29.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #103

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2

№103 (1539)

29 желтоқсан

2017 жыл

Апта

www.shymkala.kz

ЖЫЛ ЖЕМІСІ

6553 пәтер

ел игілігіне берілді

Облыста биыл тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны

байқалады. Мәселен, өткен жылы көпқабатты

44 үй, яғни, 214,6 мың шаршы метр болатын 2564

пәтер тапсырылды.

Ал осы жылы облыста барлығы

976,9 мың шаршы метр болатын

245 көпқабатты үйдiң құрылысы

жүргiзiлуде.

Оның бүгінде 347,2 мың шаршы

метрі, яғни, 91 үй пайдалануға

беріліп, 4733 баспана ел

игілігіне үлестірілді. Өткен жылғымен

салыстырғанда өсім 61,8

пайызға артқан. Бұл жұмыстар

облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қалада

көпқабатты тұрғын үй санын

көбейту бойынша берілген

тапсырмасының негізінде жүзеге

асып отыр.

Жыл басында аймақ басшысы

облыс орталығындағы негізгі мәселелердің

бірі – баспана екенін

айтып, қала орталығында көпқабатты

тұрғын үйлердің құрылысына

басымдық беріп, үй кезегінде

тұрған азаматтарды баспанамен

қамту жайын қарастыруды тапсырған

болатын. Сондай-ақ, қаланы

дамытудағы кезекті бір жиынында

қаладағы үйлердің 70 пайызын

жер үйлер құрағандықтан олардың

инфрақұрылымдық қажеттіліктермен

қамтамасыз ету аса көп шығынды

талап етіп отырғанын және

ХаБарЛаНДЫрУ

жеке тұрғын үй құрылысы көптеп

салынуынан орталықтың сәулеттік

келбетіне де айтарлықтай кері

әсерін тигізгенін ескерткен. Осы

ретте, облыста алдағы уақытта

көпқабатты тұрғын үй салу қарқыны

еселене түспек. Яғни, 2018

жылы өңірде осы жылдан өтпелі

көпқабатты 154 тұрғын үйдің құрылысы

мен қосымша жаңадан

көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы

басталмақ.

Жалпы өңірде «Нұрлы жер»

бағдарламасының барлық бағыты

бойынша 620 мың шаршы метр

болатын тұрғын үй пайдалануға

беріліп, осының нәтижесінде

оңтүстікқазақстандық 6553 отбасы

баспаналы болды. Құрылысы

біткен үйлердің ішінде 347,2 мың

шаршы метрі көпқабатты болса,

272,3 мың шаршы метрі жеке

тұрғын үй.

Аталған тұрғын үй құрылысына

36,9 млрд теңге көлемінде инвестиция

салынды. Бұл көрсеткіш

өткен жылғымен салыстырғанда

8,9 пайызға артық. Оның ішінде

мемлекеттік инвестициялардың

көлемі – 18,8 млрд теңге.

Тіркеуші органдар

мекенжайы

Оңтүстік Қазақстан облысының

әділет департаменті облыс

және Шымкент қаласы тұрғындарының

назарына қазіргі таңда Қазақстан

Республикасының қолданыстағы

заңнамасына салық органдарында

тіркеуде тұрмаған,-

бизнес-сәйкестендіру нөмірі(БСН)

және салық төлеушінің тіркеу

нөмірі (СТН) жоқ заңды тұлғалардың,

олардың филиалдары

мен өкілдіктерін сот тәртібімен

мәжбүрлі түрде жою тәртібін көздейтін

түзетулер әзірленіп жатқанын

хабарлайды.

Осыған байланысты, заңды

тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктердерге

Бизнес сәйкестендіру

нөмірлерін алу үшін, заңды тұлғаның,

филиалдар мен өкілдіктердердің

орналасқан мекенжайы

бойынша тіркеу органына хабарласуы

қажет.

Мәлімет үшін тіркеуші органдарының

мекенжайлары төмендегідей:

Оңтүстік Қазақстан

облысының әділет департаменті

Шымкент, Желтоқсан, 16

тел.33-85-89, 35-31-65

Абай аудандық әділет басқармасы

Шымкент, Қалдаяқов, 12,

тел.56-67-70

Әл-Фараби аудандық әділет

басқармасы

Шымкент, Жангелдин, 13/5

тел.99-72-04

Қаратау аудандық әділет басқармасы

Шымкент, Әл-Фараби алаңы,

4, 53-79-82

Еңбекші аудандық әділет басқармасы

Шымкент, Қазыбек би, 5,

тел.55-09-98

БұқараЛЫқ Спорт

Шымкентте

«workout»

алаңы ашылды

саябағында ашық аспан астында спорт алаңшасы

пайдалануға берілді. Оны «Технодом» компаниясы

қала тұрғындарына тарту етіп «Абай»

отыр.

Д. АЙБАР

daibar@shymkala.kz

Мұнда мүмкіндігі шектеулі

азаматтар да әуесқой спортпен

айналыса алады. Кіру

ақысыз.

Жаттығу алаңы білікті мамандардың

және кәсіби спортшылардың

ұсынысымен дайындалған.

Бір мезетте 10

адам гимнастикамен айналыса

алады. «Біздің компания

– салауатты өмір салтын ұс-

ІзгІ ІС

Балдай тәтті балақайлар

мәз-мейрам. Жылдағы дәстүргей

сай, Аяз ата мен ақшақар

кішкентайлардың көңілін аулап,

сыйлықтар таратты.

тануды насихаттайды. Ашық

алаңда спортпен шұғылдану

ыңғайлы әрі тиімді. Қала тұрғындары

бос уақытында келіп,

жаттығу жасауына болады», –

дейді компания өкілдері.

Алаңда қойылған снарядтардың

беріктігі кәсіпқой

спортшылармен тексерілген.

Және де соңғы үлгідегі металды

снарядтар қойылған.

«Технодом» дүкендер желісі

еліміздің өзге де қалаларында

жаңа алаңдар ашуды жоспарлауда.

Бөбектер қуанды

мамандандырылған

«Шымкент

бөбектер үйі»

мемлекеттік мекемесінде

жаңа жылдық шырша мерекесі

ұйымдастырылды.

Т. ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

Мұнда қазір 80 бала мемлекет

қамқорлығына алынған.

Балалар 4 жасқа дейін тәрбиеленеді.

Мекеме басшысы

Салтанат Сақыбаева да бүгінде

бөбектер үшін барлық жағдай

жасалғанын айтады. Балалардың

дендері сау.

Жаңа жылдық мерекеде

кәсіпкер азаматшалар қайырымдылық

жасады. Сыйлықтар

үлестірілді.

Балалар үшін ертегілік

көріністер қойылды.

Ән айтты, би биледі.

Мерекелік көңіл күйді

сезінді.

Әр жыл

жемісімен

келгей!

Елімізде мемлекеттік бағдарламалар

аясында кәсіпкерлікті

дамытып, отандық

өнім өндіруге мейлінше қолдау

көрсетілуде. 2010 жылы

Шымкентте қуаттылығы 1 млн

тонна өндіретін «Стандарт Цемент»

зауыты іске қосылды.

Содан бері 7 жыл аралығында

зауыт заманауи технологияларды

енгізіп, Қазақстанда

тұңғыш рет цемент жасаудың

«құрғақ тәсілін» қолданып,

бүгінде жылына 2 млн-ға жуық

өнім өндіріп, републикадан бөлек

ТМД елдеріне жөнелтілуде.

1200-ден аса адам жұмыспен

қамтылып, 3 млрд теңгеден

астам салық төленді.

Шымкенттен шығып жатқан

отандық өнім өзімізде құрылыс

саласында кеңінен қолданылуда.

Атап айтқанда, «Батыс

Европа-Батыс Қытай», Шымкент-Ташкент

трассасы, Балхаш

жылу орталығы, «Rixos

Khadisha Shymkent қонақүйі,

«ЭКСПО -2017» көрмесі құрылыстарына

зауыттан шыққан

өнімді пайдаланды.

Кәсіпкер ретінде қайырымдылық

істерден шет қалмаймыз.

Балалар үйіне, аз қамтылған

отбасыларына, зауытқа

жақын орналасқан мектеп

оқушыларына, ардагерлерге

көмек көрсетуді парызымыз

санаймыз.

2017 жылы біз үшін жемісті

жыл болды. Зауыт жаңа қондырғылармен

толығып, экологияға

залал келтірмеуді

бірінші кезекке қойғанбыз. Келер

жылы өнім мөлшерін арттырып,

әлемдік нарыққа шығуды

мақсат етіп отырмыз.

Қадірлі жерлестер, баршаңызды

Жаңа жыл мерекесімен

құттықтаймын. Әр отбасында

жақсылық болсын!

Бауыржан СЕЙІТЖАНОВ,

Шымкент қалалық

мәслихатының депутаты,

«Стандарт Цемент»

зауытының директоры

СЫй-Сияпат

Құрмет көрсетті

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Исамуддин Рысбай, Әл-Фараби

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мұқан Омаров Ұлы Отан соғысының ардагері, 91

жастағы Төрегелді Зорбанов ақсақалдың үйіне барып,

жаңа жылдық мерекемен құттықтады.

Қалада 106 соғыс ардагері бар. Бүгінде көпқабатты

үйде тұратын ардагерлерге жылу тегін беріледі.

Қала әкімдігі мен «Қуатжылуорталық-3» МКК

арасында осындай келісім-шарт түзілген.

И. Рысбай мен М. Омаров қадірлі қарияға жылу

тарату мекемесінің жасаған сый-сыяпатын да табыс

етті.

Ә. АЙТӨРЕ

құқЫқ

Пәтер алып

беремін деп...

Сотталушы «А» Шымкент

қаласында алаяқтық

мақсатында жәбірленуші

«С»-ға өзінің қалалық

әкімшілікте лауазымды

қызмет атқаратын таныстары

барын айтқан.

М. АБДРАМАновА,

Әл-Фараби ауданы прокуратурасының

процесс прокуроры

Шымкент қаласының

«Нұрсат» шағынауданынан

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік

бағдарламасы аясында

үш бөлмелі пәтерді бір айдың көлемінде

алып бере алатындығы

туралы айтып, 13.08.2013 жылы

Қазыбек би көшесі бойындағы

№ 49 ғимаратта орналасқан мекеменің

ішінде Ұлттық банктің

сол күнгі ресми валюта бағамымен

4135050 теңге болатын

27000 АҚШ доллары көлемінде

ақшасын алып, өзінің жеке қажеттілігіне

жаратқан.

Әл-Фараби аудандық сотымен

сотталушы «А» ҚР Қылмыстық

кодексінің 177 бабы 4 бөлігі

«б» тармағымен кінәлі деп танылып,

осы баппен 5 /бес/ жылға

бас бостандығынан айыру жазасы

тағайындалды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!