08.02.2020 Views

8 ақпан, 2020 жыл №15 (15485)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 8 ақпан, сенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Арман Жұмагелдіұлы, биыл

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына

жаңадан қандай

бағыттар қосылды?

- Ағымдағы жылы «Еңбек»

бағдарламасы арқылы қосымша

екі жобаны жүзеге асыруды қолға

алдық. Оның бірі – «Алғашқы

жұмыс орны», екіншісі – «Ұрпақтар

келісімшарты» деп аталады. Біріншісі

аты айтып тұрғандай бұрын ешқайда

жұмыс істеп көрмеген, ешқандай

еңбек тәжірибесі жоқ адамдарға

арналған. Яғни, оқуды енді бітірген

түлектерді және кәсіби мамандығы

бойынша жұмыс таба алмай жүрген

29 жасқа толмаған жастарды

жұмыспен қамтуды көздейді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының

жастардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн

арттыру, алғашқы жұмыс

орнына бейiмдеу тапсырмасының

шеңберiнде жасалып отыр.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

бойынша жұмысқа орналастыру

барлық меншік нысанында,

кәсіпорындар мен жеке ұйымдарда

жүргізіледі. Бағдарламаның шарты

былай: жас маман бір мекемеге

жұмысқа қабылданды делік. Сонда

кем дегенде 24 ай еңбек етуі керек.

Бұл - қолына енді диплом алған

жас маманға кәсіби бағдар беріп,

оның тәжірибе жинауына таптыр-

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Қандай өзгеріс

енгізілді?

Бизнеске бет бұрған талай жас кәсіпкердің бағын ашқан

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына биыл бірқатар

өзгеріс енгізілді. Яғни, жаңа бағыттар қосылып, әлеуметтік

тұрғыдан аз қамтылған жандардың шағын

несие мен грант алуына жеңілдіктер пайда болды.

Бұл туралы толығырақ облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

бөлім басшысы Арман Заитовтан сұрап білдік.

майтын мүмкіндік. Оның 12 айының

жалақысы бюджеттен төленеді.

Алғашқы бір жылының айлығы –

20 айлық есептік көрсеткішті

құрайды. 24 айдан кейін жұмыс

беруші оны жұмыстан босатуына

құқығы бар. Егер, орын болса,

тұрақтап қалуына да болады.

Қазiр қалалар мен аудандарда

жұмыс берушiлердiң сұранысына

талдау жасалып жатыр, соның

қорытындысы бойынша нақты

адам саны бекiтiледi. Жоба алғаш

іске қосылғандықтан, алдымен

15-20 адамды осы жолмен жұмыспен

қамтып көрмекпіз.

- Екінші жаңа жоба «Ұрпақтар

келісімшарты» деп аталатынын

атап өттіңіз. Енді осыған кеңірек

тоқталсаңыз...

- «Ұрпақтар келiсiмшарты»

бойынша зейнеткерлікке шыққан

маман орнына өз адамын әкеліп

қойып кете алады. Мысалы, еңбек

демалысына 6 ай уақыт қалған

кезде ол жергілікті «Жұмыспен

камту» орталығына өтiнiш жазу

арқылы өзінің баласын немесе

басқа да танысын қабылдата алады.

Жаңа жұмысқа келген адамның

6 айлық жалақысы бюджеттен

төленедi (көлемі – 20 АЕК).

Бағдарлама шарты негізінде

Қанша отбасы

көмекке мұқтаж?

алдыңғы буын өкілдері өз ізбасарларына,

яғни, өзі шақырған жас

маманға жұмыстың қыр-сырын

үйретуі қажет.

- Бұдан бөлек, әлеуметтік

жағдайы төмен отбасы мүшелерінің

бизнеспен шұғылдануына

ерекше жағдай жасап

жатқанын естідік...

- Дұрыс айтасыз, бұрын

табысы аз немесе көпбалалы

отбасылардың мүшелеріне шағын

несие 6 пайызбен берілетін. Биылғы

өзгеріс бойынша енді олар шағын

несиені 4 пайызбен рәсімдей алады.

Бұрын мұндай несие 5 жылға

ғана берілсе, енді оның мерзімі

7 жылға ұзартылды. «Атамекен»

ҰКП филиалдарының бизнесжобаларды

сүйемелдеу мерзімі

2 жылға дейін ұзартылды. Сонымен

қатар, халықтың барлық санаттары

үшін өз ісін ашуға мемлекеттік

гранттардың бірыңғай мөлшері

200 АЕК (530,2 мың теңге) болды.

Тағы бір айта кететін жайт, көпбалалы

және аз қамтылған отбасы мүшелері

мұндай қайтарымсыз гранттарды

кәсіпкерлік курстарын оқымай-ақ

ала беруіне мүмкіндік берілмек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

Жыл басынан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті облыс

бойынша 2 489 отбасы алып үлгерген. Оларға жалпы сомасы 46,5 млн.

теңгенің көмегі көрсетілді.

Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін АӘК алуға

өңірдегі аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасы

санатындағы 3715 жанұя өтініш берген. Солардың

ішінде - 2 489-ының әлеуметтік жағдайын, кірісшығысын

есептеген коммисия мүшелері аталмыш

көмекті беруге шешім қабылдаған. Ал қалғандарының

құжаттары әлі де қаралау үстінде.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестурі және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының

орынбасары Гүлнәр Әлімова тұрғындардан әлі

де өтініштер түсіп жатқанын айтады.

- АӘК әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға

беріледі. Әлеуметтік көмек мөлшері отбасының

әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс

пен отбасының әрбір мүшесінің ең төменгі күнкөріс

деңгейінің 70%-ның арасындағы айырманы құрайды.

2020 жылдың 1 тоқсанындағы жағдайға сәйкес, облыс

бойынша бұл көрсеткіш 18 618 теңгені құрап отыр. Осы

мақсатқа республикалық бюджеттен жалпы сомасы

1057,9 млн. теңге бөлінген, - дейді Г.Әлімова.

Биылғы әлеуметтік көмектің басты шартының бірі –

еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуге

міндетті. Егер мекеме ұсынған жұмыстан себепсіз

бас тартатын болса, әлеуметтік көмектен тек ол

адам ғана емес, толықтай отбасы айырылады. Осы

мақсатта ағымдағы жылы 2000-нан астам еңбекке

қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шаралары

жүргізілмек. Бүгінгі күндегі жағдай бойынша, АӘК

алып отырған 2489 отбасынан 130 адам тұрақты

жұмыспен қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы

уақытта өз жалғасын табады.

АӘК-тегі тағы бір өзгеріс – кепілдендірілген әлеуметтік

пакет. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік

көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа

дейінгі балаларға беріледі.

- Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі

бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан

6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары

мен тұрмыстық гигиеналық тауарлар қарастырылған.

Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын,

сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін

темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың

жетіспеушілігін ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау

министрлігі ұсынды. Азық-түлік жиынтығын балалар ай

сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған

щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық

тазалық құралдары тоқсанына бір рет ұсынылады.

Әр балаға бір пакеттен беріледі, - дейді Г.Әлімова.

Ал Павлодар қаласы жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік

және тұрғын үй көмегі секторының меңгерушісі Айнұр

Мұқашбекованың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек

тағайындау үшін шаһар тұрғындарынан 763 өтініш

түскен.

- Облыс орталығындағы аз қамтылған 2800 тұрғын

жыл басынан бері АӘК тағайындау бойынша мамандардан

кеңес алды. Ал қаңтар айында біз 564 өтінішті

мақұлдап, әлеуметтік көмек бердік. Қалған 199 өтініш

учаскелік комиссияның қарауында жатыр. 200-ге

жуық өтініш E-HALYK ақпараттық жүйесі арқылы

тексеруден өтеді. Барлық АӘК алушыға 15-25 ақпан

аралығында 1-6 жасқа дейінгі балаларға арналған

кепілдік берілген әлеуметтік пакет беруді жоспарлап

отырмыз, - дейді А.Мұқашбекова.

Айта кетелік, биыл облыс бойынша 5700 аз

қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы атаулы

әлеуметтік көмек алады деп жоспарлануда.

Екібастұз қаласындағы үш бірдей зауыт жұмысын

уақытша тоқтатты. Темір жолға қажет бөлшектерге

сұраныс болмағандықтан, кәсіпорындар тұралап

тұр. Соның салдарынан қызметкерлерді ақысыз

демалысқа жіберуге тура келді. Құзырлы органдар

бұл мәселені басты назарға алып, тығырықтан

шығар жолдарды қарастыруда.

Мәмілеге келсе,

мәселе

шешіледі

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Мәселені тарқатып айтайық.

Жыл басында Екібастұз қаласындағы

темір жол кластерінің негізгі

кәсіпорындары – «Проммашкомплект»,

«R.W.S.BINDING» және

«R.W.S.Concrete» облыс басшылығына

арнайы хат жолдаған еді.

Компания өкілдерінің айтуынша,

үш бірдей өндіріс орны жабылудың

аз-ақ алдында тұр.

- Біздің кәсіпорындар Елбасының

бастамасымен қолға

алынған үдемелі индустриялықинновациялық

даму бағдарламасы

аясында ашылды. Осы

уақытқа дейін 70 млрд. теңге

инвестиция құйылып, жылына

4 млрд. теңге салық төлеп

келді. Үш компанияда барлығы

1100-ден астам адам еңбек етеді.

Бірақ негізгі сатып алушылар –

«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы мен оған қарасты

мекемелер екіжақты ұзақмерзімді

келісімшарт болғанына қарамастан,

2020 жылға тапсырыс берген жоқ.

Қазіргі кезде біздің өнімдерді

емес, Қытай, Ресей, Түркия,

Украинада жасалған темір жол

қажеттіліктерін сатып алып отыр.

Бұл өз кезегінде екібастұздық

компаниялар жұмысының тұралауына

әкеп соғуы мүмкін, -

делінген хатта.

Рельстік бекітпелер шығаратын

«R.W.S.BINDING» компаниясы

қазірдің өзінде-ақ өнім шығаруды

тоқтатты. Сұраныс болмағандықтан,

кәсіпорынды уақытша жабудан

басқа амал қалмады.

- «Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясымен баға,

көлем мәселесі бойынша ортақ

келісімге келуге қанша тырыссақ

та, еш нәтиже бермеді. Ресей мен

Қытай нарығында да темір жолға

бөлшектер жеткілікті көлемде

шығарылады. Яғни, екібастұздық

өнімге деген қажеттілік жоқ.

Сондықтан өндірісті тоқтатуға

тура келді, - дейді «R.W.S.BINDING»

ӨНДІРІС

кәсіпорнының басшылығы.

Соның салдарынан 33 қызметкерді

кезек-кезек демалысқа

жіберуге мәжбүр. Ал 10 реттеуші

мүлде жұмыс істемейді.

- Біз жұмысшыларды Еуропаның

озық елдеріне оқуға жіберіп,

олардың білім алуына жағдай

жасадық. Сондықтан тәжірибелі,

өз ісін білетін мамандарды

жоғалтқымыз келмейді. Былтыр

зауыт жұмысы тоқтап, қаржылық

қиындықтар болғанына қарамастан,

ай сайын еңбекақының 50 пайызын

төледік. Тіпті, жыл соңында 13-інші

жалақыны бердік. Олар басқа

жұмыс орнына ауысса, білікті

кадрларды табу қиынға соғады,

- дейді кәсіпорын өкілдері.

Бұл мәселені жергілікті билік

жақсы біледі. Сондықтан түйткілді

шешіп, кәсіпорындардың жұмысын

қайта жандандыру үшін тиісті

шараларды қолға алды. Облыстық

индустриялық-инновациялық даму

басқармасы басшысы орынбасарының

міндетін атқарушы Анар

Айтқазиннің айтуынша, Екібастұзда

жергілікті кәсіпорындар мен

«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы өкілдерінің қатысуымен

кездесу өткізу жоспарланып отыр.

- Ұлттық компаниялардың жеке

сату-сатып алу ережелері бар. Біз

оларға араласып, «осы зауыттың

өнімдерін алуларыңыз тиіс» деген

талап қоя алмаймыз. Десе де,

екібастұздық кәсіпорындардың

мәселесіне де бейжай қарауға

болмайды. Сондықтан «Қазақстан

темір жолы» компаниясына тиісті

хат жолдадық. Екі тараптың

ортақ мәмілеге келу амалдарын

қарастырған дұрыс. Сол үшін

арнайы жиын өткізу жоспарда

бар, - дейді А.Айтқазин.

Ал оған дейін Екібастұздағы

үш зауыт тұралап, 1100-ден

астам қызметкердің ақысыз

еңбек демалысында болуына

тура келеді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!