12.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 12 маусым, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 12 маусым, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Абзал Қайратұлы,

109 байланыс орталығына хабарласушылар

көп пе?

- 109 бірыңғай байланыс

орталығы өткен жылдың наурыз

айында құрылды. Ол кезде коронавирус

инфекциясы дүниежүзіне

таралып, елімізде төтенше жағдай

жарияланып жатқан болатын. Негізі,

біздің орталық алғаш құрылған

кезде павлодарлықтарға ғана

қызмет көрсете бастаған болатын.

Кейін облыс әкімінің қолдауымен

қызмет көрсету масштабымызды

кеңейтіп, облыс бойынша түскен

сұрақтарға жауап бере бастадық.

Өткен жылы облыс тұрғындарынан

әртүрлі тақырыпта 140 мыңға

таяу өтініш түскен. Ал биыл жыл

басынан бері 35 мыңнан астам

өтініш қабылданды.

- Жақында 109 бірыңғай

байланыс орталығының Telegram

каналы ашылғанын естідік. Жалпы,

орталық мамандары тұрғындарға

қаншалықты қолжетімді?

- Тұрғындар біздің кезекшілерге

кез-келген уақытта хабарласып,

арыз-шағымдарын білдіре алады.

Себебі, біздің мамандар өте

қолжетімді. Яғни, бізбен тілдесудің

бірнеше жолын қарастырып, ең

ыңғайлы, қолайлы нұсқаларын іске

қосып қойдық. Мысалы, әлеуметтік

желі мен басқа да мобильді

қосымшаларды қолданбайтын

үлкен адамдарға өзінің ұялы

телефоны арқылы 109 нөміріне

Telegram-ға

тіркеліңіз!

Павлодардағы 109 бірыңғай байланыс орталығы

халықпен тығыз байланыста болып, тұрғындардың

арыз-шағымдарын тыңдаудың түрлі жолдарын жасауда.

Жақында Telegram мессенджерінде жеке каналы

ашылып, іске қосылды. Осыған байланысты орталық

директоры Абзал Қабдрашты әңгімеге тартып, жаңа

Telegram каналының мақсат-міндетін және қазіргі

уақыттағы ең көп көтерілетін мәселелер жөнінде

әңгімелескен едік.

қоңырау шалуға болады. Одан

бөлек 8747-901-109 нөміріндегі

WhatsApp мессенджеріне және

Instagram әлеуметтік желісіндегі

«109.pavlodar» парақшасына

хабарлама қалдыруға болады.

Сондай-ақ, Рlаy Market және App

Store желілерінде «Komek-109» деген

мобильді қосымшаларымыз бар.

Оны смартфон ұялы байланысына

жүктеп алып, қолдануға мүмкіндік

бар. Сол секілді «pavlodar.komek109.

kz» деген порталымыз да жұмыс

істеп тұр. Тіпті, болмаған жағдайда

«contact@pavlodar109.kz» электронды

поштасына хат жолдауға болады.

Бүгінде қолданысқа кеңінен еніп

келе жатқан байланыс жүйелерінің

бірі – Telegram каналы. Сондықтан,

оны да іске қосуды жөн санадық.

Аз уақыттың ішінде «pavlodar109»

telegram каналына 700-ден астам

өтініштер мен арыз-шағымдар

түсіп үлгерді.

- Қазіргі уақытта тұрғындар

109 бірыңғай байланыс орталығына

қандай мәселелер

бойынша жиі хабарласады?

- Статистикалық мәліметтерге

жүгінсек, жыл басынан бері түскен

сауалдардың дені коронавирус

инфекциясы туралы. Соның ішінде

карантиндік шектеулерге қатысты

көп сұрақ түседі. Яғни, облыстың

бас санитар дәрігерінің қаулысы

бойынша қандай қызметтерге

шектеу қойылды немесе рұқсат

берілді деп сұрайды тұрғындар.

Өздеріңіз білесіздер, қазір алдағы

жылыту маусымына дайындық

басталып кеткен. Барлық қала

және аудандарда су құбырларына

гидравликалық сынақтар жүргізіліп

жатыр. Соған қатысты, қаланың

кейбір үйлерінде ыстық су ажыратылады.

Сондықтан, біз қай жерде

қандай жоспарлы жұмыстар

жүргізіліп жатқанын түсіндіреміз.

Сонымен қатар, әлеуметтік сала

бойынша белгілі бір мәселенің

жауабын алу үшін де хабарласады.

Біздің операторлар да жылдам

әрі нақты жауап беруге тырысады.

Айта кетейік, 109 байланыс

орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Сондықтан, кез-келген уақытта

байланысқа шығып, әлеуметтік,

тұрғын үй-коммуналдық, кәсіпкерлік

және басқа да салалар бойынша

мазалаған сұрақтарға тұшымды

жауап алуыңызға болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Тілеуберді САХАБА.

Қазақ халқының басынан өткен ең ауыр тарихи

оқиғалардың бірі – Семей ядролық сынағы. Жақында

Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

«Невада-Семей: тарихы мен сабақтар» атты

дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған өңірдің

зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлт басынан

өткен сынақ

Шараға Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби

сыйлығының иегері Арман Қани,

зейнеткер, қоғам белсендісі

Қаныш Сабыров және Май

ауданының тұрғыны, «Невада-

Семей» қозғалысының Май ауданы

бойынша төрайымы Абылқасова

Күләш Тастемірқызы қатысты.

Жалпы, Семей ядролық

сынағының қазақ даласына

төндірген зардабы мен ұлтқа

тигізген қасіретінен әлі арыла

алмай келеміз. 40 жылға созылған

сынақ мыңдаған адамның тағдырына

балта шауып, талай жас нәрестені

іштен мүгедек етіп тудырды.

К.Абылқасованың сөзінше, сол

жылдары Семейден 120 шақырым

жерде 498 ядролық сынақ өткен

екен. Оның 88-і - ауада, 30-ы -

ТАРИХ

жер бетінде, 340-ы жер астында

жарылған. Соңғысының қуаты

1,5 мегатонн мөлшерінде болған.

Одан 1.5 миллион адам зардап

шеккен екен.

Шара барысында сынақ

полигонының пайда болу тарихы,

адам баласына тигізген қасіреті

және одан зардап шеккен

отандастарымыздың тағдыры

жөнінде айтылды. Сонымен қатар,

қазақ халқының басынан өткен

бұл ауыр қасіретті келер ұрпақ

ұмытуға болмайтынын айтып, мектеп

оқушылары мен жоғары оқу орындары

арасында осы тақырыпта

іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге

айналдыру қажет деген ұсыныс

білдірді.

Тілеуберді САХАБА.

ЕРТЕҢ – ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Шебердің қолы ортақ

Күнделікті тұрмыста қолданылатын жиһаздар, киім-кешек, тұрмыстық

заттардың басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің қолымен жасалады.

Өндіріс орындарында жұмыс істейтін мамандардың арнайы киімдерін де

тігін фабрикалары дайындап береді. Өңірдегі және елдегі бірқатар кәсіпорын

қызметкерлерін осындай киім-кешекпен қамтып отырғандардың бірі –

«Светлана» фабрикасы.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар қаласындағы «Светлана»

фабрикасының ашылғанына

30 жылдың жүзі болды. Осы уақыт

аралығында жергілікті кәсіпорын

қызметкерлері арнайы киімдерді тігудің

мықты мамандарына айналды. Қазіргі

таңда «Светлана» облыстағы және

батыс аймақтарындағы өндіріс орындарын

сапалы киіммен қамтамасыз

етіп отыр.

Фабрикада 10 жылдан астам

уақыт бойы тынбай еңбек етіп

келе жатқандардың бірі – Айгүл

Қажымұратова. Ол 1998 жылдан

бастап киім-кешек тігумен айналысады.

- Мектеп кезінде еңбек

сабақтарының бірінде мұғалім тігуді

үйретті. Сол кезден бастап осы іске

деген қызығушылығым туды. Кейін

Ресейдің Омбы қаласындағы оқу

орындарының бірінде білім алып,

Павлодардағы тігін фабрикаларында

жұмыс істедім. Жалпы, тігін

ісі тиянақтылықты, шыдамдылықты,

дәлдікті қажет етеді. «Светлана»

фабрикасы түрлі зауыт

қызметкерлеріне арнайы киімдер

тігетіндіктен, жауапкершілік еселене

түседі. Себебі өндірістік қауіпсіздікті

сақтауда киімнің матасы, сапасы да

маңызды. Сондықтан тапсырысты

уақытылы орындауға, жүктелген

міндетті мінсіз атқаруға барымызды

саламыз. Бұл ретте кәсіпорын

басшылығының қызметкерлерге

деген қамқорлығын ерекше атап

өткім келеді. Біздің қолайлы жағдайда

жұмыс істеуіміз үшін аянып қалмайды.

Мәселен, тігін машиналары жыл

сайын жаңарады. Мен бұл саладағы

жұмысымды жаңадан бастаған тұста

ескі машиналар кейде жүрмей,

инесі сынып, қолды бөгейтін кездер

болса, қазір ондай қиындықтар жоқ.

Заманауи құралдардың көмегімен

сапалы арнайы киімдерді тігеміз, -

дейді ол.

Айта кетер жайт, Айгүл

Қажымұратованың құлағы нашар

естиді әрі сөйлей алмайды. Бірақ

бұл оның еңбек етуіне еш кедергі

емес. Ел қатарлы жұмыс істеп,

отбасын асырап, күнделікті нәпақасын

тауып отыр. Жалпы, тігін фабрикасында

мүмкіндігі шектеулі 15 адам

бар. Сондықтан бұл кәсіпорынның

әлеуметтік маңызы да зор.

«Светлана» ЖШС директоры Гайяр

Булатовтың сөзінше, ерекше қажеттілігі

бар жандар өзге әріптестермен тең

дәрежеде тігеді. Олармен қызмет ету

де қиындық тудырмайды. Барлығы

бір-бірінің тілін тауып, түсіне біледі.

Қызметкерлер ым-ишарат белгілерін

де меңгеріп алған. Қажет болған

жағдайда ойын қағаз бетіне түсіріп

немесе сурдоаудармашылардың

көмегіне жүгінеді.

Бұл ретте өңірлік «Business

Ertis» бағдарламасының көмегімен

павлодарлық кәсіпорынның тапсырысы

еселене түскенін айтпасқа

болмас.

- Пандемия кезінде тапсырыстар

күрт азайып, бірқатар кедергілердің

туындағаны рас. Мәселені шешу

үшін облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының көмегіне жүгіндік.

Әкімдік қызметкерлері ірі компаниялармен

байланыс орнатып,

келіссөздер жүргізуде қолдау көрсетті.

Сөйтіп, бірнеше зауытты біріктіретін

ERG компаниясымен әріптестік

орнаттық. Негізі, металлургтерге

арнайы киімдер тігу тәжірибесі

бұрыннан бар. Бірақ ол кезде

жұмыс көлемі көп болмайтын. Ал

бүгінде тапсырыс тұрақты түрде

түседі. Ісіміз бір ізге келген соң

жұмысқа да «қан жүгірді». Бізге

сенім білдіргендері үшін жергілікті

билікке, ERG компаниясына айтар

алғысымыз зор. Алдағы уақытта

да байланысымыз берік боларына

сенім мол, - дейді Г.Булатов.

Сонымен қатар, ірі тапсырыс

берушілердің қатарында «Стальмонтаж»

ЖШС бар. Тігін фабрикасы

енді зауыт жұмысшыларымен

қатар, құрылысшыларға да арнайы

киім тігуді қолға алды.

Осылайша, павлодарлық компания

сала мамандарына сапалы киім

ұсынып қана қоймай, мүмкіндігі

шектеулі жандарды тұрақты

жұмыспен қамтып отыр. Мұндай

істің экономикалық та, әлеуметтік

те маңызы зор екені анық.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!