07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 3

БИЛІК

Жексенбі күні Павлодар

қаласына қарасты

Жетекші ауылы

әкімінің сайлауы өтті.

Тұрғындардың басым

бөлігі «Nur Otan» партиясынан

ұсынылған

кандидат - Нұрлыбек

Әбдірахмановты

қолдады.

Жетекші ауылына бұған

дейін басшылық еткен Есімхан

Құрмантаевтың уәкілеттілігі мерзімінен

бұрын аяқталған болатын.

Сол себепті ауыл әкімін сайлау

ұйымдастырылып, екі кандидат

НАРЫҚ

Жетекшіде –

жаңа әкім

тіркелді. Нұрлыбек Әбдірахманов -

«Nur Otan партиясының үміткері.

Ал Олжас Жакин өз-өзін ұсынды.

Павлодар қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының мәліметіне

сүйенсек, №134 сайлау округінде

1576 дауыс беруші бар. Оның

1163-і өз таңдауын жасады.

30 бюллетень жарамсыз болып

танылды. Сондай-ақ, 17 сайлаушы

«Барлығына қарсы» деген жолды

белгілеп, үміткерлердің ешқайсысын

қолдамайтынын білдірді.

Сайлау қорытындысы бойынша,

тұрғындардың 1018 даусына ие

болған Нұрлыбек Әбдірахманов

Жетекші ауылының әкімі болып

сайланды. Ол бұған дейін Павлодар

қаласының кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы

қызметін атқарған болатын. Ал

Олжас Жакинге 98 сайлаушы

дауыс берді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ӨҢІР

Алдағы бес жыл аралығында Екібастұз қаласының

экономикасына 850 млрд теңге көлемінде инвестиция

тартылмақ. Кеншілер шаһарының өндірістік

әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар

қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр.

Инвестиция

көлемі артты

Шағын аудандарда

сатылады

Сенбі күні алғаш рет ауыл шаруашылық жәрмеңкелері облыс орталығындағы

шағын аудандарда өтті. Мұндай әлеуметтік сату нүктелері әр сенбі

сайын ұйымдастырылмақ.

Әдетте ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі «Квазар» сауда үйінің

маңындағы орталық алаңда өтетіні

белгілі. Десе де, бұл аумақтың

таңдалуы қаланың шеткі шағын

аудандарында тұратын кейбір

азаматтарға, әсіресе зейнеткерлерге

қолайсыздық тудыратыны

бар. Сондықтан тұрғындарға

ыңғайлы жағдай жасау мақсатында

Усолка, Дачный, Химқалашық және

Восточный шағын аудандарында

да жәрмеңке өтті.

Павлодар қалалық кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы

бөлімінің сектор меңгерушісі Әсел

Кенжалинаның айтуынша, мұндай

әлеуметтік сату нүктелерінде өнімдер

үстемеақысыз сатылады.

- Тауар өндірушілер мен сатып

алушылар арасында делдалдар

болмайды. Соның есебінен өнімдерді

арзан бағамен ұсынуға мүмкіндік

туады. Мәселен, сенбілік жәрмеңке

кезінде картоп пен сәбіз 90, пияз

бен қырыққабат 110, өсімдік майы

630 және жұмыртқаның ондығы

270 теңгеден сатылды, - дейді

Ә.Кенжалина.

Усолка шағын ауданының тұрғыны

Любовь Сычиванованың

айтуынша, жәрмеңкелердің шағын

аудандарда ұйымдастырылуы өте

тиімді.

- Енді арзан өнімдерді орталыққа

бармай-ақ қолжетімді бағаға алуға

болады. Бұрынғыдай ауыр сөмкелерді

автобуспен тасымаймыз. Оған қоса,

қазіргі эпидемиологиялық жағдайда

бұл оңтайлы шешім болды деп

ойлаймын. Себебі бір орында

ұйымдастырылса, адам қарасы

көбейіп, әлеуметтік қашықтықты

сақтау қиынға соғатын еді, - дейді

зейнеткер.

Еске сала кетейік, облыс

орталығында 92 әлеуметтік дүкен

бар. Бұл сауда орындарында да

күн сайын бірінші кезекте керек

тауарларды төмен бағаға алуға

болады.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Екібастұз қаласының әкімі

Ардақ Қаңтарбаев Өңірлік

коммуникациялар қызметінде

өткен брифинг барысында жыл

басынан бері 88,5 млрд теңге

инвестиция құйылғанын айтты. Бұл

өткен жылдың сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 41 пайызға көп. Бұл

ретте шаһар басшысы «Богатырь

Көмір» кенішінің автоконвейерлік

технологияға көшуі мен «Проммамшкомплект»

кәсіпорнының

бекіту құралдарының өндірісін

қолға алуы инвестиция көлемінің

артуына оң әсерін бергенін атап

өтті.

- Екібастұз өңірінде кәсіпкерлердің

жеке қаржысы есебінен

жүзеге асып жатқан және жобажоспары

дайын іргелі істер аз

емес. Солардың ішінен еліміздің

Индустрияландыру картасына

енген екі жобаны айрықша атап

өтуге болады. Бірі - ферроқорытпа,

екіншісі - болат құрсау

мен соғылған металдан жасалған

бұйымдар өндірісі - деді

А.Қаңтарбаев.

«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС

жылына 240 мың тонна ферроқорытпа

алу бағытына

55 млрд теңге көлемінде инвестиция

құймақ. Бұл зауытта

800 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал «Rail Cast Systems» ЖШС

70 млрд теңгеден астам жеке

қаражатына жылына 100 мың

бұйым шығаратын өндіріс орнын

салуды жоспарлап отыр. Дайын

өнімнің 81 пайызы экспортқа

жөнелтіледі. Қалған 29 пайызы

импорттық өнімдерді толығымен

алмастыруға жетеді. Сондай-ақ,

мұнда 500 жаңа жұмыс орны

құрылады.

Ардақ Амангелдіұлы техникалық

кремний зауытының жобасына да

тоқталды. Бүгінде бұл кәсіпорынды

электр энергиясымен қамтитын

қосалқы станцияның 70 пайызы

дайын. Құрылыс жұмыстары осы

жылдың соңына дейін аяқталуы

тиіс. Келесі жылы өндіріс орнының

қазығы қағылып, 2023 жылы

іске қосылады. Жобаның жалпы

құны - 60 млрд теңге.

Жалпы, Екібастұз қаласын

кешенді дамыту жоспарына сәйкес,

2021-2025 жылдар аралығында

қала экономикасына 850 млрд

теңге көлемінде қаражат тарту

жоспарланып отыр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суреттер газет

мұрағатынан алынды.

Басы 1-бетте

Жанарларға жарық сыйлауда

Жекеменшік орталық міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесі аясында

халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Көз клиникасының директоры Айжан

Ахмерова медициналық кешен МӘМС

аясында қызмет көрсетуге келісім берген

алғашқы орталықтардың бірі екенін атап өтті.

Мұндағы білікті әрі тәжірибелі мамандар

өңір тұрғындарына қажетті ем-шараны,

күрделі отаны жүргізуге көмектеседі. Ол

үшін шет елге немесе Қазақсанның өзге

қалаларына бару қажет емес. Көру қабілеті

нашар адамдар сақтандыру жүйесі аясында

отаны тегін жасай алады.

- Мемлекеттік тапсырыс аясында жылына

300 ота жүргізіледі. Квота аясында катарактаны

емдеп қана қоймай, хрустальді

линзаны да орнатамыз. Сонымен қатар,

науқастардың жағдайына байланысты

күрделі емдеу әдістері де жүргізіледі.

Мысалы, жылдар бойы алыстан нашар

көретін адамдардың көру қабілетін жақсарта

аламыз. Осы шараларды жүргізуде мекемеде

қажетті технологияның бәрі бар. Ақылы

негізде немесе МӘМС аясында емделетін

адамдарға бірдей жағдай жасалған. Операциядан

кейін де науқастардың жағдайы

бір ай көлемінде бақылауда болады. Оның

толық жазылып кетуі де қадағаланады. Қант

диабетімен ауыратын адамдар көздеріне

ота жасағаннан кейін жағдайы нашарлауы

мүмкін. Міне, осы жағдайды қатаң қадағалап,

денсаулығының әлсіреуіне жол бермейміз.

Емделушілердің орталықтан көңілді кетуіне

жағдай жасаймыз, - дейді Айжан Ахмерова.

Аталмыш клиника - МӘМС аясында

қызмет көрсетуге келісім берген алғашқы

орталықтардың бірі. Мекеме директорының

сөзінше, мұнда ай сайын сақтандыру жүйесі

аясында 22-25 науқастың көзіне ота жасалады.

- Алайда біздің мекеменің мүмкіндігі

бұдан әлдеқайда жоғары. Біз күніне

25-30 науқасқа операция жасауға қауқарлымыз.

Клиникада республикалық деңгейдегі

жоғары білікті 6 офтальмохирург жұмыс

істейді. Олардың барлығы да тәжірибелі.

Жалпы, жекеменшік клиникалардың МӘМС

аясында қызмет көрсетуі халыққа өте

пайдалы екенін айтқым келеді. Өкінішке

қарай, сақтандыру жүйесі аясында барлық

медициналық көмекті көрсете алмаймыз.

Мысалы, науқастардың көру қабілетінің

нашарлауына әкеліп соқтыратын қосымша

және созылмалы сырқат кезінде линзаның

күрделі түрлерін орнату талап етіледі. Сонымен

қатар, емделушіге барлық қашықтан көруге

мүмкіндік беретін линзалар бар. Бірақ олар

МӘМС аясында қаржыландырылмайды.

Сондықтан кейбір науқастар ота үшін

қаржыны қалтасынан төлейді. Болашақта

бұл мәселе шешіледі деген үміттеміз, -

дейді А.Ахмерова.

2016 жылы ашылған көз клиникасында

5 жылдың ішінде емделушілердің саны

артып, ота жүргізу қауқары екі есеге

көбейген. Мұнда Ресей Федерациясының

заманауи медициналық клиникалары мен

Қазақстанның өзге қалаларында жоқ тың

технологиялар бар.

Мекемеде МӘМС аясында дәрігерден

тегін кеңес алып, емдеу шарасына қатысуға

болады. Бұл ретте мекеме бірқатар емханалармен

келісімшарт жасаған. Ал отаға

квота алу үшін емханадан жолдама қажет

емес. Емделуші дәрігер кеңесіне жүгінгеннен

кейін оған қорытынды қағазы беріледі.

Сол арқылы мекеме мамандары оны квота

кезегіне қояды. Яғни, емделуші отаны тегін

алу үшін арлы-берлі жүгірмейді. Тек науқас

сақтандырылған болуы тиіс.

- Елімізде медицина саласы жыл сайын

қарыштап дамып келеді. Президент биылғы

Жолдауында осы салаға бөлінетін қаржы

көлемі ұлғаятынын айтты. Осы ретте, МӘМС

аясында көрсетілетін қызмет түрлерінің

қатары көбейсе деген тілек бар. Халық

та сақтандыру жүйесінің тиімділігін көретін

еді. Мекемедегі бағасы 300 мың, 450 мың

және 700 мың теңге тұратын оталар ақылы

негізде жасалады. Мұндай операциялардың

құны мемлекет тарапынан қаржыландырылса,

тұрғындарға жағдай жасалатыны анық.

Сәйкесінше, медициналық мекемелерде

заманауи тың технологиялардың қатары

артатыны сөзсіз, - дейді А.Ахмерова.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!