07.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қыркүйек, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 7 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА

Америка Құрама Штаттарының

Қазақстандағы елшілігі өңірде

креативті экономиканы дамытуға

мүдделі. Қос тарап мәдениет,

кәсіпкерлік және қоршаған ортаны

қорғауға қатысты бірқатар жобаларды

жүзеге асырмақ.

Жаңашыл

идеялар қажет

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов АҚШ

елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі

Эмбер Орамен кездесті. Жүздесу барысында Павлодар

облысының креативті экономикасын дамытуға ерекше назар

аударылып, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айталық, жыл соңына дейін С.Торайғыров атындағы

облыстық ғылыми әмбебап кітапханадағы америкалық бұрыш

жаңара түспек. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлік,

экология мен «Business Ertis» өңірлік бағдарламасына қатысты

жобалар назарға алынды.

- Кітапханадағы америкалық бұрышты одан әрі жетілдіруге

қатысты жоба өңірде креативті экономиканы дамытудың

маңызды оқиғаларының бірі болмақ. Жалпы, Қазақстан

мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың

30 жылдық мерейтойы жаңа идеялармен және бірлескен

жобалармен атап өтіледі деп үміттенемін, - деді С.Шаяхметов.

Өз тілшіміз.

COVID-19: ВАКЦИНА

Қызметкерлер

екпе алды

Кешегі күннен бастап Қазақстанның бас санитар

дәрігерінің вакцина алмаған қызметкерлерді

жұмысқа жібермеу туралы қаулысы күшіне енді.

Қаулы тек халыққа қызмет көрсетумен айналысатын

нысандарға қатысты қолданылады.

Егер қызметкер кеңсеге келіп жұмыс істейтін

болса, міндетті түрде 7 күнде бір рет ПТР-тест

тапсырып отыруы керек.

Павлодарда тұрғындар жиі баратын «12 месяцев» құрылыс

дүкенінің қызметкерлері өздерінің және тұтынушылардың

денсаулығын қорғау мақсатында 100 пайыз КВИ-ге қарсы

екпе алған. Мұнда күн сайын бір мыңға жуық адам келеді

екен. Құрылыс дүкенінің қызметкері Константин Саворовскийдің

айтуынша, қазіргі уақытта штатта 172 адам жұмыс істейді.

Олардың барлығы COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған.

- КВИ өршіген уақытта ұжым арасында вакцина алу

жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мұндай жұмыс оңай

болмағанын жасырмаймын. Себебі қызметкерлер екпенің

қауіпсіздігіне күмәнмен қарады. Алғашқы 10 адам екпе

алған соң, қорқыныштары сейіліп, вакцина салдырды, –

дейді Константин Саворовский.

Константин «Hayat Vax» вакцинасын салдырғанын айтады.

Ұжымдағы қызметкерлердің 20 пайызы осы екпені қабылдаса,

тағы 20 пайызы «Corona Vac» вакцинасын алған. Қалған

60 пайызы «Спутник V» вакцинасын таңдаған. Дүкен иесі

екпе алушыларға арнайы көлік ұсынып, демалыс берген.

Күн сайын бір мыңға жуық адамға қызмет көрсететін

әлеуметтік дүкеннің бірі – «Арзандау». Мұнда қызметкерлердің

80 пайызы вакцина салдырған. Алдағы уақытта қалған

6 адам екпе алмақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Депозитке аударуға

болады

Биыл қазақстандықтарға алғаш рет «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»

шотындағы жеткілікті шектен артық соманы пайдалануға мүмкіндік берілгені

белгілі. Сол арқылы тұрғындар ипотекалық қарызын өтеп, баспаналы болып,

медициналық қызметтерді тегін алды. Ендігі ретте зейнетақы шотындағы

қаражатты депозитке аударуға да рұқсат берілетін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында

зейнетақы жинақтарын мерзімінен

бұрын пайдалану туралы бастама

экономикаға айтарлықтай әсер еткенін

атап өтті. Осы шараның арқасында

миллионнан астам азамат тұрғын

үй жағдайын жақсартты. Кейбірі

ипотекалық қарызын азайтты. Бұл

ретте ел Президенті зейнетақы

жинағын депозитке аудару тетігін

қарастыруды да тапсырды.

- Осы үрдісті қолдау үшін

зейнетақы жинағының жеткілікті

мөлшерінің шегінен асатын бөлігін

тұрғын үй сатып алу мақсатында

«Отбасы банкіндегі» есепшотқа

аударуға рұқсат беру қажет деп

санаймын. Сонымен қатар, бұл

қадам жұрттың қаражат жинауды

және оны сауатты жұмсауды дағдыға

айналдыруына мүмкіндік береді.

Зейнетақы жинағының игілігін

көргендердің бірі - Павлодар қаласының

тұрғыны Айман Жанпейісова.

Ол жылдар бойы зейнетақы шотына

аударған қаржысының бір бөлігін

ипотекалық несиені мерзімінен

бұрын өтеуге жұмсады.

- Мен осыдан 8 жыл бұрын

пәтер сатып алу мақсатында екінші

деңгейлі банктердің бірінде 15 жылға

несие ресімдедім. Биыл бұл қарызды

зейнетақы шотындағы қаражаттың

көмегімен толық өтедім. Мұндай

мүмкіндік болмағанда әлі 7 жыл ай

сайын төлем жасауға тура келетін

еді. Биылғы Жолдауда Мемлекет

басшысы жеткілікті шектен асатын

соманы депозитке аудару туралы

бастама көтеруі де қуантты. Енді

тағы бір баспана алуға талпынамын, -

дейді ол.

Әзірше зейнетақы шотындағы

қаражатты депозитке аударудың нақты

механизмі дайындалған жоқ. «Отбасы

банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат

Ибрагимова бірнеше ай аралығында

тиісті шешім қабылданып, тетіктің

Байланысты арттыру

көзделуде

Инвесторлар үйінде өткен жиынға

ERG құрамындағы кәсіпорындар, атап

айтқанда «Қазақстан алюминийі»

АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық

корпорациясы» АҚ, «ERG Service»

ЖШС, «Қазақстан электролиз

зауыты» АҚ және жергілікті әкімдік

өкілдері қатысты.

Келісімнің негізгі бағыты

Қазақстан Республикасының заңнамалары

мен тиісті талаптарды

сақтай отырып, кепілдендірілген

тауар көлемдерін сатып алуды,

қарастырылатынын алға тартты.

- Бүгінде елімізде жыл сайын

120 мыңға жуық жас отбасы

отау құрады. Алғашқы жылдары

ерлі-зайыптыларға жеке пәтерге

немесе үйге қаражат жинау оңай

емес. Оларға қолдау қажет. Осы

орайда Қасым-Жомарт Кемелұлының

зейнетақы шотындағы қаражатты

депозитте жинау туралы бастамасы

аса маңызды шешім болып отыр.

Бұл қазақстандықтарға «Отбасы

банкінде» ақша жинау мерзімін екі

есеге дейін қысқартуға және қоныс

тойын әлдеқайда ерте тойлауға

мүмкіндік береді. Біздің болжам

бойынша, алғашқы жылы бұл

мүмкіндікті 190 мыңға жуық жас

отбасы пайдалана алады. Сондай-ақ,

15 мың отбасы жыл сайын депозит

ашады, - деді Л.Ибрагимова.

Баспаналы болудың тиімді

жолдарын ұсынып жүрген сарапшы

Дәулет Мұқаевтың пайымынша, бұл

ретте қатаң шектеу талаптарын

енгізу керек.

- Ертеңгі күні кейбір тұрғындардың

кеңес беруді және қаржыландыру

көздерін қарастыруды қамтиды.

Аталмыш кәсіпорындар ҚР Индустрия

және инфрақұрылымдық

даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық

кәсіпкерлер палатасымен тығыз

әрі жүйелі жұмыс істеп келеді.

Қазақстандық тауар өндірушілерді

қолдау нәтижесінде жергілікті өнім

үлесі артып, өңірлерде жаңа өндіріс

орындары жолға қойылуда.

- Біздің компания жергілікті

кәсіпкерлердің әлеуетін арттырып,

депозиттегі қаражатты мерзімінен

бұрын шешіп алып, оны той жасау,

тұрмыстық техника алу сынды басқа

мақсаттарға жұмсамасына кім кепіл?

Сондықтан бұл тұрғыдан алғанда

нақты талаптар қойылуы тиіс деп

ойлаймын. Сол кезде ғана баспанамен

қамту мәселесінде алға

жылжу болып, аталмыш бастама

өз нәтижесін береді. Сонымен

қатар, тұрғын үй нарығында жыл

басындағы жағдай қайталанып, баға

күрт қымбаттап кетпес үшін орталық

мемлекеттік органдар жағдайды

реттеу механизмін енгізгені жөн

болады. Себебі зейнетақы шотындағы

қаражатты жинау тетігі іске қосылған

соң пәтерлер тағы да қымбаттауы

мүмкін, - дейді сарапшы.

Айта кетейік, бүгінгі таңға дейін

250 мыңға жуық қазақстандық

«Отбасы банк» арқылы жалпы сомасы

1,4 триллион теңгеден асатын

зейнетақы жинақтарын пайдаланды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

КӘСІПКЕРЛІК

Павлодар облысының әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы

ERG кәсіпорындарымен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мен дамыту

бағдарламасына қатысты келісім жасасты.

қазақстандық бизнестің бәсекеге

қабілеттілігін нығайтуға септесіп

келеді. Сонымен қатар, біз импортты

алмастыру бағдарламасына белсене

қатысып жатырмыз. Тиісті талаптар

үдесінен шыға алған кез келген тауар

өндіруші біздің серіктесіміз бола

алады, – дейді «Еуразиялық Топ»

ЖШС–нің сатып алулар әдістемесі

мен бақылау жөніндегі директоры

Анатолий Демидов.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!