08.02.2020 Views

8 ақпан, 2020 жыл №15 (15485)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 8 ақпан, сенбі, 2020 жыл 3

БИЛІК ЕСЕП БЕРУДЕ

Жетілдіретін

тұстар бар

Былтыр Екібастұз қаласының экономикасына 162 млрд. теңге көлемінде инвестиция

құйылған. Оның 130 млрд. теңгесі, яғни 80 пайызы - кәсіпорындардың жеке

қаражаты. Демек, кеншілер шаһарында бюджеттік қазынаға «қарап» отырмай, өңірді

дамытуға жеке инвестиция салу ісі басым. Бұл жөнінде Екібастұз қаласы әкімінің

халық алдындағы есептік кездесуі барысында айтылды. Алқалы жиынға облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысып, алдағы уақытта жетілдіретін тұстарды атады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Негізі - өнеркәсіп

Шаһар басшысы Ержан Иманзайыповтың

мәлімдеуінше, инвестицияның басым бөлігі –

49 пайызы тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Өткен

жылы экономиканың негізгі салаларында тұрақты

даму байқалған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда

628,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Бұл

2,4 есеге өскен. Осы ретте, өсімге Бозшакөл

тау-кен байыту комбинатында рекордтық

көлемде мыс өндірілгені оң әсер еткенін

айта кету керек. Көмір кеніштері былтыр

63 млн. тонна қатты отын өндіріп, тұтынушыға

жөнелткен. Электр станциялары 24,5 млрд.

кВт сағат электр қуатын өндірген. Оның

96 пайызы еліміздің ішкі нарығы қажеттілігіне

жаратылған. Ресейге өткен жылы электр

энергиясы экспортталмағаны белгілі. Оның

орнын Екібастұзда ашылған майнингтік ферма,

толтырды, дейді Е.Иманзайыпов.

Екібастұздың инвестиция тартымдылығы

«арзан» электр энергиясының көптігімен

тікелей байланысты болып отыр. Көлем әлі

де артуы ықтимал. Себебі, алдағы уақытта

ГРЭС-2 станциясының үшінші энергоблогы

құрылысы жандандырылса, қосымша 636

мегаваттық электр қуатын өндіру мүмкін

болады. Сондай-ақ, арнайы жер қарастырылған

екі индустриялық аймақтың да маңызы зор.

Қала әкімі шағын және орта бизнестің өскенін

атап өтті. Оған мемлекеттік бағдарламалар

септігін тигізген. Былтыр 7,6 млрд. теңгенің

204 жобасы қаржыландырылыпты. Шағын

индустриялық аймақ ашылса, біраз кәсіп

иесінің ісін ілгерлетуге көмегін тигізеді деп

күтілуде.

Таза су тұтынатын

шақ жақын

Ауылдықтардың алаңсыз өміріне жол

мен судың жайы маңызды екені белгілі.

Бұл ретте, Екібастұз ауылдық аймағында

тұрғындарды таза ауызсумен қамту мәселесі

бірнеше жылда толық шешімін табатын

көрінеді. Бүгінде 28 елді мекеннің 15-інде

орталықтандырылған су жүйесі болса,

6 елді мекен кешенді блок модуль қолданады.

6 ауыл халқы суды жергілікті тіршілік көзінен

тұтынады. Бір елді мекенге су жеткізіліп

тұрады. Өткен жылы Құлакөл, Қарасор, Байет

ауылдарында су құбырлары қолданысқа

берілсе, биыл Тай, Ақкөл, Бесқауға, Құдайкөл

тұрғындары таза суға қол жеткізеді. Оған

қоса, Сарықамыс пен Зеленая роща ауылдарында

су құбыры құрылысы басталады.

Ақши, Көксиыр, Мыңтомар ауылдары мен

3 бөлімшеге кешенді блок модуль орнатылмақ.

Бұл жобалар толық іске асса, ауылдықтарды

таза сумен қамту көрсеткіші биыл жыл

соңында 92 пайызға жетеді. Ал 2021-2022

жылдары Төртқұдық пен Әлкей Марғұлан

ауылдарына су тартылса, 2023 жылға қарай

Екібастұздың ауылдық аймақтары 100 пайыз

таза сумен қамтылады.

Кеншілер шаһарында құрылыс жыл

сайын қарқын алуда. Өткен жылы жалпы

53,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары

жүргізілген. Биыл көпқабатты 10 үй салынады.

Одан бөлек, жеке тұрғын үй құрылысы тағы

бар. Жалпы, тұрғын көлемі ағымдағы жылы

60 мың шаршы метрге артады. 2021 жылы

көпқабатты 25 үйдің құрылысы басталмақ.

Осылайша, рекордтық көрсеткішке қол

жеткізбек.

Қала әкімі жол, көшелерді жарықтандыру,

аулаларды абаттандыру бағытындағы

жұмыстарды да атады. Қала көшелерін

жарықтандыруда мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік аясында қолға алынған жоба

электр энергиясын тұтынуды 50 пайызға

үнемдеуге мүмкіндік берген. Енді білім

беру ұйымдарына пилоттық негізде енгізу

жоспарланып отыр.

Қалалық инженерлік инфрақұрылымның

тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл

3 магистральді су құбыры, кәріз жүйесі

коллекторы жөнделмек. Сонда жаңғыртылған

желі үлесі 28 пайызға жетеді.

Шаһар басшысы тұрғындарды әлеуметтік

қолдау шараларына да тоқталды. Биыл да

жалғасын таппақ.

Халықтың қалауы

Баяндамадан кейін есептік кездесуге

келген тұрғындар ұсыныс-тілектерін білдірді.

Мәселен, Рахметолла Қапаров есімді тұрғын

екі жыл бұрын жабылып қалған көз бөлімшесін

қайта ашуды, мүмкіндігі шектеулі жандарға

қызмет ететін көмекшілердің еңбекақысын

төлеудегі қиындықтарды шешуді сұрады.

Қала әкімі Ержан Бейбітұлы көз бөлімшесін

ашу, әзірге облыстық денсаулық сақтау

басқармасының жоспарында жоқ екенін

ашық айтты. Дегенмен, қарастырылатынын

мәлім етті. Ал көмекшілерге еңбекақы бұрын

үкіметтік емес ұйымдар арқылы төленіп

келсе, енді бұл қаржы әлеуметтік қорғау

бөлімі мен көмекші арасында жасалатын

тікелей шарт негізінде жүзеге асады, деді.

Мәселе ағымдағы айдан бастап оң шешілгенін

атап өтті.

«Альфадог» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Роман Викторович қалада иттерді

серуендететін орындар ашу туралы өтініш

білдірді. Шаһар басшысы бұл өтініш бойынша

кездесіп, қажетті орын іздестіруге уәде берді.

Мүмкіндігі шектеулі жан, спортшы

С.Прокопьева жыл сайын спорттың

бірнеше түріне бөлінетін 1 млн. теңге

жетпейтінін, тым болмаса, 2 млн. теңгеге

көтеруді сұрады. Сонымен қатар, мүмкіндігі

шектеулі жандарға нұсқаушы-жаттықтырушы

қарастырылса деген тілегін білдірді. Шаһар

басшысы қалалық бюджетті нақтылау кезінде

қаржыны 2 млн. теңгеге өсірілетінін, ал

жаттықтырушы мәселесін шешу қолдан

келетінін уәде етті.

21, 22-шағын аудандардың тұрғындары

жеке үйлерге жылу тарту мәселесін көтерді.

Жеке баспана салған азаматтар жылу желісіне

қосылуды қалайды. Е.Иманзайыпов бұл шағын

ауданға қарайғы бағытта жылу желілеріне

жүктеменің көптігін алға тартты. Десе де,

мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты.

31-шағын ауданның 131-үйінің тұрғыны

подъездерге бейнебақылау камераларын

орнатуды сұрады. Қала әкімі тұрғындардың

үштен екі бөлігі келісімін берсе, камера

орнатуға еш қиындық жоқ, деді. Тек ай

сайын 350-400 теңге шамасында төлем

жасау керектігін ескертті.

Одан бөлек, спортшылар «Жасыбай» спорт

кешенінде ауыр атлетика залына жөндеу

жүргізіп, жаттығу жабдықтарын сатып алуға

жәрдемдесуді өтінді. Бұл үшін демеушілер

іздестірілетін болады. Айта кету керек, былтыр

«Богатырь көмір»-дің көмегімен аталмыш

кешенде бокс рингі жаңартылған.

Тағы бір тұрғын экологиялық ахуалды

жақсарту мақсатында былтыр қолға алынған

тегін көшет тарату үрдісі биыл жалғасса

деген тілек білдірді. Әкім ағымдағы жылы

10 мың түп көшет таратылатынын мәлім етті.

№23 мектептің мұғалімі мектептерде

кабинеттерді жаңа үлгіде жабдықтауды

жалғастыруды сұрады. Е.Иманзайыпов биыл

8 мектептің кабинеттері жабдықталатынын

мәлімдеді. Жалпы, 40 мектеп болса, өткен

жылы, биыл атқарылатыны бар, біртіндеп

бұл мәселе шешілетініне сендірді. Сонымен

қатар, №2 емхана ғимараттарының арасын

байланыстыратын галерея салу мәселесі

айтылды. Шаһар басшысының айтуынша,

жобалық-сметалық құжаты бар, облыстық

бюджеттен қолдау тапса, іске асады.

Шідерті кентінің тұрғыны С.Бисенов елді

мекен іргесіндегі 9 мың га жерді алып,

еш кәдеге жаратпай жатқан шаруамен

жұмыс жүргізілгенін қалайды. Айтуынша,

салдарынан тұрғындар малын бағатын жер

таппай қиналуда. Қала басшылығы жерді

тиімсіз пайдаланушылармен қатаң жұмыс

жүргізіліп, кей жер телімдері мемлекетке

кері қайтарылып жатқаныны мәлімдеді. Бұл

мәселені жер қатынастары бөлімі бақылауға

алады, деді.

Неге басымдық

беруі тиіс?

Есептік кездесуге қатысқан облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов кеншілер шаһарында

мақтанарлық та, жетілдіретін де тұстар

барын атап өтті. Нақты қай бағытта жұмысты

жетілдіру керектігін тізіп берді.

- Мен де сіздердің көбіңіз сияқты еңбек

жолымды Екібастұзда бастадым. Бұл 90-шы

жылдары талай жас еліміздің түкпір-түкпірінен

осы қалаға ағылып жатқан шақ еді. ГРЭС-1

станциясында отын-көлік цехының үшінші

разряд желісінде монтер болып еңбек еттім.

Кез келген адам үшін мұндай тәжірибе -

өмірлік мектеп, - деді облыс әкімі.

Еліміз үшін орны ерек өңірдің дамуына

бар күшін салуға әзір екенін тілге тиек етті.

- Қала әкімі баяндамасында қол жеткізген

нәтижелерді атап өтті. Мақтанарлық та,

жетілдіретін де тұстар бар. Даму жоспары

да бар, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы басымдық берілуі тиіс

жекелеген бірқатар бағыттарға тоқталды.

- Өңір тұрақты дамып келеді. Ірі инвестициялық

жобалар жүзеге асуда. Дегенмен,

өсу резервтері әлі де аз емес. Оның ішінде

өңдеуші өнеркәсіп секторына басымдық

берілуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл секторды

экономикасы әртараптандырудың тетігі

ретінде атап өткен болатын. Экономикадағы

өнеркәсіптік өндіріс үлесі небары 9 пайызды

ғана құрып отыр. Өндіріс көлемі 16 пайызға

төмендеген. Осыған байланысты, қала әкімі

қосымша кешенді шаралар қабылдап, өңдеуші

өнеркәсіп үлесін 20 пайызға дейін жеткізуге

күш салуы тиіс, - деді аймақ басшысы.

Өзекті мәселе ретінде тұрғындардың

Екібастұз аумағынан көшіп кетуін көрсетті.

Былтыр 8 мың адам кеткен. Неке құру көрсеткіші

7 пайызға кеміген. Ажырасу жағы көбейген.

Мұның бәрі алдағы уақытта демографиялық

ахуалдың нашарлауына әкелуі ықтимал, деді

облыс әкімі. Бұл ретте, адамдардың жайлы

өміріне қажетті салаларды жетілдіру жүктелді.

Яғни, тұрақты жұмыс орнымен, тұрақты

табыспен және сапалы әлеуметтік саламен

қамту қажет. Білім беру, денсаулық, мәдениет,

спорт, әлеуметтік қорғау салаларын әлі де

жақсартуға күш салуды тапсырды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік белсенділігінің

азаюына алаңдаушылық танытты.

Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламаларды

тұрғындар арасында түсінікті тілмен жеткізуге

көңіл бөлу жүктелді. Мал басының азаюы да

өзекті, деді. Сондықтан, қала басшылығы

жеке кәсіпкерлікті қолдауға айрықша назар

салуы тиіс. Шағын индустриялық аймақты

ашу әрі кеңейтуге мән беру керек, деді.

- Өңірге сапалы инвестициялар қажет. Ол

үшін барлық жағдай бар. Электр қуатының

арзандығы, тарифтің тұрақтылығы, шаһардың

Елорда мен облыс орталығына жақын

орналасуы да - қаланың артықшылығы

әрі мол мүмкіндігі. Әлеуеті әлі де ашылуы

тиіс тұстары аз емес. Сол себепті қала

әкіміне экономиканың жоғары технологиялық

секторларына инвестиция тарту, тұрақты

жұмыс орындарын ашуды тапсырамын, -

деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы адами капиталды дамытуға

да ден қою қажеттігін атап өтті.

- Қаланы дамытуға қатысты барлық

негізгі мәселелер тұрғындардың қатысуымен

және қоғамның қолдауымен шешілуі тиіс.

Ірі шешімдер мен жаңа жобалардың қисындылығы,

қажеттілігі, олардың қала халқы,

жекелеген тұрғындар санатының мүддесіне

қайшы келмеуі жағы саралануы қажет. Алда

жұмыс көп, оның бәрі бір адамның қолынан

келмейді. Сондықтан, бірлескен жұмыс қажет, -

деді облыс әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Екібастұз қаласы.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!