12.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 12 маусым, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ӨҢІР

12 маусым, сенбі, 2021 жыл 7

Ауылдың ажары артады

Бүгінде ауыл

тұрғындарының

басым бөлігін

мектеп, балабақша,

дәрігерлік амбулатория,

мәдениет үйін

салу, оларды қалпына

келтіру, көшелердің

жолдарын жөндеу

сынды мәселелердің

жиі алаңдататыны

рас. Билік пен бұқара

арасында өтетін кездесулерде

көпшілікке

қатысты осы жайттар

жиі көтеріліп жатады.

Күрмеуі көп бұл

мәселелердің шешімі

бар. Ол – «Ауыл – ел

бесігі» мемлекеттік

бағдарламасы.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Күрмеулі

мәселелер

шешіледі

Ақсу қаласына қарасты Қызылжар

ауылындағы дәрігерлік амбулатория

типтік емес ғимаратта орналасқан.

Сондықтан тұрғындарға тарлық

етіп, қолайсыздық тудыратыны рас.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қыста

іші салқын болып, ем қабылдауға

келушілерге жайсыздық келтіргені

тағы бар. Сондықтан жергілікті

жұртшылық бірнеше жыл бойы

жаңа амбулатория салып беруді

сұрап еді. Көптің тілегі биыл

орындалғалы тұр.

- Соңғы үш-төрт жыл аралығында

ауылымыздың ажары кіріп, оң

өзгерістер орын алып жатыр.

Жергілікті әкім бас болып,

тұрғындар қостап бірталай істің басы

қайырылды. Айталық, спорт кешені

салынып, орталықтандырылған су

құбыры тартылып, бірнеше көшенің

жолы жөнделді. Былтыр жарық

шамдары қойылды. Енді, міне, биыл

жаңа емдеу мекемесінің құрылысы

басталды. Ауыл ақсақалдары

жұмыстың барысын байқау үшін

құрылыс алаңына жиі барып тұрады.

Мамандар барлығын сапалы

жасап жатқан сияқты. Қазіргі

емдеу мекемесі Қызылжар мен

Сарышығанақтың 4 мыңға жуық

тұрғынына тар болып тұрғаны рас.

Дәрігерлер науқастарды уақытылы

қабылдап, керек ем-домын көрсетіп

жатады. Бірақ мұндай қызметтерді

кең, жайлы, заманауи құралдармен

жабдықталған емханада алғанға

не жетсін?! Сол сәттің туар күні

де алыс емес, - дейді ауылдық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Марат Қабышев.

Биыл «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында емдеу

орнының құрылысына 190 млн теңге

бөлінді. Мердігер компания – «Портал

ПВ» ЖШС тиісті жұмыстарды осы

жылдың наурыз айында бастады.

Жоспар бойынша, бір-екі айдың

дересінде дәрігерлік амбулаторияның

есігі айқара ашылуы тиіс. Жаңа

нысанның қолданысқа берілуі

ауылдағы бір емес, бірнеше мәселені

бір-ақ шешкелі тұр.

- Қазіргі уақытта ауылдық

округ әкімдігінің жеке ғимараты

жоқ. Мемлекеттік қызметшілер

мектептің бір бөлігін жалға алып

отыр. Дәрігерлік амбулатория жаңа

нысанға көшкен соң ескі ғимаратты

жөндеп, оны әкімдікке беру ойда

бар. Ал әкімдіктен босаған орында

шағын орталықтың қосымша топтары

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

ашылады, - дейді ауылдық округ

әкімдігінің бас маманы Айнагүл

Маткенова.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы

5,1 шақырым болатын көшелердің

жолдары жөнделмек. Молодежная,

Луговая, Зеленая сынды көшелердің

асфальт жабындысы жаңарады.

Осылайша, Қызылжар ауылындағы

бірқатар мәселенің түйіні тарқағалы

тұр.

Ертіс ауданындағы Қызылжар

ауылының тұрғындары да мемлекеттік

бағдарламаның игілігін көреді.

Аталмыш елді мекенде «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы бойынша

ескі ғимараттардың бірін толығымен

жаңартып, мұнда мәдениет үйін

орналастыру бойынша жұмыстар

басталды. Бұған дейін Қызылжарда

дәл осындай орталық болған емес.

Сондықтан жаңа нысанның ел игілігіне

берілуі көпшілікті қуантары анық.

Оған қоса, ауыл ішіндегі бірнеше

көшенің жолы ретке келтіріледі.

Мәдениет үйінің мәселесі

Шарбақты ауылындағы Шалдай

ауылында да шешілмек. Ауылдық

округ әкімі Марат Қожымовтың

айтуынша, әлеуметтік нысан

өткен ғасырдың 80-інші жылдарынан

бері күрделі жөндеуден

өткен емес. Сондықтан жаңбырлы

күндері төбесінен су ағып, қыста

қабырғадан суық соғып тұрады.

Бірақ мұндай қиындықтардың бәрі

артта қалады. Себебі аудандағы ірі

ауылдардың бірі – 2400 тұрғыны

бар Шалдайдағы мәдениет үйі

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының

аясында бұрын-соңды болмаған

жөндеуден өтеді.

- Жоспар бойынша, жөндеу

жұмыстары шілде айында басталады.

Екі қабатты ғимараттың есіктерезелері,

төбесі, орындықтары –

барлығы жаңартылады. Осы мекемеде

орналасқан кітапхана да

толығымен өзгереді. Оған қоса,

мәдениет үйін күрделі жөндеуден

кейін шығармашылық үйірмелер

мен спорттық секциялардың

санын арттыру жоспарда бар.

Жеткіншектердің ұлттық спортымыз

– күреспен айналысуына

мүмкіндік туады. Мұның барлығы

ауыл жастарының шыңдалуына,

бос уақытын өткізуіне оң ықпал

береріне сенім мол. Біздің ауылдан

әлемдік байқаулардың жеңімпаздары,

спорттық додалардың үздіктері

шығарынан үміттіміз, - дейді Марат

Қожымов.

Бұл ауылда да мемлекеттік

бағдарламаның аясында жалпы

ұзындығы 5, 2 шақырым болатын

4 көшенің жолы тақтайдай тегіс

болуы тиіс.

Шалдайлықтар таланттылардың

талабын ұштап, спортқа бейім

балғындардың шеберлігін шыңдауға

басымдық беретін болса, Успен

ауданы Константиновка ауылының

басшылығы балалардың білім алуына

қолайлы жағдай жасауды қолға

алмақ. Мұндағы мәдениет үйі былтыр

күрделі жөндеуден өткен болатын.

Биыл кезек балабақшаға жетті.

Бүгінгі таңда бұл елді мекенде

1093 адам тұрады. Жыл сайын

тұрғындар саны артып келеді.

Мәселен, соңғы үш жылда

оңтүстік өңірлерден 25 отбасы

Константиновкаға қоныс аударды.

Сондықтан балабақшаны кеңейту

күн тәртібіндегі өзекті мәселеге

айналды.

Оны шешу үшін қазіргі балабақша

ғимаратының екінші және үшінші

қабаттары тұтасымен жаңарады.

Қазіргі уақытта осы ғимараттың

бірінші қабатындағы балабақшада

20 бала тәрбие алуда. Мердігер

компания – «Жәрдем» ЖШС жоғарғы

екі қабатты ретке келтірген соң

тағы 30 бүлдіршін үшін топтар

ашу мүмкіндігі туады.

- Бастысы, қазіргі таңда

балалар аралас топтарда тәлімтәрбие

алса, балабақша ғимараты

кеңейген соң қазақ топтары жеке,

ресми тілде оқытатын топтар жеке

жұмыс істейтін болады. Соның

есебінен кезек едәуір қысқарады.

Сонымен қатар, жаңа топтардың

ашылуы нәтижесінде қосымша

екі жұмыс орны пайда болады, -

дейді Константиновка ауылының

әкімі Мұхтар Сқақов.

Өткен жылы бұл ауылда

орталықтандырылған су желілері

тартылған соң көше жолдарында

ой-шұңқырлар көбейді.

Сондықтан биыл «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы арқылы

8 көшедегі жол тегістелетін болды.

Бұл бағыттағы жұмыстар таяуда

басталды.

Ауқымды

жобалар көп

Аймақтың ауылдарында осындай

игі істер атқарылуда. Көп жылдан

бері жөндеу күткен әлеуметтік

ғимараттар ретке келтіріліп, тіпті

жаңа нысандар салынуда. Қысқасы,

қордаланып қалған түйткілдердің

түйінін тарқату ісі басталды. Ендігі

міндет – жобалардың барлығын

сапалы түрде уақытылы жүзеге

асыру.

Осы орайда «Көрші ауылдың

ажары кіріп, ауқымды жұмыстар

қолға алынуда. Неге біздің елді

мекенде мұндай жұмыстар

жүргізілмейді?» деген сұрақтың

туындауы – заңдылық. Себебі,

ауылдықтардың бәрі қолайлы

жағдайда өмір сүруді қалайды.

Бұл сауалды облыстық экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының бөлім басшысы

Дәурен Тұргелдиновке жолдадық.

Өйткені, «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасының іске асуына

дәл осы мемлекеттік мекеме

жауапты.

Сөйтсек, бағдарламаға кіретін

елді мекендерді ҚР Ұлттық экономика

министрлігі іріктейді екен. Әр

ауылдың әлеуметтік-экономикалық

жағдайы, даму қарқыны назарға

алынып, соған сәйкес ұпайлар

қойылатын көрінеді.

- Әр ауылдағы тұрғындар

саны, олардың жасы, көші-қон,

инженерлік-коммуникациялық

желілермен қамтылуы, аудандық,

облыстық маңызы бар

жолдан қашықтығы, ірі шаруа

қожалықтарының болуы – барлығы

ескеріледі. Қысқасы, тұтас ауылдың

көрсеткіштері 100 балдық шкала

бойынша бағаланады. Біздің

облыста 65 тірек және сол ауылдардан

15 шақырым радиуста

орналасқан 124 іргелес елді

мекен тізімге енді. Оның ішінде

тірек ауылға жатпайтын, бірақ

шекарада орналасқан 13 ауыл

бар. Жоғарыда аталған 189 елді

мекенде ауылдықтардың жалпы

санының 80 пайызы тұрады. Яғни,

біздің облыста 220 мың ауыл

тұрғыны бар десек, олардың 180

мыңы - тірек және іргелес елді

мекендердің азаматтары. Біздің

міндет – бес жыл аралығында

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

бойынша осы 189 елді мекеннің

көркеюіне үлес қосу, - дейді

Д.Тұргелдинов.

Бағдарлама іске қосылған екі

жылда барлығы 69 мың адам

тұратын 20 ауылда 120 жоба

жүзеге асты. Нақтысын айтқанда,

8 спорт нысаны мен 2 мәдениет

үйі салынып, 18 білім және

4 денсаулық мекемесі жөндеуден

өтті. Сондай-ақ, ауыл ішіндегі

119 шақырым жол мен 40 шақырым

электр энергиясының желісі

ретке келтірілді. Осы мақсатта

мемлекеттік қазынадан 5,3 млрд

теңге жұмсалды.

Бір қарағанда мұның барлығы

«құрғақ» сандар сияқты. Бірақ

әр жобаның ар жағында

ауылдықтарға жасалған оңтайлы

жағдай жатыр. Айталық, бұған

дейін балалар есік-терезелері

әбден ескірген мектептерде білім

алса, енді өзге қатарластары

сияқты жайлы мекемеде оқи

алады. Сол сияқты жылдар бойы

жөндеу көрмеген, төбесінен үнемі

су ағатын, іші азынап тұратын

мәдениет үйлері жөнделіп, енді

концерттер, басқа да мерекелік

кештер заманауи мәдениет

ошақтарында ұйымдастырылатын

болды.

- Шыны керек, әу баста

тұрғындар әлеуметтік нысандарды

жөндеу кезек күттірмейтін

мәселе деп санайтын болар

деп топшылаған едім. Алайда

ауылдағы ағайынмен тілдесіп,

олардың ой-пікірлерін біле келе,

елді мекендегі басты түйткіл –

жол екенін түсіндім. Жасыратыны

жоқ, кейбір ауылдықтар біраз жыл

бойы жол азабын тартты. Діттеген

жерге жетуі мұң болды. Әрине,

мектеп, дәрігерлік амбулатория,

мәдениет үйін жөндеу маңызды.

Десе де, көпшілікті титықтатқан

жолдың жайын шешу бәрінен

артық екен. Сондықтан «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы жүзеге асатын

әр ауылда бұл бағыт қамтылады.

Ауыл, аудан әкімдері құжаттарды

дайындаған кезде әлеуметтік

нысандар мен жолдарды жөндеуге

қатысты бірнеше жобаны бірден

дайындауға тырысады. Жалпы,

аталмыш бағдарлама білім беру,

денсаулық сақтау, мәдениет

мекемелерін салу мен қайта

қалпына келтіру, жол, жарық

мәселелерін шешуді көздейді. Кеспетастар

төсеу, аулаларды көріктендіру

сынды жобалар қамтылмайды, -

дейді Д.Тұргелдинов.

Биыл аталмыш бағдарлама

аясында 22 елді мекенде

70 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ауылдарда 28 мыңнан астам

адам тұрады. Жобаларды іске

асыруға бюджеттен 4,7 млрд

теңге бөлінді. Айталық, аталмыш

қаражатқа Павлодар ауданының

Заря ауылында футбол алаңы,

Ямышев ауылында мәдениет

үйі салынады. Сонымен қатар,

Баянауыл ауданындағы Мұса

Шорман және Мәшһүр Жүсіп

ауылдарында электр энергиясы

желілері тартылады. Ақсу

қаласына қарасты Қалқаман

ауылындағы сәбилер бақшасы

мен спорт залы жөнделеді. Тізе

берсек, осындай игі істер көп.

Бастысы, мұндай жұмыстар ауылдың

әлеуметтік-экономикалық жағдайын

жақсартып қана қоймай, жаңа

жұмыс орындарының ашылуына

да ықпал етеді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының сәтті жүзеге

асуы нәтижесінде соңғы екі жылда 20 ауыл түрленсе,

биыл 22 елді мекен көркейеді. Яғни, жыл санап

бағдарлама игілігін көретін елді мекендердің саны

көбейіп келеді. Мемлекеттің түп қазығы ауылда

екенін ескерсек, ағайынның жақсы жағдайда өмір

сүруі үшін барлық тиімді тетікті пайдалануда аянып

қалмауымыз қажет.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!