30.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 желтоқсан, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2

30 желтоқсан, бейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ

SARYARQA SAMALY

Халықаралық рейс

жолға қойылды

Үшеуі - резервте

Күні кеше Президенттік резервке кандидаттарды

қабылдау туралы шешімнің қорытындысы

жарияланды. Жан-жақты, креативті қабілеттері

сыналатын аталмыш жобаға аймағымыздан

286 үміткер қатысуға өтінім білдірген болатын.

Нәтижесінде 3 жас маман Президенттік жастар

кадр резервінің қатарына енді.

Облыстық мемлекеттік қызмет

істері департаментінің басшысы

Ержан Қарымсақовтың айтуынша,

жоба аясында аймағымыздан

қатысқан Дидар Ибраев,

Ержан Досымжанов, Жұлдыз

Өскембаева сарапшылардың

оң бағасын алды.

Дидар Ибраев еңбек жолын

2009 жылы Павлодар облысы

бойынша құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

Комитеті басқармасының жетекші

сарапшы-бағдарламашысы

қызметінен бастаған. Кейіннен

Павлодар облысы бойынша

Мемлекеттік қызмет істері

департаментінің бас маманы,

басқарма басшысы, Ақтоғай

ауданы әкімі аппаратының

басшысы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ облыстың Әдеп

жөніндегі уәкілі лауазымын

атқарды. Қазіргі уақытта

Павлодар облысы әкімі аппараты

басшысының орынбасары

болып еңбек етуде.

Құқық қорғау органдарында

12 жылдан астам қызмет ететін

Ержан Досымжанов та қорытынды

кезеңге дейін жетті. Прокуратура

органдарында 2018 жылдан

Жыл бұйыртқан

қайырлы істер

Басы 1-бетте

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Өнеркәсіп өндірісі өткен

жылмен салыстырғанда 2,8

пайызға өсті. Өнеркәсіптік

кәсіпорындар 2455,8 млрд

теңгенің өнімін өндірді. Әсіресе,

өңдеу өнеркәсібінің көлемі

2,4 пайызға артты. Биыл жалпы

құны 60,2 млрд теңгені құрайтын

75 жобаны пайдалануға беру

жоспарланды. Оның ішінде

38,5 млрд теңгеге 55 жоба

іске қосылды.

Халықаралық стандартқа сай

келетін Екібастұз қаласындағы

серпінді клеммалар мен бұрандалар

шығаратын «Ферротранстейд»

зауыты іске қосылған еді.

Жыл сайын теміржол саласына

қажетті 85 миллиард теңгенің

өнімін шығаратын кәсіпорын

тауарларының 70 пайызы

экспортқа бағытталды. Бұл

біздің өңірден шығатын өнімнің

сапалылығын білдіреді.

Сондай-ақ, «Павлодар агрокешені»

ЖШС-нің базасында

бастап жұмыс істейді. Қазіргі

уақытта Павлодар облысы

Прокуратурасының қоғамдық

мүдделерді қорғау басқармасының

аға инспекторы лауазымында

қызмет атқаруда.

Тағы бір резервші - Жұлдыз

Өскембаева. Ол еңбек жолын

2013 жылы «Мұнай-газ ісі»

мамандығы бойынша «Павлодар

мұнай-химия зауыты» ЖШС-де

бастады. Қазіргі кезге дейін

әртүрлі лауазымдарда, экономист,

әкімшілік бөлімнің

қызметтерді үйлестіру және

есепке алу секторының жетекші

маманы ретінде жұмыс істеді.

Бүгінде Павлодар мұнай-химия

зауытының басқару және

менеджмент жүйелерін дамыту

бөлімінің жетекші маманы болып

еңбектенуде.

Жауапты әрі жоғары лауазымды

қызметтерде жан-жақты,

креативті, бастысы еліне жанашыр

азаматтардың арасынан суырылып

шыққан жерлестерімізге сәттілік

тілейміз. Еліміздің дамуына үлес

қосып, қалтқысыз еңбек етеді

деп сенім білдіреміз.

Өз тілшіміз.

тазартылған күнбағыс майын

өндіруді бастады. Бұрын-сонды

күнбағыс майы Өскеменнен

тазартудан өтті. Ендігі кезекте

«Жаңа май» деген атаумен

шығарылып жатқан өнім

аймақтағы бұл олқылықтың

орнын толтыруға ниетті.

Сонымен қатар, «Ауыл -

ел бесігі» бағдарламасы

шеңберінде 22 ауылдың

25 мыңға жуық тұрғыны ойын

алаңы, спорт кешені, дәрігерлік

амбулаториясының игілігін көріп

отыр. Оған қоса, мәдениет үйлері

қайта бой көтеріп, бірі жөндеуден

өтсе, ауыл мектептерінің заманауи

үлгімен жабдықталып, көше

жолдары қалыпқа келтірілді.

Бүгінде «Заманауи мектеп»

өңірлік бағдарламасымен ұзақ

жылдар бойы жөндеу көрмеген

білім ошақтары заманға сай

жабдықталды. Облыстағы

бірқатар мектептер жаңа әрі

заманауи құрал жабдықтармен

толықтырылды. Ең бастысы,

оқушылар мен ата-аналар дән

риза.

Бұрнағы күні Ресейдің

Омбы қаласынан

Павлодар әуежайына

жолаушылар ұшағы

келіп қонды. Бұл -

пандемия басталғалы

өңірде қайта жанданған

алғашқы халықаралық

рейс.

Аталмыш халықаралық әуе борты

әр аптаның сейсенбі күндері ұшпақ.

«Аэропорт Павлодар» АҚ басқарма

Басым бағыттар белгілі

Келер жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 89 млрд теңге

қаражат бөлінбек. Бұл – биылғымен салыстырғанда 2 есеге көп. Сәйкесінше,

инвестициялық жобалар жүзеге асып, жаңадан жұмыс орындары ашылмақ.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыс әкімінің орынбасары

Мейрам Өтешовтің айтуынша, биыл

жоспарлардың бәрі табысты жүзеге

асқан. Тіпті, кейбір көрсеткіштерді

асыра орындаудың сәті түсіпті.

Әрине, мұның бәрі - мемлекеттік

қолдаудың зор нәтижесі.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы Нұрболат

Мақашевтің мәліметінше, осы жылы

суармалы алқапты дамыту бойынша

8 жоба іске қосылған. Осылайша,

өңірдегі суармалы жердің көлемі

136 мың гектарға жетіп отыр.

1 гектардан 16 мың тонна өнім

алуға мүмкіндік туындағанын атап

өткен жөн. Дәстүрлі егіншілікпен

айналысатындар гектарынан небары

1 мың тонна өнім жинайтынын

ескерсек, суармалы алқапты

дамытудың тиімділігін есептей

беріңіз.

- Келер жылы ұлттық жоба

шеңберінде саланы дамытудың

жоспары әзірленген. Жалпы

құны 30 млрд теңгені құрайтын

13 инвестжоба жүзеге асады деп

күтілуде. Оның басым бөлігі -

көкөніс сақтау қоймалары мен

тауарлы сүт фермалары. Егіс алқабы

шамамен 6 процентке (81 мың

гектар) артып, 1 млн 554 мың

басшысы Ескендір Жандәулетовтің

айтуынша, бұл - Павлодар – Омбы

қалалары арасында қатынайтын

гектарды құрайды деп жоспарлануда.

Әсіресе, жем-шөп дақылдары алқабын

23 процентке, дәнді дақылдар

алқабын 2 процентке, картоп алқабын

4 процентке арттыру көзделуде.

Жергілікті ғалымдармен кеңесіп,

көктемгі егіс жұмыстарына шамамен

23 мың тонна арзандатылған жанаржағармайдың

қажет екені анықталды.

Қысқасы, басым бағыттар – басты

назарда, - дейді Н.Мақашев.

Мейрам Өтешов азық-түлік

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

келер жылы пияз бен орамжапырақ

жалғыз халықаралық рейс. Оған

«Airbus A320» маркалы «Сібір»

әуекомпаниясының 177 орындық

жолаушылар ұшағы пайдаланылады.

- Қазіргі кезде Павлодар -

Омбы бағытында ұшу құны

36 мың теңгені құрайды. Бұл жүкті

есептемегендегі ең төменге баға

болып отыр. Жалпы, іссапармен

жиі жүретін жандар үшін ыңғайлы

рейс екені сөзсіз. Себебі, Омбы

арқылы Мәскеуге дейін ұшып

жету 60 мың теңге (жүксіз), ал

Новосібірге дейін 50 мың теңге

шамасында болады.

Әлемдегі эпидемиологиялық

жағдайға байланысты 48 сағатқа

жарамды ПЦР тест болуы тиіс, -

дейді ол. Ұшақтың Павлодарға

келетін уақыты сағат 13.50-де,

ал сағат 14.50-де Омбыға ұшып

кетеді. Сондай-ақ, әзірше біздің

қаламыздан шыққан рейс салонын

50 пайызға, Омбы қаласынан

шыққан рейсті 100 пайызға толтыруға

рұқсат берілгендігін атап өтті.

Аталмыш бағыттар бойынша

билеттерді алдын ала сатылымға

шығарған. Алдағы уақытта билеттерді

әуе кассалары немесе онлайн

платформалардан алу қолжетімді

болады.

М.БАЯНБЕКҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген -

Ольга Бугаева.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

алқабын арттыруды тапсырды.

Оған еш кедергі жоқ. Суармалы

алқап жеткілікті. Заманауи

қондырғылармен жабдықталған

көкөніс сақтау қоймалары да аз

емес. Бір атап өтерлігі, келесі жылы

алғаш рет облыстық бюджеттен

елді мекендердегі жарамсыз қалған

жерлерді шалғынға айналдыру

мақсатында қомақты қаражат

бөлінбек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!