22.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

23 қазан, сенбі

2021 жыл

№122 (15740)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ҚАТЫНАС

Ақылы жолдың

талабы қандай?

ҰЛТТЫҚ ЖОБА

«Жайлы

тұрғын үй»

Таяуда ғана Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев

10 ұлттық жобадан тұратын

тізбені бекіту туралы Жарлыққа

қол қойған болатын.

Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан қаласына

апаратын жол ақылы болмақ. Яғни, бас қалаға бағыт алған жүргізушілер

жолдың әр шақырымы үшін белгілі бір сома төлеуі тиіс.

Мұндай жаңашылдық жолды күтіп-ұстау шығындарын өтеуге тиімді

болғанмен, тұрғындардың қалтасын қағуы әбден мүмкін.

Жас times:

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, СТУДЕНТ?

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

Жалғасы 10-бетте

Қазіргі кезде жоғары және орта оқу орындарында студенттер үшін жатақхана мәселесі

туындап тұрғаны жасырын емес. Әлемдік пандемияның салдарынан студенттер үйінде

талап өзгерді. Осы тұста өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледж жатақханаларының

ахуалымен және онда мекендейтін студенттің бір күндік тіршілігімен танысып

қайттық.

Толығырақ 5-бетте

Ал олардың ішіндегі сүбелісі - базалық

қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін

қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық

жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй

құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік

байланысты қамтамасыз ету және елдің

көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату

есебінен азаматтардың қолайлы өмір

сүру ортасын құру міндеттері көзделген

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»

ұлттық жобасы екені сөзсіз.

Осы бағыттың «Жайлы тұрғын үй»

міндетін шешу үшін мақсатты топқа

кіретін 185,1 мың адамға жеке тұрғын үй

қорынан тұрғын үй жалдау шығындарын

субсидиялау, 102,3 мың әлеуметтік жалға

берілетін және кредиттік тұрғын үй салу,

25 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызу

сияқты қолдау іс-шаралары жүзеге асырылады.

Жұмыс істейтін жастарға арналған

мың тұрғын үй, сонымен қатар ауылдық

жерлерде өз жұмысшыларына үй салған

жұмыс берушілердің шығындарын жабу

көзделеді.

235 мың жер учаскесі жаңа тұрғын

үймен және инфрақұрылыммен қамтамасыз

етіледі. Жалпы, алдағы 5 жылдың

ішінде барлық қаржыландыру көздері

есебінен 103 млн шаршы метр баспана

салу көзделіп отыр. Бұл ретте Тұрғын

үй құрылысының бірыңғай операторы

әкімдіктермен бірге әлеуметтік кредиттік

баспана салуды қаржыландыруды

жалғастырады. Нәтижесінде 2025 жылға

қарай елімізде кезекте тұрған азаматтар

үшін 86 мыңнан астам баспана салынады.

Отбасы банкі арқылы халыққа

2 және 5 пайыздық жеңілдікпен несие

беру де жалғасады. Ол үшін аталған

ұлттық жоба аясында 400 млрд теңге

бөлу жоспарланған. Бұл қаражат кірісі

1 ең төменгі күнкөріске жетпейтін

63 мыңнан астам кезекте тұрған азаматты

қолдауға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі,

алдағы уақытта елімізде кредит берудің

бірыңғай ең жоғары сомасы 15-18 млн

теңге шегінде бекітілмек. Бұл ретте

алдын ала тұрғын үй заемінің ең төменгі

жарнасы 10 пайыз мөлшерінде бекітілмек.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 23 қазан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Шараға облыс әкімінің орынбасары

Айзада Құрманова қатысты.

Шарада Мемлекет басшысы

Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі

және жүйелі реформалар – ел

өркендеуінің берік негізі» атты

Қазақстан халқына Жолдауы

негізінде мемлекеттік тілдің

маңызы мен қолданылу аясы

жөнінде сөз қозғалды. Мұнда қазақ

тілінің этносаралық қатынас тілі

ретіндегі рөлі, ұлтаралық бірлікті

нығайтудағы маңыздылығы, қазақ

тілінің қоғамның жаппай барлық

саласында толыққанды қызметін

қамтамасыз ету сынды өзекті

сұрақтар төңірегінде мәселелер

көтерілді.

Облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам

Болатханұлының айтуынша,

мемлекеттік тілде оқумен

қамтылғандар 62,6%, ұлты қазақ

балалар 81,3%, өзге ұлт өкілдерінің

балалары 23,8%-ды құрап отыр.

Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен

Облыстық мәслихаттың депутаты

Марина Стрелковскаяның

төрағалығымен «Nur Otan»партиясы

Павлодар облыстық филиалы

жанындағы Отбасы, әйелдер және

балалардың құқықтарын қорғау

мәселелері бойынша қоғамдық

кеңестің кезекті отырысы өтті.

Интернат мекемелерінде балалардың

тұру және оқу жағдайлары,

сондай-ақ ерекше білім берілуіне

қажеттілігі бар балаларды

жүйелі қолдау шаралары туралы

облыстық білім басқармасы

басшысының орынбасары Роза

Ақанова баяндады. Аталған

мәселелерді қарау барысында

кеңес мүшелері балалардың

интернат мекемелерінде

тұру жағдайларын жүйелі

мониторингілеу, бейнебақылау

камераларымен қамтамасыз ету

және материалдық-техникалық

қамтамасыз етуді жақсарту

қажеттілігіне, сондай-ақ мектепке

дейінгі мекемелердегі түзету

қызметін әдістемелік сүйемелдеу,

мамандандырылған түзету және

ойын жабдықтарымен қамтамасыз

ету қажеттілігіне баса назар

аударды.

Ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығына орай

облыс мәдениет, тілдерді

дамыту және архив

ісі басқармасының

ұйымдастыруымен

«Тілдік келісім – бірлік

пен тұрақтылықтың

кепілі» тақырыбында

дөңгелек үстел өтті.

Тіл мәртебесі –

ел мерейі

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

салыстырғанда 5%-ға өскен. Ал

ППУ-дің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Бекен

Сағындықұлы аралас мектептердегі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мамандары тапшы, сондай-ақ

жоғары оқу орындарында бұл

мамандыққа гранттың жоқтығын

айтты.

- Успен және Шарбақты аудандарында

мектепке дейінгі білім

беру мекемесінде қазақ тілді

тәрбиешілер аз. Мысалы, Успен

ауданында жалпы саны 77 тәрбиеші

болса, оның 12-сі ғана қазақ тілді, –

деді Халықаралық «Қазақ тілі»

қоғамы облыстық филиалының

төрағасы Асыл Әбішев. Оған

қоса, қоғам өзге тілде сөйлеу

емес, өзге тілде ойлау қауіпті

екендігін алға тартты.

Сонымен қатар жиынға

қатысушылар өңіріміздегі тіл

саясатының жүзеге асуы және

насихаттау жолдары, мемлекеттік

тілдің бүгіні мен келешегі жайында

пікір алмасып, ұсыныстарын

ортаға салды.

Жүйелі

қолдау

жалғасады

Интернат мекемелерінде тұратын балаларды

жүйелі қолдау мәселесін «Nur Otan» партиясының

мүшелері тұрақты назарда ұстауда.

Облыстық полиция департаментінің

аға инспекторы Бибігүл

Қамзина, облыстық білім беру

басқармасы басшысының орынбасары

Роза Ақанова, облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

басшысының орынбасары Гүлнәр

Буратаева, Павлодар қаласы

әкімінің орынбасары Светлана

Гладышева зорлық-зомбылық

және қатыгез жағдайлар анықталған

отбасыларға мониторинг

жүргізу жұмыстарын өңірде

ұйымдастыру мәселесі бойынша

ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Осы мәселе бойынша қоғамдық

кеңес тарапынан өмірлік

қиын жағдайда жүрген отбасыларды

ерте анықтау және

оларды сүйемелдеу бойынша

жұмысты ұйымдастыру бойынша

қосымша ұсынымдар берілді.

Жедел әрекет ету топтарының

жұмысын зерделеу мақсатында

қоғамдық кеңес мүшелері жақын

арада олардың қызметіне мониторинг

жүргізбек. Оның нәтижелері

кеңестің кезекті отырысында

қаралатын болады.

Өз тілшіміз.

СПОРТ

Барлығына

қолжетімді болмақ

Павлодар облысында балалардың спортпен шұғылдануына жан-жақты

жағдай жасалып келеді. Облыс орталығындағы мектептер жанынан жаңа

алаңдардың салынуы – соның айқын айғағы. Ендігі ретте жеткіншектерді

салауатты өмір салтын сақтауға баулып, мамандармен қамту мәселесін

шешу қажет.

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов Павлодар қаласындағы

бірнеше мектепке

барып, спорт алаңдарының

жағдайымен танысты. Алдағы

уақытта бұл бағыттағы

инфрақұрылымды қайта

құруға ерекше назар аударылатынын

алға тартып,

мұғалімдер қауымы, жаттықтырушылармен

бірге дене

тәрбиесі, бұқаралық спорт

мәселелерін талқылады.

Осы орайда мектептердің

жаңартылған спорт

алаңдары бәріне бірдей

ашық болуы керек екеніне

баса мән берді.

Екінші Павлодар шағын

ауданындағы №18 мектепте

жаңа толық көлемді және

шағын футбол алаңдары,

баскетбол мен волейбол

ойнауға арналған алаңдар

таныстырылды. Оқу орнының

өкілдері мұнда кешкі уақытта

тұрғындар да келіп, спортпен

шұғылдана алатынын айтты.

- Осы спорт алаңы салынып

жатқан кездің өзінде жүгіруге,

тренажерлар көмегімен жаттығу

жасауға келетін едік. Бұрын бос

болған бұл аумақ қазір демалуға,

спортпен шұғылдануға ыңғайлы.

Енді алаңға келетін адамдар құралжабдықтардың

барлығын күтіп-ұстап,

мұқият пайдаланса игі, - дейді

тұрғындардың бірі.

Әбілқайыр Сқақов бұл сөзді

қолдап, білім және спорт саласының

қызметкерлерімен қатар жергілікті

жұртшылық та жаңа инфрақұрылымның

сақталуына жауапты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жаңартуға дейін

пайдаланылған шағын алаңдарды

тиімді пайдалануды

тапсырды.

Аймақ басшысы

Қ.Бекқожин атындағы

орта мектепке барды.

Мұнда осы жылы заманауи

футбол, тренажер,

баскетбол мен

волейболға лайықталған

көпфункционалды

алаңдар орнатылды.

Ал №9 гимназияға ат

басын бұрған Әбілқайыр

Бақтыбайұлы жаңа футбол

алаңындағы ойынды тамашалады.

Аталмыш гимназия

мен Б.Момышұлы

атындағы мектептің оқушылары

жасыл алаңда

кім мықтыны анықтады.

Екі команданың ойыншыларына

әкелері көмектесті.

Мұнда Әбілқайыр Сқақов дене

шынықтыру мұғалімдері, балалар

мен жасөспірімдер мектептерінің

жаттықтырушылары және спорт

ардагерлерімен кездесіп, болашақ

ұрпақ үшін тәлімгерлерінің тәрбиесі

маңызды екенін еске салды.

- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

немесе жаттықтырушыға көп

нәрсе байланысты. Осы сабақтар

мен секцияларда балалардың рухы

мен шыдамдылығы шыңдалады.

Әдетте спортта жолы болған

балалар өмірде де жетістікке

жетеді. Сондықтан біз облыстың

осы саладағы дәстүрлерін нығайту

үшін балаларды көбірек тартуымыз

керек, - деді Ә.Сқақов.

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның

еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Виктор Кольев спорттық инфрақұрылым

құру бұқаралық спортты

дамытудың кепілі екенін айтты.

Алайда бұл аздық етеді. Ардагердің

айтуынша, барлық спорт алаңдары

балаларға толы болуы қажет.

Сондай-ақ, оларға кімнің тәлім

беретіні маңызды.

- Бүгінде бұқаралық спортпен

айналысуға барлық жағдай жасалған.

Десе де, балалармен жұмыс

істеу үшін кәсіби мамандар керек

деп есептеймін. Ол үшін дене

шынықтыру мұғалімдері ретінде

спорт шеберлерін жалдау керек.

Мұндай маман сенімді ақтап,

әрдайым үздік нәтижеге жұмыс

істейді, - дейді В.Кольев.

Железин ауданының шаңғы

спорты бойынша жаттықтырушысы

Евгений Кисляков қысқы спорт

түрлерін қолдап, олардың жаттықтырушыларына

аймақтық

үстемеақы енгізуді ұсынды. Қатысушылар

тарапынан жаттықты-рушылар

үшін біліктілікті арттыру және

президенттік тест бойынша жарыстар

ұйымдастыру туралы бастамалар

көтерілді. Аймақ басшысы дене

шынықтыру мұғалімдері, нұсқаушылар

мен спорт ардагерлеріне саладағы

барлық мәселелердің тізімін жасап,

оларды шешудің жолдарын ұсынуға

кеңес берді. Кейін мәселелерді

шешуге қатысты алдын-ала жоспарын

жасау мақсатында спортшылар

қауымдастығымен тағы бір рет

кездесу ұйымдастырылмақ.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 23 қазан, сенбі, 2021 жыл 3

Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылы тұрғындарының көптен бергі

тілегі дәрігерлік амбулаторияны жайлы ғимаратқа көшіру еді. Себебі үйдің

ішінде орналасқан емдеу мекемесі тарлық етіп, дәрігерлер мен ем іздеп келген

жұртшылыққа ыңғайсыздық тудыра бастады. Мұнда орталықтандырылған

су жүйесі де болған жоқ. Сондықтан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша

жаңа медициналық мекеме салынды.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Соңғы уақытта

облыс орталығында

қоғамдық көліктің

«жыры» жиі талқыланатын

болған.

Жолаушылардың

шағымы көп. Қозғалыс

интервалдарының

сақталмауы, автобус

сапасының төмендігі,

жүргізушілер мен

кондукторлардың

мәдениетсіздігі

тұрғындардың ашуына

тиюде.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұған электронды билеттің

тауқыметін қосыңыз. Олай дейтініміз,

кейбір автобустарда валидатор

жұмыс істемейді. Төлем картасы

бар жолаушылар амалсыздан

ақшалай есептесуге мәжбүр. Облыс

орталығында электронды билет

жүйесін енгізу бойынша 2 ұйым

қызмет көрсететінін ескерсек,

тұрғындар екі бірдей төлем картасымен

«қарулануы» тиіс.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімінің

басшысы Арслан Қалияқбаров

жолаушылардың шағымы орынды

екенін айтады.

- Карантиндік шектеулердің

салдарынан жолаушылардың ағыны

қысқарып, сәйкесінше автобус паркі

иелерінің табысы төмендегені рас.

Қиын-қыстау кезеңде жүргізушілердің

30 проценті өзге жұмыстарға

ауысып кетті. Салдарынан кадр

мәселесі алдан шығып, маршрут

интервалдары сақталмай келеді.

Амбулатория

ашылды

Дәрігерлік амбулаторияның

құрылысы осы жылдың көктемінде

басталған еді. Мердігер компания

жұмысты белгіленген мерзімнен

ерте аяқтап, Ақсу қаласының

60 жылдығы қарсаңында ел

игілігіне тапсырды. Салтанатты

ашылу рәсіміне қатысқан шаһар

басшысы Жанат Шұғаев жаңа

емдеу мекемесі көптің көңілінен

шығатынына сенім білдірді.

- Бүгін Қызылжар ауылы

тұрғындары үшін айтулы күн. Көптен

күткен дәрігерлік амбулаторияның

есігі айқара ашылды. Бір ауысымда

50 адамды қабылдауға қауқарлы

мекеме заманауи медициналық

құралдармен жабдықталған.

Науқастарға амбулаториялық емдеу

курстарынан өтуге барлық мүмкіндік

бар. Ендігі ретте дәрігерлердің

тұрғындарға қызмет көрсетуінде

қиындық болмауы тиіс, - деді

Ж.Шұғаев.

Жалпы аумағы 360 шаршы

метрден асатын ғимаратта

дәрігерлер, екпе алу кабинеттері,

қызуы жоғары тұрғындарды

қабылдайтын фильтр бөлмесі,

күндізгі стационар бар. Бұған

дейін жергілікті құс фабрикасының

ғимаратында орналасқан жедел

жәрдем бригадасы да жаңа емдеу

мекемесіне көшірілді.

Ақсу қалалық ауруханасының

директоры Мақсат Мұқашевтің айтуынша,

қазір дәрігерлік амбулаторияда

кәріз, орталықтандырылған

су жүйелері жүргізілген. Яғни,

барлық санитарлық талаптарға

сай келеді. Мұндай игілік ескі

ғимаратта болмаған еді.

Жалпы, 2013 жылдан бері Ақсу

қаласына қарасты елді мекендерде

барлығы 5 дәрігерлік амбулатория

салынды. Келесі жылы Мәмәйіт

Омаров ауылдық округінде де жаңа

емдеу мекемесі бой көтермек.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Жүргізушілер

тапшы

Автобустардың сапасына

тоқталсақ, техника паркін

жаңарту әзірге мүмкін болмай

тұр. Бізде 17 санаттағы

жолаушыларға жеңілдік

қарастырылған. Шығындарды

өтеу үшін жыл сайын облыстық

бюджеттен 300 миллион теңге

қаражат бөлінеді. Ол қаржы

автобустарды жаңартуға

жеткіліксіз. Келесі жылдан

бастап қоғамдық көліктерге

«әлеуметтік» мәртебесі

беріліп, субсидия төлеуді қолға

алмақпыз. Бұл мақсатқа 3 млрд

теңге қаражат қарастырылады

деп күтілуде. Субсидияға қол

жеткізген тасымалдаушылар өз

міндеттерін мінсіз орындайды деп

сенеміз. Осылайша, қоғамдық

көлік саласындағы проблемалар

рет-ретімен шешілмек, - дейді

Арслан Қалияқбаров.

Субсидия деп отырғанымыз -

жергілікті бюджеттен ай сайын

шығындарды өтеуге берілетін

қаражаттан бөлек қаражат. Әрине,

осындай қолдау болса, тасымалдаушылар

техникасын жаңартатыны

сөзсіз. Қазір бір жаңа автобустың

құны 60 миллион теңгеден кем

емес.

Тасымалдаушылардың айтар

уәжі белгілі. Қит етсе, жеңілдікпен

жүретін әлеуметтік әлсіз санаттағы

жолаушыларды таситынын айтып,

шығындарын өтеуді сұрайды. Ал

әкімдіктегілер болса, шығындардың

дәл есебін білмей дал. Оны

анықтаудың бір ғана жолы бар.

Электронды билет жүйесін енгізу

арқылы ашықтыққа көз жеткізуге

болады. Жаңа жүйенің енгізілуі әр

автобустың қанша жолаушыны, оның

ішінде қанша осал топтағы азаматтарды

таситыны туралы ақпаратты

айқындап бермек. Сайып келгенде,

тасымалдаушылардың нақты шығыны

анықталып, бюджеттен үлестірілетін

қаражаттың есебі болмақ.

Арслан Қалияқбаровтың айтуынша,

қала әкімдігінің қоғамдық

көлік саласын жаңғырту жобасы

әзірленген. Оған сәйкес, алдағы

уақытта жаяу жүргіншілер жолағын

жарықтандыру жұмыстары да қолға

алынбақ.

Қорыта айтсақ, қоғамдық көлік

саласы – әлеуметтік маңызы бар

мәселе. Тасымалдау қызметін

жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз

ету бойынша жұмыстар жалғасын

тауып, қоғамдық көлік саласындағы

реформа жүйелі атқарылғаны абзал.

Әйтпесе, тасымалдаушылардың

талабы, жолаушылардың шағымы

жиі қылаң беріп, тәртіпсіздік ұзаққа

созылуы мүмкін.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Бұған дейін облыс орталығындағы №1 автобус

паркі екі рет сатылымға қойылған болатын. Бірақ

ол тұста жолаушылар тасымалымен айналысатын

кәсіпорынды сатып алуға ниеттілер табылған

жоқ. Ал бұрнағы күні жарияланған үшінші сауда

процесінде мемлекет меншігіндегі мекеме семейлік

компанияның қолына өтті.

Автобус паркі

сатылды

Осыдан 60 жылдан астам уақыт

бұрын ашылған кәсіпорын Үкіметтің

2021-2025 жылдарға арналған

жекешелендірудің кешенді жоспарына

енгізілді. Яғни, 100 пайыз

мемлекеттің үлесі бар мекемені

жеке компанияның басқаруына

беру ұйғарылды.

Десе де, биыл 31 тамыз бен

22 қыркүйек күндері өткен мемлекеттік

конкурсқа қатысуға өтініш

білдірген компаниялар болмады.

Алғашқы сатылым кезінде бастапқы

баға 672,9 млн теңге болса,

екінші электронды тендер кезінде

50 пайызға арзандады. Бірақ бұл

жолы да инвесторлар табылған

жоқ. Сол себепті 21 қазан күні

кезекті рет конкурс жарияланды.

Үшінші сатылым барысында

№1 автобус паркі 168 млн

234 мың теңгеге бағаланды. Кепілдік

жарна 87 млн 510 мың теңгені

құрады.

Конкурс нәтижесі бойынша,

павлодарлық кәсіпорынды Семей

қаласындағы «Семей Транс Сервис»

ЖШС 170 млн теңгеге сатып алды.

Келісімшартқа сәйкес, мекеменің

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз

хатшысы Екатерина

Байжұманованың айтуынша,

жылу беруші тарап өз міндетін

мінсіз орындауда. Яғни, үйге

дейін жіберілетін жылу температурасы

нормаға сай.

- Көптеген үйлердің жертөлесінде

автоматтандырылған қондырғылар

орнатылған. Оны дұрыс

реттемесе, пәтердегі жылу мөлшері

төмен болады. Кейде үйішілік

жылу жүйесінің тозуы салдарынан

жылу мөлшері талапқа сай

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету департаментінің директоры

Данияр Шаймардановтың

мәліметінше, бүгінде тұрақтандыру

қорында жалпы құны 1,1 млрд

теңгені құрайтын 6,2 мың тонна

өнім сақтаулы.

- Тұрақтандыру қорындағы

өнімдер 178 сауда орны арқылы

тұрғындарға жол тартады. Оның

60-ы – супермаркеттер. Келісімшартқа

сай, дүкен иелері үстемеақыны

10 проценттен асырмауы тиіс. Жыл

соңына дейін өнім көлемін 11 мың

тоннаға дейін арттыру көзделуде.

4 миллион жұмыртқа, 700 мың

литр өсімдік майын, 460 тонна

қарақұмық жармасын, 115 тонна

пияз, 300 тонна сәбіз, 1500

тонна картоп, 1500 тонна қант

жаңа иесі 10 жыл аралығында

жолаушылар тасымалымен айналысуы

тиіс. Сондай-ақ, тендер

жеңімпазы кәсіпорынның 1,6 млрд

теңге көлеміндегі несиесін өтеуге

міндеттеледі. Бұған дейін қарыз

жергілікті бюджет есебінен өтеледі

деп жоспарланған болатын.

Осылайша, №5, 6, 10, 21, 22,

40, 66А, 38, 31, 42, 44 және 66

бағытта қатынайтын автобустар

толығымен жекенің басқаруына

өтті. Мұнда барлығы 99 автобус

бар. Оның 41-і 7 жылдан, тағы

28-і 12 жылдан астам пайдаланылуда.

Сонымен қатар, №1 автобус

паркінде 95 адам жұмыс істейді.

Естеріңізде болса, аталмыш

кәсіпорын 2015 жылы «Қазақстандық

құрылыс тобы» компаниясына

1,1 млрд теңгеге сатылған

болатын. Бірақ кәсіпорын басшылығы

қаржылық қиындықтарға ұшырап,

жарты жылдан соң жолаушылар

тасымалымен айналысудан бас

тартты. Сөйтіп, мекеме қайтадан

мемлекеттің меншігіне өтті.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ҚЫС - ҚЫР АСТЫНДА

Жылусыз

қалмайды

Бүгінде облыс орталығындағы 1249 көпқабатты

үйдің барлығы жылуға қосылған. Кейбір учаскелерде

апаттық жағдай орын алуына байланысты

жылу аз уақытқа жоғалуы мүмкін.

болмай жатады. Оны ПИК немесе

тұрғындардың өздері бақылауы

тиіс. Біздің тараптан олқылықтар

жіберілсе жедел шешуге тырысамыз.

Кейбір учаскелерде күтпеген

жерден апаттық жағдайлар орын

алуы мүмкін. Мұндай кезде жөндеу

жұмыстары кешкі сағат 17.00-ге

дейін жалғасады. Яғни, тұрғындар

түнгі уақыта жылусыз және

ыстық сусыз қалмайды, - дейді

Екатерина Байжұманова.

О.АХМАДИЯ.

БАҒА САЯСАТЫ

Қорда не бар?

Азық-түлік бағасы қымбаттаған уақытта тұрақтандыру

қоры ойға оралатыны рас. Әлеуметтік маңызы

бар өнімдердің бағасын реттеуге міндеттелген

жергілікті қордың ахуалы қандай?

және 60 тонна макарон өнімдерін

сатып алу жоспарлануда, - дейді

Д.Шаймарданов.

Естеріңізге салсақ, былтырдан

бері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету департаменті ірі сауда

орындарымен жаңа жүйе арқылы

байланыс орнатып келеді.

- Өткен жылдың қорытындысына

көз жүгіртсек, жаңа жүйенің тиімділігі

байқалады. Бұл бағыттағы жұмыстар

биыл да жалғасын табуда. Осы

жылы 425 миллион теңгені құрайтын

5 несие берілді. Әріптестік танытуға

«Қызылжар-Құс», «Низкоцен»,

«Шарбақты Құс», «Grano-PV»,

«Техноснаб ПВ» серіктестіктері ниет

білдірді, - дейді Д.Шаймарданов.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


4 23 қазан, сенбі, 2021 жыл ТҰҒЫР

SARYARQA SAMALY

25 ҚАЗАН - ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН

Қашанда халықпен бірге!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша ерекшелігі – әрқашан өз халқымен бірлікте болуы.

Елбасының өз халқына деген құрмет сезімі және халықтың Елбасына деген ерекше сенімі біздің

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің негізгі факторы болып табылады.

Сол кездегі Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты

алғаш көрген күнім дәл бүгінгідей есімде. Бұл Қарағандыда 1989 жылдың шілдесінде

болды, ол кезде мен облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеп жүрген едім.

А

ймақ сол кезде қатты дүрлігіп

тұрған еді - «Қарағандыкөмір»

бірлестігі ғимаратының

алдындағы алаңда наразылық

білдірген 20 мың адамнан

тұратын кеншілер тобы барлық

талаптары орындалғанға дейін

жұмысқа шығудан үзілді-кесілді

бас тартты. Кузбасс, Донбасс

және басқа көмір бассейндерінен

басталып, бүкіл Одақты

қамтыған ауқымды ереуілдер

Қарағандыға да жетті.

Өкінішке орай, орталық,

кеңестік және партиялық органдар

басшыларының, қалалар мен облыс

басшыларының түсіндірмелері

мен сендірулері ешқандай нәтиже

бермеді. Нәтижесінде кокспен

қамтамасыз етудің үзілуіне

байланысты Карметкомбинаттың

жұмысына қауіп төнді. Аймақтағы

барлық саланың экономикалық

күйреуіне қауіп төндіретін жүйелік

қауіп пайда болды. Жағдай күн

өткен сайын шиеленісіп, бақылаудан

шығудың аз-ақ алдында болды.

Тек Нұрсұлтан Әбішұлының келуі

жағдайды түбегейлі өзгертті, ол

әуежайдан тікелей ереуілге шыққан

шахтерлерге қарай бет алып, батыл

түрде көпшілік алдына шықты.

Алаңдағы жағдай қызып тұрған.

Трибунаның жанында тұрған орта

жастағы бір кенші: «Ал Сіз кім

боласыз?», - деді түнеріп.

Нұрсұлтан Әбішұлының өзімсіне,

бірақ азаматша нық әрі өткір:

«Мен – Назарбаевпын! Қазақстан

Компартиясы Орталық Комитетінің

бірінші хатшысымын», - дегені

есімде.

Нұрсұлтан Әбішұлы батыл және

сенімді түрде сөйлеп, кеншілерді

сабырға келуге және келіссөздерді

бастауға шақырды.

- Өздеріңіз білетіндей, мен бұл

лауазымда бар болғаны 20 күн

ғана жұмыс істеймін. Көптеген

талаптар мен сұрақтарыңыз әділ

деп ашық айта аламын. Егер сіздер

менің халық депутаттарының

бірінші съезінде сөйлеген сөзімді

және осы мәселелер бойынша

білдірген пікірімді мұқият оқып

немесе тыңдаған болсаңыздар,

олардың көпшілігін менің жеке

қолдайтынымды білесіздер.

Шынында да, Қазақстан

басшысы сол кезде әлемдік

нарықта жоғары сұранысқа ие

шикізат ресурстарына бай одақтық

республиканың әлеуметтік дамуда

қиын жағдайға тап болып, тек

экономикалық қана емес, сонымен

бірге экологиялық дағдарыс шегіне

жеткізген одақтық орталықтың

ведомстволық диктатурасына өте

батыл қарсы тұрған еді.

Сол кезде митингіге шыққандардың

басым көпшілігі

Нұрсұлтан Әбішұлының батыл

көңіл-күйін сезініп, оның еркіне,

қаттылығына және харизмасына

бағынып, оған сенім білдіріп,

интуитивті түрде оны өздері

сияқты қабылдады. Кездесу

сенімсіздікпен басталғанымен,

соңы қол шапалақтаумен аяқталды.

Дегенмен де келіссөздер

ұзаққа созылды. Бұл күрделі,

өткір, шиеленісті пікірталас болды.

Сонымен бірге келіссөздердің бүкіл

барысы «радио қоңыраулары»

арқылы тікелей алаңға таратылды.

Оларды аяқтағаннан кейін

Нұрсұлтан Әбішұлы күтіп тұрған

шахтерлердің қасына барып,

келіссөздердің нәтижелері туралы

хабардар ете отырып, сенімді

түрде: «Ал, енді бәріміз жұмысқа

кірісеміз», - деп аяқтады.

Сол күндері республика

басшысы Абай, Сарань және

Шахтинск қалаларында болды.

Осыдан кейін барлық ереуілшілер

кенжарларға оралды, ал Қазақстан

Магниткасының кокс батареялары

қайтадан толық қуатта жұмыс

істей бастады. Бұл халықтың

сеніміне негізделген шынайы

көшбасшылықты көрсетудің ең

тарихи сәті болды.

Осындай маңызды және тағдыршешті

оқиғалар адамдардың

жүрегінде мәңгі қалып, ауыздан

ауызға беріліп отырады. Мысалы,

Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен

кеншілердің жан дүниесінде болған

түрлену мен үшін үлкен жаңалық

болды. Онымен сөйлескеннен кейін,

олар мүлдем басқа - рухтанған,

біздің осындай Көшбасшымен

жолымыз болғандықтан, онда біз

міндетті түрде бар қиындыққа

төтеп беретінімізге және гүлденіпөркендейтінімізге

сенген, өздеріне,

өздерінің лайықты болашағына

сенімді адамдарға айналды.

Елбасының өз халқымен бірлігі

оның өңірлерге сапары кезіндегі

кездесулер барысында ерекше

байқалады. Мұндай кездесулер –

бұл әрқашан жанды диалог, кез

келген қоғамның табысты дамуы

үшін қажет кері байланыс, оған

Елбасының мінезі ықпал етеді -

,,...Кездесуде жұртшылық Мемлекет басшысына кеншілерді

мәңгі есте қалдыру туралы өтініш білдірді және бір жылдан

кейін, 2006 жылғы 25 тамызда, Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы

бойынша Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге арналған

монумент ашылды...

адамдармен қарым-қатынаста

ашықтығы, өткір пайымдауларды

қабылдауы, мамандардың пікірін

мұқият тыңдау қабілеті. Елбасы

әрдайым халықтың көзқарасына

қызығушылық танытады және

ашықтықты бағалайды. Онымен

кездескеннен кейін адамдар

Нұрсұлтан Әбішұлымен сөйлесу

кезінде алғашқы қысылушылық

қандай-да бір жолмен тез жоғалып

кететінін мойындайды - өйткені,

Елбасы таңғажайып харизмаға

ие, кез-келген сұхбаттасушының

көңілін өзіне қаратып алады.

2005 жылғы Президент сайлауы

кезіндегі кездесулер еске оралады.

Кейінгі жылдардағыдай, сол кезде

де Президент халықты емес, халық

Президентті үгіттеді. Халық: «Бізге

басқа Президенттің қажеті жоқ!», -

деді. Аймақтарға барған сапарларында

Мемлекет басшысын жылы

шыраймен, нан мен тұзбен, тіпті

шоколадпен қарсы алды.

Қарағандыда Нұрсұлтан Әбішұлы

жергілікті «Ассорти» кәмпиттерінің

дәмін өзі татып көріп, нағыз

жігіттерше жақын маңда тұрған

журналист қыздарға да дәм татыруды

ұмытпады.

- Мен шоколадтың жанкүйері

емеспін, бірақ бұл тәттілердің

дәмін көруге болады, -

деді Елбасы.

Жезқазғанда адамдар Елбасын

алдағы президенттік сайлауға

қатысуға шақырды. Осы кездесуде

еңбек ардагері Игнат Лидің

жарқын және эмоционалды сөйлеген

сөзі есте қалды.

- Менің жасым 82-де, - деді

ақсақал Тұңғыш Президентке қарап.

– Тәжірибелі адамның ақылын

тыңдаңыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, біз

сізді келесі президенттік сайлауға

өзіңізді ұсынуға шақырамыз және

өтінеміз.

- Мен ойланып көремін, - деп

қалжыңдады Нұрсұлтан Әбішұлы.

Қарағанды облысында болғанында

Елбасы шахтерлермен

кездесіп, «Шахтинская» шахтасына

соқпай кете алмады, онда

2004 жылғы желтоқсанда қайғылы

оқиға болған – лавада 23 кенші

қаза тапқан еді. Сол кезде Президент

зардап шеккендерге және

қаза тапқандардың отбасыларына

барлық мүмкін болатын көмекті

көрсеткен болатын.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, -

деді кеншінің жесірі Татьяна Цан. -

Көмегіңіз бен қолдауыңыз үшін

рахмет. Біз үшін қиын сағатта біз

сіздің көңіліңізді сезіндік. Сіз әкімдік

пен компанияға берген тапсырмалар

толығымен орындалды. Біз

көмір департаментінің басшылығына

еш кінә арта алмаймыз.

Сол кездесуде жұртшылық

Мемлекет басшысына кеншілерді

мәңгі есте қалдыру туралы өтініш

білдірді және бір жылдан кейін,

2006 жылғы 25 тамызда, Нұрсұлтан

Әбішұлының тапсырмасы бойынша

Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге

арналған монумент ашылды.

Еңбек ұжымымен маңызды

істер де талқыланды.

- Соңғы уақытта көпшілігіңіздің

жалақыға көңілдеріңіз

толмай жүргенін білемін. Бұл

мәселені мен Миттал мырзамен

талқыладым, - деді Мемлекет

басшысы. - Бірінші шілдеден

бастап шахтерлердің жалақысы

10 пайызға, ал келесі жылдың

бірінші қаңтарынан бастап

тағы сонша пайызға өседі

деп келістік.

- Жаһандық проблемаларды

ғана емес, қарапайым

жұмысшының қажеттіліктерін

де ойлайтын адам мемлекет

басында тұрғанда, мұндай

ел әрқашан басқаларға үлгі

болады, - деп, инженер Қуаныш

Иманқұлов көпшіліктің пікірін

білдірді.

Президент қайда барса

да, әрқашан және барлық

жерде жылы және қуанышпен

қарсы алатын. Бірақ ең ыстық

қабылдау Оңтүстік Қазақстан

облысының Жетісай қаласында

болды. Сол кездегі орталық

алаң болған «Жеңіс алаңына»

осы ауданның ғана емес

50 мыңнан астам тұрғыны жиналды.

Халық қолын созып, әрқайсысы

көшбасшыға қолының ұшын

тигізгісі немесе оны бір сәтке

көргісі келді. Сәбилерімен келген

аналар Нұрсұлтан Әбішұлынан бата

алу үшін сәбилерін қолдан-қолға

беріп отырды. Адамдар нөпірі

жан-жақтан басып, күзетшілер

Мемлекет басшысымен бірге

жүрген бір шенеунікті таптап кете

жаздаған үлкен тобырды әрең

дегенде ұстады. Бақытымызға орай,

зардап шеккендер болған жоқ.

Осындай сапарлар әрбір

адамның құм түйіршігіндей ғана

екендігін, алайда адамдар біріксе –

оны жасампаздық арнаға бағыттай

алсаңыз, онда оның болашақты

өзгерте алатын күш екенін

өткір сезінуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың жаңа жетістіктер

мен табыстарға жетелейтін осындай

ғажайып дарыны бар деп толық

сеніммен айтуға болады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

Төрағасы, мемлекет және

саяси қайраткер.


Жас times

SARYARQA SAMALY

«Saryarqa samaly» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

Қалқаман САРИН

Тəуелсіздік

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті

Аманат қой

Маған,

Саған,

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе, ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшенді!?

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын,

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Ұлы дала

ұрпағы

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

КӘСІП

Жағдайың қалай,

студент?

Қазіргі кезде жоғары

және орта оқу орындарында

студенттер үшін

жатақхана мәселесі

туындап тұрғаны

жасырын емес. Әлемдік

пандемияның салдарынан

студенттер үйінде

талап өзгерді. Осы тұста

өңіріміздегі жоғары оқу

орындары мен колледж

жатақханаларының

ахуалы мен студенттің

бір күндік тіршілігімен

танысып қайттық.

Тәуекел - менің

басты қаруым!

Жалғасы 7-бетте

Туған кезде рухани жаңғырып,

Қазақстан жасай береді мәңгілік

Бабалардың қаныменен келген жер

Балалары гүлдетеді ән қылып.

Конституция заң боп енді күшіне,

Саналы ұрпақ жүр осыны түсіне.

Отыз жылда ойып тұрып орнады,

Ең дамыған елу елдің ішіне

Тәуелсіздік - жас ұрпақтың еншісі.

Тарихымыз тым тереңде, бергісі -

Әдебиет, мәдениет дамуы,

Рухани жаңғырудың белгісі.

Тәуелсіздік еншісі жас ұрпақтың.

Жақсылықпен алға қарай жол тарттың.

Елімізде жаңғыру тек рухани,

Тыныш өмір - ашық аспан астында.

Қазақстан көп ұлттың да мекені,

Белгілі ғой асқақтаған екені.

Жер асты мен үстіндегі байлығы,

Өміріне ұрпағына жетеді.

Ермек НҰРСҰЛТАН,

Павлодар қаласындағы №5 орта

мектебінің қазақ тілі және

әдебиеті мұғалімі.

Нұрқанат Қайраттың есімін

жергілікті жырсүйер қауым

жақсы біледі. Айтыс сахнасында

суырыпсалмалық

қасиетімен танылып

үлгерген. Десе де, уақыт өте

жас азамат кәсіпкерлік

салаға біржола бет бұрып,

бүгінде Түркияда бизнесін

табысты жүргізуде. Стамбулмен

сауда жасау ісін қолға

алған Нұрқанат Қайратпен

байланыс орнатып, әңгімеге

тартқан едік.

Жалғасы 6-бетте


6

КӘСІП

Жас times

23 қазан, сенбі, 2021 жыл SARYARQA SAMALY

Тәуекел– менің басты

қаруым!

Басы 5-бетте

- Әңгіме әлқиссасын

тәуекел - менің басты қаруым

деген сөзіңізден бастасақ.

Қаншалықты тәуекелшіл

жансыз?

- Алдымен аяулы Алашыма

Ыстамбулдан ыстық сәлем жолдап

қояйын! Менімен сұхбат құруға

ниеттенгеніңізге мың алғыс!

Жалпы, менің тәуекелді серік

етуім мектептегі бастауыш

сыныптан басталды. Себебі 10

жасымнан айтыс сахнасына шығып,

көрерменнің көзайымына айналдым.

Өз басым күреспен бозкілемге

де шыққан адаммын. Бірақ, қара

күшті сынайтын жерде емес,

маған ең қатты тәуекел сахнаға

шыққанда қажет болатын. Сахнада

қызардым, сөз таппадым, ойландым,

толғандым, түбінде шыңдалдым.

Осының бәрінен өтуге кішкентай

Нұрқанат үшін үлкен тәуекел керек

еді. Ішімдегі қорқынышты бала

кезімнен жеңе алғаннан кейін

маған басқа жерлерде тәуекел ету

деген өте оңайға түсетін болды.

Өзгелерге де ғибрат болсын!

Студент кезімде ата-анамды

қасиетті қажылыққа жіберсем деп

қатты армандадым. Тіледім. Атаанама

ән де шығардым. Сол

әнде: «Күндеріңді қажы болған,

Жүздеріңді разы болған, Біз көрейік

әрқашан», - деген қайырмам

бар. Әнімді де айтып, дұғамды

да қыла беремін. Солай уақыт

зымырап өтіп жатты. Түркияға

оқуға келгенімде Ауғанбай атты

жақын досымнан Пайғамбарымыз

Мұхаммедке арналған мүшәйра

болатынын естідім. Қатысып

көрейін деп бел байладым. Өлең

де құйылып түсті. Ойымда түк жоқ.

Мүшәйраға өлеңімді жібердім. Бір

кезде Астанадағы Әзірет сұлтан

мешітінен бас жүлде алғанымды

айтып, ұйымдастырушылар хабарласты.

Және оның жүлдесі кіші

қажылыққа жолдама болды. Дәл

сол кездегі сезімді сөзбен жеткізе

алмаймын. Жанарыма қуаныштың

жасы келіп тығылды. Ол жүлдемді

анама сыйладым. Анамның алғашқы

шетелге сапары қасиетті мекенге

бағытталғанына қуаныштымын.

Біз риясыз тілесек, әрекетін

жасасақ, Жаратқан үшін ешқандай

дүние қиын емес. Тәуекелге байланысты

өмірімде ғажап оқиғалар

өте көп. Сондықтан мен үшін

үлкен қару - тәуекел. Тек әрекет

жаса!

- Нұрқанат, сізді айтыскер

ақын ретінде жақсы білеміз.

Қазіргі кезде Түркия елімен

сауда кәсібінде есіміңізді жиі

естіп жүрміз. Осы тұста айтыстан

кәсіпке кетуіңіз жөнінде

айтып өтсеңіз...

- Ақындық - Жаратқанның

маған берген үлкен сыйы. Айтысымды,

ақындығымды ешқашан

тастамадым. Әлі де додаларға

түсемін. Кәсіпке кеткенімнің себебі -

еркіндікті жақсы көремін. Бір

ортаға, жұмысқа байланғым

келмейді. Намысты да, табысты

да болып, дүниелік заттарға бас

қатырмай, сахнаға шықсаң да,

саясатқа кірсең де қалтаңды

ойламай, еліңнің сөзін сөйлегенге

не жетсін! Қазақ ұстаз тұтатын

Абайдың әкесі кім еді. Әрине,

рухани да, материалдық та бай -

Құнанбай! Оның екі жақты да бай

болуы ұрпағына тікелей әсер етті.

Менің кәсіпке жасаған қадамым

Отанға да, отбасыма да пайдалы

болады деп сенемін! Көп созбай

бұл сұраққа Абайдың сөзімен жауап

берсем: «Қазаққа ақыл берем,

түзеймін деп қам жеген адамға

екі түрлі нәрсе керек: біріншісі -

зор билік, екіншісі - есепсіз

байлық». Жан-жағына шуағын

шашатын қайырлы, дәулетті, бай,

жомарт кәсіпкер болуды өзіме

мұрат қылдым!

- Тәуекел түбі - жел қайық,

ұшасың да, кетесің дейді. Кәсіп

және тәуекел деп Түркиядан

бірақ шықтыңыз. Тәуекел

қайығынан ұшып кетуден

қорықпадыңыз ба?

- Менің өмірде сүйенетін бір

формулам бар. Тәуекел, әрекет,

білім және нәтиже. Әлемді

таңқалдырып жатқан Илон Маск

тәуекел етпегенде, өз-өзіне

сенбегенде қазіргідей жетістікке

жетер ме еді?! Қай мықтының

жүрген жолын қарасаң, бәрі

де тәуекелден басталған. Менің

де азды-көпті жетістігім әуелі

Алла, сосын тәуекелім, еңбегім,

білімімнің арқасында. Тағы да

бір айта кетер дүние. Түркия -

маған бөтен ел емес. Себебі,

осы мемлекеттің университетінен,

ұстаздарынан білім алып, тілін

үйренгенмін. Тұрмысын, тілін білетін

елге келіп, өз кәсібімді бастау

маған сондықтан аса қорқынышты

болған жоқ.

- Әлемде өмірді өзгертетін

сиқырлы таяқ жоқ деп

айтқан ойыңызды оқыдым.

Бүгінде біраз адамның

қолдағы сиқырлы таяғы

болып, табыс табу жолын

үйретіп келесіз. Бұл жолда-

ғы басты мақсат қандай?

- Менің басты мақсатым

қазақ жан-жақты болса екен

деймін. Қазір ізденген адамға

айналамызда мүмкіндік

өте көп. Жақсы табыс та

табуға болады. Мен ешкімді

жұмысынан шығып, кәсіпке

келуін үгіттемеймін. Бірақ

қазақтың өмірі тек несие

жабумен, ипотека төлеумен,

айдан айға жетумен өткенін

қаламаймын. Сондықтан

мектепте жұмыс істесе де,

имам болса да қосымша табысы

болсыншы деп адамдарға

шетелмен сауда жасауды

үйретіп жүрмін. Нәтижелер де

керемет. Үйде отырған аналардың

ішінде сабағыма қатысып, бір

депутаттың ресми айлығынан көп

табыс табатын жандар да бар.

Жастарға ғана емес, жас мөлшеріне

қарамай, ықыласы бар адамның

бәріне шетелмен сауда жасап,

табыс табудың қыр-сырын үйретіп

келемін. Шынымен, сиқырлы таяқ

жоқ. Тәуекелге барып, еңбек ету

керек!

- Айлықтан-айлыққа дейін

өмір сүру - қазіргі қоғамдағы

өзекті мәселе. Кәсіп бастаудағы

басты мәселе қаражаттың

жетіспегендігі ме? Қалай

ойлайсыз?

- Бұл - қоғамдағы өзекті

тақырып. Қаншама ата-ана күндізтүні

еңбек етемін деп балашағасына,

өзінің дамуына көңіл бөле

алмауда. Мен де - айлыққа жұмыс

істеген адаммын. Бір айлықпен

күн көретін жандардың күйін

білемін. Мен кәсіпке қаражаттың

жоқтығынан емес, саналы түрде

келдім. Себебі кәсіп жасау арқылы

мен өзіме, отбасыма, айналама

көп мүмкіндік жасай алатынымды

түсіндім. Кәсібі жақсы жүрген адам

табысты болары анық. Табысты

адамның санасында еш шектеу,

сараңдық болмаса, өзінің, қоғамның

дамуына да пайдасы зор! Жалпы,

кәсіпке амалсыздан емес, саналы

түрде келген жақсы. Сол кезде

...Мысалы, қаншама жыл түрмеде отырып, түбінде Президентке

айналған Нельсон Манделаның өмірі, халқы үшін құрбан

болған Әлихан, Ахметтердің әрекеттері де - үлкен жігер. Бұл

тұлғалардың тағдырына қарап, тек қызығып қана қоймай, ой

жүгіртсең, мінездерін өзіңе қалыптастырсаң, сонда

,,

керемет

нәтиже шығады...

қандай қиыншылықтар, сынақтар

болса да, сіз сынбайсыз! Аяғына

дейін барып, жетістікке жетесіз!

- Туған жерге оралу

ойыңызда бар ма?

- Өз басым - түбінде Отаныма

оралып, барымды, тәжірибемді

қазағымның қажетіне жарағанын

қалайтын азаматпын! Өмірімнің,

көзқарасымның өзгеруіне әсер

еткен тұлға - Әлихан Бөкейхан!

Мен шетелде жүргеніммен

Алаштың, Арыстардың арманынан,

адал жолынан алыстап

кеткен емеспін! Шетелде өзімдік

жоспармен уақытша ғана жүрмін.

Алдағы уақытта басқа мемлекеттерде

де тұрып көрсек деген ой

да бар. Қылшылдаған жасымда

әлемді аралап, ойлау жүйемді

кеңейтіп, Әлихандай көп тілде

сөйлей алсам, жиған-тергенімді

жұртыма берсем, тамаша емес

пе?! Құдайдан қазақтың болашағы,

билігі жақсы жаққа өзгеруіне

үлесімді тигізе алатындай ықпалды

тұлға болғанымша ғұмыр беруін

тілеймін! Еліме аман-есен оралуды

жазсын!

- Тегін сабақтармен қатар

ақылы түрде түрлі вебинарлар

өткізіп жатырсыз. Жалпы,

мотиватор деген ұғымды

қалай түсінесіз?

- Жалпы, адамдарды сөздің

буына елтіп, уақытша ләззат

сыйлағанды ұната қоймаймын.

Бар болғаны сөздерімнен кейін

ой жүгіртсе екен деймін. Өзінің

арманы, мақсаты, принципі адамға

мотивация сыйлайды. Иә, өзгеден

көп күш-жігер алуға болады.

Мысалы, қаншама жыл түрмеде

отырып, түбінде Президентке

айналған Нельсон Манделаның

өмірі, халқы үшін құрбан болған

Әлихан, Ахметтердің әрекеттері

де - үлкен жігер. Бұл тұлғалардың

тағдырына қарап, тек қызығып қана

қоймай, ой жүгіртсең, мінездерін

өзіңе қалыптастырсаң, сонда

керемет нәтиже шығады. Бізде

қазір адамдар көп нәрсені біледі.

Білу бір бөлек. Оны жасау - бір

бөлек әңгіме. Тәуекел керек деген

менің сөзімді тыңдап, өзімді көріп,

адамдар тек сүйсініп, әрекетке

көшпесе, ол қуанатын жағдай

емес. Ал, өздері бәрін саралап,

амалға айналдырса керемет.

Күнделікті бір бет кітап оқысаң

да, 500 теңге садақа берсең де,

өзгеге жәрдемдессең де, өміріңе

жақсы амалдарды кіргізіп отырсаң,

өзіңе өзіңнен асқан қозғаушы

күш жоқ. Сенің бүгін ұйқыңнан

аман тұрғаныңның өзі - үлкен

жетістік. Бір күннің өзі - бізге

берілген үлкен олжа!

- Алдағы уақытта құрған

жоспар қандай?

- Жоспар өте көп. Негізгісін

айтайын, бұйыртса кәсіпте жүре

беремін. Елге ораламын. Қалғанын,

өмірімде қандай өзгерістер болатынын

көре жатарсыздар. Ең

бастысы, Құдайым қуат берсе,

ұлы мақсаттарыма қадам жасай

беремін.

- Сұхбатыңызға көптен-көп

рахмет! Жұмысыңыз жемісті

болсын!

Әңгімелескен -

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

Жас times

23 қазан, сенбі, 2021 жыл

7

Басы 5-бетте

Жағдайың қалай, студент?

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Өңірдегі ең көне, көпжылдық

тарихы бар оқу ордаларының бірі –

Бейсен Ахметов атындағы жоғары

педагогикалық колледжі. Бүгінде

болашақ ұстаздарды тәрбиелейтін

білім беру мекемесінде 1200 студент

білім алады. Педагогикалық ұжым

сапалы біліммен қатар, оқу ордасының

студенттеріне қолайлы жағдай

жасап отыр.

Б.Ахметов атындағы жоғары

педагогикалық колледжі басшысының

тәрбие жұмысы жөніндегі

орынбасары Гүлнар Махамбетованың

айтуынша, колледж аумағында

студенттерге арналған екі

жатақхана бар. Алдағы уақытта

студенттер үйінің 200 адамға

шақталған үшінші ғимаратының

құрылысы аяқталуы тиіс екен.

- Екі ғимарат бойынша жалпы

саны 475 студент жатақханамен

қамтылды. Мұнда әрбір қабатта

36 бөлме, одан бөлек екі ас үй,

дәретхана мен жуынуға арналған

бөлмелер бар. Сабақ оқуға

ыңғайлы жағдай қарастырылған,

түрлі құрылғыларды пайдалану

мүмкіндігі бар. Қазіргі санитарлық

талаптарға сәйкес, аумақтың

көлеміне байланысты бір бөлмеде

кемінде екі-үш немесе үш-төрт

студент тұрып жатыр, - дейді

Г.Махамбетова.

Жатақхана меңгерушісі Айнаш

Ақылова бөлмелердің күнделікті

кесте бойынша кварцтелетінін

айтты.

- Желдету жұмыстары жүргізіліп,

кешкі уақытта студенттердің

дене қызулары тексеріледі.

Жатақхананың бірінші қабатында

коронавирустық инфекциядан

сақтану мақсатында оқшауландыру

бөлмесі де жұмыс істейді.

Жатақхана сырты мен іші тәулік

бойы бейнебақылауда, - деп баяндады

А.Ақылова.

Ал Павлодар педагогикалық

университеті базасында екі

студенттер үйі бар. Бес қабатты

ғимаратта жалпы саны 793 адам

тұрады. Жаңа жатақханада мүмкіндігі

шектеулі студенттерге арнайы

бөлмелер қарастырылған. Сонымен

қатар, пандемияға байланысты

бірінші қабатта оқшауландыру

бөлмелерінің санын көбейткен. Бұл

туралы Павлодар педагогикалық

университетінің Жастар саясаты

департаментінің директоры Мәдина

Құсманова айтты.

- Біз ҚР Білім және ғылым

министрлігімен бекітілген «Жатақханаға

орналастыру туралы ережедегі»

заңнамаға сәйкес студенттерді

жатақханаға орналастырамыз.

Бірінші кезекте жетім, ата-ананың

қамқорлығынсыз қалған және

мүмкіндігі шектеулі жандар,

әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы

балалары қабылданады. Оған

қоса, мемлекеттік бағдарламалар

шеңберінде оқуға түскен студенттерге

де жатақхана беріледі.

Дәстүрлі оқу форматы қайта

жанданған соң, студенттер үйінде

санитарлық талапқа сәйкес әр

адамға 6 шаршы метр аумақ

бөлінді. Бір бөлмеде екі студенттен

тұрып жатыр, - деді М.Құсманова.

Студенттер үйінде тұратындар айына

10000 теңге, жаңа ғимаратты

мекендейтіндер 12000 теңгеден

төлейді. Дегенмен бірінші және

екінші санаттағы мүгедектер,

жетім балалар мен ата-анасының

қарауынсыз қалған студенттер

жатақханаға тегін орналасатындығын

атап өтті.

Жастық шақтың ең тәтті кезеңі –

студенттік өмір болса, студенттік

өмірдің қызығы мен шыжығы –

жатақхана. Жатақхана өмірімен

жақсы таныс Нұрбек Қаппаев

студенттер үйінде жылдамдығы

жоғары интернет, теледидар,

жылу мен су сияқты коммуналдық

қызметтер бойынша мәселе

жоқтығын атап өтті. Бастауыш

білім беру мамандығының

4-курс студенті жатақханадағы

ас үй бөлмесінде тоңазытқыш,

қысқатолқынды пеш және электрпештің

де бар екенін айтты. Бірінші

курстан бастап екінші үйіне

айналған 212-бөлменің студенттері

атынан қолайлы жағдай

жасаған басшылыққа, студенттер

үйінің меңгерушісі Айжан

Болатбекқызына ерекше алғысын

білдірді.

Расымен де, ауылдан келіп,

өзі қалаған жоғары оқу ордасына

түсіп, мықты маман иесі атанып,

ата-анама қолқабыс тигізсем, елімнің

өркендеуіне үлесімді қоссам

деп армандайтын студенттер үшін

жатақхана екінші үй болып табылады.

Қазіргі таңда жатақханалардың

көпшілігі заманауи талапқа сай

жабдықталған. Студенттердің жанжақты

білім алуы үшін жаңа қондырғылармен,

коворкинг орталықпен

қамтамасыз етіліп отыр.

Сонымен қатар, түрлі оқу

бағдарламаларын пайдалануға

мүмкіндік те қарастырылған. Тек

студент жастардың бойында білім

мен ғылымға ұмтылыс, қажырлы

еңбектенуге деген жігер болса

жеткілікті. Себебі, озық ойлы,

саналы жастарға мемлекет қашанда

қолдау білдіруге даяр.

Қазіргі кезде кітапханалар жұмысында жаңа бастамалар орын алуда. Әсіресе, кітапхананың мақсаты,

мәдени, ғылыми ағартушылықтан бөлек ақпараттық инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді. Солардың

бірі – «Coworking» орталықтардың ашылуы. Өңірдегі коворкингтердің жағдайын зерделеп көрдік.

«Coworking» - қолайлы орта!

Ақсу аймағы

көш бастап тұр

«Coworking» орталықтар – пайдалы

әрі заманауи білім алуға, кеңістікті еркін

қолданып, ізденіске жетелейтін оңтайлы

орта. Әсіресе, студенттер мен жастардың

уақытын пайдалы жұмсауына септігін

тигізеді. Жеке немесе ұжым болып идеяларды

талқылап, кітап оқып қана қоймай,

демалыс өткізуге таптырмас алаң да осы.

С.Торайғыров атындағы Павлодар

облыстық кітапхана басшысының орынбасары

Баршагүл Байжанованың айтуынша,

облыс көлемінде 39 коворкинг–орталық

жұмыс істейді. Бұл жерде оқытудың түрлі

тренингтері, кездесулер мен әдеби-сазды

кештер, тұсаукесерлер жиі болып тұрады.

Келушілер үшін еркін демалатын орын,

ғаламтор мен WI-FI-ы бар аймақтар жасалған.

Сонымен қатар, азаматтарға электрондық

цифрлық бұрыш қарастырылған.

Облыс көлемінде ауылдық кітапханаларда

«Coworking» орталықтар саны бойынша

Ақсу аймағы алдыңғы қатарда тұр.

Мұндағы ауыл-аймақта 9 кітапхана және

Ақсу қаласының шағын аудандарында –

5 коворкинг-орталық бар. Олардың ашылуына

жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп,

демеушілік көрсетілген. Мысалы, «Алина»

және «Виктория» шаруа қожалықтары Евгеньевка

ауыл кітапханасының материалдық

әрі техникалық құрылымдарын жақсарту

үшін қаржы бөліп, заманауи құрылғылармен

жабдықтады.

Ал Ақтоғай ауданы бойынша коворкинг

орталық Қожамжар және Әуелбек ауылдары

кітапханасы базасында, сонымен

қатар 2020 жылы есігін ашқан Ақжол

ауыл кітапханасында құрылды. Павлодар

ауданы Розовка ауылдық кітапханасында

орталықтың бой көтеруіне «Пархоменко»,

«Строй сервис» ЖК, «Сенькевич» ЖШС

көмек көрсетті. Павлодар қаласындағы

кітапханалардағы орталық ішін қайта

жабдықтауда «NFS Kazakhstan» ЖШС

үлкен қаржылық қолдау жасады.

Бұл бастамалар арқылы кітапханада ыңғайлы

жағдай жасау жаңа пайдаланушылардың

келуіне ықпал ететіндігі сөзсіз.

Осы мақсатта, Аққулы ауданы Қарақала

ауылында жаңа форматта жұмыс істеуде. Тіпті,

орталықтың ашылуы ауыл тұрғындарының

көңілінен шығып, қазіргі кезде коворкингке

жиі келіп, кітап оқумен қатар, адамдар

арасында қарым-қатынас құрып, ұжымдар

үшін креативті ойларды талқылауға оңтайлы

жерге айналды.

Балалардан сұраныс

жоғары

2018 жылы Успен аудандық кітапханасында

«Коворкинг» орталығы ашылды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

негізінде дүниеге келген орталықта

қолжетімді әрі жылдамдығы жоғары

интернет, соңғы үлгідегі компьютер

мен теледидар, балаларға арналған

дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарының

тақталарымен қамтылып, уақытты

тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.

- Аудан оқырмандары мен балалар бос

уақыттарын орталықта өткізеді. Арнайы

ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараға,

шығармашылық кездесулер, шеберлік сағаттары

мен зияткерлік ойындарға белсенді

қатысып та жүр. Тіпті, бастауыш сынып

оқушылары ертегілер оқып, мультфильм- дер

көреді. Аптасына 20-25 оқырман келеді, -

деді Успен аудандық кітапхана басшысы

Әсем Сқақова. Басшының сөзінше, Галицкое

ауылдық кітапханасында «Коворкинг»

орталық күрделі жөндеуден өткен. Келушілер

өзі қалаған жерде еркін әрі тегін қызметтерді

пайдалана алады.

Ізденімпаз жас

жолда қалмас

Назарбаев университетінің студенті

Адия Ахмер коворкинг-орталықтың артықшылығы

– бұл шексіз жұмыс уақыты

екендігін алға тартып, кез келген адам

таңертең келіп, қажет болған жағдайда

кешкі уақытқа дейін жұмыс істей алу

мүмкіндігі ұнайтындығын атады.

- Мен өткен жылдан бастап онлайн

оқудамын. Үйде оқу кейде қиынға соғады,

өзінді бақылау тез жоғалады. Сол себепті,

орталыққа келуді ұнатамын. Біз бірнеше

студент болып жиналып, бірлесе сабақ

оқимыз. Әсіресе, аймақтың кең әрі тыныш

болуымен қатар ғаламтордың қолжетімділігі

студенттер үшін маңызды, - деді Адия

Ахмер.

Студенттің айтуынша, коворкингорталықтардың

пайдалы тұстары өте

көп. Біріншіден, дұрыс ұйымдастырылған

жұмыс кестесі. Оқырмандар мен пайдаланушылар

үшін – бұл маңызды. Екіншіден,

демалыс уақыттарында бас қосып,

жоба жұмыстарын талқылауға ыңғайлы

орта табудан қиынға түсетіні жасырын

емес. Ал, коворкинг – осы олқылықтың

таптырмас шешімі. Үшіншіден, коворкинг

аймақтың резидент үшін жайлылықты

қалыптастыруы. Мұндағы арнайы бөлмелерді

атап өтсек болады. Төртіншіден, тегін

интернет желісі. Жылдам әрі кез келген

бұрышта қолжетімді wi-fi – пайдаланушының

жұмағы. Ал ең маңыздысы – өзіңізбен

мақсаты мен идеясы бір, болашаққа нық

қадам басуға мүмкіндік беретін жандарды

жолықтырып, қарым-қатынас жасауға

мүмкіндігі мол орталық.

Өз тілшіміз.

«Жас times» қосымшасын үйлестірген -

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


8 23 қазан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19: ВАКЦИНА

Екпе алмаған

науқастың емі қиын

- Людмила Николаевна,

антиваксерлердің басты дәлелінің

бірі вакцинадан кейін

де коронавирусты жұқтырып

алуы болып отыр. Бұл туралы

не айтасыз?

- Әлем бойынша екпе алған

азматтар 100 пайыз індеттен

аулақ болатынына кепілдік жоқ.

Қолданыстағы ешбір вакцина кеселді

жұқтырудан қорғай алмайды. Ең

бастысы, препарат адамдарды

өлімнен сақтайды. Екпе алғандардың

ағзасында коронавирус жеңіл өтеді.

КВИ-ге қарсы екпе де өзге вакциналар

сияқты қарсы көрсетілімі

бар, ағзаға түрлі реакция беруі

мүмкін. Ал аты жаман вирустан

бәрін күтуге болады. Кез келген

адам коронавирусты жұқтырады.

Себебі қазір дерт дендеп тұрғанын

білесіздер. Сондықтан екпе алдым

деп, босаңсуға болмайды. Санитарлық

талапты қатаң сақтау қажет. Індеттен

жазылып шыққан адамдарда иммунитет

қалыптасады. Сол себепті

мамандар коронавирустан емделіп

шыққандарға вакцинаны бірден

салмайды. Арада кем дегенде

3-6 ай уақыт өтуі тиіс. Дәрігер

ретінде екпе ерікті түрде салынуы

керектігін айтқым келеді. Десе де,

тұрғындар аурудың қандай екенін

сезініп үлгерді. Өзге де штамдар

пайда болуда. Вакцина салдырмаған

адамдар денсаулықтары үшін шешімді

өздері қабылдайтынын ұғынуы керек.

Олар індетпен ұзақ күреседі. Емі

де қиын жүреді. Індетпен күресіп

жүрген маман ретінде вирустан

сақтанудың жалғыз жолы - вакцина

екенін айтқым келеді.

- Екпе алғаннан кейін

вирусқа қарсы антидене қашан

қалыптасады?

- Ағзадағы иммунитет барлық

вакцинада тек екінші аптаның соңында

ғана қалыптасады. Антиденені күшейту

Павлодар облысы коронавирусқа қарсы вакцина

алушылардың саны бойынша республикада төменгі

орында. КВИ-дан қорғайтын екпені салуда жүйелі

жұмыс жан-жақты жүргізіліп жатқанымен, тұрғындар

арасында әлі де екіұдай пікір жалғасуда. Қауіпті

кеселмен бір жылдан астам уақыт күресіп келе жатқан

ақ желеңділер вирустан қорғанудың жалғыз жолы –

вакцина екенін айтудан жалыққан емес. Осы орайда,

тұрғындар арасында туындаған сауалдарға жауап

алу мақсатында Павлодар қалалық №3 емхананың

сарапшы дәрігері Людмила Асташкинамен тілдескен

болатынбыз.

үшін коронавирусқа қарсы екпенің

екінші дозасы да салынады. Оны

алғашқы екпеден кейін кем дегенде

3 аптадан соң қабылдау қажет.

Екінші препараттан кейін 2-3 апта

өткен кезде ғана індетке қарсы

иммунитет толық қалыптасады.

Екпе алған адамдарға медициналық

маска тағу, адам көп жиналатын

орындарға бармау, әлеуметтік

қашықты сақтау сынды кеңес

берілетіні сондықтан. Облыста

ұжымдық иммунитет қалыптаспай,

барлық адам санитарлық талапты

қатаң сақтауы тиіс.

- Желтоқсан айының соңында

өңірге балалар мен жүкті

әйелдерге арналған «Pfizer»

екпесі жеткізілетінін білеміз.

Қазіргі уақытта ата-аналар

балаларының болашағына

алаңдап отыр. Оларға қандай

кеңес бересіз?

- Әлемде аталмыш екпе түрі

балалар мен жүкті әйелдерге салынуда.

Вакцина клиникалық сынақтан

өткен. «Pfizer» екпесі 12 жастан

асқан балалар мен жүктіліктің 16-37

аптасында жүрген келіншектерге

арналған. Өмірге сәби әкелген

әйелдер араға 42 күн өткенде ғана

препаратты қабылдай алады. Ал

коронавируспен ауырып шыққандар

тек 6 айдан кейін ғана екпені салдырады.

Вакцинаны қабылдар алдында

денсаулықтары толық тексеріледі.

Ақпан айында облысқа жеткізілген

«Спутник V» екпесі жүкті әйелдерге,

бала емізетін келіншектерге,

18 жасқа дейінгі балаларға салынған

жоқ. Әу баста аталмыш вакцина да

тұрғындар арасында күмән туғызды.

Ғалымдар жасөспірімдер мен сәби

күтіп жүрген әйелдердің жағдайын

ойлап, вакцина ойлап тапты. Сол

себепті ата-аналардан қорықпай,

балаларға екпе салуға келісім беруі

керектігін айтқым келеді. Вакцина

алған кезде ғана қорқыныш сейілуі

керек. Ал жүкті әйелдер дұрыс

шешім қабылдау арқылы өздерін

және құрсағындағы сәбиін қорғайды.

Препарат облысқа жеткізілген кезде

үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін

болады.

- Өзіңіз жұмыс істейін

Павлодар қалалық №3 емханада

вакциналау науқаны

қалай жүруде?

- КВИ-ге қарсы егу науқаны жүйелі

түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың

ақпан айынан бері тәуекел тобына

жататын медициналық қызметкерлер,

педагогтар мен күштік құрылым

қызметкерлері толық егілді. Сәуір

айынан бастап емхана тіркеуінде

тұрған тұрғындарды қамти бастадық.

Сонымен қатар, емхана мамандары

ірі кәсіпорындардағы, әскери

мекемелердегі, шағын маркеттердегі

қызметкерлерге де екпе салды.

Қазіргі уақытта диспансерлік есепте

тұрған науқастар вакцина алуда.

Жаз мезгілімен салыстырғанда

вакцина салатындардың саны күрт

төмендеп кеткені рас. Бірақ дәрігерлер

қауымы үгіт-насихат, ақпараттандыру

жұмыстарын тоқтатқан емес. Жүйелі

жұмыс арқылы ұжымдық иммунитет

қалыптасады деген ойдамыз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Аймағымызда эпидемиологиялық ахуал

күрделі деп бағалануда. Өткен тәулікте

202 адам коронавирус жұқтырған. Оның

ішінде 185 азамат симптомды вируспен

ауыруда. Облыс әлі де «қызыл» аймақта

қалып отыр.

Жағдай әлі де

күрделі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар Сейітқазинов мәлім

етті. Оның сөзінше, қазіргі

уақытта 1201 адам стационарда

ем алуда. Мұндағы төсекорындардың

жүктемесі 54,5

пайызды құрайды. Жансақтау

бөліміндегі төсек-орын жүктемесі

44,6 пайызға тең. Өңірде

90 адамның жағдайы ауыр

деп бағалануда. 14 адам

өкпені жасанды тыныс алдыру

құрылғысына қосылған.

- Өткен аптада облыстағы

эпидемиологиялық жағдай

жақсара бастаған еді. Осы

аптада науқастардың саны

артып, ахуал күрделенді.

Қазір күн сайын 120-130 адам

стационарға түсуде. Соңғы

тәулікте 5 жүкті әйел коронавирус

жұқтырды.

Облыста КВИ-мен ауырып

жатқан 56 жүкті әйел бақылауға

алынған. Оның ішінде 32-сі

амбулаторлық деңгейде емделуде.

Стационарда жатқан

18 әйелдің жағдайы жеңіл,

4 әйелдің жағдайы орташа,

екі әйелдің жағдайы ауыр

деп бағалануда. Сонымен

қатар, өңірде 117 бала коронавирус

жұқтырған. Оның

28-і стационарда, 89-ы үй

жағдйаында емделуде, - дейді

А.Сейітқазинов.

Айдар Кенжетайұлының

сөзінше, коронавирусқа қарсы

екпенің алғашқы компонентін

313 мың 228 адам алса,

екінші дозаны 288 мың 110

адам салдырған. Бұған дейін

облыста КВИ-ге қарсы ұжымдық

иммунитетті қалыптастыру

үшін 450 мың адам екпе алуы

керектігі жоспарланды. Бүгінде

бұл көлем 497 мыңға артқан.

Бұл ағзасы екпе алуға жарамды

халықтың 90 пайызын құрайды.

Өткен аптамен салстырғанда

осы аптада екпе алушылардың

саны екі есеге артқан. Қазір

тәулігіне 800-900 адам вакцина

салдыруда. Сонымен қатар,

облыста тұмауға қарсы вакциналау

науқаны жүруде. Бүгінде

97 мың 168 адам аталмыш

екпе түрін қабылдаған.

Бұл бекітілген жоспардың

57,5 пайызын құрайды.

Атап өтерлігі, облыста

желтоқсан айында ревакциналау

науқаны басталады

деп күтілуде. Сонымен қатар,

қараша айында 12 жастан асқан

балалар мен жүкті әйелдерге

арналған «Pfizer» препараты

жеткізілмек.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ҚАУІПСІЗДІК

«POLICE SOS»

Қаламыздың орталық жағажайында «POLICE

SOS» батырмасы орнатылды. Аталмыш

құрылғы заңға қайшы әрекеттер туындаған

жағдайда дабыл сигналын беруге және полицияға

шұғыл қоңырау шалуға арналған.

Павлодар облысы полиция

департаменті цифрлық

технологияларды енгізу және

дамыту бойынша жоспарлы

жұмыс жүргізуде. Оның бір

дәлелі жергілікті тұрғындардың

қауіпсіздігін қамтамасыз

етуге бағытталған «Police sos»

батырмасы. Өңірлік полиция

департаментінің басшысы

Нұрлан Мәсімовтің айтуынша,

аталмыш құрылғы

бейнебақылау камерасымен

жабдықталған. Сонымен қатар, кіріктірілген динамиктер

арқылы полиция қызметкері көмекке мұқтаж адаммен байланыс

орнату мүмкіндігіне ие. Аудиожазба көмегімен деректер

автоматты түрде орталық базаға түсіп, тіркеледі.

- Бұл - дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, халыққа

ыңғайлы болу және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін

жасалған жоба. Мұндай жаңашылдық азаматтардың барлық

өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция

органдары жүйесіндегі жаңалықтар қоғамдық тәртіпті

сақтау мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді

неғұрлым тиімді әрі шұғыл шешуге арналған, - деді полиция

департаментінің басшысы.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш батырманың алты

құрылғысы қаламыздың әр аймағында орнатылмақ. Сондай-ақ,

тағы алтауын келер жылы облыс бойынша орнату жоспарлануда.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 23 қазан, сенбі, 2021 жыл 9

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Жаңа құрал қойылды

Екібастұз қалалық ауруханасы жаңа компьютерлік

томографпен толықты. Жалпы құны 650 мың еуро

болатын медициналық құрал міндетті медициналық

сақтандыру аясында сатып алынды. Бұл ретте «Богатырь

Көмір» ЖШС ғимаратты дайындап, қосымша құралдарды

қоюда демеушілік көрсетті.

Ауыл іші көріктенуде

Аудандағы Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Мұса Шорман

ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ішкі

жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі кезде мердігер ұйым «Армстрой

LTD» ЖШС жөндеу жұмыстарының 90%-ын

орындады.

Аталмыш ауылдың кіреберіс жолына,

Қаныш Сәтбаев көшесі мен Мұса Шорман

кесенесіне апарар жолдарға асфальт

төселді. Мұнда жол белгілері және жаяу

жүргіншілер жолағы салынды. Алдағы

уақытта жолдардың бойына 7 жол

белгісі қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мұса Шормандағы

ауылішілік көше жарығы жөнделуде.

Жауапты «Логотек КЗ» ЖШС 85 дана

электр бағандарын әкелді. Бүгінде арнайы

техникамен іргетасы құйылып, негізгі

бөліктерінің кебуі күтіліп отыр.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Өзін де, өзгені де қорғайды

Сәулелі терапия бөлімінің басшысы

Айдар Естемесовтің айтуынша, «Somatom

Go Top» компьютерлік томографы жоғары

сапалы зерттеулер жүргізіп, олардың

нәтижелерін қашықтан зерттеуге мүмкіндік

береді. Бұл құрал емдеу мекемесінде

тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Медициналық қызметкерлер жаңа томографпен

жұмыс істеу үшін арнайы оқудан

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

өтті. Енді Екібастұз орталық қалалық

ауруханасында екі томограф бар. Тағы

бір осындай аппарат «Дисконт» емханасы

үшін сатып алынды. Қазіргі уақытта

құрал-жабдықты орнату жұмыстары

жүргізілуде.

«Сыбағаның» сыйы

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Верненка ауылдық округіндегі Львовка ауылында егін егіп,

мал шаруашылығын дамытып отырған шаруа қожалығы

көп. Арғын Еркебаев – төрт түлік санын арттырып отырған

кәсіпкер.

Ол өткен жылы «Сыбаға» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы 4 млн теңге көлемінде

несие алған. Бүгінде шаруашылығында

200-ден астам ірі қара, 100-ден астам

қой бар.

- Тереңкөл ауданы - етті бағыттағы

ірі қараны өсіруге қолайлы мекен.

Мемлекет тарапынан берілетін қолдау

талай кәсіпкердің ісін берекелі етуде.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы алған

несие 14 пайызбен берілді. Мемлекеттік

субсидия арқылы үстеме 4 пайызға

азайды. Бұл өте тиімді. Бағдарлама

арқылы сатып алған төрт түлік көбейіп

келеді, - дейді кәсіпкер.

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

«Еркебаев» шаруа қожалығы астық

дақылдары мен қысқы мал азығын

молынан жинаған. Шаруашылық гектарынан

10 центнер өнім алған. Қысқыға жиналған

жем-шөп қоры 100 тоннаны құрайды.

Өткен жылы қожалық лизинг бойынша

жаңа комбайн мен екі трактор сатып

алған. Техника қатары да көбейіп келеді.

Шаруашылықта өз ісін білетін тәжірибелі

мамандар жұмыс істейді. Болашақта

кәсіпкер мал санын одан әрі арттырып,

астық дақылдарын молынан салмақшы.

Ертістің суы тиімді

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

«Ақтоғай-Агро» ЖШС суармалы алқапты дамыту арқылы

өнімді молынан жинауда. Былтыр мұнда жаңадан 300 гектар

суармалы жер қолданысқа енгізіліпті. Тіпті, көкөністі өсіру

толығымен сол жүйеге көшкен. Бұл бағыттағы жұмыстар

алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Кәсіпорынның бас агрономы

Владимир Фоминнің жауапты қызметке

тағайындалғанына көп уақыт болмапты.

Тәжірибелі маман аз уақыттың ішінде егіс

алқабының ерекшелігін зерттеп үлгерген.

- Суармалы алқаптың тиімділігі орасан.

Мысал келтірсек, жай жерде өскен жүгерінің

1 гектарынан 50-80 центнер өнім алсаңыз,

суармалы алқаптан 150-500 центнер жинауға

мүмкіндік бар. Сол себепті, жыл сайын

суармалы алқаптың көлемін арттыру

көзделуде. Мәселен, былтыр жаңадан

300 гектар жер айналымға енгізілді. Сөйтіп,

суармалы алқаптың көлемі 3 мыңға жетті.

Ертіс өзенінің жағасында тұрып, мүмкіндікті

мүлт жіберуге болмайды. Қуаңшылық орын

алса, мыңқ етпей отыра бересіз. Десе

де, бұл іске қыруар қаражат қажет. Содан

болар, облыс былай тұрсын, республика

бойынша бұл бағыттағы шаруалар соңғы

жылдары ғана қарқын ала бастады. Бұған

мемлекеттік қолдау оң әсер етуде, - дейді

Владимир Фомин.

Естеріңізге салсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі арнайы жол картасын әзірлеген

болатын. Бұған сәйкес, 2021 жылы аумағы

610 мың га құрайтын жаңа жерлер айналымға

енгізілмек. Бүгінде елімізде 1,4 млн га

суармалы жер бар. 2021 жылдың соңына

қарай көрсеткішті 2 млн гектарға жеткізу

көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар Павлодар

облысында да жалғасын табуда. Бүгінде

аймағымызда 70 мың гектар көлемінде

суармалы алқап бар. Алдағы үш жылда

бұл көрсеткішті шамамен үш есеге көбейту

жоспарланған.

О.АХМАДИЯ.

«Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы аудандық

ауруханамен бірлесіп, коронавирусқа қарсы екпе алған

тұрғындарды ынталандыру мақсатында ұтыс тікті.

Ұтыс ойынында вакцина салдырған

500-ге жуық адам қатысты. Ойын шарты

бойынша жұртшылық екпе алған кезде

арнайы купонды толтырған. Жүлдеге

тұрмысқа қажетті затар мен гаджеттер

де тігілді. Нәтижесінде 10 адамның

бағы жанып, жеңімпаз атанды. Оларға

бағалы сыйлықтар табысталды. Алакөл

ауылының тұрғыны Айсұлу Мухалидина

ұялы телефонды ұтып алды.

Ұйымдастырушылар мұндай шараны

алдағы уақытта да жалғастырмақ.

- Әр адам өз денсаулығын қауіпті

індеттен қорғау үшін вакцина алуы тиіс

деп ойлаймын. Бұл әрекет арқылы біз

вирусқа қарсы тұрамыз. Дәрігерлердің

де жұмысын азайтамыз. Өзге адамдарға

қауіп төндірмейміз. Жауапты науқанға

халықты шақыруда барлық ауданда

ынталандыру шаралары жүргізілуде.

-

МАЙ АУДАНЫ

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

3 мың тонна қоқыс

Аудан бойынша санитарлық тазалау мен абаттандыру

жұмыстары жүргізілді. «Таза жағалау» акциясы аясында

ауыл-аймақтың белсенді тұрғындары Ертіс өзені жағалауы

бойынша 5 метр қашықтықтағы аумақты қоқыстан тазартты.

Ауылдық округтерде 15 ескерткіш,

стелланың маңатында әктеу және сырлау

жұмыстары жүргізілді. Жалпы 3 мың

тоннаға жуық қоқыстарды шығаруға

11 арнайы техника мен автокөліктер бөлінді.

«Таза жағалау» акциясына 70 мекеме

ұжымдары қатысып, санитарлық тазалауға

450-ге жуық адам тартылды. Кеңтүбек,

Май, Қаратерек ауылдарында 130 түп

ағаш отырғызылды.

Баспана қуанышы

Аққулы ауданына қарасты Жамбыл ауылында аз қамтамасыз

етілген 4 отбасы баспаналы болды. Екі пәтерлі үйлер

мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой

көтерген.

Жаңа баспананың кілттерін табыстау

рәсіміне аудан әкімі Абзал Балғабаев

қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен

құттықтады. Әкімнің сөзінше, жаңа

үйлер кезекте тұрған көпбалалы және

аз қамтылған отбасыларға беріліпті.

- Тұрғын үйлердің құрылысы шілде

айында басталған. Белгіленген уақытында

аяқталып отыр. Үйлердің ауласы кең, іші

жарық. Барлық сантехникалық құбырлары

тартылған. Жуынатын бөлмелері бар.

Мұның бәрі КВИ-ге қарсы ұжымдық

иммунитетті қалыпастыу үшін жүргізіліп

жатқанын ұғыну керекпіз, - дейді

А.Мухалидина.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аталмыш шаралардың барысында

көшелер, адам көп шоғырланатын

ойын алаңдары, ауылдық жерлердің шет

жағы мен жағалау бойы ретке келтірілді.

Әкімшілік тарапынан ауыл тұрғындарын

өз аулаларын жинастыру үшін ақпараттық

хабарландырулар жалғасуда.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін

барлық жағдай жасалған, - деді аудан

әкімі.

Салтанатты рәсімнен кейін ауыл

ақсақалы Исағұлов Өмірзақ ақ батасын

беріп, әжелер тәтті шашуларын шашты.

Жалпы Аққулы ауданына «Нұрлы жер»

мемлекеттік бағдарламасы аясында

100 800 000 теңге бөлінді.

Тілеуберді САХАБА.


10 23 қазан, сенбі, 2021 жыл НАРЫҚ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

1 шақырымы –

1 теңге

Бүгінде елімізде 97 мың шақырым

автомобиль жолы бар. Оның 24 888

шақырымына республикалық маңыз

берілген. Сол республикалық жолдардың

4 учаскесі, яғни 682 шақырым ақылы

болып саналады. «Нұрлы жол»

бағдарламасының аясында 2025 жылға

дейін ақылы жолдардың ұзындығын

11 мың шақырымға дейін жеткізу

жоспарланып отыр. Солардың бірі -

Нұр-Сұлтан мен Павлодардың арасы.

Бас қала мен облыс орталығын

жалғайтын жолды ақылы ету мәселесі

соңғы уақытта жиі көтеріліп жүр. Тіпті,

осы жылдың маусым айында тиісті жүйе

енгізіледі деп мәлімденген болатын.

Әйтсе де, әлдебір себептерге байланысты

бұл мерзім шегерілді. Сөйтіп,

осы жылдың 1 қарашасынан бастап

Елорда мен Павлодардың арасындағы

жолды ақылы ету ұйғарылды. Жеңіл,

жүк көліктерінің иелері екі бағытта

қатынау үшін қазынаға белгілі бір

көлемдегі қаржыны төлеуі тиіс. Атап

айтқанда, жеңіл көлік иелері әр шақырым

үшін 1 теңге береді. Жүк көліктерінің

салмағына байланысты тариф 5 теңгеден

басталып, 25 теңгеге дейін жетеді.

Айта кетелік, екі қала арасындағы

ақылы жолдың қашықтығы

375 шақырымды құрайды. Оның

184 шақырымы Ақмола облысына

тиесілі болса, 191 шақырымы – біздің

аймақтың аумағы. Бұл ретте мердігер

компания жұмысының салғырттығы

салдарынан соңына дейін қалыпқа

келтірілмеген Төртқұдық пен Шідерті

арасындағы 24 шақырым жол есепке

алынған жоқ. Демек, жүргізушілер

жөндеуі аяқталмаған бұл учаскеден

өткені үшін ақша төлемейді.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы

облыстық филиалы директорының

орынбасары Ержан Қисықов

жүргізушілерден тариф ретінде түскен

қаражаттың барлығы республикалық

маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға

жұмсалатынын айтты.

- Екі қала арасында ешқандай

шлагбауым болмайды. Жүргізушілердің

қатынауына кедергі келтірмес үшін

әрі кептеліс тудырмау мақсатында

арнайы аркалар орнатылды. Әр

бақылау аркасында бейнекамералар,

сканерлер қойылды. Олардың көмегімен

көліктердің мемлекеттік нөмірі, қозғалыс

жылдамдығы, басқа да деректер бірден

анықталады. Төлем де осы аркалар

арқылы ұсталады. Яғни, жүргізушінің

шотынан автоматты түрде алынады.

Жалпы, төлем жасаудың, шотты

толтырудың 20 түрлі әдісі бар. Мәселен,

көпшілік кеңінен қолданылатын kaspi.

kz мобильді қосымшасындағы ақылы

жолдар бөліміне өтіп, көліктің мемлекеттік

нөмірін тіркеп, шотты белгілі бір сомаға

толтыруға болады. Жүргізуші діттеген

жерге жеткен соң жүріп өткен жолы үшін

ақы бірден алынады. Сондай-ақ, ұялы

телефондарға арналған «qaj mobile»

қосымшасы дайындалды. Сол арқылы

балансты білуге, ақылы жолға қатысты

ақпараттармен танысуға да болады.

Егер тұрғынның мобильді қосымшаларды

пайдалану мүмкіндігі болмаса, Павлодар

қаласында, Шідерті кентінің маңында

орналасқан диспетчерлік қызмет

көрсету орталықтарында қолма-қол

ақшамен есеп айырысуға болады.

Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мұндай

жағдайлар жиі кездеседі. Әдетте төлем

сомасы жүргізушінің шотынан аударылып

отырады. Ал ақылы жолмен өткені үшін

түскен қаражат жолдарды күтіп-ұстау

мақсатында кәдеге жаратылады. Сол

арқылы «Жақсы жолмен жүретін адам

сол үшін ақы төлейді» деген принцип

іске асады. Ағымдық, орташа және

күрделі жөндеу жұмыстары әрі қарай

да бюджеттен қаржыландырылады, -

дейді Е.Қисықов.

Бұл ретте жол жүру төлемін

Ақылы жолдың

талабы қандай?

7 күн ішінде төлемеген жүргізушілерге

жауапкершілік қарастырылғанын атап

өту керек. Жеке тұлғалар 5, заңды

тұлғалар 10 айлық есептік көрсеткіш

көлемінде айыппұл арқалайды.

Ал облыс аумағындағы ақылы жолмен

қатынайтын кейбір жүргізушілерге

жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен,

Екібастұз қаласының тұрғындары облыс

орталығына жеңіл көлікпен жету үшін

әр шақырымға 1 теңге төлемейді. Өз

өңіріміздің аумағында тіркелген жеңіл

көлік иелері абоненттік карта алып,

оған 1000 теңге салып, сол арқылы

жыл бойы емін-еркін қатынай алады.

Тек ол үшін Халыққа қызмет көрсету

орталығынан техника құралының облыс

аумағында тіркелгенін растайтын құжат

алып, ақылы жолдарға қатысты құрылған

арнайы орталыққа ұсыну қажет.

Бірақ облыс аумағында қатынайтын,

осы өңірде тіркелген жүк көліктері

мен жолаушылар автобусы иелерінде

мұндай мүмкіндік жоқ. Мәселен,

Екібастұздан облыс орталығына көмір

тасымалдайтын жүк көліктері әр өткен

шақырымы үшін көліктің салмағына қарай

5-25 теңге аралығында ақы төлеуі тиіс.

Міндетті тариф облыстағы жүк және

жолаушылар көліктері жүргізушілеріне

салмақ салмас үшін қазіргі уақытта

құзырлы министрлік жеңілдіктер енгізу

мәселесін қарастыруда. Оларға да

абоненттік карта берілуі ықтимал.

Кімнің қалтасын

қағады?

Тарифтен түскен табыс республикалық

маңызы бар жолды күтіп-ұстауға

жұмсалатыны жақсы-ақ. Бірақ бұл ретте

екінші мәселенің ұшы шығады. Атап

айтқанда, көпшілік қалалар арасында

қатынау қымбаттайды деп қауіптенеді.

Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласына

дейін жету үшін бір адам кемінде

5-6 мың теңге төлеуі тиіс.

- Ақылы жолдар жобасына күмәнмен

қараймын. Біріншіден, жүргізушілерден

түскен ақының қандай мақсатқа, қандай

көлемде, қалай жұмсалатыны туралы

ақпаратты қарапайым халық қайдан

біле алады? Тиісті тарифті төлегенмен,

бұрынғыша жолды қар басып, көктайғақта

жұрттың тағы да әбігерге түспесіне

кім кепіл? Көпшіліктен түскен қаражат

жол жағдайын жақсартуға емес,

әлдекімдердің қалтасын қампайтуға

жұмсала ма деген күдік басым.

Екіншіден, бұл жаңашылдық такси

қызметі мен автобус билеттерінің тағы

қымбаттауына әкеп соғады. Қазірдің

өзінде бас қалаға жету бағасы арзан

емес. Тіпті, кейбір жүргізушілер жеңіл

көліктің алдыңғы орындығына отыру

үшін қосымша 1 мың теңге алады.

Яғни, алдына отырып жетуді қаласаңыз,

7 мың теңге төлеуіңіз керек. Енді

такси жүргізушілері екі ортадағы әр

шақырым үшін ақша төлейтін болса,

оның орнын біз сияқты қатардағы

жолаушылар арқылы толтырары анық.

Ал бұл өз кезегінде тұрғындардың

қалтасын қағады, - дейді Павлодар

қаласының тұрғыны Мансұр Ыбыраев.

Көлік иелері жол жүру бағасының

өсетінін жасырмайды. Данияр есімді

такси жүргізушісі қазір бір тұрғынды

Елордаға апару үшін 6 мың теңге

алады. Қарашада бағаны 500-1000

теңгеге өсірмек. Себебі жасаған әр

рейсі кезінде ақылы жолмен жүргені

үшін шамамен 400 теңге төлеуі керек.

Бұл соманы өз қалтасынан шығарғысы

келмейді. Сондықтан оның есебін жолаушылардан

алады.

«Сапаржай – Павлодар» ЖШС

директоры Павел Браславский де

Нұр-Сұлтан, Екібастұз қалаларына

дейін сатылатын автобус билеттері

бағасының өзгеретінін алға тартады.

- Әзірше тиісті органдар тарапынан

ақылы жолдың енгізілетіні туралы

ресми хат түскен жоқ. Сондықтан

билет бағасының неше теңгеге

қымбаттайтынын дөп басып айта

алмаймын. Бірақ басқа түгілі облыс

ішінде қатынауымызға қаржы төлеуіміз

тиіс болса, жолақының артатыны сөзсіз.

Білуімше, 32-ден көп орны бар автобустар

ақылы жолдың әр шақырымы

үшін 15 теңге беруі керек. Павлодар

мен Екібастұз арасы 130 шақырым

десек, бір рейс барысындағы баға

1950 теңгені құрайды. Ал Нұр-Сұлтан

қаласына дейінгі сома одан бірнеше

есеге көп болады. Сондықтан билеттің

құнын өсіруден басқа амал қалмайды.

Айталық, қазір елордаға дейін бір

адамды автобуспен апару бағасы 4500

теңге болса, ақылы жол енгізілген

соң 5 мың теңгеден асуы ықтимал.

Сондықтан жолаушылар тасымалымен

айналысатын көліктер өртке қарсы

қызмет, жол полициясы, жедел жәрдем

көліктері сияқты тарифтен босатылуы

әлдеқайда дұрыс болар еді, - дейді

П.Браславский.

Иә, тым құрығанда облыс аумағында қатынайтын көліктің

барлығына бірдей жеңілдіктер, абоненттік карталар

қарастырылса, құба-құп. Әйтпегенде, ақылы жолдың тарифі

қатардағы тұрғындардың қалтасына әсер ететін түрі бар.

Өз кезегінде жолға жауапты қызметтер бастапқы сөзінде

тұрып, әр шақырым үшін төленген ақыны мақсатты жұмсаса

игі. Бастысы, жүргізушілер мен жолаушылар ақылы жолдың

азабын тартпауы тиіс.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Әр салада павлодарлық жастардың

белсенділігі байқалады. Бұл ретте,

олардың басын бір арнаға тоғыстырып,

бағыт-бағдар көрсете білген «Jas Otan»

жастар қанаты облыстық филиалының

жұмысын атап өткен жөн.

Мүмкіндіктер

ордасы

«Halyq radiosy»-нда өткен «Халық сөзі» бағдарламасында

аталған ұйымның төрағасы Санира Жүсіпова жастардың

қатысуымен іске асып жатқан жобалармен бөлісті.

- Бүгінде облыс бойынша қатарымызда 7830 жас

бар. Қуантарлығы, жыл сайын ортамыз креативті әрі

патриотты жастармен толығуда. Еріктілердің еңбегін

ерекше бағалаған жөн. Көмекке зәру жалғызбасты

зейнеткерлерге, өзге де әлеуметтік аз қамтылған

отбасыларға әрдайым қол ұшын созуда. Бұл бағыттағы

жұмыстар тек облыс орталығында емес, барлық қалааудандарда,

ауылдық елді мекендерде жалғасын табуда.

Көбін «еріктілер жалақы ала ма?» деген сауал мазалайтыны

анық. Оларға еңбекақы қарастырылмаған. Өз

арамызда айдың үздік еріктілерін анықтап, ынталандыру

ретінде кинотеатр, бассейн сияқты демалыс орындарына

сертификат үлестіреміз. Жастар осы ортада

өздерін жан-жақты дамытуға болатынына көз жеткізіп,

әр істе белсенділік танытып келеді, - дейді С.Жүсіпова.

Жастар экологиялық акцияларға да белсенді атсалысып

келеді. Мәселен, жыл басынан бері 10 мыңнан

астам ағашты отырғызуға қатысқан. Отырғызу бір бөлек,

оны күтіп-ұстау жұмыстарынан да қалыс қалған емес.

Санира Жүсіпованың айтуынша, әр жердің топырағы

әртүрлі. Сол себепті, ағаш отырғызған кезде ағаш

жердің құнарлылығына қарай таңдалады екен. Жергілікті

экологтардың да жиі көтеріп жүрген мәселесі бұл.

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалына күн

сайын шамамен 25-30 өтініш түседі. Әсіресе, көмек

сұраған қариялар көп. Өтініштер іріктеліп, жастар ең

әуелі маңызды деген шаруаларға жұмылдырылады.

Тіпті, кейбір жұмыстарға 20 адам тартылады екен.

Бастысы, ешқандай өтініш жерде қалмайды.

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалына

16-29 жас аралығындағы қыз-жігіттер мүше бола алады.

Аталған ұйымда шеберлігіңді шыңдап, үлкен тәжірибе

жинақтауға мүмкіндік бар.

О.АХМАДИЯ.

БІЛІМ

Танымды да

қызықты өтті

Әбілқайыр Баймолдин атындағы

жалпы орта мектебінде мектепішілік

жоспарға сәйкес бастауыш 3-4 сыныптар

аралығында «Бастауыш - білім бастауы»

атты апталық өтті. Шара барысында

концерт ұйымдастырылып, оқушылар

өз өнерлерін ортаға салды.

Оқушылар әуелетіп ән айтты, құйқылжытып жырлар

оқыды. Апталық аясында «Туған өлкем - мақтанышым»

атты мәнерлеп оқу сайысы өтіп, оқушылар қазақ

елінің маңдайына біткен біртуар ақын-жазушыларының

туындыларын жатқа оқыды. «Болмасаң да ұқсап бақ»

дегендей, оқушылар арасында өздерінің тырнақалды

туындыларын оқыды, тұсауы кесілген өлеңдер де болды.

Қазылар шешімі бойынша Аманкелді Болашақ,

Хурметбек Ерасыл 1-орынды, Тілеубек Нұрасыл мен

Жанатқызы Нұрсәуле 2-орын иеленсе, 3-орынға

Хурметбек Айзере, Бағдәулет Қаламқас лайық деп

танылды. «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық сайысына

қатысушылар болса үш топқа бөлініп, әртүрлі

қызықты тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің

білімдерін көрсетті. «Сиқырлы ән жұмбақ» байқауында

оқушылар «Ән жұмбақ», «Мозайка құрастыру, «Ұлттық

аспаптар», «Жұлдыздар дауысы», «Мультфильм музыкасынан

үзінді шешу», тағы басқа тапсырмаларды өте

жоғары қызығушылықпен орындады. «Funny English»

атты сайыста оқушылар 2 топқа бөлініп, өзара бақ

сынады. Олар «Кім көп біледі?», «Адасқан әріптер»,

«Сұрақ – жауап» сынды кезеңдерде өз дағдыларын

танытты. Орыс тілі пәнінен оқушылар «Шалқан»

ертегісінен көрініс көрсетті.

Апталықтың жабылу салтанатында үздік көрінген

оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, сый ретінде

тәттілер таратылды. Аталған апталық өз мазмұны

жағынан оқушыларға қызық әрі танымды шара болды

деп сенеміз.

Жайнагүл ХОВДАБАЙ,

Әбілқайыр Баймолдин атындағы жалпы орта

мектебі бастауыш ӘБ жетекшісі,

Аққулы ауданы.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 23 қазан, сенбі, 2021 жыл 11

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы»

ММ-сі Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы

денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу

құқығындағы «Павлодар облыстық кардиологиялық

орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында

Бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс

өткізетінін хабарлайды.

Конкурс құжаттарды мына

мекенжай бойынша қабылдағаннан

кейін 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі:

Павлодар қаласы, Астана көшесі,

59-үй, Павлодар облысының денсаулық

сақтау басқармасы.

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау

басқармасының шаруашылық жүргізу

құқығындағы «Павлодар облыстық

кардиологиялық орталық» коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорны 140007, Павлодар

қаласы, Ткачев көшесі, 10/3-үй мекенжайы

бойынша орналасқан, телефоны

8(7182) 65-37-47.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі -

халыққа жоспарлы және шұғыл

мамандандырылған және жоғары

мамандандырылған кардиологиялық

және кардиохирургиялық көмек көрсету,

сондай-ақ денсаулық сақтау салада

өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге

асыру болып табылады.

1) медициналық қызмет:

- мамандықтар бойынша ересектерге

және балаларға стационарлық,

кеңестік-диагностикалық, стационаралмастырған,

амбулаториялық-емханалық

көмек;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа

сараптама;

3) есірткі, психотроптық заттар

және прекурсорлардың айналымымен

байланысты қызмет;

4) ғылыми-білім беру қызметі;

5) Қазақстан Республикасы, Ресей,

шетел медициналық ұйымдарында

медицина қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру және қайта даярлау;

6) қолда бар медициналық құралжабдықтарды

пайдалана отырып,

зерттеудің, емдеудің жаңа әдістерін,

«Павлодар облыстық денсаулық

сақтау басқармасы» ММ-і Павлодар

облысы әкімдігі, Павлодар облыстық

денсаулық сақату басқармасы Конкурсты

ұйымдастыру және өткізу шаруашылық

жүргізу құқығындағы «Баянауыл аулдық

аурухана» коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорында Байқау Кеңесі мүшелері

(одан әрі – Комиссия) лауазымдарын

орналастыруға кандидаттарды іріктеу

бойынша конкурстық комиссия іске

асырады:

Байқау құжаттар қабылданғаннан

кейін 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайда:

140003., Павлодар қаласы, Астана

көшесі, 59-каб. 417, Павлодар облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

4-қабатында, конференц-залда өтеді.

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар

облыстық денсаулық сақтау басқармасы

шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Баянауыл аулдық аурухана» қазыналық

мемлекеттік кәсіпорыны мына мекенжайда:

140300, Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы,

Жалаңтөс батыр көшесі, 1-ғимаратында

орналасқан, тел. 8(71840) 9-13-51.

Кәсіпорынның негізгі қызмет

түрі: Баянауыл ауданы тұрғындарына

диагностикалық-консультациялық,

стационарлық, тегін медициналық

көмек көлеміне кепілдік беру аясында

стационарлыққа қосымша көмек көрсету

болып табылады.

Байқауға қатысушыға қойылатын

талаптар:

1-1. Денсаулық сақтау саласындағы

шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау

кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын

талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ

мынадай талаптардың бірінің:

«ӘӘК Павлодар» ақ ҚР

Экологиялық кодексінің талаптарына

сәйкес, 2021 жылғы 14 желтоқсанда

сағат 11.00-де Павлодар қаласы,

Луговая көшесі, 16 (617-кабинет)

мекенжайы бойынша «Павлодар

қаласы, Ладожская көшесі, 17, 17/1

(«Достық» шағын ауданы) мекенжайы

бойынша көпқабатты тұрғын

үйлер салу» жұмыс жобасына ҚОӘБ

жобасы бойынша ашық жиналыс

түрінде қоғамдық тыңдау өтетінін

хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен

бірыңғай экологиялық порталда,

сондай-ақ сайтта танысуға болады

«https://www.gov.kz/memleket/

entities/pavlodartabigat/activities/

directions?lang=ru».

Барлық ескертулер және/немесе

ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар

өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен

кешіктірмей бірыңғай экологиялық

порталда, сондай-ақ «Павлодар

ХАБАРЛАНДЫРУ

оталық емдеудің заманауи тәсілдерін

енгізу;

7) салауатты өмір салтын насихаттау;

8) салттық қызмет көрсету.

Конкурстың қатысушыларына

қойылатын талаптар:

- білімі жоғары;

- денсаулық сақтау немесе ұйым

бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы

және (немесе) бизнес және

(немесе) құқық саласында кемінде

5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

- денсаулық сақтау немесе ұйым

бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы

және (немесе) бизнес

және (немесе) құқық саласындағы

басшылық қызметте кемінде 3 жыл

жұмыс тәжірибесінің;

- денсаулық сақтау және (немесе)

экономика және (немесе) бизнес және

(немесе) құқық саласындағы қоғамдық

бірлестіктердің мүшесі.

Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде

сайлауға болмайды:

- соттылығы өтелмеген немесе

алынбаған;

- заңды тұлғаны банкрот деп

тану туралы шешім қабылданғанға

дейін бір жылдан астам осы заңды

тұлғаның басшысы болған;

- бұрын сыбайлас жемқорлық

құқық бұзушылық жасаған;

- байқау кеңесінің басқа мүшесімен

немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен

жақын туыстық және туыстық

қатынастағы адамды.

Әңгімелесу жүргізу кезінде

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы

2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес туралы» Заңын білуге,

мемлекеттік кәсіпорын қызметінің

1) денсаулық сақтау немесе ұйым

бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы

және (немесе) бизнес және

(немесе) құқық саласында кемінде

5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым

бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы

және (немесе) бизнес

және (немесе) құқық саласындағы

басшылық қызметте кемінде 3 жыл

жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе)

экономика және (немесе) бизнес және

(немесе) құқық саласындағы қоғамдық

бірлестіктердің мүшесі.

2. Бақылау кеңесі мүшелігіне сайланбайтын

тұлғалар:

1) мемлекеттік кәсіпорынның басшысы

немесе бақылау кеңесінің басқа да

мұшесінің туысы және жақын туысқандық

байланысы болса. Қазақстан Республикасы

заңнамасымен бекітілген тәртіп

бойынша өтелмеген немесе кешірілмеген

сотталғандығы бар тұлға;

1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы

белгілі мемлекеттік кәсіпорынның белгілі

заңды тұлғаны борышкер деп есептеу

туралы шешім қабылданғанына дейін

бір жылдан астам заңды тұлғаның

басшысы болып табылатын тұлға;

2) Бұрын сыбайлас құқық бұзушылықты

жасаған;

3) Бақылау кеңесі мүшесімен немесе

мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын

туыстық және жекжаттық қатынаста

болған тұлға.

Әңгімелесу барысында мемлекеттік

кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды

реттейтін Қазақстан Республикасының

нормативтік-құқықтық актілерін,

сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымының

қызмет ерекшеліктерін білу тексеріледі.

облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары

басқармасы» ММ-де, Павлодар

қаласы, Жеңіс алаңы 5 Б, 307-каб.

мекенжайы бойынша қабылданады.

эл. мекенжайы temirgalina.aliya@

pavlodar.gov.kz, тел.32-93-79.

Төтенше жағдай және (немесе)

шектеу іс-шаралары, оның ішінде

карантин, әлеуметтік, табиғи және

техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар енгізілген жағдайда

қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде

өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай

экологиялық порталда және сайтта

ұсынылады «https://www.gov.kz/

memleket/entities/pavlodar tabigat

/ activities / directions?lang=ru».

Қосымша ақпаратты мына

мекенжай: Павлодар қаласы, Луговая

көшесі, 16 (617-кабинет) және

8 777 644 32 07 телефоны бойынша

алуға болады.

(20182)

саласындағы қатынастарды реттейтін

Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық

актілерінің біліміне, сондай-ақ

денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру

қызметі ерекшеліктерінің біліміне

тексеру жүргізеді.

Конкурсқа қатысатын тұлғалардың

өтініштері мен құжаттарын қабылдау

бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы хабарландыруды

орналастыру күнінен бастап

30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі

және бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы хабарландыруды

орналастыру күнінен бастап

күнтізбелік 30 күн біткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысатын тұлға

конкурсты өткізу туралы хабарландыруды

көрсетілген мерзімдерде

Комиссияға мынандай құжаттарды

ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде

түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян,

4) үміткердің жеке тұлғасын

куәландыратын құжат көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжат

көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің

35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек

қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

комитетінің аумақтық бөлімшелері

берген соттылығы және сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылықтары

жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің

біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты

(біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер

мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар,

алдындағы жұмыс орнының

басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Кандидат конкурстық өтінімнің

түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген

конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте

қатысушының тегі, аты, әкесінің аты

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген

тұлғалар үшін өтініштер мен құжаттарды

қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурс өткізу туралы хабарландыру

орналастырылған күннен

бастап күнтізбелік 30 күн ішінде және

бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурс жарияланған күннен бастап

30 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Тендерге қатысуға ниет білдірген

тұлға байқау туралы хабарландыруда

көрсетілген мерзімде Комиссияға келесі

құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш

(еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі

түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың

көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің

35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек

қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу комитетінің

аумақтық бөлімшелері берген соттылығы

және сыбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын

құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне,

жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне

қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін

арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар

беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы

жұмыс орнының басшылығынан ұсыным)

беруіне болады.

1) Павлодар облыстық денсаулық

Жазылу

мерзімі

6 ай

(аптасына

үш нөмір)

12 ай

(аптасына

үш нөмір)

12 ай

(бейсенбілік

нөмір)

(ол болған кезде) және мекенжайы

көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт

сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Павлодар облысының денсаулық

сақтау басқармасына 140003,

Павлодар қаласы, Астана көшесі,

59-үй, 417-каб., «Заң жұмысы және

медициналық ұйымдардың құқықтық

қызметін мониторингілеу бөліміне»

жолдануы тиіс, анықтама телефоны:

8 (7182) 32-01-77.

2) «Бақылау кеңесі мүшелерінің –

мемлекеттік кәсіпорынның бақылау

кеңесі мүшелерінің конкурсы» және

«Бұқаралық ақпарат құралдарында

конкурсты өткізу туралы хабарландыруды

орналастыру күнінен бастап

30 күнтізбелік күн біткенге дейін

ашпау» деген сөздер жазылуы тиіс.

Конкурстық өтінім мына мекенжай

бойынша жіберіледі: Павлодар қ., Астана

көшесі, 59-үй, Павлодар облысының

денсаулық сақтау басқармасы.

Конкурстық комиссия конкурстық

өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен

бастап бес жұмыс күні ішінде үміткер

ұсынған құжаттарды және үміткердің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

Қаулысымен бекітілген талаптарға

сәйкес келу бағасын қарастырады.

Конкурстық комиссия өткізілген

бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан

Республикасы Үкіметінің Қаулысымен

бекітілген талаптарға сәйкес келетін

үміткерлерді таңдауды жүргізеді, оларға

әңгімелесу үшін күні, уақыты және

өткізу орны көрсетілген шақыртулар

жіберіледі.

Комиссия конкурстың қатысушылармен

әңгімелесу жүргізген

кезде Қазақстан Республикасының

1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

Заңын білуге, мемлекеттік кәсіпорын

қызметінің саласында қатынастарды

реттейтін Қазақстан Республикасының

нормативтік-құқықтық актілерінің біліміне,

сондай-ақ денсаулық сақтау ісін

ұйымдастыру қызметі ерекшеліктерінің

біліміне тексеру жүргізеді.

(20181)

сақтау басқармасына, 140003. Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 59, 417-каб.,

4-қабат «Заң бөліміне» жіберілуі тиіс;

67-52-25, 67-49-96, 2) «Бақылау кеңесінің

мүшелері - мемлекеттік кәсіпорынның

байқаушы кеңесінің мүшелері» деген

сөздермен және «Бұқаралық ақпарат

құралдарында конкурс жарияланғаннан

кейін 30 күнтізбелік күнге дейін» деген

сөздермен толықтырылсын.

Конкурстық өтінім мемлекеттік

және орыс тілдерінде бір данада жіберіледі.

Тендерлік комиссия конкурстық

өтінімдер салынған конверттерді

ашқан күннен бастап бес жұмыс күні

ішінде кандидат ұсынған құжаттарды

қарап, кандидатты Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

талаптарға сәйкестігін бағалайды.

Тендерлік комиссия конкурстық өтінімдер

салынған конверттерді ашқан күннен

бастап бес жұмыс күні ішінде кандидат

ұсынған құжаттарды қарап, кандидатты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

қаулысымен бекітілген талаптарға

сәйкестігін бағалайды.

Баға беру нәтижелері бойынша

конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

талаптарды қанағаттандыратын кандидаттарды

таңдайды, ол күні, уақыты

мен орны туралы сұхбат алуға шақыру

жібереді.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен

сұхбат жүргізген кезде, мемлекеттік

кәсіпорын қызметіндегі қатынастарды

реттейтін Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ

денсаулық сақтау ұйымының қызмет

ерекшелігін білуді тексереді.

(20183)

Құрметті оқырмандар! 2022 жылға «Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–нің

бөлімшелері арқылы жазылу

Редакцияда ресімделу

және алу мен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

ауыл

6 924,20 7 242,40

6 915 теңге 5 940 теңге

теңге теңге

13 848,40

теңге

14 484,80

теңге

13 830 теңге 11 880 теңге

Зейнеткерлерге, мүгедектерге және ҰОС қатысушыларына арналған жеңілдікті

жазылым

Индексі 55442

3 084 теңге

қала

ауыл

4 035,60 4 259,20

4 025 теңге

теңге теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта

бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 87182 32-40-

37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 8 7182 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы

жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған

жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз, тел. 8 (718 2) 66-15-41.

Павлодар облысының білім басқармасы және «Қазақстандық салалық білім

және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ, білім

қызметкерлері кәсіподағының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары

кәсіподақ ардагері

Надежда Дмитриевна Никитинаның

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып,

көңіл айтады.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8235 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1854

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 23 қазан, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИ МҰРА

SARYARQA SAMALY

РУХАНИЯТ

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ғұлама-наме» кітабының тұсаукесері өтті. Трилогияның

авторы – көрнекті ғалым, абайтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ

ұлттық ғылым академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері Ғарифолла Есім. «Ғұламанаме»

– автордың ұзақ жылғы ізденістері мен толғаныстарының жемісі.

«Ғұлама-наме»

Торғын ОРАЗАЛЫ

Салтанатты шараға облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасының басшысы

Самал Бегалинова қатысып,

абайтанушы Ғарифолла Есімге

жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, ақын Арман Қани мен

Павлодар облысының Құрметті

азаматы Қабидолла Шәкәрімов

кітаптың тұсаукесер рәсімін

жасады. Шараға әдебиеттанушы

ғалымдар, жергілікті зиялы

қауым өкілдері қатысты.

Жаңа кітаптың беташар

бөлімінде оған арқау болған үш

тұлға – Абай, Шәкәрім, Мұхтар

шыққан топырақтың ғұламалық

дәстүріне қысқаша талдау

жасалған. Автор сақ ойшылы

Анахарсис Скифский, пәлсапалық

ойлау жүйесінің негізін салушы

Әбу Насыр Әл-Фараби және түрік

дәуір ойшылдары Иоллыгтегін,

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Оралхан ҚОЖАНОВ

Қорқыт, Қожа Ахмет Яссауи,

Жүсіп Баласағұндар – қазақ ұлы

даласындағы ғұламалық дәстүрдің

тарихи-рухани сабақтастығының

үзілмеген үлгісі деп біледі.

- «Ғұлама-наме» – трилогия.

Трилогияның бірінші кітабы –

хакім Абайға, екіншісі данышпан

Шәкәрімге, үшіншісі кемеңгер

Мұхтарға арналған. «Ғұламанаме»

– герменевтика тәсілімен

жазылған пәлсапалық тұңғыш

еңбек. Осы еңбекке отыз жылдан

аса ғұмырымды арнадым, - дейді

Ғарифолла Есім.

Трилогияның алғашқы кітабы

«Хәкім Абай» - «Абайдың метафизикалық

лексикасы», «Сөз пәлсапасы»

бөлімдерінен, «Данышпан

Шәкәрім» кітабы - «Шәкәрім

өлеңдеріне мәтіндік талдау»,

«Шәкәрімнің сауалдары», «Шәкәрімнің

үш анығы» бөлімдерінен

тұрады. Автор трилогиясында

«Әрбір ғалым – хәкім емес,

ал әрбір хәкім – ғалым» деп

ой түйген хәкім Абайды, «Мен

жетелеп өлемін, өрге қарай

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

қазақты» деген Шәкәрімді, көп

қиыншылықтарды жеңе отырып,

хәкім Абайдың көркем бейнесін

жасап шығарған кемеңгер

Мұхтар туралы зерделі зерттеулері

мен сүбелі ой-толғамдарын

топтастырған. Ғарифолла Есім

бұл кітабы үшін 2020 жылы

Абай атындағы Мемлекеттік

сыйлықты иеленген.

Тегін үйірме –

ұлт саулығының тетігі

Елімізде балалардың шығармашылық үйірмелер

мен спорт секцияларына баруын жан басына

қаржыландыру қағидасы қабылданғаны белгілі.

Бүгінде облыста 50-ге жуық спорт клубы жаңашылдыққа

қадам басқан. Солардың бірі – «De Sport».

Ондағы дзюдо, футбол, көркем және спорттық

гимнастика үйірмелерінде 500-ден астам бала

шеберліктерін шыңдауда.

Аталған клубтың басшысы

Михаил Гарафеевтің айтуынша,

жан басына қаржыландыру жобасы

жалғыз ата-аналарға ғана

тиімді емес, спорттық үйірмелердің

табысын арттыруға да

жол ашпақ.

- Жаңа бағдарлама арқылы

жұмыс істеудің артықшылықтары

аз емес. Табысымыз артқан сайын

үйірмелерді жабдықтау мәселесі

оң шешіледі деген сенімдемін.

Спорттық құралдарды да өз

қаражатымызға сатып алып,

балаларға ұсынуға мүмкіндік бар.

Осы жылдың маусым айынан

бастап жаңашылдыққа аяқ

бастық. Әр спорт түріне бекітілген

баға әртүрлі. Мәселен, дзюдо

үйірмесіне келген баланың бір

жаттығуы 1064 теңгені құрайды.

Айына әр бала 12 рет жаттығу

өткізеді. Әзірге тиісті қаражат

түскен жоқ. Себебі, бір ата-ана

табельді толтыруға қатыспаса,

құжат қабылданбайды. Оны

толтыру электронды форматта

жүргізілетіндіктен, кейбір атааналар

паролін ұмытып жатады.

Бізде 500-ден астам шәкірт

барын ескерсек, табель толтырудың

өзі көп уақытты қажет

етеді. Жаңа жүйе болғандықтан

алдағы уақытта олқылықтар

реттеледі деп ойлаймын, - дейді

М.Гарафеев.

«De Sport» клубының облыс

орталығында 2 филиалы бар.

Жақын күндері Павлодар ауданы

Новочерноярка ауылында үшінші

филиал ашылмақ. Жергілікті

әкімдік кері байланысқа шығып,

350 орынға арналған ғимаратты

жалдауға ұсыныпты. Ендігі жерде

ауыл балалары да тұрақты түрде

спортпен айналысуға мүмкіндік

алмақ. Айтпақшы, мұнда жаттықтырушылар

құрамы толық.

Халықаралық дәрежедегі спорт

шеберлері атағы бар білікті

бапкерлер тәлім береді. Бүгінде

15 жаттықтырушы тіркелген.

Олар әрдайым білімін жетілдіріп,

біліктілікті арттыру курстарына

жіберілуде.

Дзюдо жаттықтырушысы

Денис Амелиннің айтуынша, бұған

дейін балалар-жасөспірімдер

мектептері дзюдо үйірмесіне

баланы 10 жастан бастап алып

келген. Жаңа бағдарламаның

тиімділігі сол, баланы 4 жастан

бастап қабылдап, «іргетасын»

мықтап қалауға мүмкіндік зор.

- Батыс елдерінде бұл жүйе

әбден қалыптасып үлгерді.

Спорттық клубтарға кішкентай

кезінен барып жүрген балалар

спортты жанына мәңгі серік

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

ететіні дәлелденген. Мемлекет

басшысының көздегені де сол.

Бұқаралық спортты дамыту -

ұлт саулығының кепілі. Десе де,

әлі де бұл бағытта жетілдіретін

тұстар көп. Мысалға алсақ, зауыттарда

жұмыс істейтін азаматтар

бос уақытында арнайы спорт

түрімен айналысқысы келеді.

Қайда барады? Мемлекеттік

спорт мекемелері маңына

жолатпайды. Спорт клубтарының

барлығы дерлік балалар мен

жасөспірімдерді қабылдайды.

Амалсыздан тренажерлік залдарды

ғана жағалайды. Бұқаралық

спортты дамытамыз десек,

әр жастағы азаматтардың да

үйірмелерінің қамтылуын назарға

алған жөн, - дейді Д.Амелин.

Бүгінде облыста жаңа жүйе

арқылы 17 спорт түрі бойынша

87 секция, 239 топ жұмыс істеуде.

Жыл соңына дейін олардың

қатары артады деп күтілуде.

СПОРТ

Асық ойыны алғаш рет

халықаралық санатқа ие

болды. Ұлттық ойынымыз

ресми санат алатын болды.

Асық атудан ішкі біріншіліктерде

топ жарғандар

енді спорт шебері және

спорт шеберлігіне үміткер

атана алады. Бұл жөнінде

республикалық Асық ату

федерациясының өкілі

Марат Исламбеков мәлімдеген.

Бастама ұлттық ойынымызды

жаңғыртуға және

қатысушылар санын арттыруға

тың серпін бермек.

Шебер

атағы

беріледі

Қазіргі таңда асық ату мектеп

бағдарламасына қосылып, бірқатар

білім ордасында үйретіледі. Бұған қоса,

жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын

жарыстары бар. Әртүрлі деңгейдегі

спартакиада мен универсиадаларға

қосылған.

Биыл Павлодар өңірінде асық ату

ойындарын дамытумен айналысатын

облыстық асық ойындары федерациясы

құрылған болатын. Облыстық «Алтын

сақа» ұлттық асық ату федерациясының

президенті Қалибек Қуанұлы жағымды

жаңалыққа бек қуанышты. Себебі бұл

бастама өңірде асық ату спортын

барынша дамытып, тың жобаларды

қолға алуға ынталандырады. Оның

айтуынша, аймақта соңғы төрт жылда

ұлттық спорттың осы түрін дәріптеуде

белсенділік байқалады. Қоғамдық

ұйым облыста асық ату ойындарын

бір жүйеге келтіріп, балаларды дұрыс

ойнауға үйретіп, ұлттық ойынды кеңінен

насихаттауды көздейді. Өңірдің асық

ату спорты өкілдері республикалық

жарыстарға қатысып, мол тәжірибе

жинап жүр.

- Асық ойыны арқылы бабаларымыз

балаларын мергендікке, дәлдікке,

епттілікке, шеберлікке, қайсарлыққа,

табандылыққа баулыған. Баланың

дамуына пайдасы мол асық ату ойыны

орта мектептің дене шынықтыру пәнінің

бағдарламасына енгізілген. Алда бұл

ойынды кеңінен насихаттап, балалар

мен жасөспірімдер қызыға ойнайтын

ойын болуы тиіс, - дейді Қалибек

Қуанұлы.

Асық ату спорты қолға алынғаннан

бері Павлодар өңірінде

кенжелеп қалған ұлттық ойын

қарқынды дамып келеді. Облыстық

құраманың жүзге жуық спортшылары

түрлі додаларға белсене қатысып жүр.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қажымұқан

Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына

орай ұйымдастырылған ұлттық

спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы»

республикалық фестивалінің «Асық ату»

түрінен Павлодар облысының командасы

ІІІ орынға ие болды. Құрама сапында

Ержігіт Ахмет, Аман Қанат, Абылай

Қанат, Аружан Арғынбайқызы, Балнұр

Ержанқызы өнер көрсетті. Ойыншыларды

аға жаттықтырушы Қалибек Қуанұлы, Саят

Қизат, Жармағамбетов Алмас, Құндыз

Қойшиева сынды жаттықтырушылар

баптаған. Тартысты доданың ең үздік

ойыншысы Ержігіт Ахмет «Сұрмерген»

атағын жеңіп алып, облыс мерейін үстем

еткен. Облыс орталығында асық атудан

өткен турнир де тартысты болыпты.

Жақында Павлодар қаласында тұңғыш

рет асық атудан Қазақстан Республикасы

Кубогы ұйымдастырылмақ. Ұмытылып

бара жатқан төл спортымыздың қайта

жаңғырып, қайта жанданып келе жатқаны

қуантарлық. Ұлттық рухты оятатын

осындай шаралардан ұтарымыз мол.

Т.ӘБІЛДА

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!