07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

КЕЗДЕСУ

Ақын – елдің ардағы!

Жақында «Замандастар» кітабының тұсауын кесіп, оқырманға

жыр жинағын ұсынған белгілі ақын, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері Арман Қанимен кездесу өтті.

Аталмыш шараға аймағымыздағы зиялы

қауым өкілдері мен оқырмандар да қатысты.

Қалалық кітапханада өткен шара ақынның

шығармашылығына арналды. Сондай-ақ, «Ақын –

ел шежіресі» атты арнайы кітап көрмесі

ұйымдастырылды. Ақынның «Замандастар»

кітабының негізінде ұйымдастырылған жиын

барысында қаламгердің шығармашылық

жолы мен қалың оқырманға жол тартқан

жыр жинағы туралы сөз етілді.

- Алғаш рет 4 жасымда Мәди Бәпиұлының

«Қаракесегі» мен Жаяу Мұсаның «Ақсисасын»

тыңдап өскен бала Арманға осы екі әннің

ықпалы зор болды. Мектепте оқып

жүргенімде 8-9-сыныптарда азаматтықсаяси

лирикаға көше бастадым. Нақты

саяси тақырыпқа 14-15 жасымда келдім, -

дейді Арман Қани.

Сонымен бірге, «Замандастар» жинағына

топтастырылған арнау өлеңдерге қатысты

орта буын жас ақындардың пікірі айтылған

бейнеролик көрсетілді.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Суреттер орталық қалалық кітапханадан алынды.

СПОРТ

Боксшы

қыздарға

құрмет

Бокс – спорттың

тартысты әрі

тартымды түрі.

Шаршы алаңда

жұдырықтасу тек

ер азаматтардың

ғана емес, нәзік

жандылардың да

қолынан келеді.

Павлодарлық қыздар

Милана Аюпова мен

Хава Болкоева осыған

дәлел.

Естеріңізге сала кетсек, Біріккен

Араб Әмірліктерінде бокстан жастар

мен жасөспірімдер арасындағы Азия

чемпионаты өткен болатын. 63 келі

салмақта сынға түскен Милана Аюпова

чемпион атанды. Сонымен қатар, 52

ТАҒЗЫМ

Ескерткіш бюсті ашылды

Павлодар педагогикалық

университетінің колледжі

ғимаратының алдында көрнекті

ағартушы педагог Мұсахан

Қанапияновқа арналған

ескерткіш бюсті ашылды.

2004 жылдан бастап шәкірттерін білім нәрімен

сусындатып келе жатқан оқу ордасы 2019 жылы

ғылыми кеңестің шешімімен ППУ-дің Мұсахан

Қанапиянов атындағы Жоғары колледжі болып

өзгертілген болатын. Салтанатты шараға Қазақстан

Жазушылар одағының хатшысы, мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Қанапиянов

және Еуразиялық мәдениет қорының Президенті,

композитор Ерұлан Қанапиянов қатысты.

Шара барысында суретшінің ағасы

Қабдыл-Бари Насыров сөз сөйлеп,

кескіндемешінің бейнелеу саласына қосқан

үлесі жайында баяндады. Туындыларындағы

бейнелерден туған халқының сан ғасырлық

тарихы сезілетінін тілге тиек етті. Аталмыш

бастамаға атсалысқан суретшілер мен

туыстарына, сонымен қатар, мүсінші Дулат

Қаржасовқа ерекше алғысын білдірді.

Өнер - мәңгілік мұра

Шығармашылық жолы мен өмірін халқының мәдениетін

насихаттауға арнап, кәсіби суретші ретінде

батырлар мен қаhармандар бейнесін және де туған

жерінің пейзаждарын бейнелеген суретші Қабдыл-

Ғалым Қаржасовтың есімі Ертіс-Баян өңірінде ерекше

құрметке ие. Қазақстан Суретшілер одағының және

Қаржасов әулетінің бастамасымен Павлодарда

суретшіге арнап мемориалды тақта ашылды.

- «Менде жақсы да болады,

бақсы да болады» деп Қабдыл-Ғалым

ағаның жиі айтатын сөзі әрдайым

есімде. Оның жеке картиналары

қазіргі таңда Қазақстаннан бөлек

Франция, Германия, Канада елдерінде

сақтаулы. Осы тұста өңірімізде есімі

еленіп, мемориалды тақтаның ашылғанына

қуаныштымын, - дейді Қ.Насыров.

Мұсахан Қанапиянов 1918 жылы Павлодар облысының

Төретұмсық елді мекенінде дүниеге келген. Қазақстанның

педагогика саласын дамытуға зор үлес қосқан ол небары

30 жасында облыстық халыққа білім беру бөлімдерін

басқарып, Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының

директоры болған. Асқан білімді және бірнеше Еуропа

және шығыс тілдерін меңгерген жаңашыл педагог ретінде

елдегі білім беру жүйесінің көрнекті ұйымдастырушысы

болды. Мұсахан Қанапиянов – Қазақстанның көрнекті

қайраткерлері Шота Уәлиханов, Кәкімбек Салықов,

Еркін Әуелбеков, Аманолла Рамазанов сынды көптеген

шәкірт тәрбиелеп шығарған ұлы ұстаз.

Шарада аталмыш колледждің үздік педагогы

Қаламқас Нұрғалиева Еуразиялық мәдениет қорының

грантымен марапатталып, колледждің үздік студенті

Тоғжан Байдүйсенге Мұсахан Қанапиянов атындағы

арнайы стипендия тапсырылды.

Т.ӘБІЛДА.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ,

Суретті түсірген - автор.

келі салмақта жұдырықтасатын Хава

Болкоева Азия чемпионатының қола

жүлдесіне ие болды. Қос боксшы да

2003–2004 жылы туған жастар арасында

өнер көрсетті.

Өткен аптада облыстық туризмді

және спортты дамыту жөніндегі басқарма

басшысының міндетін атқарушы Дәуір

Ерғабұлов боксшы қыздарды жеңістерімен

құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.

- Павлодар облысынан көптеген

спорт саңлақтары шыққан. Дубайда

өткен Азия біріншілігінде 51 чемпионның

есімі белгілі болды. Солардың ішінде

павлодарлық Милана Аюпова мен Хава

Болкоева бар. Қыздарымыз топ жарды.

Бұл - үлкен жетістік! - дейді Дәуір

Қуатұлы.

Сондай ақ, бокс жаттықтырушысы

Марат Қырықбаев чемпион қыздарымызға

сәттілік тілеп, алдағы жарыстарға

жаттығу басталып кеткенін де айта

кетті.

- Әр адам спортқа жақын болуы

тиіс. Өзге үшін емес, өзі үшін. Салауатты

өмір салтын ұстанып, спортпен

шұғылданған адамның дені сау, көңілі

шат болады. Себебі, спорт - қуат пен

күштің қайнар көзі. Ал жеңіске жету

үшін еңбектену керек – дейді қос

боксшы қызымыздың жаттықтырушысы

Марат Манарбекұлы.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!