30.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 желтоқсан, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

18 30 желтоқсан, бейсенбі, 2021 жыл МЕЗГІЛ

SARYARQA SAMALY

ЭНЕРГЕТИКА

Рекорд

орнатты

Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2

станцияларында электр энергиясының

рекордтық көлемі өндірілді. Мұндай

тарихи сәтке 34 жылдан соң ғана қол

жетіп отыр.

Кеншілер шаһарындағы №1 станция 1980 жылы

іске қосылған болатын. Араға жеті жыл салып мұнда

22,4 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Алайда сол 1987 жылдан бері жылдық көлем бұл

көрсеткіштен асқан емес. Тек биыл рекорд қайта

жаңарып отыр. Екібастұздық энергетиктер бір жыл

аралығында 22,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын

таратты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 22,7 млрд

кВт/сағатқа жетеді деген жоспар бар.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша,

ГРЭС-2 станциясы да бұрын-соңды болмаған

рекордтық көрсеткіш орнатты. 27 желтоқсандағы

жағдай бойынша, бұл орталықта 6,324 млрд кВт/сағ

электр энергиясы шығарылды. Бұған дейін максималды

көлем 2013 жылы болған еді. Сол тұста

ГРЭС-2 6,28 млн кВт/сағ энергия өндірді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

COVID-19

5 қаңтардан бастап «Көк» мәртебесі бар

қазақстандықтарға сауда-ойын-сауық орталықтарына,

сауда үйлеріне, банктерге,

ХҚКО-ларға және «Қазпошта» бөлімшелеріне

баруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл

жөнінде Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев

мәлімдеді.

«Көк» түстіге

рұқсат жоқ!

Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы 2022 жылдың

5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды. Вакциналау қарқынын

арттыру, халықты жаппай қайта вакцинациялау, сондай-ақ

эпидемияға қарсы ұсынылған шаралар елдегі эпидемиологиялық

жағдайдың күрт нашарлауына жол бермейді. Сауда-ойынсауық

орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, спорттықсауықтыру

орталықтары және фитнес-орталықтар, йогаорталықтар,

караоке, бассейндер, сауналар, моншалар, банктер,

«Қазпошта» АҚ бөлімшелері, ХҚКО секілді нысандарға тек

Ashyq қосымшасы бойынша жасыл мәртебесі бар тұлғаларға

ғана рұқсат етіледі.

Жандос Бүркітбаевтың айтуынша, қазір 9,2 миллион адам

қайта вакцинациялауға жатады, олардың 400 мыңнан астамы

қайта вакцинацияланған. «2022 жылдың бірінші тоқсанында

3,8 миллион адам, екінші тоқсанда 2,6 миллион адам қайта

вакцинациялауға жатады.

Өз тілшіміз.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Төл ойынның

жанашыры

Жылдағы дәстүрге сай, тоғызқұмалақ

шеберлері төл ойынның

Павлодар облысындағы насихаттаушысы

Исатай Қапаевты

еске алуға арналған турнирде бас

қосты.

Турнир облыстық және республикалық деңгейде

қатар өткізілді. Облыстық жарыста 105 қатысушы

бақ сынады. 11, 13, 16 жасқа дейінгі балалар өзара

кіл мықтыны анықтаса, 16-18 жас аралығындағы

тоғызқұмалақшылардың бәсекесі бір бөлек өтті.

Әдеттегідей ер балалар мен қыздар жүлдеге бөлек

таласты.

Ал республикалық турнирге павлодарлықтармен

қатар, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды

және Қостанай өңірінің 68 тоғызқұмалақшысы

қатысуға ниет білдіріпті. Мұнда 18 жасқа дейінгі

және одан жоғары топтың үздіктері сайысты.

Тартысты өткен жарыстың нәтижелеріне

тоқталсақ, республикалық турнирде өз топтарында

Бауыржан Абылайханов (Павлодар), Диас

Жанбау (Нұр-Сұлтан), Роза Жанаева (Павлодар),

Дильназ Қайруллинова (Екібастұз) жеңімпаз атанды.

Облыстық турнирде Салахаддин Агитаев (Павлодар

қаласы), Ерасыл Әутәліпов (Ертіс ауданы), Дильназ

Қайруллинова (Екібастұз қаласы), Дильназ Жанат

(Павлодар қаласы), Нұрислам Орманәлі (Екібастұз

қаласы), Сабина Темірханова (Аққулы ауданы),

Нартай Қуанышұлы (Шарбақты ауданы), Еркежан

Нұрмағамбет (Павлодар қаласы) топ жарды. Жарыс

жүлдегерлеріне Қапаев әулеті атынан Алғыс хаттар

мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Исатай Аманжолұлы 1940 жылы қазіргі Ресей

Федерациясының Новосібір облысында дүниеге

келген. Павлодардағы Абай атындағы №10 мектепті,

Семейдің педагогикалық институтын тәмамдаған.

1975-1986 жылдары Аққулы ауданының Черное

ауылында тұрып, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы

ойындарын насихаттап, дамытқан. Жергілікті

оқушылар мен жастарды спорттың осы түрлеріне

баулып, қызығушылығын оятқан. Ол 1986 жылдың

мамыр айында дүние салды. Әке жолын абыроймен

жалғастырып жүрген ұлдары Дастан және Арыстан

Қапаевтар жыл сайын еске алу турнирін өткізуді

дәстүрге айналдырған.

О.ҚОЖАНОВ.

Басы 17-бетте

2022 жылы Павлодар қалалық бюджеті

қаражаты есебінен іске асырылатын

әлеуметтік көмек (Жоба)

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 47,4 млн. теңге;

- ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік

қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын

сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету - 5,4 млн. теңге;

- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек –

836,2 млн. теңге;

- тұрғын үй көмегі – 21,8 млн. теңге;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды

материалдық қамтамасыз ету – 19,1 млн. теңге;

- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес

мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз

ету және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет

көрсетуі – 1 108,1 млн.теңге;

- жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қалалық

қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру

түрінде азаматтардың жекелеген

санаттарын әлеуметтік қолдау – 360,7 млн.теңге.

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік

саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған

шығыстар

Атауы 2021 2022 2023

жыл жыл жыл 2024

жыл

1 2 3 4 5

Мәдениет, спорт, жастар саясаты

922,1 872,7 826,7 841,0

және ақпараттық кеңістікке

арналған шығыстар

соның ішінде іс-шаралар

бойынша:

Спорт бойынша іс-шараларды 284,0 323,5 252,0 256,5

өткізу

Мәдени іс-шараларды өткізу 556,6 326,4 341,2 346,5

Кітапханалар 170,1 145,1 151,4 151,8

Ақпараттық кеңістік, жастар 83,3 78,2 82,1 86,2

саясаты және тілдерді дамыту

Ведомстволық бағыныстағы 0,5

мемлекеттік спорт мекемелерінің

және ұйымдарының

күрделі шығыстары

Ведомстволық бағыныстағы 27,6

мемлекеттік мәдениет мекемелерінің

және ұйымдарының

күрделі шығыстары

2022 жылы қаланың тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығына

арналған бюджет шығыстары (Жоба)

ТҮКШ және құрылыс бойынша іс-шаралар

Елді

мекендердегі

көшелерді

жарықтандыру

271,3 млн.теңге,

соның ішінде:

қаланың сыртқы

жарықтандыру

желілерін

пайдалану

және ағымдағы

жөндеу;

коммуналдық

меншік

объектілеріне

электр энергиясын

жеткізу;

- қаланы

жарықпен

ресімдеу және

жаңажылдық

иллюминация

Елді мекендерді абаттандыру

және көгалдандыру

4 071,6 млн. теңге, соның

ішінде:

- жасыл көшеттерді күту,

газондар, гүлзарлар орнату, с.і.

оқ у ш ыл ар д ы тарт у;

- су бұрқақтарды ұстау және

ағымдағы жөндеу;

- ағаштарды санитарлық

шабу, кесу, өңдеу, емдеу және

отырғызу;

саябақтар мен скверлерді

ағымдағы жөндеу;

аялдама павильондарын

ағымдағы жөндеу;

- кварталішілік аумақтарды

ағымдағы жөндеу.

Жерлеу орындарын

күтіп ұстау

және туыстары

жоқ адамдарды

жерлеу, олардың

санитариясын

қамтамасыз ету

444,4 млн.теңге,

соның ішінде:

- орамішілік

аумақтарды

және жалпы

пайдаланымдағы

жерлерді

санитарлық тазарту;

- саябақтар

мен скверлерді

санитарлық ұстау;

- профилактикалық

дезинсекция және

дератизация өткізу.

Сумен

жабдықтау

және су бұру

жүйесінің

жұмыс істеуі,

коммуналдық

меншіктегі

жылу

желілерін

пайдалануға

беруді ұйым

дастыру

2,3 млн. теңге,

соның ішінде:

коммуналдық

меншіктегі

сумен

жабдықтау

және су бұру

жүйелерін,

жылу желісін

ұстау және

ағымдағы

жөндеу

Елді мекендердегі жол

қозғалысы қауіпсіздігін

қамтамасыз ету

188,4 млн.теңге, соның

ішінде:

- бағдаршам объектілерін,

жол және логистикалық

белгілерді ұстау және

ағымдағы жөндеу;

қала жолдарының жүретін

бөлігін

белгілеу;

- жасанды жол кедірбұдырлылығын

орналастыру және

ағымдағы жөндеу.

Қаланың көлік инфрақұрылымын

қамтамасыз етуге арналған бюджет

шығыстары (Жоба)

Автомобиль

жолдарының жұмыс

істеуін қамтамасыз

ету 3 020,7 млн.

теңге.

Көлік инфрақұрылымын дамыту

және жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5 170,0 млн.теңге.

Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер және

шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы

активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы

айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет

тапшылығы, оң белгімен алынғаны – бюджет профициті

болып табылады.

мың теңге

Атауы

Бюджет тапшылығы

(профициті)

Бюджет тапшылығын

қаржыландыру

(профицитін пайдалану)

Әлеуметтік маңызы бар

қалалық (ауылдық),

қала маңындағы және

ауданішілік қатынастар

бойынша жолаушылар

тасымалдарын субсидиялау

2 149,3 млн.теңге.

2021 жыл, мың теңге

11 781 953,0

- 11 781 953,0

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!