07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 5

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Жеті көшенің жолы

жөнделеді

Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында бірқатар игі істер атқарылуда. Солардың

бірі – ауыл ішіндегі жолдарды ретке келтіру.

Қалқаман ауылдық округі әкімдігінің

мәліметі бойынша, биыл Суптель,

Кутузов, Советская, Мингалиев, Новостроительная,

45 лет Октября және

Промышленная көшелеріндегі жолдар

жөнделеді. Аталмыш көшелердегі жолдың

жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайды.

Мердігер компания – «Гордорстрой» ЖШС.

Аталмыш серіктестік алдымен қиыршық

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

тас, кейін асфальт жабындысын төсейді.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар

қызу жүріп жатыр.

Кент тұрғындары соңғы жылдары

ой-шұңқыры көбейген жолдардың

тақтайдай тегіс болатынына қуанышты.

Енді жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер

де жол азабын тартпайды.

Ауылға оралды

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бастау» бағыты

бойынша арнайы курстан өтіп, кәсіп ашқандардың қатарында

Әділ Дүйсенбеков те бар. 34 жастағы кәсіпкер - Жасқайрат

ауылының тұрғыны.

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

-

ЕРТІС АУДАНЫ

Алғашқы мешіт

Екібастұз қаласына қарасты Шідерті кентінде тұңғыш рет мешіт

бой көтеруде. Имандылық үйі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық

мерейтойына орай пайдалануға берілмек.

Мешіттің құрылысына бастамашы

болған азаматтардың бірі Жәрдембек

Моңғолханның айтуынша, құрылыс

жұмыстары 2019 жылдың сәуір айында

басталды. Бүгінгі күні мешіттің қабырғасы

қаланып, шатыры жабылып, күмбезі орнатылды.

Айналасы қоршалып, аумағы

абаттандырылуда. Сонымен бірге, мешіт

жанына асхана мен дәретхана салынуда.

Құрылысқа ниет білдірген жандардың

бірі қаржылай көмек көрсетсе, енді бірі

құрылыс материалдарын алып берді.

Қазіргі таңда мешіттің құжаттарын

рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

- 200 кісіге лайықталған мешіттің

құрылысы аяқталып, құжаты рәсімделген

Мәдениет үйі ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

Ертіс ауданының Қызылжар ауылында мәдениет үйі ашылды.

Мекеме іші заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңадан

музыкалық құрал-жабдықтар алынды.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының

аясында бос тұрған құрылыс нысаны

заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден

өткізілді. Ауыл сәнін келтірген ғимарат

бірнеше әкімшілік мекемені қамтитын

ауылдың көпфункционалды орталығына

соң Екібастұз қалалық мешітіне тапсырылады.

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының шешімімен кент мешіті

қалалық мешіттің филиалы ретінде тіркеледі.

Қайырымды іске қолын созып, көмек

ұсынған жандардың бәріне ризашылығым

шексіз, – дейді Ж.Моңғолхан.

Жекелеген кәсіпкерлердің, жергілікті

жұртшылықтың атсалысуымен салынған

Алла үйіне жақында қалалық мәслихат

депутаты, «Гидропром» ЖШС-нің басшысы

Исламбек Құлтуманов қаржылай көмек

көрсетіп, құрылыс материалдарымен

қамтамасыз етті.

Ж.ЖӘЛЕЛҰЛЫ.

айналды. Ауыл әкімдігі, мәдениет үйі,

учаскелік полиция бөлімі, ауыл поштасы,

фельдшерлік-акушерлік пунктінің бір

шатырдың астында орналасуы тұрғындарға

өте қолайлы.

Өз тілшіміз.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Көп жылғы еңбектің жемісі

Алматы қаласындағы Политехникалық

университетте инженер мамандығы бойынша

білім алған. Сол өңірде он жылдай еңбек

етіп, туған ауылына оралды. Мал санын

арттырып, шабындық жердің көлемін

ұлғайтуды мақсат еткен ол 556 мың

теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа

ие болған. Кейін төмендетілген пайызбен

6 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп,

шабындық жерді жалға алған. Алдағы

уақытта шаруашылыққа қажетті техника

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Қолжетімді жәрмеңке

Әр аптаның сенбісі аудан орталығында ауылшаруашылық

жәрмеңкесі өткізіледі. Жуырда Железинка, Лесной, Новомир

және Прииртышск ауылдық округінің шаруа қожалықтары

жем-шөп өнімдерін ұсынды.

Төрт округтің шаруалары жәрмеңкеге

жем, сұлы, шөп өнімдерін әкеліп, сатылымға

шығарды. Жәрмеңкеде 2 тонна жем,

200-250 келі 12 рулонды шөп, 4,5 тонна

сұлы сатылды. Бағасы да қолжетімді

екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық

жәрмеңкесінде ауыл тұрғындары өз

өнімдерін әкеліп, сатылымға қойды.

Мұнда жәрмеңкеге келушілерге қой

еті, май, шұжық өнімдері ұсынылды.

алып, кәсібін одан әрі дамытуды жоспарлауда.

- Ауылға келіп, мемлекеттік бағдарламаның

көмегімен жеке кәсібімді ашып отырмын.

Несие алуда құжаттарды рәсімдеуге

көмектескен жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасына алғысымды білдіремін. Ауыл

гүлденсе, еліміз де көркейеді. Жастарды

осы бағдарламаға қатысуға шақырамын, -

дейді кәсіпкер.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ауданның кәсіпкерлік және

ауылшаруашылық бөлімі ауқымды шара

әр сенбі сайын ұйымдастырылатынын

айтады.

Атап өтерлігі, жәрмеңкеге келген

азаматтарға орталық базар жанында

орналасқан көшпелі егу бөлімшесінде

вакцина алуға мүмкіндік жасалды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Павлодар ауданы Жаңа қала ауылындағы «Болашақ» шаруа

қожалығы жыл сайын егілетін көкөніс көлемін арттырып

келеді. Биыл да шаруашылық мол өнім алудан үмітті.

«Болашақ» шаруа қожалығы осыдан

20 жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде

табысты кәсіпті үшінші ұрпақ жалғастыруда.

Атап айтқанда, көкөніс шаруашылығына

Тарип Жүнісов жетекшілік етеді. Бұған

дейін оның әкесі Зейнолла Жүнісов

басшылық жасаған еді. Ал қожалықтың

негізін атасы Әбдірахман қалады.

Тарип Жүнісов әке, ата жолын жалғауды

жөн санады. Биыл көкөністің түр-түрі

егістік алқаптары мен 18 жылыжайда

өсуде. Кейін жүздеген тонна өнім облыс

орталығындағы базарларға жеткізіледі.

Шаруашылық басшысы жергілікті

нарықты сапалы көкөніспен қамтудың

есебінен келесі жылы қожалыққа қарасты

техникаларды жаңартуды жоспарлап

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Баспаналы болды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Аққулы

ауданының аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылары

пәтер кілттеріне ие болды.

Мемлекеттік қазынадан мұқтаж отбасыларды

тұрғын үймен қамтамасыз ету

мақсатында 100 800 000 теңге қаражат

бөлінген. Осы қаражаттың 33 600 000

теңгесі игеріліп, Аққулы ауылынан қос

пәтерлі екі үй сатып алынған. Жамбыл

аулында қос пәтерлі екі үй салынуда.

отыр. Кейін алқап көлемін кеңейтуі де

әбден мүмкін.

Өз тілшіміз.

Сонымен қатар 6 тұрғын үй: Аққулы

ауылынан 5 үй және Қарақала ауылынан

1 үй сатып алынбақ.

С.ӘМІРЖАНОВА,

аудандық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!