08.02.2020 Views

8 ақпан, 2020 жыл №15 (15485)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ШАМШЫРАҚ 8 ақпан, сенбі, 2020 жыл 7

Мамандық таңдау

маңызды

Мамандық таңдау - маңызды іс. Өйткені, біз өзіміз таңдаған

мамандық бойынша өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың

түрі көп. Болашақта үлкен мамандық иесі болу үшін мамандықты

дұрыс таңдап, қыры мен сырын меңгеру керек.

Осы мақсатта таяуда Май ауданына

қарасты Қаратерек жалпы орта білім беру

мектебінде «Мамандықты дұрыс таңдау -

табысты өмірдің кілті» атты апталық өтті.

Апталық жоспарына сай кәсіптік бағдар

беру кеңесінің жетекшісі А.Сейтенованың

басшылығымен «Ата-аналарға кәсіптік

бағдар беру» тақырыбында семинартренинг

өтті. Шара барысында жиналған

қауымға мамандық таңдауда нені ескеру

керектігі, кәсіптік білім беру құрылымы,

мамандық түрлері жөнінде жан-жақты

ақпарат берілді.

Оқушыларды «Қандай мамандықты

таңдаймын?», «Мамандыққа қалай қол

жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны

анық. Апталық аясында 1-4-сынып

оқушыларының арасында бастауыш сынып

мұғалімі Э.Уәлиева ұйымдастырған «Менің

сүйікті мамандығым» тақырыбындағы

сурет көрмесінде балалар қиялындағы

мамандық иелерін суреттей білді. Мектеп

психологы 5-11-сынып оқушыларымен

өткізген сауалнамаларында болашақта

таңдайтын мамандықтары жайлы өз

таңдауларын жасады. Кеңес жетекшісі

А.Сейтенова өткізген «Мамандықтың

бәрі жақсы - қалауынша таңдап ал»

атты кездесу кешіне ауылымыздың әр

саласында еңбек етіп жүрген мамандық

иелері мен студенттеріміз шақырылды.

Атап айтсақ, шараға мектеп директоры

Қ.Камзин, инновация ісі жөніндегі орынбасары

А.Изатбекова, пән мұғалімдері

А.Шәкірова, Ж.Дүкеева, кітапханашы

Ж.Уәлиева, ауыл әкімдігінің бас маманы

Д.Мұхаметрахымов, ауыл кітапханашысы

Б.Балтабаева, мәдениет үйінің директоры

Г.Топанова қатысты. Кешіміздің «Мамандық

таңдау» бөлімінде мектеп кітапханашысы

Ж.Уәлиева кітап көрмесімен таныстырып,

мамандықтардың қыр сырына тоқталып

өтті. Ал «Сұрақ бізден - жауап сізден»

бөлімінде оқушылар қонақтардың ақы

кеңестерін тыңдады. «Мамандық таңдау -

ертеңді ойлау» бөлімінде әр сынып

мамандық иелерінің қыр-сырын қабырға

газеттері, презентация арқылы таныстырды.

Мұғалімдер хаттарынан...

Мектептегі 5-11-сынып оқушылары әртүрлі

мамандық иелері болып, бір күндік өмірін

көрініс түрінде көрсетті.

Кешімізді музыка пәнінің мұғалімі

Б.Жанысов жетекшілік ететін домбырашылар

үйірмесінің орындауындағы «Попурри»,

«Еркесылқым» күйлері одан әрі нұрландыра

түсті. Көрермендерге Ұ.Сайлаубай мен А.Алпысбаева

«Қасиетті домбыра», А.Өмірзақова

«Арман-ай» әндерін сыйға тартты. Кеш

барысында оқушылар «Мамандық сыры»,

«Менің таңдауым» тренинг ойындарына

белсене қатысты. Қорытындылай келе,

оқушылар болашақта елі үшін еңбек ететін,

игілікті іске ынтасымен кірісетін мейірімді

жастар болып өсемін деген оймен тарқасты.

Анар СЕЙТЕНОВА,

Қаратерек орта мектебінің

кәсіптік бағдар беру

кеңесінің жетекшісі,

Май ауданы.

Білім-ақпарат

Абай

туындылары

орындалды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына

орай облыс орталығындағы

Балалар музыка мектебінде

фестиваль-байқау өтті.

Оған облыс бойынша 100-ге жуық өнерлі

оқушы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар

жеке орындау (фортепиано) және ұжымдық

ән айту (хор) бағыты бойынша сайысқа түсті.

Байқауда ұлы Абайдың туындылары мен

әндері шырқалды. Талантты шәкірттер Бейсен

Әдемі мен Төлеген Іңкәр «Көзімнің қарасы»

әнін шырқаса, Цуроева Милана «Айттым

салем, Қаламқас» әнін өте әсерлі орындап

берді. Жоғары сынып оқушыларының хормен

айтқан әні де көрермен көңілінен шықты.

Фестиваль-байқаудың қорытындысы

бойынша лауреаттар мен олардың педагогтары

арнайы дипломдармен марпатталды.

Алтын

медаль алды

Жақында Алматы қаласында

математика, физика және информатика

пәндері бойынша өткен

ХVІ халықаралық Жәутіков олимпиадасында

павлодарлық оқушы

Дияр Түленов жеңімпаз атанып,

алтын медаль иеленді.

Ұстаздық

еткен

жалықпас...

2019 жыл елімізде Жастар жылы

болып жарияланғаны белгілі.

Мұндағы мақсат – жас буын

өкілдеріне жан-жақты қолдау

көрсетіп, қоғам өміріндегі

белсенділігін арттыру және

жастардың ел дамуына қосқан

үлесін жалпақ жұртқа кеңінен

насихаттау.

Ұлт болашағы - ұрпақ десек, ұрпақ - болашағы

ұстаздардың қолында екені белгілі. Осы болашақ

ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде, жаңашылдыққа

үйрету жолында он жылдам астам уақыт елеулі

еңбек етіп келе жатқан жас ұстаздың бірі –

Смағұлова Гүлсім Садыққызы. Педагогикалық

мамандықты үздік дипломмен аяқтаған Гүлсім

Садыққызы еңбек жолын Май ауданы Баскөл

ауылындағы Аманкелді Иманов атындағы

орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып

бастады.

Ол - оқушылардың жүрегінен орын алып,

олардың білімге деген құштарлығын оятып, алғаш

хат танып, қалам ұстауына себепкер болған жан.

2019 жылы мектепті тәмамдаған түлектер осы

ұстаздың ең алғашқы шәкірттері еді.

«Білімнің негізі – бастауышта» демекші, осы

түлектердің екеуі мектепті «Алтын белгімен»

тәмамдап, қазіргі уақытта барлық шәкірті еліміздің

ЖОО-ның студенттері атанып отыр.

Жаңартылған мазмұнда оқытылатын

3-сынып оқушыларына жаратылыстану пәніне

арналған эксперименттер жинағын әзірлеген

Гүлсім Садыққызы 2018 жылы облыстық «Үздік

оқу-әдістемелік басылым» сайысына қатысып,

жүлделі ІІ орын иеленеді. Сонымен қатар, өзінің

рефлексивтік дағдысын дамыту мақсатында Гүлсім

Садыққызы әріптестерінің алды болып LESSON

STUDY зерттеу сабағын жүргізуде. Осы ізденісі

мен шығармашылығының арқасында былтыр

аудандық «Жыл мұғалімі» сайысында жеңіске

жетіп, облыстық кезеңде бақ сынады. Бұдан

басқа, талантты ұстаздың шәкірттері де түрлі

деңгейдегі сайыстарға қатысып, мектеп намысын

абыроймен қорғап келеді. Келешегінен үлкен

үміт күттіретін әріптесімізге толағай табыстар

тілейміз.

Р.ЕҢСЕБАЕВ,

мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары,

Баскөл ауылы, Май ауданы.

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, ұстаз

болу оңай болып көрінгенмен, екінің бірінің қолынан келе

бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», –

деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –

қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық

атаулының ұлысы.

Өз ісінің шебері

Кез келген оқу орны тәжірибелі де

білімді, кәсіби ұстаздар жетістіктерінің

нәтижесінде ғана биікті бағындырары

сөзсіз. Мұндай ұстаздардың біздің

колледжде де бар екенін мақтан

тұтамыз. Осындай ұлағатты жандардың

бірі – Рымтай Жақсыбекова. Ол -

ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы

жолында өзінің айшықты еңбегімен

дараланған ұстаз. Олай дейтініміз,

ол ғибратты ғұмырының қымбат

шақтарын болашақ буынды оқыту

мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді.

Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына

нұр құя білген Рымтайдай ұстаздың

өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.

Жастайынан білімге құштар Рымтай

Тілеуқабылқызы ата-анасының өзіне

деген сеніміне еш шүбә келтірген

емес. Сөз өнері шыңының қадірін

жете біліп, мұғалім болу арманының

жетегімен, орта мектепті үздік бітіріп,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

мемлекеттік университеінің филология

факультетіне оқуға түседі.

Сөйтіп, филолог мамандығын алып,

сол кездегі жас мамандарды басқа

облыстарға жіберу дәстүрі бойынша

жолдамамен алғашқы еңбек жолын

Ермак дене шынықтыру техникумында

бастайды.

«Жас келсе – іске» дегендей, аз

ғана уақытта жас маман аталмыш

техникумның тәжірибелі ұстаздарынан

мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын

жан-жақты түсініп, оған өз талпынысын

қосып, ұжым ортасында беделді бола

білді. Уақыт бір орнында тұрмайтыны

анық. Кейін, яғни 1994 жылдан бастап

осы қаладағы энерго техникумында

ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметін

абыроймен жалғастыруда. Содан бері

біраз уақыт өтті. Жүйткіген уақыт

ешкімге жеткізер емес. Әйтсе де

бойынан сол бір жастық жігердің

ұшқыны жылдар өтсе де әлі сөнбегенін

сөзбен емес, нақты істер арқылы

көрсетуде. Ұстаздың қарапайымдылығы

мен ұқыптылығы, еңбекке деген

шексіз ынтызарлығы өзгелерден оны

ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі,

қазақы ақжарқындығы мен қызметіне

деген адалдығы жас мамандар үшін

үлгі боларлық. Сонымен қатар, ол -

педогогтық әдепті кәсіби шеберлікте

шыңдап, шығармашылық ізденісін

болашақ маманның жеке тұлға болып

қалыптасуына арнаған, жан-жақты

бағыт бере білетін, жоғары санатты

білікті педагог.

Оқытушының оқу үрдісіндегі

теңдесі жоқ жетістіктерінің бірі -

әдістемелік тақырыбына сай оқушының

танымдық қабілетін танып,

шығармашылыққа жетелеп, кәсіби

сөйлеу тілін жетілдіруі. Осы бағытта

«Ұрпақ тәрбиесі» атты іс бастап,

көпке үлгі болды. Рымтай ұстаз 2019

жылдың желтоқсан айында көп жылдық

әдістемелік тәжірибесімен бөлісіп,

Қазақстан педагогтар қауымдастығының

ұйымдастыруымен «Егеменді

еліміздің үздік ұстаздары» атты

республикалық байқаудың іріктеу

кезеңінен өтіп, 9 257 педогогтің

арасынан бірінші бағыт бойынша

жолдама алып, «Ы.Алтынсарин» медалінің

иегері атанды. Мұның өзі тәжірибелі

ұстаздың тағы бір қырын айқындай

түскендей. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде

өтіп тұратын «BILIM ORKENIETI» атты

ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу

орталығы ұйымдастырған байқауға да

қатысып, бес бағыттағы талаптардың

барлығын жауапкершілікпен орындап,

«Білім беру саласының көшбасшысы»

атанды.

Міне, елімізде осындай талантты

да талапты, тәжірибелі ұстаздар көп

болса, олардан тәлім алған жастардың

болашағы жарқын боларына еш күмән

жоқ.

А.ҚҰРМАНҚҰЛОВ,

Жаяу Мұса атындағы

Ақсу көпсалалы жоғары

колледжінің басшысы.

Павлодар қаласындағы химия-биология

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

12-сыныбында білім алатын дарынды шәкірт

аталмыш білім бәйгесінде биыл үшінші жыл

қатарынан алтыннан алқа тағынып отыр екен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиадаға

әлемнің 21 елінен 84 команда

(599 оқушы) қатысқан.

- Дияр Түленов халықаралық білім додаларының

ішіндегі ең күрделісі саналатын

Жәутіков олимпиадасынан үш жыл бойы

жеңіспен оралды. Қуантарлық жағдай. Жалпы,

бұл оқушы сабақта өте алғыр, зерек әрі

еңбекқор. Шәкіртімнің жетістігіне қатты

қуанып отырмын. Ол мектеп намысын ғана

қорғаған жоқ, аймақтың абыройын асқақтатты.

Оның болашағынан зор үміт күтемін, - дейді

7-сыныптан бастап олимпиадаға дайындап

келе жатқан физика пәнінің ұстазы Назымгүл

Кәрімова. Айта кетерлігі, жас таланттың бұған

дейін де жеткен жетістіктері баршылық.

Мәселен, ол «Туймаада» және басқа да

халықаралық олимпиадаларда республиканың

атынан қатысып, жүлделі орындарды

иеленген. Сонымен қатар, еліміздегі ең мықты

8 физиктің тізіміне енген.

Жас ізденушілер

жарады

Таяуда «Зерде» зерттеу жұмыстары

мен ғылыми жобалар байқауының

республикалық кезеңі өтті.

Оған облыс бойынша 29 оқушы қатысып,

олардың басым бөлігі жеңіспен оралды.

Аталмыш байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен

барған 500-ден астам жас ізденуші математика,

информатика, физика, техника, психология,

химия, биология, экология, әдебиет, тіл

білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану және

робототехника саласы бойынша білімдерін

таразылады. Ал павлодарлық оқушылар

21 жоба ұсынды.

Облыс оқушыларының еңбектері жоғары

бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаз атанғандардың қатарында «орыс тілі

мен әдебиеті» секциясы бойынша дарынды

балаларға арналған №3 гимназияның

4-сынып оқушылары Дана Құспекова, Арлан

Жұмабеков, 6-7-сынып оқушылары Максим

Лифенко, Алёна Чеклецова, «математика

және информатика» секциясында дарынды

балаларға арналған №3 гимназияның 5-сынып

оқушысы Эльдар Акбердинов және Ақсу

қаласы Спутник негізгі мектебінің 6-сынып

оқушысы Роман Ермаков, сондай-ақ, басқа

секциялар бойынша оннан астам жеңімпаз

бен бір топ екінші және үшінші орын иегерлері

бар. Ал «Медицина және психология» секциясында

Ертіс ауданына қарасты Иса Байзақов

атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы

Жадыра Қайыргелдинова Құрмет грамотасымен

марапатталды.

Н.АҚЫТЕГІ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!