30.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 желтоқсан, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6 30 желтоқсан, бейсенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

КӘСІПКЕРЛІК

Мобильді

аударымдарға

салық салына ма?

Келесі жылдан бастап еліміздің салық саласында бірқатар

жаңашылдық енгізіледі. Әсіресе, цифрландыру жобаларына

басымдық берілмек. Сол арқылы кәсіпкерлер мен

тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жүрген мобильді

аударымдарға қатысты өзгерістер де орын алады. Осы

және өзге де жаңа талаптар туралы облыстық мемлекеттік

кірістер департаменті басшысының орынбасары Рысбек

Мінәйімбеков айтып берді.

- Рысбек Мінәйімбекұлы,

қазіргі таңда банктердің мобильді

қосымшалары арқылы төлем

жасау мәселесі жиі көтеріліп жүр.

Кейбір такси жүргізушілері, электр

құралдарын, сантехника желілерін

жөндеумен айналысатын мамандар,

жалпы қызмет көрсету саласының

өкілдері мобильді аударымдарға

салық салынатынын алға тартып,

қолма-қол ақшамен төлеуді талап

етеді. Бұған қатысты не айтасыз?

- Бұл мәселенің жиі талқыға түсіп

жатқаны рас. Кей кездері біздің департаментке

де банктердің мобильді

қосымшалары арқылы төлем жасау

мәселесіне қатысты сұрақтар жолданып

жатады. Біздің басты міндет – «көлеңкелі»

бизнестен арылып, міндетті түсімдердің

ашықтығын қамтамасыз ету. Жеке

кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысын

тиісті құжаттарда көрсететін бизнес

өкілдеріне байланысты ешқандай мәселе

жоқ. Олар төлемді қолма-қол ақшамен

де, мобильді қосымша арқылы да

қабылдай алады. Тек келесі жылдан

бастап электронды түрде төлем жасаған

тұтынушыға түбіртек беруі тиіс. Бұл –

тұтынушылардың құқығын қорғау үшін

қолға алынып жатқан шара. Егер

мобильді аударым арқылы алған тауар

сапасыз болса, тұрғын сатушы берген

түбіртекті көрсетіп, заттың сомасын

қайтарып ала алады.

Ал тиісті органдарда тіркеуден

өтпеген, бірақ тұрақты табыс табатын

такси жүргізушілері, басқа да қызмет

көрсетушілерге қатысты әңгіме

бөлек. Келесі жылдан бастап салық

заңнамаларына енгізілетін өзгерістерге

сәйкес, екінші деңгейлі банктердің

міндеттер аясы кеңейеді. Соның

қатарында жеке тұлғалардың шоттарына

түсетін қаражат туралы ақпаратты

ұсыну да бар. Егер жеке кәсіпкер

немесе жеке тәжірибемен айналысатын

азамат ретінде тіркелмеген тұрғынның

шотына ай сайын белгілі бір көлемдегі

қомақты сома түссе, банктер тиісті

ақпаратты салық органдарына ұсынады.

Кейін камералдық бақылау жүргізіліп,

мәселенің анық-қанығы анықталады.

Қызмет көрсетуі арқылы кірісі көбейіп,

бірақ тіркеуден өтуден және салық

төлеуден жалтарып жүрген тұрғындар

болса, алдымен жеке кәсіпкер ретінде

тіркелу туралы ескерту беріледі. Оған

құлақ аспаса, айыппұл салынады. Бұл

мәселе бойынша тәуекелдерді басқару

жүйесі дайындалуда. Содан кейін нақты

талап-ережелер белгілі болады.

- Көпқабатты баспаналардың

жертөлелеріндегі белгілі бір аумақты

меншіктеп алған тұрғындар тарапынан

да салық төлеуге қатысты

сұрақтар туындап жатады. Олар

келесі жылдан бастап декларация

тапсырудан босатылатыны рас па?

- Бұған дейін жертөледе

заңдастырылған қосымша ғимараты

бар тұрғындар 700.00 формасы бойынша

қаржы есебін тапсыруға міндеттелетін.

Яғни, тұруға жарамайтын, бірақ қандай

да бір заттарды сақтауда қойма ретінде

пайдаланылатын нысандар үшін белгілі

бір сомада салық төленіп келді. Ал

келесі жылдан бастап көпқабатты

үйлердегі қоймалар үшін жеке декларация

ұсынудың қажеті болмайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы

оларды жылжымайтын мүлік

есебіне қосады. Соған сәйкес, салық

көлемі пәтерге салынатын міндетті

төлем сомасына қоса есептеледі.

- Енді 2022 жылы іске қосылатын

цифрлық жобаларға тоқталып

өтсеңіз...

- Келесі жылдың 1 наурызынан бастап

«Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы

енгізіледі. Биыл сауда нүктелерінің

иелері мемлекеттік кірістер органдарынан

арнайы QR-кодтар алды. Сауда жасауға

келген кез келген адам сол кодтарды

сканерлеу арқылы дүкеннің иесіне қатысты

негізгі ақпараттарды, кассалық бақылау

машинасының бар-жоғын біле алады.

Бұл тексеруші органдардың жұмысын

да жеңілдетеді. Себебі кей кездері

сатушылар бизнес нысанының кімге

тиесілі екенін айтудан бас тартады.

Сол кезде көпшілікке көрінетін орынға

орналастарылған QR-кодты сканерлеуге

болады. 2022 жылы мұндай арнайы

кодтар қоғамдық тамақтану орындарында

да қойылуы тиіс.

Тағы бір жаңа жоба – «E-Salyq

Business». Тұрғындар осы мобильді

қосымшаны жүктеп алып, жеке кәсіпкер

ретінде тіркелу, салық сомасын білу,

міндетті төлемдерді аудару сияқты

қызметтерді онлайн түрде жасай алады.

Кәсіпкерлер мен тұтынушыларға ыңғайлы

болатын осындай жобаларды жүзеге

асыру бойынша жұмыстар жыл бойы

жалғасын табады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

Ауылда да тірлік бар

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

МӘДЕНИЕТ

Елімізде балаларға арналған үйірмелер

мен спорт секцияларын ұйымдастыруға

баса мән берілуде. Бүгінде мемлекеттік

қаржыландыру аясында Рүстембек

Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар

оркестрі бұл шараға белсенді қатысуда.

Өнерліге

өріс кең

Өнер ұжымы «Аспаптық орындаушылық»

үйірмелеріндегі Арт-студия «Zhanar» балаларымен

кездесіп, тегін шеберлік сағатын өткізді. Аталмыш

тегін үйірме сабақтарына 4 жастан 17 жасқа дейінгі

балалар қатыса алады.

Шеберлік сағаты Рүстембек Омаров атындағы

қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі

әрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Талғат Кәрімовтің жетекшілігімен өтті. Сондай-ақ,

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның

мүшелері балаларға арнап ән айту мен домбыра

шертудің қыр-сырын үйретті. Олардың қатарында

сыбызғымен ән әуелеткен «Шабыт» халықаралық

байқауының лауреаты Ұғыбайдолла Мүфтән, домбырада

«Отпантау» күйін шерткен Айвар Нағышпаев,

ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржан Сарқамбаев

пен халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан

Нағышпаев бар.

Сонымен қатар, «Нұр би» ансамблінің көркемдік

жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Айгүл Даирбаева

заманауи, халық би бағытында оқушылар

үшін шеберлік сағатын жүргізді.

«Қойшы, ауылда жұмыс жоқ қой» деп қолын сілтеп,

туған жерінен безгендер аз емес. Ақтоғай ауданы

Жаңабет ауылының тұрғыны Нұрқанат Қайрош

болса, кәсіпкерліктің түр-түрін меңгеріп, аядай

елді мекенде де бақытты өмір сүруге болатынын

дәлелдеп жүр.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Ауылдан қашатындардың көбі

«мамандығым бойынша жұмыс

жоқ» деп ақталады. Шыны керек,

қазір қолында 3 диплом болса

да, оқыған саласында еңбек етіп

жүргендер некен-саяқ. «Тірі адам

тіршілігін істейді» демекші, жан

бағудың қамымен үш ұйықтаса да

түсіне кірмеген мамандық бойынша

нәпақа тауып жүргендер қаншама?!

Соңғы жылдары көптеген ауылдарда

инфрақұрылым жұмыстары

жүргізіліп, ауызсу, жол, ғаламтор

мәселесі оң шешімін табуда.

Қысқасы, ауылға ат басын тіреген

адамның сыбағасынан құр қалмай,

қатарынан қалыспай, тәтті ғұмыр

кешуіне мүмкіндік зор.

Әңгімеміздің кейіпкері,

Тәуелсіздік құрдасы Нұрқанаттың

мамандығы – техник-механик.

Оны Екібастұз қаласындағы білім

ордаларының бірінде меңгеріпті.

Мамандығы бойынша теміржол

саласында 7 жыл жұмыс істеп

те үлгерген.

- Жасыратыны жоқ, екі қолға

бір күрек табылса да, қалада пәтер

жалдап тұру қиынға соқты. Қазір

жастардың көбі содан қиналып жүр.

Жұбайымның мамандығы – мұғалім.

Ақылдаса келе «Дипломмен –

ауылға!» бағдарламасы шеңберінде

ауылға аттануға шешім қабылдадық.

Ал маған тұрақты жұмыстың

табылатыны күмәнді болса да,

аса алаңдай қойған жоқпын.

Себебі, ерінбесең, ауылда әдемі

өмір сүруге болатынына сенімді

едім. Ауылға қоныстанғаннан кейін

бір кәсіптің көзін табуды ойлап

жүрдім. Достарымның ақылкеңесіне

жүгініп, кірпіш шығаруға

бел будым. Әрине, алғашқы уақытта

ол туралы мүлдем хабарым жоқ

еді. Ғаламтордан бейнежазбаларды

көріп, сол іспен айналысатын

азаматтардан білмегенімді сұрап,

жаңа шаруаға кірісіп кеттік. Уақыт

өте келе тәжірибе жинақталады

екен.

2018 жылы «Атамекен»

кәсіпкерлер палатасы арқылы

1 ай білім алып, 505 мың теңге

грантқа қол жеткіздім. Қаражатқа

қажетті құрылғыларды сатып алдым.

Бұл қолдау аяққа тік тұруыма

үлкен септігін тигізді. Оған дейін

қондырғыларды өз қаражатыма

сатып алған едім. Бүгінде кәсібім

кеңеюде. Біз сияқты ауылдағы

жастарға мемлекет тарапынан

қолдау көп болса, ауылдың ажары

арта түсетін еді, - дейді Нұрқанат.

Жас кәсіпкер кірпіштің екі түрін –

пескоблок пен шлакоблокты

шығарады екен. Себебі, аталған

құрылыс материалдарына сұраныс

көп. Әу баста тәулігіне 100-150

кірпіш өндірсе, бүгінде саны

400-420-ға жеткен. Сұраныс

демекші, Ақтоғай ауданына

қарасты көптеген ауылдың

тұрғындары сапалы өнімге

жиі тапсырыс беретін

көрінеді. Екі кірпіштің

де бағасы – 250 теңге

(1 дана). Қалада да

сол баға. Бірақ, тасымалдау

жағын ескерсек,

ауылдағылар шамамен

100 мың теңгедей

үнемдейді екен.

- Әзірге 1 адамды

жұмыспен қамтып отырмын. Цех

тәріздес жұмыс істейтін орын қажетті

инфрақұрылыммен жабдықталған.

Шикізатты облыс орталығынан

тасымалдаймыз. Соңғы уақытта

бояуларды пайдаланып, кірпіштер

түрлі түсті болып шығуда. Біздің

жағдайда қысқы маусымда кірпіш

шығару тиімді емес. Сұраныс та

азая бастайды. Сол себепті, өндіріс

уақытша тоқтатылады. Есесіне,

керілмелі төбе жасаумен айналысамыз.

Ол да кәсіптің, табыс

табудың бір жолы. Қысқасы, ауылда

жұмыс істеймін деген адамға екі

қолға бір күрек табылады. Тек

жалқаулықтан арылсаң болғаны, -

дейді жас кәсіпкер.

Ақтоғай ауданының ауылдарына

жол түссе, Нұрқанат

өндірген кірпіштер менмұндалайды.

Бұрындары қораны саман кірпіштен

салып жүрген тұрғындар қазір

құрылысқа түрлі түсті кірпіштерді

пайдалануда. Қораның өзі сарай

сияқты. Осы ретте, ауылдағы

ағайынды сапалы кірпішпен

қамтамасыз етіп отырған

Нұрқанаттың талабы сүйсінерлік.

Жастарға кез келген ауылда кәсіпті

дөңгелетуге болатынын іспен

дәлелдеп, үлгі болуда. Іске сәт!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!