07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 7

«Ленин кенті әкімінің аппараты»

ММ 140015 Павлодар қаласы,

Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3А

кұрылыс, 4-бөлме, анықтама телефондары:

8(7182) 631866; 8(7182)

337317, электронды поштаның

мекен-жайы: akimat_leninski@

inbox.ru, «Ленин кенті әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«SUNQAR» дене шынықтырусауықтыру

кешені»мемлекеттік

қазыналық коммуналдық кәсіпорынның

басшысына бос қызмет

орнына конкурс жариялайды.

Лауазымдық қызметақы басшылық

қызметтегі жұмыстың өтіліне байланысты

- 65833 теңгеден 78929

теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қабылданатын шешімдердің кейінгі

салдарына, ұйымның мүлкін сақтау

мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ

оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық

нәтижелеріне жауап бере отырып;

Ұйымның өндірістік, шаруашылық

және қаржы-экономикалық қызметіне

басшылық жасайды; Ұйымның жұмыс

жоспарын, спорттық жетілдірудің

әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды

даярлаудың жоспарларын және

бағдарламасын бекітеді; Барлық

құрылымдық бөлімшелердің олардың

қызметін жетілдіруге бағытталған

өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын

ұйымдастырады, сондай-ақ олардың

қызметін жоғары жетістіктер спорты

мен бұқаралық спортты дамытуға

бағыттайды; спортшылардың

контингентін қалыптастырады, оқужаттығу

және оқу-тәрбиелік

процестері кезінде спортшылар

мен ұйым қызметкерлерінің өмірі

мен денсаулығын сақтаудың

қажетті жағдайларын жасайды; Өз

ұжымында сыбайлас жемқорлыққа

қарсы комплаенс саясатын орындауды

жүзеге асырады. Қазақстан

Республикасының заңнамасымен

қарастырылған басқа міндеттері.

Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары (немесе жоғары

оқу орнынан кейінгі), педагогикалық

(дене шынықтыру және спорт), заң,

экономика мамандықтары бойынша,

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі

кемінде 5 жыл немесе спорт және

дене шынықтыру саласында кемінде

5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қазақстан Республикасының

Конституциясы; Қазақстан Республикасының

Еңбек, Бюджет, Салық

және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдер туралы (Салық

кодексі) және «Дене шынықтыру

және спорт туралы», «Білім туралы»,

«Қазақстан Республикасындағы

баланың құқықтары туралы»,

«Қазақстан Республикасындағы тіл

туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік

мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып

алу туралы», «Спорттағы допингке

қарсы күрес туралы халықаралық

конвенцияны ратификациялау

туралы» Қазақстан Республикасының

заңдары; дене шынықтыру және

спорт саласындағы нормативтікқұқықтық

актілер; Халықаралық

Олимпиада Комитетінің Хартиясы;

педагогика, психология, физиология

негіздері;

Конкурс Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2015

жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен

бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның

басшысын тағайындау және аттестаттау

жүргізу, сондай-ақ оның

кандидатурасын келісу қағидалары

негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті

құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы

өтініш;

2) мемлекеттік және орыс

тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған

өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың

көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол

болғанда) немесе жеке еңбек

шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс

орнынан жұмысқа қабылданғаны

және еңбек шартының тоқтатылғаны

туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының

бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының

2010 жылғы 23 қарашадағы №907

бұйрығымен (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 6697 болып тіркелді) бекітілген

нысан бойынша бойынша денсаулық

жағдайы туралы анықтама;

7) (3х4) өлшеміндегі 2 фотосурет;

8) Қазақстан Республикасы азаматының

жеке күәлігінің көшірмесі

9) сотталмағандықты растайтын

анықтама.

10) Кірістер мен мүлік туралы

декларация.

Құжаттар БАҚ ресми басылымдарында

конкурс өткізу туралы

хабарландыру жарияланған сәттен

бастап 15 күнтізбелік күн ішінде

келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс:

«Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ

140015 Павлодар қаласы, Ленин

кенті, Макаренко көшесі, 3А құрылыс,

4-бөлме, анықтама телефондары:

8(7182) 631866; 8(7182) 337317.

Әңгімелесуге жіберілген

үміткерлер оны конкурсқа қатысушыларды

әңгімелесуге жіберу туралы

хабардар еткен күннен бастап

күнтізбелік он күн ішінде «Ленин

кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінде өтеді.

Серік Рамазанұлы Сембиновті

еске аламыз

(20164)

Сенім артар серігім, арқа тұтар

арысым, асқар таудай заңғар әкеміз,

ардақты атамыз Серік Рамазанұлы

Сембиновті сағына еске аламыз.

Тағдыр адамды аямайды екен.

Өзіңізді ерте есейтіп, сынақтың

сан түрін бір басыңызға үйіп

бергенмен соқпақ тауып, сүрінбей

өтіп едіңіз. Жаратушымыз да шебер

ғой, Сізді жалғызсыратпады. Жар

сүйіп, артыңыздан тұяқ ергізді.

Халық арасында өмір ағашы деген

атқа ие болған бәйтерек сияқты

тамырыңызды тереңге жайып, бала–

шаға мен немере-шөбере сүюді нәсіп

етті. Ұзақ жылдар төккен тердің

зейнетін көріп, өзіңізден тараған

бұтақтың саясында отырамыз деп едік. Әттең...

Тойымсыз ажал қабырғаңды қайыстырып, өзегіңді өртеп

жіберетінін осыдан бір жыл бұрын анық сезіндік. Жетпістің

желкенін енді көтеріп, қол созым жерде тұрған алтын тойдың

айдынына аяңдаған тұсыңызда арамыздан кете бардыңыз.

Бітімі бөлек, тумысы ерек жаннан айырылу Алланың әмірі

екенін жақсы түсінеміз. Сөйте тұра кей-кейде еркелегіміз келіп

өзіңізді іздейміз. Егіліп жылаймыз. Сағынышымыз сол бір

күздің сары жапырақтарымен сарғайды. Көнеміз. Ендігі жерде

өзімізді өзіміз жұбатамыз. Алладан тілеріміз жатқан жеріңіз

жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Жер-Анамыз жұмақтың

бесігінде тербетсін. Ұрпағыңызға Алла тауфықты ғұмыр берсін.

Еске алушылар – жұбайы Қалимаш,

балалары мен немерелері.

(963)

66-15-42

ЖАРНАМА

66-15-40

Қазақстанда жалпыұлттық

халық санағы әр 10 жыл сайын

өткізіледі. Жоспарлы түрде

2019 жылы өту көзделген санақ

2021 жылға дейін шегерілді. Қазіргі

уақытта елдегі короновирустық

инфекцияның таралуы салдарынан

санақ онлайн нұсқада өз

қызметін бастады.

Аймағымызда халық санағына

осы күнге дейін онлайн режимде

17 мыңнан астам тұрғын қатысқан.

Виртуалды көмекшінің қызметі

мен sanaq.gov.kz, egov.kz сайттары

арқылы сауалнамадан өткен

тұрғындар бойынша Ақсу қаласы

көш бастап келеді. Бұл туралы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық статистика

бюросының Павлодар облысы

бойынша департаментінің басшысы

Жақан Жәкенов хабарлады.

- Бүгінгі таңда қала бойынша

ХАБАРЛАНДЫРУ

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы орталықта

орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы 80

ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі - 15 ш/м. 2 балконы бар.

Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық саябақ пен Диагностикалық

орталыққа және Ертіс жағалауына жақын орналасқан. Байланыс телефоны:

32-95-29, 87014324204.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген уақытта,

мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта» АҚ ПОФ-тың

жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

КӨРМЕ

Елімізде халық санағы Sanaq.gov.

kz, egov.kz сайттары және aitu

мобильді қосымшасы арқылы

15 қазанға дейін онлайн түрде

жүргізіледі.

Санақ

пункттері

жұмысын

бастады

35 пункт онлайн режимде жұмысын

бастады, ал жалпы облыстық деңгейде

258 пункт өз қызметін атқаруда.

Дәстүрлі үздіксіз онлайн-санақтан

өтпеген азаматтарды қамту үшін

1–30 қазан аралығында үй-үйді

аралап, санитарлық нормаларға

сай санақ жүргізіледі. Санаушылар

планшет арқылы сіздің телефон

нөміріңіз бойынша санаққа қатысқан

немесе қатыспағандығыңыз жөнінде

тексеріп, жазбаның қайталануына

жол бермейді, - деп атап өтті

Ж.Жәкенов.

Сонымен қатар, сайт пен мобильді

қосымша арқылы санаққа қатысу

мүмкіндігі тәулік бойы қамтамасыз

етіледі. Әр азамат тұрғылықты жеріне

қарамастан, виртуалды көмекшінің

көмегі мен санақтан өздері және

де отбасы мүшелері үшін сауалнамалар

толтыра алады.

«Үлкен үзіліс»

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану

мұражайында «Үлкен үзіліс» атты мектеп құралдарының

көрмесі ұйымдастырылды. Музейге келушілер

экспозицияны бір ай бойы тамашалай алады.

Көрмеге келмеске кеткен кеңес

дәуіріндегі мектептегі бастауыш

сыныптың инсталяциясы қойылған.

Сол кезеңдегі оқушылардың мектеп

формаларының үлгілері, портфельдер

мен сөмкелер, оқулықтар мен дәптерлер,

сынып тақтасы мен

партасы секілді мектеп жиһаздары,

пәндік кабинеттердің құралжабдықтары,

ескі фотосуреттер,

т.б. заттар өткен тарихтан сыр

шертіп тұр. Бұл - мектеп оқушылары

мен студенттер үшін тарихи

жәдігерлерге толы көрме болса, аға

буын өкілдері үшін балалық шаққа

оралып, өткен күнге саяхаттауға

таптырмас мүмкіндік.

Т.ӘБІЛДА.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8245 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1542

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!