07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

БЕЛЕС

«Жақсы адамдармен

Тілеуберді САХАБА

дос болдым»

Жасынан еліне еңбек етіп, айналасына адалдықтың

үлгісін көрсеткен және сол арқылы өмірден өз орнын

тапқан жандардың жүрген жолы - кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге.

Сондай биік парасатты да ұлағатты адамдардың

бірі – Павлодар облысының Құрметті азаматы, «Халықтар

достығы» орденінің иегері Идият Әбдіхалықов. Өмірінің

50 жылға жуық уақытын әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік

қыметке арнаған ағамыз биыл мерейлі 70 жасқа келіп,

тағы бір биік белесті бағындырып отыр.

Идият Бекболатұлы 1951 жылы

8 қыркүйекте бұрынғы Краснокутск

ауданы Харьковка ауылында қарапайым

жұмыскерлер отбасында дүниеге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1968

жылы Семей зооветеринарлық институтына

түсіп, оны 1973 жылы бітірді. Сол

жылы Краснокутск ауданы «Спартак»

совхозы бөлімшесінің зоотехнигі болып,

еңбек жолын бастады. Міне, Идият

Бекболатұлының қызмет жолындағы үлкен

жетістіктері мен өміріндегі маңызды

баспалдақтар осы қадамнан басталды.

Яғни, кішкентай ғана бөлімшенің

зоотехнигі қызметінен.

- Менің өміріме ылғи жақсы адамдар

жолығып отырды. Мысалы, Уақап

Сыздықов, Мұрат Таниев және Зекеш

Қажыкенов деген азаматтардан мол

тәлім алып, олардың еңбек жолдарын үлгі

тұттым. Яғни, осы үш адамды өзімнің

өмірлік ұстаздарым деп санаймын.

Олар менің еңбек жолымда белгілі

бір жетістікке жетуіме зор ықпал етті.

Жалпы, өзім жасымнан еңбекті сүйіп

өстім және өзіме өте қатаң талап

қойып үйрендім. Соның арқасында

қолыма алған істі шамам келгенше

соңына дейін жеткізбей тынбайтын

едім. Сонымен қатар, жоғарыдағы

ағаларымның артқан сенімін ақтау үшін

де барлық күш-қайратымды жұмсай

білдім. Кейінгі ұрпаққа да осындай

ақыл-кеңес берер едім. Яғни, еңбексіз

адам өспейді және жанжақты дамымайды.

Қазір қарап отырсаңыз, талмай

еңбек еткен адамның табысқа жетпей

қалғанын көрмейміз. Бүгін болмаса да,

ертең өз орнын табады. Бұл – өмірдің

шындығы. Ата-бабаларымыз: «Еңбек

еткеннің екі бүйірі шығады» дегенді

бекер айтпаған ғой. Абай атамыздың

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның

тіленбей» деген нақылы да ешқашан

өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі де

талай буын ұрпақтың өміріне ұран

болары хақ. Менің тағы бір ұстанымым –

сабырлық сақтау. Адам өмірде әртүрлі

кедергілермен кездесіп, небір келеңсіз

оқиғаға тап болады екен. Сол кезде

сүрініп кетпес үшін алдымен айналаға

жақсылап қарап алып, кейін әрекетке

көшкен жөн. Яғни, қандай шешім

қабылдасаң да, ойланып жасаған адам

ешқашан өкінбейтініне көзім жетті, -

дейді Идият Бекболатұлы.

Идият ағаның өмір жолы Май ауданымен

тығыз байланысты. 1975-1979

жылдар аралығында Павлодар облыстық

комсомол комитеті аппаратында, кейін

Май аудандық комсомол комитетінің

бірінші хатшысы қызметтерін ойдағыдай

атқарды. 1979 жылғы қыркүйекте ол

Май ауданы Қазан совхозы партия

комитетінің хатшысы болып сайланды.

...көшіп келген қандасымыз азаматтық алған

күні әлгі үйді атына аударып береміз. Осылай,

19 мың қандасымыздың төрттен бір бөлігіне үй

алып бердік. Жалпы, сол кезде қандастардың көшіп

келуіне билік тарапы жақсы қолдау

,,

көрсетті...

Ал 1981-1992 жылдары аралығында

Май аудандық партия комитетінің

хатшысы, содан кейін бірінші хатшысы,

аудандық халық депутаттары кеңесінің

төрағасы қызметтерін үлкен абыроймен

атқарды. Ол 34 жасында Май ауданын

басқарып, сол кезде еліміздің ең жас

басшыларының бірі болды.

Білетіндердің айтуынша, Идият

ағамыз 25 мың халқы бар ауданды

жеті жыл басқарған уақытында әрбір

кеңшардағы қарапайым жұмыскерлердің,

яғни, малшылар мен механизаторлардың

есімдерін есіне сақтап,

олардың қалай жұмыс істейтініне дейін

біліп отырады екен.

Идият Бекболатұлы халықтың

қоғамдық өміріне де етене араласып,

талай маңызды мәселелерде бой

көрсетіп, үн қосып келді. Атап

айтқанда, екі рет облыстық халық

депутаттары кеңесінің депутаты, екі

рет облыстық мәслихаттың депутаты

және Май аудандық халық депутаттары

кеңесінің төрт шақырылымының депутаты

болып сайланды. Сонымен қатар,

облыстық мәслихат аппаратын құруға

қатысты.

Идият ағамыздың іскерлігі

аймағымыздағы көші-қон саласының

дамуына да зор ықпал етті. 1999-

2007 жылдары аралығында облыстық

көші-қон және демография басқармасын

басқарды. Елдің экономикалық әлеуетінің

төмендігіне қарамастан, шет мемлекеттен

келген қандастарымызды қабылдауды бір

сәтке де тоқтатқан жоқ. Сол жылдары

Атамекенге Моңғолия, Өзбекстан және

Ресей сынды көршілес елдерден

19 мың қандасымыз көшіп келіп,

азаматтық алды. Осы бағытта атқарылған

нәтижелі жұмыстың арқасында облыстың

көші-қон саласы үкімет тапсырмасын

орындау, көші-қон саясатын жүзеге асыру,

бөлінген қаражатты толығымен игеру

рейтингі бойынша елімізде алдыңғы

үштіктен төмен түспеген еді.

- Мен көші-қон саласында жетекшілік

етіп жүрген уақытта Моңғолия, Ресей

және Өзбекстан елдерінен 19 мың

қандасымыз көшіп келіп, Қазақстан

азаматтығын алды. Бір сөзбен айтқанда,

бір ауданның халқы келіп, қосылды.

Біз олардың әрқайсысымен жеке-жеке

жұмыс істеп, баспаналы болуына және

жұмыс тауып еңбек етуіне жағдай

жасадық. Сол кезде көшіп келген

қандастарымызға жеңіл жолмен үй алып

беретін өте тиімді арнайы бағдарлама

болды. Мысалы, бір отбасы Ақсуға

орналасты делік. Ол өзіне ұнаған

үйді таңдап, бізге ұсынады. Біз үй

иесімен сату-сатып алу шартын жасап,

ақшасын аударамыз. Содан кейін үй

көші-қон басқармасының меншігіне

өтеді. Ал көшіп келген қандасымыз

азаматтық алған күні әлгі үйді атына

аударып береміз. Осылай, 19 мың

қандасымыздың төрттен бір бөлігіне

үй алып бердік. Жалпы, сол кезде

қандастардың көшіп келуіне билік тарапы

жақсы қолдау көрсетті, - дейді Идият

Бекболатұлы.

2008-2011 жылдары аралығында

Павлодар облысы Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының орынбасары

болды. Осы жылдары тағы бір үлкен

міндетті мойнына алып, оны абыроймен

атқарып шықты. Атап айтар болсақ,

бүгінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік

мекемесі орналасқан «Достық үйі»

ғимаратының құрылысы басталғаннан

соңына дейін басы-қасында болды. Ал

оның ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

қатысып, «Достық үйінің» символикалық

кілтін Идият Әбдіхалықовтың қолына

табыстаған болатын.

- Бұл өте үлкен жауапкершілігі зор

жұмыс болатын. Ғимараттың құрылысын

2008 жылы 3 қаңтарда бастап, сол жылдың

30 қыркүйегінде аштық. Сол күннен

бастап Қ.Даржұман атындағы ұлттық

жаңғыру мектебі және сол кезде

19 этномәдени бірлестіктер өз

жұмыстарын жандандырды. Сонымен

қатар, әртүрлі спорттық сауықтыру

орындары мен тігін цехтары және басқа

да үйірмелер болды. Жалпы, құрылыс

жұмысын жүргізу және ішін жабдықтау

барысында әртүрлі кедергілер мен

қиындықтар кездесті. Дегенмен, барлық

тосқауылдардан сүрінбей өттік. Мысалы,

ғимараттың ішіне қоятын жиһаздарды

Чехословакия елінен алдырған едік.

Сонда жеткізіп берушілер келісімшартты

біраз кешіктіріп орындады. Бірақ,

құрылысты жоспарлаған уақыттан

кешіктірмей аяқтап, тапсырдық, - дейді

ағамыз.

Одан кейін «Павлодартелерадио»

КМК директоры қызметін атқарып,

2016 жылы құрметті еңбек демалысына

шықты. Сонымен қатар, облыстық

мәслихаттың депутаты ретінде

құқықтық тәртіп және азаматтардың

өтініштері жөніндегі тұрақты комиссияны

басқарды. Ал қазіргі уақытта Қазақстан

халқы Ассамблеясының Қоғамдық

келісім кеңесінің төрағасы қызметін

атқарады.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін

«Халықтар достығы» орденімен, Қазақ

КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен,

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің,

облыс әкімінің және облыстық

мәслихаттың Құрмет грамоталарымен,

Қазақстан Республикасының

тоғыз бірдей мерейтойлық медальдарымен

марапатталған. Сондай-ақ

« О б л ы с қ а с і ң і р г е н е ң б е г і ү ш і н »

төсбелгісінің иегері. Бүгінде Павлодар

облысының, Май және Ақтоғай

аудандарының Құрметті азаматы. Осындай

мерекелі шақта мерейжас иесіне зор

денсаулық, отбасына құт-береке және

қоғамдық жұмыстарында баянды табыс

тілемекпіз.

ЖОЛ

Мерзімінен

бұрын

аяқталды

Павлодар облысында «Ленин – Ақсу –

Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов

қаласы» автомобиль жолының

30 шақырымы жөнделіп, мерзімінен

бұрын пайдалануға берілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі хабарлады. Министрліктің

мәлімдеуінше, аталмыш бағыттағы 165-195 шақырым

аралығындағы жол жөндеу жұмыстарымен «Павлодар

жолдары» компаниясы айналысты. Ал «Жол-Консалтинг»

ЖШС техникалық қадағалау жүргізді. Жобаның

авторы – «Юпитер» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары аясында жол жабындысы мен

жер төсемі толық қалпына келтірілді. Учаскедегі қозғалыс

қарқынының ұлғаюы мүмкін екені ескеріліп, заманауи

материалдар қолданылды. Бұл жолды пайдаланудың

мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Жол қозғалысы

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 200 жол

белгісі мен панно, 2000 метрден астам тосқауыл

қоршаулары, 1500 дабыл бағанасы, көлденең жол

белгілері орнатылып, жасанды құрылыстар орналастырылды.

Жолаушыларға жайлы жағдай жасау

үшін күрделі типтегі санитарлық блоктары бар

5 автопавильон қойылды. Бұдан бөлек, Май ауылының

жанында тротуарлар салынып, қысқа мерзімді демалыс

алаңдары тұрғызылды.

Өз тілшіміз.

Балалар

жүзуді

үйренді

ҚАУІПСІЗДІК

Аймағымызда жыл сайын шомылу

маусымы кезінде жасөспірімдер суға

кетуде. Биыл қайғылы оқиғалардың

алдын алуда төтенше жағдайлар

қызметінің мамандары ұтымды

шешім қабылдаған болатын. Мектеп

жасындағы балаларды жүзуге үйретуде

білім ошағы маңына бассейн орнатуды

қолға алды.

Өзекті мәселеге жауапкершілікпен қараған

Железин ауданында екі білім ошағында бассейндер

орнатылған.

Оқушылар жаз мезгілінде дене шынықтыру

мұғалімінен суда жүзуді, қауіпсіздік ережесін

сақтауды үйренген. Бассейндер Железин №1

орта мектебі мен Михайловка орта мектебінде

орнатылған. Оқушылардың ата-аналары мұндай

мүмкіндік сыйлағандары үшін мектеп ұстаздарына

ризашылықтарын білдірді. Келесі жылы аудандағы

өзге мектептерде де бассейндер орнатылатын

болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!