02.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №17

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8

№17 (1556)

2 наурыз

2018 жыл

Заң және заман

www.shymkala.kz

Қаруланған

жігіт

ұсталды

Шымкенттің полицейлері

қалада қару алып

жүрген жігітті ұстады.

Жол-патрульдік полиция

полкінің қызметкерлері жедел

тексеру барысында қаладағы көшелердің

бірінен «Лада Гранта» көлігімен

қауіпсіздік белгісін тақпаған

жүргізушісін байқайды. Тәртіп сақшылары

көлікті тоқтатып, жүргізушінің

құжатын тексеру барысында

көлікте шолақ мылтық барын

көріп қалады. Тез арада оқиға орнына

жедел тергеу тобы шақырылып,

23 жастағы азаматтан шолақ

мылтық тәркіленіп алынды. Қазір

күдіктінің үстінен қаруды заңсыз

алып жүруге қатысты қылмыстық

іс қозғалды. Ал шолақ мылтыққа

сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Келімсектер көбейді

Облыс аумағында көші-қон қызметі

бойынша 900-ден астам құқық

бұзушылық анықталды. Олардың барлығы

заңсыз келімсектерге байланысты.

Өңірімізде «Мигрант» жедел алдын

алу рейді өтіп жатыр. Іс-шараның

мақсаты – көші-қон бойынша

заңдылықтарды бақылау, облыс аумағына

заңсыз келіп, жұмыс істеп жүргендерді

және құқық бұзушылық пен

қылмыстарды анықтау. Себебі, соңғы

аптада өңірімізде келімсектер жасаған

бірнеше қылмыстық іс тіркелді. Оның

бірінде Өзбекстан азаматы ұялы телефон

мен құжаттар ұрласа, екіншісінде

қарсыласқан жәбірленушіге пышақ

жарақатын салған.

Балаларды тонаған...

Рейд нәтижесінде полицейлер

769 шетел азаматын анықтады.

Оның ішінде еліміздің 151 азаматы

заңды бұзғаны үшін әкімшілік

жауапкершілікке тартылды. 105

тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды

және 276 шетел азаматы

әкімшілік қамауға алынды. Көшіқон

заңын бұзған 37 шетел азаматы

сот шешімімен елден шығарылды.

Тәртіп сақшылары, бұған қоса,

өзімен бірге құжаттары жоқ 106

адамды ішкі істер департаментінің

қабылдап-тарату орнына жеткізген.

Ереже бұзғандарға жалпы сомасы

1,3 миллион теңгеден астам

айыппұл салынды.

Ордабасы ауданында балаларға әлімжеттік көрсеткен адам ұсталды. Жергілікті тұрғынның арызы бойынша

оқиға орнына келген полицейлер белгісіз біреудің 6 және 12 жасар балалардың аяқ-қолдарын байлап,

қорқытқанын анықтайды. Күдікті үйдегі алтын бұйымдарды алып кеткен. Үй иелеріне келген шығынның

көлемі жарты миллион теңгені құрайды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының

нәтижесінде сол ауылдың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа

дейінгі тергеу жалғасуда.

Жалған полицей

сотталды

Абай

аудандық сотында алаяқ

сотталды.

Алаяқ болғанда полиция атын

«жамылған» кісі жазаланды. Ол қарапайым

адамдардың сенімін пайдаланып,

өзінің арам ойын жүзеге

асырып келген екен. Оқиғаны басынан

баяндасақ...

2017 жылдың қара күзі. М. есімді

37 жастағы азамат өзі алдын ала

дайындап қойған полиция қызметкерінің

киімімен суретке түсіп,

куәлік жасап алады. Содан «Самал»

автотұрағында орналасқан «Жұмақыз»

асханасына барған. Даяшы Ж

есімді азаматшаға осы куәлігін көрсетіп,

өзінің полиция қызметкері

екенін айтады. Содан кейін қоңырау

шалу үшін ұялы телефонын сұраған.

Жәбірленуші оған сеніп, құны

50 000 теңге тұратын LG маркалы

телефонын береді. Әрі қарай өзінің

жұмысын жалғастыруға кеткен. Осы

сәтте сотталушы телефонды алып,

қашып кетеді.

Айыпталушы мұнымен тоқтап

қалған жоқ. Арада 2 күн өткенде

«Алаш» сауда орталығына барады.

Сондағы тігінші әйелдің бутигіне

кіріп, өзінің бір қылмысты ашу үшін

жүрген полиция қызметкері екенін

айтқан. Содан тігінші әйелдің қызының

телефонын базар ішіндегі

бір адамды түсіру үшін сұрап алып,

оқиға орнынан тайып тұрған.

Әбден құныққан жігіт осылайша

жеңіл жолмен олжа табуға дендеп

кірісіп, алаяқтығын тағы да бірнеше

рет жалғастырады. Осы тұста

айтып өту керек, бұрын сотталған

азамат әбден әккі болса керек,

қылмысты әрекетін қаланың әр

түкпірінде жасаған. Атап айтқанда

бірде Көмешбұлақ шағын базарында

көлік жөндеп отырған ауыл

тұрғындарының ұялы телефонын

алдап алып кетсе, енді бірде 8-шағынаудандағы

дүкен сатушысының

телефонын қолды еткен. Оқиғаның

барлығында ол өзін полиция қызметкерімін

деп таныстырып отырған.

Және кейбір жәбірленушілердің

ұялы телефоны қарапайым болса,

басқа, қымбат телефон тауып беруді

сұраған. Тіпті, бір кезде жәбірленушінің

бірінің сенімін пайдаланып,

өзін басқа қаладан ауысып

келген тәртіп сақшысымын деп таныстырып,

асханадан тегін тамақтанып

жүрген. Және мұнымен қоймай

соңында даяшы қыздың ұялы

телефонын алып кеткен.

Алаяқтың жүрісі көпке созылған

жоқ. Жәбірленушілердің арызы бойынша

нағыз полиция қызметкерлері

іздеп жүріп, күдіктіні тауып

алады. Сот барысында айыпталушы

өзінің іс-әрекетіне өкінетінін,

телефондарды мұқтажы үшін сатып

жібергенін айтқан. Шығынды

өтеуге тырысамын деп уәде бергенімен,

жәбірленушілер сотталушыға

кешірім берген жоқ. Сонымен,

сот барысында айыпталушының

бұған дейін де екі рет сотты

болғаны және бұл жолғы қылмыстарды

қасқана жасағаны ескеріле

отырып, барлық кінәсі дәлелденіп,

2 жылға бас бостандығынан айыру

жазасы тағайындалды.

"үлкен террор" –

тарихтың қасіреті

Саяси қуғын-сүргін

құрбандарын ел

болып еске алатын

31 мамыр еліміздегі

қастерлі күндер қатарына

кіргелі, міне,

жиырма бес жыл болып

қалды. Алғаш рет бұл

күн еліміз мемлекеттік

тәуелсіздікке қол жеткізген

1992 жылы ашаршылық

құрбандарын еске

алу күні ретінде белгіленген

болатын. Ал 1997

жылдан бастап әр мамырдың

соңғы күнінде

30-шы жылдардағы ашаршылық

пен репрессия

құрбандарын бірге еске

алып келеміз.

Э. Бакирова,

Абай аудандық

сотының судьясы

Бетті дайындаған Нұрлан БЕКТАЕВ

«Алаш» қозғалысының

ХХ ғасырдың басындағы

қазақ қауымының

саяси-әлеуметтік құқықтарын

қорғау, ұлттық

бірегейлігін сақтап

қалу жолындағы күресі –

елге қызмет етудің жарқын

көріністерінің бірі.

Сол кездегі ұлт зиялылары

арман еткен мемлекет

тәуелсіздігі мен ұлт бостандығына

бүгінгі ұрпақ

қол жеткізді. Еліміз егемендік

алып, әлемнің алдыңғы

қатарлы мемлекеттерімен

терезесін теңестіріп

отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру»

атты мақаласында тағылымы

мол тарихымызды

зерделеуге, төлтума мәдениетімізді

қолдауға қатысты

нақты міндеттерді

атап көрсетті. Мемлекет

басшысы «Біз қоғамдық

сананы қазіргі заманның

талабына сай жаңғырту

арқылы еліміздің тұрақты

дамуын қамтамасыз

етуді мақсат етіп отырмыз.

Мемлекетіміздің

экономикалық әлеуеті арқылы

халқымыздың бай

тарихи әрі рухани мұрасын

дәріптеуге де зор

мүмкіндік жасала бермек»

деп атап өткен.

«Үлкен террор» жылдары

Мәскеуде Әлихан

Бөкейханов, Нығмет Нұрмақов,

Тұрар Рысқұлов,

Сұлтанбек Қожанов,

Нәзір Төреқұлов, Жаһаншаһ

Досмұхамедов, Садық

Нұрпейісов, Орынборда

Қошке Кемеңгеров,

Алматыда Ахмет Байтұрсынов,

Қоңырқожа Қожықов,

Ұзақбай Құлымбетов,

Ораз Исаев, Темірбек

Жүргенов, Сәкен Сейфуллин,

Ілияс Жансүгіров,

Бейімбет Майлин,

Мағжан Жұмабаев, Санжар

Асфендияров, Жанайдар

Садуақасов, Ораз

Жандосов, Құдайберген

Жұбанов, Ғабдолхәкім Бөкейханов,

Рақым Сүгіров,

Ташкентте Мұхамеджан

Тынышбаев сынды

жүздеген боздақ атылды.

Шымкентте, Ақтөбеде,

басқа да жерлерде талай

азамат саяси қуғынсүргін

салдарынан опат

болған. Берлинде 1941

жылы жұмбақ жағдайда

Мұстафа Шоқаев қаза

тапқан. Бұлар және аттары

аталмаған солар қатарлылардың

баршасы

ұлттық қозғалысқа толқын-толқын

болып құйылып,

ұлы өзгеріс істеріне

жегілген азаматтар еді.

Бәрі де жаңа тұрпатты

империя жүргізген саяси

репрессияның қатыгез

қара семсеріне ілікті. Қуғын-сүргін

науқаны аяқтала

бере жаһандық алапат

соғыс болды. Одан

соң «халықтар әкесі» Сталин

өмірден озды. Сосын

жеке басқа табыну әшкереленіп,

жазықсыз жазаланған

азаматтар ақтала

бастады.

Алаш-Орда мен оның

жазықсыз жазаланған

қайраткерлерін, саяси қуғын-сүргін

құрбандарын

ел болып еске алудың

тәуелсіздік туын алып

жүретін болашақ ұрпақ

тәрбиесі үшін аса қажет

екенін ұмытпайық.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!