14.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №20

Сәрсенбі 14 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 14 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Бес әлеуметтік бастама

www.shymkala.kz

№20 (1559)

14 наурыз

2018 жыл

3

Айта кетерлігі бес бастаманың

дәл осы бағытын жүзеге

асыру үшін Қазақстанда

ипотека берумен айналысатын

тағы бір компания құрылатын

болды. Ол компанияның

қалай аталатыны әзірше

белгісіз. Дегенмен, оның

нақты міндеті анық, тұрғын

үйдің ипотекасы 7 процентпен

25 жылға берілуі шарт. Ал

алғашқы жарнаның көлемі 20

процент болады. Бүгінде ондай

шарттармен еліміздегі

бірде-бір банк заем бермейді.

Тіпті, «Нұрлы жер» бағдарламасында

ондай жеңілдіктер

қаралмаған. Ендеше алдағы

уақытта Қазақстанның ипотекалық

нарығында біраз өзгерістер

болуы әбден мүмкін.

Оны шенеуніктердің өздері де

растап отыр. Елбасы көтерген

«7-20-25» бағдарламасының

механизмі әлі дайын емес.

Дегенмен, Үкіметтегі талқыға

байланысты аталған бастаманың

қалайша іске асатынын

сараптап көрген едік.

Сонымен, жаңа бағдарламаның

негізгі шарттарын

Президенттің өзі белгілеп

берді. «Бізге Ұлттық банк,

екінші деңгейлі банктер және

қор нарығының мүмкіндіктерін

барынша пайдалану қажет.

Ұлттық банк арнайы компанияны

құруы тиіс. Аталған

компания, кем дегенде,

бір триллион теңгені тартып,

жаңа ипотекалық несиелерді

сатып алуы қажет», – деді

Н.Назарбаев Парламент палаталарының

бірлескен отырысында.

Демек, жаңадан құрылатын

компания екінші деңгейлі

банктерге қаржы құйып,

ипотеканың мөлшерлемесін 7

процентке дейін түсіруі әбден

мүмкін. Алайда бүгінде

дәл осы схема бойынша жұмыс

істейтін компания бар.

Ол – Қазақстанның ипотекалық

компаниясы. Аталған

ұйым арқылы берілетін ипотеканың

жылдық мөлшерлемесі

10 процентті құрап отыр.

Одан кем түспейді. Сарапшы

мамандардың сөзіне қарағанда,

7 проценттік ипотеканы

іске асыру міндеті дәл сол

компанияға жүктелуі мүмкін.

Әйтсе де Қазақстанның ипотекалық

компаниясының құзыретін

кеңейту үшін «Нұрлы

жер» мемлекеттік бағдарламасына

өзгеріс енгізу керек.

Ал Президенттің айтып тұрғаны

– бөлек бағдарлама. «7-

Ел б а с ы

Н.Назарбаевтың

Парламент

палаталарының

бірлескен отырысындағы

«Президенттің

бес әлеуметтік бастамасы»

Үкіметтен үлкен

іске бел шеше

кірісуді талап ететіні

анық. Әсіресе баспана

мәселесінде қоғамның

көңілінен шығатын

бастама жасалды.

Арман Асқаров,

журналист

20-25» бөлек мемлекеттік бағдарлама

ретінде қолға алынса,

оның операторы, яғни іске

асырушы органы да

бөлек болады. Айтпақшы,

ҚР Инвестициялар

және даму

министрі Жеңіс Қасымбек

те Қазақстанның

ипотекалық

компаниясы жаңа

бағдарламаға араласпайтынын

растаған

болатын. Оның

айтуынша, аталған

ұйым өз қызметін

«Нұрлы жер» бағдарламасы

аясында

жалғастыра береді.

Бұл ретте министр

ипотека нарығында

бәсекенің қыза түсетінін

де алға тартты.

«Қазіргі кезде

Тұрғын үй құрылыс

жинақ банкі барлық ипотеканың

жартысынан көбін алып

отыр. Меніңше, жаңа компанияның

келуімен бәсеке қыза

түседі. Әлбетте, халық арзан

ипотеканы асыға күтіп отыр.

Компания құрылғаннан кейін

адам кезегі де көбейді. Оны

да жақсы түсінеміз. Алайда

Мемлекет басшысы ипотека

саласына бір триллион теңгеге

дейін қаржы тартуды

тапсырған болатын. Сондықтан

жаңа бағдарлама қарбалассыз

іске асырылуы тиіс»,

– дейді Жеңіс Қасымбек. Сосын

министр мырза 7 проценттік

ипотеканың екінші

деңгейлі банктер арқылы

берілмейтінін айтып отыр.

Оның сөзінше, арзан ипотеканы

берумен алда құрылатын

компанияның өзі айналысады.

Олай болса, «7-20-

25» бағдарламасы аясында

Тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі сияқты бөлек бір ипотекалық

банк құрылатын шығар.

Қалай болса да, бір нәрсе

анық, тұрғын үй құрылысы

саласында да, ипотекалық

нарықта да бәсеке қызады. Себебі

жаңа бағдарламаның аясында

жыл сайын 100 000 пәтер,

яғни 5 миллион шаршы

метр тұрғын үйді пайдалануға

беру жоспарланған. Құрылыс

істері және тұрғын үй

коммуналдық шаруашылық

комитетінің төрағасы Марxабат

Жайымбетовтың айтуынша,

«7-20-25» бағдарламасы

қолға алынғаннан кейін «Нұрлы

жер» бағдарламасына, соның

ішінде Тұрғын үй құрылыс

жинақ банкі мен Қазақстанның

ипотекалық компаниясы

қойып отырған талаптарға

да өзгеріс енгізуге тура

келеді. «Мәселен, Қазақстанның

ипотекалық компаниясы

жаңа бағдарламаның шарттарына

шыдай ала ма, жоқ па,

оны айту қиын. Дегенмен, біз

Тұрғын үй құрылыс банкінің

де, Қазақстанның ипотекалық

компаниясының да жұмысын

қайтадан қараймыз.

Енді, ол жердегі берілетін

несиелердің жағдайын дұрыстау

керек, жеңілдетуіміз

керек», – деді М.Жайымбетов

ҚазАқпарат тілшісіне

берген сұxбатында. Әрине, 7

проценттік несиенің болғаны

тиімді. Халықтың сұранысын

осымен қанағаттандыруға

әбден болады. Алайда оған

бюджет қаражаты жеткілікті

бола ма? Министр Жеңіс Қасымбек

арзан ипотека бәріне

жетеді деп отыр. Ендіші

бір мәселе арзан ипотекаға

7 пайыздық ипотека

Жаңа

бағдарлама

қалай іске

асады?

қандай баспана алуға болады?

«Арзанның жілігі татымайды»

деген мақал бәріне

белгілі. Мәселенің осы жағы

қалай? Яғни, жаңа бағдарлама

аясында салынатын баспананың

сапасын естен шығармау

қажет-ақ. Осы салада

мемлекеттік бақылау шаралары

бар. Оған дау жоқ. Дегенмен,

құрылыс саласында әлі

күнге дейін сыбайлас жемқорлық

әрекеттері көп. Мәселен,

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

палатасы жасаған зерттеуге

сәйкес, құрылыс жұмыстарын

атқару бойынша ұйымдастырылатын

мемлекеттік

сатып алуларда демпинг мәселесі

ушығып тұр. Палата

төрағасының орынбасары Елдос

Рамазановтың айтуынша,

осы уақытқа дейін 8 мың тендер

зерделенді. Зерттеуге сәйкес,

құрылыс-монтаждау жұмыстары

бойынша демпинг

34 процентке, ал жобалықсметалық

құжаттарды даярлау

саласында аталған көрсеткіш

72 процентке (!) жетті.

«Мәселен, «Казаxстанский Водоканалпроект»

ЖШС Алматы

облысының Талғар қаласындағы

300 орындық мектепті

жобалау құнын 24 млн

теңгеге дейін түсірген. Алайда

ол жұмыстың өз бағасы 61

млн теңге болған. Сол сияқты

Қарасай ауданында мектепке

жапсарлас құрылысты

жобалауға тендер жарияланды.

600 орынға есептелген

нысанды жобалау жұмыстарына

54 млн теңге қарастырылған

болатын. Ал «Проммедконтракт»

ЖШС бағаны 26

млн-ға дейін түсіріп, тендерге

кіріп алған», – деді Е.Рамазанов

кәсіпкерлер құқығын

қорғау және жемқорлыққа

қарсы кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, Астананың

өзінде баға демпингі бар.

Мәселен, Ұлы Дала даңғылы

(бұрынғы Хусейн бен Талал

– авт.) бойында орналасқан

тұрғын үйдің құрылысы бойынша

теxникалық бақылаудың

қызмет құны 41 млн теңге

деп белгіленген болатын.

Алайда «VEHI.KZ» ЖШС бағаны

17 млн-ға дейін түсіріп,

тендерді оп-оңай алып кетті.

«Осының нәтижесінде ақша

барынша үнемделеді. Жоба

өзгертіледі, сапасыз материалдар

сатып алынады. Кәсіби

жұмысшыларды да тартуға

мүмкіндік болмайды. Содан

құрылыстың сапасы төмендейді.

Сол себепті демпингтің

шекті көрсеткішін

тездетіп орнату қажет. Сондай-ақ,

құрылыс саласындағы

мемлекеттік сатып алулар

бойынша типтік келісімшарттарды

бекіткен жөн», –

дейді Е.Рамазанов. Бұдан бөлек,

құрылыс компанияларына

лицензияны беру саласында

тәртіп бұзушылықтар

аз емес. Соның салдарынан

саны көп, сапасы аз компаниялар

көбейіп кеткен. Ресми

мәліметке сәйкес, осы уақытқа

дейін құрылысты жүргізуге

29 мың лицензия берілді.

Алайда белсенді жұмыс істеп

жатқан компаниялардың

саны 300-ге де жетпейді. Осыған

байланысты «Атамекен»

ҰКП құрылыс компанияларының

бірыңғай тізімін жасауды

ұсынып отыр. Онда нақты

бір компанияның салып

шыққан нысандары, материалдық-теxникалық

базасы,

аттестациядан өткен мамандары,

бұған дейін қатысқан

тендерлері және тағы басқа

ақпарат көрсетілуі шарт.

Соның арқасында лицензия

берудің ашықтығын қамтамасыз

етуге болады. Компаниялар

арасындағы бәсеке де

қыза түседі. Ал бәсеке болса,

сапа да жоғарылайды. Үкімет

әлгіндей олқылықтарды болдырмау

үшін бақылау тетіктерін

күшейтсе. Сонда ғана

«7-20-25» бағдарламасы аясында

салынатын баспананың

да сапасы жоғары болады

деген сенім бар. Әйтпесе

дәл осы мемлекеттік бағдарламалар

бойынша салынған

баспаналардың сапасына

қатысты басынан дау кеткен

емес. Осы жағын да ескеруге

тура келеді.

Ерболат

Нұрмаханов,

қалалық

мәслихат

депутаты:

Үшінші

станция қажет

– 2014 жылы 40 тан астам елдімекен

қала аумағына қосылып, жер көлемі екі

есеге ұлғайды. Қаланың инфрақұрылымдық

жүйесін дамыту жоспарының маңызы

арта түсті. Ал бізде әзірге табиғи газбен

түгел қамтылмаған аймақтарды ескерсек,

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының

ұсынған бес бастамасы өте өзекті. Әсіресе,

Қазақстанның барлық аймағын табиғи газбен

қамту бастамасы қолға алынды.

2017 жылы «Ынтымақ», «Бозарық» елдімекендеріне

газ жүйесі тартылып, қазіргі

таңда абоненттеу жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы қаламыздың «Жаңа тұрлан»,

«Ұлағат» тұрғын алаптарында газ құбырларының

құрылыс-монтаждау жұмыстары

жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Ақтас»,

«Сайрам» елдімекені, «Тұран», «Асар-2»

шағынауданы, «Қайнарбұлақ», «Бадам-

3», «Сәуле-2» тұрғын алаптарында табиғи

газ құбыры тартылмаған. Себебі, қалада

2 ғана автоматты газ тарқату станциясы

жұмыс істеп тұр. Жоғары қысымдағы газды

орташа қысымға айналдырып шығаруға

шамасы жетпейді. Яғни, үшінші станция

салу қажеттілігі бар. Бұл туралы облыстық

энергетика және тұрғын үй коммуналдық

шаруашылығы басқармасына

ұсыныс жолданған. Елбасы бастамасын

негізге ала отырып, жұмыс істеу барысында

толығымен табиғи отынға көшсек, қаланың

экологиялық ахуалы да бүгінгіден

әлдеқайда жақсармақ.

К.Қапбарова,

М.Өтебаев атындағы жоғарғы

жаңа технологиялар колледжінің

«Құқықтану пәндері»

кафедрасының меңгерушісі

Жастарға

серпін береді

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын

жариялауы – халқымыздың саяси-әлеуметтік

өміріндегі елеулі оқиға. Сан толғанып,

жан-жақты сараланып барып қабылданған

мұндай батыл бастамаларды

жүзеге асыру үшін еліміздің экономикасы

қуатты болуы тиіс. Мемлекет басшысының

ұзақ жылдар бойғы сындарлы саясаты

мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде

еліміз осындай ауқымды әлеуметтік

жобаларды жүзеге асыра алатын деңгейге

жетіп отыр.

Мемлекет басшысының бастамаларындағы

маңызды бағыт баспанаға арналды.

Жастарды айтпағанда орта жастағы азаматтардың

көбісін баспана мәселесі мазалайтыны

жасырын емес. Олардың арасында

оқытушылар мен мұғалімдердің үлес

салмағы басым. Олар жұмыс істеу үшін

қалаға келіп, жалдамалы үйді паналауға

мәжбүр. Ондай жағдайда демография қалай

дамиды? Пәтерден пәтерге көшіп жүрген

жастар сапалы білімді қайдан алады?

Енді, міне, Елбасының бастамаларын сәтті

жүзеге асырсақ, еліміздегі өзекті мәселелерді

шешуге мүмкіндік бар.

«7 – 20 - 25» бағдарламасы жас отбасылардың

баспаналы болуына мүмкіндік

беретін бастама болғалы тұр. Бұған қоса

елімізде былтырдан бастап барлық мектеп

түлектерінің тегін кәсіптік білім алуына

мүмкіндік жасалуда. Енді соған қосымша

20 мың білім гранты бөлінбек. Бұл бастамаға

болашақ студенттермен қоса білім

беріп жүрген біз – ұстаздар қауымы да

қуанып отырмыз. Себебі, ел болашағы –

білімді жастардың қолында!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!