12.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 12 маусым, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

10

12 маусым, сенбі, 2021 жыл ЗЕРТТЕУ

SARYARQA SAMALY

ХІХ ғасыр қазақ даласына

үлкен өзгерістер әкелді.

Ресей империясының

протекциясына толықтай

кіргесін, жаңадан орнаған

тәртіп халқымыздың

көшпенді тірлігіне

барынша әсер етті.

Қазақтардың арасында

диқандар, балықшылар,

қолөнершілер, саудагерлер

ғана емес, сондай-ақ,

мұғалімдер, дәрігерлер,

генералдар, жазушылар,

суретшілер, тіпті спортшылар

да пайда бола

бастады. Енді қазақ халқы

осындай жаңашылдыққа

ұмтылған, іскерлік

қабілеті мол әрі білімді

адамдарды үлгі тұтатын

болды. Осындай елге

танымал және үлгі болған

адамдардың бірі Павлодар

уезінің тұңғыш дәрігер

фельдшері Баймырза

Тоқтағұлов еді.

Баймырзаның Әкесі - Тоқтағұл

Жәнібеков (қажы) аса діндар және оқыған

адам болған. Павлодар уезіндегі Ақсу

болысының тумасы. Ол 1878 жылы 17

жастағы ұлы Баймырзаны оқып, мамандық

алуы үшін Омбы қаласына жібереді. Оқу

орны – Әскери госпитальдің жанындағы

Орталық фельдшерлік мектеп. Ислам

дәстүрінде қатаң тәрбие алып өскен

және араб тілі мен орыс тілін жақсы

меңгерген Баймырза осы оқу орнына

қиындықсыз түсіп, 1882 жылы ойдағыдай

бітіреді. Жеке қолдағы бір коллекцияда

1882 жылы училище бітірушілердің

фотосуреті сақталып қалыпты. Осы

суреттегі басына шалма ораған жас

жігіт 21 жастағы Баймырза Тоқтағұлов

болуы мүмкін. Енді училище тарихына

қысқаша тоқтала кетейік. 1852 жылы

Сібір казак әскерлерін медициналық және

аптекалық фельдшерлермен жабдықтау

үшін, Омбы әскери госпиталінің жанынан

фельдшерлер мектебі ашылады. Бұл

Сібір өлкесіндегі тұңғыш медициналық

оқу орны еді. 1874 жылғы мәліметтерге

қарағанда, тәрбиеленушілердің саны

18-ге дейін артып, олардың әрқайсысы

жыл сайын 100 рубль әскери жәрдемақы

алып отырған. 1876 жылы Батыс Сібір

генерал-губернаторы, генерал-адъютант

А.П.Казнаков «Омбы фельдшерлер

училищесіне крестьяндар сословиесі мен

қырғыздардан (қазақтар) тәрбиеленушілер

алу туралы Ережені» бекітеді. 1877 жылы

Батыс Сібір әскери ок ругі бойынша №151

әскери госпитальдің ғимаратында фельдшерлер

мектебінің тәрбиеленушілеріне

интернат ашу ережесі бекітіледі. Орталық

мемлекеттік мұрағатта Баймырза

Тоқтағұловқа қатысты бірнеше қызметтік

Павлодар уезінен

шыққан тұңғыш

қазақ фельдшер

тізімдер сақталыпты: «Павлодар уезіндегі

2-нші учаскенің фельдшері Баймырза

Тоқтағұловтың қызметі жайлы қызметтік

тізім». 25 ақпан, 1898 ж. Баймырза

Тоқтағұлов, жасы 37-де, Омбы орталық

фельдшерлік мектебін бітіргені жайлы

дипломы бар (әскери госпитальдің

жанындағы). Куәлік (диплом) №80, 1882

жыл, 14 мамыр. Елге келгесін, Семипалат

(Семей) облысы, Павлодар уезіндегі

Ақсу болысында болыстық фельдшер

қызметіне тағайындалған. 1897 жылғы 17

қыркүйекте Семипалат облысы Генералгубернаторының

№68 бұйрығы бойынша,

Павлодар уезіндегі 2-нші учаскеге фельдшер

болып тағайындалған. Қырғыз

(қазақ) Байсүгір Манамбаевтың қызы

,,...Баймырза Тоқтағұловтың көмегімен және ақыл

беруімен 1897 жылы фельдшерлік оқуға өзінің жерлесі,

дарынды жас, болашақтағы белгілі дәрігер Арын

Сүлейменов барады. 1905 жылы Баймырзаның әкесі

Тоқтағұл Жәнібеков қажылық парызын өтеу үшін

Меккеге аттанады. 1907 жылы Баймырза Тоқтағұлов

Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлаушы болып

тағайындалады...

Қадишаға үйленген. Әріп атты ұлы 1883

жылы 1 мамырда туған. Қызы Нұрила

1894 жылы 3 тамызда туған. Қызы

Күлбағира 1896 жылы 19 қарашада

туған». 1883-1898 жылдар аралығындағы

кәсіби қызметі барысында Баймырза

жергілікті тұрғындар арасында жедел

көмек беретін білімді дәрігер ретінде

танылады. Уездік клиника Павлодар

қаласында болған. Фельдшер Баймырза

сырқаттарға тұрғылықты жерлеріне барып,

көмек жасап, қазіргі жедел жәрдемнің

қызметін атқарған. 1898 жылға қарай

2-нші учаске өзіне үш болыстың аумағын

қосып алып, қазіргі тілмен айтқанда,

Баймырза үш ауданға бірдей медициналық

қызмет көрсеткен. Ол көп жылдар бойы

уездік дәрігер Михаил Владимирович

Павловтың қарамағында болған. Осы

кезде клиникаға Томск университетін

бітірген жас дәрігер Әміре Айтбакин келіп,

қызметке тұрады. 1900 жылғы Қырғыздар

шаруашылығы жөніндегі құжаттардың (МКЗ)

мәліметі бойынша, Баймырза әкесімен

бірге (Ақсу болысының 1-інші ауылында)

үлкен ағаш үй, жұмыскерлерге арналған

жер үй, төрт шаруашылық құрылысы,

134 бас жылқы, 4 түйе, 165 ірі қара,

127 бас қойдан тұратын әжептәуір ірі

шаруашылық ұстаған. Шаруашылықта

жалдамалы жұмыскерлер болған. Бірінші

әйелі Қадиша (бұрынғы болыс басқарушысы,

би Байсүгір Манамбаевтың қызы) – Әріп,

Нұрила, Күлбағира, Ғабдылғазиз атты

төрт бала туған. Екінші әйелі Кәмиланы

1907 жылы алған. Одан Шөкенай, Мәпіш,

Мәжит, Ғабидолла, Ғазиз атты балалар

туған. Баймырзаның ата-тек шежіресі:

Баймырза – Тоқтағұл – Жәнібек – Түгелбай –

Қаратай – Байқұлақ – Жирентай (Иман) –

...Бәсентиін ...Арғын. Баймырза

Тоқтағұловтың көмегімен және ақыл

беруімен 1897 жылы фельдшерлік оқуға

өзінің жерлесі, дарынды жас, болашақтағы

белгілі дәрігер Арын Сүлейменов барады.

1905 жылы Баймырзаның әкесі Тоқтағұл

Жәнібеков қажылық парызын өтеу үшін

Меккеге аттанады. 1907 жылы Баймырза

Тоқтағұлов Мемлекеттік Думаға депутаттарды

сайлаушы болып тағайындалады.

Баймырза уездік әкімшіліктегі өзінің

қызметін 1915 жылы аяқтайды. Бірақ

дәулетті әрі ықпалды адам ретінде жеке

дәрігерлік қызметін тоқтатпаған секілді.

Мұрағаттан 1924 жылғы Баймырзаның

отбасы туралы тізім табылды. Баймырза

ол кезде 68 жаста. 1928 жылы Баймырза

Тоқтағұлов пен ағасы Шәріп дүние-мүлкі

тәркіленіп (конфискация), жер аударуға

жататын байлардың тізіміне енеді.

72 жастағы Баймырза мал-мүлкі

тәркіленген соң, Ақтөбе облысына жер

аударылады. Одан кейін, 1931 жылы

оның баласы Ғабдылғазиздің дүниемүлкі

тәркіленіп, отбасымен Ресей

Федерациясының Сібір аймағына

айдалады. Баймырзаның бұдан арғы

тағдыры және қайда жерленгені әзірше

белгісіз. Жеңіс Мардановтың шежіресінде

Баймырзаның немересі (Ғабдылғазиздың

баласы) Қамза көрсетіледі. Өкінішке қарай,

Қамзаның балаларын және Баймырзаның

бүгінгі күнгі басқадай ұрпақтарын табу

мүмкін болмады. ХІХ ғасырдағы мұрағат

қорларында қазақ балаларының білім

алып, қызмет істегені жайлы түрлі

құжаттар (өтініштер, шешімдер, бұйрықтар,

стипендиялар беру т.б.) жеткілікті. Тек

Семей губерниясы бойынша ғана 20

шақты белгілі тұлғаға қатысты қызметтік

тізімдер өздерінің ашылуын күтіп

жатыр. Менің осы бір кішкентай ғана

еңбегім сол кездегі қазақ зиялыларының

қалыптасу жолына сәуле түсіріп, Павлодар

уезінің дәрігер-фельдшері Баймырза

Тоқтағұлов секілді өз уақытында халқына

қалтқысыз қызмет көрсеткен тұлға

есімінің ұмытылмауына себеп болады

деп үміттенемін.

Дәурен АЯШИНОВ,

тарихшы, өлкетанушы

Павлодар уезінен шыққан тұңғыш

қазақ фельдшер.

АЙТАРЫМ БАР...

Бір

ауыз сөз

Ертеде аталарымыз айтар ойын

көркем тілмен жеткізу үшін неше

түрлі балама сөздерді пайдаланған.

Ендеше, сол аталарымыз жиі айтқан,

бірақ қазіргі күні көп қолданыла

бермейтін көне тіркестерді еске

алуды жөн санадым.

Қазақта: «Санын соғып қалды» деген сөз

бар. Бұл яғни алданып, қатты өкініп, опық

жеп қалды дегенді білдіреді. «Түсімде қамшы

болды, айтқаны түрткі болды, әсер етті»

дейді. Бұл - тасы өрге домалады, бағы жанып

абырой-беделі көтерілді, ісі оңға басты дегені.

«Тауда жүріп, таста өскен». Ел-жұртынан бөлек

жүріп, ауыр өмір кешкен адамды айтады.

«Түйенің танығаны - жапырақ». Яғни білетіні

не болмаса танитыны бір–ақ нәрсе деген

мағынада айтылған сөз. «Жүз шайысты». Қатты

сөзге барысты, ренжісті, ұрысты, бет-жүзіне

қарамады деген мағынада айтылады. «Уызына

жарымады». Жасынан тойып ас ішпеді, бүйірі

шықпады немесе туғаннан тамаққа тоймады

дегенді білдіреді.

Айта берсек, өтірік жайлы мақал да, өлең

де аз емес. «Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт

адамның сөзі сұйық». Яғни, сусыз жерге

шөп қаулап шықпайтыны, суайт адамның

сөзі сылдыраған судай болса, тыңдаушыға

нанымды бола бермейді.

Бұрынырақта бір кісі айтқан екен: егер

сені біреу мақтап жатса және мақтағанына

сай болмасаң, онда оның жағымпазданғаны

не болмаса ол сені мазақтап, келеке етіп

отырған болуы мүмкін.

Қазақ халқы астарлап сөйлеуді ұнатады,

ойлы, саналы адамдар оны ұғады, ұқпайтындар

да болады.

Бірде атақты Байдалы би көрші ауылға

бара жатқанда жолшыбай серіктесіп бір жас

жігіт ереді. Екеуі жөн сұраса, әңгімелесе

келе Байдалы би әлгі жігіттің сөзіне көңілі

толмапты. Білімінің таяздығын сезіп қалса

керек. Сосын Байдалы би: «Әй, балам, сен

осы кімнің баласысың?» деп сұрақ қояды.

Сонда жігіт әкесінің атын айтады.

Байдалы би:

«Әкең жақсы адам еді жамбас жеген,

Жақсыдан жаман туса, оңбас деген.

Сірә кінә болған ғой әйелінен,

Әтпесе иттің боғы қылшықсыз

болмас деген» депті.

Бидің астарлап айтқанын бала жігіт түсінбей

қалып, ауылындағы бір абыз ақсақалға жолда

болған әңгімені айтады. Ауылдың абыз ақсақалы

бұл сөздің иесі атақты Байдалы би екенін

сезіп, сөзін түсінбеген жігітке шынын айтады.

«Сенің әкең расында жақсы адам болған, көп

тоқалы болған. Солардың біреуінен туғаныңды,

бірақ оның баласы емес екеніңді айтқаны

ғой» деген екен.

Дүниенің өзі жалған екенін аталарымыз

айтудай–ақ айтып кеткен. Жер бетінде жай

тас көп те, асыл тастар аз. Сондықтан

да олар бағалы, қашанда құнды, қадірлі,

қастерлі. Ендеше ақ пен қараны, асыл мен

жасықты айыра білейік. Баянсыздықтың бәрі

жалған-дықта, жақсылықтың бәрі ақиқатта

екенін естен шығармайық, ағайын! Сіз не

дейсіз?

Рәшид БЕКТЕМІРОВ,

Май ауданының Құрметті азаматы,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!