05.08.2021 Views

Сарыарқа самалы, 5 тамыз, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 5 тамыз, бейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ

Тарта жесең, тай қалар...

Жаңадан сайланған әкімдер жұмысына кірісе бастады. Қазір

бұрынғыдай аудан бюджетіне алақан жайып отыратын кез емес.

Төртінші деңгейлі бюджеттің қаржысын дұрыс игеріп, уәде етілген

шаруаны сапалы тындыруға мүмкіндік бар.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Мемлекет басшысы: «Аудандық, қалалық,

ауылдық деңгейдегі билік жергілікті

маңызы бар мәселелерді шешу барысында

экономикалық тұрғыдан мейлінше

дербес болуы тиіс» деген болатын. Осы

ретте, елімізде төртінші деңгейдегі бюджетті

қалыптастыру, жергілікті өзін-өзі басқару

ісін нығайту жұмыстары жүйелі жүргізіліп

келеді. Бүгінде ауыл әкімдері аудандық

бюджетке қарап ауыз ашып отырмай,

мүмкіндігінше «өз қотырын өзі қаситын»

болды. Бюджетке қаржы тікелей түскен

ауылдық округтерде алға талпыну, салық

жинауды ширату, масылдық пиғылдан

арылу, талаптарды түсіну секілді жаңа

леп байқалғаны рас. Отауын оқшаулаған

ауылдық округтерде жаңашылдықтар пайда

бола бастады.

Төртінші деңгейлі бюджет дегенде, әңгіме

салық жинауға тіреледі. Әңгіменің тоқетері

осы. Салық жиналса, қаржы болады, қаржы

болса, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді

ауылдағылар хал-қадірінше өздері шешеді.

Қарапайым қазақы түсінікке салғанда да,

ауылдық округте түтін саны көп болса,

салық та көп жиналады.

Осы орайда Баянауыл ауданында Бірлік

ауылының әкімі, кейін Майқайың кенті

әкімі болып еңбек еткен Сұңқар Ахановты

әңгімеге тарттық.

- Төртінші деңгейлі бюджеттің

артықшылығы көп. Бұған дейін ауылды

жандандыруға бағытталған жобалар тасада

қалып қоятын. Себебі, «жарық, жол мәселесін

шешу керек еді» деп тек ауызша ғана

айтылып жүрді. Қазір ауылдық бюджет

есебінен жобалардың тиісті құжаттарын

әзірлеуге жол ашылды. Сәйкесінше, аудандық

бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі зор.

Екіншіден, жиналған қаражатқа қандай шаруа

атқарылуы керектігін жергілікті тұрғындар

өздері шешеді. Яғни, жергілікті билік пен

Ауыл үшін

таптырмас техника

Басы 1-бетте

Облыстық кәсіпкерлік және

индустриалды инновациялық даму

басқармасының баспасөз хатшысы

Айжан Тәкенованың мәліметінше,

конкурсқа 74 адам қатысқан.

Комиссия мүшелері бизнесжоспардың

маңыздылығына, әсіресе,

инновациялық бағыттағы жобаларға

басымдық берген. Мемлекеттік

гранттың мөлшері 5 миллион

теңгеге дейін. Ережеге сәйкес,

грант иегерлері жаңа жұмыс орындарын

ашып, инфрақұрылымды

дамытуы тиіс.

Грантқа ие болғандардың бірі -

Май ауданының орталығында

орналасқан «Димаш» жеке кәсіпкерлігінің

бас директоры Ерлік

Тайшыбаев. Оның жобасы ерекше.

15 түрлі шаруаны тындыруға қабілетті

шағын тракторларды құрастыруға

ниеттеніп отыр. Комиссия

мүшелері жобаның тиімділігіне көз

жеткізіп, бірауыздан қаржыландыруға

шешім қабылдапты.

- «Бизнестің жол картасы - 2025»

бағдарламасы аясындағы конкурс

жайлы ғаламтордан естіп-білдім.

Бұған дейін, яғни 8 жыл бойы металл

білдек шығарумен айналысқан едік.

Енді шағын трактор құрастыруды

қолға алмақпыз. Әрине, алғашқы

уақытта мемлекеттің қолдауынсыз

алға жылжу қиынға соғатынын

түсіндік. Сөйтіп, конкурсқа қатысуға

халық арасында ашық диалог пайда болып,

тығыз қарым-қатынас қалыптаса бастады.

Бірлік ауылының әкімі болып еңбек етіп

жүргенде жергілікті бюджеттің мөлшері

2 млн теңгеден асқан жоқ. Қазына салықтың

4 түрі бойынша және айыппұл есебінен

құралатын. Оның өзінде жаңашылдық енгізілген

алғашқы жылдары салық төлеушілердің

толық тізімі болған жоқ. Көлік салығы

болмаса, жер және мүлік салығынан көп

қаражат түспейтіні белгілі. Осы ретте, ауыл

азаматтарының көліктері өзге өңірлерде

тіркелсе де, салықты ауылдық бюджетке

түсіру шаруалары қолға алына бастады.

Бұны салық төлеушілер де қолдады. Төртінші

деңгейлі бюджетті демеушілер есебінен

де толтыруға болатынын атап өткен жөн.

Қысқасы, ауыл әкімі іскер болса, бюджет

молайып, сәйкесінше, үлкен шаруалар

тындырылатыны сөзсіз, - дейді С.Аханов.

Төртінші деңгейлі бюджеттің қыр-сырын

жаңадан сайланған әкімдер енді түсініп

жатқаны анық. Осы орайда, Кенжекөл

ауылының әкімі Жұлдыз Тәйкебаевамен

сұхбаттастық.

- Бұл ауылда тұрып жатқаныма

30 жылдан асты. Яғни, елді мекендегі

проблемаларды бес саусақтай білемін

деуге толық негіз бар. Оны сайлауалды

бағдарламамда атап өткен едім. Сайлау

аяқталды. Енді уәдеде тұрып, ел игілігі

үшін еңбек ету керек. Бүгінде ауылды

қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Ағаштар әктеліп, арамшөптер жойылуда.

Яғни, абаттандыру және көгалдандыру

шаралары жүйелі атқарылуда. Тұрғындармен

кездесуде жол, ауызсу, ауылдың тазалығы,

балалар ойын алаңының салынуы сияқты

мәселелер көтерілген еді. Менің алдағы

жұмыс жоспарым соның негізінде

құрылды. Әзірге ауыл бюджетінің нақты

көлемін білмеймін. Ол өз алдына, алдағы

уақытта инвесторларды тартуға да көп

күш салмақпын. Себебі, ауылымыз облыс

бел буып, жеңімпаздардың қатарынан

табылдық. 5 миллион теңге

қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды

сатып аламыз. Жалпы,

тракторды құрастыруға қажетті

бөліктердің кейбіреуін өзіміз

өндірсек, қозғалтқыш сияқты кейбір

жабдықтарды отандық фирмалардан

жеткіземіз. Жеті адам

тұрақты жұмыспен қамтылады, -

дейді Е.Тайшыбаев.

Жасыратыны жоқ, қазір ауылдағы

тракторлардың көбі ескі. Жаңасын

сатып алайын десе, бағасы аспандап

тұр. 20 миллион теңгеден кем

емес. «Димаш» жеке кәсіпкерлігі

жасайтын шағын тракторлардың

құны 2 миллион 300 мың теңгеден

аспайды екен. Шөпті шабуға және

тасуға, картоп егуге және жинауға,

қыста қар тазалауға, жерді қазуға

қауқарлы. Кәсіпкер жыл соңына

дейін 4 тракторды құрастырып

шығуға талпынуда. Келесі жылы

әр ай сайын 4 трактор сатылымға

шықпақ. Сұраныстың көп болатынына

күмән жоқ. Қазір ауылдағы

әр үйде қытайлық мотоциклдер

көзге шалынады. Сол секілді ауыл

өміріне қажетті шағын тракторларды

да жұрт таласа сатып

алатыны анық.

Баянауыл ауданы Жаңажол

ауылының тұрғыны Нұржан Қалымбек

те мемлекеттік грантқа ие болып,

жүн өңдеу өндірісін дамытуды

көздеп отыр.

- 2018 жылы Талдықорған

өңірінен Мәшһүр Жүсіп бабамыз

жатқан қасиетті мекенге көшіп

келген едік. Сол уақыттан бері

мемлекеттік қолдауды сезініп

келеміз. Әкімдік те, жергілікті

тұрғындар да көмегін көрсетіп,

бүгінде жеке кәсібімізді дөңгелетуге

мүмкіндік алдық. Әу баста жер

берілді. Кейін «Бизнес-бастау»

арқылы 505 мың теңге қаражатқа

ие болып, оған қой сатып алдық.

Бүгінде иелігіміздегі қойдың саны

700-ге жетті. Соңғы уақытта жүн

өңдеумен айналысып, көрпе тігу

ісін жалғастырудамыз. 3 адам

жұмыспен қамтылған. Бес миллион

теңге қаржыға жүн тазалайтын

қондырғыларды, өзге де қажетті

құрылғыларды сатып аламыз.

Осындай бағдарламалар көп болса,

ауылдағы ағайынның тұрмысы

жақсарар еді, - дейді Нұржан.

Келесі жылы да «Бизнестің жол

картасы – 2025» бағдарламасы

шеңберінде мемлекеттік гранттар

үлестіріледі. Талап та жыл сайын

қатаңдай түсуде. Халыққа пайдалы,

заманауи технология көшіне

ілескен жобалар ғана қаржыландырылмақ.

О.АХМАДИЯ.

орталығына жақын орналасқандықтан мұнда

түрлі жаңашылдықтар орын алуы тиіс. Бір

аңғарғаным, Кенжекөл ауылы «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасына енбепті. Енген

жағдайда республикалық бюджеттен қомақты

қаражат бөлініп, жыртығымыз жамалатыны

сөзсіз. Сондықтан да, алдағы уақытта

бағдарламаға қатысуға тырысамыз, -

дейді Ж.Тәйкебаева.

Кенжекөл ауылдық округіне Кенжекөл,

Байдала және Долгое ауылдары кіреді.

Халық саны 9 мыңнан асады. 3 ЖШС, 25

шаруа қожалығы және 50 шағын кәсіпкерлік

субъектілері тіркелген. 16 дүкен жұмыс

істеп тұр. Бюджетке тоқталсақ, жылдық

қазына 197 миллион теңгеге жуық.

Танымал экономист Мақсат Халық

төртінші деңгейлі бюджетті енгізу ісі дұрыс

жасалған қадам деп есептейді.

- Ауыл әкімі болу оңай шаруа емес.

Кейбір елді мекендердің табиғаты сұлу,

өзге де ерекшеліктері көп болғанымен,

әлеуметтік мәселелері шаш-етектен. Бұған

дейін проблемаларды шешу үшін әр жобаны

Сурет ғаламтордан алынды.

аудандық деңгейде қорғап жүрді. Оны

қорғау үшін де біліктілік қажет. Мына жақта

кейбір тұрғындар «әкім түк бітірмейді» деп

сынға алатыны тағы бар. Ендігі жерде

тұрғындармен бірге ақылдасып, ауылдың

бюджетін кәдеге жаратуда. Бұрынғыдай

аудандық бюджетке онша тәуелді емес.

Әрине, ірі жобалар аудандық деңгейде

шешілетіні сөзсіз. Бастысы, тұрғындар

ауылдық маңызы бар шаруаларға араласып,

«сөз тасудан» арылып, әкімдердің жұмысын

оң бағалай бастады, - дейді Мақсат Халық.

Жеке бюджет болған соң ауыл әкімдерінің

жүктемесі де артары анық. Мәселен, бүгінде

дербес бюджетке көшкеннен кейін ауылдық

әкімдіктер 100-ден аса функция атқарады

екен. Жергілікті бюджет тұрғындардың

қаражатынан құралғандықтан маңызды

сұрақтарды шешуде ауылдағы ағайын

белсенді атсалысуы керек. Жергілікті билік

те қандай жағдай болмасын халықтың

пікірін тыңдап, ескере білуі маңызды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

тұжырымдамасының көздегені де сол.

ЕЛ ЕКПЕ АЛУДА

Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцина

қабылдаудың қажеттілігі жөнінде түсіндіру

шаралары кең ауқымда жүргізілуде.

Арнайы топ

жұмыс жүргізуде

Құрамына денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау салаларының Сәуле Оспанова, Ирина Сорокина

мен Гүлмира Күлмағамбетова секілді тәжірибелі мамандары енген

арнайы топтар құрылған. Сонымен қатар аталған топтарда өңірімізге

танымал қоғам қайраткерлері де жұмыс істеуде.

Топ мүшелері коронавирусқа қарсы екпе қабылдаудың пайдасы

мен қажеттілігін түсіндіруде. Ірі кәсіпорындар, банктер, базарлар

мен кәсіпкерліктің өзге де субъектілерінің ұжымдарымен жүздесуде.

Сондай кездесулердің бірі «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ында

өтті. Ирина Сорокина мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының

өңірлік филиалы директорының орынбасары Серік Әубәкіров әртүрлі

цехтардың ұжымдарымен әңгімелесіп, жұмыскерлердің сауалдарына

жауап берді.

Металлургтердің кейбіреулері бұл мәселеге күдікпен қарағаны

байқалды. Дегенмен олар білікті спикерлердің тұщымды жауаптарынан

ақпарат алып, өз пікірлерінің бұрыстығын ұғынды.

- Вакцина адамның коронавирусты жұқтырмайтынына толық кепілдік

бере алмайды. Дей тұрғанмен, ол адамды аурудың асқынуы

мен сол індеттен қаза болудан 100 процент қорғайды. Ең маңыздысы

да сол, - дейді Ирина Сорокина.

Вакциналаудың екі компоненттен тұратыны да сөз болды. Қонақтар

аталған мәселені де егжей-тегжейлі жеткізе білді.

«Бірінші кезеңде антиденелердің түзілуіне, ал екіншісінде жасушалық

иммунитеттің пайда болуына жағдай жасалады. Ол ұзақ мерзімді

әсерге ие. Толыққанды иммунитеттің пайда болуына кемінде 42 күн

қажет екенін де ұмытпау керек», - дейді Ирина Сорокина.

Тәжірибелі эпидемиолог екпемен бірге енетін аденовирус адам

ағзасына тарамайтынын ескертті. Мамандар COVID-19 ауруынан

қорғайтын вакцинаны жасау кезінде қолданылған векторлық технология

жаңадан ойлап табылмағанын, жылдар бойы зерттелгенін

айтты. Мәселен, соның негізіндегі дәрі-дәрмек эболамен күресте

өзінің тиімділігін байқатқан.

Айта кетейік, ақпараттық топтар жұмысы одан әрі жалғасады.

Айбек ЖҰМАТОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!