02.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №17

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

Жұма 2 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

«Opening Ukraine»

www.shymkala.kz

№17 (1556)

2 наурыз

2018 жыл

7

Экотуризмнің

мәні – тамырдан

ажырамау

Роман

Пересунько

РОВЕН. Дубно.

Украин жеріндегі

туризмнің ең танымал

түрі – экотуризм.

Туризмнің бұл

түрін «жасыл туризм» немесе

агротуризм деп те

атайды.

Яғни, кәдімгі ауылдық

жердегі демалыс. Әлемнің

көптеген мемлекеттері

бүгінде агротуризмді дамытудың

өзіндік жолдарын

қалыптастырып, үлкен

пайдаға кенеліп отыр.

Бір қызығы, ауылдық туризм

әлемдік туристік индустрияның

ең қарқынды

дамып келе жатқан саласы.

Жалпы Еуропа елдерінде

мәселен жыл сайын Италия,

Франция, Испания бірнеше

миллион агротуристерді

қабылдайды екен.

Бүгінгі таңда Украина, Ресей

мен Беларусия елдері

де туризмнің агротуризм

сынды табысты түріне айрықша

көңіл бөлуде, әрі

оны жан-жақты қолдап, дамытуда.

Ауылдық туризм саласында

заманауи қонақүй

тұрғызудың да қажеті жоқ.

Ол табиғаттың көркін бұзады.

Жасыл туризм – ауылдың

шынайы өмірін қабылдау.

Туристер демалатын

табиғи орындардың іргесіндегі

ауылдарды туризм саласына

тарту тиімді үрдіс

ретінде танылып отыр. Украинада

осындай «агроусадьба»

көп. Туризмнің бұл

түрі дұрыс жолға қойылғанына

тамсанасың. Ауыл

тұрғындары туризм саласындағы

жұмысқа тартылған,

олар еңбек етіп, ақша

табуда. Туристке алдымен

ұсынатыны – украинның

ұлттық хатасы. Хата – украиндер

үшін тұрғын үй

ғана емес ол киелі баспана.

Хатаның іші неғұрлым

Ровен облысы Украинаның

солт

ү с т і к- б а т ы с

бөлігін алып жатыр.

Ровен аймағын тарихшылар

әйгілі Волынь тарихының

ажырамас бір

бөлігіне жатқызады. Тарихи

ескерткіштерге бай

өлкенің бірі. Мұнда туристер

қызығатын бірнеше

орындар бар. Олар - Дубно тарихи

мәдени қорығы, Острожский

княздығының Қамалы, Таракан бекінісі

және Клевань селосындағы «Махаббат өткелі».

«Острожский қамалы. XV ғасыр. Дубно. Бұл сарай

Украинаның жеті кереметіне жататын ең көне

қамалдарының бірі.

«Сұқ көзіңді қадама! Айналасы 73 пушкамен нығайтылып

және Икво өзенімен қоршалған. Бұл алынбайтын

қамал!»

Қонақтардың алдынан шығатын ортағасырлық

«кілтші әйел» кейіпіндегі украин әйелі дәл осылай

асқақ үнмен тіл қатады. Бұл қолына шам ұстап, туристерді

гайдуктармен (бекініс әскерлері) бірге музыкамен

күтіп алатын мұражай қызметкері.

Өткенге тарих көзімен үңіліп, шежіре тілмен сөйлеседі.

Дубен бекінісін қонақтар әдетте тек түнде

тамашалайды. Ортағасырлық тарихи кейіпкерлер

қасыңда өріп жүреді. Жерасты зынданына түсіріп,

«саспенс» (ағл.suspense— белгісіздік) жанрымен түрлі

аңыздар мен елестер қойылымын қойып, қорқыныш

әсерін тудырады. Алайда экскурсияның соңында

көңілді би балынан бір-ақ шығарады. Міне, бұл туризмді

насихаттау.

Бекіністе бағалы ыдыстар мен картиналар, кітаптар

иен икондар, қару жарақтар қоры сақтаулы.

түрлі-түсті бояумен көбірек

өрнектелгені жақсы. Туристерді

таңертең тұрғызып,

қолыңа шалғы ұстатып,

шөп оруға жібереді.

Малдарына қарайсың, хатаны

түрлі бояумен оюлап

безендіру ісіне де қатысасың.

Егін жинау ісіне араласасың.

Табиғи таза өнімнен

тағам әзірлейсің. Және сол

үшін ақша төлеп кетесің.

Бар болғаны осы.

Осындайда біздің қазақ

ауылдарында да дала дәстүрінің

дара салтын көрсететін

керемет мастер-класстар

өткізуге болар еді деген

ойға келесің. Оған атбегілік,

құсбегілік өнерді қосса тіпті

керемет. Бір тиімді тұсы

бұл көп қаражатты да талап

етпейді, бар болғаны

ауылдың күйбең тірлігінде

күнделікті жүріп жатқан

тыныс-тіршілік әрекетін

әдемі етіп, әсерлі етіп ұсыну

ғана.

– «Экотуризмнің бір мәні

– тамырдан ажырамау», –

дейді украиндықтар. Жалпы

жаһанданудың жойқын

толқынында жаңқадай жұтылып

кетпеу үшін өрелі

халықтар өздерінің ұлттық

кейпін сақтап қалудың қамын

жасап жатыр. Соның

бірі агротуризмді дамыту.

«Дамыған қалалар озық

технологияны жаппай пайдалану

жүйесіне көшті. Сағат

сайын өркениет игіліктерінің

қызығына батуда.

Біз бірақ бір нәрсені естен

шығардық. Біз сол жаңа

технологиялар үшін күнделікті

денсаулығымызды

құрбан етіп жүргеніміз

де жасырын емес», – дейді

Киев пресс-клубы басқармасының

орынбасары Роман

Пересунько.

Тараканов бекінісі

ЧЕРКАЩИНА

Жалпы Украинаның туристік

саласындағы сәні мен

мақтанышы Софиевка саябағы.

Софиевка Ұлттық дендрологиялық

саябағын көру үшін

жыл сайын әлемнің түкпіртүкпірінен

500 мың турист

келеді. Аумағы – 179,2 гектар.

2000-ға жуық ағаш түрі бар.

Украинаның жеті кереметінің

бірі. XVIII — ғасырдың алғашқы

жартысы мен XIX ғасырдың

басында құрылған. Саябақ

Черкас облысының Умань

қаласының жауһары. Саябақ

экзотикалық ағаштармен

ғана емес түрлі архитектуралық

мүсіндер мен тастар

және фонтандарымен ерекше. Саябақтың өн бойы масон символикасымен

әспеттелген.

Софиевканың пайда болуы да аңыз бен шежіреге толы.

Саябақ – София есімді сұлу әйелдің құрметіне салынған

дейді тарихшылар. XIX ғасырдың басында Еуропада шалқып

өмір сүрген әрі жомарттығымен танымал болған граф Потацкий

сүйіктісі Софияның туған күнінің құрметіне осы саябақты

салдырып, сыйға тартыпты.

ВИННИЧИНА

Жалпы Украинада кезінде

жау шапқыншылығынан

қорғану үшін

салынған бекіністер өте көп. Әсіресе

моңғол-татар әскерлерінен

көп зардап шеккен.

Ал, Тараканов бекінісі XIX ғасырдағы

теңдесі жоқ қорғаныс

архитектурасына жатады. Бұл

бекіністің әлемде аналогы жоқ.

Қысқа қайырғанда, бұл бекініс

қирандыларының қалдығы. Қамал

XIX ғасырда Ресей империясының

батыс шекарасын қорғау

үшін салынған дейді. Кейін поляктарға,

сосын немістерге қараған.

Капитуляциядан соң немістер

бекіністі тастап кеткен. Аумағы

4 гектар. Қабырғаларының

ұзындығы 220 метр. Аңыз бен

жұмбаққа толы талай сырды ішіне

бүгіп жатқан тарихи нысан әсіресе

тарих зерттеушілерін көп қызықтырады.

Қараусыз қалып келген

бұл архитектуралық қирандыларды

украин елі бүгінде қорғаныс

министрлігінің қарауына

бермекші.

Махаббат өткелі. Клевань селосындағы

феноменді табиғи-техникалық

нысан. Жұрт мұны «махаббат

өткелі» деп атап кеткен. Туристердің

ең көп келетін орны. Табиғаттың

өзі қалың орман ағаштарын

иіп, темір жолдың бойына

арқа пішіндес өткел жасаған. Бұл

туралы махаббат дастандары көп.

Ал кейбір зерттеушілер құпия әскери

бөліміне апаратын рельс жолының

бойына ағаштарды әдейі

тығыз еккен дейді. Қалай десек

те, бұл қазір әсіресе көктем айларында

туризмге қызмет ететін

романтикалық нысан.

Украинаның Виницкая облысында

Буша деп аталатын

мекен бар. Түркиядан

келген әріптесім екеумізге

осы Буша бәрінен де қызықтырды.

Өйткені мұнда (Буша мемлекеттік

мәдени-қорығы) Б.з.б. VII

– VI ғасырлардағы Сақ дәуірі

тайпаларының мәдениеті, қолданбалы

өнерінің бұйымдары

табылып, сақ мәдениеті

ескерткіштерінің мол жиынтығы

сақталған.

Сақ өнерінің хайуанаттық

нақышы дүниежүзілік адамзат

өркениетінің тамаша жетістіктеріне

жатады.

Ғалымдар темір дәуірі деп

болжап отырғанымен (суретте)

«Әйел мен бұғы» ескерткішінің

жұмбағы мен сыры осы күнге

дейін беймәлім. Тасқа қашалған

ескерткіште аяғы ауыр әйел мен

бұғы күн сәулесіне қарай беттеп

бара жатқаны бейнеленген. Ескерткіштің

екінші бөлігінде де

динамикаға толы бейнелер кездеседі.

Сақ дәуірінен қалған бұл

күрделі композицияның мазмұны

мен мифологиясы тарихшылар

тарапынан толық зерттелмепті.

Тарихшылар дәл осы бейнелеу

өнері Бушада табылған басқа да

жәдігерлердің ешбірінде кездеспегенін

айтады. Бұғылардың бедерлеп

салынған суреттері көп,

алайда адам бейнесімен бірге бедерленген

жалғыз ескерткіш осы

Буша маңында сырын да, сынын

да бермей тұр.

Буша қорығының қызметкері

ескерткішті айналшықтап кетпей

жүрген бізге «Бұл сіздердің ежелгі

ата-бабаларыңыздың қасиетті

өнері мен мәдениеті», – деді...

Украин елінде 5000-нан астам

ортағасырлық қамал мен

сарай бекіністері сол баяғы қазқалпында

қасқайып тұр.

Тарихы – тірі. Көз алдыңда

сөйлеп қоя береді. Кәдімгі

ертегілер әлемі дерсіз... Осындайда

қазақ даласындағы бар

сырын ішіне бүгіп, топырақ

астында қалған қалаларды аңсайды

екенсің...

Украиндер мінезі жайдары,

ашық және әзілқой халық.

Мемлекеттік қызметкері де,

қарапайым халқының да ойы

орамды, тілі тапқыр. Тіршілік

күйбеңін ашынып емес, бір-ақ

ауыз өткір қалжыңмен түйіндей

салады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!