20.02.2020 Views

20 ақпан, 2020 жыл №20 (15490)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

24 20 ақпан, бейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ЖЕТІ АТАДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

Археолог тапқан олжалар

«Ertis» мультимедиялық

музейінде әйгілі

ғалым, археолог,

тарихшы, өнертанушы

және фольклоршы

Әлкей Марғұланның

қолжазбалары,

археологиялық олжалары

мен жеке заттары

сақтаулы тұр.

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

ҰЛЫЛАР ҰЛАҒАТЫ

Қазақстандағы археология мектебінің

негізін салушы Әлкей Марғұланның еселі

еңбектері ұлан-ғайыр қазақ даласының

беймәлім қырларымен танысуға мол

мүмкіндік береді. Осы ретте елі үшін

аянбай еңбек еткен ғалымның өмір жолы

мен қазба жұмыстары кезінде табылған

бұйымдарымен «Ertis» мультимедиялық

музейіндегі «Ұлы даланың ұлы тұлғалары»

залында кеңінен танысуға болады.

- Бізде Әлкей Хақанұлының жеке заттары -

портфелі, бас киімі мен көзілдірігі бар.

Бұдан бөлек, ғалымның жеке құжаттары

мен кітаптары, археологиялық қазба

жұмыстары кезінде табылған олжалары

сақтаулы. Мұндай құнды жәдігерлер музейге

келген әр адамды бейжай қалдырмайды.

Әсіресе, мектеп оқушылары асқан

қызығушылықпен тамашалап, ғалымның

өмір жолымен танысуға құштарлық танытады,

- дейді «Ertis» мультимедиялық

музейінің экскурсия жүргізушісі Жәния

Жәнібекова. Оның айтуынша, бұл құнды

экспонаттарды музей қорына Toraighyrov

university тапсырған.

Әлкей Марғұлан 1904 жылы Баянауыл

ауданында дүниеге келген. Бала кезінен халық

ертегілері мен аңыздарын, әндерін тыңдап

өскен Әлкей Хақанұлы бес жасынан бастап

жазып, оқи білді, сондай-ақ «Қобыланды»,

«Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш–

Баян сұлу» сияқты халық дастандарын

жатқа білген.

Тың бастама

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұлы ойшыл,

шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150

жылдығы мен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың

175 жылдығына орай ерекше бастаманы қолға алды.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінде қос алыптың мерейтойына

орай өңірдегі зиялы қауым өкілдері,

ғалымдар мен студент жастар дөңгелек

үстел басына жиналды. Шарада Әбу Насыр

әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың өнеге

етіп қалдырып кеткен мол мұрасы жайында

ой бөлісті.

- Ағжан Машанидің жазуына

сүйенсек, әл-Фараби - медицина саласында

алғаш рет соқырішекке ота жасаған

адам. Яғни, Шам қаласынан үлкен керуен

жолға шығады. Сапар барысында керуен

басшысы қатты сырқаттанып, қасындағылар

оны «беті бері қарамайды» деп айдалаға

тастап кетуге бекінеді. Сонда Әл-Фараби

сол кісімен бірге қалып қояды екен. Арада 6

ай өткенде Бағдат қаласына керуен басшысымен

бірге оралғанда тұтас ел таң қалған

деседі. Сонымен қатар, музыканы зерттеуі

бойынша да керемет айтылған. Әл-Фараби

Қорқыт бабамыздың 4 күйін қағазға

түсіріп жазып кеткен, - дейді Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер музейінің

әдебиет бөлімінің басшысы Ербол

Қайыров.

Ал Toraighyrov university-дің қазақ тілі

және журналистика кафедрасының профессоры

Әйгерім Шакарман әл-Фараби мен

Абай Құнанбаевты ұштастыру - заман

талабы, дейді.

- Әбу Насыр әл-Фараби «тәрбиесіз

берген білім - адамзат баласының қас

жауы», - деген еді. Ал Абай атамыз ұрпақ

Ә.Марғұланның зерттеулерінің негізгі

объектісі Орталық Қазақстан болды. Бұл

зерттеулер нәтижесінің бірінші кезеңі

«Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті»

деген ұжымдық монографиясынан көрініс

тапты. Нәтижесінде аталған еңбек Шоқан

Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік

сыйлығына ие болды.

Археологиялық зертеулермен қатар

Әлкей Хақанұлы Шоқан Уәлихановтың

шығармалар жинағын басып шығару

жұмысына басшылық етті. Осы мақсатпен

ол Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Орынбор

қалаларындағы Шоқанға байланысты материалдарды

жинап, 1961-1965 жылдары

Шоқан Уәлихановтың алғашқы бес томдық

шығармалар жинағын дайындады.

Біздің заманымызға дейінгі

ІІ– І мыңжылдықтың басындағы Қазақстан

территориясын мекендеген тайпалардың

тарихы мен мәдениетін сараптауға арналған

«Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай

мәдениеті» монографиясы академик

Ә.Марғұланның отыз жылдан астам еңбегінің

нәтижесі болды.

300-ден астам ғылыми еңбектердің,

сонымен қатар, бірқатар монографияның,

100-ден аса энциклопедиялық

мақаланың авторы, академик Әлкей

Хақанұлы ғылыми әлемде мақсатынан айнымайтын

маман, дарынды ғалым ретінде

белгілі. Ғұлама ғалым археологтар мен

тарихшылардың бірнеше буынын даярлап,

одан көптеген шәкірттері тәлім-тәрбие,

ғылыми сабақ алды.

Суреттерді түсірген – автор.

тәрбиесіне қатысты «адамның адамшылығы

ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы

ұстаз, жақсы досқа байланысты...», -

дейді. Осы қос алып екі дәуірде өмір

сүрсе де, тәрбиеге аса мән беріп, соны

болашақ ұрпаққа ұқтыруының өзі - үлкен

даналық. Абай - өте күрделі құбылыс.

Оны тек бір ғана заманның тегерішінде

қарай алмаймыз. Ол – тұтас бір әлем.

Абай әлемін тану – қазақты тану деген

сөз, - дейді Ә.Шакарман.

Жиын соңында меймандар мен

ұйымдастырушылар Абай Құнанбаевтың

«Желсіз түнде жарық ай» шығармасын

орындап, өңірімізде алғаш рет бастау алып

отырған акцияға старт берді. Ол - қос

алыптың даналық сөздерін автокөліктердің

терезесіне жапсыру. Қазіргі таңда

30-ға жуық өнегелі сөздер арнайы

жазылып, дайын тұр. Алдағы уақытта

даналардың айтып кеткен қанатты сөздерін

жинап-теріп, санын арттыруды көздеп

отыр.

Қ.МҮСӘЙІП.

ОНЫНШЫ СӨЗ

Біреулер құдайдан бала тілейді.

Ол баланы не қылады? Өлсем

орнымды бассын дейді, артымнан

құран оқысын дейді, қартайған

күнімде асырасын дейді. Осыдан

басқасы бар ма?

Балам орнымды бассын демек

не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз

қалар дейсің бе? Қалған дүниенің

қамын сен жемек пе едің? Өліп

бара жатқанда өзгеден қызғанып

айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын

сенің не қылған артықша орның

бар еді? Баланың жақсысы - қызық,

жаманы - күйік, не түрлі боларын

біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген

қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған

иттігің аз болды ма? Енді бір бала

туғызып, оны да ит қылуға, оған

да қорлық көрсетуге мұнша неге

құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын

десең, тірлікте өзіңнің жақсылық

қылған кісің көп болса, кім құран

оқымайды? Егер жаманшылықты

көп қылған болсаң, балаңның оқыған

құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте

өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң

саған балаң кәсіп қылып бере ала

ма? Ахирет үшін бала тілегенің -

балам жасында өлсін дегенің. Егерде

ержетсін десең, өзі ержетіп, атаанасын

тұзақтан құтқарарлық

бала қазақтан туа ма екен? Ондай

баланы сендей әке, сенің еліңдей ел

асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о

да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың

қайтарлық қартаюға жетемісің,

жоқ па? Екінші - балаң мейірімді

болып, асырарлық болып туа ма,

жоқ па? Үшінші - малың болса, кім

асырамайды? Малың жоқ болса,

қай асырау толымды болады?

Баланың мал табарлық болары,

мал шашарлық болары - ол да екі

талай. Хош, құдай тағала бала

берді, оны өзің жақсы асырай білесің

бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің

көтергеніңмен тұрмай, балаңның

күнәсіне тағы да ортақ боласың.

Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне,

оны берем, міне, мұны берем» деп.

Басында балаңды алдағаныңа бір

мәз боласың.

Жалғасы бар.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!