12.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 12 маусым, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ӘЛЕУМЕТ 12 маусым, сенбі, 2021 жыл 5

ЕГІС – 2021

Шаруаның дәні -

нарықтың заңы

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Демеуқаржыдан

дәмелі

Диқандар көктемгі

егіс науқанында қолда

бар тұқымды себе

бермейді. «Аузы күйген

үрлеп ішеді» демекші,

нарықта сұранысқа ие

дақылдарды өсіруге

дағдыланған. Биыл

облыста суармалы

алқапты дамытудың

нәтижесінде картоп,

майлы дақылдардың

үлесі артқан.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өнім сапалы

болса...

Ертіс ауданында орналасқан аймағымыздағы

ең белді шаруашылықтардың

бірі – «Оразбаев» шаруа қожалығының

басшысы Сайлау Оразбаевтың айтуынша,

бір жылдары диқандар жаппай

қарақұмық егіп, сол жылы сұраныс күрт

төмендеген. Шығынға батқан шаруалар

қазір әр қадамын аңдап басатын

болыпты.

- Нарықтың заңына бағынамыз.

Биыл бір дақылға сұраныс жоғары

болса, келесі жылы кәдеге жарамауы

мүмкін. Сондықтан да, әлемдегі ахуалды

бақылап отырған абзал. Мәселен, былтыр

майлы дақылдарды өсірумен айналысатын

бірқатар мемлекетте құрғақшылық

орын алып, рапс және зығырға деген

сұраныс артқан еді. Бұрындары аталған

дақылдардың 1 келісі 80 теңгені құраса,

бүгінде 150-160 теңгеден кем емес. Бір

жылдары қарақұмыққа сұраныс артып,

соны ектік. Шаруашылыққа табыс молынан

түссе, жұмыскерлердің де жалақысы

артады деген сөз. Жалпы, жыл сайын

бидай, арпа, тары, күнбағыс, қарақұмық

егіледі. Биыл майлы дақылдар бітік

шықса, «қайда өткіземіз?» деп бас

қатырмаймыз. Өнім сапалы болса, сатып

алушылар шаруашылыққа өздері келіп,

бізге тиімді бағаға алып кетеді, - дейді

шаруашылық басшысы.

Өзгерістің

өзегі не?

Сапалы өнім демекші, тұқымың «ескі»

болса, тер төгудің қажеті шамалы. Былтыр

тұқым шаруашылығы бағытында бірқатар

өзгеріс орын алған-ды. Жаңашылдыққа

сәйкес, элиталық тұқым өндірушілер,

тұқым шаруашылықтары немесе оны

өткізушілер тұқымды шаруаларға күзге

дейін бастапқы жарнасыз және төлемді

кейінге шегеріп үлестіруде. Олардың

шығындарын толықтай облыс әкімдіктері

өтейді. Егін жинаған соң шаруалар элиталық

немесе бірінші репродукциялы тұқым

құнының 30 пайызын нормаға сәйкес

арнайы ұйымға қайтаруға міндетті. Бұған

дейін жоғары немесе бірінші репродукциялы

тұқымға қол жеткізгісі келген

кәсіпкерлер тұқым өсірумен айналысатын

шаруашылықтардан өзіне қажетті өнімді

сатып алып, оның жарты ақшасын сол

жерде төлеп, қалғанын егін жинаған

соң қайтарып келген-ді. Өкінішке

қарай, бұл жүйе шаруашылықтардың

бәріне бірдей қолжетімді болған жоқ.

Себебі, көктемде шаруалардың қолында

қомақты қаржы болмайды. Олар сол

уақытта тұқым алуға, техникаға, жанаржағармайға

қыруар қаржы жұмсайды.

Бұған жұмысшыларға төленетін еңбекақыны

қосыңыз. Қысқасы, мұндай жеңілдік

көптің көңілінен шығуда. Өзгеріске

сәйкес, жүгері, қант қызылшасы, рапс,

күнбағыс, мақта, жеміс-жидек дақылдарын,

жүзімнің элиталық көшеттерін сатып

алған шаруалардың шығындары ішінара

(50 пайызы) өтеу арқылы субсидияланатынын

да атап өткен жөн.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Сапархан Омаровтың мәліметінше, елімізде

тұқым шаруашылығын субсидиялауға

жыл сайын шамамен 8 млрд теңгеге

жуық қаржы жұмсалады. Өкініштісі,

бөлінген қаражат шаруашылықтардың

бәріне бірдей тимейді. Көп жағдайда

ірі шаруашылықтардан артылмайды.

Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі

әрбір дақыл бойынша жеке-жеке норматив

бекіту жүйесін дамыта түспек. Осылайша,

алдағы үш жыл ішінде еліміз үшінші репродукциялы

тұқымнан төмен өнімдерден

біржола құтылуды көздеп отыр. Егіс

алаңына тек жоғары, бірінші, екінші

және үшінші репродукциялы тұқымдар

ғана себілмек.

Талапқа

сай емес

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

Қазақ егіншілік және өсімдік

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының

бас директоры Андрей Агеенконың

тұқым шаруашылығы жөнінде айтары бар.

- Бүгінгі таңдағы бастапқы тұқым

шаруашылығы жүйесі қазіргі заманғы

агробизнес талаптарына сәйкес келмейді.

Отандық тұқым нарығы бақылаусыз,

фермерлердің көпшілігі стандарттарға сай

емес астық себеді. Осы факторлардың

барлығы егін алқаптарының өнімділігі мен

өндірістің төменділігіне әкеліп соғады.

Тұқым шаруашылығын бақылау жүйесіне

өзгерістер енгізуді, реестрде тіркеудің үш

жылдық циклін күтпестен дақылдардың

перспективалы сұрыптарын нарыққа

шығаруға рұқсат беруді ұсынамыз, -

дейді А.Агеенко.

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері

Мойылжан Қанаевқа хабарласқанымызда,

ол бұрынғы жүйені қалпына келтіру

керектігін айтады.

- Мол әрі сапалы өнім алу үшін сапалы

тұқым керек. Тұқымның таза сортын

бастапқы қалпында сақтап қана қоймай,

шаруашылықтарға таратып, барынша

көбейту қажет. Әрине, елімізде түпнұсқа

тұқым өндіріп отырған мекемелер аз да

болса бар. Бірақ сол сапалы тұқымды

көбейту жағы кемшін болып тұр. Қазір

көбі қай жерде арзан баға бар, соған

қарай жүгіреді. Сапасының төмендігіне

қарап жатқан ешкім жоқ. Тұқымды

селекциялық мекемелерден сатып алу

керек. Бұрын тұқым шаруашылығымен

айналысатын арнайы мекемелер түпнұсқа

тұқымды көбейтетін. Шаруашылықтар

содан ғана тұқым алып егетін. Қазір

мұндай жүйе жоқ, - дейді М.Қанаев.

Қорыта айтсақ, мол өнім кепілі –

сапалы тұқым. Мұны ескерген ҚР Ауыл

шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың

тетігін өзгертіп, диқандардың сапалы

тұқым егуіне жағдай жасамақшы. Ендеше,

іске сәт!

Субсидия десе, шаруалардың елең

ете қалатыны рас. Әрине, мемлекет

тарапынан жасалып жатқан зор

қолдауды кім жек көрсін. Десе

де, демеуқаржы жүйесі қолға

алынғаннан бері жыл сайын

өзгерістер енгізіліп, фермерлердің

діңкесі құрып біткені жасырын

емес. Бірақ, әр шаруа өзіне тиесілі

қаражатқа кешігіп қол жеткізсе

де, демеуқаржының тиімділігін

сезініп отыр. Субсидия саясатының

көздегені де сол.

Май ауданындағы «Бейсен» шаруа қожалығының

басшысы Нұрбек Байғалиев субсидия алуға

талпынып көріпті. Бірақ талаптарын орындау

үшін әбігерге түскен.

- Ақша артық етпейді ғой. Қой шаруашылығымен

айналысып жүргендіктен, сол бағыттағы

субсидияларға қол жеткізуге тырысып көрген

едім. Алайда, көптеген талаптар кесе-көлденең

шығып, қолымды бір-ақ сілтедім. Ережеге сай,

қойлардың әрқайсысына электронды сырға тағу

керек екен. Өзге де машақаттары аз болған

жоқ. Есептеп қарасам, талаптарды орындауға

кеткен шығын субсидияның қаражатымен

бірдей. Уақытымды сарп етіп, шығындалып

құжат жинап сандалғанша, демеуқаржыдан бас

тарту әлдеқайда тиімді емес пе? Бұл – барлық

шаруаларға ортақ мәселе. Бұрындары асылдандыру

бағдарламасы шеңберінде әр ірі қараға

18 мың теңге субсидия қарастырылып, ол

қаражатқа бас ауыртпай қол жеткізетін едік. Жыл

сайын ережелер өзгеріп, шаруалардың жүйкесін

жұқартқаны рас. Айтпағым, субсидиялардың

талаптары жеңілдетілсе екен. Мемлекеттік қолдау

ешқандай қиындықсыз діттеген жеріне жету

керек, - дейді Н.Байғалиев.

Естеріңізге салсақ, соңғы жылдардағы

өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін «Qoldau.

kz» сайтына өтініш қалдыру керек. Яғни,

барлық шаруа электронды түрде реттеледі.

Алғашқыда жүйе дұрыс жұмыс істемей, жиі

істен шығып жүрді. Шалғайдағы шаруалар да

компьютердің «тілін» түсінбей, өзіне тиесілі

қаражаттан қағылған болатын. Яғни, интернет

жылдамдығы аз, тіпті жоқ жерде шаруасын

дөңгелетіп отырған шаруалар демеуқаржы алуға

үлгермей қалды. Қазір жаңа жүйеге үйренісіп,

жедел өтінішін қалдыруға дағдыланған. Десе де,

кейбір жағдайда әлі күнге дейін өтінішті толтыру

кезінде ақпараттар толық қамтылмайтын көрінеді.

Бұл – өтінішті қанағаттандыру процесін тежеп,

сәйкесінше, қаражаттың кешігіп түсуіне алып

келмек. Сондықтан да, шаруаларға барынша

мұқияттылық танытқан абзал.

- Жаңа жүйе субсидия бөлудің ашықтығына көз

жеткізуге мүмкіндік бергенімен, егде тартқан шаруалар

енді ғана көшке ілесіп келеді. Бағдарламаға

құжаттарын жедел енгізген шаруалар алғашқы

болып субсидияға қол жеткізетінін еске салғым

келеді. Үлгермей қалғандарына тиісті қаражат

келесі жылы ең бірінші кезекте беріледі, - дейді

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

бөлім басшысы Қымбат Сейітқалиева.

Облыстағы мал санының басым бөлігі

Баянауыл ауданына тиесілі екенін ескерсек,

баянауылдықтар мал шаруашылығы бағытындағы

субсидиялардан қалыс қалып жатқан жоқ.

- Былтыр жергілікті шаруалар 896 миллион

теңгенің субсидиясына қол жеткізді. Қаражат

алуға үлгермей қалғандарға биыл төленетін

болады. Әр ауданнан түскен ақпараттарға сәйкес,

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

субсидияға деген қажеттілікті анықтайтыны

белгілі. Бұл ретте, биыл жалпы сомасы

3,4 миллард теңгенің субсидиясына өтініш

беріп қойдық. Бірақ, бұл аталған қаражаттың

барлығы шаруаларға үлестіріледі деген сөз

емес. Соңғы жаңашылдықтарға сәйкес, облыстық

бюджет есебінен малдың жем-азығын әзірлеуге

демеуқаржы бөлінбек. Ол үшін шаруалардың

жайылым жері болуы тиіс. Аналық ірі қара саны

50 бастан кем болмауы керек. Мұндай қолдау

баянауылдық шаруаларға пайдасын тигізіп,

саланың дамуына серпін беретіні сөзсіз, -

дейді Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

Әлия Қаниева.

О.АХМАДИЯ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!