08.02.2020 Views

8 ақпан, 2020 жыл №15 (15485)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

12 8 ақпан, сенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Ж.Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыкадрама

театры биылғы

гастролін ауылдан бастауды

жөн көріпті. Өнер ұжымы

алыстағы көрермен назарына

балалар әдебиетінің классигі

Бердібек Соқпақбаевтың

«Балалық шаққа саяхат»

қойылымын ұсынды.

Театр – ауылда

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Театр труппасы 30 жылдық мерейтойына

орай бұған дейінгі үрдісті қайта жаңғыртып,

Ақтоғай ауданы Қараоба ауылына ат басын

тіреген. Ж.Аймауытов атындағы облыстық

қазақ музыка-драма театры басшысының

шығармашылық жөніндегі орынбасары

Жарқынбек Амантайдың айтуынша, бұл дәстүр

алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

- Ауылдағы ағайынның театрды сағынғаны

көрініп тұр. Алғашқыда 120 адам

келеді деп күтілсе, Бердібек Соқпақбаевтың

шығармасы бойынша қойылған «Балалық

шаққа саяхат» спектаклін тамашалауға

200-ден астам көрермен келді. Бұл біздің

актерлерді ерекше шабыттандырды.

Сонымен қатар, аталмыш қойылымды үлкенкіші

қатар отырып көре алады, - дейді

Ж.Амантай.

Ауылдағы мәдениет үйінің сахнасы

театр әртістерінің кең көсілуіне мүмкіндік

бермесе де, өнер иелері шеберлік танытып,

қойылымдағы айтар ой мен көтерер

мәселені көрсете білген. Ал шалғайдағы

көрермендер болса, өнер иелеріне ерекше

құрмет көрсетті.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Павлодар облысының намысын 7 спортшы

қорғап, тәуір нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтсақ, 16-17 жас аралығында өнер

көрсеткен Ясин Четкин (85+ келі) бір

күміс және бір алтын медаль еншілесе,

Нұрбек Сатыбалды (50 келі) қос алтынды

қанжығасына байлады.

Ал ересектер арасында облыстық

грэпплинг федерациясының президенті

Заирбек Абылқадыров (84 келі) пен Павлодарда

қонақта жүрген бразилиялық Альвес

Роджерио (77 келі) алтыннан алқа тақты.

- Альвес екеуіміз де 4 кездесуден

өткізіп, барлығында жеңіске жеттік. Бір атап

- Біздің шағын ғана ауылымызға арнайы

келген театрға зор алғысымызды білдіреміз.

Аймағымыздың мақтанышына айналған өнер

ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.

Балалық шағымызға саяхат жасатып, тәтті

естеліктерімізді еске салғандарыңыз үшін

рақмет, - деді Қараоба ауылының әкімі

Шолпан Байділдина.

Қазақ театрының алдына қойған тың

жоспарлары көп. Соның бірі – шалғайдағы

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Мықтылар – құрамаға!

Нұр-Сұлтан қаласында

грэпплинг және грэпплинг

ги сайыс түрлерінен

халықаралық жарыс

ұйымдастырылды. «Astana

Open» халықаралық

турнирінде Ресей,

Қырғызстан, Бразилия

және Қазақстанның барлық

облыстарынан 350-ге жуық

спортшы бақ сынады.

өтерлігі, Альвес барлық кездесуін уақытынан

бұрын аяқтады. Ол - қазір біздің өңірдің

қонағы. Оны арнайы шақырдық. Жергілікті

спортшылардың Альвестен үйренері көп, -

дейді Заирбек Абылқадыров.

Қаңтар айында Абу-Даби қаласында

өткен халықаралық жарыста павлодарлық

Сурет газет мұрағатынан алынды.

тірек ауылдарға барып, көрерменмен қауышу.

Осы орайда, 21 ақпан күні Успен ауданына

баруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, қазір хәкім Абай

Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына

орай, М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясының

желісімен «Жас Абай» қойылымы

мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап

Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» драмасын

әзірлеу үстінде.

спортшылар 1 күміс және 1 қола медаль

олжалапты. Алдағы күндері Павлодар

қаласында облыстық чемпионат өткізілмек.

Бұл жарыста облыстық құрама жасақталатын

болады. Заирбек Абылқадыровтың айтуынша,

облыста грэпплингпен 1,5 мыңға

жуық адам айналысады.

БЕСІНШІ СӨЗ

Көкірек толған қайғы кісінің

өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып,

буынды құртып, я көзден

жас болып ағады, я тілден сөз

болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай,

жас баладай қайғысыз қыла гөр!»

деп тілек тілегенін өзім көрдім.

Онысы - жас баладан гөрі өзі есті

кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып,

қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы

не десең, мақалдарынан танырсың:

әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік

мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де

жат», «Мал - адамның бауыр еті»,

«Малдының беті - жарық, малсыздың

беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі

азығы жолда», «Ердің малы елде,

еріккенде қолда», «Берген перде

бұзар», «Алаған қолым - береген»,

«Мал тапқан ердің жазығы жоқ»,

«Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз»,

«Қарның ашса, қаралы үйге шап»,

«Қайраны жоқ көлден без, қайыры

жоқ елден без» деген осындай сөздері

көп, есепсіз толып жатыр.

Бұл мақалдардан не шықты?

Мағлұм болды: қазақ тыныштық

үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет

үшін қам жемейді екен, мал үшін

қам жейді екен, бірақ ол малды

қалайша табуды білмейді екен, бар

білгені малдыларды алдап алмақ

яки мақтап алмақ екен, бермесе

оныменен жауласпақ екен. Малды

болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді

екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық,

тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың

қайсысын болса да қылып жүріп, мал

тапса, жазалы демесек керек екен.

Бұлардың жас баланың ақылынан

несі артық? Бірақ, жас бала қызыл

ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан

да қорықпайды екен. Жас бала ұялса,

жерге ене жаздаушы еді, бұлар

неден болса да ұялмайды екен. Сол

ма артылғаны? Қолымыздағыны

үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей

болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз

сол ма?

1891

Күміспен күптелді

Түркия астанасы Стамбул қаласында таэквондодан халықаралық

Turkish Open турнирі өтті. Кіл мықтылар бас қосқан

жарыста павлодарлық Камила Аймұқашева күміспен күптелді.

Облыстық туризмді және спортты дамыту

жөніндегі басқарманың бас маманы

Нұрсұлтан Абыкешевтің айтуынша, Turkish

Open турнирі - халықаралық рейтингілік

жарыстардың қатарында. Қазақстан құрамасының

сапында павлодарлықтардан Камила

Аймұқашева мен Ақмади Нұрқасым өнер

көрсеткен. 49 келі салмақ дәрежесінде

сынға түскен Камила Аймұқашева алғашқы

5 қарсыласын жеңіп, ақтық сында түркиялық

спортшыға есе жіберіпті.

Павлодар облысының таэквондо бойынша

жаттықтырушысы Дмитрий Смородиннің

айтуынша, Камиланың салмағында

34 спортшы бақ сынаған. Рейтингілік турнир

болғандықтан Еуропаның көптеген

мықты спортшылары қатысқан. Атап айтсақ,

37 елден 1509 спортшы жүлдеге таласқан.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!