14.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №20

Сәрсенбі 14 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 14 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2

№20 (1559)

14 наурыз

2018 жыл

Апта

www.shymkala.kz

ShymkentBuild-2018

көрмесі ашылды

u

Басы 1-БЕТТЕ

Көрмені аралап танысқан облыс

әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға

алғысын білдіріп,

шараның маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы жуырда ғана

Елбасымыз бес әлеуметтік бастаманы

нақтылап бергенін айтып,

осыған орай биыл Оңтүстік Қазақстан

облысында тұрғын үй

салу қарқыны күшейе түсетіндігін

жеткізді. Бұл ретте ұйымдастырылып

отырған ShymkentBuild-2018

көрмесі өңірдегі құрылыс индустриясының

дамуына маңызды үлес

қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі

уақытта аймақтың құрылыс индустриясы

белсенді түрде дамып

келетінін айтты.

Айта кетейік, Оңтүстік

Қазақстан облысында алдағы

бесжылдықта 2016-2020 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

аясында 4,8 млн шаршы

метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы

жер» мемлекеттік бағдарламасы

бойынша 2021 жылға дейін 1

млн. шаршы метр тұрғын үйді

ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты.

Бұдан бөлек, Шымкент

қаласын Қазақстанның үшінші

мегаполисі ретінде дамыту мақсатында

«ShymkentCity» жобасы

жүзеге асырылуда.

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында

«Құрылыс саласына жаңа

технологияларды енгізу» тақырыбында

конференция ұйымдастырылады

деп күтілуде. Аталған

шара барысында көрме қатысушылары

құрылыс секторындағы

ең өзекті мәселелерді өзара талқыға

салатын болады.

Аналарды

ардақтаған күн

Шымкент қаласы әкімдігінің ұжымы 8

наурыз – халықаралық әйелдер күніне

арналған мерекелік іс-шараны арулар

қауымына деген зор құрметпен атап өтті.

Ақмарал ӘШІРОВА

aashirova@shymkala.kz

Тәуелсіз еліміздің бүгінгідей

бейбіт күнге жетуіне аяулы аналарымыздың,

ардақты қыз-келіншектердің

өлшеусіз үлес қосқаны

ақиқат. Әйел заты отбасылық

өмірдің шаруасы мен бала тәрбиесін

және қоғамдық жұмыстарды

қатар алып жүр. Ел бірлігі мен

тұрақтылықты сақтау мәселесінде

шешуші рөл атқарып келеді.

Жиынға арнайы келген облыс

басшысы Жансейіт Түймебаев

«Әйел – әлемнің сегізінші кереметі»

десе, қала әкімі Нұрлан

Сауранбаев «Сіздер өмірді сұлулық

және махаббатпен толтырасыздар»

деп, Жүрсін

Ерманның «Әйелдер жайлы одасын»

оқыды.

Салтанатты шара барысында

облыс әкімі Ж.Түймебаев шымкенттік

көпбалалы аналарға алтын

алқа тағып, халықтың демографиялық

ахуалын арттырған

ханымдарға алғыс айтты. Ал

шаһар басшысы Н. Сауранбаев әр

салада үздік қызмет еткен бірқатар

нәзікжандыларға «Шымкент

қаласының дамуына ерекше

үлес қосқаны үшін» медалін

табыстады.

Ал қала әкімінің орынбасары

Қайрат Нұртай бастаған жігіттер

тобы «Ана туралы жыр» әнін

орындады.

Қаладағы 4 ауданның әкімі

– А. Татыбаев, Б. Қалжанов,

Ғ. Ілиясов, Ғ. Мәуленқұлов «Анашым»

әнін орындап, мерекелік

сый жасады. Ал құрылымдық

бөлім басшылары ұлттық қиіммен

ортаға шығып, «16 қыз» әнін шырқағанда

зал толы нәзік жандылар

қол соғып, қошемет көрсетті.

100 жаңа есім

Футбол

«Ордабасы» - «Шахтер» 2:1

Рухани жаңғыру

Майра Уринбекова,

№113 жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі

Шымкенттегі

жастар орталығында

кәсіпкер, «Қайып ата»

ЖШС директоры Сырым

Ертаев өңір жастарымен

кездесіп, сұхбат құрды.

Кездесу Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламалық

мақаласында

атап көрсетілген «Қазақстандағы

100 жаңа есім»

жобасы аясында өтті.

Өңірдің әлеуметтік ахуалының

жақсаруына атсалысып

жүрген кәсіпкер

Сырым Махамбетұлы

өмір жолы мен кәсіпке

қалай келгенін баяндай

Патриотизм елді

сүюден басталады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

– болашағымызды айқындап, бағытымызды

бағдарлап берген маңызды құжат.

Елбасы мұнда өзекті мәселелерге

тоқталып, әлемдік

көштен қалып қоймай, елді

дамуға бастайтын бірнеше

міндеттер жүктеді. Солардың

бірі – «Туған жер» бағдарламасы.

«Қазақ «Туған жерге туыңды

тік» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаның тамған

жеріңе, өскен ауылыңа,

қалаң мен өңіріңе, яғни туған

жеріңе деген сүйіспеншіліктен

басталады. Сол себепті,

мен «Туған жер» бағдарламасын

қолға алуды ұсынамын.

Оның ауқымы ізінше оп-оңай

келе жастарды еңбектенуге

шақырды.

Сондай-ақ ол жиынға

қатысушылар тарапынан

қойылған сауалдар мен

ұсыныстарға жауап беріп,

кәсіп ашуға ниетті жастарды

қолдайтынын, көмегін

аямайтынын айтты.

кеңейіп, «Туған елге» ұласады»,

– делінген мақалада.

Туған жер адам баласының

мөлдір бұлағынан сусындап,

топырағына аунап өскен,

кіндік қаны тамған мекені.

Ол әрқашан өн бойына

ерекше сезім мен шалқар шабыт

сыйлайды. Сондықтан да

ақын-жазушылардың басым

бөлшігі атамекен жайында қалам

тербеген.

Жалпы аталған бағдарлама

жүрегі қазақ деп соққан

әрбір жерлесімізге туған өлкенің

жер-тасы мен өзен-көлдерін

қастерлеп, ата-бабамыздың

қалдырған аманатын ардақтауға

үндейді. Ауылдан

бастау алған сүйіспеншілік,

бүкіл елді сүйюге ұласады.

Міне, Елбасының мақаласындағы

бағдарламаның түп

негізі осыған саяды.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы турында

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қарағандының

«Шахтерін» қабылдап, 2-1 есебімен басым түсті.

Алаң иелері алғашқы минуттардан шабуылды үдетіп, допқа

иелік етті. Кезекті шабуылдардың бірі нәтижелі аяқталып, Георги

Дерменджиев шәкірттері есеп ашты. Ойынның 22-минутында

Тимур Досмағамбетовтың әуелете асырған добын Еркебұлан

Тұңғышбаев тиімді пайдаланып, командасын алға шығарды.

Матчтың екінші таймында қонақтар ес жиып, қарсы

шабуылдар жасады. Бірнеше қауіпті сәттерден соң төреші

«Ордабасы» қақпасы алдында айып добын белгіледі.

Дамир Кояшевич берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, 51-

минутта таразы басын теңестірді. Алайда, Иван Нагаев

63-минутта есепті еселеп, шымкенттік командаға жеңіс

сыйлады.

Айта кетейік, 17 наурыз күні «Ордабасы» өз алаңында

Петропавлдың «Қызылжарымен» кездеседі.

Спорт

Өскеменнен –

жүлдемен

Шы мкенттік жас

спортшылар Өскемен

қаласында өткен

жасөспірімдер арасындағы ел

біріншілігінде жүлделі орындармен

оралды. Конькимен мәнерлеп

сырғанау бойынша 9 спортшы

жүлдегер атанды. Камила

Абдуллабекова, Малик Досыбек,

Татьяна Кабакова, Олег Мельниковтар

жүлделі бірінші орыннан

көрінді. Ал Иван Соловьев есімді

спортшымыз екінші орынды бағындырса,

Меруерт Елемесова,

Аян Сақыбек, София Сафронова,

Дарья Сиротиналар үздік үштікті

қорытындылап қайтты.

Айта кетейік, қысқы спорт

түрлерінен шәкірт даярлайтын

өңірдегі жалғыз мектепті 5 спорт

бөлімдерінде бүгінде 500-ге жуық

спортшы жаттығып жүр.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!