22.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 23 қазан, сенбі, 2021 жыл ТҰҒЫР

SARYARQA SAMALY

25 ҚАЗАН - ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН

Қашанда халықпен бірге!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша ерекшелігі – әрқашан өз халқымен бірлікте болуы.

Елбасының өз халқына деген құрмет сезімі және халықтың Елбасына деген ерекше сенімі біздің

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің негізгі факторы болып табылады.

Сол кездегі Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты

алғаш көрген күнім дәл бүгінгідей есімде. Бұл Қарағандыда 1989 жылдың шілдесінде

болды, ол кезде мен облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеп жүрген едім.

А

ймақ сол кезде қатты дүрлігіп

тұрған еді - «Қарағандыкөмір»

бірлестігі ғимаратының

алдындағы алаңда наразылық

білдірген 20 мың адамнан

тұратын кеншілер тобы барлық

талаптары орындалғанға дейін

жұмысқа шығудан үзілді-кесілді

бас тартты. Кузбасс, Донбасс

және басқа көмір бассейндерінен

басталып, бүкіл Одақты

қамтыған ауқымды ереуілдер

Қарағандыға да жетті.

Өкінішке орай, орталық,

кеңестік және партиялық органдар

басшыларының, қалалар мен облыс

басшыларының түсіндірмелері

мен сендірулері ешқандай нәтиже

бермеді. Нәтижесінде кокспен

қамтамасыз етудің үзілуіне

байланысты Карметкомбинаттың

жұмысына қауіп төнді. Аймақтағы

барлық саланың экономикалық

күйреуіне қауіп төндіретін жүйелік

қауіп пайда болды. Жағдай күн

өткен сайын шиеленісіп, бақылаудан

шығудың аз-ақ алдында болды.

Тек Нұрсұлтан Әбішұлының келуі

жағдайды түбегейлі өзгертті, ол

әуежайдан тікелей ереуілге шыққан

шахтерлерге қарай бет алып, батыл

түрде көпшілік алдына шықты.

Алаңдағы жағдай қызып тұрған.

Трибунаның жанында тұрған орта

жастағы бір кенші: «Ал Сіз кім

боласыз?», - деді түнеріп.

Нұрсұлтан Әбішұлының өзімсіне,

бірақ азаматша нық әрі өткір:

«Мен – Назарбаевпын! Қазақстан

Компартиясы Орталық Комитетінің

бірінші хатшысымын», - дегені

есімде.

Нұрсұлтан Әбішұлы батыл және

сенімді түрде сөйлеп, кеншілерді

сабырға келуге және келіссөздерді

бастауға шақырды.

- Өздеріңіз білетіндей, мен бұл

лауазымда бар болғаны 20 күн

ғана жұмыс істеймін. Көптеген

талаптар мен сұрақтарыңыз әділ

деп ашық айта аламын. Егер сіздер

менің халық депутаттарының

бірінші съезінде сөйлеген сөзімді

және осы мәселелер бойынша

білдірген пікірімді мұқият оқып

немесе тыңдаған болсаңыздар,

олардың көпшілігін менің жеке

қолдайтынымды білесіздер.

Шынында да, Қазақстан

басшысы сол кезде әлемдік

нарықта жоғары сұранысқа ие

шикізат ресурстарына бай одақтық

республиканың әлеуметтік дамуда

қиын жағдайға тап болып, тек

экономикалық қана емес, сонымен

бірге экологиялық дағдарыс шегіне

жеткізген одақтық орталықтың

ведомстволық диктатурасына өте

батыл қарсы тұрған еді.

Сол кезде митингіге шыққандардың

басым көпшілігі

Нұрсұлтан Әбішұлының батыл

көңіл-күйін сезініп, оның еркіне,

қаттылығына және харизмасына

бағынып, оған сенім білдіріп,

интуитивті түрде оны өздері

сияқты қабылдады. Кездесу

сенімсіздікпен басталғанымен,

соңы қол шапалақтаумен аяқталды.

Дегенмен де келіссөздер

ұзаққа созылды. Бұл күрделі,

өткір, шиеленісті пікірталас болды.

Сонымен бірге келіссөздердің бүкіл

барысы «радио қоңыраулары»

арқылы тікелей алаңға таратылды.

Оларды аяқтағаннан кейін

Нұрсұлтан Әбішұлы күтіп тұрған

шахтерлердің қасына барып,

келіссөздердің нәтижелері туралы

хабардар ете отырып, сенімді

түрде: «Ал, енді бәріміз жұмысқа

кірісеміз», - деп аяқтады.

Сол күндері республика

басшысы Абай, Сарань және

Шахтинск қалаларында болды.

Осыдан кейін барлық ереуілшілер

кенжарларға оралды, ал Қазақстан

Магниткасының кокс батареялары

қайтадан толық қуатта жұмыс

істей бастады. Бұл халықтың

сеніміне негізделген шынайы

көшбасшылықты көрсетудің ең

тарихи сәті болды.

Осындай маңызды және тағдыршешті

оқиғалар адамдардың

жүрегінде мәңгі қалып, ауыздан

ауызға беріліп отырады. Мысалы,

Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен

кеншілердің жан дүниесінде болған

түрлену мен үшін үлкен жаңалық

болды. Онымен сөйлескеннен кейін,

олар мүлдем басқа - рухтанған,

біздің осындай Көшбасшымен

жолымыз болғандықтан, онда біз

міндетті түрде бар қиындыққа

төтеп беретінімізге және гүлденіпөркендейтінімізге

сенген, өздеріне,

өздерінің лайықты болашағына

сенімді адамдарға айналды.

Елбасының өз халқымен бірлігі

оның өңірлерге сапары кезіндегі

кездесулер барысында ерекше

байқалады. Мұндай кездесулер –

бұл әрқашан жанды диалог, кез

келген қоғамның табысты дамуы

үшін қажет кері байланыс, оған

Елбасының мінезі ықпал етеді -

,,...Кездесуде жұртшылық Мемлекет басшысына кеншілерді

мәңгі есте қалдыру туралы өтініш білдірді және бір жылдан

кейін, 2006 жылғы 25 тамызда, Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы

бойынша Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге арналған

монумент ашылды...

адамдармен қарым-қатынаста

ашықтығы, өткір пайымдауларды

қабылдауы, мамандардың пікірін

мұқият тыңдау қабілеті. Елбасы

әрдайым халықтың көзқарасына

қызығушылық танытады және

ашықтықты бағалайды. Онымен

кездескеннен кейін адамдар

Нұрсұлтан Әбішұлымен сөйлесу

кезінде алғашқы қысылушылық

қандай-да бір жолмен тез жоғалып

кететінін мойындайды - өйткені,

Елбасы таңғажайып харизмаға

ие, кез-келген сұхбаттасушының

көңілін өзіне қаратып алады.

2005 жылғы Президент сайлауы

кезіндегі кездесулер еске оралады.

Кейінгі жылдардағыдай, сол кезде

де Президент халықты емес, халық

Президентті үгіттеді. Халық: «Бізге

басқа Президенттің қажеті жоқ!», -

деді. Аймақтарға барған сапарларында

Мемлекет басшысын жылы

шыраймен, нан мен тұзбен, тіпті

шоколадпен қарсы алды.

Қарағандыда Нұрсұлтан Әбішұлы

жергілікті «Ассорти» кәмпиттерінің

дәмін өзі татып көріп, нағыз

жігіттерше жақын маңда тұрған

журналист қыздарға да дәм татыруды

ұмытпады.

- Мен шоколадтың жанкүйері

емеспін, бірақ бұл тәттілердің

дәмін көруге болады, -

деді Елбасы.

Жезқазғанда адамдар Елбасын

алдағы президенттік сайлауға

қатысуға шақырды. Осы кездесуде

еңбек ардагері Игнат Лидің

жарқын және эмоционалды сөйлеген

сөзі есте қалды.

- Менің жасым 82-де, - деді

ақсақал Тұңғыш Президентке қарап.

– Тәжірибелі адамның ақылын

тыңдаңыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, біз

сізді келесі президенттік сайлауға

өзіңізді ұсынуға шақырамыз және

өтінеміз.

- Мен ойланып көремін, - деп

қалжыңдады Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қарағанды облысында болғанында

Елбасы шахтерлермен

кездесіп, «Шахтинская» шахтасына

соқпай кете алмады, онда

2004 жылғы желтоқсанда қайғылы

оқиға болған – лавада 23 кенші

қаза тапқан еді. Сол кезде Президент

зардап шеккендерге және

қаза тапқандардың отбасыларына

барлық мүмкін болатын көмекті

көрсеткен болатын.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, -

деді кеншінің жесірі Татьяна Цан. -

Көмегіңіз бен қолдауыңыз үшін

рахмет. Біз үшін қиын сағатта біз

сіздің көңіліңізді сезіндік. Сіз әкімдік

пен компанияға берген тапсырмалар

толығымен орындалды. Біз

көмір департаментінің басшылығына

еш кінә арта алмаймыз.

Сол кездесуде жұртшылық

Мемлекет басшысына кеншілерді

мәңгі есте қалдыру туралы өтініш

білдірді және бір жылдан кейін,

2006 жылғы 25 тамызда, Нұрсұлтан

Әбішұлының тапсырмасы бойынша

Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге

арналған монумент ашылды.

Еңбек ұжымымен маңызды

істер де талқыланды.

- Соңғы уақытта көпшілігіңіздің

жалақыға көңілдеріңіз

толмай жүргенін білемін. Бұл

мәселені мен Миттал мырзамен

талқыладым, - деді Мемлекет

басшысы. - Бірінші шілдеден

бастап шахтерлердің жалақысы

10 пайызға, ал келесі жылдың

бірінші қаңтарынан бастап

тағы сонша пайызға өседі

деп келістік.

- Жаһандық проблемаларды

ғана емес, қарапайым

жұмысшының қажеттіліктерін

де ойлайтын адам мемлекет

басында тұрғанда, мұндай

ел әрқашан басқаларға үлгі

болады, - деп, инженер Қуаныш

Иманқұлов көпшіліктің пікірін

білдірді.

Президент қайда барса

да, әрқашан және барлық

жерде жылы және қуанышпен

қарсы алатын. Бірақ ең ыстық

қабылдау Оңтүстік Қазақстан

облысының Жетісай қаласында

болды. Сол кездегі орталық

алаң болған «Жеңіс алаңына»

осы ауданның ғана емес

50 мыңнан астам тұрғыны жиналды.

Халық қолын созып, әрқайсысы

көшбасшыға қолының ұшын

тигізгісі немесе оны бір сәтке

көргісі келді. Сәбилерімен келген

аналар Нұрсұлтан Әбішұлынан бата

алу үшін сәбилерін қолдан-қолға

беріп отырды. Адамдар нөпірі

жан-жақтан басып, күзетшілер

Мемлекет басшысымен бірге

жүрген бір шенеунікті таптап кете

жаздаған үлкен тобырды әрең

дегенде ұстады. Бақытымызға орай,

зардап шеккендер болған жоқ.

Осындай сапарлар әрбір

адамның құм түйіршігіндей ғана

екендігін, алайда адамдар біріксе –

оны жасампаздық арнаға бағыттай

алсаңыз, онда оның болашақты

өзгерте алатын күш екенін

өткір сезінуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың жаңа жетістіктер

мен табыстарға жетелейтін осындай

ғажайып дарыны бар деп толық

сеніммен айтуға болады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

Төрағасы, мемлекет және

саяси қайраткер.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!