30.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 желтоқсан, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 30 желтоқсан, бейсенбі, 2021 жыл 19

Тәуелсіз елдің ұланы

Тәуелсіздігімізге - 30 жыл. Осы аз уақыт ішінде қоғамда

сан алуан өзгеріс орын алды. Оңтайлы серпін мен

түрлену білім саласын да айналып өткен жоқ.

Жаңартылған білім беру

бағдарламасына толық көштік.

Білім алушылардың қажеттілік,

сұраныстары да өзгерді. Оқушыларымыз

бәсекеге қабілетті, барлық

құзыреттіліктерді меңгерген жеке

тұлға болып қалыптасуда... Тәуелсіз

елдің ұланы, «Алтын белгі» атағына

үміткер – мектебіміздің мақтанышы

Ахмедиева Мадина Арынғазықызы.

Мектеп табалдырығын аттаған

күннен бастап, өзінің зеректігімен,

алғырлығымен көзге түсті. 5-сыныптан

бастап тарих пәнінің мұғалімі

Серікбаева Балжан Мұратқызымен

аудандық, облыстық пән олимпиадасына,

ғылыми жобаға дайындалып,

жеңімпаз атанды. 2021 жылдың

желтоқсанында Павлодар облысының

әкімі Ә.Сқақовтың тағайындаған

«Тәуелсіздік ұланы» сыйақысының

иегері атанды. Облысымыздың

300 үздік оқушысының қатарынан

көрініп, 50 АЕК көлемінде сыйақы

иеленді.

Г.БЕКСЕЙІТОВА,

Май ауданы, Ақжар

орта мектебінің ұстазы.

(25)

Білімді ұстаз -

жарқын болашақ

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы»

дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi –

бiлiмдi ұстаздардың қолында.

Мектебіміздің алғыр ұстазы

Серікбаева Балжан Мұратқызы -

2021 жылдың 7-9 желтоқсан аралығында

Талдықорған қаласында ҚР

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында ұйымдастырылған қазіргі

заманның жаңа шарттарына сәйкес

зияткерлікті дамыту мақсатында

Республикалық «IQ Doda» зияткерлік

ойынына қатысушылардың бірі.

Республикалық зияткерлік сайыста

12 өңір командалары бақ сынады.

Павлодар облысының намысын

«Ертіс» командасы қорғады.

Ұстаздарымыз 2-орынды иеленіп,

жеңімпаз атанды. Команда мүшелері

Алғыс хатпен және 600 000 теңге

көлемінде ақшалай сертификатпен

марапатталды.

М.СӘБИТОВА,

Май ауданы, Ақжар орта

мектебінің мұғалімі.

(25)

Павлодар облысы бойынша

әкімшілік айыппұлды өндіріп алу жағдайы

26.11.2021 ж. жағдай бойынша

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік органдармен 165 234

әкімшілік жаза тіркелді: оның

ішінде айыппұлдар – 191 068,

ескертулер – 46 624, әкімшілік

қамауға алу – 4 277, арнайы

құқықтан айыру – 913, шетелдіктерді

немесе азаматтығы жоқ адамдарды

ҚР шегінен шығару – 9.

Құқық бұзушылықтардың ең көп

санын полиция органдары анықтады –

176 321 немесе анықталған құқық

бұзушылықтардың жалпы санының

92,3%.

Бұрынғыдай, әкімшілік айыппұл

өндіріп алудың ең көп таралған түрі

болып қала береді және әкімшілік

ықпал ету шараларының жалпы

саны 135 712 (110 840) немесе

71% құрайды.

Әкімшілік тәжірибе субъектілері,

соттарды қоса алғанда, 2 295

218 681 теңге сомасына 135 712

әкімшілік айыппұл салды. 1 741

589 452 теңге немесе салынған

санкциялардың жалпы сомасының

75,9% айыппұл нақты өндіріп

алынды.

Әкімшілік өндіріс белсенді түрде

электронды форматқа көшуде.

«Әкімшілік өндірістердің бірыңғай

тізілімі» (бұдан әрі - ӘӨБТ) жобасы

хаттама жасаудан бастап айыппұл

төлеуге және шектеулерді алып

тастауға дейінгі процесті толық

автоматтандыруды көздейді. Жол

полициясы қызметкерлері құқық

бұзушылықты тіркей отырып,

мобильді планшеттерде әкімшілік

хаттама жасайды.

Құқық бұзушының ЖСН–ін

енгізген сәттен бастап, қосымша

автоматтандырылған түрде жеке

тұлғалардың мемлекеттік деректер

қорынан техникалық байқаудың,

сақтандыру полисінің болуы,

автокөлік иесінің іздестіруінде

болуы және автомобиль ұрлығы,

бұрын жасалған қылмыстар мен

құқық бұзушылықтар туралы

мәліметтерді береді.

Бұл жобаны іске қосудың

бірқатар артықшылықтары бар.

Хаттама жасау кезінде азаматтардың

уақытын үнемдеу, ресімдеу

уақыты 5 минутқа дейін қысқарды.

Электрондық хаттамалар хаттаманың

қағаз нұсқаларын бұрмалау,

жоғалту және жою фактілерін

жоққа шығарды.

Жүйе айыппұлдың дұрыс емес

мөлшерін салуға, анкеталық деректерде

қателесуге, материалды

мәжбүрлеп орындауға негізсіз

жіберуге мүмкіндік бермейді.

Бүгінгі күні облыс аумағында

цифрлық форматта жұмыс істеуге

мүмкіндік беретін 270 мобильді

құрылғы (планшет) іске қосылған.

Полиция қызметкерлері 807

726 054 теңге сомаға айыппұл

сала отырып, 111 192 (90 169)

электрондық әкімшілік хаттама

жасады, оның ішінде 588 174 915

(2020 жылмен салыстырғанда 133

667 505 теңгеге артық) өндіріп

алынды.

Электрондық айыппұлдарды өндіріп

алу 72,8%-ды құрайды, бұл

өткен жылдың ұқсас кезеңімен

салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.

Әкімшілік айыппұлдарды

өндіріп алудың тиімділігіне

қол жеткізу үшін мынадай

шаралар қабылданады: 7 күн

ішінде айыппұлды 50% жеңілдікпен

төлеу, айыппұлды төлеу қажеттілігі

туралы смс-хабарламаларды

тарату, жұмыс орны бойынша

ұйымдарға әкімшілік айыппұл

салу туралы қаулыларды жіберу,

құқық бұзушының зейнетақысын,

стипендиясын алу, ал айыппұл

уақытылы төленбеген жағдайда

40 күн өткеннен кейін құжаттар

мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот

орындаушыларына жіберіледі.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты

бақылауда тұр, өйткені өндіріп

алынған айыппұлдар сомасы

бюджетті толықтырады.

ҚР БП Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі Комитетінің

Павлодар облысы бойынша

басқармасы.

Газеттің келесі нөмірі 2022 жылы 6 қаңтар, бейсенбі күні шығады.

Рамазанов Бәкібай Рамазанұлын

еске аламыз

Әкеге сағыныш...

Менің әкем - алып тұлға

қорғаным,

Өзіңізбен толы еді

жан-жағым.

Қайтпастың кемесіне сіз

мінгенде,

Қайырылып қалды менің

қанатым.

Мен сіз барда еш уайымсыз

ерке едім,

Бүгін міне, ақыл тоқтап

есейдім.

Сізден алған тәлім-тәрбие

арқасы,

Алға ұмтылып, өрге озғаны

көшімнің.

Әкешім, сізді қатты

сағынамын,

Өмірдің заңы қатал,

бағынамын.

Әттең-ай, арамызда

жүрсе ғой деп,

ХАБАРЛАНДЫРУ

«БорАртЛес» ЖШС «Павлодар облысы Май ауданындағы Қарасор көлі

негізінде көлдік кәсіптік балық шаруашылығын кұру үшін биологиялық негіздеу»

жобасын көпшілік талқылау арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда https://

ecoportal.kz/ танысуға болады.

Көпшілік талқылау 12.01.2022 ж. мен 25.01.2022 ж. аралығында Бірыңғай

Экологиялық Портал сайтында өтеді.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар осы күндер аралығында бірыңғай

экологиялық порталда қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ескертулер

мен ұсыныстар қабылданбайды.

Бастамашы – «БорАртЛес» ЖШС, ЖНС: 101240006168, Павлодар қ., Мир

к, 32-9, тел.: 8(777)7621987.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші Алтай филиалы, «НПЦ РХ» ЖШС, БСН:

080241002181, ШҚО, Өскемен қ, Протозанов к, 83 үй, 203 офисі, тел.:

8(7232)211341.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы

қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты

құжаттардың көшірмелерін e-mail: (altay@fishrpc.kz). тел.: 8(7232)211341.

Қоғамдық тыңдауларды көпшілік талқылау нысанында үйлестіруге жауапты

жергілікті атқарушы орган – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ - бас маманы

Темиргалина Әлия, электрондық мекенжайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.

kz телефоны 8(718)2-329379

(1516)

ХАБАРЛАНДЫРУ

«ҚазТрансОйл» АҚ ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес 2022 жылғы

25 қаңтар күні, сағат 15.00-де «Павлодар» БМАС, «Екібастұз» МАС. СМ

3600-230 Магистральдік сорғы агрегаттарын ауыстыру» жұмыс жобасының

«Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру» жобасы бойынша

Екібастұз қаласы, М.Әуезов көшесі 51, №48 бөлме, «Мечта» Т/Ү-де ашық

жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы

5Б, каб. 307, эл.мекен-жайы temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79,

қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін

мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин

енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме:

https://zoom.us/j/91945716198?pwd=VlN0b1hoN3VsZDQ1UVQwMEUwOWw0Zz09

Конференция идентификаторы: 5731 5794

Кіру коды: 12345

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша:

(20259)

Ас беру

Аккузинова Әлия Социалқызының

қырқына арналған ас 3-ші қаңтар күні сағат 15.00-де

Майра к-сі, 43/9 мекенжайы бойынша орналасқан

«Халал» хатымханасында беріледі.

Өкініштен талай мәрте

налығанмын.

Дегенмен, қолдан келер

бар ма шара,

Мәңгіге сайрап тұрсыз

жадымызда.

Жаннаттың төрі болсын

мекеніңіз,

Шапағат нұрын шашар

қалғандарға!

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі -

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Рамазанов Бәкібай

Рамазанұлының өмірден өткеніне бір жыл толуына орай

2022 жылы 8 қаңтар күні, сағат 11.00-де Ақтоғай ауылындағы

Жандарбек мешітінде дұға оқылып, ас беріледі.

Жатқан жерің жарық болсын деп, Алладан дұға тілеп,

сағынышпен еске алып отырған - төрт ұлдың арасындағы жалғыз

қызыңыз Гүлсім.

(6)

Жергілікті шығармашыл зиялы қауым өкілдері, ҚР Жазушылар

одағының, Суретшілер және Күйшілер одағының Павлодар облыстық

филиалдары өкілдері Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа

анасы

Шәмішбану Ысқаққызының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(1)

(3)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8233 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2270

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!