыйылмай тұр. Жаз

мезгілі басталғалы көшелердегі көлік

қатынасы көбейді. Өкініштісі, жол-көлік

оқиғалары күн сайын тіркелуде. Алысқа

бармай-ақ, тек осы аптада ғана

облыста орын алған оқыс жағдайларға

тоқталып өтейік. Мәселен, 8 маусым

күні түскі сағат 14.00 шамасында

Ақсу қаласына бағытталған жолда

КамАЗ көлігін тізгіндеген 29 жастағы

жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай,

жол жиегіне шығып кеткен. Дәл осы

күні Павлодар қаласында 30 жастағы

жүргізуші 60 жастағы қарияны қағып

кетті. Жарақат алған адам ауруханаға

жатқызылды. 9 маусым күні күндіз

сағат 17.00 шамасында Железин ауданында

Садовая-Бабина көшелерінің

қиылысында 34 жастағы жүргізуші

скутер тізгіндеген жасөспірімді қағып

кетті. Жарақат алған бала ауруханаға

жеткізілген. 10 маусым күні таңғы сағат

8.30 шамасында Павлодар қаласындағы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен

Естай көшелерінің қиылысында жол-көлік

оқиғасы тіркелді. Екі жеңіл көлік

бір-бірімен соқтығысқан. Аталған

факті бойынша тексеру жұмыстары

жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз

жол» жедел профилактикалық шарасын

ұйымдастыруда. 17 мамырда бастау алған

шара аясында жол полицейлері 6 мыңнан

астам құқықбұзушылықты анықтаған.

Көлік жүргізушілердің басым көпшілігі

қауіпсіздік белдігін тақпаған. Мамандар

мұндай 2 мың фактіні анықтаған.

Тағы 1 мың жүргізуші көлік рөлінде

отырып, ұялы телефонды қолданған.

Сонымен қатар, техниканы ішімдік

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте ҚР Ауыл

шаруашылығы министрлігіне қарасты

облыстық аумақтық инспекциясы

басшысының орынбасары Арман

Шүйкенов шегірткеге қарсы күрес

жұмыстарына тоқталды.

- Аймағымызда саяқ және үйірлі

шегірткелер кездеседі. Бір ғана саяқ

шегірткелердің 12 түрі бар. Биыл облыстық

бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 6,6

мың гектар аумақта өңдеу жұмыстары

жүргізіледі, - дейді А.Шүйкенов.

ішіп басқарған 150-ге жуық адам

ұсталды.

Павлодар облыстық полиция

департаменті жергілікті полиция

қызметі басқармасының басшысы

Ғалым Сарғұловтың айтуынша, қарамақарсы

жолға шығып, жүйткіп өтетін

жүргізушілер көп. Мамандар осындай

құқықбұзушылыққа жол берген 146

көлік иесін жазалады. Қарсы жолаққа

өткен көлік жүргізушілері 6 ай техника

басқару құқығынан айырылады екен.

Жыл басынан бері 67 адам 6 айға

жүргізуші куәлігінен айырылды. Ағымдағы

жылы 1362 адам бағдаршамның

қызыл түсін елемей, тәртіпке

бағынбаған.

- 4 маусым күні Баянауыл ауданының

Майқайың кентінде жол апаты тіркелді.

«Тайота Венза» көлігін басқарған адам

велосипед тізгіндеген жасөспірімді

қағып кетті. Бала қарсы жолға өтпекші

болған. Салдарынан ауыр жарақат алып,

ауруханаға түсті. Бұл - ауыл ішінде

болған оқиға. Қазір жастардың дені

велосипед, скутер, самокат мінуге

құштар. Бірақ жол ережесін білмейді.

Тәжірибелі жүргізушілер жол ережесіне

бағынбайды. Ішімдік ішіп, көлік рөліне

отырған адамдар 15 жылға техниканы

басқара алмайды. Өкініштісі, мұндай

жаза жүргізушілерді тәртіпке шақыра

алмай отыр. 3 маусым күні Екібастұз

қаласында 45 жастағы жүргізуші жаяу

жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған

адам жолдың арғы бетіне жүгіріп өтпек

болған. Салдарынан зардап шекті.

Бұдан бөлек, Шарбақты ауданындағы

Малиновка ауылындағы 65 жастағы

зейнеткер көлікке мастық күйде отырған.

Шегірткеден қауіп

бар ма?

Жалпы, елімізде қауіпті үйірлі

шегірткенің 3 түрі кездеседі екен.

Павлодар облысында тек итальяндық

прус қауіп төндіруі мүмкін. Биыл аталған

шегірткенің алғашқы шабуылы 12 мамырда

Баянауыл ауданында тіркеліпті. Ал саяқ

шегірткенің дернәсілдері 5 мамырдан

бастап пайда бола бастаған.

- Аймағымызда аса қауіпті

шегірткелерге қарсы өңдеу көлемі

жыл сайын азайып жатқанын атап

өткен жөн. Мәселен, 2000 жылдардың

басында 1 миллион 200 мың гектар

алқап өңделетін еді. 2012 жылы 120

мың гектарға азайды. 2018 жылы 85

мың гектар, 2019 жылы 22,2 мың гектар,

Суреттер ғаламтордан алынды.

Тәжірибелі жүргізуші 7 жылға куәлігінен

айырылды. Тұрғындарды күн сайын

тәртіпке шақырсақ та, жол ережесін

сақтамайтыны қынжылтады, - дейді

Ғ.Сарғұлов.

Павлодар облысында 7-11 маусым

аралығында «Автобус» профилактикалық

шарасы өтті. Жол полицейлері 400

құқықбұзушылықты анықтады. Оның

ішінде 76 жүргізуші жол ережесіне

бағынбаса, 70 адам рөлде отырып,

ұялы телефон қолданған. 12 автобус

жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс

асырған. 7 автобус айыппұл тұрағына

қойылған. Кейбір қоғамдық көлік иелерінің

құжаттары түгел болмаған. 2 автобус

паркінің басшылығы жауапкершілікке

тартылған.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары

жол ережесіне бағынбаған 40 мың

адамды анықтады. Сот шешімі бойынша

347 жүргізуші көлік басқару куәлігінен

айырылса, 387 көлік иесі темір тұлпарды

мастық күйде айдағаны үшін уақытша

қамауға алынған.

Жол сапасы жөнінен әлемде көш

бастап тұрған Ұлыбританияда жаяу

жүргіншілерді қағып кету фактісі

40 жылда 78 пайызға азайған. Бұл елде

көлік жүргізушілеріне рөлде отырып,

темекі шегуге, тамақ ішуге болмайды.

АҚШ-та да жол-көлік оқиғалары азайып

келеді. Бұл мемлекеттің барлық штаттарында

ұялы телефон ұстап көлік

жүргізуге тыйым салынған. Тұрғындары

заң талаптарына бағынады. Шыны керек,

жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек

құзырлы органдардың жұмысы емес.

Бұл мәселеге қоғам болып атсалысу

қажет.

2020 жылы 8 мың, биыл 3048 гектар

жер өңделеді. Аса қауіпті шегірткелерді

улауға республикалық бюджеттен қаражат

бөлінеді, - дейді А.Шүйкенов.

Шегірткелер қауіпті мөлшерге жеткен

кезде ғана химиялық өңдеу жүргізіле

бастайды екен. 3 маусымнан бастап

Ертіс, Железин және Шарбақты аудандарынан

басқа өзге өңірлерде химиялық

шаралар қолға алынған. Бұдан бөлек,

РФ шекаралас аумақтары, Шығыс

Қазақстан, Ақмола және Қарағанды

облыстарымен шекаралас орналасқан

аймақтар өңделуде. Жалпы, шаруаларға

алаңдауға негіз жоқ, дейді бұл іске

жауапты мамандар.

COVID-19

QazVac

мойындалды

Қазақстан ғалымдары әзірлеген, індетке

қарсы екпе - QazVac Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын

медикаменттер тізіміне кіреді. Бұл

туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің

33-жалпы отырысында ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында

коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеп,

өндіріске шығарған санаулы ғана елдердің бірі

екендігін атап өткім келеді. Өткен аптада ғана

мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының

бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым

төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын

медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу

мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін

арттыруға және оның шетелге экспортын жолға

қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді», - деді

ҚР Президенті.

Өз тілшіміз.

Тізімді жаңарту

қажет

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын

және орта бизнес өкілдері пандемияға

байланысты міндетті әлеуметтік

сақтандыру қорына жарна төлеуден

босатылған болатын. Қызметкерлер

автоматты түрде сақтандырылған

болып есептеледі.

Мұндай мүмкіндік ағымдағы жылдың 31 қазанына

дейін беріліп отыр. Тек шағын және орта бизнес

басшылығы қатардағы қызметкерлердің тізімін msb.

fms.kz сайтына енгізіп, ай сайын жаңартып отыруы

тиіс. Өкініштісі, бизнес өкілдері бұл міндетті толық

орындамай отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Павлодар облысы бойынша директоры

Нұрлан Қасымов мәлім етті. Оның сөзінше, 2021

жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жарна

төлеуден босатылған 18312 шағын және орта

бизнес субъектілерінің 795-і қызметкерлер тізімін

жаңартпаған. Бұл талап орындалмаса, мамандар

тегін медициналық көмектен қағылады.

- Облыстағы 750360 адамның 407141-і жеңілдік

санатына жатады. Яғни, аймағымызда 400 мыңнан

астам адам МӘМС аясында тегін көмек алады.

Жеңілдік санатына жатпайтын адамдар ай сайын

қорға жарна аударуы тиіс. Өңірде жарнаны уақытылы

төлей алмайтын адамдар да бар. Олардың саны

135195-ті құрайды, - дейді Н.Қасымов.

Сақтандыру қорының өкілдері мәртебесі анықталмаған

адамдарды табу мақсатында мониторинг жұмыстарын

жүргізеді. Мәртебесі анықталмағандардың дені

Павлодар қаласында тұрады. Мұндай адамдардың

саны – 70735. Екібастұз қаласында 24641 адамның,

Ақсу қаласында 11518 адамның мәртебесі жоқ. Яғни

олар қорға жарна аудармаған.

Нұрлан Кәукенұлы медициналық мекемелерде орын

алған олқылықтарға қатысты шағымдарды «Qoldau —

24/7» мобильді қосымшасына жолдау керектігін айтады.

Аталмыш қосымшаны өңір тұрғындары белсенді

пайдалануда. Көп жағдайда жұртшылық емханадағы

кезек санының көптігі, қызмет сапасы, МӘМС аясында

тегін көмек алуға қатысты сұрақтарын жолдауда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


4 12 маусым, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Абзал Қайратұлы,

109 байланыс орталығына хабарласушылар

көп пе?

- 109 бірыңғай байланыс

орталығы өткен жылдың наурыз

айында құрылды. Ол кезде коронавирус

инфекциясы дүниежүзіне

таралып, елімізде төтенше жағдай

жарияланып жатқан болатын. Негізі,

біздің орталық алғаш құрылған

кезде павлодарлықтарға ғана

қызмет көрсете бастаған болатын.

Кейін облыс әкімінің қолдауымен

қызмет көрсету масштабымызды

кеңейтіп, облыс бойынша түскен

сұрақтарға жауап бере бастадық.

Өткен жылы облыс тұрғындарынан

әртүрлі тақырыпта 140 мыңға

таяу өтініш түскен. Ал биыл жыл

басынан бері 35 мыңнан астам

өтініш қабылданды.

- Жақында 109 бірыңғай

байланыс орталығының Telegram

каналы ашылғанын естідік. Жалпы,

орталық мамандары тұрғындарға

қаншалықты қолжетімді?

- Тұрғындар біздің кезекшілерге

кез-келген уақытта хабарласып,

арыз-шағымдарын білдіре алады.

Себебі, біздің мамандар өте

қолжетімді. Яғни, бізбен тілдесудің

бірнеше жолын қарастырып, ең

ыңғайлы, қолайлы нұсқаларын іске

қосып қойдық. Мысалы, әлеуметтік

желі мен басқа да мобильді

қосымшаларды қолданбайтын

үлкен адамдарға өзінің ұялы

телефоны арқылы 109 нөміріне

Telegram-ға

тіркеліңіз!

Павлодардағы 109 бірыңғай байланыс орталығы

халықпен тығыз байланыста болып, тұрғындардың

арыз-шағымдарын тыңдаудың түрлі жолдарын жасауда.

Жақында Telegram мессенджерінде жеке каналы

ашылып, іске қосылды. Осыған байланысты орталық

директоры Абзал Қабдрашты әңгімеге тартып, жаңа

Telegram каналының мақсат-міндетін және қазіргі

уақыттағы ең көп көтерілетін мәселелер жөнінде

әңгімелескен едік.

қоңырау шалуға болады. Одан

бөлек 8747-901-109 нөміріндегі

WhatsApp мессенджеріне және

Instagram әлеуметтік желісіндегі

«109.pavlodar» парақшасына

хабарлама қалдыруға болады.

Сондай-ақ, Рlаy Market және App

Store желілерінде «Komek-109» деген

мобильді қосымшаларымыз бар.

Оны смартфон ұялы байланысына

жүктеп алып, қолдануға мүмкіндік

бар. Сол секілді «pavlodar.komek109.

kz» деген порталымыз да жұмыс

істеп тұр. Тіпті, болмаған жағдайда

«contact@pavlodar109.kz» электронды

поштасына хат жолдауға болады.

Бүгінде қолданысқа кеңінен еніп

келе жатқан байланыс жүйелерінің

бірі – Telegram каналы. Сондықтан,

оны да іске қосуды жөн санадық.

Аз уақыттың ішінде «pavlodar109»

telegram каналына 700-ден астам

өтініштер мен арыз-шағымдар

түсіп үлгерді.

- Қазіргі уақытта тұрғындар

109 бірыңғай байланыс орталығына

қандай мәселелер

бойынша жиі хабарласады?

- Статистикалық мәліметтерге

жүгінсек, жыл басынан бері түскен

сауалдардың дені коронавирус

инфекциясы туралы. Соның ішінде

карантиндік шектеулерге қатысты

көп сұрақ түседі. Яғни, облыстың

бас санитар дәрігерінің қаулысы

бойынша қандай қызметтерге

шектеу қойылды немесе рұқсат

берілді деп сұрайды тұрғындар.

Өздеріңіз білесіздер, қазір алдағы

жылыту маусымына дайындық

басталып кеткен. Барлық қала

және аудандарда су құбырларына

гидравликалық сынақтар жүргізіліп

жатыр. Соған қатысты, қаланың

кейбір үйлерінде ыстық су ажыратылады.

Сондықтан, біз қай жерде

қандай жоспарлы жұмыстар

жүргізіліп жатқанын түсіндіреміз.

Сонымен қатар, әлеуметтік сала

бойынша белгілі бір мәселенің

жауабын алу үшін де хабарласады.

Біздің операторлар да жылдам

әрі нақты жауап беруге тырысады.

Айта кетейік, 109 байланыс

орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Сондықтан, кез-келген уақытта

байланысқа шығып, әлеуметтік,

тұрғын үй-коммуналдық, кәсіпкерлік

және басқа да салалар бойынша

мазалаған сұрақтарға тұшымды

жауап алуыңызға болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Тілеуберді САХАБА.

Қазақ халқының басынан өткен ең ауыр тарихи

оқиғалардың бірі – Семей ядролық сынағы. Жақында

Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

«Невада-Семей: тарихы мен сабақтар» атты

дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған өңірдің

зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлт басынан

өткен сынақ

Шараға Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби

сыйлығының иегері Арман Қани,

зейнеткер, қоғам белсендісі

Қаныш Сабыров және Май

ауданының тұрғыны, «Невада-

Семей» қозғалысының Май ауданы

бойынша төрайымы Абылқасова

Күләш Тастемірқызы қатысты.

Жалпы, Семей ядролық

сынағының қазақ даласына

төндірген зардабы мен ұлтқа

тигізген қасіретінен әлі арыла

алмай келеміз. 40 жылға созылған

сынақ мыңдаған адамның тағдырына

балта шауып, талай жас нәрестені

іштен мүгедек етіп тудырды.

К.Абылқасованың сөзінше, сол

жылдары Семейден 120 шақырым

жерде 498 ядролық сынақ өткен

екен. Оның 88-і - ауада, 30-ы -

ТАРИХ

жер бетінде, 340-ы жер астында

жарылған. Соңғысының қуаты

1,5 мегатонн мөлшерінде болған.

Одан 1.5 миллион адам зардап

шеккен екен.

Шара барысында сынақ

полигонының пайда болу тарихы,

адам баласына тигізген қасіреті

және одан зардап шеккен

отандастарымыздың тағдыры

жөнінде айтылды. Сонымен қатар,

қазақ халқының басынан өткен

бұл ауыр қасіретті келер ұрпақ

ұмытуға болмайтынын айтып, мектеп

оқушылары мен жоғары оқу орындары

арасында осы тақырыпта

іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге

айналдыру қажет деген ұсыныс

білдірді.

Тілеуберді САХАБА.

ЕРТЕҢ – ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Шебердің қолы ортақ

Күнделікті тұрмыста қолданылатын жиһаздар, киім-кешек, тұрмыстық

заттардың басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің қолымен жасалады.

Өндіріс орындарында жұмыс істейтін мамандардың арнайы киімдерін де

тігін фабрикалары дайындап береді. Өңірдегі және елдегі бірқатар кәсіпорын

қызметкерлерін осындай киім-кешекпен қамтып отырғандардың бірі –

«Светлана» фабрикасы.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар қаласындағы «Светлана»

фабрикасының ашылғанына

30 жылдың жүзі болды. Осы уақыт

аралығында жергілікті кәсіпорын

қызметкерлері арнайы киімдерді тігудің

мықты мамандарына айналды. Қазіргі

таңда «Светлана» облыстағы және

батыс аймақтарындағы өндіріс орындарын

сапалы киіммен қамтамасыз

етіп отыр.

Фабрикада 10 жылдан астам

уақыт бойы тынбай еңбек етіп

келе жатқандардың бірі – Айгүл

Қажымұратова. Ол 1998 жылдан

бастап киім-кешек тігумен айналысады.

- Мектеп кезінде еңбек

сабақтарының бірінде мұғалім тігуді

үйретті. Сол кезден бастап осы іске

деген қызығушылығым туды. Кейін

Ресейдің Омбы қаласындағы оқу

орындарының бірінде білім алып,

Павлодардағы тігін фабрикаларында

жұмыс істедім. Жалпы, тігін

ісі тиянақтылықты, шыдамдылықты,

дәлдікті қажет етеді. «Светлана»

фабрикасы түрлі зауыт

қызметкерлеріне арнайы киімдер

тігетіндіктен, жауапкершілік еселене

түседі. Себебі өндірістік қауіпсіздікті

сақтауда киімнің матасы, сапасы да

маңызды. Сондықтан тапсырысты

уақытылы орындауға, жүктелген

міндетті мінсіз атқаруға барымызды

саламыз. Бұл ретте кәсіпорын

басшылығының қызметкерлерге

деген қамқорлығын ерекше атап

өткім келеді. Біздің қолайлы жағдайда

жұмыс істеуіміз үшін аянып қалмайды.

Мәселен, тігін машиналары жыл

сайын жаңарады. Мен бұл саладағы

жұмысымды жаңадан бастаған тұста

ескі машиналар кейде жүрмей,

инесі сынып, қолды бөгейтін кездер

болса, қазір ондай қиындықтар жоқ.

Заманауи құралдардың көмегімен

сапалы арнайы киімдерді тігеміз, -

дейді ол.

Айта кетер жайт, Айгүл

Қажымұратованың құлағы нашар

естиді әрі сөйлей алмайды. Бірақ

бұл оның еңбек етуіне еш кедергі

емес. Ел қатарлы жұмыс істеп,

отбасын асырап, күнделікті нәпақасын

тауып отыр. Жалпы, тігін фабрикасында

мүмкіндігі шектеулі 15 адам

бар. Сондықтан бұл кәсіпорынның

әлеуметтік маңызы да зор.

«Светлана» ЖШС директоры Гайяр

Булатовтың сөзінше, ерекше қажеттілігі

бар жандар өзге әріптестермен тең

дәрежеде тігеді. Олармен қызмет ету

де қиындық тудырмайды. Барлығы

бір-бірінің тілін тауып, түсіне біледі.

Қызметкерлер ым-ишарат белгілерін

де меңгеріп алған. Қажет болған

жағдайда ойын қағаз бетіне түсіріп

немесе сурдоаудармашылардың

көмегіне жүгінеді.

Бұл ретте өңірлік «Business

Ertis» бағдарламасының көмегімен

павлодарлық кәсіпорынның тапсырысы

еселене түскенін айтпасқа

болмас.

- Пандемия кезінде тапсырыстар

күрт азайып, бірқатар кедергілердің

туындағаны рас. Мәселені шешу

үшін облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының көмегіне жүгіндік.

Әкімдік қызметкерлері ірі компаниялармен

байланыс орнатып,

келіссөздер жүргізуде қолдау көрсетті.

Сөйтіп, бірнеше зауытты біріктіретін

ERG компаниясымен әріптестік

орнаттық. Негізі, металлургтерге

арнайы киімдер тігу тәжірибесі

бұрыннан бар. Бірақ ол кезде

жұмыс көлемі көп болмайтын. Ал

бүгінде тапсырыс тұрақты түрде

түседі. Ісіміз бір ізге келген соң

жұмысқа да «қан жүгірді». Бізге

сенім білдіргендері үшін жергілікті

билікке, ERG компаниясына айтар

алғысымыз зор. Алдағы уақытта

да байланысымыз берік боларына

сенім мол, - дейді Г.Булатов.

Сонымен қатар, ірі тапсырыс

берушілердің қатарында «Стальмонтаж»

ЖШС бар. Тігін фабрикасы

енді зауыт жұмысшыларымен

қатар, құрылысшыларға да арнайы

киім тігуді қолға алды.

Осылайша, павлодарлық компания

сала мамандарына сапалы киім

ұсынып қана қоймай, мүмкіндігі

шектеулі жандарды тұрақты

жұмыспен қамтып отыр. Мұндай

істің экономикалық та, әлеуметтік

те маңызы зор екені анық.


SARYARQA SAMALY

ӘЛЕУМЕТ 12 маусым, сенбі, 2021 жыл 5

ЕГІС – 2021

Шаруаның дәні -

нарықтың заңы

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Демеуқаржыдан

дәмелі

Диқандар көктемгі

егіс науқанында қолда

бар тұқымды себе

бермейді. «Аузы күйген

үрлеп ішеді» демекші,

нарықта сұранысқа ие

дақылдарды өсіруге

дағдыланған. Биыл

облыста суармалы

алқапты дамытудың

нәтижесінде картоп,

майлы дақылдардың

үлесі артқан.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өнім сапалы

болса...

Ертіс ауданында орналасқан аймағымыздағы

ең белді шаруашылықтардың

бірі – «Оразбаев» шаруа қожалығының

басшысы Сайлау Оразбаевтың айтуынша,

бір жылдары диқандар жаппай

қарақұмық егіп, сол жылы сұраныс күрт

төмендеген. Шығынға батқан шаруалар

қазір әр қадамын аңдап басатын

болыпты.

- Нарықтың заңына бағынамыз.

Биыл бір дақылға сұраныс жоғары

болса, келесі жылы кәдеге жарамауы

мүмкін. Сондықтан да, әлемдегі ахуалды

бақылап отырған абзал. Мәселен, былтыр

майлы дақылдарды өсірумен айналысатын

бірқатар мемлекетте құрғақшылық

орын алып, рапс және зығырға деген

сұраныс артқан еді. Бұрындары аталған

дақылдардың 1 келісі 80 теңгені құраса,

бүгінде 150-160 теңгеден кем емес. Бір

жылдары қарақұмыққа сұраныс артып,

соны ектік. Шаруашылыққа табыс молынан

түссе, жұмыскерлердің де жалақысы

артады деген сөз. Жалпы, жыл сайын

бидай, арпа, тары, күнбағыс, қарақұмық

егіледі. Биыл майлы дақылдар бітік

шықса, «қайда өткіземіз?» деп бас

қатырмаймыз. Өнім сапалы болса, сатып

алушылар шаруашылыққа өздері келіп,

бізге тиімді бағаға алып кетеді, - дейді

шаруашылық басшысы.

Өзгерістің

өзегі не?

Сапалы өнім демекші, тұқымың «ескі»

болса, тер төгудің қажеті шамалы. Былтыр

тұқым шаруашылығы бағытында бірқатар

өзгеріс орын алған-ды. Жаңашылдыққа

сәйкес, элиталық тұқым өндірушілер,

тұқым шаруашылықтары немесе оны

өткізушілер тұқымды шаруаларға күзге

дейін бастапқы жарнасыз және төлемді

кейінге шегеріп үлестіруде. Олардың

шығындарын толықтай облыс әкімдіктері

өтейді. Егін жинаған соң шаруалар элиталық

немесе бірінші репродукциялы тұқым

құнының 30 пайызын нормаға сәйкес

арнайы ұйымға қайтаруға міндетті. Бұған

дейін жоғары немесе бірінші репродукциялы

тұқымға қол жеткізгісі келген

кәсіпкерлер тұқым өсірумен айналысатын

шаруашылықтардан өзіне қажетті өнімді

сатып алып, оның жарты ақшасын сол

жерде төлеп, қалғанын егін жинаған

соң қайтарып келген-ді. Өкінішке

қарай, бұл жүйе шаруашылықтардың

бәріне бірдей қолжетімді болған жоқ.

Себебі, көктемде шаруалардың қолында

қомақты қаржы болмайды. Олар сол

уақытта тұқым алуға, техникаға, жанаржағармайға

қыруар қаржы жұмсайды.

Бұған жұмысшыларға төленетін еңбекақыны

қосыңыз. Қысқасы, мұндай жеңілдік

көптің көңілінен шығуда. Өзгеріске

сәйкес, жүгері, қант қызылшасы, рапс,

күнбағыс, мақта, жеміс-жидек дақылдарын,

жүзімнің элиталық көшеттерін сатып

алған шаруалардың шығындары ішінара

(50 пайызы) өтеу арқылы субсидияланатынын

да атап өткен жөн.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаровтың мәліметінше, елімізде

тұқым шаруашылығын субсидиялауға

жыл сайын шамамен 8 млрд теңгеге

жуық қаржы жұмсалады. Өкініштісі,

бөлінген қаражат шаруашылықтардың

бәріне бірдей тимейді. Көп жағдайда

ірі шаруашылықтардан артылмайды.

Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі

әрбір дақыл бойынша жеке-жеке норматив

бекіту жүйесін дамыта түспек. Осылайша,

алдағы үш жыл ішінде еліміз үшінші репродукциялы

тұқымнан төмен өнімдерден

біржола құтылуды көздеп отыр. Егіс

алаңына тек жоғары, бірінші, екінші

және үшінші репродукциялы тұқымдар

ғана себілмек.

Талапқа

сай емес

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

Қазақ егіншілік және өсімдік

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының

бас директоры Андрей Агеенконың

тұқым шаруашылығы жөнінде айтары бар.

- Бүгінгі таңдағы бастапқы тұқым

шаруашылығы жүйесі қазіргі заманғы

агробизнес талаптарына сәйкес келмейді.

Отандық тұқым нарығы бақылаусыз,

фермерлердің көпшілігі стандарттарға сай

емес астық себеді. Осы факторлардың

барлығы егін алқаптарының өнімділігі мен

өндірістің төменділігіне әкеліп соғады.

Тұқым шаруашылығын бақылау жүйесіне

өзгерістер енгізуді, реестрде тіркеудің үш

жылдық циклін күтпестен дақылдардың

перспективалы сұрыптарын нарыққа

шығаруға рұқсат беруді ұсынамыз, -

дейді А.Агеенко.

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері

Мойылжан Қанаевқа хабарласқанымызда,

ол бұрынғы жүйені қалпына келтіру

керектігін айтады.

- Мол әрі сапалы өнім алу үшін сапалы

тұқым керек. Тұқымның таза сортын

бастапқы қалпында сақтап қана қоймай,

шаруашылықтарға таратып, барынша

көбейту қажет. Әрине, елімізде түпнұсқа

тұқым өндіріп отырған мекемелер аз да

болса бар. Бірақ сол сапалы тұқымды

көбейту жағы кемшін болып тұр. Қазір

көбі қай жерде арзан баға бар, соған

қарай жүгіреді. Сапасының төмендігіне

қарап жатқан ешкім жоқ. Тұқымды

селекциялық мекемелерден сатып алу

керек. Бұрын тұқым шаруашылығымен

айналысатын арнайы мекемелер түпнұсқа

тұқымды көбейтетін. Шаруашылықтар

содан ғана тұқым алып егетін. Қазір

мұндай жүйе жоқ, - дейді М.Қанаев.

Қорыта айтсақ, мол өнім кепілі –

сапалы тұқым. Мұны ескерген ҚР Ауыл

шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың

тетігін өзгертіп, диқандардың сапалы

тұқым егуіне жағдай жасамақшы. Ендеше,

іске сәт!

Субсидия десе, шаруалардың елең

ете қалатыны рас. Әрине, мемлекет

тарапынан жасалып жатқан зор

қолдауды кім жек көрсін. Десе

де, демеуқаржы жүйесі қолға

алынғаннан бері жыл сайын

өзгерістер енгізіліп, фермерлердің

діңкесі құрып біткені жасырын

емес. Бірақ, әр шаруа өзіне тиесілі

қаражатқа кешігіп қол жеткізсе

де, демеуқаржының тиімділігін

сезініп отыр. Субсидия саясатының

көздегені де сол.

Май ауданындағы «Бейсен» шаруа қожалығының

басшысы Нұрбек Байғалиев субсидия алуға

талпынып көріпті. Бірақ талаптарын орындау

үшін әбігерге түскен.

- Ақша артық етпейді ғой. Қой шаруашылығымен

айналысып жүргендіктен, сол бағыттағы

субсидияларға қол жеткізуге тырысып көрген

едім. Алайда, көптеген талаптар кесе-көлденең

шығып, қолымды бір-ақ сілтедім. Ережеге сай,

қойлардың әрқайсысына электронды сырға тағу

керек екен. Өзге де машақаттары аз болған

жоқ. Есептеп қарасам, талаптарды орындауға

кеткен шығын субсидияның қаражатымен

бірдей. Уақытымды сарп етіп, шығындалып

құжат жинап сандалғанша, демеуқаржыдан бас

тарту әлдеқайда тиімді емес пе? Бұл – барлық

шаруаларға ортақ мәселе. Бұрындары асылдандыру

бағдарламасы шеңберінде әр ірі қараға

18 мың теңге субсидия қарастырылып, ол

қаражатқа бас ауыртпай қол жеткізетін едік. Жыл

сайын ережелер өзгеріп, шаруалардың жүйкесін

жұқартқаны рас. Айтпағым, субсидиялардың

талаптары жеңілдетілсе екен. Мемлекеттік қолдау

ешқандай қиындықсыз діттеген жеріне жету

керек, - дейді Н.Байғалиев.

Естеріңізге салсақ, соңғы жылдардағы

өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін «Qoldau.

kz» сайтына өтініш қалдыру керек. Яғни,

барлық шаруа электронды түрде реттеледі.

Алғашқыда жүйе дұрыс жұмыс істемей, жиі

істен шығып жүрді. Шалғайдағы шаруалар да

компьютердің «тілін» түсінбей, өзіне тиесілі

қаражаттан қағылған болатын. Яғни, интернет

жылдамдығы аз, тіпті жоқ жерде шаруасын

дөңгелетіп отырған шаруалар демеуқаржы алуға

үлгермей қалды. Қазір жаңа жүйеге үйренісіп,

жедел өтінішін қалдыруға дағдыланған. Десе де,

кейбір жағдайда әлі күнге дейін өтінішті толтыру

кезінде ақпараттар толық қамтылмайтын көрінеді.

Бұл – өтінішті қанағаттандыру процесін тежеп,

сәйкесінше, қаражаттың кешігіп түсуіне алып

келмек. Сондықтан да, шаруаларға барынша

мұқияттылық танытқан абзал.

- Жаңа жүйе субсидия бөлудің ашықтығына көз

жеткізуге мүмкіндік бергенімен, егде тартқан шаруалар

енді ғана көшке ілесіп келеді. Бағдарламаға

құжаттарын жедел енгізген шаруалар алғашқы

болып субсидияға қол жеткізетінін еске салғым

келеді. Үлгермей қалғандарына тиісті қаражат

келесі жылы ең бірінші кезекте беріледі, - дейді

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

бөлім басшысы Қымбат Сейітқалиева.

Облыстағы мал санының басым бөлігі

Баянауыл ауданына тиесілі екенін ескерсек,

баянауылдықтар мал шаруашылығы бағытындағы

субсидиялардан қалыс қалып жатқан жоқ.

- Былтыр жергілікті шаруалар 896 миллион

теңгенің субсидиясына қол жеткізді. Қаражат

алуға үлгермей қалғандарға биыл төленетін

болады. Әр ауданнан түскен ақпараттарға сәйкес,

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

субсидияға деген қажеттілікті анықтайтыны

белгілі. Бұл ретте, биыл жалпы сомасы

3,4 миллард теңгенің субсидиясына өтініш

беріп қойдық. Бірақ, бұл аталған қаражаттың

барлығы шаруаларға үлестіріледі деген сөз

емес. Соңғы жаңашылдықтарға сәйкес, облыстық

бюджет есебінен малдың жем-азығын әзірлеуге

демеуқаржы бөлінбек. Ол үшін шаруалардың

жайылым жері болуы тиіс. Аналық ірі қара саны

50 бастан кем болмауы керек. Мұндай қолдау

баянауылдық шаруаларға пайдасын тигізіп,

саланың дамуына серпін беретіні сөзсіз, -

дейді Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

Әлия Қаниева.

О.АХМАДИЯ.


6 12 маусым, сенбі, 2021 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Өңдеу жұмыстары

жалғасуда

Биыл кеншілер шаһарында 1200 гектар аумақта дезинсекциялық

шаралар жүргізілуі тиіс. Мамыр айында оның 100 гектары өңделді.

Екібастұз қалалық тұрғын үй–коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі

бойынша, осы жылы дезинсекциялық

шараларға 15 млн теңгеге жуық қаражат

қарастырылды. Бұл сомаға кемінде

12 өңдеу шарасы өткізілуі керек.

Бұл ретте қалалық саябақтар мен

скверлер, көпшілік жиналатын басқа да

орындар, көпқабатты үйлердің жертөлелері

толығымен өңделуі тиіс.

Мердігер компания - «Дезафтормет»

ЖШС ғалымдардың кеңесі бойынша

«Аверфос» препаратын қолдануда. Оны

қай аумақта, қай уақытта және қандай

көлемде пайдалану керектігін ғалымдар

анықтайды.

Жобалар жалғасады

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Былтыр Ақтоғай ауданында көптеген игі жобалар сәтті іске

қосылды. Шалғай ауылдарда сапалы ауызсу мәселесі шешімін

тауып, жолдар жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл

да жалғасын таппақ.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Жұмыс жанданды

Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылында орталықтандырылған

су жүйесін тарту жұмыстары осыдан бірнеше жыл бұрын

басталған болатын. Бірақ мердігердің жауапсыздығы салдарынан

ауқымды жоба жарты жолда қалды.

Кейін жергілікті әкімдік мердігерді

сотқа беріп, келісімшарт бұзылды.

Бұл істі жалғастыру «Ақсу су арнасы»

коммуналдық мекемесіне жүктелді.

Осыдан бірнеше күн бұрын аталмыш

кәсіпорын қызметкерлері жұмысты қайта

жандандырды. Ардагерлер мен Новая

көшелеріндегі құдықтар тазартылып, үйлерге

су беріле бастады. Басқа көшелердегі

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

баспаналар да кезең-кезеңмен орталық

желіге қосылады.

Бұл ретте Ақсу қалалық құрылыс

бөлімінің басшысы Асхат Омаров жергілікті

қауымдастық өкілдерімен кездесіп,

тұрғындар жұмыс барысын қадағалау

қажеттігін айтты.

Жолдар жөнделуде

Өз тілшіміз.

Ауданда ауыл жолдарын жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл

бөлінуде. Биыл Михайловка ауылы тұрғындарының тілегі орындалуда.

Елді мекенде 4 көшеге асфальт төселіп, ауылішілік

жолдар жаңа кейіпке енбек.

Аудандық нақты экономика секторы

бөлімінің басшысы Серік Байбосыновтың

мәліметінше, биыл Мүткенов және Харьков

ауылдарында орталықтандырылған сумен

жабдықтау жобасы жалғасын табады.

Жалаулы ауылында алғашқы қадамдар

қолға алынбақ. Ал Барлыбай, Жамбыл,

Жаңатап, Жоламан, Шұға және Шолақсор

ауылдарында аталған жобаның «шағын

нұсқасы» пайда болмақ. Себебі, сумен

қамтудың жобалары тұрғындардың санына

байланысты іске қосылады екен. 100 тұрғыны

бар ауылда орталықтандырылған сумен

қамту жүйесін жүргізу тиімді емес, дейді

бұл іске жауапты мамандар.

Биыл жолдарды жөндеу жұмыстары да

назардан тыс қалмақ емес. Атап айтсақ,

Ақтоғай-Харьков-Қарабұзау автомобиль

жолының 12,5 шақырымы орташа жөндеуден

өтпек. Исантерек ауылына кіреберіс жолдың

0,7 шақырымы да орташа жөндеуден өтеді

деп күтілуде.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

ТЕРЕҢКӨЛ АУЫЛЫ

«Жасыл ел» іске кірісті

Биыл Тереңкөл ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағына

102 адам жұмысқа кірді. Оның құрамында жоғары сынып

оқушылары, аграрлық-техникалық колледж студенттері

және ауданның белсенді жастары бар.

Еңбек жасағының мүшелері елді

мекендерді абаттандырып, ауланы тазарту

және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.

«Жасыл» ел еңбек жасағының 1-ші маусымы

«ALDASPAN» жастар орталығында ашылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне

сүйенсек, алдымен еңбек етуге ниетті

жастарға жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

шаралары түсіндіріліп, әр топқа нысандар

бекітілді. Қазіргі уақытта жастар әлеуметтік

нысандар аумағында көгалдандыру

жұмыстарын жүргізуде. Жобаға қатысушы

жастар бетперде, қолғап киіп жұмыс істейді.

Ауа райы да ескеріледі. Егер қолайсыз

болса, алгоритмге сай жұмыс уақыты

қысқартылып, кейінге шегеріледі. Осылайша,

мектеп оқушылары мен студенттер қауымы

жазғы демалыс кезінде адал еңбек етіп,

ақшалай сыйақыға ие болмақ.

А.ҚУАНЫШЕВА.

Жақында ауыл әкімі А.Орынтаев және

аудандық мәслихат депутаты Е.Волкова

жөндеу жұмыстарымен танысты. Ауқымды іс

өз деңгейінде жүргізілуде. Қажетті техника

мен материал жеткілікті. Тірек ауылдағы

Бауыржан Момышұлы, Күйбышев, Суворов

және Парковая көшелеріне асфальт төселеді.

Бұл бағытқа жалпы сомасы 100 миллионнан

астам қаражат бөлінген. Жөндеу

жұмыстарын «ДОРСТРОЙ» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі жүргізеді. Мердігер

компания өзіне жүктелген міндетті шілде

айының соңына дейін аяқтауы қажет.

Михайловка ауылында бұған дейін

орталық көшеге ғана тасжол төселген

болатын. Енді міне, тағы төрт көшеге

асфальт төселіп жатыр. Тұрғындарының

алғыстан өзге айтары жоқ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Алғашқы марафон

Баянауылда алғаш рет Дінше Мұсабек Панабекұлын еске

алуға арналған жүгіруден аудандық ашық жартылай марафоны

өтті.

Мұсабек Панабекұлы - аудан тұрғындарының

спортпен айналысып, салауатты

өмір салтын ұстануы жолында тер төккен

азамат. Марафонға еліміздің басқа облыстарынан

жүзден астам спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер

арасында 10 шақырымдық жүгірісте

Павлодар қаласынан Павел Овцынов

1-орынды еншіледі. Ақсулық Пажир Гиса

2-орын, баянауылдық Санжар Жакупов

3-ші болып мәреге жетті. Ал, әйелдер

арасында Павлодар қаласының намысын

Дарья Ряжко абыроймен қорғап, 1-орынды

еншіледі. Светлана Дымовских 2-орын,

«Ертіс RUNNERS» клубының мүшесі Айман

Нуржумбаева 3-орынды қанжығалады.

Дінше Мұсабек 1993 жылы 20 қарашада

Мұса Шорман ауылында шаруа отбасында

дүниеге келген. Ол - жеңіл атлетикадан

Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Ұлтын сүйген азаматтың ғұмыры қысқа

болса да, артында атқарған жұмыстары

қалды.

Мұсабек СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Тәуелсіздікке арналды

Ауданда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қыруар жұмыс

атқарылуда. Бұл бағыттағы жоспарлар аудан әкімінің орынбасары

Алма Қасымованың төрағалығымен өткен жиында

пысықталды.

Еліміздің мерейлі 30 жылдығы аясында

мамыр айында достық пен ынтамақ

бастауы «Достық территориясы» фестиваль

айлығы басталған. Айлық аясында

түрлі бағытта жұмыстар жоспарға сәйкес

жүргізіліп келеді. Барлық елді мекендерде

тақырыптық билбордтар орнатылған.

Ауданнан шыққан Социалистік Еңбек

ерлеріне арналған 6 ескерткіш салтанатты

түрде ашылды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел

бесігі» жобасы аясында Ямышев ауылдық

округінде салынып жатқан мәдениет үйі

құрылысы да осы мерейтой аясында қолға

алынып отыр. Жалпы, жылдың соңына дейін

12 нысан ашылады деп жоспарлануда.

Олардың қатарында футбол алаңдары,

жастар коворкингі және т.б. бар. Биыл

6 мектепте ата-аналар клубы ашылып,

аудан мектептерінің ауласына 30 ағаштан

отырғызылды.

Аудандық «Жалын» жастар орталығы

ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына

арнап «30 игі іс» жобасын қолға алған еді.

Бүгінгі күнге дейін оның 5-уі орындалған.

Зәуреш ОРАЗБАЕВА.


SARYARQA SAMALY

ӨҢІР

12 маусым, сенбі, 2021 жыл 7

Ауылдың ажары артады

Бүгінде ауыл

тұрғындарының

басым бөлігін

мектеп, балабақша,

дәрігерлік амбулатория,

мәдениет үйін

салу, оларды қалпына

келтіру, көшелердің

жолдарын жөндеу

сынды мәселелердің

жиі алаңдататыны

рас. Билік пен бұқара

арасында өтетін кездесулерде

көпшілікке

қатысты осы жайттар

жиі көтеріліп жатады.

Күрмеуі көп бұл

мәселелердің шешімі

бар. Ол – «Ауыл – ел

бесігі» мемлекеттік

бағдарламасы.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Күрмеулі

мәселелер

шешіледі

Ақсу қаласына қарасты Қызылжар

ауылындағы дәрігерлік амбулатория

типтік емес ғимаратта орналасқан.

Сондықтан тұрғындарға тарлық

етіп, қолайсыздық тудыратыны рас.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қыста

іші салқын болып, ем қабылдауға

келушілерге жайсыздық келтіргені

тағы бар. Сондықтан жергілікті

жұртшылық бірнеше жыл бойы

жаңа амбулатория салып беруді

сұрап еді. Көптің тілегі биыл

орындалғалы тұр.

- Соңғы үш-төрт жыл аралығында

ауылымыздың ажары кіріп, оң

өзгерістер орын алып жатыр.

Жергілікті әкім бас болып,

тұрғындар қостап бірталай істің басы

қайырылды. Айталық, спорт кешені

салынып, орталықтандырылған су

құбыры тартылып, бірнеше көшенің

жолы жөнделді. Былтыр жарық

шамдары қойылды. Енді, міне, биыл

жаңа емдеу мекемесінің құрылысы

басталды. Ауыл ақсақалдары

жұмыстың барысын байқау үшін

құрылыс алаңына жиі барып тұрады.

Мамандар барлығын сапалы

жасап жатқан сияқты. Қазіргі

емдеу мекемесі Қызылжар мен

Сарышығанақтың 4 мыңға жуық

тұрғынына тар болып тұрғаны рас.

Дәрігерлер науқастарды уақытылы

қабылдап, керек ем-домын көрсетіп

жатады. Бірақ мұндай қызметтерді

кең, жайлы, заманауи құралдармен

жабдықталған емханада алғанға

не жетсін?! Сол сәттің туар күні

де алыс емес, - дейді ауылдық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Марат Қабышев.

Биыл «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында емдеу

орнының құрылысына 190 млн теңге

бөлінді. Мердігер компания – «Портал

ПВ» ЖШС тиісті жұмыстарды осы

жылдың наурыз айында бастады.

Жоспар бойынша, бір-екі айдың

дересінде дәрігерлік амбулаторияның

есігі айқара ашылуы тиіс. Жаңа

нысанның қолданысқа берілуі

ауылдағы бір емес, бірнеше мәселені

бір-ақ шешкелі тұр.

- Қазіргі уақытта ауылдық

округ әкімдігінің жеке ғимараты

жоқ. Мемлекеттік қызметшілер

мектептің бір бөлігін жалға алып

отыр. Дәрігерлік амбулатория жаңа

нысанға көшкен соң ескі ғимаратты

жөндеп, оны әкімдікке беру ойда

бар. Ал әкімдіктен босаған орында

шағын орталықтың қосымша топтары

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

ашылады, - дейді ауылдық округ

әкімдігінің бас маманы Айнагүл

Маткенова.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы

5,1 шақырым болатын көшелердің

жолдары жөнделмек. Молодежная,

Луговая, Зеленая сынды көшелердің

асфальт жабындысы жаңарады.

Осылайша, Қызылжар ауылындағы

бірқатар мәселенің түйіні тарқағалы

тұр.

Ертіс ауданындағы Қызылжар

ауылының тұрғындары да мемлекеттік

бағдарламаның игілігін көреді.

Аталмыш елді мекенде «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы бойынша

ескі ғимараттардың бірін толығымен

жаңартып, мұнда мәдениет үйін

орналастыру бойынша жұмыстар

басталды. Бұған дейін Қызылжарда

дәл осындай орталық болған емес.

Сондықтан жаңа нысанның ел игілігіне

берілуі көпшілікті қуантары анық.

Оған қоса, ауыл ішіндегі бірнеше

көшенің жолы ретке келтіріледі.

Мәдениет үйінің мәселесі

Шарбақты ауылындағы Шалдай

ауылында да шешілмек. Ауылдық

округ әкімі Марат Қожымовтың

айтуынша, әлеуметтік нысан

өткен ғасырдың 80-інші жылдарынан

бері күрделі жөндеуден

өткен емес. Сондықтан жаңбырлы

күндері төбесінен су ағып, қыста

қабырғадан суық соғып тұрады.

Бірақ мұндай қиындықтардың бәрі

артта қалады. Себебі аудандағы ірі

ауылдардың бірі – 2400 тұрғыны

бар Шалдайдағы мәдениет үйі

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының

аясында бұрын-соңды болмаған

жөндеуден өтеді.

- Жоспар бойынша, жөндеу

жұмыстары шілде айында басталады.

Екі қабатты ғимараттың есіктерезелері,

төбесі, орындықтары –

барлығы жаңартылады. Осы мекемеде

орналасқан кітапхана да

толығымен өзгереді. Оған қоса,

мәдениет үйін күрделі жөндеуден

кейін шығармашылық үйірмелер

мен спорттық секциялардың

санын арттыру жоспарда бар.

Жеткіншектердің ұлттық спортымыз

– күреспен айналысуына

мүмкіндік туады. Мұның барлығы

ауыл жастарының шыңдалуына,

бос уақытын өткізуіне оң ықпал

береріне сенім мол. Біздің ауылдан

әлемдік байқаулардың жеңімпаздары,

спорттық додалардың үздіктері

шығарынан үміттіміз, - дейді Марат

Қожымов.

Бұл ауылда да мемлекеттік

бағдарламаның аясында жалпы

ұзындығы 5, 2 шақырым болатын

4 көшенің жолы тақтайдай тегіс

болуы тиіс.

Шалдайлықтар таланттылардың

талабын ұштап, спортқа бейім

балғындардың шеберлігін шыңдауға

басымдық беретін болса, Успен

ауданы Константиновка ауылының

басшылығы балалардың білім алуына

қолайлы жағдай жасауды қолға

алмақ. Мұндағы мәдениет үйі былтыр

күрделі жөндеуден өткен болатын.

Биыл кезек балабақшаға жетті.

Бүгінгі таңда бұл елді мекенде

1093 адам тұрады. Жыл сайын

тұрғындар саны артып келеді.

Мәселен, соңғы үш жылда

оңтүстік өңірлерден 25 отбасы

Константиновкаға қоныс аударды.

Сондықтан балабақшаны кеңейту

күн тәртібіндегі өзекті мәселеге

айналды.

Оны шешу үшін қазіргі балабақша

ғимаратының екінші және үшінші

қабаттары тұтасымен жаңарады.

Қазіргі уақытта осы ғимараттың

бірінші қабатындағы балабақшада

20 бала тәрбие алуда. Мердігер

компания – «Жәрдем» ЖШС жоғарғы

екі қабатты ретке келтірген соң

тағы 30 бүлдіршін үшін топтар

ашу мүмкіндігі туады.

- Бастысы, қазіргі таңда

балалар аралас топтарда тәлімтәрбие

алса, балабақша ғимараты

кеңейген соң қазақ топтары жеке,

ресми тілде оқытатын топтар жеке

жұмыс істейтін болады. Соның

есебінен кезек едәуір қысқарады.

Сонымен қатар, жаңа топтардың

ашылуы нәтижесінде қосымша

екі жұмыс орны пайда болады, -

дейді Константиновка ауылының

әкімі Мұхтар Сқақов.

Өткен жылы бұл ауылда

орталықтандырылған су желілері

тартылған соң көше жолдарында

ой-шұңқырлар көбейді.

Сондықтан биыл «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы арқылы

8 көшедегі жол тегістелетін болды.

Бұл бағыттағы жұмыстар таяуда

басталды.

Ауқымды

жобалар көп

Аймақтың ауылдарында осындай

игі істер атқарылуда. Көп жылдан

бері жөндеу күткен әлеуметтік

ғимараттар ретке келтіріліп, тіпті

жаңа нысандар салынуда. Қысқасы,

қордаланып қалған түйткілдердің

түйінін тарқату ісі басталды. Ендігі

міндет – жобалардың барлығын

сапалы түрде уақытылы жүзеге

асыру.

Осы орайда «Көрші ауылдың

ажары кіріп, ауқымды жұмыстар

қолға алынуда. Неге біздің елді

мекенде мұндай жұмыстар

жүргізілмейді?» деген сұрақтың

туындауы – заңдылық. Себебі,

ауылдықтардың бәрі қолайлы

жағдайда өмір сүруді қалайды.

Бұл сауалды облыстық экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының бөлім басшысы

Дәурен Тұргелдиновке жолдадық.

Өйткені, «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасының іске асуына

дәл осы мемлекеттік мекеме

жауапты.

Сөйтсек, бағдарламаға кіретін

елді мекендерді ҚР Ұлттық экономика

министрлігі іріктейді екен. Әр

ауылдың әлеуметтік-экономикалық

жағдайы, даму қарқыны назарға

алынып, соған сәйкес ұпайлар

қойылатын көрінеді.

- Әр ауылдағы тұрғындар

саны, олардың жасы, көші-қон,

инженерлік-коммуникациялық

желілермен қамтылуы, аудандық,

облыстық маңызы бар

жолдан қашықтығы, ірі шаруа

қожалықтарының болуы – барлығы

ескеріледі. Қысқасы, тұтас ауылдың

көрсеткіштері 100 балдық шкала

бойынша бағаланады. Біздің

облыста 65 тірек және сол ауылдардан

15 шақырым радиуста

орналасқан 124 іргелес елді

мекен тізімге енді. Оның ішінде

тірек ауылға жатпайтын, бірақ

шекарада орналасқан 13 ауыл

бар. Жоғарыда аталған 189 елді

мекенде ауылдықтардың жалпы

санының 80 пайызы тұрады. Яғни,

біздің облыста 220 мың ауыл

тұрғыны бар десек, олардың 180

мыңы - тірек және іргелес елді

мекендердің азаматтары. Біздің

міндет – бес жыл аралығында

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

бойынша осы 189 елді мекеннің

көркеюіне үлес қосу, - дейді

Д.Тұргелдинов.

Бағдарлама іске қосылған екі

жылда барлығы 69 мың адам

тұратын 20 ауылда 120 жоба

жүзеге асты. Нақтысын айтқанда,

8 спорт нысаны мен 2 мәдениет

үйі салынып, 18 білім және

4 денсаулық мекемесі жөндеуден

өтті. Сондай-ақ, ауыл ішіндегі

119 шақырым жол мен 40 шақырым

электр энергиясының желісі

ретке келтірілді. Осы мақсатта

мемлекеттік қазынадан 5,3 млрд

теңге жұмсалды.

Бір қарағанда мұның барлығы

«құрғақ» сандар сияқты. Бірақ

әр жобаның ар жағында

ауылдықтарға жасалған оңтайлы

жағдай жатыр. Айталық, бұған

дейін балалар есік-терезелері

әбден ескірген мектептерде білім

алса, енді өзге қатарластары

сияқты жайлы мекемеде оқи

алады. Сол сияқты жылдар бойы

жөндеу көрмеген, төбесінен үнемі

су ағатын, іші азынап тұратын

мәдениет үйлері жөнделіп, енді

концерттер, басқа да мерекелік

кештер заманауи мәдениет

ошақтарында ұйымдастырылатын

болды.

- Шыны керек, әу баста

тұрғындар әлеуметтік нысандарды

жөндеу кезек күттірмейтін

мәселе деп санайтын болар

деп топшылаған едім. Алайда

ауылдағы ағайынмен тілдесіп,

олардың ой-пікірлерін біле келе,

елді мекендегі басты түйткіл –

жол екенін түсіндім. Жасыратыны

жоқ, кейбір ауылдықтар біраз жыл

бойы жол азабын тартты. Діттеген

жерге жетуі мұң болды. Әрине,

мектеп, дәрігерлік амбулатория,

мәдениет үйін жөндеу маңызды.

Десе де, көпшілікті титықтатқан

жолдың жайын шешу бәрінен

артық екен. Сондықтан «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы жүзеге асатын

әр ауылда бұл бағыт қамтылады.

Ауыл, аудан әкімдері құжаттарды

дайындаған кезде әлеуметтік

нысандар мен жолдарды жөндеуге

қатысты бірнеше жобаны бірден

дайындауға тырысады. Жалпы,

аталмыш бағдарлама білім беру,

денсаулық сақтау, мәдениет

мекемелерін салу мен қайта

қалпына келтіру, жол, жарық

мәселелерін шешуді көздейді. Кеспетастар

төсеу, аулаларды көріктендіру

сынды жобалар қамтылмайды, -

дейді Д.Тұргелдинов.

Биыл аталмыш бағдарлама

аясында 22 елді мекенде

70 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ауылдарда 28 мыңнан астам

адам тұрады. Жобаларды іске

асыруға бюджеттен 4,7 млрд

теңге бөлінді. Айталық, аталмыш

қаражатқа Павлодар ауданының

Заря ауылында футбол алаңы,

Ямышев ауылында мәдениет

үйі салынады. Сонымен қатар,

Баянауыл ауданындағы Мұса

Шорман және Мәшһүр Жүсіп

ауылдарында электр энергиясы

желілері тартылады. Ақсу

қаласына қарасты Қалқаман

ауылындағы сәбилер бақшасы

мен спорт залы жөнделеді. Тізе

берсек, осындай игі істер көп.

Бастысы, мұндай жұмыстар ауылдың

әлеуметтік-экономикалық жағдайын

жақсартып қана қоймай, жаңа

жұмыс орындарының ашылуына

да ықпал етеді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының сәтті жүзеге

асуы нәтижесінде соңғы екі жылда 20 ауыл түрленсе,

биыл 22 елді мекен көркейеді. Яғни, жыл санап

бағдарлама игілігін көретін елді мекендердің саны

көбейіп келеді. Мемлекеттің түп қазығы ауылда

екенін ескерсек, ағайынның жақсы жағдайда өмір

сүруі үшін барлық тиімді тетікті пайдалануда аянып

қалмауымыз қажет.


8 12 маусым, сенбі, 2021 жыл ИМАНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

ТӘРТІП

Зират және зиярат

мәдениеті

ДІНИ БІЛІМ

«Балаңызды

медресеге беріңіз»

Алла тағала тіршілік атаулы арасында адам баласын ардақты етіп, ең

көркем бейнеде жаратқан. Бұл туралы Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті

Құранда былайша баяндайды: «Біз, расында да, адам баласын ардақты етіп,

көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер

нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ

оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем еттік» («Исра»

сүресі, 70-аят).

Зират көтеру

әдебі

Келесі аяттың бірінде: «Расында

адамзатты ең көркем бейнеде

жараттық» («Тин» сүресі, 4-аят)

делінген.

Біз бұл аяттардан Алла

тағаланың күллі жаратылыстар

ішінен адам баласын ерекше

махаббатпен, ең көркем бейнеде

жаратқанын анық аңғарамыз.

Жоғарыда келтірілген аяттарға

тәпсір жазған Ислам ғұламалары:

«Алла тағаланың ең көркем

бейнеде жаратқан болмысы –

адам» деген пікір айтқан.

Жер бетіндегі кез келген

жұмыр басты пенде қандай

ардақты болса, өмірден қайтқан

жандар да сондай қадірлі. Демек,

адам тәні көмілген зираттарды

құрметтеу, таза ұстау, қорғау,

бүлінген жерін түзету, сонымен

қатар қабірді зиярат ету кезінде

бірқатар мұсылмандық әдептерді

ұстану – сіз бен біздің адамдық

борышымыз екені даусыз.

Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасы имамдардың

республикалық ІV форумында

қабірлерді тұрғызудың және

оны зиярат етудің халыққа ортақ

әдебін қалыптастыру мақсатында

«Зират және зиярат мәдениеті»

құжатын қабылдады. Бұл құжатты

қабылдаудағы басты себеп – соңғы

кездері кейбір аймақтарда орындалып

жатқан діни рәсімдердің

шариғат талаптарына сәйкес

келмейтін өзгерістерге ұшырауы.

Атап айтқанда, соңғы уақыттарда

қабір басына құлпытас ретінде

үлкен ескерткіштер мен зәулім

қоршаулар орнатылуда. Қабірге

үлкен кесене тұрғызу, қорған

орнату сынды мазаратқа қатысты

мәселелерде шариғат талаптарына

қайшы, ата-баба дәстүріне де

жат, бүгінгі өркениетке де сәйкес

келмейтін әрекеттер көрініс табуда.

Мұндай келеңсіз жағдайлар ел

арасында түсінбеушілік тудырып

жатқаны белгілі... «Зират және

зиярат мәдениеті» құжатын діни

рәсімдердің шариғатқа сай орындалуын

тәртіпке келтіріп, зират

тұрғызу мен зиярат жасаудың,

кесене салудың жалпыға ортақ

бірыңғай мәдениетін қалыптастыру

және соны еліміздің барлық

өңірлерінде қолдану мақсатында

қабылдадық.

Асылында зират – барша

адамзаттың Жаратушы алдында

тең екенін, имандылық, тақуалық

секілді ізгі қасиеттермен ғана

биік тұратынын көрсететін ғибрат

мекені. Адам баласының Алла

құзырында тең екені қасиетті

Құран аяттары мен ардақты

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(оған Алланың салауаты мен

сәлемі болсын) хадистерінде ашық

айтылған. Зираттарға құлпытас қою

кезінде теңдік ұстанымын қатаң

сақтауымыз керек. Бір марқұмның

қабір басына мәрмар тастан зәулім

сарай тұрғызу, екінші қабір басына

биік ескерткіш немесе кеуде-мүсін

соғу, ал үшіншісіне қарапайым

құлпытас қою шариғаттың теңдік

қағидаттарына қайшы келеді.

Бұл ретте шариғатымыз зираттарды

сәндеуді, үлкен ескерткіштер

орнатуды талап етпейтінін тағы да

баса айтып кеткім келеді. Керісінше,

қорымға қойылатын құлпытастарды

бір-бірінен асып түсетіндей етіп

әсіре сәндеу және осы мақсатта

мол шығын жұмсау шариғатқа

қайшы іс болып саналады. Бұл –

ысырапшылдық. Мұндай істі

шариғатымыз құптамайды. Асыл

дініміз ысырапшылдыққа тыйым

салады.

Осы ретте мұсылман қауымын

қымбат құлпытастар мен зәулім

ескерткіштерге кететін қаражатты

жетім мен жесірге, қараусыз

қалған қарттарға, көмекке мұқтаж

отбасыларға, ағайын мен туысқа,

үйсіз-күйсіз жүрген жандарға

беруге шақырамын. Марқұмға

пайда бермейтін сәнді қоршаулар

мен мүсін кеуделерге кететін

шығынды мұқтаж адамдарға

жұмсау әлдеқайда сауапты іс

екенін естен шығармағанымыз

жөн.

Сонымен қатар құлпытас

құрылысына жұмсалатын ақшаны

білім ошақтарын тұрғызуға, пайдалы

кітаптар мен оқулықтар шығаруға,

ел игілігі үшін жол мен көпір,

мектеп пен балабақша, мешіт пен

медресе салуға берген әлдеқайда

сауапты әрі пайдалы іс болар еді.

Зират көтерудің негізгі мақсаты

қайтыс болған марқұмның есімі

мен жатқан жерін белгілеу екенін

ұмытпаған абзал.

Ал халыққа еңбегі сіңген,

қазақ топырағына Ислам дінін

таратқан, осы өмірде көпшілікке

құлшылығы мен тіршілігі үлгі болған

ғалым-ғұламаларымызға, әулиеабыздарымызға,

әділ билік еткен

хандарымызға, халықтың ертеңі

үшін шыбын жанын қиып, шейіт

болған батырларымызға кесене

тұрғызудың жөні бөлек...

Зиярат жасау

әдебі

Асыл дініміз Исламда қабірді

зиярат жасау сауапты амалдың

бірі саналады. Қазақ даласында

халқымыздың құрметіне

ие болған көптеген абыздар мен

әулиелер, данагөй тұлғалар мен

ғалым-ғұламалар өткен. Олардың

қатарында Арыстан баб, Ибраһим

ата, Қожа Ахмет Ясауи, Әнет пен

Әлмерек абыздарымыз, Бекет, Есет

аталарымыз, Мәшһүр Жүсіп, Абай,

Шәкәрімдер бар. Бұл тізімді ары

қарай жалғастыра беруге болады.

Бұл есімдер халқымызға кеңінен

мәлім. Бүгінде осы тұлғаларымызға

кесене тұрғызылып, зиярат жасауға

барынша жағдай жасалған. Кесенеге

барған адамдар аруаққа

Құран оқып, дұға жасайды. Алайда

осыған қатысты ел арасында

дініміз бен дәстүрімізге қайшы

келетін келеңсіз жағдайлар жиі

орын алып жатқаны да мәлім. Осы

ретте барша мұсылман қауымын

қабір басын немесе кесене ішін

мешітке айналдырмауға, қабір

иелеріне табынбауға, қабір

басында әзіл әңгімелер мен

әдепсіз әрекеттер жасамауға

шақырамын. Керісінше, кесенеге

дәретпен барып, пайдасыз әрі бос

сөздерден арылып, марқұмдарға

Құран бағыштағанда аятты сауатты

оқып, дұрыс дұға жасасақ, бұл

ісіміз әлдеқайда пайдалы һәм

сауапты іс болады.

Біз еліміздің әр өңіріндегі

зират көтерудің, қабірге зиярат

жасау мен аруақ құрметтеудің

әркелкі салт-жоралғыларының

көрініс тапқанын ескеріп, зират

пен зиярат мәдениетінің баршаға

ортақ үлгісін барлық аймақта

қалыптастыру мақсатында Қазақстан

мұсылмандары діни басқармасы

жанынан халыққа дінисалттық

қызмет көрсететін

«Қамқор-шарапат» орталығын ашу

туралы шешім қабылдадық. Бүгінде

аталған орталықтың әр облыста өз

өкілдігі ашылып, халыққа қызмет

көрсете бастады. Мақсатымыз –

елімізде зират көтеру, жерлеу,

қабірді зиярат ету сынды діни

рәсімдерді бір жүйеге келтіру,

бұл мәселе бойынша халық

арасында түсінбеушілік жағдайды

болдырмау. Осы ретте дініміз бен

дәстүріміздің барша жанашырларын

осынау игі ісіміз бен ізгі

бастамамызға қолдау білдіріп,

үлес қосуға үндеймін. Бірлігімізді

білдіріп, татулығымызды танытайық,

ағайын!

Алла тағала діни тұтастығымызды

нығайтып, халқымыздың ынтымағын

арттырғай. Әмин!

Наурызбай қажы

ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы,

Бас мүфти.

Елімізде исламтану бағыты бойынша ұстаздар мен

имамдарды дайындайтын 9 медресе-колледжі

бар. Соның бірі – біздің өңірде. Павлодар ауылында

орналасқан «Әбу-Бәкір Сыддық» медресе-колледжі

жаңа оқу жылына орай құжаттарды қабылдауды

бастап кетті. Жалпы, аймағымыздағы жалғыз діни

оқу орынға түсудің шарттары қандай? Осы тақырып

төңірегінде медресе директоры Нұрсейіт Омаровпен

әңгімелескен едік.

- Нұрсейіт Әбдімүталиұлы,

«Әбу Бәкір Сыддық» медресеколледжі

ашылған жылдан бері

қанша түлек бітіріп шықты?

- Біздің оқу орын 2008 жылы

Қазақстан Мұсылмандары діни

басқармасының (ҚМДБ) қолдауымен

медресе болып ашылған болатын.

Сол уақыттан бастап биылғы жылға

дейін 200-ге жуық түлек оқу бітіріп,

исламтану мамандығын иеленіп

шықты. Өткен жылы медресеколледжі

мәртебесін алдық. Яғни,

колледж дәрежесін алу арқылы

диплом алған түлектеріміздің

мүмкіндігін одан ары кеңейте

түстік.

- Осы күнге дейін бітірген

түлектердің дені қандай мекемелерде

қызмет істеп жүр?

- Біздің түлектеріміз ҚМДБ-на

қарасты мешіттерде имам, ұстаз,

азаншы, медреселерде ұстаз

қызметін атқаруда. Сонымен

қатар, әртүрлі діни орталықтары

мен оңалту орталықтарында

дінтанушы, теолог қызметін істеуге

болады. Бірқатар түлегіміз Алматы

қаласындағы Нұр-Мүбәрак ислам

университетіне және Түркияның

«Хасеки» академиясы мен Мысыр

еліндегі «Әл-Азһар» университетіне

оқуға түсіп, білімдерін тереңдетіп

жатыр. Барлығы - ҚМДБ-мен екі

жақты келісімшартқа жасалған,

яғни, діни білім алуға рұқсат

етілген оқу орындар.

- Алдағы жаңа оқу жылында

қанша шәкірт қабылдамақ

ойларыңыз бар және талапкерлер

қашаннан бастап

тіркелуі керек?

- Бұған дейін әр жыл сайын

20 шәкірттен қабылдайтын едік

Биыл дін саласын таңдайтын

талапкерлерге молырақ мүмкіндік

бермекпіз. Яғни, 30 балаға дейін

аламыз. Құжаттарды шілде айының

1-нен бастап, тамыз айының

15-іне дейін қабылдаймыз. Біздің

медресені таңдаған түлек мынадай

құжаттарды алдын ала әзірлей

беруі керек: өзінің өмірбаяны, орта

мектепті бітіргені жөніндегі аттестаты

немесе дипломы (тұпнұсқа),

3*4 көлеміндегі 6 фотосуреті,

086-У үлгісіндегі медициналық

анықтама, 063 үлгідегі егу туралы

анықтама, жеке куәлік көшірмесі,

сотталмағандығы туралы анықтама,

тұрғылықты жерін растайтын

анықтама, әскери билет немесе

әскерге шақырту туралы анықтама.

Сонымен қатар, жергілікті мешіт

имамының берген мінездемесі

мен ұсынысы керек. Ал емтихандар

тамыз айының 20-нан

кейін басталады. Былтыр елдегі

эпидемиологиялық ахуалға байланысты

қабылдау сынағы онлайн

форматта, яғни, ZOOM платформасы

арқылы өткен болатын. Мұның

тиімділігі де бар екен. Әсіресе,

басқа облыстарда тұратын балалар

үшін ыңғайлы. Олар ат арытып

мұнда келмей-ақ, өз тұрғылықты

жерлерінен қатысуға мүмкіндік алды.

Осы үрдісті биыл да сақтаймыз

деп отырмыз. Яғни, қабылдау

емтиханы онлайн форматта өтуі

мүмкін.

- Оқу орнының талапкерге

сапалы білім беру мүмкіндігі

қандай деңгейде?

- Мекеме базасы қажетті

материалдық-техникалық құрылғылармен

толықтырылған. Яғни, заманауи

үлгіде жабдықталған оқу

аудиториялары, компьютер сыныбы,

кітапханасы бар. Сонымен қатар,

жақында жеке спорт залы ашылып,

балалардың игілігіне берілді. Біз

бұрынғы заман секілді ешкімді

мәжбүрлеп оқытпаймыз. Әркім

өзінің қалауы бойынша білім алып,

өзінің қызығушылығы бойынша

ізденеді. Бос уақыттарында

спортпен шұғылданып, волейбол,

баскетбол, футбол, стол теннисін

ойнайды. Тіпті, әртүрлі спорттық

жарыстарға қатысып, жүлдегер

атанған шәкірттеріміз де бар.

Оқу мерзімі – 3 жыл.

- «Әбу-Бәкір Сыддық»

медресе-колледжі исламтану

мамандығы дипломын

беретіні белгілі. Дегенмен,

оқу бағдарламасы бойынша

қандай пәндерге басымдық

беріледі?

- Атауына қарап, тек Құранды

ғана үйретеді немесе діни біліммен

ғана шектеледі деп ойлап

қалмаңыздар. Біз шәкірттерге

жан-жақты білім береміз.

Мысалы, мамандық бойынша,

Құран, Ислам құқығы, Ислам

сенім негіздері, араб тілі, діндер

тарихы, Исламдағы мазһабтар

сынды пәндер оқытылады. Сонымен

қатар, Қазақстан тарихы, қазақ

тілі мен әдебиеті, орыс тілі

мен әдебиеті, шешендік өнер,

философия, психология секілді

қоғамдық пәндер де бар. Себебі,

біз зайырлы қоғамда өмір сүріп

жатқандықтан діни біліммен ғана

шектелмейміз. Ең негізгі атап

өткім келетіні, бізде білім алу

тегін. Сол секілді жатақханаға

да ақы төлемейді. Сондықтан,

түлектерді біздің оқу орнына түсіп,

барлық мүмкіндікті пайдаланып,

сапалы білім алуға шақырамын.

- Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Әңгімелескен -

Тілеуберді САХАБА.


SARYARQA SAMALY

САҚТЫҚ 12 маусым, сенбі, 2021 жыл 9

МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Қару бар жерде

қауіп бар

Аймағымыздың тәртіп

сақшылары заңсыз

сақталған, тіркелмеген

25 қаруды анықтаған.

Олардың дені ауылдық

елді мекендерден

табылған. Тәртіп

сақшылары жыл сайын

тиісті тексеру жүргізеді.

Соған қарамастан

үйінде қару жасырған

тұрғындардың қатары

азаймай келеді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Тапаншаны бірге

алып жүрген

Ресей Федерациясының Қазан

қаласындағы мектепте орын алған

қанды оқиғаның «жаңғырығы» әлі де

жер-жерде естіліп келеді. Қайғылы

оқиғадан кейін еліміз бойынша білім

беру мекемелерінің қауіпсіздігі жаппай

тексерілген болатын. Енді құқық

қорғаушылар заңды түрде тіркелмеген

қару-жарақты анықтауға бел шеше

кірісті. Бұл ретте ҚР Ішкі істер министрі

Ерлан Тұрғымбаев 17 мамырда «Қару

- 2021» жедел-профилактикалық

шарасын ұйымдастыруды тапсырды.

Мұндай шара жыл сайын өткізілетіні

белгілі. Бірақ биыл тәртіп сақшылары

мұндай жұмысты екінші мәрте қолға

алып отыр.

«Қару - 2021» профилактикалық

шарасының алғашқы аптасында полицейлер

220 рейд өткізіп, 2 мыңға жуық

қару иесін тексерген. Нәтижесінде

73 адамның қаруды сақтау ережесін

бұзғаны анықталды, оларға қатысты

әкімшілік іс қозғалған. Тағы 10 адам

қаруды дұрыс тіркемегені үшін

жазаланған. Ал 25 қарудың құжаты

мүлдем болмай шыққан. Облыстық

полиция департаменті әкімшілік

полиция басқармасының басшысы

Нұржан Таңатаровтың айтуынша,

тәртіп сақшылары қару-жарақты

сақтау ережесін бұзған адамдардан

100 бірлік қару тәркілеген. Мәселен,

Ертіс ауданындағы тұрғынның гаражынан

«ТОЗ-66» маркалы қару табылған.

Бұдан бөлек, Ақсу қаласына қарасты

Құркөл ауылының 34 жастағы тұрғыны

«ИЖ-18» маркалы қаруды заңсыз сақтап

келген. ИЖ-12 маркалы қару Ертіс

ауданы тұрғынының үйінен табылған.

Облыс орталығының 39 жастағы

тұрғыны «BLOW Compact» маркалы

тапаншаны сөмкесіне салып жүрген.

Сонымен қатар, Успен ауданында

38 оқдәрісі бар екі қаруды заңсыз

сақтау фактісі де тіркелді.

- Заңсыз сақталған қаруды өз

еркімен құқық қорғау органдарына

тапсырған адамдар жауапкершілікке

тартылмайды. Керісінше, арнайы сараптамадан

өткеннен кейін әрбір қару

үшін ақы төленетінін ескерген жөн.

«Қару» жедел-профилактикалық шарасы

жыл сайын өткізілсе де, тапанша мен

оқ дәрілерді үй жағдайында заңсыз

сақтайтын тұрғындар бар. Мұндай

салғырттық қайғылы жағдайлардың

орын алуына әкелуі мүмкін. Тұрғындарды

маусым айының 17-сіне дейін жалғасатын

шараға белсенді қатысуға шақырамын,

- дейді Н.Танатаров.

Тағы бір мәселе – елімізде қаруды

сатып алу тәртібі өте жеңіл. Тіпті,

соңғы уақытта мамандар электронды

үкімет порталы арқылы қару-жарақ

сатып алу мүмкін екенін айтады.

Яғни, үйде оырып-ақ, қажетті қаруға

тапсырыс беруге болады. Жинайтын

құжаттар да соншалық көп емес.

Басты талаптардың бірі – қару сатып

алуға ниетті азаматтың ақыл-есінің

дұрыстығын растайтын анықтама болуы

,,...Ертіс ауданындағы тұрғынның гаражынан

«ТОЗ-66» маркалы қару табылған. Бұдан бөлек,

Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылының 34 жастағы

тұрғыны «ИЖ-18» маркалы қаруды заңсыз

сақтап келген. ИЖ-12 маркалы қару Ертіс ауданы

тұрғынының үйінен табылған. Облыс орталығының

39 жастағы тұрғыны «BLOW Compact» маркалы

тапаншаны сөмкесіне салып жүрген...

тиіс. Ал бүгінде бұл анықтаманы электронды

жүйе арқылы алуға болатыны

белгілі. Бұл мәселені ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаты Андрей Лунник

та көтерген болатын.

- Елімізде спирттік ішімдікті сатып

алуға 21 жаста, ал қару ұстауға

18 жаста рұқсат етілген. Бұл -

өткір мәселе. Мектепті енді ғана

аяқтаған жасөспірімдер қаруға қалай

ие болады? Қауіпсіздік шараларын

дұрыс сақтай ала ма? Осы мәселе

қайта қарастырылса екен деймін, -

деді А.Лунник.

Олқылық көп

Жоғарыда білім беру мекемелерінің

қауіпсіздігі тексерілгенін атап өткен

болатынбыз. Құқық қорғаушылар

нәтижесін жариялады. Жалпы тексеру

жұмыстарымен облысымыздағы 400-ге

жуық мектеп пен колледж қамтылған.

Бұл шараларға полицейлерден бөлек,

мемлекеттік мекемелердің өкілдері

де қатыстырылды.

- Ресейдің Қазан қаласындағы

жағдайға байланысты құзырлы

министрлік тарапынан білім беру

мекемелерінің бейнебақылау камералары,

дабыл құрылғылары, күзетпен

қамтылу деңгейін тексеру бойынша

тапсырма түскен болатын. Қысқа

уақыттың ішінде тиісті тексеру

жұмыстарын өткіздік. Нәтижесінде

облыс мектептері 100 пайыз

бейнебақылау құрылғыларымен

қамтыл-ғаны анықталды. Мысалы,

Павлодар қаласында 53 мектеп пен

27 колледждегі қауіпсіздік шараларымен

жіті таныстық. Бір колледжде

ғана бейнебақылау камерасы

орнатылмаған екен. Ал кейбір білім

беру мекемелерінде бейнебақылау

камраларының объективіне түспейтін

орындар барын анықтадық, - дейді

облыстық полиция департаментінің

басшысы Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ, департамент басшысының

сөзіне сүйенсек, 114 білім

ошағындағы бейнебақылау құрылғылары

интернет желісі арқылы тікелей

Павлодар қаласындағы жедел басқару

орталығына қосылған. Ал қалған

мекемелердегі камераларды мектеп

күзетшісі ғана көре алады. Бүгінгі

күнге дейін 43 оқу орны кәсіби күзет

құрылымдарымен келісімшарт жасасқан.

Оларға арнайы дабыл беру батырмалары

орнатылды. Өкінішке қарай,

мектепердің қауіпсіздігіне мына бір

мәселе кері әсерін тигізіп отыр.

Білім ошақтарындағы күзетшілердің

81 пайызы егде жастағы адамдар

болып табылады. Осы орайда, полиция

департаменті күзетшілерді жұмысқа

қабылдау тәртібіне тиісті өзгерістер

енгізуді ұсынды.

Жоғарыда аталған тексеру нәтижесінде

тек 14 білім ордасында ғана

турникеттер орнатылғаны анықталды.

Металл іздейтін құрылғылар мүлде жоқ.

Ауылдық елді мекендердегі мектептерде

де кемшіліктер бар. Мысалы,

сыныптар мен кабинеттердің есігі

ішінен жабылмайды. Бұл қауіпсіздік

ережелеріне қайшы келеді.

Аталған мәселелерді ескеріп, полиция

департаментінің басшылығы облыс

әкімінің атына ұсыныс хат жолдаған.

Онда білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін

күшейтіп, тексеру нәтижесінде

анықталған олқылықтарды түзету

мәселесі айтылады.

Сақтықта қорлық жоқ. Қаруды заңсыз иелену фактілері

жойылып, қару-жарақ саудасы бір жүйеге келтіріліп,

қатаңдана түссе, қоғамға төнер қауіп те әлдеқайда азая

түсері сөзсіз. Білім ордаларын бекініске айналдырмасақ та,

қауіпсіздігін мейлінше күшейте түссек, балаларымызды

қайғылы жағдайдан сақтайтынымыз анық. Сол себепті

жоғарыдағы мәселелер өз шешімін тапса дейміз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Балаларды

қауіпсіздікке

үйретті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында

бастау алған «30 игі іс» қайырымдылық

акциясы аясында Павлодар қалалық №19

орта мектепте «Қауіпсіздік күні» шарасы

ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар басқармасы, полиция басқармасы,

«Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің еріктілері

бастауыш сынып оқушыларына суға шомылу, жол

қауіпсіздігі, отты дұрыс пайдалану және алғашқы

медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйретіп, тәжірибе

жүзінде көрсетті.

Маңызды шара білім ошағындағы 4 кабинетте өткізілді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері жасөспірімдерге жаз

мезгілінде оттан сақ болуды, оның салдары қандай

қайғылы жағдайларға әкелетінін түсіндіріп, арнайы

әзірленген видеороликтерді көрсетті. Ал құтқарушылар

балаларға суға түсу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Су айдындарына батып кеткен жағдайда қалай әрекет

етуді, көмекке шақыру керектігін түсіндірді. Құтқару

кезінде қолданылатын құрылғыларды пайдалану тәсілін

тәжірибе жүзінде көрсетті. Мамандар балалар назарына

судағы қауіпсіздік жөнінде арнайы мультфильм

ұсынды. Ал полицейлер қауымы оқушыларға жол

жүру ережесі туралы сабақ берді. Бағдаршам жанған

кезде қалай әрекет етуді, жаяу жүргіншілер жолағынан

дұрыс өтуді түсіндіріп, жолдың екінші бетіне жүгірмеуге

кеңес берді. «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің

еріктілері оқушыларға алғашқы медициналық көмек

көрсетуді үйретті.

Бала қауіпсіздігіне арналған шараны мектеп

әкімшілігі өздері ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

Павлодар қалалық №19 мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Данна Серімбаева қоғамда

бала қауіпсіздігі өткір мәселе екенін айтады.

- «Күншуақ» лагерінің оқушылары үшін «Қауіпсіздік

күні» шарасын ұйымдастырдық. Жазғы демалыс кезінде

жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге ерекше

көңіл бөлу керек. Оқушыларымыз төтенше жағдайларға

тап болмас үшін өмірге қауіп төндіретін оқиғаларды

толық түсіндіргіміз келді. Жазда балалардың басым

көпшілігі велосипед, самокатқа мініп, серуендейді.

Сондықтан жол ережесін білуі шарт. Қазір көше терек

мамығына толған. Балалар бұл жағдайды қызық көріп,

сіріңкемен өртеуі мүмкін. Ойыннан от шығатынын

сала мамандары өздері түсіндіргенін құп көрдік.

Бұдан бөлек, күннің ыстығында балалар су айдындарына

асығатыны белгілі. Аймағымызда балалардың

қатысуымен болған судағы қайғылы жағдайлар жыл

сайын орын алады. Мұндай фактілерге жол бермеуіміз

керек. Үйде жалғыз қалған балалар терезеге шығуға

құмар. Кешке көше кезіп жүретін балалар да бар.

Ата-ана тарапынан жіберілетін салғырттық қайғылы

жағдайларға әкелуі мүмкін. Ауқымды шара арқылы

балаларға осы мәселелерге назар аудару керектігін

үйреттік, - дейді Данна Серімбаева.

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы

азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Сабыржан

Тастембеков балалардың оқыс жағдайға ұшырауына

бірінші кезекте ата-аналар кінәлі екенін айтады.

- Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталмай

жатып, Екібастұз қаласында екі жасөспірім суға батып

кетті. Мұндай қайғылы жағдайға ата-аналар тарапынан

жіберілген салғырттық себеп. Балалар ересектердің

қарауынсыз, рұқсат етілмеген орында шомылған.

Шара барысында осындай жантүршігерлік жағдайлар

қайталанбас үшін балаларға сақтық ережелерін толық

түсіндірдік. Арнайы дайындалған видеороликтерді,

мультфильмдерді көрсеттік. Суға батқан адамдарды

құтқару ережелерін де тәжірибе жүзінде үйреттік. Мұндай

шаралар барлық мектепте ұйымдастырылса екен дейміз, -

дейді С.Тастембеков.

Шараға қатысқан балалар сала мамандарынан

өздеріне қызықты сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне

ие болды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


10

12 маусым, сенбі, 2021 жыл ЗЕРТТЕУ

SARYARQA SAMALY

ХІХ ғасыр қазақ даласына

үлкен өзгерістер әкелді.

Ресей империясының

протекциясына толықтай

кіргесін, жаңадан орнаған

тәртіп халқымыздың

көшпенді тірлігіне

барынша әсер етті.

Қазақтардың арасында

диқандар, балықшылар,

қолөнершілер, саудагерлер

ғана емес, сондай-ақ,

мұғалімдер, дәрігерлер,

генералдар, жазушылар,

суретшілер, тіпті спортшылар

да пайда бола

бастады. Енді қазақ халқы

осындай жаңашылдыққа

ұмтылған, іскерлік

қабілеті мол әрі білімді

адамдарды үлгі тұтатын

болды. Осындай елге

танымал және үлгі болған

адамдардың бірі Павлодар

уезінің тұңғыш дәрігер

фельдшері Баймырза

Тоқтағұлов еді.

Баймырзаның Әкесі - Тоқтағұл

Жәнібеков (қажы) аса діндар және оқыған

адам болған. Павлодар уезіндегі Ақсу

болысының тумасы. Ол 1878 жылы 17

жастағы ұлы Баймырзаны оқып, мамандық

алуы үшін Омбы қаласына жібереді. Оқу

орны – Әскери госпитальдің жанындағы

Орталық фельдшерлік мектеп. Ислам

дәстүрінде қатаң тәрбие алып өскен

және араб тілі мен орыс тілін жақсы

меңгерген Баймырза осы оқу орнына

қиындықсыз түсіп, 1882 жылы ойдағыдай

бітіреді. Жеке қолдағы бір коллекцияда

1882 жылы училище бітірушілердің

фотосуреті сақталып қалыпты. Осы

суреттегі басына шалма ораған жас

жігіт 21 жастағы Баймырза Тоқтағұлов

болуы мүмкін. Енді училище тарихына

қысқаша тоқтала кетейік. 1852 жылы

Сібір казак әскерлерін медициналық және

аптекалық фельдшерлермен жабдықтау

үшін, Омбы әскери госпиталінің жанынан

фельдшерлер мектебі ашылады. Бұл

Сібір өлкесіндегі тұңғыш медициналық

оқу орны еді. 1874 жылғы мәліметтерге

қарағанда, тәрбиеленушілердің саны

18-ге дейін артып, олардың әрқайсысы

жыл сайын 100 рубль әскери жәрдемақы

алып отырған. 1876 жылы Батыс Сібір

генерал-губернаторы, генерал-адъютант

А.П.Казнаков «Омбы фельдшерлер

училищесіне крестьяндар сословиесі мен

қырғыздардан (қазақтар) тәрбиеленушілер

алу туралы Ережені» бекітеді. 1877 жылы

Батыс Сібір әскери ок ругі бойынша №151

әскери госпитальдің ғимаратында фельдшерлер

мектебінің тәрбиеленушілеріне

интернат ашу ережесі бекітіледі. Орталық

мемлекеттік мұрағатта Баймырза

Тоқтағұловқа қатысты бірнеше қызметтік

Павлодар уезінен

шыққан тұңғыш

қазақ фельдшер

тізімдер сақталыпты: «Павлодар уезіндегі

2-нші учаскенің фельдшері Баймырза

Тоқтағұловтың қызметі жайлы қызметтік

тізім». 25 ақпан, 1898 ж. Баймырза

Тоқтағұлов, жасы 37-де, Омбы орталық

фельдшерлік мектебін бітіргені жайлы

дипломы бар (әскери госпитальдің

жанындағы). Куәлік (диплом) №80, 1882

жыл, 14 мамыр. Елге келгесін, Семипалат

(Семей) облысы, Павлодар уезіндегі

Ақсу болысында болыстық фельдшер

қызметіне тағайындалған. 1897 жылғы 17

қыркүйекте Семипалат облысы Генералгубернаторының

№68 бұйрығы бойынша,

Павлодар уезіндегі 2-нші учаскеге фельдшер

болып тағайындалған. Қырғыз

(қазақ) Байсүгір Манамбаевтың қызы

,,...Баймырза Тоқтағұловтың көмегімен және ақыл

беруімен 1897 жылы фельдшерлік оқуға өзінің жерлесі,

дарынды жас, болашақтағы белгілі дәрігер Арын

Сүлейменов барады. 1905 жылы Баймырзаның әкесі

Тоқтағұл Жәнібеков қажылық парызын өтеу үшін

Меккеге аттанады. 1907 жылы Баймырза Тоқтағұлов

Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлаушы болып

тағайындалады...

Қадишаға үйленген. Әріп атты ұлы 1883

жылы 1 мамырда туған. Қызы Нұрила

1894 жылы 3 тамызда туған. Қызы

Күлбағира 1896 жылы 19 қарашада

туған». 1883-1898 жылдар аралығындағы

кәсіби қызметі барысында Баймырза

жергілікті тұрғындар арасында жедел

көмек беретін білімді дәрігер ретінде

танылады. Уездік клиника Павлодар

қаласында болған. Фельдшер Баймырза

сырқаттарға тұрғылықты жерлеріне барып,

көмек жасап, қазіргі жедел жәрдемнің

қызметін атқарған. 1898 жылға қарай

2-нші учаске өзіне үш болыстың аумағын

қосып алып, қазіргі тілмен айтқанда,

Баймырза үш ауданға бірдей медициналық

қызмет көрсеткен. Ол көп жылдар бойы

уездік дәрігер Михаил Владимирович

Павловтың қарамағында болған. Осы

кезде клиникаға Томск университетін

бітірген жас дәрігер Әміре Айтбакин келіп,

қызметке тұрады. 1900 жылғы Қырғыздар

шаруашылығы жөніндегі құжаттардың (МКЗ)

мәліметі бойынша, Баймырза әкесімен

бірге (Ақсу болысының 1-інші ауылында)

үлкен ағаш үй, жұмыскерлерге арналған

жер үй, төрт шаруашылық құрылысы,

134 бас жылқы, 4 түйе, 165 ірі қара,

127 бас қойдан тұратын әжептәуір ірі

шаруашылық ұстаған. Шаруашылықта

жалдамалы жұмыскерлер болған. Бірінші

әйелі Қадиша (бұрынғы болыс басқарушысы,

би Байсүгір Манамбаевтың қызы) – Әріп,

Нұрила, Күлбағира, Ғабдылғазиз атты

төрт бала туған. Екінші әйелі Кәмиланы

1907 жылы алған. Одан Шөкенай, Мәпіш,

Мәжит, Ғабидолла, Ғазиз атты балалар

туған. Баймырзаның ата-тек шежіресі:

Баймырза – Тоқтағұл – Жәнібек – Түгелбай –

Қаратай – Байқұлақ – Жирентай (Иман) –

...Бәсентиін ...Арғын. Баймырза

Тоқтағұловтың көмегімен және ақыл

беруімен 1897 жылы фельдшерлік оқуға

өзінің жерлесі, дарынды жас, болашақтағы

белгілі дәрігер Арын Сүлейменов барады.

1905 жылы Баймырзаның әкесі Тоқтағұл

Жәнібеков қажылық парызын өтеу үшін

Меккеге аттанады. 1907 жылы Баймырза

Тоқтағұлов Мемлекеттік Думаға депутаттарды

сайлаушы болып тағайындалады.

Баймырза уездік әкімшіліктегі өзінің

қызметін 1915 жылы аяқтайды. Бірақ

дәулетті әрі ықпалды адам ретінде жеке

дәрігерлік қызметін тоқтатпаған секілді.

Мұрағаттан 1924 жылғы Баймырзаның

отбасы туралы тізім табылды. Баймырза

ол кезде 68 жаста. 1928 жылы Баймырза

Тоқтағұлов пен ағасы Шәріп дүние-мүлкі

тәркіленіп (конфискация), жер аударуға

жататын байлардың тізіміне енеді.

72 жастағы Баймырза мал-мүлкі

тәркіленген соң, Ақтөбе облысына жер

аударылады. Одан кейін, 1931 жылы

оның баласы Ғабдылғазиздің дүниемүлкі

тәркіленіп, отбасымен Ресей

Федерациясының Сібір аймағына

айдалады. Баймырзаның бұдан арғы

тағдыры және қайда жерленгені әзірше

белгісіз. Жеңіс Мардановтың шежіресінде

Баймырзаның немересі (Ғабдылғазиздың

баласы) Қамза көрсетіледі. Өкінішке қарай,

Қамзаның балаларын және Баймырзаның

бүгінгі күнгі басқадай ұрпақтарын табу

мүмкін болмады. ХІХ ғасырдағы мұрағат

қорларында қазақ балаларының білім

алып, қызмет істегені жайлы түрлі

құжаттар (өтініштер, шешімдер, бұйрықтар,

стипендиялар беру т.б.) жеткілікті. Тек

Семей губерниясы бойынша ғана 20

шақты белгілі тұлғаға қатысты қызметтік

тізімдер өздерінің ашылуын күтіп

жатыр. Менің осы бір кішкентай ғана

еңбегім сол кездегі қазақ зиялыларының

қалыптасу жолына сәуле түсіріп, Павлодар

уезінің дәрігер-фельдшері Баймырза

Тоқтағұлов секілді өз уақытында халқына

қалтқысыз қызмет көрсеткен тұлға

есімінің ұмытылмауына себеп болады

деп үміттенемін.

Дәурен АЯШИНОВ,

тарихшы, өлкетанушы

Павлодар уезінен шыққан тұңғыш

қазақ фельдшер.

АЙТАРЫМ БАР...

Бір

ауыз сөз

Ертеде аталарымыз айтар ойын

көркем тілмен жеткізу үшін неше

түрлі балама сөздерді пайдаланған.

Ендеше, сол аталарымыз жиі айтқан,

бірақ қазіргі күні көп қолданыла

бермейтін көне тіркестерді еске

алуды жөн санадым.

Қазақта: «Санын соғып қалды» деген сөз

бар. Бұл яғни алданып, қатты өкініп, опық

жеп қалды дегенді білдіреді. «Түсімде қамшы

болды, айтқаны түрткі болды, әсер етті»

дейді. Бұл - тасы өрге домалады, бағы жанып

абырой-беделі көтерілді, ісі оңға басты дегені.

«Тауда жүріп, таста өскен». Ел-жұртынан бөлек

жүріп, ауыр өмір кешкен адамды айтады.

«Түйенің танығаны - жапырақ». Яғни білетіні

не болмаса танитыны бір–ақ нәрсе деген

мағынада айтылған сөз. «Жүз шайысты». Қатты

сөзге барысты, ренжісті, ұрысты, бет-жүзіне

қарамады деген мағынада айтылады. «Уызына

жарымады». Жасынан тойып ас ішпеді, бүйірі

шықпады немесе туғаннан тамаққа тоймады

дегенді білдіреді.

Айта берсек, өтірік жайлы мақал да, өлең

де аз емес. «Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт

адамның сөзі сұйық». Яғни, сусыз жерге

шөп қаулап шықпайтыны, суайт адамның

сөзі сылдыраған судай болса, тыңдаушыға

нанымды бола бермейді.

Бұрынырақта бір кісі айтқан екен: егер

сені біреу мақтап жатса және мақтағанына

сай болмасаң, онда оның жағымпазданғаны

не болмаса ол сені мазақтап, келеке етіп

отырған болуы мүмкін.

Қазақ халқы астарлап сөйлеуді ұнатады,

ойлы, саналы адамдар оны ұғады, ұқпайтындар

да болады.

Бірде атақты Байдалы би көрші ауылға

бара жатқанда жолшыбай серіктесіп бір жас

жігіт ереді. Екеуі жөн сұраса, әңгімелесе

келе Байдалы би әлгі жігіттің сөзіне көңілі

толмапты. Білімінің таяздығын сезіп қалса

керек. Сосын Байдалы би: «Әй, балам, сен

осы кімнің баласысың?» деп сұрақ қояды.

Сонда жігіт әкесінің атын айтады.

Байдалы би:

«Әкең жақсы адам еді жамбас жеген,

Жақсыдан жаман туса, оңбас деген.

Сірә кінә болған ғой әйелінен,

Әтпесе иттің боғы қылшықсыз

болмас деген» депті.

Бидің астарлап айтқанын бала жігіт түсінбей

қалып, ауылындағы бір абыз ақсақалға жолда

болған әңгімені айтады. Ауылдың абыз ақсақалы

бұл сөздің иесі атақты Байдалы би екенін

сезіп, сөзін түсінбеген жігітке шынын айтады.

«Сенің әкең расында жақсы адам болған, көп

тоқалы болған. Солардың біреуінен туғаныңды,

бірақ оның баласы емес екеніңді айтқаны

ғой» деген екен.

Дүниенің өзі жалған екенін аталарымыз

айтудай–ақ айтып кеткен. Жер бетінде жай

тас көп те, асыл тастар аз. Сондықтан

да олар бағалы, қашанда құнды, қадірлі,

қастерлі. Ендеше ақ пен қараны, асыл мен

жасықты айыра білейік. Баянсыздықтың бәрі

жалған-дықта, жақсылықтың бәрі ақиқатта

екенін естен шығармайық, ағайын! Сіз не

дейсіз?

Рәшид БЕКТЕМІРОВ,

Май ауданының Құрметті азаматы,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 12 маусым, сенбі, 2021 жыл 11

Төлем карточкаларын қолданумен қолма-қол

ақшасыз жасалатын төлемдердің ағымдағы жағдайы

01.04.2021 жылғы жағдай бойынша Павлодар облысында айналымдағы

төлем карточкаларының саны 1908 мыңға жетті (01.04.2020 жылғы

жағдаймен салыстырғанда 32,4%-ға өсті), оның ішінде:

- дебеттік карточкалар – 1350 мың;

- кредиттік карточкалар – 486 мың;

- өзге карточкалар (кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен

алдын ала ақысы төленген карточкалар) – 72 мың.

01.04.2021 жылғы жағдай бойынша Павлодар облысындағы электронды

банк терминалдары инфрақұрылымының көрсеткіштері мынадай болды:

- орнатылған POS-терминалдардың саны – 15800 дана;

- орнатылған банкоматтар саны – 635 дана;

- аймақта төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсетуге

эквайермен шарт жасасқан кәсіпкерлер саны – 7329 бірлік;

- сауда орындарының саны 11488-ге жетті.

01.04.2021 жылғы жағдай бойынша облыста орта есеппен

1 POS-терминалға 47 тұрғын және 1 банкоматқа 1 182 тұрғын келеді.

Салыстырмалы түрде, 01.04.2021 жылғы жағдай бойынша республика

бойынша орта есеппен 1 POS-терминалға 57 тұрғын және 1 банкоматқа

– 1497 тұрғын келеді.

POS-терминалын орнату үшін эквайермен шарт жасауыңыз керек.

Бұл банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

асыратын ұйым, ол кәсіпкермен жасалған шарттың талаптарына сәйкес

кәсіпкердің пайдасына түскен ақшаны қабылдауы керек.

Жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар төлем карточкаларын

қолдана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтың

орнатылуын қамтамасыз етуге міндетті. Ерекшелікті жалпыға ортақ телекоммуникация

желісі жоқ жерлерде орналасқан кәсіпкерлер жасайды.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларымен төлемдерді қабылдаудан

бас тартуы ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке, ал қайталанған

жағдайда 40-тан 100 АЕК-ке (кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне қарай)

дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның POS-терминалы

болмаса, ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке, ал қайталанған

жағдайда 40-тан 80 АЕК-ке (кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне қарай)

дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Бүгінгі күні қолма-қол ақшасыз төлемдер клиенттер үшін ең заманауи

және ыңғайлы төлем әдісі болып табылатынын атап өтеміз.

Кәсіпкерлер үшін POS-терминалдарды орнату және пайдалану қызмет

сапасын жақсартып, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу құнын төмендетіп,

өз кірістерін арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодар облысында төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021

жылғы қаңтар-наурызда 28,5 млн. транзакция (2020 жылғы қаңтарнаурызбен

салыстырғанда 2 есе өсті) 262 млрд. теңге жалпы сомаға

(2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есе өсу) жүргізілді.

Бұл ретте қашықтан ақы төлеу сервистері мен төлем инфрақұрылымы

белсенді дамығандықтан, төлем карточкалары қолма-қол ақшасыз

операцияларды жүзеге асыру үшін көп пайдаланылады. Сонымен, төлем

карточкаларын пайдалана отырып операциялардың жалпы құрылымындағы

қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі 2021 жылғы қаңтар-наурызда саны

бойынша 89,8%-ды (қолма-қол ақша алуға 10,2% тиесілі), сомасы

бойынша 61,3%-ды (қолма-қол ақша алу – 38,7%) құрады. Салыстыру

үшін аталған көрсеткіштер 2020 жылғы қаңтар-наурызда қолма-қол

ақшасыз төлемдер – саны бойынша 79,3% және сомасы бойынша

51,7%, қолма-қол ақша алу операциялары бойынша – саны бойынша

20,7% және сомасы бойынша 48,3% болды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларын

шығаруды 20 банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды. Аталған ұйымдар

келесі халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратумен

айналысады: VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay

International, American Express International және Diners Club International.

Бұдан басқа Қазақстанның мынадай банктері жергілікті жүйелердің

төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі»

АҚ, Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан»

АҚ және Kaspi.kz төлем карталары жүйесі - «Kaspi Bank» АҚ.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Павлодар филиалы.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы

16 қаңтардағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту

туралы №12 бұйрығына сәйкес облыстың келесі педагогтары

«Үздік педагог» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс)

ІІ облыстық кезеңінің жеңімпаздары деп танылды:

- Шайхимов Айдар Абылаевич, Павлодар қаласының «Жас

дарын» мамандандырылған мектебінің информатика мұғалімі;

- Есмакаева Гульмира Болатовна, Павлодар қаласының

№21 жалпы орта білім беру мектебінің тарих және география

мұғалімі;

- Жумабекова Гульден Сансызбаевна, Малайсары жалпы орта

білім беру мектебінің физика мұғалімі;

- Соц Сергей Федорович, Балалар техникалық мектебінің

қосымша білім беру педагогы;

- Коржумбаева Меруерт, «Б.Ахметов атындағы жоғары

педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы.

ЖАРНАМА

66-15-40,

66-15-42

(20101)

(20103)

ТАҒЗЫМ

Жарқын бейнесі -

жадымызда

Бүгін біз өңірімізде

энергетика саласында

ұзақ жыл қызмет

еткен, қоғамдық

істерде белсенділігімен

көрінген қайсар жан,

әріптесіміз Ниярова

Сәния Сармекенқызын

дүниеден өткеніне

қырық күн толуына

орай еске аламыз.

Сәния Сармекенқызы 1938 жылы

5 ақпанда Алматы қаласында

дүниеге келді. Сәния Сармекенқызы

Ниярова 8 мамырда, 83 жасына

қараған шағында фәнилік дүниеден

бақилық дүниеге көшті.

Мен Сәния Сармекенқызымен

алғаш Павлодарэнерго аудандық

басқармасына қызметке келгенде,

1969 жылы таныстым. Осы Павлодарэнерго

аудандық басқармасында

алдыңғы топтағы инженерэнергетиктермен

20 жылдан

аса қызметте болдық. Нұртай

Ақбасович Бегедаев, Алексей

Алексеевич Якубенко, Иван Андреевич

Ильясов секілді майталман

мамандармен «облысымызда

әр үйде жарық болсын! - деген

қағидамен, жанұямыз, еліміз үшін

аянбай жұмыс жасадық. Кейін

басқа қызметке ұсынылып, мен

қоғамдық жұмысқа ауыстым, бірақ

біздің ара-қатынасымыз үзілмеді.

Сәния Сармекенқызы ақжарқын,

адал, ар-намысы жауапкершілігімен

биік болатын, өте мейірімді,

жанашыр, еңбекқор жан еді. Ол

ұзақ жылдар қызмет етіп, осы

саладан зейнеткерлікке шықты.

Бірнеше Алғыс хаттар, грамоталармен,

сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген

энергетик» төсбелгі-сімен марапатталды.

Біздің «Мейі-рімділік және

Денсаулық» қорының іс-шараларына

қатысты. Сол кезде облыс комитеті

партиясының хатшысы Ажибаева

Алма Мұқанқызы осы қордың

басы-қасында болған азамат еді.

Сәния Сармекенқызы жолдасы

Мақажанов Шұғай Балтабайұлы

екеуі төрт баласын, немерелерін

өсірді.

Бүгінде Сәния Сармекенқызының

дүние салғанына 40 күн толуына

орай, Павлодар облысының

Халықаралық «Мейірімділік және

Денсаулық» қорының басқарма

мүшелерінің атынан жанұясына,

ағайын-туыстарына көңіл айтамыз.

Оның ақжарқын, білімді, мәдениетті,

еңбекқор, адал бейнесі әрқашан

біздің жүрегімізде болады, игі

істері елімізде жалғаса береді

деп сенеміз.

Үміт ДАРЖҰМАНОВА,

Павлодар облысының

Халықаралық «Мейірімділік

және Денсаулық» қорының

директоры.

«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі

басқармасы» ММ.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000,

Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115-үй, байланыс телефоны:

61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының «Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Павлодар облысы мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттігін

арттыру, зерттеу, ағарту, жинақтау, сақтау, экспозициялық көрме жұмыстарын

іске асыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау ісіне ықпал ету; облыс

ақын-жазушыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен

шығармашылығы жөніндегі материалдарды сақтау, зерттеу және насихаттау;

облыстың мәдениет саласының Отандық өнімге қажеттіліктің өсуін

ыңталандыру, тарихи-мәдени мұраға еркін қол жетерлікті қамтамасыз ету

кәсіпорынның қызметі мәні мен мақсаты болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе

(және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық ғылым, юриспруденция,

экономика, экология және кәсіптік, мәдениет мекемелерінің басқару

лауазымда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. Қазақстан

Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік

кодексі», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени объектілерін қорғау және

пайдалану», «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Авторлық құқық және сабақтас

құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және Қазақстан

Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік

органдардың мәдениет және өнер мәселелері бойынша актілері, еңбек

туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасымен

өртке қарсы қорғау жөніндегі ереже, экономика және қаржы негіздерін

білуі міндетті түрде.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, оны конкурс жариялаған Павлодар

облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында құжаттарды

қабылдау аяқталғаннан кейін онбес күнтізбелік күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2. Мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме.

3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.

4. Білімі туралы құжаттар, еңбек кітапшасы (бар болса) немесе

еңбек шарты не болмаса белгіленген тәртіпке куәландырылған соңғы

жұмыс орнына жұмысқа қабылдануы және жұмыстан босатылуы туралы

бұйрық көшірмелері.

5. Денсаулық жағдайы туралы белгілі нысандағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы білімі, жұмыс өтілі, кәсіби даярлық деңгейіне

қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен

атаққа ие болуы, ғылыми мақалалары, сонымен қатар, алдындағы жұмыс

орны басшысынан ұсыныс туралы құжаттар көшірмелерін және тағы

басқа) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы басылымның бұқаралық

ақпарат құралдарында жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн

ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Павлодар облысының

мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не жіберілуі

керек.

(20102)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат комитетінің

мерзімді басылымды, ақпарат

агенттігін және желілік басылымды

есепке қою, қайта есепке қою

туралы 19.06.2019 ж. №17747-Г

куәлігі берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату бөлімі

- 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-

ның компьютер oрталығында

теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет: сейсенбі,

бейсенбі және сенбі күндері

шығады, апталық

таралымы 8463 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй. Газеттің

сапалы басылуына баспахана

жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 996

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді

міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың мазмұнына

жарнама берушілер жауап

береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда жарияланған

материалдарды көшіріп немесе

өңдеп басу үшін редакцияның

жазбаша рұқсаты алынып, газетке

сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12

12 маусым, сенбі, 2021 жыл МҰРА

SARYARQA SAMALY

ӘДЕБИЕТ

«Мәшһүрдің мұңы»

Жақында Торайғыров университетінің профессоры, ақын-жазушы

Серік Елікбайдың «Мәшһүрдің мұңы» атты ғұмырбаяндық романы

жарыққа шығып, өз оқырмандарын тауып жатыр. Бұл - ғұлама

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің көркем образын бейнелеген алғашқы

прозалық туынды.

Тілеуберді САХАБА

Қазақ әдебиетінде Мәшһүр Жүсіптің

өмірбаяны туралы көркем шығарма

жазған қаламгер аз. Әрине, ғұламаның

еңбегін ғылыми тұрғыда зерттеп, оқырман

алдына тосқан ғалымдар мен ұстаздар

бар. Яғни, Қуандық Пазылұлы, Сәрсенбі

Дәуітов, Айтмұхамбет Тұрышев, Сейфитдин

Сүтжанов сынды филолог-ғалымдардың

кандидаттық және докторлық диссертациялары

Мәшһүр Жүсіп еңбегіне арналғаны

баршаға аян. Сонымен қатар, халықаралық

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

аймағымыздың ардақты ақыны Зекебей

Солтанбаевтың 5 томдық еңбегі - бір төбе.

Ал, «Мәшһүрдің мұңы» кітабына ғұламаның

ғұмырнамасы толық қамтылды деуге болады.

Яғни, дүниеге келген 1858 жылдан бастап,

1931 жылға дейінгі өмірі кезең-кезеңмен

суреттелген. Бірақ, шығарма ғұламаның

ажалымен емес, төбенің басында отырған

сәтімен түйінделеді. Яғни, романның бас

кейіпкері «тірі» қалады. Автор мұнымен

Мәшһүр Жүсіпті мәңгі өлмейтін тұлға

ретінде көрсеткісі келген болса керек.

Ал кітаптың атауы неге бұлай таңдалды

деген сұраққа автор: «Мәшһүрдің мұңы –

Оралхан ҚОЖАНОВ

Дүбірлі доданың

дүлдүлі кім?

Бүгін төрткіл дүние асыға күткен футболдан Еуропа чемпионаты

басталды. Карантиннің салдарынан бір жылға кешігіп жеткен

жарыста 24 үздік құрама бақ сынайды. Біріншіліктің ерекшелігі–

финалдық кезең тұңғыш рет кәрі құрлықтың 11 шаһарында

өткізілмек. Финалды Лондон қаласы қабылдайды.

Бұған дейін Еуропа чемпионаты бір

немесе екі мемлекеттің шекарасында ұйымдастырылып

келген-ді. Әр 4 жылда бір

рет ұйымдастырылатын чемпионатқа кәрі

құрлықтың кез келген мемлекеті қатысуға

ниетті. Әйтпесе, кейбір спорт түрлерінен әлем

және құрлықтық чемпионаттар жыл сайын

қазақтың мұңы» деп жауап берді.

- Мәшһүр Жүсіптің әлеміне әр кезеңнің

ұрпағы әртүрлі таным-түсінікпен үңіледі.

Мысалы, 1930 жылдардағы қазақ қоғамы

басқаша көзбен қараса, 1950 жылдардың

ұрпағы ақынның бейнесін тағы басқа

түйсікпен танып, саналарына өз заманына

сай сіңірді. Ал біздің таным-түсінігіміздегі

Мәшһүр Жүсіптің бейнесі мүлдем өзгеше.

Сондықтан, ғұламаның тұлғалық бейнесі

мен образын бүгінгі ұрпақтың санасына

сиятындай етіп сипаттап жаздым десем

асыра айтқандық болмас. Кітапты алғаш

жаза бастаған кезде немересі, филология

ғылымдарының докторы, профессор Қуандық

Пазылұлы арамызда бар еді. Басқы бір

бөлігін көрсетіп, ақыл-кеңесін тыңдадым.

Содан жарты жылдан кейін ол кісі дүние

салды. Ағамыз сонда: «Тым асыра сілтеп,

жұртты таңдандырып алмаңдар» деді.

Сондықтан, Мәшһүр Жүсіптен ғажайып

кейіпкер жасаудан да аулақ болдым.

Оқиғаларды мүмкіндігінше, оқырманның

көкейіне қонымды, ақылына сыйымды етіп

суреттеуге тырыстым, - дейді жазушы

Серік Елікбай.

Сиясы кеппеген туынды оқырман қолына

әлі толық жете қойған

жоқ, енді ғана таралып жатыр. Ал алғашқы

оқырмандарының бірі – ҚР Мәдениет

қайраткері Мейрам Нұғман. Ол өз пікірінде

«Мәшһүрдің мұңы» кітабында қазақ қоғамының

екі дәуірі бірдей қамтылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, кіптаптан Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлы туралы ғана емес, сонымен

қатар, Ертіс-Баян, Атбасар, Көкшетау

алабында өмір сүрген қазақтың басқа

тарихи тұлғалары туралы тың деректерді,

қызықты мәліметтерді де кездестіруге

болады.

- Жалпы, Мәшһүр Жүсіптің тұлғалық

феномені мен әулиелік қасиеті өзге ешбір

елде қайталанбайды. Себебі, әлемде өзінің

қашан өмірден өтетінін айтып, өз жаназасын

өзі шығарып кеткен адам жоқ шығар.

Тіпті, өзінің денесінің қырық жыл бойы

шірімейтініне дейін айтып кеткен екен. Негізі,

Мәшһүр атамыз соңына 50 том кітапқа жүк

болатын әдеби мұра қалдырыпты. Соның

20-сы өзінің төл туындылары болса, 30

томы қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері екен.

Яғни, жыр-дастандар, тарихи шежірелер,

фольклорлық-этнографиялық зерттеулер.

Анығын айтқанда, бір өзі бір ғылыми

институттың еңбегін атқарып кеткен адам.

Сондықтан, Мәшекеңнің өмірбаяны мен

шығармашылығы туралы қанша кітап

жазсаңыз артық емес. Міне, жаңадан

жарыққа шыққан «Мәшһүрдің мұңы» романынан

бұрын ешбір шығармадан оқымаған

оқиғаларды кездестіресіз. Сонымен

қатар, қазақтың байырғы тыныс-тіршілігін

көзалдыңызға елестетіп, ұмытылып кеткен

көне сөздерін қайта есіңізге түсіресіз, -

дейді Мейрам Нұман.

Жаңа кітаптың тұсаукесері аймағымызда

бірнеше аудандар мен қалаларда өтті.

Жақында облыс орталығының тұрғындарына

да таныстырылтын болады.

өткізіліп, «қадірі» кетуде. Биылғы біріншілікке

қатысу үшін Қазақстан құрамасы да тер

төккен еді. Отандастарымыз іріктеу сатысында

I тобында Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр

және Сан-Марино құрамаларымен шеберлік

байқасты. Нәтижесінде 10 ұпай жинап, өз

тобында бесінші орынға тұрақтап, чемпионаттан

тыс қалған болатын.

Ұйымдастырушылар логотипті өзгертпеуге

шешім қабылдапты. Яғни, 2020 белгісі сақталып

тұрады. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы чемпионат

1960 жылдың 6-10 шілде аралығында

жалауын көтерген екен. Сол жылы турнирдің

финалдық кезеңінде бар-жоғы 4 құрама

ғана өнер көрсеткен. Алғашқы чемпион –

КСРО құрамасы. Үлде мен бүлдеге

оранған құрама – Германия. Немістер

бұл біріншілікте 3 рет топ жарған. Қала

берді, үш рет финалда өнер көрсеткен.

Кейін 3 рет чемпион атанған Испания,

екі рет дараланған Франция құрамалары

мықтылар тізімінде тұр.

Осы уақытқа дейін 10 құрама чемпион

атағына қол жеткізіпті. Оның үшеуі өз жерінде

ұйымдастырылған чемпионатта жеңіс тойын

тойлаған. Жанкүйерлердің қолдауы жігерлендірді

ме екен кім білсін, әйтеуір орыс

халқының «Дома и стены помогают» деген

мақалы еске түседі.

САУАЛ – СІЗДЕН

Автоматты

түрде беріле

ме?

Айгерім, Павлодар қаласы:

- Павлодар қалалық №29 орта

мектепте мұғалім болып жұмыс

істеймін. Еңбек өтілім – 2 жыл.

Биыл магистр дәрежесін аламын.

Дипломдағы орташа ұпай 3,65-ті

құрап отыр. Естуімше, мұндай

көрсеткішпен магистратура тәмамдаған

мамандарға «Педагог-модератор»

біліктілігі автоматты түрде

беріледі. Бұл қаншалықты рас?

Сауалға Павлодар қалалық білім

беру басқармасының басшысы

Самал АЙТҚАЗИНА жауап береді:

- 11.05.2021 жылғы №192 бұйрықтың

44-ші тармағы мен 45-ші тармағының

1 тармақшасына сәйкес, жоғары,

жоғары оқу орнынан кейінгі дипломдағы

GPA көрсеткіші 3 балдан төмен емес

жағдайда «Педагог-модератор» біліктілігі

ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей

берілетіні рас. Бірақ мұндай мүмкіндік

тек жұмысқа алғаш қабылданған

мамандарға ғана беріледі. Сіз екі жыл

еңбек етіп жатқаннан кейін «Педагогмодератор»

біліктілігі автоматты түрде

берілмейді.

Құжатты

жедел

дайындатқым

келеді...

Абылай, Екібастұз қаласы:

- Ағымдағы айда ұлым 16 жасқа

толды. Жергілікті халыққа қызмет

көрсету орталығына барып, жеке

куәлікке тапсырыс берген болатынбыз.

Балам Нұр-Сұлтан қаласындағы

колледждердің біріне оқуға

түсу үшін құжат тапсырмақшы. Сол

себепті төлқұжат қажет. Жеке куәлікке

өтініш берген кезде жедел қызметтен

бас тартқан едік. Көпшіліктен «Kaspi.

kz» мобильді қосымшасы арқылы

ақы төлеп, жеке куәлікті дайындалу

уақытын жеделдетуге болатынын

естіген едім. Бұл мүмкін бе?

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметкері

Алма МҰСАБЕКОВА жауап береді:

- Мұндай қызмет түрі мамыр

айының соңында қосылған болатын.

Сіз «Kaspi.kz» мобильді қосымшасын

пайдалану арқылы балаңыздың жеке

куәлігін дайындау уақытын жеделдете

аласыз. Ол үшін қосымшадағы

«төлемдер» санатын таңдап, «мемлекеттік

қызмет, айыппұл, салық» ұяшығына

өтесіз. Тізімнен «құжаттарды дайындауды

жеделдету» санатын таңдайсыз.

Сол арқылы өтініш нөмерін, құжат

түрін белгілейсіз. Қала тұрғындары

құжат 3 жұмыс күні ішінде дайын болу

үшін 4 мың 983 теңге, 5 жұмыс күні

ішінде дайын болуы үшін 2 мың 752

теңгені төлейді. Аудан орталығының

тұрғындары жеке куәлікті 7 жұмыс

күні ішінде алу үшін 1 мың 116 теңге

төлей алады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!