29.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #103

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

Жұма 29 желтоқсан 2017 жыл, №1539

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6

№103 (1539)

29 желтоқсан

2017 жыл

Тынымсыз тәулік

www.shymkala.kz

ЛЕБІЗ

Әр шаңырақ

шаттықпен тербелсін!

Құрметті

оңтүстікқазақстандықтар!

Қасиетті де киелі қазақ жеріне,

Тəуелсіз елімізге Жаңа, 2018 жыл

қадам басып келедi. Қай-қайсымыз

болса да əдеттегідей Жаңа жылға

үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар

күтіп, жаңа мақсат-міндеттер

белгілейміз. Біз қашанда өткенге

салауат айтып, жарқын болашақтан

жақсы үміт күткен халықпыз.

Əрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға

сəттілік серік болсын

деймін.

Осы ретте барша қазақстандықтарды

кіріп келе жатқан жаңа

2018 жылмен құттықтаймын! Жаңа

жыл əрбір шаңыраққа құт, береке,

ырыс алып келсін!

Ақ тілекпен жаңа жылды қарсы

алуға ақ дастарқан басына жиналған

ағайынның əрқайсына – береке,

халқымызға – игілік, мемлекетімізге

– молшылық, ал əр шаңыраққа –

бақыт пен шаттық тілеймін.

Ермек ДƏРМЕНОВ,

Шымкент қалалық

мəслихатының депутаты

Жемісті

нәтиже берді

Келе жатқан жаңа жылды қуанышты

нəтижелермен қарсы алғалы

отырмыз. Атап айтқанда,

Шымкент қаласы бюджетінің салықтық

түсімдері толық 100%-ға

орындалмақ.

Сонымен қатар, жыл бойы

жүргізіліп келе жатқан салықтарды

əкімшілендіру жəне қосымша

кіріс көздерін іздестіру іс-шаралары

нəтижесінде түсімдердің өсу қарқыны

129,5%-ға жетіп, өткен жылмен

салыстырғанда қала бюджетіне

артығымен 15,3 млрд теңге түсуі

жоспарлануда.

Құрметті қала тұрғындары!

Еліміздің жəне қаламыздың əлеуметтік-экономикалық

дамуына

келесі жылы да аянбай еңбек

ететінімізді жеткізе отырып, Сіздерге

Жаңа жыл қуаныш, құт-береке

əкелсін! Дендеріңізге саулық,

отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге

табыс тілеймін!

Нұржан НƏЛІБАЕВ,

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер

басқармасының басшысы

Жыл соңы таяған

сайын бұл

мерекені асыға

күтетіндер

көп екені жасырын емес.

Кейбіреулер еңбек демалысын

қаңтар айына жоспарлап,

демалысқа аттанып

жатады. Ал ондай демалыстың

сəті түспегендер

желтоқсанның соңы

мен қаңтардың басында

болатын 3-4 күн демалыста

барынша тынығуға тырысады.

Жаңа жылды тың

көңіл, сергек сезіммен қарсы

алу үшін мерекелік демалыстың

маңызы зор.

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Ал енді елестетіңізші,

осындай мəре-сəре демалыста

жұмыс істейтіндар бар.

Иə, олар біз тыныққанда қызмет

көрсетеді, көпшіліктің демалысы

сəтті өтуі үшін тер төгеді.

Ендеше, бұл жолы сондай

азаматтардың бірқатарына

сөз тізгінін берсек...

«Біз хабарламасақ

пойызға мінбейтін

жолаушылар бар»

...Күндіз-түні жолаушыларға

хабарлап, бағыт-бағдар

беріп отыратын дикторды іздеп,

Шымкент теміржол вокзалына

келдік. Халық ығы-жығы.

Жолаушылардың арасында

тұрып, перрондағы таныс

дауысты тағы бір тыңдап алдық.

Содан кейін вокзал ғимаратының

екінші қабатына

көтерілдік. Бір шетте «Дикторлар

бөлмесі» деген жазуы

бар кабинет тұр. Қаптаған

кассаның арасынан ерекшеленбейді.

Есікті қағып, ішке

ендік. Орта жастағы апай келе

жатқан пойыздың бағыты мен

нөмірі жазылған парақты оқып,

дайындалып отыр.

– Біздің жұмысымыз сырт

көзге ерекшеленбегенімен,

жолаушылар үшін аса маңызды,

– дейді Света Таликенбайқызы.

– Тіпті, кейде біз хабарламағанша

перронда тоқтап

тұрған пойызға отырмайтын

жолаушылар бар. Сапарға жиі

Олар мерекеде

қызмет

шығатын азаматтар өзінің пойызын

танып, жапа-тармағай

вагонға мініп жатқанда диктордың

дауысын күтетін жолаушылар

да кездеседі. Əрине,

тек олар үшін ғана емес,

жылдар бойы жаттанды болып

қалған мəліметтерді біз

үнемі дəл алғашқы ақпарат

секілді оқуға тиіспіз.

Қателесуге болмайды. Пойыздың

атауын, бағытын нақты

айтып, вагонға отырудың

басталған уақытын хабарлаймыз.

Күндіз-түн, мереке немесе

демалыс деген ұғым жоқ.

12 сағаттық ауысыммен жұмыс

істейміз.

Қазақстан теміржолы Шымкент

станциясында жұмыс істеп

келе жатқаныма биыл 20

жыл болды. Өз кəсібімді сүйемін.

Халыққа қызмет көрсетуге

əрқашан дайынбыз. Күнделікті

ағылған жолаушыларға

бағыт-бағдар сілтеп, сапарға

шығарып салудың да өз

қызығы бар. Ендеше, барша

отандастарымызды келе жатқан

мерекелерімен құттықтап,

демалыстарыңыз сəтті өтсін

деп тілеймін!

«Мереке күндері

жұмысымыз

көбеймесе,

азаймайды»

Əдеттегіден ұзағырақ созылатын

демалыс күндері,

өкінішке қарай, келеңсіз жағдайлар

болып тұратыны жасырын

емес. Оның көбісі дене

жарақатына байланысты. Əсіресе,

алкогольді ішімдік ішу

мен отшашуды дұрыс пайдаланбау

соңы өкінішке ұрындырып

жатады. Осындайда

іздейтініміз – дəрігерлер.

Бұл мамандар тəуліктің кез

келген сəтінде көмек қолын

созуға дайын. Солардың бір

тобы Шымкент қалалық жедел

медициналық қызмет

көрсету ауруханасының қабылдау

бөлімінде отырады.

Қарапайым жұмыс күндердің

өзінде мұндағы дəрігерлерде

дамыл жоқ. Ал мереке

күндері жұмыс тіпті қауырт

бола түседі дейді қабылдау

бөлімінің меңгерушісі Сəбит

Байбосынов.

– Биыл ауруханамыздың

жаңа ғимараты пайдалануға

беріліп, біздің бөлім осында

ауысты. Мұнда дəрігерлердің

сапалы жұмысына бар жағдай

жасалған. Бетін аулақ

қылсын, жарақаттанған азаматтар

мен науқастарды кез

келген көлемде қабылдауға

дайынбыз. Түрлі дерттерден

бөлек жол апаты, техногенді

апат, əуе апаты секілді оқыс

оқиғалар кезінде жұмыс істеуге

əзірміз.

Кейде адамның өзі де

кінəлі болып жатады. Неге

дейсіз бе? Мереке күндері

ішімдік ішіп алып, тайып құлайды.

Бір-бірімен төбелесіп,

жарақаттанып жатады. Ал пиротехникалық

заттарды пайдаланудың

кесірінен зақымданатындары

қаншама. Мереке

күндері күшейтілген

тəртіпте кезекшілікте боламыз

дегенім содан. Бұл күндері

бізге жеткізілетін науқастар

саны басқа күндерге қарағанда

арта түседі. Дегенмен,

біз оларды қабылдап,

ем-дом жасауға дайынбыз.

Сол үшін күн-түн, демалыс

деген жоқ. Мереке күндері

де бізге кəдімгі жұмыс уақыты.

Жаңа жыл түні де қарбалас

жұмыс бір сəт тоқтамайды.

Осы орайда мен жерлестерімізді

мерелерімен құттықтап,

денсаулықтарыңыз мықты

болсын деп тілеймін!

етеді

«Біз әр адамның

жан-дүниесінен

орын аламыз»

Жақсы демалыс дегенді бір

сөзбен айта аласыз ба? Оңай

болмаса керек. Жақсы тынығу

ұғымының сипаты көп. Арасында

дəмді тамақтану, яғни

ас мəзірі де бар. Ал осы аспаздық

өнерді мықтап меңгерген

мамандық иелері бізге

əр сəт қызмет көрсетуге

əзір. «Адам туған сəтінен бастап

о дүниеге аттанғанша тамақтанады»

дейді сұхбаттасушы

кейіпкеріміз – бренд-шеф

Владимир Копылов.

– Тамақтану – адам өмірі

үшін аса маңызды. Ал дəмді

тамақтанудың лəззаты тіпті

ерекше. Менің аспаздықта жүргеніме

биыл 19 жылдан асып

барады. Адамдарды дəмді аспен

қуанту – менің сүйікті ісім.

Тағам əзірлеуге бала кезімнен

құмар болдым. Жалпы, біздің

жұмысымыз əдеттегі кестеге

сəйкес келе бермейді. Мысалы,

адамдар жұмыс аптасынан

кейін жақсылап демалыс

өткізгісі келеді. Немесе мейрамханаларға

барып, көңіл-көтеруге

болады. Ал ондай демалыстың

дəмді тағамсыз өтпейтіні

бесенеден белгілі. Сондай

сəтте біз көмекке келеміз.

Біз адамдарға дəмді тамақтану

лəззатын сыйлаймыз. Ал мереке

күндері келушілер көбейе

түседі. Міне, қазір де жаңа

жылдық кештер басталып кетті.

Оған өзгеше ас мəзірін əзірлеп,

мұқият дайындалуымыз керек.

Жауапкершілік жоғары. Себебі

біз дəмді тағаммен адамның

ішкі дүниесіне жақындай түсеміз.

Ендеше, дастарханға

қош келдіңіз дегім келеді!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!