02.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №17

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2

№17 (1556)

2 наурыз

2018 жыл

Апта

www.shymkala.kz

Облыс әкімдігі

Бұқарамен –

кері байланыс

Ақпан айында облыс әкімі Ж. Түймебаевтың

тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы

байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджері

іске қосылған болатын.

Ондағы мақсат – әкімдік

пен облыс жұртшылығы арасында

ашық диалог орнатып,

қоғамдағы түйткілді мәселелерді

дер кезінде шешу. Бүгінде

аталған байланыс түрі

өзінің тиімділігін көрсете бастады,

деп хабарлайды облыстық

әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазірдің өзінде Whatsapp

мессенджеріне тұрғындардан

жалпы саны 208 сұрақ келіп

түскен. Оның 49-на жауап

беріліп, тиісті жұмыс ұйымдастырылуда.

Келіп түскен сұрақтардың

басым көпшілігін инфрақұрылым

мәселелері құрап отыр.

Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи

газ, 7 тұрғын ауыз су, 34 азамат

тұрғын үй кезегі, ал 10 азамат

электр энергиясына қатысты

мәселе айтып, шағымданған.

Сондай-ақ, 24 азамат жол

қиындығын көтерсе, 14 тұрғын

қоғамдық көлікке қатысты, 12

азамат қоқыс мәселесі жөнін-

Мерей

5жыл –

беделді

белес

Шымкенттегі

химия-биология

бағытындағы

Назарбаев

Зияткерлік мектебіне

биыл – 5 жыл.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Жуырда халықаралық дәрежеге

ие болған білім ошағының

мерейтойына орай «Бір мектеп –

біздер бір елміз!» мерекелік концерті

өтті.

Айтулы шараға Шымкент

қаласы әкімінің орынбасары

Қайрат Нұртай, Оңтүстік

Қазақстан облысы білім басқармасының

басшысы Исатай

Сағындықов, жоғары оқу орындарының

басшылары, Қамқоршылық

кеңесінің мүшелері, атааналар

қауымдастығы арнайы

келіп, мектеп ұжымын мерейлі

мерекемен құттықтады.

Өзінің зияткерлік әлеуетін

білімді ұрпақ тәрбиелеуге арнап

келе жатқан мектеп басшысы

Балкан Маратұлы Шымкент

қаласы әкімінің «Шымкент қаласын

дамытуға қосқан ерекше

үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ал мектеп ұстаздарына

аянбай еңбек етіп, білім саласының

дамуына қосқан зор

үлестері үшін қала әкімінің алғыс

хаттары табысталды.

Бұл білім ордасы 2013 жылдың

1 наурызынан бастап рес-

де шағымын жеткізген.

Арыз-шағым түсіргендердің

басым көпшілігін Шымкент

қаласының тұрғындары

құрап отыр. Мәселен, келіп

түскен 208 сұрақтың 137-сі

қала тұрғындарына тиесілі болып

шықты. Екінші орында 8

сауал жолдаған Төлеби ауданының

тұрғындары тұр.

Бүгінгі таңда келіп түскен

өтініштерді салалық басқармалардан

құрылған жұмысшы

топ назарға алып, нәтижесін

өтініш берушіге жолдауға дайындау

үстінде.

ми түрде өз жұмысын бастаған.

Ғылыми-танымдық өресі биік,

білім көкжиегі кең оқушылар

олимпиадалар мен ғылыми жобаларда

жүлделі орындарды иеленіп,

мектептің атақ-абыройын

асқақтатуға үлес қосып келеді.

Осының нәтижесінде Шымкент

қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік

мектебінде жаңартылған білім

мен кәсіби бағдар жүйесінің оқушылардың

қажеттіліктеріне сай

келуіне байланысты Халықаралық

аккредитациядан сәтті өтті

және Халықаралық мектептер

кеңесінің (CIS) сертификатына

ие болды.

Зияткерлік мектеп 5 жылдың

ішінде 2 рет түлек шығарды.

2015 жылы 129 түлек бітіріп,

еліміздегі жоғарғы оқу орындарына

128 оқушы, оның ішінде

40 оқушы Назарбаев Университетінің

студенті атанды. Ал 1 түлек

Қытайдың Гонконг политехникалық

университетінің грантын

жеңіп алған. 2016 жылы 122

түлек тәмамдады. Түлектердің

115-і қазақстандық жоғарғы оқу

орындарында, оның ішінде 36-

сы Назарбаев Университетінде

оқып жатыр. Ал 23 түлек әлемнің

11 елінен шақыртулар алып, жоғарғы

оқу орындарының гранттарын

жеңіп алды.

Бұл күні қуанышпен бөлісуге

келген мектеп түлектері жетекші

университеттің студенті

атанып, жаңа өмірге жолдама

сыйлаған аяулы мектебі мен

ұстаздарын мерекемен құттықтап,

жылы лебіздерін білдірді.

Осы орайда көрермендер назарына

«Мектеп менің бойымдағы

қандай қасиеттерді өзгертті?»

атты арнайы түсірілген

фильм ұсынылды. Онда

әр шәкірттің, ұстаздың Зияткерлік

мектепте тұлға ретінде

қаншалықты шыңдала түскені

бейнеленген.

Білім беру

Цифрландыру

жемқорлықтың

жолын кеседі

Шымкентте білім саласына

қатысты ауқымды мәжіліс өтті.

Оны мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық

департаменті мен білім

басқармасы ұйымдастырған.

Басқосуда мектептердегі заңсыз

ақша жинау, сондай-ақ жұмысқа

орналасу үшін пара беру

мәселелері жиі орын алатыны

сөз болды. Жиынға қатыстқан

облыс әкімінің орынбасары

Ұ.Сәдібеков сыбайластыққа жол

берген азаматтар жазасыз қалмайтынын

жеткізді.

Денсаулық

Қала көркі

– Аудандық білім бөлімі немесе

әдістемелік кабинет мектептерден

түрлі қажет те, қажетсіз

де мәлімет пен есеп сұратады.

Берілетін сол мәліметтің

сапасы төмен болса, мектеп мұғалімін

қайтадан сандалту басталады.

Мұның соңы пара ұсыну

жағдайына дейін алып барады.

Міне, осы келеңсіздікті жоюды

жауапты азаматтарға тапсырамын,

– деді ол.

Жиында пара алу кезінде ұсталған

мектеп директорларына

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының бөлім басшысы

Ермек Тәжімұрат журналистерге

осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы биылғы

Жолдауында ақпараттық

жүйелерді біріктіру, мобильдік

цифрлық қосымшаларды қолдану,

электрондық денсаулық

паспортын енгізу, қағаз

қолданбайтын ауруханаға

көшу арқылы медициналық

көмектің қолжетімділігі

мен тиімділігін арттыру қажеттігіне

баса назар аударған

болатын. Осыған орай облыста

денсаулық сақтау саласында

«Даму» кешенді медициналық

ақпараттық жүйесі

енгізілуде.

– Науқастар ғаламторда өздерінің

жеке парақшалары арқылы

қабылдауға жазылып,

дәрігерді үйге шақыра алады,

SOS батырмасы да бар. Осы

мақсатта өңіріміздегі медициналық

ұйымдардың 78 пайызы

компьютерлік техникамен

жабдықталған. Енді биыл

денсаулық сақтау ұйымдарын

компьютерлік техникамен толық

қамтамасыз ету үшін 7500-

ден астам компьютерлік техника

сатып алуға бюджеттен

қаржы бөлінді, – деді Ермек

Атшыбайұлы.

қатысты бейне түсірілімдер көрсетілді.

Ондағы мәлімет бойынша

2017 жылы облысымыздың

білім саласында сыбайлас жемқорлыққа

қатысты 19 іс тіркелген.

Ал 2016 жылы 7 оқиға орын

алыпты.

Жиында, сондай-ақ, білім

саласындағы сыбайлас жемқорлықты

болдырмау, қызмет

сапасын жақсарту мақсатында

енгізілген цифрландыру жүйесінің

артықшылықтары кеңінен

сөз болды.

Айта кетейік, бүгінде азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында

www.memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары мен +7 775 869 21 21 нөмірі

бойынша WhatsApp желісі жұмыс істеп тұр.

Ақпараттық жүйеге көшуде

Өңірімізде медициналық ұйымдардың ақпараттық

жүйемен қамтамасыз етілуі қазіргі

таңда 63 %-ды құрайды. Ал биылғы 1 шілдеге

дейін бұл көрсеткіш 100 %-ға жететін болады.

Тазалыққа

шақырды

Қаратау ауданы

аумағында көктемгі

тазалық

жұмыстары қарқынды

жүргізілуде. Атап

айтқанда көше, аула,

подъез, арық-атыздар

және кәріз құбырлары

ретке келтірілуде.

Сапарғали Қанат

sqanat@shymkala.kz

– Тазалық жұмыстарына

60 қызметкер жұмылдырылған.

Оның 18-і кетпен-күрек

жұмыстарына жауап береді.

Аптасына 1 рет подьездерге

кешенді тазалық жұмыстары

жүргізіледі. Осы ретте қала

тұрғындарын кез-келген жерге

қоқыс тастамауға шақырамын.

Өйткені, сол қоқыстардың

салдарынан арықтар бітеліп,

аулалар мен көшелерде

Ал республикалық электрондық

денсаулық сақтау орталығының

облыстық филиал

директоры Ақжарқын

Таубаева:

– Цифрландыру бағдарламасы

2018-2022 жылдар кезеңінде

іске асырылады және еңбек

өнімділігінің дамуына жағдай

жасайды. Бағдарлама азаматтардың

дәрігерге жазылу мен

дәрігерді үйге шақырудан бастап

дерттің алдын алу, диагностикалық

және емдік медициналық

қызметтерді толық

қамтиды, – деді.

Биылғы І тоқсанның соңына

қарай уақытша еңбекке жарамсыздық

қағазын, сондай-ақ

туберкулезге қарсы, психоневрологиялық,

наркологиялық

ұйымдарға қатысты анықтамаларды

электронды үкімет

порталы арқылы беру жоспарлануда.

су басу жағдайлары орын алады,

– дейді «ТОО спец-комплект

сервис» мекемесі директорының

орынбасары Жолдыбек

Ергашев.

Ал Қаратау ауданы әкімінің

орынбасары Марат Тәжібаев

қоғамдық орындарды ластаған

азаматтарға заңды негізде

айыппұл салынатынын ескертіп,

қоршаған ортаны таза

ұстауға шақырды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!