05.08.2021 Views

Сарыарқа самалы, 5 тамыз, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

16 5 тамыз, бейсенбі, 2021 жыл ТАРИХ

SARYARQA SAMALY

«Дейтұғын Баянаула

Таутан Жақып»

Жақып палуан жайында Ілияс Жансүгіров өзінің «Құлагер» поэмасында көсіле

жырлағанымен, атақты Сағынай асында бас палуан атанған тұлғаның өмір тарихына

үңіліп көрмеппіз. Палуан жайлы нақты деректерді алғаш баянауылдық шежіреші

ақсақал Нығмет Жәміновтен естідім.

Нығмет ағамыз бізді бірнеше жыл бұрын

Жақып атамыздың жұртына ертіп апарып,

зиратын да көрсеткен еді. Кейін өзінің

«Құтты аймақ» атты өлкетану бағытында

жазған кітабында біраз деректі жария етті.

Қысқаша келтіріп өтсек, былай: «Желтау

бауырындағы қалың ел Қожамберді-Дөрбеуіл

елі деп аталады. Сол елдің ұрпағы Жақып

Мамай баласы (1846-1932 жж.) үш жүздің

басын қосқан керей Сағынайдың асында

бас палуандықты жеңіп алған еді. Осы

асқа Желтаудағы Қожамберді-Дөрбеуіл

елінің басшысы Жандостың Ахметі бастаған

бір топ адам сойыс малы мен киіз үй,

қазан-ошақтарымен барған екен. Асқа

бару заңы солай ғой. Сол асқа барғандар

аруақтанып үлкен олжамен оралыпты, «үш

жүздің бас палуан жүлдесін Жақып палуан

алған екен», - деп Сарыөлеңнің үлкендері

жыр қылып айтып отыратын.

2001 жылы шыққан «Баянаула» деген

тарихи шығарма бар. Онда Жақып атамыз

хақында айта келе, «...Таутанның баласы

Жақып еді» делінген сөз бар (Баянаула, 2001

ж. 86-бет). Ол мәлімет Ілияс Жансүгіровтің

«Дейтұғын Баянаула таутан Жақып» деп

келетін өлең жолдарына сүйеніп жазылса

керек. Бұл арадағы «таутан» деген сөз

Жақыптың әкесінің атын білдірмейді. Ол

Жақыптың жылдамдығы мен күшін сипаттайтын

теңеу сөз болып табылады. Бір

деректе атам қазақ жолбарыстың еркегін

шерхан, ұрғашысын таутан деп атаған деген

сөз бар. Олай болса, Ілияс Жақыптың күші

мен жылдамдығын жолбарыстың ұрғашысы

таутанға теңеген деп түсінген жөн. Басты

дәлел ретінде шежіреге сүйенген жөн,

Мәшһүр Жүсіптің жазбаларында (10-том)

Жақыптың әкесі Мамай деп тайға таңба

басқандай жазылғаны белгілі».

Ал енді поэмаға үңілсек, Ілияс Жақыптың

портретіне түйдек-түйдек шумақтар арнаған:

«Бітік көз, үрпек сары, дөмбелшелеу,

Шешініп қарсы жақтан шықты біреу.

Қораштау көрер көзге, балуан дерге,

Аруақтап Оқас жағы қылды тілеу.

Атағы бұл сарының балуан Жақып,

Шыңыраудан түйе тартып

алған Жақып.

Әдісқой, алысқанда дөңгеленіп,

Топтарды талай жығып,

жарған Жақып.

Асына Абақ, Керей барған Жақып,

Онда да бас бәйгені алған Жақып.

Мойынын қашағанның үзген талай,

Дейтұғын Баянаула Таутан Жақып.

Бұл Жақып әлде жалшы, әлде малшы,

Болмаса Оқасқа ерген бір итаршы.

Жүректі, кім болса да күшті жігіт,

Сияқты би қолында жезді қамшы...».

Сонымен қатар, поэмада Жақыптың

жұртқа қалай таныстырылғаны, қарсыласымен

белдесіп, жеңіп шыққаны бүге-шігесіне

дейін сипатталады.

Жақып палуан туралы тағы бір дерек

Зейтін Ақышевтің «Ақбел асуы» шығармасында

кездеседі.

«Енді сізге балуан туралы айтайын,

жалықпасаңыз.

- Ол не дегеніңіз, Әбіл Баубекович. Айтқан

адамдарыңыз бірінен-бірі өтеді. Айта беріңіз.

Ол да осал емес шығар.

- Жақып дейтін балуан болыпты. Өзі

кедей адам екен. Өмірі байдың жылқысын

бағып өтсе керек. Жасы елуден асқан соң

қартайдым деп жылқыдан қалады да,

баласының қолына шығады. Жасынан шыр

бітпеген адамның баласы қанша кенеліп

кетті дейсіз, ол байдың қойын бағады екен.

Жақып пен бай жасы құрбы адамдар

болса керек. Балуан қайраты қайтпай

тұрғанда талай күреске түсіп, талай түйе

балуанды жығып, байдың атағын жайған

екен, мәртебесін көтерген екен. Сондықтан

бай Жақыпты құрметтейді екен.

Бір жылы Жақып соғымға соятын мал

сұрап байға барыпты. Байда сонда екі мың

жылқы болса керек. Бір тай жетелетпей

құр қайтарыпты.

Жақып үндемей шығып кетіпті де, қалың

жылқының ішіне барыпты. Көп жылқыны

бастап, үнемі алдында жүретін тоғыз жасар

торы ала айғыры болады екен байдың.

Туғалы жүген-құрық тимеген жануар болса

керек. Бай оны «малымның құты» дейді екен.

Жылқы келе жатқанда Жақып тобылғының

түбіне бұғып жатыпты. Осқырып қалып,

жүре шалып келе жатқан айғыр дәл тұсына

келгенде кекілден шап беріп ұстай алыпты

да, жамбасқа салып жіберіп алып ұрыпты.

Сөйтіп төрт аяғын екі қолтығына қысып,

арқасына тірідей салып алып жүріп кетіпті.

Сол күні кешке жылқышы «торы ала айғыр

жоқ» деп байға хабарлайды. Бай жылқысына

келсе, байсауат малдың ізі білінбейді, тек

бір жаяу адамның ізі жатады. Бай Жақыптың

ізін танып тұра қалыпты – үйіне барып

отырғанда бір етігінің өкшесі түсіп қалғанын

байқаған екен. Айғырдың Жақыптан келгенін

біліп, шауып барып тінтіп жіберсе, сере

шыққан жылқы еті жайрап жатыр дейді,

жылы-жұмсағы пісіп тұрса керек.

Бай Жақыптың күшіне сүйсініп кетіп,

айғырын салауат қыпты, оған қоса тағы

бір ту бие беріпті.

- Не деген күш, ә! – деп Ермаков санын

бір соғып, отырған орнынан түрегелді. -

Геркулестің тауды тауға соққаны аңыз. Ал

мынау – шын болған оқиға. Атағы мыңдаған

жылдар бойы ұмытылмай келе жатқан Геркулестен

кем бе осы Жақыбыңыз!».

Жақып палуанның есімі Алтынбек Нұхұлының

«Баянның бәйтерегі – Мұса мырза» атты

мақаласынан да ұшырасты («Ақбеттау»

журналы, №1 (3), 2018 ж.):

«Баянаула жерін жайлаған іргелі екі

елдің бірі – Қаржас, бірі – Айдабол. Әрине,

ағайын болғасын, ел ішінде алакөздік,

дау-дамай болмай тұрмайды. Солардың

бірі Жаяу Мұсаның белгілі «Ақсиса» әніне

қатысты. Бұл жөнінде Мұсаның Білалдан

тарайтын тікелей ұрпағы, геология-минералогия

ғылымының докторы, профессор

Бақыт Дінмұхамедұлы былай деп әңгімелейді:

«Бір күні біздің академик Евней

Букетов әкеймен әңгімелесіп отырғанда:

«Осы Жаяу Мұсаның белгілі өлеңінде

«Шорманның Мұстафасы атымды алып,

атандым сол себептен Жаяу Мұса» деген

сөздер бар. Осы жағдай шын болған оқиға

ма?» - деп сұрады. Бұл сауалға әкей: «1927

жылы шешейдің төркін жұртынан қайтып

келе жатыр едік. Қасымда мосқал тартқан

Жақып палуан болды. Түс кезінде палуан

«Жолдағы бір үйге тоқтайық» деді. Содан бір

үйге тоқтасақ, төрде бір ақсақал отыр екен.

Жөн сұрасқаннан кейін ақсақал: «Жақып,

қасыңдағы бала кім?» - деп мені сұрады.

Жақып палуан: «Бұл – Мұса мырзаның

шөбересі», - деп жауап берді. Мен жаспын,

24-тегі кезім, үлкен кісілердің әңгімесіне

кіріспей үндемей отырдым. Қоштасарда

үй иесі: «Кешіргеніңді білейін, босағадағы

қаршығаны алып кет», - деді. Мен бірақ

қаршығаны алған жоқпын. Сондағы кешірім

сұраған үй иесі 92 жастағы Жаяу Мұса

екен», - деп басынан кешкен осы оқиғаны

айтып берді» - деп еске алады».

Ал енді жоғарыда Нығмет ағамыз тоқталған

«таутан» деген сөзге келер болсақ, шынымен

«таутан» сөзі эпитет ретінде қолданылған,

бұл сөздің Жақыптың әкесінің кім екенін

білдірмейтіндігін «дейтұғын» етістігі де айқындап

тұр емес пе. Түсіндірме сөздікке жүгінсек,

«Барыстың қаншығы – таутан» дейді. «Алма

апаннан аланды, таутан алар балаңды»,

«Таутанын тастап барсақ (барысақ), жаға

болар ішікке» деген мәтелдер де бар қазақта.

Бір қызығы, таутан деп ұсақ балықтың бір

түрін де атайтын көрінеді.

...Жалпы, қазақ халқында қара күшімен

талайға таңдай қақтырған ерлер аз болмаған.

Бірақ соның ішінде Қажымұқан мен Балуан

шолақтан басқасын көпшілік біле бермейді,

бірлі-жарым мақалалар немесе қысқаша

деректер болмаса, олар жайлы жазылған

кітап та жоқ. Байқасақ, Жақып палуанның

Сағынай асының бас палуаны болғанына

күмән келтіріп, «Автор палуанның есімін

поэмаға өзгертіп енгізген» деген пікірді

ұстанушылар барын да көреміз. Мұндай

кереғар пікірлердің тууы палуанның өмірінің

жүйелі, терең зерттелмеуінен де болса

керек. Жақып палуан туралы әр жерден

назарымызға іліккен аз ғана деректің басын

қосып ұсынудағы ойымыз алдағы уақытта

зерттеп, зерделеуге ниеттенгендер болса,

пайдасы тиер деген ниеттен.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА,

Екібастұз қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!