08.02.2020 Views

8 ақпан, 2020 жыл №15 (15485)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 8 ақпан, сенбі, 2020 жыл БИЗНЕС

SARYARQA SAMALY

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Мемлекеттік қызметшілердің

тәртібін қадағалау – басты

назарда. Былтыр әдеп жөніндегі

кеңес мүшелері 38 істі

қарап, нәтижесінде 24 маманға

тәртіптік жаза қолданыпты.

Бір мемлекеттік қызметші

жұмыстан босатылған.

Тәртіпке

шақырды

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің облыс брйынша

департаментінің мемлекеттік қызмет

саласындағы бақылау басқармасының

басшысы Ерлан Төлегенов былтыр

атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.

- Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында

104 мәселе қаралды. Тәртіптік

істің көбі мемлекеттік қызметтің беделін

түсіру бойынша тіркелді. Нәтижесінде

10 маманға ескерту, екі адамға сөгіс,

төртеуіне қатаң сөгіс берілді. 4 мемлекеттік

қызметші лауазымын босатты, - дейді

Е.Төлегенов.

Атап айтсақ, Шарбақты ауданы әкімінің

орынбасары лауазымын босатыпты.

Ол жер сұрап келген шаруа қожалығы

басшысына жер учаскесін беріп, қарақұмық

өсіруге үгіттеген. Сөйтіп, бітік

шыққан егінді өз қажеттілігіне жұмсаған.

Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің

басшысы мен бөлім маманы да жұмысынан

қуылды. Олар «Сарыарқа» шағын

ауданында салынып жатқан тұрғын

үйлердің құрылысы аяқталмай жатып,

мердігердің есепшотына қаражат аударыпты.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы басшысының орынбасары

мемлекеттік сатып алу ісінде қателіктерге

жол бергені үшін қызметінен айырылды.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының

басшысы Сәния Хасенованың

мәліметінше, бүгінде облыста 426 мемлекеттік

мекеме бар. Онда 5089 қызметші

еңбек етуде. Әйелдердің үлесі –

65 пайыз. 29 жасқа дейінгі жастардың

үлесі – 19 пайыз (527 адам). Былтыр

301 адам мемлекеттік қызмет саласынан

қол үзген.

Белгілі болғандай, мемлекеттік қызметшілердің

жұмыс сапасын анықтау мақсатында

тұрғындар арасында сауалнама

жүргізілген. Нәтижесінде павлодарлықтардың

75,5 пайызы билік өкілдеріне көңілі

толатындарын жеткізіпті. Бұл – республикалық

деңгеймен салыстырғанда төмен

көрсеткіш. Бұл ретте, кадрларды қайта даярлау

жұмыстары қолға алынған. Мәселен,

былтыр 1172 маман біліктілігін арттыру мақсатында

арнайы оқу курстарын тәмамдаған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Павлодар облысы бойынша департаментінің

басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов былтыр

желтоқсан айында енгізілген жаңашылдықтарға

тоқталып өтті.

- Халықаралық тәжірибеге сәйкес,

мемлекеттік қызметшілердің қызметтік

куәліктері сәйкестендіру карталарымен

алмастырылады. Сәйкестендіру картасымен

кез келген мемлекеттік мекемелерге

кедергісіз кіруге, сондай-ақ жеке

куәліктің орнына қолдануға болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы алты

айдың ішінде аяқталады деп күтілуде, -

дейді Тоқтамыс Жұмағұлов.

Жаңадан қабылданған заңға сәйкес,

әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс

тағайындалуға құқығы бар тұлғалардың

аясы кеңейді. Олардың қатарына соңғы бес

жыл ішінде халықаралық, шетелдік және

трансұлттық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі

бар, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарын

аяқтаған мамандар және PhD докторлары

кіреді. Департаменттің мемлекеттік

қызмет басқармасының басшысы Сәния

Хасенованың мәліметінше, бүгінде облыста

«Болашақ» бағдарламасымен оқыған 8

адам мемлекеттік қызмет саласында

жұмыс істейді.

Нарық ептіге

бағынады

Қазіргі кезде елімізде азаматтарды жеке кәсіпкерлікке үйрету бағытында қаржылай көмектен

бөлек, оқыту бойынша қолдау шаралары көрсетіледі. Осыған дейін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік

палатасы арқылы бірқатар ниеттілер бизнесті бастаудың әліппесін меңгерді. Ендігі жерде

оларға өз жобаларын іске асыру, нарықта өз орнын табу міндеті тұр.

Бағдарламада

өзгерістер бар

Жеке кәсіпті неден бастау керек? Кәсіпті

енді бастаған кәсіпкерлердің басты қателіктері

қандай? Мемлекеттік бағдарламалар көмегін

кім ала алады? Нарықтағы бәсекелестікке

төтеп беру және өзінің орнын табу және

басқа да өзекті мәселелерді «Бизнес-Кеңесші»

оқу курсы анықтайды. Бағдарлама жаңадан

қолға алынған емес, жалғасуда. Алайда,

биыл бағдарламаға бірқатар өзгерістер

енгізілген.

«Бизнес-Мектеп» оқыту курсы «Бизнестің

жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде іске асырылады. «Бизнес-Мектеп»

«Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу» атты

құрауыштардан тұрады. Әр құрауыштың өз

аудиториясы бар. Биыл бағдарламада бірқатар

өзгерістер жасалды. Мысалы, «Бизнес-

Кеңесші» курсымен оқу екі күнді құрайтын.

Сәйкесінше, осы уақыт ішінде алынған білім

көлемі үлкен болмайтын. Енді оқыту 10 күн

бойы жүреді. Бизнес-тренер әр тақырыпқа

егжей-тегжейлі тоқтап, бизнес жоспарлаудағы

олқылықтарды реттеуге мүмкіндік бар», –

деді Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау

бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова.

Әнел Жампейісова «Бизнес-Мектеп»

тыңдаушыларымен кездесіп, оларға қазіргі

уақытта бизнес-қауымдастықпен бірқатар

есеп беру кездесулері өтуде, оның негізгі

мақсаты кәсіпкерлерді қолдау шаралары

туралы ақпарат беру, сонымен қатар бизнесті

дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді

зерттеу екенін айтты.

«Жыл басы – өткен жылға қорытынды

жасап, келер жылға жоспар құрудың қолайлы

кезеңі. Кәсіпті енді бастаған және көп жылдар

бойы жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге

мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті

ақпаратты білу маңызды. Сонымен қатар

бизнес қызметін реттейтін заңнамаға енгізілген

өзгерістер бар. Осындай форматтағы кездесулер

кәсіпкерлер үшін тиімді өтеді, спикерлерге

сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді көтеруге

болады», – деп атап өтті Ә.Жампейісова.

Кездесуде кәсіпкерлер көп сұрақ

қойды. Мәселен, кәсіпкердің бірі гранттық

қаржыландыруға қатысу үшін 10%-дан кем

емес жеке қаражатпен қатысу талап етілетіні

жайында сұрады.

«Мұндай сома көп жағдайда бастауыш

кәсіпкерлерге ауыр. Индустриялық сертификатты

алу қажеттілігі де кәсіпкерлерге

қиындықтар туғызады. Сонымен қатар

кәсіпкерлер табыс болмағанда міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына

жарна төлеу міндетіне де шағым айтты», –

деді Әнел Жампейісова.

Түлектер

жобаларын ұсынды

Айтқандай, кәсіпкерлер палатасы бірнеше

бағыттың қатарында «Бизнестің жол картасы-2020»

бағдарламасы шеңберінде «Бизнес

мектеп» құрауышын жүзеге асырады

2019 жылы оқуға 1 мыңнан астам

павлодарлық қатысты. Бизнес-тренер Қуаныш

Досмағұлов оқу үш бағытта: «Бизнес-Кеңесші»,

«Бизнес-Өсу» және «Жобалық оқыту» бойынша

жүргізілетінін айтты. Оқуға ӨКП алаңында,

сондай-ақ онлайн режимде де қатысуға

болады. Соңғысы - шалғай аудандарда

тұратындар үшін ыңғайлы.

«2019 жылы «Бизнес мектепте» Павлодар

облысында 1153 тыңдаушы оқыды. Соның

ішінде офлайн оқуға 978 адам, онлайн оқуға

175 адам қатысты. «Бизнес Кеңесшінің»

ауқымы кең, жобадан алынған сертификат

жеңілдікпен қаржыландыру алуда міндетті

құжат болып табылады. «Бизнес-Кеңесші» –

бұл жеке бизнес құру, маркетинг негіздері,

адами ресурстарын басқару, бизнесті заңгерлік

тұрғыда жүргізу, қаржы бойынша қысқа

мерзімді оқу курсы, оның мақсаты шағын

және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру.

«Бизнес-Өсу» жобасына жұмыс

істеп жатқан кәсіпкерлер қатысады. Мұнда

сату, маркетинг және басқа да бағыттарды

терең оқыту жүзеге асырылады. Оқып

шыққандардың арасында тыңдаушыларды

бағыттар мен жобалар бойынша топтастырады.

Бұл жерде бастауыш кәсіпкерге белгілі

бір ауданда тиімді болатын бірнеше шағын

жоба ұсынылады. Жобалық оқыту кезеңінде

дайын жобаларға барып, практикалық білім

алу көзделген», – деді Қуаныш Досмағұлов.

Оқу процесінде тыңдаушыларға оқу

құралдары, құжаттардың стандартты

пакеттері, соның ішінде бизнес-жоспарлар,

қаржыландыру алуға қажетті құжаттардың

үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері,

инновациялар енгізудегі халықаралық тәжірибе,

сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті құруға

арналған анықтамалықтар беріледі.

Айта кетелік, «Бизнес мектеп» жұмысының

шарттары бойынша, белгіленген КРІ өту

керек. Бұған халықты қамту, түлектер

жүзеге асырған жобалар саны, сондай-ақ

жобалардың көлемі кіреді. Тыңдаушылар

саны бойынша облыс орталығында ең

жоғары көрсеткіш, екінші орында – Ақсу

моноқаласы, үшінші орында – Екібастұз

моноқаласы. Тыңдаушылар саны бойынша

Шарбақты және Аққулы аудандары ілгері.

«Бизнес-Кеңесші» түлектері 2019 жылы

306 млн. теңгеге 68 жобаны іске асырды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау

мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде гранттық қаржыландыруды 189

жоба алды. Жаңа 83 ЖК ашылды. «Бизнес

мектеп» түлектері өңірде бәсекелестігі жоқ

жобаларды ұсынуда. Мысалға, арболитті

блоктардың өндірісі ашылды. Арболитті блок

экологиялық таза құрылыс материалы, ол

ағаш, минералды қоспалар мен цементтен

әзірленеді. Тағы бір түлек киімді биотазалаумен

айналыса бастады. Бұл - жаңа технология.

Биотазалау маталарды қорғайды, қатты

зақым келтірмейді. Айта кетелік, Этнофуд

жобасы қазақтың дәстүрлі тағамдары: талқан,

қоспа сынды өнімдерді ұсынады», – деді

Қуаныш Досмағұлов.

Бизнесіне

жер ала алмай...

Кәсіпкерлер палатасы бизнес ашуда және

кәсібін дөңгелетуде құзырлы мемлекеттік

органдар тарапынан кедергі көріп отырған

кәсіпкерлердің мүддесі қорғауда.

Мәселен, Ертіс ауданында кәсіпкер әйел

жер телімін алуда қиыншылыққа тап болып

отыр. Мәселе жылжымалы дүңгіршекке

арналған 10 шаршы метр теліміне қатысты.

Сурет ғаламтордан алынды.

Яғни кәсіпкер әйелдің ниеті, ұсынған жобасы

жергілікті атқарушы органдардың көңілінен

шықпаған көрінеді.

2018 жылы Жанар Смайылова Ертіс

аудандық өкілетті органға жер телімін иелену

бойынша өтініш берді. Бұл жерде жоспар

бойынша нан-тоқаш өнімдерін сататын

дүңгіршек болуы тиіс. Мұндай жоба ауыл

тұрғындарына қажетті, демек мемлекеттік

органдар тарапынан қолдау табуы керек еді.

Алайда, Ертіс ауданы жер комиссиясының

мүшелері жер телімі аукцион арқылы бөлінеді

деген желеумен өтінішті орындаудан бас

тартты.

Әрине, жер заңнамалық процедураларға

сәйкес берілуі керек. Алайда, кәсіпкерлік

палатасының өкілдерінің сөзіне қарағанда,

бас тартудың негізгі себебі - Ертіс ауданының

әкімдігінде сауда-саттық жүргізуге қаражат

жоқ. Аталған мәселені шешу мақсатында

кәсіпкер «Атамекен» көмегіне жүгінді. Бұл

мәселе 2020 жылы жүргізілген Кәсіпкерлердің

құқығын қорғау кеңесінің алғашқы отырысында

талқыланды.

«Кәсіпкердің уәкілетті мемлекеттік органнан,

Ертіс ауданының әкімдігінен алған жауабына

қатысты 2019 жылдың қазан айында

мемлекет меншігіндегі жерді жалға алу құқығын

сату аукционы жоспарланған болатын. Бұдан

бөлек мемлекеттік орган жер орналастыру

жобаларын әзірлеуге байқау жарияланатынын,

соның ішінде нан-тоқаш өнімдерін сату

бойынша жылжымалы дүңгіршек орналастыруға

жер жобасы әзірленетінін хабарлаған.

Алайда шенеуніктердің уәдесіне қарамастан

баяғы жартас сол жартас. 2020 жылдың

қаңтардағы ахуалына сәйкес жер беру

мәселесі әлі шешілмеген күйі қалған», –

деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау

және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің

бастығы Сейфолла Қасымқанов.

Жанар Смайылованың айтуынша, жылжымалы

дүңгіршек ашу үшін дайындау мен

жабдыққа жеке қаражат жұмсалған, бизнесжобасына

қолдау шенеуніктер тарапынан

көрсетілмеген. Осы ретте Өңірлік кәсіпкерлер

палатасының сарапшылары Ұлттық экономика

министрлігінің ақпараты бойынша

Павлодар облысындағы бірнеше аудандарда

бизнесті жүргізу жеңілдігінің деңгейі төмендігі

анықталды, ондай аудандар арасында Ертіс

ауданы да бар.

Кеңес мүшелері мемлекеттік органдар

тарапынан мұндай дөрекі қарым-қатынас

дұрыс емес деген ортақ пікірге келді.

Сондықтан осы мәселе бойынша бизнес

жүргізуге кедергі келтірген адамдарға қатысты

шаралар қолдану және кәсіпкердің бұзылған

құқықтарын қалпына келтіру мақсатында

тексеру жүргізу үшін Павлодар облысы

Прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі көмегіне жүгіну

бойынша шешім қабылданды.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!