22.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 23 қазан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19: ВАКЦИНА

Екпе алмаған

науқастың емі қиын

- Людмила Николаевна,

антиваксерлердің басты дәлелінің

бірі вакцинадан кейін

де коронавирусты жұқтырып

алуы болып отыр. Бұл туралы

не айтасыз?

- Әлем бойынша екпе алған

азматтар 100 пайыз індеттен

аулақ болатынына кепілдік жоқ.

Қолданыстағы ешбір вакцина кеселді

жұқтырудан қорғай алмайды. Ең

бастысы, препарат адамдарды

өлімнен сақтайды. Екпе алғандардың

ағзасында коронавирус жеңіл өтеді.

КВИ-ге қарсы екпе де өзге вакциналар

сияқты қарсы көрсетілімі

бар, ағзаға түрлі реакция беруі

мүмкін. Ал аты жаман вирустан

бәрін күтуге болады. Кез келген

адам коронавирусты жұқтырады.

Себебі қазір дерт дендеп тұрғанын

білесіздер. Сондықтан екпе алдым

деп, босаңсуға болмайды. Санитарлық

талапты қатаң сақтау қажет. Індеттен

жазылып шыққан адамдарда иммунитет

қалыптасады. Сол себепті

мамандар коронавирустан емделіп

шыққандарға вакцинаны бірден

салмайды. Арада кем дегенде

3-6 ай уақыт өтуі тиіс. Дәрігер

ретінде екпе ерікті түрде салынуы

керектігін айтқым келеді. Десе де,

тұрғындар аурудың қандай екенін

сезініп үлгерді. Өзге де штамдар

пайда болуда. Вакцина салдырмаған

адамдар денсаулықтары үшін шешімді

өздері қабылдайтынын ұғынуы керек.

Олар індетпен ұзақ күреседі. Емі

де қиын жүреді. Індетпен күресіп

жүрген маман ретінде вирустан

сақтанудың жалғыз жолы - вакцина

екенін айтқым келеді.

- Екпе алғаннан кейін

вирусқа қарсы антидене қашан

қалыптасады?

- Ағзадағы иммунитет барлық

вакцинада тек екінші аптаның соңында

ғана қалыптасады. Антиденені күшейту

Павлодар облысы коронавирусқа қарсы вакцина

алушылардың саны бойынша республикада төменгі

орында. КВИ-дан қорғайтын екпені салуда жүйелі

жұмыс жан-жақты жүргізіліп жатқанымен, тұрғындар

арасында әлі де екіұдай пікір жалғасуда. Қауіпті

кеселмен бір жылдан астам уақыт күресіп келе жатқан

ақ желеңділер вирустан қорғанудың жалғыз жолы –

вакцина екенін айтудан жалыққан емес. Осы орайда,

тұрғындар арасында туындаған сауалдарға жауап

алу мақсатында Павлодар қалалық №3 емхананың

сарапшы дәрігері Людмила Асташкинамен тілдескен

болатынбыз.

үшін коронавирусқа қарсы екпенің

екінші дозасы да салынады. Оны

алғашқы екпеден кейін кем дегенде

3 аптадан соң қабылдау қажет.

Екінші препараттан кейін 2-3 апта

өткен кезде ғана індетке қарсы

иммунитет толық қалыптасады.

Екпе алған адамдарға медициналық

маска тағу, адам көп жиналатын

орындарға бармау, әлеуметтік

қашықты сақтау сынды кеңес

берілетіні сондықтан. Облыста

ұжымдық иммунитет қалыптаспай,

барлық адам санитарлық талапты

қатаң сақтауы тиіс.

- Желтоқсан айының соңында

өңірге балалар мен жүкті

әйелдерге арналған «Pfizer»

екпесі жеткізілетінін білеміз.

Қазіргі уақытта ата-аналар

балаларының болашағына

алаңдап отыр. Оларға қандай

кеңес бересіз?

- Әлемде аталмыш екпе түрі

балалар мен жүкті әйелдерге салынуда.

Вакцина клиникалық сынақтан

өткен. «Pfizer» екпесі 12 жастан

асқан балалар мен жүктіліктің 16-37

аптасында жүрген келіншектерге

арналған. Өмірге сәби әкелген

әйелдер араға 42 күн өткенде ғана

препаратты қабылдай алады. Ал

коронавируспен ауырып шыққандар

тек 6 айдан кейін ғана екпені салдырады.

Вакцинаны қабылдар алдында

денсаулықтары толық тексеріледі.

Ақпан айында облысқа жеткізілген

«Спутник V» екпесі жүкті әйелдерге,

бала емізетін келіншектерге,

18 жасқа дейінгі балаларға салынған

жоқ. Әу баста аталмыш вакцина да

тұрғындар арасында күмән туғызды.

Ғалымдар жасөспірімдер мен сәби

күтіп жүрген әйелдердің жағдайын

ойлап, вакцина ойлап тапты. Сол

себепті ата-аналардан қорықпай,

балаларға екпе салуға келісім беруі

керектігін айтқым келеді. Вакцина

алған кезде ғана қорқыныш сейілуі

керек. Ал жүкті әйелдер дұрыс

шешім қабылдау арқылы өздерін

және құрсағындағы сәбиін қорғайды.

Препарат облысқа жеткізілген кезде

үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін

болады.

- Өзіңіз жұмыс істейін

Павлодар қалалық №3 емханада

вакциналау науқаны

қалай жүруде?

- КВИ-ге қарсы егу науқаны жүйелі

түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың

ақпан айынан бері тәуекел тобына

жататын медициналық қызметкерлер,

педагогтар мен күштік құрылым

қызметкерлері толық егілді. Сәуір

айынан бастап емхана тіркеуінде

тұрған тұрғындарды қамти бастадық.

Сонымен қатар, емхана мамандары

ірі кәсіпорындардағы, әскери

мекемелердегі, шағын маркеттердегі

қызметкерлерге де екпе салды.

Қазіргі уақытта диспансерлік есепте

тұрған науқастар вакцина алуда.

Жаз мезгілімен салыстырғанда

вакцина салатындардың саны күрт

төмендеп кеткені рас. Бірақ дәрігерлер

қауымы үгіт-насихат, ақпараттандыру

жұмыстарын тоқтатқан емес. Жүйелі

жұмыс арқылы ұжымдық иммунитет

қалыптасады деген ойдамыз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Аймағымызда эпидемиологиялық ахуал

күрделі деп бағалануда. Өткен тәулікте

202 адам коронавирус жұқтырған. Оның

ішінде 185 азамат симптомды вируспен

ауыруда. Облыс әлі де «қызыл» аймақта

қалып отыр.

Жағдай әлі де

күрделі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар Сейітқазинов мәлім

етті. Оның сөзінше, қазіргі

уақытта 1201 адам стационарда

ем алуда. Мұндағы төсекорындардың

жүктемесі 54,5

пайызды құрайды. Жансақтау

бөліміндегі төсек-орын жүктемесі

44,6 пайызға тең. Өңірде

90 адамның жағдайы ауыр

деп бағалануда. 14 адам

өкпені жасанды тыныс алдыру

құрылғысына қосылған.

- Өткен аптада облыстағы

эпидемиологиялық жағдай

жақсара бастаған еді. Осы

аптада науқастардың саны

артып, ахуал күрделенді.

Қазір күн сайын 120-130 адам

стационарға түсуде. Соңғы

тәулікте 5 жүкті әйел коронавирус

жұқтырды.

Облыста КВИ-мен ауырып

жатқан 56 жүкті әйел бақылауға

алынған. Оның ішінде 32-сі

амбулаторлық деңгейде емделуде.

Стационарда жатқан

18 әйелдің жағдайы жеңіл,

4 әйелдің жағдайы орташа,

екі әйелдің жағдайы ауыр

деп бағалануда. Сонымен

қатар, өңірде 117 бала коронавирус

жұқтырған. Оның

28-і стационарда, 89-ы үй

жағдйаында емделуде, - дейді

А.Сейітқазинов.

Айдар Кенжетайұлының

сөзінше, коронавирусқа қарсы

екпенің алғашқы компонентін

313 мың 228 адам алса,

екінші дозаны 288 мың 110

адам салдырған. Бұған дейін

облыста КВИ-ге қарсы ұжымдық

иммунитетті қалыптастыру

үшін 450 мың адам екпе алуы

керектігі жоспарланды. Бүгінде

бұл көлем 497 мыңға артқан.

Бұл ағзасы екпе алуға жарамды

халықтың 90 пайызын құрайды.

Өткен аптамен салстырғанда

осы аптада екпе алушылардың

саны екі есеге артқан. Қазір

тәулігіне 800-900 адам вакцина

салдыруда. Сонымен қатар,

облыста тұмауға қарсы вакциналау

науқаны жүруде. Бүгінде

97 мың 168 адам аталмыш

екпе түрін қабылдаған.

Бұл бекітілген жоспардың

57,5 пайызын құрайды.

Атап өтерлігі, облыста

желтоқсан айында ревакциналау

науқаны басталады

деп күтілуде. Сонымен қатар,

қараша айында 12 жастан асқан

балалар мен жүкті әйелдерге

арналған «Pfizer» препараты

жеткізілмек.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ҚАУІПСІЗДІК

«POLICE SOS»

Қаламыздың орталық жағажайында «POLICE

SOS» батырмасы орнатылды. Аталмыш

құрылғы заңға қайшы әрекеттер туындаған

жағдайда дабыл сигналын беруге және полицияға

шұғыл қоңырау шалуға арналған.

Павлодар облысы полиция

департаменті цифрлық

технологияларды енгізу және

дамыту бойынша жоспарлы

жұмыс жүргізуде. Оның бір

дәлелі жергілікті тұрғындардың

қауіпсіздігін қамтамасыз

етуге бағытталған «Police sos»

батырмасы. Өңірлік полиция

департаментінің басшысы

Нұрлан Мәсімовтің айтуынша,

аталмыш құрылғы

бейнебақылау камерасымен

жабдықталған. Сонымен қатар, кіріктірілген динамиктер

арқылы полиция қызметкері көмекке мұқтаж адаммен байланыс

орнату мүмкіндігіне ие. Аудиожазба көмегімен деректер

автоматты түрде орталық базаға түсіп, тіркеледі.

- Бұл - дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, халыққа

ыңғайлы болу және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін

жасалған жоба. Мұндай жаңашылдық азаматтардың барлық

өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция

органдары жүйесіндегі жаңалықтар қоғамдық тәртіпті

сақтау мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді

неғұрлым тиімді әрі шұғыл шешуге арналған, - деді полиция

департаментінің басшысы.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш батырманың алты

құрылғысы қаламыздың әр аймағында орнатылмақ. Сондай-ақ,

тағы алтауын келер жылы облыс бойынша орнату жоспарлануда.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!