07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Вакцина алып, еркін өмір сүріңіз!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

7 қыркүйек, сейсенбі

2021 жыл

№102 (15720)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Жанарларға

жарық сыйлауда

Нақпа-нақ

Қазақстанда

3030

ауыл шаруашылығы

кооперативі жұмыс

істейді

БАҒЫТ

Табысын

төмендетпеуі

тиіс

Президенттің биылғы Жолдауында

ауыл шаруашылығының

әлсіз тұстары да нақты

көрсетілді. Сала министрлігі

ауыл шаруашылығын

дамытып, фермерлердің кірістерін

арттырумен айналысуы

керек деген тапсырма айтылды.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Белес:

««ЖАҚСЫ АДАМДАРМЕН ДОС БОЛДЫМ»

Суретті түсірген – Нұрбек Кожиков.

Мемлекет басшысы халыққа арналған Жолдауында денсаулық

сақтау саласының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Медицинаға қомақты қаржы құйып, инвесторларды тартып, озық

технологиялармен жабдықтауды тапсырды. Облыс орталығындағы

«Ретина Норма» көз клиникасы - заманауи құрал-жабдықпен

қамтылған бірегей мекеме.

Жалғасы 3-бетте

Жасынан еліне еңбек етіп, айналасына адалдықтың үлгісін көрсеткен және сол арқылы өмірден

өз орнын тапқан жандардың жүрген жолы - кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондай биік парасатты

да ұлағатты адамдардың бірі – Павлодар облысының Құрметті азаматы, «Халықтар

достығы» орденінің иегері Идият Әбдіхалықов.

Толығырақ 6-бетте

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Ақылбек Күрішбаевтың пікірінше,

қазір елімізді дағдарыстан кейін дамыту

жолында теңдестірілген саясаттың

қажеттігі бұрынғыдан да маңыздырақ.

- Менің ойымша, экономикадағы

түпкі нәтижеге, халықтың әл-ауқатын

арттыруға бағытталған дәл осындай бағдарламаны

ел Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев өзінің Жолдауында жария етті.

Президенттің өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру

жөніндегі пайымын ерекше атап

өткім келеді. Ауыл шаруашылығының

әлсіз тұстары дәл анықталған. Биылғы

жылы Үкіметтің фермерлердің онсыз

да аз табысын тыйым салу шараларымен

төмендетпеуі өте маңызды. Ауыл

шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығын

дамытумен, фермерлердің кірістерін

арттырумен айналысуы керек, -

деді А.Күрішбаев.

Халық қалаулысының пайымынша,

Президент азық-түлік тауарларының

бағасын бақылау бойынша мемлекеттік

органдардың жауапкершілігін ажырату

керектігін де уақытылы көтерді. Әрі

Жолдауда айтылған биологиялық қауіпсіздік

жөніндегі ұлттық жүйе құру - еліміз үшін

стратегиялық маңызды шешім.

«Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды

ендіру арқылы су проблемаларын

шешу қажеттігіне баса назар

аударды. 2025 жылға қарай еліміздің

барлық халқы сапалы ауызсумен

қамтамасыз етілетіні маңызды. Бұл - біздің

миллиондаған азаматтарымыздың өмір сүру

деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет

басшысының оң шешімі», - дейді ол.

Одан бөлек, депутат ғылыми жобаларды

қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға

дейін және одан да көп уақытқа ұзарту

қажеттігін баса айтты. Жаңашылдық

отандық ғылымның дамуына жақсы

серпін болатыны анық.

Өз тілшіміз.


2 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА

Америка Құрама Штаттарының

Қазақстандағы елшілігі өңірде

креативті экономиканы дамытуға

мүдделі. Қос тарап мәдениет,

кәсіпкерлік және қоршаған ортаны

қорғауға қатысты бірқатар жобаларды

жүзеге асырмақ.

Жаңашыл

идеялар қажет

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов АҚШ

елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі

Эмбер Орамен кездесті. Жүздесу барысында Павлодар

облысының креативті экономикасын дамытуға ерекше назар

аударылып, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айталық, жыл соңына дейін С.Торайғыров атындағы

облыстық ғылыми әмбебап кітапханадағы америкалық бұрыш

жаңара түспек. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлік,

экология мен «Business Ertis» өңірлік бағдарламасына қатысты

жобалар назарға алынды.

- Кітапханадағы америкалық бұрышты одан әрі жетілдіруге

қатысты жоба өңірде креативті экономиканы дамытудың

маңызды оқиғаларының бірі болмақ. Жалпы, Қазақстан

мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың

30 жылдық мерейтойы жаңа идеялармен және бірлескен

жобалармен атап өтіледі деп үміттенемін, - деді С.Шаяхметов.

Өз тілшіміз.

COVID-19: ВАКЦИНА

Қызметкерлер

екпе алды

Кешегі күннен бастап Қазақстанның бас санитар

дәрігерінің вакцина алмаған қызметкерлерді

жұмысқа жібермеу туралы қаулысы күшіне енді.

Қаулы тек халыққа қызмет көрсетумен айналысатын

нысандарға қатысты қолданылады.

Егер қызметкер кеңсеге келіп жұмыс істейтін

болса, міндетті түрде 7 күнде бір рет ПТР-тест

тапсырып отыруы керек.

Павлодарда тұрғындар жиі баратын «12 месяцев» құрылыс

дүкенінің қызметкерлері өздерінің және тұтынушылардың

денсаулығын қорғау мақсатында 100 пайыз КВИ-ге қарсы

екпе алған. Мұнда күн сайын бір мыңға жуық адам келеді

екен. Құрылыс дүкенінің қызметкері Константин Саворовскийдің

айтуынша, қазіргі уақытта штатта 172 адам жұмыс істейді.

Олардың барлығы COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған.

- КВИ өршіген уақытта ұжым арасында вакцина алу

жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мұндай жұмыс оңай

болмағанын жасырмаймын. Себебі қызметкерлер екпенің

қауіпсіздігіне күмәнмен қарады. Алғашқы 10 адам екпе

алған соң, қорқыныштары сейіліп, вакцина салдырды, –

дейді Константин Саворовский.

Константин «Hayat Vax» вакцинасын салдырғанын айтады.

Ұжымдағы қызметкерлердің 20 пайызы осы екпені қабылдаса,

тағы 20 пайызы «Corona Vac» вакцинасын алған. Қалған

60 пайызы «Спутник V» вакцинасын таңдаған. Дүкен иесі

екпе алушыларға арнайы көлік ұсынып, демалыс берген.

Күн сайын бір мыңға жуық адамға қызмет көрсететін

әлеуметтік дүкеннің бірі – «Арзандау». Мұнда қызметкерлердің

80 пайызы вакцина салдырған. Алдағы уақытта қалған

6 адам екпе алмақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Депозитке аударуға

болады

Биыл қазақстандықтарға алғаш рет «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»

шотындағы жеткілікті шектен артық соманы пайдалануға мүмкіндік берілгені

белгілі. Сол арқылы тұрғындар ипотекалық қарызын өтеп, баспаналы болып,

медициналық қызметтерді тегін алды. Ендігі ретте зейнетақы шотындағы

қаражатты депозитке аударуға да рұқсат берілетін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында

зейнетақы жинақтарын мерзімінен

бұрын пайдалану туралы бастама

экономикаға айтарлықтай әсер еткенін

атап өтті. Осы шараның арқасында

миллионнан астам азамат тұрғын

үй жағдайын жақсартты. Кейбірі

ипотекалық қарызын азайтты. Бұл

ретте ел Президенті зейнетақы

жинағын депозитке аудару тетігін

қарастыруды да тапсырды.

- Осы үрдісті қолдау үшін

зейнетақы жинағының жеткілікті

мөлшерінің шегінен асатын бөлігін

тұрғын үй сатып алу мақсатында

«Отбасы банкіндегі» есепшотқа

аударуға рұқсат беру қажет деп

санаймын. Сонымен қатар, бұл

қадам жұрттың қаражат жинауды

және оны сауатты жұмсауды дағдыға

айналдыруына мүмкіндік береді.

Зейнетақы жинағының игілігін

көргендердің бірі - Павлодар қаласының

тұрғыны Айман Жанпейісова.

Ол жылдар бойы зейнетақы шотына

аударған қаржысының бір бөлігін

ипотекалық несиені мерзімінен

бұрын өтеуге жұмсады.

- Мен осыдан 8 жыл бұрын

пәтер сатып алу мақсатында екінші

деңгейлі банктердің бірінде 15 жылға

несие ресімдедім. Биыл бұл қарызды

зейнетақы шотындағы қаражаттың

көмегімен толық өтедім. Мұндай

мүмкіндік болмағанда әлі 7 жыл ай

сайын төлем жасауға тура келетін

еді. Биылғы Жолдауда Мемлекет

басшысы жеткілікті шектен асатын

соманы депозитке аудару туралы

бастама көтеруі де қуантты. Енді

тағы бір баспана алуға талпынамын, -

дейді ол.

Әзірше зейнетақы шотындағы

қаражатты депозитке аударудың нақты

механизмі дайындалған жоқ. «Отбасы

банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат

Ибрагимова бірнеше ай аралығында

тиісті шешім қабылданып, тетіктің

Байланысты арттыру

көзделуде

Инвесторлар үйінде өткен жиынға

ERG құрамындағы кәсіпорындар, атап

айтқанда «Қазақстан алюминийі»

АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық

корпорациясы» АҚ, «ERG Service»

ЖШС, «Қазақстан электролиз

зауыты» АҚ және жергілікті әкімдік

өкілдері қатысты.

Келісімнің негізгі бағыты

Қазақстан Республикасының заңнамалары

мен тиісті талаптарды

сақтай отырып, кепілдендірілген

тауар көлемдерін сатып алуды,

қарастырылатынын алға тартты.

- Бүгінде елімізде жыл сайын

120 мыңға жуық жас отбасы

отау құрады. Алғашқы жылдары

ерлі-зайыптыларға жеке пәтерге

немесе үйге қаражат жинау оңай

емес. Оларға қолдау қажет. Осы

орайда Қасым-Жомарт Кемелұлының

зейнетақы шотындағы қаражатты

депозитте жинау туралы бастамасы

аса маңызды шешім болып отыр.

Бұл қазақстандықтарға «Отбасы

банкінде» ақша жинау мерзімін екі

есеге дейін қысқартуға және қоныс

тойын әлдеқайда ерте тойлауға

мүмкіндік береді. Біздің болжам

бойынша, алғашқы жылы бұл

мүмкіндікті 190 мыңға жуық жас

отбасы пайдалана алады. Сондай-ақ,

15 мың отбасы жыл сайын депозит

ашады, - деді Л.Ибрагимова.

Баспаналы болудың тиімді

жолдарын ұсынып жүрген сарапшы

Дәулет Мұқаевтың пайымынша, бұл

ретте қатаң шектеу талаптарын

енгізу керек.

- Ертеңгі күні кейбір тұрғындардың

кеңес беруді және қаржыландыру

көздерін қарастыруды қамтиды.

Аталмыш кәсіпорындар ҚР Индустрия

және инфрақұрылымдық

даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық

кәсіпкерлер палатасымен тығыз

әрі жүйелі жұмыс істеп келеді.

Қазақстандық тауар өндірушілерді

қолдау нәтижесінде жергілікті өнім

үлесі артып, өңірлерде жаңа өндіріс

орындары жолға қойылуда.

- Біздің компания жергілікті

кәсіпкерлердің әлеуетін арттырып,

депозиттегі қаражатты мерзімінен

бұрын шешіп алып, оны той жасау,

тұрмыстық техника алу сынды басқа

мақсаттарға жұмсамасына кім кепіл?

Сондықтан бұл тұрғыдан алғанда

нақты талаптар қойылуы тиіс деп

ойлаймын. Сол кезде ғана баспанамен

қамту мәселесінде алға

жылжу болып, аталмыш бастама

өз нәтижесін береді. Сонымен

қатар, тұрғын үй нарығында жыл

басындағы жағдай қайталанып, баға

күрт қымбаттап кетпес үшін орталық

мемлекеттік органдар жағдайды

реттеу механизмін енгізгені жөн

болады. Себебі зейнетақы шотындағы

қаражатты жинау тетігі іске қосылған

соң пәтерлер тағы да қымбаттауы

мүмкін, - дейді сарапшы.

Айта кетейік, бүгінгі таңға дейін

250 мыңға жуық қазақстандық

«Отбасы банк» арқылы жалпы сомасы

1,4 триллион теңгеден асатын

зейнетақы жинақтарын пайдаланды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

КӘСІПКЕРЛІК

Павлодар облысының әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы

ERG кәсіпорындарымен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мен дамыту

бағдарламасына қатысты келісім жасасты.

қазақстандық бизнестің бәсекеге

қабілеттілігін нығайтуға септесіп

келеді. Сонымен қатар, біз импортты

алмастыру бағдарламасына белсене

қатысып жатырмыз. Тиісті талаптар

үдесінен шыға алған кез келген тауар

өндіруші біздің серіктесіміз бола

алады, – дейді «Еуразиялық Топ»

ЖШС–нің сатып алулар әдістемесі

мен бақылау жөніндегі директоры

Анатолий Демидов.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 3

БИЛІК

Жексенбі күні Павлодар

қаласына қарасты

Жетекші ауылы

әкімінің сайлауы өтті.

Тұрғындардың басым

бөлігі «Nur Otan» партиясынан

ұсынылған

кандидат - Нұрлыбек

Әбдірахмановты

қолдады.

Жетекші ауылына бұған

дейін басшылық еткен Есімхан

Құрмантаевтың уәкілеттілігі мерзімінен

бұрын аяқталған болатын.

Сол себепті ауыл әкімін сайлау

ұйымдастырылып, екі кандидат

НАРЫҚ

Жетекшіде –

жаңа әкім

тіркелді. Нұрлыбек Әбдірахманов -

«Nur Otan партиясының үміткері.

Ал Олжас Жакин өз-өзін ұсынды.

Павлодар қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының мәліметіне

сүйенсек, №134 сайлау округінде

1576 дауыс беруші бар. Оның

1163-і өз таңдауын жасады.

30 бюллетень жарамсыз болып

танылды. Сондай-ақ, 17 сайлаушы

«Барлығына қарсы» деген жолды

белгілеп, үміткерлердің ешқайсысын

қолдамайтынын білдірді.

Сайлау қорытындысы бойынша,

тұрғындардың 1018 даусына ие

болған Нұрлыбек Әбдірахманов

Жетекші ауылының әкімі болып

сайланды. Ол бұған дейін Павлодар

қаласының кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы

қызметін атқарған болатын. Ал

Олжас Жакинге 98 сайлаушы

дауыс берді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ӨҢІР

Алдағы бес жыл аралығында Екібастұз қаласының

экономикасына 850 млрд теңге көлемінде инвестиция

тартылмақ. Кеншілер шаһарының өндірістік

әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар

қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр.

Инвестиция

көлемі артты

Шағын аудандарда

сатылады

Сенбі күні алғаш рет ауыл шаруашылық жәрмеңкелері облыс орталығындағы

шағын аудандарда өтті. Мұндай әлеуметтік сату нүктелері әр сенбі

сайын ұйымдастырылмақ.

Әдетте ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі «Квазар» сауда үйінің

маңындағы орталық алаңда өтетіні

белгілі. Десе де, бұл аумақтың

таңдалуы қаланың шеткі шағын

аудандарында тұратын кейбір

азаматтарға, әсіресе зейнеткерлерге

қолайсыздық тудыратыны

бар. Сондықтан тұрғындарға

ыңғайлы жағдай жасау мақсатында

Усолка, Дачный, Химқалашық және

Восточный шағын аудандарында

да жәрмеңке өтті.

Павлодар қалалық кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы

бөлімінің сектор меңгерушісі Әсел

Кенжалинаның айтуынша, мұндай

әлеуметтік сату нүктелерінде өнімдер

үстемеақысыз сатылады.

- Тауар өндірушілер мен сатып

алушылар арасында делдалдар

болмайды. Соның есебінен өнімдерді

арзан бағамен ұсынуға мүмкіндік

туады. Мәселен, сенбілік жәрмеңке

кезінде картоп пен сәбіз 90, пияз

бен қырыққабат 110, өсімдік майы

630 және жұмыртқаның ондығы

270 теңгеден сатылды, - дейді

Ә.Кенжалина.

Усолка шағын ауданының тұрғыны

Любовь Сычиванованың

айтуынша, жәрмеңкелердің шағын

аудандарда ұйымдастырылуы өте

тиімді.

- Енді арзан өнімдерді орталыққа

бармай-ақ қолжетімді бағаға алуға

болады. Бұрынғыдай ауыр сөмкелерді

автобуспен тасымаймыз. Оған қоса,

қазіргі эпидемиологиялық жағдайда

бұл оңтайлы шешім болды деп

ойлаймын. Себебі бір орында

ұйымдастырылса, адам қарасы

көбейіп, әлеуметтік қашықтықты

сақтау қиынға соғатын еді, - дейді

зейнеткер.

Еске сала кетейік, облыс

орталығында 92 әлеуметтік дүкен

бар. Бұл сауда орындарында да

күн сайын бірінші кезекте керек

тауарларды төмен бағаға алуға

болады.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Екібастұз қаласының әкімі

Ардақ Қаңтарбаев Өңірлік

коммуникациялар қызметінде

өткен брифинг барысында жыл

басынан бері 88,5 млрд теңге

инвестиция құйылғанын айтты. Бұл

өткен жылдың сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 41 пайызға көп. Бұл

ретте шаһар басшысы «Богатырь

Көмір» кенішінің автоконвейерлік

технологияға көшуі мен «Проммамшкомплект»

кәсіпорнының

бекіту құралдарының өндірісін

қолға алуы инвестиция көлемінің

артуына оң әсерін бергенін атап

өтті.

- Екібастұз өңірінде кәсіпкерлердің

жеке қаржысы есебінен

жүзеге асып жатқан және жобажоспары

дайын іргелі істер аз

емес. Солардың ішінен еліміздің

Индустрияландыру картасына

енген екі жобаны айрықша атап

өтуге болады. Бірі - ферроқорытпа,

екіншісі - болат құрсау

мен соғылған металдан жасалған

бұйымдар өндірісі - деді

А.Қаңтарбаев.

«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС

жылына 240 мың тонна ферроқорытпа

алу бағытына

55 млрд теңге көлемінде инвестиция

құймақ. Бұл зауытта

800 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал «Rail Cast Systems» ЖШС

70 млрд теңгеден астам жеке

қаражатына жылына 100 мың

бұйым шығаратын өндіріс орнын

салуды жоспарлап отыр. Дайын

өнімнің 81 пайызы экспортқа

жөнелтіледі. Қалған 29 пайызы

импорттық өнімдерді толығымен

алмастыруға жетеді. Сондай-ақ,

мұнда 500 жаңа жұмыс орны

құрылады.

Ардақ Амангелдіұлы техникалық

кремний зауытының жобасына да

тоқталды. Бүгінде бұл кәсіпорынды

электр энергиясымен қамтитын

қосалқы станцияның 70 пайызы

дайын. Құрылыс жұмыстары осы

жылдың соңына дейін аяқталуы

тиіс. Келесі жылы өндіріс орнының

қазығы қағылып, 2023 жылы

іске қосылады. Жобаның жалпы

құны - 60 млрд теңге.

Жалпы, Екібастұз қаласын

кешенді дамыту жоспарына сәйкес,

2021-2025 жылдар аралығында

қала экономикасына 850 млрд

теңге көлемінде қаражат тарту

жоспарланып отыр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суреттер газет

мұрағатынан алынды.

Басы 1-бетте

Жанарларға жарық сыйлауда

Жекеменшік орталық міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесі аясында

халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Көз клиникасының директоры Айжан

Ахмерова медициналық кешен МӘМС

аясында қызмет көрсетуге келісім берген

алғашқы орталықтардың бірі екенін атап өтті.

Мұндағы білікті әрі тәжірибелі мамандар

өңір тұрғындарына қажетті ем-шараны,

күрделі отаны жүргізуге көмектеседі. Ол

үшін шет елге немесе Қазақсанның өзге

қалаларына бару қажет емес. Көру қабілеті

нашар адамдар сақтандыру жүйесі аясында

отаны тегін жасай алады.

- Мемлекеттік тапсырыс аясында жылына

300 ота жүргізіледі. Квота аясында катарактаны

емдеп қана қоймай, хрустальді

линзаны да орнатамыз. Сонымен қатар,

науқастардың жағдайына байланысты

күрделі емдеу әдістері де жүргізіледі.

Мысалы, жылдар бойы алыстан нашар

көретін адамдардың көру қабілетін жақсарта

аламыз. Осы шараларды жүргізуде мекемеде

қажетті технологияның бәрі бар. Ақылы

негізде немесе МӘМС аясында емделетін

адамдарға бірдей жағдай жасалған. Операциядан

кейін де науқастардың жағдайы

бір ай көлемінде бақылауда болады. Оның

толық жазылып кетуі де қадағаланады. Қант

диабетімен ауыратын адамдар көздеріне

ота жасағаннан кейін жағдайы нашарлауы

мүмкін. Міне, осы жағдайды қатаң қадағалап,

денсаулығының әлсіреуіне жол бермейміз.

Емделушілердің орталықтан көңілді кетуіне

жағдай жасаймыз, - дейді Айжан Ахмерова.

Аталмыш клиника - МӘМС аясында

қызмет көрсетуге келісім берген алғашқы

орталықтардың бірі. Мекеме директорының

сөзінше, мұнда ай сайын сақтандыру жүйесі

аясында 22-25 науқастың көзіне ота жасалады.

- Алайда біздің мекеменің мүмкіндігі

бұдан әлдеқайда жоғары. Біз күніне

25-30 науқасқа операция жасауға қауқарлымыз.

Клиникада республикалық деңгейдегі

жоғары білікті 6 офтальмохирург жұмыс

істейді. Олардың барлығы да тәжірибелі.

Жалпы, жекеменшік клиникалардың МӘМС

аясында қызмет көрсетуі халыққа өте

пайдалы екенін айтқым келеді. Өкінішке

қарай, сақтандыру жүйесі аясында барлық

медициналық көмекті көрсете алмаймыз.

Мысалы, науқастардың көру қабілетінің

нашарлауына әкеліп соқтыратын қосымша

және созылмалы сырқат кезінде линзаның

күрделі түрлерін орнату талап етіледі. Сонымен

қатар, емделушіге барлық қашықтан көруге

мүмкіндік беретін линзалар бар. Бірақ олар

МӘМС аясында қаржыландырылмайды.

Сондықтан кейбір науқастар ота үшін

қаржыны қалтасынан төлейді. Болашақта

бұл мәселе шешіледі деген үміттеміз, -

дейді А.Ахмерова.

2016 жылы ашылған көз клиникасында

5 жылдың ішінде емделушілердің саны

артып, ота жүргізу қауқары екі есеге

көбейген. Мұнда Ресей Федерациясының

заманауи медициналық клиникалары мен

Қазақстанның өзге қалаларында жоқ тың

технологиялар бар.

Мекемеде МӘМС аясында дәрігерден

тегін кеңес алып, емдеу шарасына қатысуға

болады. Бұл ретте мекеме бірқатар емханалармен

келісімшарт жасаған. Ал отаға

квота алу үшін емханадан жолдама қажет

емес. Емделуші дәрігер кеңесіне жүгінгеннен

кейін оған қорытынды қағазы беріледі.

Сол арқылы мекеме мамандары оны квота

кезегіне қояды. Яғни, емделуші отаны тегін

алу үшін арлы-берлі жүгірмейді. Тек науқас

сақтандырылған болуы тиіс.

- Елімізде медицина саласы жыл сайын

қарыштап дамып келеді. Президент биылғы

Жолдауында осы салаға бөлінетін қаржы

көлемі ұлғаятынын айтты. Осы ретте, МӘМС

аясында көрсетілетін қызмет түрлерінің

қатары көбейсе деген тілек бар. Халық

та сақтандыру жүйесінің тиімділігін көретін

еді. Мекемедегі бағасы 300 мың, 450 мың

және 700 мың теңге тұратын оталар ақылы

негізде жасалады. Мұндай операциялардың

құны мемлекет тарапынан қаржыландырылса,

тұрғындарға жағдай жасалатыны анық.

Сәйкесінше, медициналық мекемелерде

заманауи тың технологиялардың қатары

артатыны сөзсіз, - дейді А.Ахмерова.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


4 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Жәнібек Мәулітбекұлы,

бүгінде салықты тез әрі тиімді

төлеудің жолдары қандай?

- Салық заңнамасына енгізілген

өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы

1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға

тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын

мүлік салықтары бірыңғай

мүлік салығына біріктірілді. Осыған

байланысты салықтың есептелген

сомасы жылжымайтын мүлік пен

жер учаскесі бойынша міндетті

төлемдерді қамтиды және бірыңғай

сомамен төленеді. 2020 жылғы

мүлік салығын төлеу мерзімі осы

жылдың 1 қазанында аяқталады.

Аталмыш салықтың сомасын

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасы,

екінші деңгейлі банктердің

«Kaspi.kz» және «Homebank» мобильді

қосымшалары, kgd.gov.kz сайтындағы

«Алдағы төлемдер» сервисі арқылы

білуге, төлеуге болады. Оған қоса,

салық салынатын нысандар туралы

ақпараттар «E-salyq Azamat» мобильді

қосымшасының «Салық әмияны»

бөлімінде бар. Жоғарыда аталған

тетіктер бойынша міндетті төлемді

үйден шықпай-ақ, онлайн режимде

ҚАУІПСІЗДІК

Биыл қайғылы жағдай шомылу

маусымы басталмай тұрып та орын

алған еді. Екібастұз қаласында екі

жасөспірім рұқсат етілмеген орында

суға түсіп, қаза тапты.

Қайғылы оқиғалардың бірқатары

тамыз айының соңында тіркелген

болатын. Өзен жағасында достарымен

демалған ер адам ішімдік

ішіп, суға түскен. Құтқарушылар

оның денесін тек екі күннен кейін

ғана тапты. 22 тамызда Ақтоғай

ауданындағы Шоқпар ауылында

17 жастағы қыз бала суға батып

кеткен болатын. Жасөспірім сол ауылға

құрбысының шақыртуымен келген.

Олар достарымен өзен жағасында

демалған. Кейін екі қыз жеке суға

түскен. Тексеру кезінде құтқарушылар

су айдынының тереңдігі 15 метрді

құрайтынын анықтады.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаменті басшысының орынбасары

Мейрамбек Батырқұлов суда

орын алған қайғылы жағдайлардың

дені рұқсат етілмеген орындарда

тіркелгенін айтады. Жоғарыдағы

29 жағдайдың 26-сында адамдар

арнайы жабдықталмаған су айдындарында

қаза болған. Оқыс оқиғалардың

Салық төлеуді

ұмытпаңыз!

Облыс тұрғындары осы жылдың 1 қазанына дейін жер

мен жылжымайтын мүлік салығын төлеуі тиіс. Бірыңғай

міндетті төлемнің сомасын үйден шықпай-ақ біліп,

түрлі мобильді қосымшалар арқылы өтеуге болады. Ал

түбіртектегі кейбір деректер қате көрсетілсе қайтпек

керек? Кімдерге салықтық жеңілдіктер жасалады?

Осы және өзге де сұрақтарға облыстық мемлекеттік

кірістер департаментінің басшысы Жәнібек Нұржанов

жауап берді.

өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Әйтсе

де, қалыптасқан дәстүр бойынша

мемлекеттік кірістер органдарына

келіп, кезек күтетін азаматтар бар.

Олардың басым бөлігі - зейнеткерлер.

Біздің мамандар қарттарға

тиімді төлеудің тетіктерін көрсетіп,

кеңес береді.

- Салықты онлайн төлеу

мүмкіндігі жоқ тұрғындар

қайтпек?

- Интернетке қосылу мүмкіндігінің

бар-жоғына қарамастан, Павлодар,

Екібастұз, Ақсу қалалары мен

облыстың барлық аудандарындағы

тұрғын үйлерге тиісті түбіртектер

таратылады. Мұнда нысан иесінің

аты-жөні, мекенжайы, салықтың

түрі, сомасы көрсетіледі. Бұл

түбіртектердің салық төлеушілерге

уақытылы жетуіне жергілікті әкімдік

жауапты. Сол түбіртекті алып, екінші

деңгейлі банктер мен «Қазпошта»

филиалдары арқылы төлеу жасауға

болады.

- Кейбір тұрғындардан

осыдан бірнеше жыл бұрын

сатылған немесе мүлде меншігінде

болмаған жылжымайтын

мүлік пен көлікке

салық төлеу талап етіліп

жатады. Мұндай жағдайда

не істеу керек?

- Мәліметтер базасындағы

түрлі себепке байланысты олқы

тұстардың кездесетіні рас. Бірақ

бұрынғыдай жиі ұшыраспайды.

орын алуына демалушылардың ішімдік

тұтынуы да себеп.

- Ертіс ең ұзын өзен болғандықтан,

барлық жағалауда құтқарушылар

жұмыс істейді деп айта алмаймыз.

Әсіресе, ауылдағы су айдындары

жабдықталмаған. Мамандар елді

мекендерде рейдтік шараларды

ұйымдастырып, рұқсат етілмеген

орында шомылуға болмайтынын

ғана ескертеді, - дейді М.Батырқұлов.

Иә, жыл сайын облыстық төтенше

жағдайлар департаментінің мамандары

тұрғындардың рұқсат етілмеген орындарда

шомылып, қайғылы жағдайға

душар болатынын айтады. Өйткені

мұндай орындарда құтқарушы жұмыс

істемейді. Қажетті құрылғылар да

жоқ. Ал арнайы жабдықталған орында

адамдар суға батпайды деп айта

алмаймыз. Өйткені 19 тамызда орын

алған оқыс оқиға тұрғындардың

есінде болар. Орталық жағажайда

достарымен суға түскен 2009 жылғы

бала ажал құшты. Павлодар қаласы

тұрғындары мен қонақтары жиі

серуендейтін демалыс орнында

мұндай қайғылы факті қалай тіркелді?

Құтқарушылар баланың өміріне неге

араша түспеді?

Соңғы уақытта деректерді жаңарту,

оларды түзету бойынша ауқымды

іс атқарылды. Соған қарамастан,

түбіртекте дәйексіз мәліметтер

көрсетілсе, азаматтар оларды

өздері-ақ дұрыстай алады. Бұған

дейін түбіртекте көрсетілген мүліктің,

көліктің меншігінде жоқ екенін

дәлелдеу үшін салық органдарына

келіп, өтініш жазатын. Ал қазіргі

уақытта мәліметтерді «e-Salyq»

қосымшасы арқылы үйден реттеуге

жағдай жасалған. Ол үшін онлайн

режимде өтініш беріп, үйді, көлікті

сатқаны туралы құжаттарды, көліктің

дұрыс техникалық сипаттамасын

қоса жіберуі керек. Деректер

бірнеше күн аралығында жаңарады.

- Салық төлеу кезінде

кімдерге жеңілдік жасалады?

- Көпбалалы аналарға, жалғыз

тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі

шектеулі азаматтар мен «ерекше»

балаларды тәрбиелеп отырған

ата-аналардың біріне, жетім,

ата-ананың қамқорлығынсыз

қалған балаларға жеңілдіктер

қарастырылған. Аталмыш топ

өкілдері салықты жеңілдікпен

есептету үшін жергілікті жердегі

мемлекеттік кірістер органына барып,

өтініш жазып, тиісті құжаттардың

көшірмелерін ұсынуы қажет.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Сақтансаң, сақтайды

Аймағымызда жыл басынан 29 адам суға кеткен. Өкінішке

қарай, оның 8-і – бала. Бұл статистика өткен жылмен

салыстырғанда көп. Былтыр 21 адамның ажалы судан

болған еді. Оның ішінде 5 бала бар.

Осы оқиғадан кейін Павлодар

қаласы әкімдігі түсінік берген

еді. Белгілі болғандай, орталық

жағажайдағы тәртіпке жауапты

мердігер өзіне жүктелген міндетті

толық орындамаған. Келісімшарт

бойынша мердігер құтқару қызметіне

30 адамды жұмысқа алуы керек

болған. Алайда сол 30 адамның

тек 15-і ғана жұмыс істеген.

Мамандар жағажайдағы құқықбұзушылық

туралы екі мәрте хат

жолдаған. Құтқарушы қызметінен бөлек,

дмалу орнының тазалығы да көңілден

шықпаған. Мердігер келеңсіздіктерді

жөндеуге тырыспаған. Осыған байланысты

арадағы келісімшарт бұзылған.

Бірақ адам тағдыры келісімшарттың

күшімен өлшенбейді. Болары болып,

бояуы сіңгеннен кейін әрекет ететін

әдетіміз ғой. Шомылу масымы аяқталар

тұста мердігермен қош айтысу

мәселені шешпейтінін барлығымыз

түсінеміз. Мердігер жауапсыздық

танытты. Құзырлы мекемелер жөні

түзу бақылау жүргізбеді. Қауіпсіздік

шаралары уақытылы күшейтілмеді.

Салдары - бала өлімі.

Биылғы шомылу маусымы

31 тамызда аяқталды. Келесі жылы

суға түсу маусымына дұрыс қамданып,

биылғы қателіктерден сабақ алғанымыз

жөн. Себебі салғырттық адам өліміне

әкелуі мүмкін.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Бүгінде жастарға жол

сілтеп, бағыт-бағдар

беріп, өзінің өмірлік

тәжірибесімен бөлісуге

дайын аға буын өкілдері

баршылық. Алдыңғы

толқынның кейінгі

ұрпаққа ақылын

айтып, батасын беруі - атадан келе жатқан ізгі

сабақтастық. Егемен елдің кемел келешегіне

сеніммен қарайтын сондай ақсақалдардың бірі -

Қадыр Әжмұратов.

Қозғаушы

күшті

қолдаймыз!

Қадыр Әжмұратұлын Ертіс-

Баян өңірінің жұртшылығы жақсы

біледі. Жастайынан еңбекке

араласып, адал қызметімен

ел құрметіне бөленген азамат

сексеннің сеңгіріне шықса да,

қоғамдық мәселелерден шет

қалмай, соңғы жаңалықтардан

үнемі хабардар болады. Осы

орайда мемлекеттік қызмет

саласының ардагері, кезінде

ауыл-ауданды басқарған ақсақал

Президенттік жастар кадрлық

резерві туралы ой-пікірімен

бөлісті.

- Әңгіменің әлқиссасын әріден

бастайын. Біз оқу бітіріп, қолға

диплом алып, жас маман ретінде

еңбекке араласқан тұстағы

уақыт мүлде басқа еді. Қолыңа

жолдаманы ұстатады да, маман

тапшы өңірге қызмет ету үшін

жібереді. Ол кезде жұмысқа

орналасу мәселесіне аса бас

қатыра қоймағанымыз рас.

Баспана мәселесі де алаңдата

қойған жоқ. Абай атамыз

айтпақшы, өзіңе, ақылың мен

еңбегіңе сеніп, тынбай жұмыс

істесең болғаны. Алдыңғы буын

аға-апалар жастарға тәлімгер

болып бекітіліп, жол сілтеді.

Бұл тұрғыдан алғанда менің

жолым болды. Алматы халық

шаруашылығы институтын

бухгалтер-есепші мамандығы

бойынша бітірген соң туған

жерім - бұрынғы Лебяжі, қазіргі

Аққулы ауданына оралдым. Еңбек

жолын қатардағы есепші болып

бастадым. Қоғамдық жұмыстарға

да ерте араластым. 25 жасымда

бастауыш комсомолдар ұйымының

бірінші хатшысы болдым.

Кейін совхоз директоры, одан

соң Аққулы ауданының әкімі

ретінде қызмет атқардым. Бұл

жоғары әрі жауапкершілігі мол

лауазымдардың барлығы - күнітүні

еткен еңбектің, төккен

маңдай тердің нәтижесі.

Жоғарыда айтқанымдай,

біздің кезімізде жастарда таңдау

болған жоқ. Жолдамада қай

бағыт көрсетілсе, соған қарай

бет аласың. Ал бүгінгі егемен

елде жас мамандарда еркіндік

бар. Мемлекет тарапынан қолдау

бар. Еңбекке деген құлшыныс,

алға ұмтылу бар. Жанарлары

жанып тұрған жастарды көрген

кезде марқайып қаламын.

Әсіресе, мемлекеттік қызмет

саласында «елім, жерім» дейтін

жас мамандардың неғұрлым

көп болғаны жақсы. Олар -

қозғаушы күш. Мемлекет басшысы

Қасым–Жомарт Тоқаев та «Ел

ертеңі - жастар» дегенді жиі

айтады. Біздің ізімізді жалғап

келе жатқан кейінгі толқынға

зор сенім артып, мол үмітпен

қараймыз. Бұл ретте Президенттік

жастар кадрлық резервінің

жеңімпазы атанғандар үшін

жауапкершілік жүгі еселене

түседі. Себебі үздіктердің үздігі

болған жастардан тың серпін,

жаңаша көзқарас күтеміз.

Осыдан екі жыл бұрын

алғаш рет іріктеу жарияланған

кезде «Бұл елге қызмет етемін

дейтін азаматтарға берілген

жақсы мүмкіндік екен» деген

ой түйдім. Бұл ойымның бекер

емес екенін жеңімпаз атанған

жастар дәлелдеп берді. Алысқа

бармай-ақ, өз өңіріміздегі

жағдайға зер салайық. Сол

іріктеуден сүрінбей өткендердің

бірқатары аудандарға,

басқармаларға жетекшілік етіп,

облыс әкімінің орынбасары

қызметін атқарып жүр. «Білгенің

өзіңе жақсы, істегенің маған

жақсы» деген сөз бар емес пе

еді? Сол сияқты жастардың

жауапты салаларда еңбек етіп,

тәжірибе жинап, өмірлік сабақ

алғандары өздеріне жақсы. Ал

күрмеулі мәселелерді уақыт

оздырмай шешіп, елдің дамуы

үшін оңтайлы қадамдар жасауы

жұртқа жақсы. Байқауымша, бұл

сынақ басқа біреумен емес,

алдымен өзіңмен бәсекеге түсуді

үйрететін сияқты. Жастар бірнеше

кезеңнен тұратын іріктеуде іркіліп

қалмас үшін өздерін қамшылап,

білім-білігін жетілдіруге талпынады.

Сондықтан дәл осындай

кадрлық резервтің жасақталуын

қос қолдап қолдаймын. Жақында

жарияланған екінші кезеңге

қатысушылар қатары да көп

болар деген ойдамын. Себебі, бұл

іріктеу - тек мансаптық жолдың

емес, ішкі дүниетанымның өсуіне

де оң ықпалын тигізері анық.

Әттең, біздің кезімізде мұндай

резервтер болған жоқ. Әйтпесе

бірінен де қалыс қалмас едім», -

деп сөзін түйіндеді ақсақал.

Қадыр Әжмұратұлының айтуынша,

жетістікке жету жолында

білім, тәжірибе мен мақсатты

серік ету керек. Биікке шығу

үшін қанат емес, талап керек.

Мемлекет қызмет саласының

ардагері жастарға шыңға

жетелер мықты талап тілеп,

Президенттік жастар кадрлық

резервіне қатысуға кеңес берді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 5

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Жеті көшенің жолы

жөнделеді

Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында бірқатар игі істер атқарылуда. Солардың

бірі – ауыл ішіндегі жолдарды ретке келтіру.

Қалқаман ауылдық округі әкімдігінің

мәліметі бойынша, биыл Суптель,

Кутузов, Советская, Мингалиев, Новостроительная,

45 лет Октября және

Промышленная көшелеріндегі жолдар

жөнделеді. Аталмыш көшелердегі жолдың

жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайды.

Мердігер компания – «Гордорстрой» ЖШС.

Аталмыш серіктестік алдымен қиыршық

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

тас, кейін асфальт жабындысын төсейді.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар

қызу жүріп жатыр.

Кент тұрғындары соңғы жылдары

ой-шұңқыры көбейген жолдардың

тақтайдай тегіс болатынына қуанышты.

Енді жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер

де жол азабын тартпайды.

Ауылға оралды

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бастау» бағыты

бойынша арнайы курстан өтіп, кәсіп ашқандардың қатарында

Әділ Дүйсенбеков те бар. 34 жастағы кәсіпкер - Жасқайрат

ауылының тұрғыны.

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

-

ЕРТІС АУДАНЫ

Алғашқы мешіт

Екібастұз қаласына қарасты Шідерті кентінде тұңғыш рет мешіт

бой көтеруде. Имандылық үйі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық

мерейтойына орай пайдалануға берілмек.

Мешіттің құрылысына бастамашы

болған азаматтардың бірі Жәрдембек

Моңғолханның айтуынша, құрылыс

жұмыстары 2019 жылдың сәуір айында

басталды. Бүгінгі күні мешіттің қабырғасы

қаланып, шатыры жабылып, күмбезі орнатылды.

Айналасы қоршалып, аумағы

абаттандырылуда. Сонымен бірге, мешіт

жанына асхана мен дәретхана салынуда.

Құрылысқа ниет білдірген жандардың

бірі қаржылай көмек көрсетсе, енді бірі

құрылыс материалдарын алып берді.

Қазіргі таңда мешіттің құжаттарын

рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

- 200 кісіге лайықталған мешіттің

құрылысы аяқталып, құжаты рәсімделген

Мәдениет үйі ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

Ертіс ауданының Қызылжар ауылында мәдениет үйі ашылды.

Мекеме іші заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңадан

музыкалық құрал-жабдықтар алынды.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының

аясында бос тұрған құрылыс нысаны

заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден

өткізілді. Ауыл сәнін келтірген ғимарат

бірнеше әкімшілік мекемені қамтитын

ауылдың көпфункционалды орталығына

соң Екібастұз қалалық мешітіне тапсырылады.

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының шешімімен кент мешіті

қалалық мешіттің филиалы ретінде тіркеледі.

Қайырымды іске қолын созып, көмек

ұсынған жандардың бәріне ризашылығым

шексіз, – дейді Ж.Моңғолхан.

Жекелеген кәсіпкерлердің, жергілікті

жұртшылықтың атсалысуымен салынған

Алла үйіне жақында қалалық мәслихат

депутаты, «Гидропром» ЖШС-нің басшысы

Исламбек Құлтуманов қаржылай көмек

көрсетіп, құрылыс материалдарымен

қамтамасыз етті.

Ж.ЖӘЛЕЛҰЛЫ.

айналды. Ауыл әкімдігі, мәдениет үйі,

учаскелік полиция бөлімі, ауыл поштасы,

фельдшерлік-акушерлік пунктінің бір

шатырдың астында орналасуы тұрғындарға

өте қолайлы.

Өз тілшіміз.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Көп жылғы еңбектің жемісі

Алматы қаласындағы Политехникалық

университетте инженер мамандығы бойынша

білім алған. Сол өңірде он жылдай еңбек

етіп, туған ауылына оралды. Мал санын

арттырып, шабындық жердің көлемін

ұлғайтуды мақсат еткен ол 556 мың

теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа

ие болған. Кейін төмендетілген пайызбен

6 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп,

шабындық жерді жалға алған. Алдағы

уақытта шаруашылыққа қажетті техника

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Қолжетімді жәрмеңке

Әр аптаның сенбісі аудан орталығында ауылшаруашылық

жәрмеңкесі өткізіледі. Жуырда Железинка, Лесной, Новомир

және Прииртышск ауылдық округінің шаруа қожалықтары

жем-шөп өнімдерін ұсынды.

Төрт округтің шаруалары жәрмеңкеге

жем, сұлы, шөп өнімдерін әкеліп, сатылымға

шығарды. Жәрмеңкеде 2 тонна жем,

200-250 келі 12 рулонды шөп, 4,5 тонна

сұлы сатылды. Бағасы да қолжетімді

екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық

жәрмеңкесінде ауыл тұрғындары өз

өнімдерін әкеліп, сатылымға қойды.

Мұнда жәрмеңкеге келушілерге қой

еті, май, шұжық өнімдері ұсынылды.

алып, кәсібін одан әрі дамытуды жоспарлауда.

- Ауылға келіп, мемлекеттік бағдарламаның

көмегімен жеке кәсібімді ашып отырмын.

Несие алуда құжаттарды рәсімдеуге

көмектескен жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасына алғысымды білдіремін. Ауыл

гүлденсе, еліміз де көркейеді. Жастарды

осы бағдарламаға қатысуға шақырамын, -

дейді кәсіпкер.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ауданның кәсіпкерлік және

ауылшаруашылық бөлімі ауқымды шара

әр сенбі сайын ұйымдастырылатынын

айтады.

Атап өтерлігі, жәрмеңкеге келген

азаматтарға орталық базар жанында

орналасқан көшпелі егу бөлімшесінде

вакцина алуға мүмкіндік жасалды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Павлодар ауданы Жаңа қала ауылындағы «Болашақ» шаруа

қожалығы жыл сайын егілетін көкөніс көлемін арттырып

келеді. Биыл да шаруашылық мол өнім алудан үмітті.

«Болашақ» шаруа қожалығы осыдан

20 жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде

табысты кәсіпті үшінші ұрпақ жалғастыруда.

Атап айтқанда, көкөніс шаруашылығына

Тарип Жүнісов жетекшілік етеді. Бұған

дейін оның әкесі Зейнолла Жүнісов

басшылық жасаған еді. Ал қожалықтың

негізін атасы Әбдірахман қалады.

Тарип Жүнісов әке, ата жолын жалғауды

жөн санады. Биыл көкөністің түр-түрі

егістік алқаптары мен 18 жылыжайда

өсуде. Кейін жүздеген тонна өнім облыс

орталығындағы базарларға жеткізіледі.

Шаруашылық басшысы жергілікті

нарықты сапалы көкөніспен қамтудың

есебінен келесі жылы қожалыққа қарасты

техникаларды жаңартуды жоспарлап

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Баспаналы болды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Аққулы

ауданының аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылары

пәтер кілттеріне ие болды.

Мемлекеттік қазынадан мұқтаж отбасыларды

тұрғын үймен қамтамасыз ету

мақсатында 100 800 000 теңге қаражат

бөлінген. Осы қаражаттың 33 600 000

теңгесі игеріліп, Аққулы ауылынан қос

пәтерлі екі үй сатып алынған. Жамбыл

аулында қос пәтерлі екі үй салынуда.

отыр. Кейін алқап көлемін кеңейтуі де

әбден мүмкін.

Өз тілшіміз.

Сонымен қатар 6 тұрғын үй: Аққулы

ауылынан 5 үй және Қарақала ауылынан

1 үй сатып алынбақ.

С.ӘМІРЖАНОВА,

аудандық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы.


6 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

БЕЛЕС

«Жақсы адамдармен

Тілеуберді САХАБА

дос болдым»

Жасынан еліне еңбек етіп, айналасына адалдықтың

үлгісін көрсеткен және сол арқылы өмірден өз орнын

тапқан жандардың жүрген жолы - кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге.

Сондай биік парасатты да ұлағатты адамдардың

бірі – Павлодар облысының Құрметті азаматы, «Халықтар

достығы» орденінің иегері Идият Әбдіхалықов. Өмірінің

50 жылға жуық уақытын әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік

қыметке арнаған ағамыз биыл мерейлі 70 жасқа келіп,

тағы бір биік белесті бағындырып отыр.

Идият Бекболатұлы 1951 жылы

8 қыркүйекте бұрынғы Краснокутск

ауданы Харьковка ауылында қарапайым

жұмыскерлер отбасында дүниеге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1968

жылы Семей зооветеринарлық институтына

түсіп, оны 1973 жылы бітірді. Сол

жылы Краснокутск ауданы «Спартак»

совхозы бөлімшесінің зоотехнигі болып,

еңбек жолын бастады. Міне, Идият

Бекболатұлының қызмет жолындағы үлкен

жетістіктері мен өміріндегі маңызды

баспалдақтар осы қадамнан басталды.

Яғни, кішкентай ғана бөлімшенің

зоотехнигі қызметінен.

- Менің өміріме ылғи жақсы адамдар

жолығып отырды. Мысалы, Уақап

Сыздықов, Мұрат Таниев және Зекеш

Қажыкенов деген азаматтардан мол

тәлім алып, олардың еңбек жолдарын үлгі

тұттым. Яғни, осы үш адамды өзімнің

өмірлік ұстаздарым деп санаймын.

Олар менің еңбек жолымда белгілі

бір жетістікке жетуіме зор ықпал етті.

Жалпы, өзім жасымнан еңбекті сүйіп

өстім және өзіме өте қатаң талап

қойып үйрендім. Соның арқасында

қолыма алған істі шамам келгенше

соңына дейін жеткізбей тынбайтын

едім. Сонымен қатар, жоғарыдағы

ағаларымның артқан сенімін ақтау үшін

де барлық күш-қайратымды жұмсай

білдім. Кейінгі ұрпаққа да осындай

ақыл-кеңес берер едім. Яғни, еңбексіз

адам өспейді және жанжақты дамымайды.

Қазір қарап отырсаңыз, талмай

еңбек еткен адамның табысқа жетпей

қалғанын көрмейміз. Бүгін болмаса да,

ертең өз орнын табады. Бұл – өмірдің

шындығы. Ата-бабаларымыз: «Еңбек

еткеннің екі бүйірі шығады» дегенді

бекер айтпаған ғой. Абай атамыздың

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның

тіленбей» деген нақылы да ешқашан

өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі де

талай буын ұрпақтың өміріне ұран

болары хақ. Менің тағы бір ұстанымым –

сабырлық сақтау. Адам өмірде әртүрлі

кедергілермен кездесіп, небір келеңсіз

оқиғаға тап болады екен. Сол кезде

сүрініп кетпес үшін алдымен айналаға

жақсылап қарап алып, кейін әрекетке

көшкен жөн. Яғни, қандай шешім

қабылдасаң да, ойланып жасаған адам

ешқашан өкінбейтініне көзім жетті, -

дейді Идият Бекболатұлы.

Идият ағаның өмір жолы Май ауданымен

тығыз байланысты. 1975-1979

жылдар аралығында Павлодар облыстық

комсомол комитеті аппаратында, кейін

Май аудандық комсомол комитетінің

бірінші хатшысы қызметтерін ойдағыдай

атқарды. 1979 жылғы қыркүйекте ол

Май ауданы Қазан совхозы партия

комитетінің хатшысы болып сайланды.

...көшіп келген қандасымыз азаматтық алған

күні әлгі үйді атына аударып береміз. Осылай,

19 мың қандасымыздың төрттен бір бөлігіне үй

алып бердік. Жалпы, сол кезде қандастардың көшіп

келуіне билік тарапы жақсы қолдау

,,

көрсетті...

Ал 1981-1992 жылдары аралығында

Май аудандық партия комитетінің

хатшысы, содан кейін бірінші хатшысы,

аудандық халық депутаттары кеңесінің

төрағасы қызметтерін үлкен абыроймен

атқарды. Ол 34 жасында Май ауданын

басқарып, сол кезде еліміздің ең жас

басшыларының бірі болды.

Білетіндердің айтуынша, Идият

ағамыз 25 мың халқы бар ауданды

жеті жыл басқарған уақытында әрбір

кеңшардағы қарапайым жұмыскерлердің,

яғни, малшылар мен механизаторлардың

есімдерін есіне сақтап,

олардың қалай жұмыс істейтініне дейін

біліп отырады екен.

Идият Бекболатұлы халықтың

қоғамдық өміріне де етене араласып,

талай маңызды мәселелерде бой

көрсетіп, үн қосып келді. Атап

айтқанда, екі рет облыстық халық

депутаттары кеңесінің депутаты, екі

рет облыстық мәслихаттың депутаты

және Май аудандық халық депутаттары

кеңесінің төрт шақырылымының депутаты

болып сайланды. Сонымен қатар,

облыстық мәслихат аппаратын құруға

қатысты.

Идият ағамыздың іскерлігі

аймағымыздағы көші-қон саласының

дамуына да зор ықпал етті. 1999-

2007 жылдары аралығында облыстық

көші-қон және демография басқармасын

басқарды. Елдің экономикалық әлеуетінің

төмендігіне қарамастан, шет мемлекеттен

келген қандастарымызды қабылдауды бір

сәтке де тоқтатқан жоқ. Сол жылдары

Атамекенге Моңғолия, Өзбекстан және

Ресей сынды көршілес елдерден

19 мың қандасымыз көшіп келіп,

азаматтық алды. Осы бағытта атқарылған

нәтижелі жұмыстың арқасында облыстың

көші-қон саласы үкімет тапсырмасын

орындау, көші-қон саясатын жүзеге асыру,

бөлінген қаражатты толығымен игеру

рейтингі бойынша елімізде алдыңғы

үштіктен төмен түспеген еді.

- Мен көші-қон саласында жетекшілік

етіп жүрген уақытта Моңғолия, Ресей

және Өзбекстан елдерінен 19 мың

қандасымыз көшіп келіп, Қазақстан

азаматтығын алды. Бір сөзбен айтқанда,

бір ауданның халқы келіп, қосылды.

Біз олардың әрқайсысымен жеке-жеке

жұмыс істеп, баспаналы болуына және

жұмыс тауып еңбек етуіне жағдай

жасадық. Сол кезде көшіп келген

қандастарымызға жеңіл жолмен үй алып

беретін өте тиімді арнайы бағдарлама

болды. Мысалы, бір отбасы Ақсуға

орналасты делік. Ол өзіне ұнаған

үйді таңдап, бізге ұсынады. Біз үй

иесімен сату-сатып алу шартын жасап,

ақшасын аударамыз. Содан кейін үй

көші-қон басқармасының меншігіне

өтеді. Ал көшіп келген қандасымыз

азаматтық алған күні әлгі үйді атына

аударып береміз. Осылай, 19 мың

қандасымыздың төрттен бір бөлігіне

үй алып бердік. Жалпы, сол кезде

қандастардың көшіп келуіне билік тарапы

жақсы қолдау көрсетті, - дейді Идият

Бекболатұлы.

2008-2011 жылдары аралығында

Павлодар облысы Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының орынбасары

болды. Осы жылдары тағы бір үлкен

міндетті мойнына алып, оны абыроймен

атқарып шықты. Атап айтар болсақ,

бүгінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік

мекемесі орналасқан «Достық үйі»

ғимаратының құрылысы басталғаннан

соңына дейін басы-қасында болды. Ал

оның ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

қатысып, «Достық үйінің» символикалық

кілтін Идият Әбдіхалықовтың қолына

табыстаған болатын.

- Бұл өте үлкен жауапкершілігі зор

жұмыс болатын. Ғимараттың құрылысын

2008 жылы 3 қаңтарда бастап, сол жылдың

30 қыркүйегінде аштық. Сол күннен

бастап Қ.Даржұман атындағы ұлттық

жаңғыру мектебі және сол кезде

19 этномәдени бірлестіктер өз

жұмыстарын жандандырды. Сонымен

қатар, әртүрлі спорттық сауықтыру

орындары мен тігін цехтары және басқа

да үйірмелер болды. Жалпы, құрылыс

жұмысын жүргізу және ішін жабдықтау

барысында әртүрлі кедергілер мен

қиындықтар кездесті. Дегенмен, барлық

тосқауылдардан сүрінбей өттік. Мысалы,

ғимараттың ішіне қоятын жиһаздарды

Чехословакия елінен алдырған едік.

Сонда жеткізіп берушілер келісімшартты

біраз кешіктіріп орындады. Бірақ,

құрылысты жоспарлаған уақыттан

кешіктірмей аяқтап, тапсырдық, - дейді

ағамыз.

Одан кейін «Павлодартелерадио»

КМК директоры қызметін атқарып,

2016 жылы құрметті еңбек демалысына

шықты. Сонымен қатар, облыстық

мәслихаттың депутаты ретінде

құқықтық тәртіп және азаматтардың

өтініштері жөніндегі тұрақты комиссияны

басқарды. Ал қазіргі уақытта Қазақстан

халқы Ассамблеясының Қоғамдық

келісім кеңесінің төрағасы қызметін

атқарады.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін

«Халықтар достығы» орденімен, Қазақ

КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен,

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің,

облыс әкімінің және облыстық

мәслихаттың Құрмет грамоталарымен,

Қазақстан Республикасының

тоғыз бірдей мерейтойлық медальдарымен

марапатталған. Сондай-ақ

« О б л ы с қ а с і ң і р г е н е ң б е г і ү ш і н »

төсбелгісінің иегері. Бүгінде Павлодар

облысының, Май және Ақтоғай

аудандарының Құрметті азаматы. Осындай

мерекелі шақта мерейжас иесіне зор

денсаулық, отбасына құт-береке және

қоғамдық жұмыстарында баянды табыс

тілемекпіз.

ЖОЛ

Мерзімінен

бұрын

аяқталды

Павлодар облысында «Ленин – Ақсу –

Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов

қаласы» автомобиль жолының

30 шақырымы жөнделіп, мерзімінен

бұрын пайдалануға берілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі хабарлады. Министрліктің

мәлімдеуінше, аталмыш бағыттағы 165-195 шақырым

аралығындағы жол жөндеу жұмыстарымен «Павлодар

жолдары» компаниясы айналысты. Ал «Жол-Консалтинг»

ЖШС техникалық қадағалау жүргізді. Жобаның

авторы – «Юпитер» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары аясында жол жабындысы мен

жер төсемі толық қалпына келтірілді. Учаскедегі қозғалыс

қарқынының ұлғаюы мүмкін екені ескеріліп, заманауи

материалдар қолданылды. Бұл жолды пайдаланудың

мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Жол қозғалысы

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 200 жол

белгісі мен панно, 2000 метрден астам тосқауыл

қоршаулары, 1500 дабыл бағанасы, көлденең жол

белгілері орнатылып, жасанды құрылыстар орналастырылды.

Жолаушыларға жайлы жағдай жасау

үшін күрделі типтегі санитарлық блоктары бар

5 автопавильон қойылды. Бұдан бөлек, Май ауылының

жанында тротуарлар салынып, қысқа мерзімді демалыс

алаңдары тұрғызылды.

Өз тілшіміз.

Балалар

жүзуді

үйренді

ҚАУІПСІЗДІК

Аймағымызда жыл сайын шомылу

маусымы кезінде жасөспірімдер суға

кетуде. Биыл қайғылы оқиғалардың

алдын алуда төтенше жағдайлар

қызметінің мамандары ұтымды

шешім қабылдаған болатын. Мектеп

жасындағы балаларды жүзуге үйретуде

білім ошағы маңына бассейн орнатуды

қолға алды.

Өзекті мәселеге жауапкершілікпен қараған

Железин ауданында екі білім ошағында бассейндер

орнатылған.

Оқушылар жаз мезгілінде дене шынықтыру

мұғалімінен суда жүзуді, қауіпсіздік ережесін

сақтауды үйренген. Бассейндер Железин №1

орта мектебі мен Михайловка орта мектебінде

орнатылған. Оқушылардың ата-аналары мұндай

мүмкіндік сыйлағандары үшін мектеп ұстаздарына

ризашылықтарын білдірді. Келесі жылы аудандағы

өзге мектептерде де бассейндер орнатылатын

болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 7

«Ленин кенті әкімінің аппараты»

ММ 140015 Павлодар қаласы,

Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3А

кұрылыс, 4-бөлме, анықтама телефондары:

8(7182) 631866; 8(7182)

337317, электронды поштаның

мекен-жайы: akimat_leninski@

inbox.ru, «Ленин кенті әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«SUNQAR» дене шынықтырусауықтыру

кешені»мемлекеттік

қазыналық коммуналдық кәсіпорынның

басшысына бос қызмет

орнына конкурс жариялайды.

Лауазымдық қызметақы басшылық

қызметтегі жұмыстың өтіліне байланысты

- 65833 теңгеден 78929

теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қабылданатын шешімдердің кейінгі

салдарына, ұйымның мүлкін сақтау

мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ

оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық

нәтижелеріне жауап бере отырып;

Ұйымның өндірістік, шаруашылық

және қаржы-экономикалық қызметіне

басшылық жасайды; Ұйымның жұмыс

жоспарын, спорттық жетілдірудің

әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды

даярлаудың жоспарларын және

бағдарламасын бекітеді; Барлық

құрылымдық бөлімшелердің олардың

қызметін жетілдіруге бағытталған

өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын

ұйымдастырады, сондай-ақ олардың

қызметін жоғары жетістіктер спорты

мен бұқаралық спортты дамытуға

бағыттайды; спортшылардың

контингентін қалыптастырады, оқужаттығу

және оқу-тәрбиелік

процестері кезінде спортшылар

мен ұйым қызметкерлерінің өмірі

мен денсаулығын сақтаудың

қажетті жағдайларын жасайды; Өз

ұжымында сыбайлас жемқорлыққа

қарсы комплаенс саясатын орындауды

жүзеге асырады. Қазақстан

Республикасының заңнамасымен

қарастырылған басқа міндеттері.

Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары (немесе жоғары

оқу орнынан кейінгі), педагогикалық

(дене шынықтыру және спорт), заң,

экономика мамандықтары бойынша,

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі

кемінде 5 жыл немесе спорт және

дене шынықтыру саласында кемінде

5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қазақстан Республикасының

Конституциясы; Қазақстан Республикасының

Еңбек, Бюджет, Салық

және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдер туралы (Салық

кодексі) және «Дене шынықтыру

және спорт туралы», «Білім туралы»,

«Қазақстан Республикасындағы

баланың құқықтары туралы»,

«Қазақстан Республикасындағы тіл

туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік

мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып

алу туралы», «Спорттағы допингке

қарсы күрес туралы халықаралық

конвенцияны ратификациялау

туралы» Қазақстан Республикасының

заңдары; дене шынықтыру және

спорт саласындағы нормативтікқұқықтық

актілер; Халықаралық

Олимпиада Комитетінің Хартиясы;

педагогика, психология, физиология

негіздері;

Конкурс Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2015

жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен

бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның

басшысын тағайындау және аттестаттау

жүргізу, сондай-ақ оның

кандидатурасын келісу қағидалары

негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті

құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы

өтініш;

2) мемлекеттік және орыс

тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған

өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың

көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол

болғанда) немесе жеке еңбек

шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс

орнынан жұмысқа қабылданғаны

және еңбек шартының тоқтатылғаны

туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының

бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының

2010 жылғы 23 қарашадағы №907

бұйрығымен (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 6697 болып тіркелді) бекітілген

нысан бойынша бойынша денсаулық

жағдайы туралы анықтама;

7) (3х4) өлшеміндегі 2 фотосурет;

8) Қазақстан Республикасы азаматының

жеке күәлігінің көшірмесі

9) сотталмағандықты растайтын

анықтама.

10) Кірістер мен мүлік туралы

декларация.

Құжаттар БАҚ ресми басылымдарында

конкурс өткізу туралы

хабарландыру жарияланған сәттен

бастап 15 күнтізбелік күн ішінде

келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс:

«Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ

140015 Павлодар қаласы, Ленин

кенті, Макаренко көшесі, 3А құрылыс,

4-бөлме, анықтама телефондары:

8(7182) 631866; 8(7182) 337317.

Әңгімелесуге жіберілген

үміткерлер оны конкурсқа қатысушыларды

әңгімелесуге жіберу туралы

хабардар еткен күннен бастап

күнтізбелік он күн ішінде «Ленин

кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінде өтеді.

Серік Рамазанұлы Сембиновті

еске аламыз

(20164)

Сенім артар серігім, арқа тұтар

арысым, асқар таудай заңғар әкеміз,

ардақты атамыз Серік Рамазанұлы

Сембиновті сағына еске аламыз.

Тағдыр адамды аямайды екен.

Өзіңізді ерте есейтіп, сынақтың

сан түрін бір басыңызға үйіп

бергенмен соқпақ тауып, сүрінбей

өтіп едіңіз. Жаратушымыз да шебер

ғой, Сізді жалғызсыратпады. Жар

сүйіп, артыңыздан тұяқ ергізді.

Халық арасында өмір ағашы деген

атқа ие болған бәйтерек сияқты

тамырыңызды тереңге жайып, бала–

шаға мен немере-шөбере сүюді нәсіп

етті. Ұзақ жылдар төккен тердің

зейнетін көріп, өзіңізден тараған

бұтақтың саясында отырамыз деп едік. Әттең...

Тойымсыз ажал қабырғаңды қайыстырып, өзегіңді өртеп

жіберетінін осыдан бір жыл бұрын анық сезіндік. Жетпістің

желкенін енді көтеріп, қол созым жерде тұрған алтын тойдың

айдынына аяңдаған тұсыңызда арамыздан кете бардыңыз.

Бітімі бөлек, тумысы ерек жаннан айырылу Алланың әмірі

екенін жақсы түсінеміз. Сөйте тұра кей-кейде еркелегіміз келіп

өзіңізді іздейміз. Егіліп жылаймыз. Сағынышымыз сол бір

күздің сары жапырақтарымен сарғайды. Көнеміз. Ендігі жерде

өзімізді өзіміз жұбатамыз. Алладан тілеріміз жатқан жеріңіз

жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Жер-Анамыз жұмақтың

бесігінде тербетсін. Ұрпағыңызға Алла тауфықты ғұмыр берсін.

Еске алушылар – жұбайы Қалимаш,

балалары мен немерелері.

(963)

66-15-42

ЖАРНАМА

66-15-40

Қазақстанда жалпыұлттық

халық санағы әр 10 жыл сайын

өткізіледі. Жоспарлы түрде

2019 жылы өту көзделген санақ

2021 жылға дейін шегерілді. Қазіргі

уақытта елдегі короновирустық

инфекцияның таралуы салдарынан

санақ онлайн нұсқада өз

қызметін бастады.

Аймағымызда халық санағына

осы күнге дейін онлайн режимде

17 мыңнан астам тұрғын қатысқан.

Виртуалды көмекшінің қызметі

мен sanaq.gov.kz, egov.kz сайттары

арқылы сауалнамадан өткен

тұрғындар бойынша Ақсу қаласы

көш бастап келеді. Бұл туралы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық статистика

бюросының Павлодар облысы

бойынша департаментінің басшысы

Жақан Жәкенов хабарлады.

- Бүгінгі таңда қала бойынша

ХАБАРЛАНДЫРУ

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы орталықта

орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы 80

ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі - 15 ш/м. 2 балконы бар.

Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық саябақ пен Диагностикалық

орталыққа және Ертіс жағалауына жақын орналасқан. Байланыс телефоны:

32-95-29, 87014324204.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген уақытта,

мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта» АҚ ПОФ-тың

жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

КӨРМЕ

Елімізде халық санағы Sanaq.gov.

kz, egov.kz сайттары және aitu

мобильді қосымшасы арқылы

15 қазанға дейін онлайн түрде

жүргізіледі.

Санақ

пункттері

жұмысын

бастады

35 пункт онлайн режимде жұмысын

бастады, ал жалпы облыстық деңгейде

258 пункт өз қызметін атқаруда.

Дәстүрлі үздіксіз онлайн-санақтан

өтпеген азаматтарды қамту үшін

1–30 қазан аралығында үй-үйді

аралап, санитарлық нормаларға

сай санақ жүргізіледі. Санаушылар

планшет арқылы сіздің телефон

нөміріңіз бойынша санаққа қатысқан

немесе қатыспағандығыңыз жөнінде

тексеріп, жазбаның қайталануына

жол бермейді, - деп атап өтті

Ж.Жәкенов.

Сонымен қатар, сайт пен мобильді

қосымша арқылы санаққа қатысу

мүмкіндігі тәулік бойы қамтамасыз

етіледі. Әр азамат тұрғылықты жеріне

қарамастан, виртуалды көмекшінің

көмегі мен санақтан өздері және

де отбасы мүшелері үшін сауалнамалар

толтыра алады.

«Үлкен үзіліс»

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану

мұражайында «Үлкен үзіліс» атты мектеп құралдарының

көрмесі ұйымдастырылды. Музейге келушілер

экспозицияны бір ай бойы тамашалай алады.

Көрмеге келмеске кеткен кеңес

дәуіріндегі мектептегі бастауыш

сыныптың инсталяциясы қойылған.

Сол кезеңдегі оқушылардың мектеп

формаларының үлгілері, портфельдер

мен сөмкелер, оқулықтар мен дәптерлер,

сынып тақтасы мен

партасы секілді мектеп жиһаздары,

пәндік кабинеттердің құралжабдықтары,

ескі фотосуреттер,

т.б. заттар өткен тарихтан сыр

шертіп тұр. Бұл - мектеп оқушылары

мен студенттер үшін тарихи

жәдігерлерге толы көрме болса, аға

буын өкілдері үшін балалық шаққа

оралып, өткен күнге саяхаттауға

таптырмас мүмкіндік.

Т.ӘБІЛДА.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8245 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1542

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

КЕЗДЕСУ

Ақын – елдің ардағы!

Жақында «Замандастар» кітабының тұсауын кесіп, оқырманға

жыр жинағын ұсынған белгілі ақын, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері Арман Қанимен кездесу өтті.

Аталмыш шараға аймағымыздағы зиялы

қауым өкілдері мен оқырмандар да қатысты.

Қалалық кітапханада өткен шара ақынның

шығармашылығына арналды. Сондай-ақ, «Ақын –

ел шежіресі» атты арнайы кітап көрмесі

ұйымдастырылды. Ақынның «Замандастар»

кітабының негізінде ұйымдастырылған жиын

барысында қаламгердің шығармашылық

жолы мен қалың оқырманға жол тартқан

жыр жинағы туралы сөз етілді.

- Алғаш рет 4 жасымда Мәди Бәпиұлының

«Қаракесегі» мен Жаяу Мұсаның «Ақсисасын»

тыңдап өскен бала Арманға осы екі әннің

ықпалы зор болды. Мектепте оқып

жүргенімде 8-9-сыныптарда азаматтықсаяси

лирикаға көше бастадым. Нақты

саяси тақырыпқа 14-15 жасымда келдім, -

дейді Арман Қани.

Сонымен бірге, «Замандастар» жинағына

топтастырылған арнау өлеңдерге қатысты

орта буын жас ақындардың пікірі айтылған

бейнеролик көрсетілді.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Суреттер орталық қалалық кітапханадан алынды.

СПОРТ

Боксшы

қыздарға

құрмет

Бокс – спорттың

тартысты әрі

тартымды түрі.

Шаршы алаңда

жұдырықтасу тек

ер азаматтардың

ғана емес, нәзік

жандылардың да

қолынан келеді.

Павлодарлық қыздар

Милана Аюпова мен

Хава Болкоева осыған

дәлел.

Естеріңізге сала кетсек, Біріккен

Араб Әмірліктерінде бокстан жастар

мен жасөспірімдер арасындағы Азия

чемпионаты өткен болатын. 63 келі

салмақта сынға түскен Милана Аюпова

чемпион атанды. Сонымен қатар, 52

ТАҒЗЫМ

Ескерткіш бюсті ашылды

Павлодар педагогикалық

университетінің колледжі

ғимаратының алдында көрнекті

ағартушы педагог Мұсахан

Қанапияновқа арналған

ескерткіш бюсті ашылды.

2004 жылдан бастап шәкірттерін білім нәрімен

сусындатып келе жатқан оқу ордасы 2019 жылы

ғылыми кеңестің шешімімен ППУ-дің Мұсахан

Қанапиянов атындағы Жоғары колледжі болып

өзгертілген болатын. Салтанатты шараға Қазақстан

Жазушылар одағының хатшысы, мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Қанапиянов

және Еуразиялық мәдениет қорының Президенті,

композитор Ерұлан Қанапиянов қатысты.

Шара барысында суретшінің ағасы

Қабдыл-Бари Насыров сөз сөйлеп,

кескіндемешінің бейнелеу саласына қосқан

үлесі жайында баяндады. Туындыларындағы

бейнелерден туған халқының сан ғасырлық

тарихы сезілетінін тілге тиек етті. Аталмыш

бастамаға атсалысқан суретшілер мен

туыстарына, сонымен қатар, мүсінші Дулат

Қаржасовқа ерекше алғысын білдірді.

Өнер - мәңгілік мұра

Шығармашылық жолы мен өмірін халқының мәдениетін

насихаттауға арнап, кәсіби суретші ретінде

батырлар мен қаhармандар бейнесін және де туған

жерінің пейзаждарын бейнелеген суретші Қабдыл-

Ғалым Қаржасовтың есімі Ертіс-Баян өңірінде ерекше

құрметке ие. Қазақстан Суретшілер одағының және

Қаржасов әулетінің бастамасымен Павлодарда

суретшіге арнап мемориалды тақта ашылды.

- «Менде жақсы да болады,

бақсы да болады» деп Қабдыл-Ғалым

ағаның жиі айтатын сөзі әрдайым

есімде. Оның жеке картиналары

қазіргі таңда Қазақстаннан бөлек

Франция, Германия, Канада елдерінде

сақтаулы. Осы тұста өңірімізде есімі

еленіп, мемориалды тақтаның ашылғанына

қуаныштымын, - дейді Қ.Насыров.

Мұсахан Қанапиянов 1918 жылы Павлодар облысының

Төретұмсық елді мекенінде дүниеге келген. Қазақстанның

педагогика саласын дамытуға зор үлес қосқан ол небары

30 жасында облыстық халыққа білім беру бөлімдерін

басқарып, Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының

директоры болған. Асқан білімді және бірнеше Еуропа

және шығыс тілдерін меңгерген жаңашыл педагог ретінде

елдегі білім беру жүйесінің көрнекті ұйымдастырушысы

болды. Мұсахан Қанапиянов – Қазақстанның көрнекті

қайраткерлері Шота Уәлиханов, Кәкімбек Салықов,

Еркін Әуелбеков, Аманолла Рамазанов сынды көптеген

шәкірт тәрбиелеп шығарған ұлы ұстаз.

Шарада аталмыш колледждің үздік педагогы

Қаламқас Нұрғалиева Еуразиялық мәдениет қорының

грантымен марапатталып, колледждің үздік студенті

Тоғжан Байдүйсенге Мұсахан Қанапиянов атындағы

арнайы стипендия тапсырылды.

Т.ӘБІЛДА.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ,

Суретті түсірген - автор.

келі салмақта жұдырықтасатын Хава

Болкоева Азия чемпионатының қола

жүлдесіне ие болды. Қос боксшы да

2003–2004 жылы туған жастар арасында

өнер көрсетті.

Өткен аптада облыстық туризмді

және спортты дамыту жөніндегі басқарма

басшысының міндетін атқарушы Дәуір

Ерғабұлов боксшы қыздарды жеңістерімен

құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.

- Павлодар облысынан көптеген

спорт саңлақтары шыққан. Дубайда

өткен Азия біріншілігінде 51 чемпионның

есімі белгілі болды. Солардың ішінде

павлодарлық Милана Аюпова мен Хава

Болкоева бар. Қыздарымыз топ жарды.

Бұл - үлкен жетістік! - дейді Дәуір

Қуатұлы.

Сондай ақ, бокс жаттықтырушысы

Марат Қырықбаев чемпион қыздарымызға

сәттілік тілеп, алдағы жарыстарға

жаттығу басталып кеткенін де айта

кетті.

- Әр адам спортқа жақын болуы

тиіс. Өзге үшін емес, өзі үшін. Салауатты

өмір салтын ұстанып, спортпен

шұғылданған адамның дені сау, көңілі

шат болады. Себебі, спорт - қуат пен

күштің қайнар көзі. Ал жеңіске жету

үшін еңбектену керек – дейді қос

боксшы қызымыздың жаттықтырушысы

Марат Манарбекұлы.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!