29.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #103

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

10

№103 (1539)

29 желтоқсан

2017 жыл

Рухани жаңғыру

www.shymkala.kz

Бүкіл дүние қазір

қарбалас кезеңді

бастан кешіруде.

Заман ағымына қарай

бейімделу, заман

ағымына сай жаңарып,

жаңғырып отыру жаһандық

бәсекелестіктің алғышарты

болып отыр. Жаһандық

өзгеріске тез бейімделіп,

еліміздің мықты, біртұтас

ұлт, мәңгілік ел болып қалыптасуы

үшін көш басында

келе жатқан елдермен

үзеңгі түйістіріп, күн санап

өзгеріп жатқан мына дүбірлі

дүниенің жағымды жақтарын

бойымызға сіңіріп, санамызды

жаңғыртып отыру

қажеттігін Елбасы қадап-қадап

айтты. Рухани жаңғыру

дегеніміз тереңнен бастау

алатын ұлттық рухани кодымызда

жатқанын, сол рухани

кодымызды сақтау керекігін

тағы ескертті.

Тіл білімі институтының

ғалымдары ұсынып

отырған латын негізіндегі

қазақ әліпбиінің

«Ұлттық жобасы»

№ кирилше латынша аталуы № кирилше латынша аталуы

1 Аа Аа а 14 Ңң Ŋŋ ың

2 Әә Әә ә 15 Оо Оо о

3 Бб Bb бы 16 Өө Öö ө

4 Ғғ(-Гг) Ğğ(-Gg) ғы(-гі) 17 Пп Рр пы

5 Дд Dd да 18 Рр Rr ыр

6 Ее Ее е 19 Сс Ss сы

7 Жж Jj жы 20 Тт Tt ты

8 Зз Zz зы 21 Уу Ww ұу

9 Йй Yy ый 22 Ұұ Uu ұ

10 Ққ(-Кк) Qq(-Kk) қы(-кі) 23 Үү Üü ү

11 Лл Ll ыл 24 Шш Şş шы

12 Мм Mm мы 25 Ыы Iı ы

13 Нн Nn ны 26 Іі İi і

Қазақтың төл әліпбиі

б.омАр,

Д.бАйҒҰтовА,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

педагогикалық институты, тіл

білімі кафедрасының доценттері

Ұлттық код категориясының

түсінігі өте кең. Ол бір-екі ауыз

сөзбен түсіндіруге келмейді. Ұлттық

код аясына, ең алдымен,

тілімізді, дінімізді, мәдениетіміз

бен салт-дәстүрімізді, бүкіл адамгершілік

этикетімізді жатқызар

едік. Ұлттық код өзегі сонау атадан

балаға мирас болып келе

жатқан ұлтымыздың өмір сүру

қағидасы, адамгершілік, адамның

адамдық қасиеті, соның аясындағы

ізгілік пен даналық, әділдік

пен сыйластық, қанағатшылдық

пен рақымшылық, еңбекқорлық

пен талапшылдық, шүкіршілік пен

сабырлылық ұғымдарынан бастау

алады.

Ұлттық код идеясы сонау Әл-

Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари,

Қ.А.Ясауи, кешегі өткен

Абай, Шәкәрім, Мағжан т.б. ойшылдардың

шығармаларында тұнып

тұр. Мәселен, Ұлы Абайдың

қай шығармасын алсақ та онда

адамгершілік этикеті аясындағы

«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең

істің бәрі бос», «Адамзаттың

бәрін сүй, бауырым деп»

деуі осы ұлттық кодымыз, ұлттық

санамыз арқылы сіңіп, бойға

дарыған ұғымдарды терең түсіне

білуінде.

Ұлттық кодымыздың діңгегі ең

алдымен ұлттық тілімізде жатқанын

ұмытпауымыз керек. Бүгінгі

таңда таяу болашақтағы ең негізгі

міндеттер саралануда. Соның бірі

де бірегейі де қазақ тілінің, қазақ

жазуының тағдыры, латын нұсқасындағы

қазақтың ұлттық әліпбиін

жасау және соған көшу мәселесі

болып отыр.

Елбасымыз 2012 жылы желтоқсандағы

«Қазақстан-2050» стратегиясы:

қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты» атты

жолдауында 2025 жылға қарай

латын әліпбиіне көшуді бастау

керектігін айтса, соңғы мақаласында

латын әліпбиіне көшудің

қажеттілігін нақтылай түсіндірді.

Ғылым мен техника, жаңа технология

қарыштап дамып жатқан

заман ағымынан қалып қоймай,

дамыған 30 елдің қатары-

òóðàëû îé

на қосылу біздің негізгі мақсатымыз

болғандықтан, әлем халқының

жетпіс пайызы пайдаланып,

үлкен сұранысқа ие болып отырған

латын әліпбиіне көшуді бастау,

сол арқылы ағылшын тілін

меңгеру біздің әлемдік аренада

топ жарудың бастамасы десек

болар.

Қазақ халқының тарихы мен

жазуының тағдыры бір-бірімен

біте қайнасқан егіз ұғым іспетті.

Ұлтымыздың ауыр тағдыры оның

тілінде де, жазуында да көрініс

тапқан. Адамзат тарихында әртүрлі

әліпбилер болғаны белгілі.

Соның бірі – біздің арғы тегіміз

V-XV ғғ қолданған ең көне әліпби

саналатын көне түркілердің

руникалық жазуы. Тарихта «Орхон-Енисей

жазулары» деп аталып,

Еуразия құрлығын мекендеген

түркі халықтарының ұлтаралық

қатынас тілі болған және

осы әліпбимен тастағы жазуларды

айтпағанда көптеген құжаттар,

хат-хабарламалар, Алтын

Орданың ресми құжаттары жазылған.

Тәуелсіздіктің алғашқы

жылдарында кейбір тілші-ғалымдар

тарапынан сол көне түркі

жазуын қайта жаңғыртып, қалыпқа

келтірсек, қазақ әліпбиін

соған ыңғайласақ деген ойлар

баспасөзде жарияланғанын көзі

қарақты оқырман білетін болар.

Бұл, әрине, төл тіліміздің бүгінгі

халіне алаңдау, тіліміздің, әліпбиіміздің

тағдырына жаны ашығану

деп түсінеміз.

Х ғасырларда тарихтан белгілі

болғандай, Орта Азия мен Еуропаның

біраз жерлерінде ислам

діні үстемдік құрып, арабтар

түрлі тәсілдермен руна әліпбиінде

жазылған дүниелерді жойып

жіберді. Ата-бабаларымыз

ХХғ. дейін араб жазуын қолданды,

сөйтіп әдеби-мәдени мұрамыз

араб тілінде сақталды. Бірақ қарапайым

халық оны ислам дініне

мойынсұну, Құран, намаз оқу

деп түсінді.

Орыс патшалығы өзінің қол

Туысқан түркі жұрты

ұсынған ортақ әліпби нұсқасы

Аа Ff Kk Öö Üü

Әә Gg Qq Рр Vv

Bb Ğğ Ll Rr Ww

Сс Hh Mm Ss Xx

Çç Iı Nn Şş Yy

Dd İ Nn Tt Zz

Ее Jj Оо Uu

астындағы халықтардың арабша

жазып, оқығанын қаламады,

сондықтан өз әліпбиін енгізуді

ертеден-ақ ойластыра бастады.

Олардың бұл ойлары тек

кеңес өкіметі тұсында ғана іске

асты. Қазақтардың он ғасырға

жуық пайдаланып келген әліпбиін

1929 ж латын әліпбиінің

негізінде жасалған жазу үлгісіне

көшірді. Латын әліпбиінің де

өмірі ұзаққа бармады, он жылдай

ғана қолданыста болып, 1940ж.

орыс графикасы негізіндегі жаңа

әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды.

Міне, содан бері бір

ғасырға жуықтаса да әліпби мен

емле-ережелеріміз төңірегінде

түрлі кереғар пікірлер толастаған

емес. Бұл қазақ тілінің кирилица

заңдылығына үйлеспейтінінің

дәлелі болса керек.

Тіл мамандары мен ғалымдар

қазақ халқының қолданып жүрген

әліпбиі қазақ әліпбиі деп аталғанмен,

оның қазақ-орыс әліпбиі

екенін, қазіргі қолданып жүрген 42

әріптің тек 9-ы ғана қазақтың төл

сөздерінде кездесетінін, ал қазақтың

төл сөздерінде мүлдем кездеспейтін

в, ё, ф, х, һ, ч, щ, ь,

ъ, э, ю, я сияқты әріптердің бізге

тықпаланғанын айтады.

Қазір түрлі басқосулар мен

баспасөз бетінде болсын, интернет

желісінде болсын латын әліпбиіне

байланысты түрлі көзқарастар

мен пікірлер айтылып та,

жазылып та жүр. Шын мәнінде,

әліпби ауыстыру деген бір таңбаны

екінші бір таңбамен ауыстыра

салатын шаруа ма? Жоқ. Латын

әліпбиін пайдаланып қазақтың

ұлттық әліпбиін жасау кез

келгеннің қолынан келетін дүние

емес, тіпті тіл мамандарының

да бәрі бірдей дәлелді пікірлер

айта алмауы мүмкін. Бұл мәселеде,

негізінен, әліпби төңірегінде

еңбектеніп жүрген тіл мамандары

мен әдіскерлер, соның ішінде

фонетист-ғалымдардың ойлары,

дәлелді дәйектемелері бір арнаға

тоғысуы қажет. Азаматтардың

пікірлерін жинақтап, сараптайтын

орта – Ахмет Байтұрсынов

атындағы Тіл білімі институты,

сол институттың фонетика

бөлімі болу керек. Тіл білімі институты

ғалымдары қазақ тілінің латын

нұсқасы негізіндегі төл әліпбиінің

жобасын А.Байтұрсынұлы

салған ізбен оны «Байтұрсынұлы

қисыны» (эффект Байтұрсынова)

деп атап, арнайы сараптамадан

өтуге дайындап отыр.

Мұндағы ғалымдар латынға бізден

бұрын өткен туысқан республикалардың

тәжірибесін, жетістігі

мен кемшілігін ескеріп, кемшілігі

болса оны қайталамау мақсатында

Астанадағы Түркі академиясымен

бірге жұмыс жасауда.

Олар төл дыбыстарымыздың құрамы

мен әріп таңбаларын анықтап,

28 дыбыс пен әріп нұсқасын

мына құрамда ұсынып отыр: а, ә,

ы, і, е, ұ, ү, о, ө, п, б, т, д, қ, к,

с, з, ш, ж, м, н, ң, р, л, й, у, (w).

28 дыбысқа 28 таңба берген қазақ

әліпбиінің бұл үлгісін «ұлттық

жоба» деп атаған Тіл білімі институты

ғалымдары жоба таңбаларын

түркі мемлекеттері ұсынған,

Астанадағы түркі академиясы

қолдаған ортақ латын әліпбиінің

құрамынан алған. Туысқан

түркі жұртының бір-бірімен

тез түсінісіп, ынтымақтастығын

нығайту үшін ортақ латын әліпбиінің

маңызы зор. Туысқан халықтардың

әліпбиі ортақ әліпбиден

алынса, туысқан түркі халықтарының

жазуы да, оқылуы да бір

ізге түсер еді дейді ғалымдар.

Бұл жоба арқылы тілдің ішкі

заңдылығы өзара үндесіп, марфемалық

құрамы да, сөйлеу ырғағы

мен буын тұрқы, тасымал

жігі бір-бірімен қабысып қиюласады.

Әліпби жасаушылардың

көпшілігі дыбыс естілімін негізге

алып, дыбыстың естілімін әркім

әрқалай қабылдайтынын, содан

барып кереғар пікірлердің болып

жататынын ескере бермейді. Сондай-ақ

дыбыстың таңбасы оның

жасалымынан (артикуляциясынан)

шығу керек. Дыбыстардың

артикуляциялық негізі арнайы

экспериментальді фонетикалық

зертханаларда зерттелуі қажет.

Мұндай зертхана Тіл білімі институтында

бар. Сондықтан жоба

жасаудың ең басында фонетистғалымдар

отыру керек.

Мерзімді баспасөз бен түрлі

мәжілістерде жазылған, айтылған

Ә.Жүнісбек, Қ.Күдеринова,

Ғ.Есім, Г.Қортабаева, Ө.Айтбайұлы,

Е.Қажыбек, А.Салқынбай,

Қ.Ванов, С.Қабдолкәрімұлы,

М.Мырзахмет, Б.Тілеубердиев,

Б.Исабек т.б. тілші ғалымдар мен

тіл жанашырлары латын әліпбиіне

көшу мәселесін қолдайтынын,

оның пайдалы жақтарын, әсіресе

ағылшын тілін үйреніп, тез меңгеруге

пайдасының мол екенін,

сондай-ақ емле-ережелеріміздегі

кереғар заңдылықтардан арылатынымызды

айта келіп өз ұсыныстары

мен пікірлерін ортаға

салуда. Мәселен, Қ.Ы.Ванов ғалымдардың

көпшілігі мақұлдаған

28 дыбысына һ, и, у дыбыстарын

қосуы, кейбір дыбыстарды

белгілеуде халықаралық фонетикалық

әліпбидің таңбаларын

пайдалануды, таңбаны көбейтпеу

үшін бас әріпті қолданбай,

әріптердің бәрін кіші әріптермен

таңбалауды ұсынуы, қысқасы, 31

дыбыстан тұратын жаңа әліпби

жобасы батыс өңірінде қызу талқыға

түсіп, латын әліпбиіне көшуге

көпшіліктің бейтарап қарамайтынын

көрсетеді. Сондай-ақ

С.Қабдолкәрімұлының ф, в және

и, у дыбыстарына байланысты

айтқан уәждерін, басқа да ойпікірлердің

бәрін сарапқа салу

керек-ақ. Міне, осындай жағдайда

барлық күш Тіл білімі институты

ғалымдарына түседі. Институттың

фонетист ғалымдары

айтылып та, жазылып та жатқан

тілдік дәйектемелерді негізге

алып, тағы да сүзгіден өткізіп,

талқылап-талдау нәтижесінде ортақ

бір келісімге, ғылыми негіздегі

тұжырымға келсе әріп саны

мен дыбыс үйлесімі нақтыланып,

бір ізге түсіп шешімі табылар еді

деп ойлаймыз. Қазақ халқының

болашағын айқындайтын, қазақтың

төл жазуының тағдыры шешілетін

қарбалас шақта бас-басымызға

бұра тартпай, ешкімнің

көңіліне сызат түспей, ертең «әттеңайлап»

жүрмейтіндей халқымыздың

төл жазуы, төл әліпбиі

өмірге келеді деп сенеміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!