30.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 желтоқсан, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МЕДИА 30 желтоқсан, бейсенбі, 2021 жыл 7

Редакциямызға КСРО мен Қазақ КСР-нің білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының

білім беру саласының Құрметті қызметкері, Аққулы ауданының «Құрметті азаматы», саналы

ғұмырының жарты ғасырын ұстаздыққа арнаған Қабидолла Әлібаев ақсақалдан хат келді.

Өмірден көрген-түйгені мол қария «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген қағидаға сүйене

отырып, бүгінгі әріптестеріне ашық хатпен аталық батасын жеткізгісі келген екен. Оқып шығып,

көтерілген мәселеге байланысты өз пікіріңізді Сіз де білдіріңіз, құрметті оқырман.

Ана тілімізде жарық көріп жүрген

аймағымыздың бұрынғы «Қызыл Ту», бүгінгі

«Saryarqa samaly» газеттерін жаздырып алып

оқып, одан ғибрат алып жүргеніме жарты

ғасырдай болған екен. Өзімнің жеке-дара

басым жеті мүшелді толтырып, сегізіншіге

аяқ басуыма аз уақыт қалғанына тәуба.

Алламның бергеніне, аялағанына шүкіршілік

етіп, Жаратушыма тағзым етіп, жалпы, қазақ

баласына шапағаты тиіп, осындай көпшіліктің

көзін ашып, әртүрлі өмірлік тақырыптарды

паш ете қозғау салатын басылымның

болғанын аға ұрпақ дән ризашылығын

білдіреміз. Кейінгі жастардың да жазылып,

оқып ұрпақтан-ұрпаққа таратуын тілер

едім. Баспа бетінде әртүрлі авторлардың

бір мәселені не біреуді мақтау да, даттау

да болып тұруы - заңдылық. Десек те,

шындық пен әдепті сақтай отыру, тәртіпке

бағыну, адами қасиетті дәріптеу әркімнің

міндеті болуы шарт демекпін. Бауыржан

Момышұлы «Әр адам тәртіптің құлы болуы

керек» - деуінің өзі әрқайсымызды терең

ойға жетелейтіні мәлім. Осы жерде жоғарыда

мен сөз еткен ойды түйіндетушілердің бір

бағытында ұстаздық деген ұғым жатады. Ол

тек мұғалімге, тәрбиешіге ғана тән емес.

Жалпы адам баласына, барлық мамандыққа

тән екені мәлім. Бұл өнерде де, шеберлікте

де, кәсіпкерлікте де өзін алғаш үйретуші

адамды, жай ғана үйретуші емес, өмірлік

азығы мен абыройы болатындай үйретуші

мен айтушыны есінен шығармай, «Менің

ұстазым» деп кейбір суреткерлер, домбырашылар,

т.б. шеберлер ұстаз тұтып, мақтан

ете отырып, есте ұстауы да орынды болар.

Ал адам баласын бүлдіршін кезінен қолына

қалам, қағаз ұстатып үйретуші – педагогмұғалім.

Менің түсінігімде, мұғалімнің міндеті

үйрене отырып үйрету, оқыта отырып оқу,

тәрбиелей отырып тәрбиелеу, сене отырып

сендіру, тыңдай отырып тыңдату. Мұның

бәрі - үлкен өнер. Бұл біраз жылдарды

басынан өткізіп, танымал, борышын адал

атқарушы ретінде алды-артындағы өзінен

дәріс алған шәкірттерінің ойы мен санасынан

мәңгілік дұрыс орын алса ғана ұстаз

атыңды заңды деп есептеймін.

Дәл қазір саналы ғұмырын ұстаздыққа

арнаған, бүгінде жетпістен асқан бір азаматтың

былай дегені есіме түсіп отыр. - Мен өмір

бойы жан-жағымды байқап, бәрін ойға түйіп

жүрдім. Соның нәтижесінде бүгінде жастарға

айтарым бар ұстаз болып қалыптастым,-

деді. Екеуіміз де мәз болып, бір күліп алдық.

Түсінген жанға бұл өнеге емей немене?!

Мұғалімге ата-ана өзінің баға жетпес

ұрпағы баласын сеніп тапсырады. Оқыт,

үйрет, оқыта отырып тәрбиеле, - деген

аманат артады. Ал аманатқа қиянат жасауға

болмайтынын кім-кім болса да біледі. Амал

қанша, біле тұра қиянат та болып жатады.

Мұғалім жылдар өте келе ұстаз дәрежесіне

жету үшін өзі үлгілі, өнегелі, тағылымды

тәлімгер болуы қажет. Өмірдің қызығы мен

жауапкершілігінің өзі бір сарынды, біртекті

болмауында деп санаймын. Өмір барысында

бәріне бірдей жағу үшін адам өмір сүрмек

емес. Тұлғалыққа жету - үлкен жауапкершілік.

Айналайын, жас буын, мұғалім қауым. Сенің

алдыңда - бала. Сен оған 1 және 10 деген

санды айтып үйретіп отырсың делік. Оны

тек сан екен деп қараған мұғалім терең

ойламай, бер жағын ғана сипалаумен тең

десем дұрыс болар. Ол санның көбеюі,

іске асырудағы үнем. Одан туындайтын

экономикалық өсім туралы сөз-ой баланы

терең ойға жетелеуі қажет.

Газет - жаңалықтың

жаршысы,

өмірдің айнасы

Тағы да бір мысал. Махамбет Өтемісұлының

«Ереуіл атқа ер салмай» - деген бір шағын

жол, сөйлем дейін. Бұл жерде Ереуіл, ат, ер

салу, т.б. бір жолдан бір бет, не одан да көп

ат, пікір, нәтиже жатқанына тыңдаушының,

оқушының көзін жеткізу жатыр. Енді Абайдың

«Ұстаздық еткен жалықпас» деген ой түйінінің

астарында, терең ой, терең пікір, алысқа

жетелеу жатқанын мұғалім біле отырып

неге жалығады? Немесе Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының бір өлеңінде: «Балалар,

жалқау болма, оқу оқып, білім нәрін алуға»

дегенінде, жалқаулық жеген ұғымға тоқталсақ

та, бәрі де мұғалімнің іс-әрекетіне әкеліп

тірейді. Неге?! Себебі мұғалім - маман. Оны

мемлекет педагог етіп оқытты, тәрбиеледі.

Мұғалім алдына келген баланың бойындағы

ашылмаған ұғымталдық қасиетін ашып, біліп,

қызығушылығын оятуы шарт. Ол үшін терең

ой мен көп ізденіс қажет. Жалықпай, өзіңнің

уақытыңды аямай, өзгені аялауың шарт.

Сонда ғана бала жалқау болмай, ұстаз

жалықпақ емес.

Мұның бәрін неге айтып отыр деуіңіз де -

заңдылық, құрметті оқырманым. Оның да

себебін түсіндіріп өтейін. Көпшілік жиналған

жерде мектепте білім беріп жүрген бір жас

әріптесімнің бізді мерзімді басылымдарға

мәжбүрлеп жаздырады дегенін естіп қалдым.

Отырғандар (оның ішінде қолына газет

ұстап көрмегендері де көптеп саналатынына

күмәнім жоқ) даурыға жөнелді. Бәрі

өз ой-пікірлерін толық айтып болғанша

тыңдап отырдым. Бір кезде кезек өзіңізде

дегендей маған қарасты. Біріншіден, әңгіме

бастаған мұғалімге қаратып, бүгінгі қоғамның

зиялысы мен жоғарыда тізбектеп өткен

нағыз ұстаз екенін естеріне салдым. Зиялы

қауымның өз ортасында абыройы асқақ

тұруы керектігіне тоқталдым. Топ бастайтын

тұлға бұлай сөйлемес болар дедім. Содан

кейін қасындағыларға қаратып: - Айналайындар,

бүгінгі бала кітап, газет оқымайды.

Телефонға телміреді де отырады дегенді

жиі айтасыңдар. Бұл баланың қателігі ме?

Жоқ, тәрбиешісі, яғни біздің кінәміз емес

пе?! Білім нәрін сеп деп тапсырған ұстазың

мынадай сөйлесе, баладан не талап етуге

болады? - деп сөз бастаған адамға қарадым.

Сен керек қылмаған рухани азық сенің

оқушыңа қажет бола қоймайтынын осы

жерде ұқтым. Шаршы топта байқап сөйле,

сөз бастаудың мәнін білмесең, үндемей

отырғаның дұрыс еді. Сексеннің бесеуіне

келген шағымда облыстық басылымдар мен

«Ардагер» газетінен қол үзіп көрмеппін.

Жарты ғасыр серік еткеннен жамандық

көрмеппін. Сонда осы жасымда мені де

біреу мәжбүрлеп отыр ма? дегенімде:

- Кешіріңіз, ата. Менен бір қателік кетті, -

деді.

Қарап отырсам, кейінгі кезде кейбір мұғалімдер

қателік пен кемшілікті газеттен көріп,

өздерінің олқылықтарына мән бермейтіндіктің

белең алып жүргені байқалуда. Айналаңнан

ақылды болуың үшін білімің бір бас артық

тұруы керек қой. Өзіңді өзің жетілдірудің

бір жолы мерзімді басылымдарды босатпай

оқып отыр. Жаңалық пен саяси оқиғалардан

хабардар бол. Мәжбүрлеп жаздыртады дегенің

не? Өзіңнің қалауыңмен, алдыңғылардың

қатарында жазылмайсың ба?! Сен – ұстазсың!

Ендеше, ұлы есімді ластамай, лайық болуға

тырыс.

Хакім Абай айтқандай: - Күніне бір мәрте

(рет) не аптасына бір мәрте, тіпті қолың

тимей жатса да, айына бір рет өзіңнен өзің

есеп алсаң түсінесің» дейді. Біз адамбыз

ғой, кейбіріміз қателік пен кемшілікті біреуден

іздеуге тырысамыз. Бұл адамды адастырып,

дұрыс жолдан шығаруы хақ.

Мен зейнеткерлікке шыққаннан кейін

де бір тәрбие мекемесі арнайы шақырып,

11 жыл қосымша еңбек етіп, жастарға дәріс

беру пешенеме бұйырды. Сонымен, жарты

ғасырдай ұстаздық еткен маған сеніңдер. Ең

бірінші, жақсыны да, жаманды да өзіңізден

іздеп, өзіңізді өзіңіз қамшылаңыз. Сонда ғана

сіз мақсатыңызға жетіп, елдің амандығы мен

тыныштығына адал еңбек еткен сый-құрмет

иесі боласыз.

Ой-пікірімді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының:

- Өмірді қымбат алған арзан саттық,

Жастықтың қадірін білмей

босқа жаттық.

Күнәні – арзан,

Сауапты қымбатсынып,

Обалға белшемізден

Күнде баттық...

...Адамға күнә қайда?

- Көз бен тілде!

Қаңғырып әуре болдың іздеп елден.

Көрген көз, сөйлеген сөз – бәрі күнә,

Іздеуге қажет емес бөтен жерден, -

деген сөзімен қорытқым келіп отыр.

Ардақты ағайын, тыңдарман мен оқырман,

бір-бірімізді бағалайық. Бір болайық.

Бата

Ардақты да қадірлі ұстаздықты таңдаған

жас буын мұғалімдер! Менің өмірден

көргенім де, түйгенім де бар. Азды-көпті

еңбегім де бар. Бағасын елім бағалады.

Қолыңды жайсаң, батамды берейін.

Саналы ғұмырларыңды шәкірттеріңнің

санасына сәуле шашып, бүкіл қоғам

қадір тұтатындай еңбек етіп, ұстаздық

мәртебелеріңді арттырыңдар. Ата-аналар

мен шәкірттеріңнің сый-құрметіне ие

болыңдар. Ғұмырлы, бақытты болыңдар!

Артық сөзден аулақ, абыройлы болыңдар.

Шынайы ықыласты тілекпен, қарт

ұстаз Қабидолла ӘЛІБАЕВ.

Павлодардағы көзі

көрмейтін және нашар

көретін азаматтарға

арналған арнайы кітапхана

ұжымы республикалық

байқаудың жүлдегері

атанды.

Зағиптар

кітабын

құрастырды

Нақтырақ айтқанда, Жамбыл облысының

арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Алаш

әдебиеті – Тәуелсіз ұлт руханиятының негізі»

байқауында екінші орынды жеңіп алды.

Байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

құрметіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын

іске асыру аясында ұйымдастырылған. Мақсаты

– зағиптар мен нашар көретін азаматтарға

арналған кітапханалар қорын жетілдіру,

басылымдардың сапасын жақсартып, санын

көбейту. Себебі, қай өңірді алып қарасақ

та, зағиптар оқитын, қолданатын кітаптар

жеткіліксіз. Яғни, елімізде нүктелі, бедерлі

кітаптар шығаратын арнайы баспа үйлері

жоқ. Сондықтан бұл мәселені кітапхана

қызметкерлері өздері шешуге мәжбүр.

Байқаудың талабына келсек, әр өңірдің

арнайы кітапханалары жергілікті ақынжазушылардың

бір кітабын таңдап, көзі

көрмейтін оқырмандарға қолжетімді брайль

қарпіне аударуы керек. Павлодардағы көзі

көрмейтін және нашар көретін азаматтарға

арналған кітапхана ұжымы жергілікті қаламгер

Серік Сатыбалдиннің «Тіршілік тірегі» кітабына

енген өлеңдер мен ертегілерді зағип жандарға

арналған 4 форматқа аударған.

- Атап айтқанда көзі нашар көретін

балалар үшін ақынның табиғат туралы

өлеңдерін жалпақ басылымға құрастырып,

оны брайль қарпіне аудардық. Сонымен

қатар, аталған ертегілер мен өлеңдерді

автордың өзіне оқытып, шығарманың аудио

нұсқасын DVD дисктерге жаздырдық. Ал

соңғы форматы – тактильді кітаптар деп

аталады. Мұнда ертегі кейіпкерлері – қоян,

түлкі, арыстан секілді аңдарды фетр материалдарымен

кітап бетіне бейнелейді. Яғни, көз

мүгедектері сол мүсіншелерді қолмен ұстап

сезіну арқылы ертегіде не айтылғандығын

түсіне алады, - дейді арнайы кітапхананың

ақпараттық-бұқаралық бөлімінің басшысы

Айнагүл Қожаханова.

Байқау қорытындысы бойынша, жергілікті

кітапхана жүлделі екінші орынды еншілеп,

бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Серік САТЫБАЛДИН, қаламгер:

- Ағымдағы жылдың басында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев: «Біз балаларға өзіміздің ақынжазушылардың

шығармаларын және

шетел классиктерінің балаларға

арналған тамаша туындыларын қазақ

тіліне аударып беруіміз керек» деген

ой айтты. ҚР Мәдениет және спорт

министрлігі 2021 жылды «Балалар

әдебиеті» жылы деп жариялады. Бұл

мүмкіндігі шектеулі жандарға, яғни,

көздері дұрыс көрмейтін оқырмандарға

да қатысы бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып,

олар оқитын арнайы кітаптарды

көбейту өте маңызды болып табылады.

Осы мақсатта көзі көрмейтін және

нашар көретін кітапхана ұжымымен

бірлесіп арнайы жобаларды жүзеге

асырдық. Бірлескен жұмысымыздың

сәтті шығып, жүлдегер қатарынан

көрінгеніне өте қуаныштымын.

Тілеуберді САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!